Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен бақылау


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы:

МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ

Жоспар:

1. МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ

2. БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

3. МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТIЛЕРI

4. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

5. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау - бұл тауарларды шығару, сату және импорттаудағы қолданылатын өлшеу қүралдарының жағдайы, өлшеу әдістерін қолдану, метрологиялық ережелер мен нормалардың орындалуы бойынша мемлекеттік инспекторларының іс-әрекеттері.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласы Мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшеуге бағытталынады, олардың нәтижесі келесілерде қолданылады:

  • азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;
  • өнім сапасын сынау және бақылау;
  • қоршаған ортаның жағдайын бақылау;
  • қозғалыс қауіпсіздігін бақылау;

еңбек қауіпсіздігін бақылау және т. б.
Тексерісті жүзеге асырушы мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімше тексеріс тапсырмаларын дайындайды және комиссияны құрады, оған мемлкеттік инспекторлармен қатар, басқа бақылау-қадағалаушылық органдардан немесе қоғамдық ұйымдардан тұруы мүмкін.

Тексеріс қатысушылары оны жүргіер алдында берілген объектіде мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімше немесе басқа бақылау-қадағалаушылық органдардың жүргізген алдыңғы тексеріс материалдарымен танысады.

Мемлекеттік инспетордың комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен жүргізетін тексерісі кезінде тауарды сатып алу жүзеге асырылады. Босатылған тауардың саны және/немесе босатылған тауар үшін алынған сомманы көрсететін чек немесе басқа құжатты алғаннан кейін мемлекеттік инспектор тексеріс тапсырмалары мен мемлекеттік инспектор куәлігін көрсетеді.

Босатылған тауар қайта-бақылаушылық өлшенуге жатады. Шешуші бақылаушылық өлшеу тауарды сатып алу кезінде саны көрсетілген өлшеу құралымен немесе мемлекеттік инспектордың (комиссия құрамындағы) өлшеу құралымен (бар болған жағдайда) жүзеге асырылады. Шешуші өлшеу тексеріліп жатқан заңды немесе жеке тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі. Комиссия тарапынан сатып алу кезінде шеттетілген тауарлардың санын сипаттайтын салмағын, көлемін, шығынын және басқа өлшемдерді анықтаудың дұрыстығы тексеріледі.

Жүргізілген өлшемдерден кейін тауарларды босатуға қолданылатын өлшеу құралдарының инспекциялық тексеру жүзеге асырылады.

Шешуші өлшеулер мен инспекциялық тексерістерді жүргізу кезінде мемлекеттік инспектор қолданатын өлшем құралдарында өлшем құралдарына немесе эксплуатациялық құжаттарға және тексеру туралы сертификатпен қамтамасыз етілуге міндетті бақылаушылық таңба баспасы болуы керек.

Тауарды қайта-бақылаушылық өлшеу процедурасы мен тауарды босату үшін пайдаланылатын өлшеу құралдарын инспекциялық тексеру аяқталғаннан кейін тауарды шеттетуге байланысты сауда операцияларын, соның ішінде инспекциялық тексерісті жүзеге асыруда қолданылатын өлшеу құралдарының жағдайы мен қолданылуын тексеру жүзеге асырылады, өлшеулерді орындаудың әдістерін дұрыс қолдану және метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтау, соның ішінде:

· өлшеу құралдарының тексерісі туралы қызмет етуші мерзімі және таңбасының белгісі бар сертификаттардың бар болуы;

· өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйесінің реестрінде өлшеу құралдарының бар болуы немесе олардың метрологиялық аттестациясын өткізу;

· өлшеу құралдарын қолдану және оларды пайдалану құжаттарына сәйкес тағайындалуы бойынша пайдалану;

· өлшеу құралдарын техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен қамтамасыз ету.

Тексеріс аяқталғаннан кейін тауар жеке немесе заңды тұлғаға қайтарылады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нәтижелері


Тексерістің нәтижесі актімен рәсімделеді, онда өткізілген тексерістің нәтижелері баяндалуы керек. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды, одан кейін оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды.

Актінің мазмұны бойынша келіспеушіліктер болса соңғы шешімді тексеріс басшысы қабылдайды. комиссия мүшелері және тексеріс өткізілген жеке немесе заңды тұлғаның өкілдері қабылданған шешіммен келіспейтін болса, актіге тіркелетін, өзінің жеке ерекше пікірін жазбаша түрде ұсынуға құқығы бар.

Актінің мазмұнын тексеріс өткізілген жеке немесе заңды тұлғаның басшысына таныстырады.

Меторлогиялық ережелер мен нормаларды бұзушылықтар анықталса, тексеріс актісінің негізінде мемлекеттік инспектор анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бекітілген формадағы ескертуді толтырады.

Ескертулер актімен бірге тексеріс өткізілген жеке немесе заңды тұлғаның мекен-жайына, ал актінің көшірмесі - тексеріске қатысқан бақылау-қадағалау органдарына және қоғамдық ұйымдарға жіберіледі.

Тексеріс өткізілген жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның басшысы ескертулері бар тексеріс нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қолданады.

Анықталған бұзушылықтарды жою мен ескертулерді жүзеге асыруды тексеру қайтадан жүргізілетін тексерістер кезінде жүзеге асырылады.

Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету облысында қызмет ететін жеке немесе заңды тұлғалар метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғанда қызмет етуші заңнамаға сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бұзушылықтар анықталған жеке немесе заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ескертулерден басқа, келесі шаралар қолданылуы мүмкін:

· Тексеріс таңбасын өтеу және/немесе жарамсыз өлшеу құралдарының тексерісі туралы сертификатты жоққа шығару;

  • Лицензияның қызметін уақытша тоқтату;
  • Лицензияны немесе аккредитация аттестатын қайтарып алу;
  • әкімшілік пікір білдіру;
  • қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Көрсетілген шараларды қолдану тәртібі ҚР-ның қызмет етуші заңнамасына сәйкес құзыретті орган бекітеді.

Өлшеудің біртұтастығын қамтамасыз ету облысында қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүргізуде мемлекеттік инспекторға көмек көрсетеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыруды кедергі жасайтын тұлғалар ҚР-ның қызмет етуші заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік инспекторлардың жауапкершіліктері:

· лауазымдық міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамау, құзіреттілігін шектен тыс қолдану және де басқа бұзушылықтар үшін, оның ішінде мемлекеттік және коммерциялық құпияларды жариялауды қоса алғанда, ҚР-ның қызмет етуші заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін;

· мемлекетік инспекторлардың қызметтеріне шағым, олар шешім қабылдағаннан кейін он күннен кешіктірілмей құзіретті мемлекеттік органға немесе сотқа ұсынылады;

· мемлекеттік инспекторлық қызметіне шағымдану, берілген ескертулерді орындауды тоқтатпайды.

Тексерісті рәсімдеу ҚР-ның СТ тіртібінде жүзеге асырылады, 2. 2. Актісінің формасы осы стандарттың А қосымшасында келтірілген.

Тексеріс нәтижелері бойынша ескертулер ҚР-ның СТ бекітілген тәртіпте беріледі, 2. 2. анықталған бұзушылықтарды жою туралы Ескертулер формасы осы стандарттың Б қосымшасында келтірілген.

Сауда ережелерін және басқа да бекітілген метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзу анықталғанда, сонымен қатар бұзушылықтарды жою бойынша ескертулер орындалмаса, акт қызмет етуші заңнамаға сәйкес шаралар қолдану үшін компетентті органдарына жіберіледі.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы, соның iшiнде жеке және заңды тұлғаларды лицензиялау және аккредиттеу кезiндегi жұмыстарды жүзеге асырады.
2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар өз қызметiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

Бақылау - бұл бұйым параметрі мәнінің анықталған талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін анықтау процесі. Бақылау өлшеуді түрлендіруден, бақыланатын ұдайы өсіру операциясынан және бақылау нәтижесін салыстыру мен анықтаудан тұрады.

Өлшеу мен бақылаудың айырмашылықтары келесіден тұрады:

- өлшеу нәтижесі - сандық сипаттама, ал бақылау - сапалық;

- өлшеу өлшенетін шама мәндерінің кең ауқымында болады, бақылау - мүмкін болатын жағдайлардың шағын санының шамасында;

- өлшеудің негізгі сипаттамасы - дәлдік, ал бақылаудың негізгі сипаттамасы шүбәсыздық болып табылады.

Бақылау аспаптарын шаманың өлшенетін параметрлерінің күйін тексеру үшін ғана қолданады. Бақылау бір параметрлі және көп параметрлі болуы мүмкін. Объектіге әсер ету түріне байланысты бақылау активті және пассивті болуы мүмкін. Рауалы бақылау аса кең таралған, оның нәтижелері "жарамды, жарамсыз, ақау" пайымдаулары болып табылады. Рауалы бақылау кезінде шекті рауалы мәндер салыстырылады. Нәтижесі келесідей болуы мүмкін:

Х н <Х< Х в

Х н ≤Х≤Х в

Іс жүзінде ақиқат мәнді емес, оның бағасын салыстырамыз, бұл кезде ақиқат мән келесі түрде анықталады:

Х=Х 0 +∆

Х н ≤ Х≤ Х в → Х н ≤ Х 0 ≤ Х в.

Бұдан шығатыны, рауалы бақылау кезінде 4 нәтиже мүмкін болады.

1) Келесі оқиға: Х н ≤ Х≤ Х в и Х н ≤ Х 0 ≤ Х в. ., орын алғанда, бақыланатын параметр мәні рауалы шамада болғанда, "жарамды" шешімі қабылданған.

Егер Х бақыланатын параметрінің және f (∆) қателігінің f(x) үлестіру заңдары ықтималдықтарының тығыздықтары белгілі болса, онда осы заңдардың және параметрдің берілген рауалы шекті мәндерінің өзара тәуелсіздігі кезінде оны өлшеу, "жарамды" оқиғасының ықтималдығы мына формула бойынша анықталады:

2) Бақыланатын параметрдің мәндері рауалы мәндердің шамасында болмағанда, яғни төмендегі оқиға орын алғанда, «жарамсыз» шешімі қабылданған:

Х<X н немесе Х>X в және Х 0 <X н немесе Х 0 в

Ескертілген ұйғарымдар кезінде «жарамды» немесе «ақау» оқиғасының ықтималдығы:

.

3) Бақыланатын параметрдің ақиқат мәні рауалы мәндер шамасында болғанда, және түзетілген объект ақауланғанда, яғни Х 0 н, Х 0 в және Х н ≤Х≤Х в оқиғасы орын алғанда, "ақау" шешімі қабылданған.

Бұл жағдайда бірінші текті қатенің орын алатынын айту қабылданған.

Оның ықтималдығы Р 1 :

.

4) Бақыланатын параметрдің ақиқат мәні рауалы мәндер шамасында болмағанда, және түзетілген объект жарамды болып танылғанда және екінші текті қате пайда болғанда, яғни Х<X н, X>X в және Х н ≤Х 0 ≤Х в оқиғасы орын алғанда, "жарамды" шешімі қабылданған

.

Бірінші текті қателер дайындаушының шығындарына әкеледі, өйткені шындығында жарамды бұйымды жарамсыз деп қате тану зерттеуге, әзірлеуге және реттеуге қосымша шығындарға әкеліп соғады. Екінші текті қателер сапасыз бұйымдар алатын тұтынушыға әсер етеді.

Р г , Р нг , Р 1 , Р 2 ықтималдықтары бұйымдар партиясын жаппай бақылау кезінде олардың барлық бақыланатын жиынтығы арасындағы жарамды, жарамсыз, дұрыс ақауланбаған және дұрыс өткізілмеген бұйымдардың орташа үлсетерін сипаттайды. Осыдан

Р г нг 1 2 =1.

Рауалы бақылау нәтижелерінің шүбәсыздығы әр түрлі көрсеткіштерге байланысты болады, олардың арасында Р 1 және Р 2 қателерінің ықтималдық-тары, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушы тәуекелдері аса кең таралды.

Бұл формулалар өлшеу қателіктерінің мәндерін іздеуді анықтайды, ол сандық немесе графикалық интегралдау жолымен жүргізіледі, және қателер ықтималдықтарының рауалы мәндері берілген болу керек.

Мемлекеттiк бақылау объектiлерi

Техникалық регламенттiң күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және зертханалар техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау объектiлерi болып табылады.

Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;
2) ҚР-ның мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
3) облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары;
4) облыстардың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;
5) мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары жатады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚР-ның Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары.

1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың төмендегідей құқылары бар:
1) техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу саласындағы ҚР-ның заңдары және ҚР Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында бару;
2) жеке және заңды тұлғалардан ҚР-ның заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алу;
3) мемлекеттiк бақылау үшiн өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгiлердiң құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебiне жатқыза отырып, өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгiлердiң құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындарды тексерiлушi тұлғалардың есебiне жатқыза отырып, өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу;
4) егер өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық регламенттерде көзделсе, өнiмдi өткiзу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап ету;
5) мынадай жағдайларда - өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейді, сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялары (сәйкестiк туралы декларацияларының көшiрмелерi) жоқ. Өнiмдi оған құқығы болмай тұрып сәйкестiк таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылу сипаты ескерiле отырып, белгiленген мерзiмде оның бұзылуын жою немесе өнiмдi өткiзуге тыйым салу туралы нұсқама шығару;
6) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұру және (немесе) жою;
7) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткiзушi тұлғаларды ҚР-ның заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тарту;
8) өнiм өткiзуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөнiндегi комиссияларға ҚР-ның Үкiметi белгiлеген тәртiппен қатысу;
9) дайын өнiмнiң техникалық регламенттерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыру;
10) ҚР-ның заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну.
2. Бас мемлекеттiк инспекторлардың және олардың орынбасарларының нұсқамаға қол қою құқығы болады.
Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.

Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мiндеттi:
1) мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шаралар барысында ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық регламенттер туралы хабардар ету;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) ҚР-ның заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн сақтау;
4) мемлекеттiк бақылау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдану.

Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) ҚР-ның заңнамасына сәйкес шағымдануға болады.
Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары

Егер мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өмiрi мен денсаулығына қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты зиян келтiрiлген болса, осы лауазымды адамдардың немесе олардың жақын туыстарының ҚР-ның заңнамасына сәйкес зиянды өтеткiзуге құқығы бар.

Мемелекеттік органдары, олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды түлғалар ҚР-ның техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауапты болады.

Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi мыналарға жауапты болады:

1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда ҚР-ның заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттiк органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ҚР заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.

Метрологиялық қадағалаудың формалары

Мемлекетте өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету үшін енгізілетін нормалар, ережелер және талаптар нормативті сипатта болады, яғни орындалуға міндетті. Бұл ережелер мен нормаларды сақтамау күрделі мемлекеттік тәртіпті бұзушылық болып табылады да жағымсыз күрделі экономикалық, экологиялық және т. б. сондай салдарға әкеледі. Сондықтан олардың орындалуына мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық бақылау бекітілген.

Саудадағы мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшеу құралдарының, кәсіпорынның метрологиялық қызметінің, метрологиялық ережелерді енгізу мен орындаудың жағдайы мен қолданылуын, саудада қолданылатын мемлекеттік бақылау құралдарын, өлшеу құралдарын жөндеуші және тексеруші кәсіпорындардың, сауда ұйымдарының тіркелуін тексеру формасында жүзеге асырылады.

Тексерулер таңдамалы сипатта Мемлекеттік

стандарттарды мемлекеттік қадағалау органдарының жоспарларымен жүргізіледі. Олар кешендік, топтық, мақсаттық болуы мүмкін. Тексеру құқығы мемлекеттік бақылаушы біліктілігі бар қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторларда ғана болады.

Тексерістерге кәсіпорынның ведомстволық метрологиялық қызметінің жұмысшылары тартылуы мүмкін. Тексеріс нәтижелері актпен рәсімделеді де кепілдеме негізінде кәсіпорынның (ұйымның) басшысының қолына беріледі.

Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарын тексеру келесілерді анықтайды: тамақ өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға сақтау мен өткізуге байланысты санын есепке алу мен сапасын бақылауға қажетті өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі; өлшеу құралдарының жағдайы және оларға метрологиялық қызмет көрсету (аттестация, проверка, профилактика және жөндеу) ; берілген дәлдікпен бақылау-өлшеулік операцияларды орындауға қажетті өлшеу құралдарын дұрыс таңдау.

Егер тексеру кезінде тауарларды қабылдау, сақтау және босату шарттарын бұзушылық анықталса (соның ішінде метрологиялық талаптарды сақтамаған үшін), онда мемлекеттік инспектор тәртіп бұзушылықтарды жою туралы нұсқау береді және оны орындаудың нақты мерзімдерін бекітеді.

Тамақ өнімдерін шығаратын өнірістік, дайындаушы кәсіпорындарды, цехтарды тексеру кезінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуі тексеріледі: өнімдердің сапа көрсеткіштеріне, технологиялық процестерге, еңбек қауіпсіздігі шарттарына қойылатын талаптарды анықтаушы нормативтік құжаттардың жағдайы; өндірістік операциялардың өлеу құралдарымен және МВИ-мен қамтамасыз етілуі; кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмысы; тәртіп бұзушылықтардың шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасына әсер етуі.

Егер тексеріс кезінде тексеріліп жатқан тамақ өнімдерінің партиясының сапасы стандарттардың талаптарына жауап бермейтіні немесе техникалық шарттарға сәйкес келмеуі анықталса, онда ақаулықтарды толығымен жою сәтіне дейін бұл өнімді босатуға тыйым салу туралы бұйрық құрылады. Егер де тексеріс нормативтік құжаттарды жүйелі түрде сақтамауды анықтаса, онда берілген өнім түрін өндіруге және босатуға сапасыз шығарылымның себептерін анықтағанға дейін мүлдем тыйым салынады.

Метрологиялық ережелерді бұзу жағдайларында мемлекеттік қадағалау органдары кәсіпорынға және кінәлі лауазымдық тұлғаларға қатысты заңнамада бекітілген құқықтық шараларды қолданады. Осылайша, өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру кезінде жағымсыз нәтижелердің орын алған жағдайда өлшеу құралдарын, оларға бақылау белгісін қойып, өндірістен алынып тасталуы, тексерулер туралы куәлік заңдық күшінен айырылуы, олардың техникалық паспорттарында өндірісте пайдалануға жарамсыз деген басылым қойылуы мүмкін. өлшеу құралдарын ала алмау жағдайларында әрі қарай қолдануға тыйым салынады деп басылады. Тексеріс мерзімдерін сақтамау, сапасыз ведомстволық тексеріс анықталса мемлекеттік қадағалау органдары жалпылама бір мезгілді тексерісті немесе мемлекеттік қадағалау органдарында өлшеу құралдарының жеке тексерістерін, өндірістегі өлшеу құралдары үшін бақылау аралық интервалды қысқарту сияқты шараларға міндеттеуі мүмкін.

Егер метрологиялық ережелерді бұзушылық тексеріліп жатқан кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамау салдарынан орын алса, онда қадағалау және бақылау органдары кәсіпорын басшылығына немесе жоғарғы лауазымды тұлғаларға бұл тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, тіпті лауазымдық орындарын босату жөнінде ұсынымдар жасауы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метрологиялық бақылау мен қадағалау
Қазақстан метрологиясының дамуы
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Метрологияның теориялық негізі.
Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базаға талдау жасау
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
Технологиялық процестің метрологиялық қамтамасыз етілуі
Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы
Тіс емханасын метрологиялық қамтамасыз ету
Мемлекеттік метрологиялық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz