Темперамент және қабілет туралы түсініктер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

I. ТЕМПЕРАМЕНТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Темперамент туралы түсінік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Темперамент туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Қабілет теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Темперамент пен қабілеттің байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Курстық жұмыстың өзектілігі: Темперамент – ғалымдарды ежелгі кезден-ақ қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні адамдардың мінез-құлқын сырттай бақылай отырып, олардың әрқайсысына тән өзіндік дара болмысы, ерекшеліктері бар екенін байқаған. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ мәселеге байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент-жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді және мұны қабілет ұғымымен ұштастыруға болады. Яғни, темперамент пен қабілеттің байланысы адамдардың қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады. Іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылықтар олардың істеген істерінің нәтижесінен немесе объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің яғни психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының жиынтығының тұжырымы темпераметпен тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара психологиялық ерекшелігі қабілеттің нақты байланысын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
• Темперамент туралы түсінік және оның түрлері
• Темперамент туралы теориялар
• Қабілет теориясы
• Темперамент пен қабілеттің байланысын анықтау.
1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы (Алғы сөзі мен түсініктемелерін жазып, автор еңбектерінің тізімін жасаған және құрастырған профессор Қ.Түрікпенұлы). – Алматы. «Қазақ Университеті». 1993. – 240 бет.
2. Жарықбаев Қ.Б. Арнаулы орта оқу орындары оқушылары мен пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. – Алматы. «Білім». 1993. – 272 бет.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы. «Білім». 1996. – 224 бет.
4. Бап-баба С.Б. Жалпы психология (жантану негіздері). Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. А.М.Құдиярова басшылығымен. – Алматы. «Заң әдебиеті». 2005. – 268 бет.
5. Сейітқалиев Қ. Жалпы психология. Оқу құралы. – Алматы. «Білім». 2007. – 360 бет.
6. Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, сондай-ақ университтер мен пединституттардың педагогика және психология бөлімінің студенттеріне арналған. – Алматы. «Шұғыла». 2008. – 638 бет.
7. Жұмасова К. Психология. Оқулық. 2-басылым. – Астана. «Фолиант». 2010. – 296 бет.
8. Бап-Баба С.Б. Жалпы психология (жантану негіздері). Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяяндар жинағы. А.М.Құдиярова басшылығымен. – Алматы. «Заң әдебиеті». 2004. – 268 бет.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

I. ТЕМПЕРАМЕНТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Темперамент туралы түсінік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Темперамент туралы теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II. ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Қабілет теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Темперамент пен қабілеттің байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Темперамент - ғалымдарды ежелгі кезден-ақ қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні адамдардың мінез-құлқын сырттай бақылай отырып, олардың әрқайсысына тән өзіндік дара болмысы, ерекшеліктері бар екенін байқаған. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ мәселеге байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент-жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді және мұны қабілет ұғымымен ұштастыруға болады. Яғни, темперамент пен қабілеттің байланысы адамдардың қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады. Іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылықтар олардың істеген істерінің нәтижесінен немесе объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің яғни психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының жиынтығының тұжырымы темпераметпен тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара психологиялық ерекшелігі қабілеттің нақты байланысын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
Темперамент туралы түсінік және оның түрлері
Темперамент туралы теориялар
Қабілет теориясы
Темперамент пен қабілеттің байланысын анықтау.

Зерттеудің нысаны мен дереккөздері: Бап-баба С.Б. Жалпы психология (жантану негіздері). Жоғары орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. А.М.Құдиярова басшылығымен. - Алматы. Заң әдебиеті. - 2005. - 268 бет.
Зерттеудің әдістері: Жұмыста педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып , талдау, баяндау, сипаттау әдістері қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: Жалпы психологиялық тұрғыдан екі түрлі мағына беретін сөздік термин атауы темперамент және қабілеттің мән мағынасын ашып, қоршаған дүние жөніндегі санаға келіп түскен ақпараттарды біріктіру және оларға түсініктеме беру, оларды адамның қажеттерімен сәйкестендіру және адам әрекет қылығының бейімделу, болмысқа икемделу үдерісінде реттеу қызметтерін атқарып беру үшін түсіндірмелер көрсетілді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жасалған жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

I.ТЕМПЕРАМЕНТ
1.1 Темперамент туралы түсінік және оның түрлері.
Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін -- темперамент деп ұғынуымыз керек. Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде, түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады. Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған Ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.з.д 460-356) болды. Гиппократ өзінің дәрігерлік тәжірибесінде адамдардың қимыл-әрекеттерінің бірдей еместігін, олардың жүріс-тұрысына, психикалық әрекеттерінің ағысы да, көңіл күйінің барысы да әр түрлі екендігін байқап, бұлардың не себептен осылайша болатындығына ерекше назар аударған. Ол адамды әр темпераментке бөлген. Денеде болатын төрт түрлі сұйық заттарды: қан, шырыш (шайыр), қара және сары ет, осыларды әр түрлі пропорцияларына сәйкес түсіндірген.
Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде заттардың біреуінің көп, кейбіреулерінің аз болуы - олардың бірімен-бірінің пропорциясы бұзылса, бірі екіншісінен артық, не кем болса, белгілі темпераменттің төрт түрінің біреуіне жататын болған. Мәселен, сангвиник темпераментіндегі адамдардың қаны басым келеді. Мұндай адамдар тез қозғыш, тез тыныштанғыш болып табылады. Меланхолик темпераментіндегі адамның тәнінде қара өт басым болады. Мұндай кісі өте тұйық, жігерсіз келеді. Холерик темпераментінде сары ет басым болады. Олар жігерлі болып қимыл-қозғалысы күшті, ұстамсыз, ерекше пысық келеді. Ал флегматик темпераментінде төрт түрлі сұйықтың ішінен шырыш дейтіні көбірек болады. Бұлар тез қозбайды, бірақ істі аяғына дейін жеткізе алады. [1;226]
Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда өт көбейеді, темперамен те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.

Сонымен, темперамент - әр адамның психологиялық қызметінің қозғалысын (психологиялық динамикасын), немесе мінез-құлқын сипаттайтын ерекшелік. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды қасиеттеріне ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Темперамент - бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекеттің барша түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде т.б. байқалады. Дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда. Сезімталдық - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекеттің туындау шапшаңдығы.
Жауап-әрекетке келу - бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.
Белсенділік - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау т.б.).
Жауап-әрекетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншанлықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам және тағы басқалардан.
Икемділік - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.
Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.
Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік қызбалық - эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы. [4;220]
И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті. Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынған дұрыс. Мәселен, бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті жүйке үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған.
Бұрын кейбір психологтар темперамент табиғатын адамның эмоциялық саласына байланысты түсіндіретін. Шындығында, темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік үрдістерінен де көрініп жатады. Адам темпераментті туралы сөз болғанда жекеленген психикалық үрдістердің динамикасы жайлы айтылмайды, мұнда жеке адамның тұтас мінез-құлқы бар синдромы (жүйесі) жөнінде сөз болады.
Сөйтіп, темперамент -- адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Темперамент төрт түрге бөлінеді:

Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте -- пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады.
Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді: Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды...
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста - белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей, жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл -- оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде-ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл-ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.
Флегматик темпераменті. И.П.Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара (шыдамды, зейінді, орнықты). Мінез-құлықтың қалыпты жүйесі, өмір ағысының біркелкілігі менің жұмысым мен демалуымның және қозу, тежелу үрдістерінің бір қалыптылығынан екендігі түсінікті нәрсе.
Флегматик -- салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық -- флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып, жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
Меланхолик темпераменті. Бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер - меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен.
Төменгі кестеден темпераменттің әр түрлі жақтарын жақсы аңғартуға болады:

Темпераметтер
Жақсы жақтары
Жаман жақтары
Холерик
Шапшаң, белсенді
Ұстамсыз, күйгелек
Сангвиник
Пысық, оңтайлы
Тұрақсыз
Флегматик
Ұстамды, сабырлы
Баяу, сылбыр
Меланхолик
Сезімтал
Тұйық

1.2 Темперамент туралы теориялар
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ (б.з.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт дене шырындарының - қан, шырыш, өт - өзара қатынасымен ажыралады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б.з.д. ІІ ғ.) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangіus - қан), флегматик (phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole - запыран).
Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар және дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:
1) Лептосоматик - (грек - нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке ұзын, сидыйған.
2) Пикник - (грек - толық, нығыз). Майлы тканді, бойы орташа немесе қысқа, денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған саусақтары бар.
3) Атлетик - (грек - күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері мығым, бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.
4) Диспластик - (грек - нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты форма жоқ, бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер). [4;217]
Аталған типтердің ішінде лептосоматиктер мен пикниктер психикалық ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көпшілігі лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э.Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене құрылымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер былайша түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар. Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.
Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін ажыратады:
1) Шизотимик - дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық. Психикасы бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын өзгертпейді, қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.
2) Циклотимик - дене құрылымы пикниктік. Психикасы бұзылғанда маниакальді - депрессивті психозға бейім. Шизотимикке қарсы тип. Қоршаған адамдармен қарым-қатынасы тез түседі.
3) Иксотимик - дене бітімі атлеттік. Психикалық ауытқуларда эпилепсияға бейім. Салмақты, мимикасы мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі жоғары емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта қоныстанғанда және ауысқанда қиыншылықпен бейімделеді.
Э.Кречмер конституциялық типология теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У.Шелдон болды. У.Шелдон колледжде оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антропоскопиялық әдісті қолданды.
У.Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сипатамалардың арасында корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:
1) Эндоморфты тип - қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.
2) Мезоморфты тип - бұлшық ет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз кезде агрессивті мінез-құлық байқалады.
3) Эктоморфты тип - арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық, интровертті және өмірдің қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.
У.Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында негізделген және статистикалық дәлелденген болып саналады. Бұл теориялардың көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға алды. Белгілі поляк ғалымы Ян Стреляу адамның дене құрылымы ерекшеліктерінің темпераментпен байланысын зерттеуді шектемеуді ұсынды, адамның өмірлік жағдайларға және қызметіне бейімделуіндегі темпераменттің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын қарастыру керек деп тұжырымдаған. Оның пікірінше, индивидтің өсуі кезінде және ерекше орта жағдайлардың әсер етуінен темперамент белгілі бір өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген. Ресей елінде 50-жылдардың басында адамның психофизиологиялық ерекшеліктердің диагностикалық зерттеу бағыты аса қарқындылықпен дами бастады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми түрғыдан түсіндірген академик И.П.Павлов болды. И.П.Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді.
И.П.Павловтың идеяларын оның шәкірттері В.М.Теплов, В.Д.Небылицын одан ары өрбітіп, адамның жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеудің көптеген әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Қазіргі кезде ғалымдар ізденістер нәтижесінде темперамент типологиясын жаңа мәліметтермен толықтыруда. В.С.Мерлин мектебінде темпераменттің негізгі 9 параметрлерін бөліп көрсетті:
1) эмоционалдық қозғыштық;
2) зейіннің қозғыштығы;
3) эмоцияның күші;
4) мазасыздық;
5) еріксіз қозғалыстардың реактивтілігі;
6) мақсатты бағытталған әрекеттің белсенділігі;
7) пластикалық - ригидтілік;
8) қарсылық;
9) субъективация.
Алайда барлық ұсынылған сипаттамаларды темпераментке жатқыза алмаймыз, мысалы, зейіннің қозғыштығы таным үрдістерін сипаттайды, ал еріктің белсенділігі және субъективация мінездің қасиеттеріне жатқызамыз. [8;250]
Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процесінің қозғалмалылығы - бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам қылық-әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс - жүйке жүйесінің селқостығы. Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:
· күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы - сангвиник;
· күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт - флегматик;
· күшті, қозуы басым - холерик;
· әлсіз тип - меланхолик;
Сонымен, И.П.Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері -- жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті - жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі. И.П.Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы арасындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50-жылдары жүргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И.П.Павловтың шәкірттері В.М.Теплов, кейін В.Д.Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесін эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лабильдік және динамикалық. Жүйке жүйесінің лабильдігі - жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалығы - қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі, тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады. Көп зерттеулердің нәтижесінде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие. Нақты жүйкелік типке сай темперамент қасиеті дара психологиялық өзгешеліктердің мазмұнын құрайды. [8;219]

II. ҚАБІЛЕТ. ПСИХОЛОГИЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ.
2.1 Қабілет теориясы.
Күнделікті ауызекі сөзде қабілет деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды, ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді - дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілет негізінен екіге бөлінеді.
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға және даралық
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы
Тұлғаның когнитивті теориясы
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Жалпы психология және психология ғылымының зерттеу əдістері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Психология ғылымының жалпы мәселелері
Қабілеттілікті қалыптастыру
Пәндер