Экономика саласынан дәрістер курсы


Дәріс кешені (дәріс тезистері, иллюстративтік және көрнекілік материалдары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)
1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні мен әдісі.
Мақсаты -Экономикалық теорияның пәнін толық ашу.
Жоспары:
- Экономикалық теорияның пәні
- Экономикалық теория курсының қисыны мен құрылымы
- Экономикалық теорияның әдістері
- Экономикалық теорияның қызметтері
Экономикалық теория қоғамдық ғылымдардың қатарына жатады, сондықтан басқа қоғамдық ғылымдар тәрізді жаратылыстану ғылымдарымен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, экономикалық теория адамның шаруашылық қызметімен байланысты, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдары тәрізді адам санасы мен еркіне тәуелсіз құбылыстарды, процестерді және заңдарды зерттейді. Екіншіден, экономикалық теория экономикалық мүддемен, саясатпен және идеологиямен байланысты. Үшіншіден, экономикалық теория адамдардың экономикалық мүдделерімен тығыз байланысты болғандықтан, экономикалық теорияны тек рационалды экономикалық шешімдерді ғана емес, сонымен қатар қоғам танитын өнімдер мен игіліктерді әлеуметтік әділ бөлу арқылы осы қабылданған шешімдерді жүзеге асыру қажеттілігін зерттейді.
Экономикалық теорияның пәні шектеулі ресурстар жағдайында адамдардың шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастар болып табылады.
Өндірістік ресурстар шектеулі болғандықтан, шаруашылық қызметтегі адамдардың іс-әрекеті тиімді болуы қажет. Тиімді экономикалық қызметтің мәні шығындарды азайту мен өндіріс нәтижесін ұлғайту, яғни ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеру болып табылады. Сондықтан шаруашылық қызметті зерттеуде қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеру мәселесі орталық орынды алады.
Экономикалық ғылым - ең көне ғылымдардың бірі. Оның негізі сонау ежелгі дүниеде пайда болды.
Экономика жөніндегі ең алғашқы көзқарастар ұлы грек ойшылдары Ксенофонт, Аристотель, Платон еңбектерінен көрінеді. Ксенофонт ең алғаш рет “экономия” терминін ұсынады. Ол грек сөзінен аударғанда “ойкос”-үй, шаруашылық, “номос”- заң деген мағынаны білдіреді.
Экономикалық теория ғылым ретінде капитализмнің қалыптасу кезеңінде XVII-XVIII ғасырларда қалыптасады. Бұл кезеңдегі оның негізгі мақсаты мемлекет байлығының негізгі көзін анықтау болып табылады.
Француз экономисті А. Монкретьен 1615 жылы өзінің “Трактаты политической экономии” еңбегінде ең алғаш рет “саяси экономия” терминін ғылыми айналымға енгізеді. Саяси экономия - адам қоғамының әртүрлі даму сатыларында материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестеріндегі адамдар арасындағы өндірістік қатынастардың қызмет ету және даму заңдарын зерттейтін ғылым.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі ұлтттық шаруашылық және экономика болып табылады. Ұлттық шаруашылық екі деңгейде зерттеледі:
- макродеңгей - экономиканың даму тенденциялары мен заңдылықтарын мемлекет деңгейінде;
- микродеңгей - экономиканы жекеленген кәсіпорын, фирма, отбасы деңгейінде;
Экономиканың осы деңгейлеріне сәйкес экономикалық теория екі бөлімнен: макроэкономика және микроэкономикадан тұрады.
Экономикалық теорияның қызметтері
- Танымдық қызметі - қоғамдық өндірісті, экономикалық құбылыстар мен процестерді және экономикалық қатынастарды терең және жан-жақты зерттейді, экономикалық даму бағыттары мен заңдарын анықтайды.
- Методологиялық қызметі - барлық экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және методологиялық негіз болады, себебі экономикалық теория қоғамның шаруашылық негіздерін және экономиканың жалпы қағидаларын зерттесе, ал басқа экономикалық ғылымдар осы негіздер мен қағидалардың нақты салаларда қолданады.
- Практикалық-прагматикалық қызметі - мемлекетің экономикалық саясатына ғылыми негіздерін жасайды, тиімді шаруашылық жүргізу қағидалары мен әдістерін айқындайды, мемлекеттің экономикалық саясатын тиімді жүргізуі үшін әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жасайды.
- Болжамдық қызметі - ғылыми болжамдарды жасау және негіздеу, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму бағыттарын айқындау.
- Сындық қызметі - экономикалық даму жетістіктерін ғана емес, оның кемшіліктерін анықтады, экономикалық қайшылықтарды және оларды шешу жолдарын зерттейді.
Әдебиет:
- Әубәкiров Я. Ә. Экономикалық теория негiздерi. - Алматы, 1998.
- Акимбеков С. . Экономикалык теория, Астана, 2000
- Нүрпейсов Ж. Қ. Экономикалық теория негiздерi. - Ақмола, 1996.
- Мауленова С. С. Кудайбергенов Е. К., Бекмолдин С. К. Экономикалык теория: оку кұралы. Алматы, 2004
- Шеденов Ө. Қ., Байжомартов Ү. С., Жүнiсов Б. А., Комягин Б. А. Жалпы экономикалық теория. - Алматы-Ақтөбе, 2002.
- Шеденов Ө. Қ., Байжомартов Ү. С., Сағындықов Жүнiсов Б. А., Комягин
- Жалпы экономикалық теория. - Ақтөбе, 2004.
Бақылау сұрақтары
1. Экономикалық теорияның”, “саяси экономияның” және “экономикстің” өзара байланысы неде?
2. Экономикалық теорияның пәні
3. Экономикалық теория неше бөлімге бөлінеді?
4. Экономикалық теорияның жеке әдістеріне қандай әдістер жатады?
2-тақырып. Қоғамдық өндірістің негізі
Мақсаты- қоғам өміріндегі өндірістің маңызын көрсету.
Жоспары:
1. Адам және экономика
2. Қоғамдық өндірістің құрылымы
3. Өндіріс және ұдайы өндіріс
Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктерді және оларды қанағаттандыру әдістерін зерттейді.
Экономикалық қажеттіліктер адамның өмір сүруі үшін қажетті заттарға мұқтаждықтар деп түсіндіріледі. Екінші жағынан, экономикалық қажеттіліктер экономикалық қызметке ынталандыратын ішкі себеп ретінде көрінеді.
Қажеттілікті келесі түрлерге бөлуге болады:
- физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, су, киім-кешек, баспана) ;
- қауіпсіздік қажеттілігі (сыртқы жаулардан және қылмыскерлерден қорғану, ауырған жағдайда көмек көрсету, кедейліктен қорғану) ;
- әлеуметтік қатынастар қажеттіліг (адамдармен тіл табысу, достық, махаббат) ;
- өзін-өзі құрметтеу қажеттілігі (басқа адамдардың құрметтеуі, өзін-өзі құрметтеу, )
- өзін-өзі дамыту қажеттілігі (адамның барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жетілдіру) .
Экономикалық ғылым қажеттіліктердің өсу заңын қалыптастырды - бұл өндіріс пен мәдениеттің дамуына сәйкес адам қажеттіліктерінің өсуі мен жетілдірудің объктивті қажеттілігін көрсететін жалпы әлеуметтік-экономикалық заң.
Адамдардың белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын және олардың мүддесіне, мақсатына жауап беретін заттар игіліктер деп аталады. Шектеулі көлемде болатын игіліктер экономикалық игіліктер деп аталады. Экономикалық игіліктер материалды формада және қызметтер түрінде көрінеді. Экономикалық игіліктер өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс - бұл қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасау процессі. Экономика екі негізгі фундаменталды аксиомаға негізделеді: шексіз қажеттіліктер және шектеулі ресурстар.
Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар қолданылады. Өндіріс процесінде ресурстар өндіріс факторларына айналады.
Маркстік теория бойынша өндіріс процессі жүзеге асу үшін үш фактор қажет:
- Жұмысшы күші - бұл материалдық игіліктер мен қызметтер өндіру процесінде қолданылатын адамның дене және ой қабілеттерінің жиынтығы. Өндірістің жеке факторы
- Еңбек құралы - бұл материалдық заттар, олардың көмегімен адам пайдалы өнімдерді жасайды: машиналар, ғимараттар, станоктар т. б. Өндірістің заттай факторы.
- Еңбек заты - адам өнім өндіру өзінің мұқтаждығына бейімдейтін заттардың жиынтығы: шикізаттар, материалдар, пайдалы қазба байлықтары т. б. Өндірістің заттай факторы. Еңбек құралы мен еңбек затының бірлігі өндіріс құрал-жабдықтарын көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмсшы күшінің бірлігі өндіргіш күштер деп аталады. Өндіргіш күштер өндірісті техникалық жағынан сипаттайды. Өндіргіш күштер адамның табиғатқа қатынасын көрсетеді, брақ, табиғатпен өзара қарым-қатынас жасай отырып, адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі.
Өндірістік қатынастар - бұл материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерінде адамдар арасындағы қалыптасатын қатынастар. Өндірістік қатынастардың үш түрі бар:
- ұйымдастыру-экономикалық қатынастар - бұл өндірісті ұйымдастыру процесіндегі адамдар арасындағы қатынастар (еңбек бөлінісі, өндіріс кооперациясы, өндірісті шоғырландыру, басқару) .
- әлеуметтік-экономикалық қатынастар - бұл материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жөніндегі адамдар арасындағы қатынастар (меншік қатынастары және табыстарды бөлу) .
- технико-экономикалық қатынастар өндіріс техникасы мен технологиясына негізделеді.
Өндіріс процесінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар өзара байланысады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс тәсілін құрайды.
Өндіріс технологиясы - бұл өндірістік процестерді жүзеге асыру әдістері мен жолдары туралы білімдердің жиынтығы, жұмысшы күші мен өндіріс құрал-жабдықтары арасындағы өзарабайланыс.
Маржиналистік теория бойынша өндіріс факторларына: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет жатады.
Еңбек өндіріс процесінде қолданылатын адам қызметінің барлық түрлерін қамтиды.
Жер ұғымына барлық табиғат ресурстары: жер қойнауы, пайдалы қазба байлықтары, минералды шикізаттар, орман, су ресурстары кіреді.
Капитал - адам еңбегімен жасалған, өндіріс процесінде қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтары, ғимараттар, еңбек құралдары, қаржы және т. б.
Кәсіпкерлік қабілет өндірістің экономикалық нәтижелеріне жауапты және тәуекелді шешімдер қабылдаумен байланысты өндіріс процесін ұйымдастыру, басқару қызметі.
Адамзат қоғамының дму негізінде материалдық өндіріс жатыр. Адам өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін барлық керекті игіліктерге ие болу керек. Қоғамдық өндіріс материалдық және материалдық емес сферадан тұрады. Материалдық өндіріс сферасы материалдық игіліктерді өндіру бойынша келесі салаларды қамтиды: ауыл шаруашылық, өнеркәсәп, құрылыс, сонымен қатар материалдық қызметтерді жасау бойынша: көлік, сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету.
Материалдық емес сфераға материалдық емес игіліктерді (рухани құндылықтарды) жасайтын материалдық емес өндіріс сферасы және материалдық емес қызметтерді жасайтын қызмет сферасы (денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және т. б) кіреді.
Қоғамдық өндірістің құрылымын 3-кестеден көруге болады.
Өндіріс процесінің үздіксіз қайталану және жаңару процесін ұдайы өндіріс деп атайды. Ұдайы өндіріс процесі төрт фазадан тұрады: өндіріс, бөліс, айырбас және тұтыныс.
Өндіріс - материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау процессі, ұдайы өндірістің бірінші фазасы. Сондықтан өндіріс қоғам өмірінде маңызды роль атқарады.
Бөліс - бұл біріншіден, қоғамдық өндіріс нәтижелері, екіншіден, өндіріс ресурстары мен факторлары бөлінетін ұдайы өндіріс фазасы.
Айырбас адамдар арасындағы тәжірибемен және еңбек өнімдерімен алмасуын білдіреді.
Тұтыныс - бұл өнімдерді қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану, ұдайы өндірістің соңғы фазасы. Ол жеке және өндірістік тұтынуға бөлінеді. Біріншісінде пайдалылық азаяды немесе бұзылады, өнімдер тұтынылады. Екіншісінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күші тұтынылады, нәтижесінде еңбек өнімі жасалады.
Ұдайы өндірістің екі түрі бар: жай және ұлғаймалы.
Жай ұдайы өндірісте өндірілген өнімнің көлемі, сонымен қатар оның сапасы жыл сайын өзгеріссіз қалады. Өндіріс факторлары да өзгермейді.
Ұлғаймалы ұдайы өндірісте өндіріс көлемі мен оның сапасы жыл сайын ұлғаяды. Өндіріс факторлары да өзгереді.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің екі типі бар: экстенсивті және интенсивті. Біріншісі өндіріске бұрыңғы техника негізінде қосымша еңбек және табиғат ресурстарын, негізгі және айналмалы қорларды тарту арқылы жүзеге асады. Екіншісі өндіріс құрал-жабдықтарын жетілдіру және еңбек өнімділігін көтеру негізінде жүргізіледі.
Әдебиет:
1. Әубәкiров Я. Ә. Экономикалық теория негiздерi. - Алматы, 1998.
2. Акимбеков С. . Экономикалык теория, Астана, 2000
3. Нүрпейсов Ж. Қ. Экономикалық теория негiздерi. - Ақмола, 1996.
4. Мауленова С. С. Кудайбергенов Е. К., Бекмолдин С. К. Экономикалык теория: оку кұралы. Алматы, 2004
5. Шеденов Ө. Қ., Байжомартов Ү. С., Жүнiсов Б. А., Комягин Б. А. Жалпы экономикалық теория. - Алматы-Ақтөбе, 2002.
6. Шеденов Ө. Қ., Байжомартов Ү. С., Сағындықов Жүнiсов Б. А., Комягин
Бақылау сұрақтары
1. Материалдық өндіріс сферасындағы адам іс-әрекетінің моделін қарастырыңыз. 2. “Өндіріс факторлары” ұғымының мазмұнын, маркстік және маржиналистік теорияларда көрсетілген негізгі өндіріс факторлары қандай?
3. Ұдайы өндірісті сипаттаңыз.
3 тақырып Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі
Мақсаты- меншіктің экономикалық жүйе негізі және нарықтық экономиканың негізгі белгісі екендігін зерттеу.
Жоспары:
1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
2. Меншік объектілері және субъектілері.
3. Меншік формалары.
4. ҚР-да меншік қатынастарын қайта құру.
Меншік кез-келген экономикалық жүйенің негізгі элементі болып табылады.
Меншік ұғымын екі мағынада қарастыруға болады:
- экономикалық мағынада;
- құқықтық мағынада.
Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс факторлары мен өндіріс нәтижелерін иелену жөнінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Кез-келген меншік қатынастарының екі жағы бар: субъект (меншік иесі) және объект (мүлік) . Бұл қатынасты келесі формула түрінде көрсетуге болады: “субъект (меншік иесі) - мүлік -басқа да субъектілер”.
Меншік қатынастарын жапн-жақты зерттеу мынадай үш негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- Экономикалық билікке кім ие болады - өндіріс факторлары мен нәтижелерін кім иеленеді ?
- Мүлікті тиімді пайдалануға қандай экономикалық байланыстар әсер етеді ?
- Шаруашылықтан түсетін табысты кім иеленеді ?
Осыған сәйкес меншік экономикалық қатынастар жүйесі келесі элементтерден тұрады.
Меншіктің құқықтық мазмұны құқық сипатталады. Меншік құқығы - бұл материалдық және матеиалдық емес игіліктердің белгілі бір тұлғаға қатысты екенін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы. Ол қоғамда белгіленеді және оны мемлекет бекітеді. Меншік құқығына меншік субъектілерінің заң жүзінде танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқықтары енеді.
Меншікті құқықтық мағынада анықтау кезінде меншік құқығының субъектілері мен объектілері бөліп көрсетіледі.
Меншік құқығының субъектілері:
- азаматтар (жеке тұлғалар) ;
- заңды тұлғалар - ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар;
- мемлекет және жергілікті басқару органдары
Меншік құқығының объектілері:
- қозғалмайтын мүлік (жер учаскілері, ғимараттар, тұрғын үйлер және т. б. ) ;
- қозғалатын мүлік (ақша, бағалы қағаздар және қазғалмайтын мүлікке жатпайтын заттар) ;
- интеллектуалдық мүлік (интеллектуалдық қызмет нәтижелері, фирма атауы, тауар белгісі және т. б. ) .
Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастарында елеулі өзгерістер жүзеге асады. Бұл өзгерістер мемлекетсіздендіру және жекешелендіру процестерімен байланысты.
Мемлекетсіздендіру - бұл шаруашылық басқару құқығы мен сәйкес өкілеттікті шаруашылық жүргізуші субъектілерге беру арқылы мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру шараларының жиынтығы.
Жекешелендіру - бұл жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды қайта құру арқылы пайда болған акционерлік қоғам акцияларының үлесін жеке меншікке иеленуі.
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мелекетсіздендіру процесі төрт кезеңнен өтті.
1 кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. Бұл жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік меншікті кең масштабта реформалау болып табылады.
2 кезең 1993 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезең 1993 жылдың 5 наурызында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген “1993-1995 жылдарда Қазақстан Республикасындағы мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асты. Бұл кезеңннің негізгі мақсаты орталықтанған-жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін қажетті жағдайларды жасау болып табылады.
3-кезең 1996 жыдан 1998 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және 1996 жылдың 27 ақпанында ҚР Үкіметінің № 246 қаулысымен бекітілген “1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құру бағдарламасына” сәйкес жүзеге асады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасындағы жекешелендіру процесін аяқтау арқылы жеке сектордың басым болуына қол жеткізу және оны бекіту.
4-кезең 1999-2000 жылдарды қамтиды.
Әдебиет:
1. Әубәкiров Я. Ә. Экономикалық теория негiздерi. - Алматы, 1998.
2. Акимбеков С. . Экономикалык теория, Астана, 2000
3. Нүрпейсов Ж. Қ. Экономикалық теория негiздерi. - Ақмола, 1996.
4. Мауленова С. С. Кудайбергенов Е. К., Бекмолдин С. К. Экономикалык теория: оку кұралы. Алматы, 2004
5. Шеденов Ө. Қ., Байжомартов Ү. С., Жүнiсов Б. А., Комягин Б. А. Жалпы экономикалық теория. - Алматы-Ақтөбе, 2002.
6. Шеденов Ө. Қ., Байжомартов Ү. С., Сағындықов Жүнiсов Б. А., Комягин
7. Аманұлы К. Шағын кәсiп - елге нәсiп: [Қазақстандағы шағын кәсiпкерлiк мәселесi] // Қазақ әдебиетi. -2003. -14 наурыз.
8. Гельманова И. Ш. Отношения собственности и проблемы эффективности функционирования предприятии с иностранным участием: Автореферат / И. Ш. Гельманова, -Караганда, 2003.
9. . Есенжолова Ш. Становление малого предпринимательства в РК // Транзитная экономика. -2003. -№4.
10. Жакупова Б. А. ҚР жекедара кәсiпкерлiктi қалыптастыру және даму жолдары. - Алматы, 2003.
11. Қалмырзаев С. Тиiмдi экономиканың негiзi - жеке меншiк институттары. //Егемендi Қазақстан. -2001. - 4 шiлде.
12. Махметов С. Эффективность приватизации и постприватизационная политика Казахстана. //Саясат №7, 2003год.
13. Мұқан Ш. Жаппай жекешелендiрудiң жемiсi не. //Түркiстан. -2003. -13 наурыз.
Бақылау сұрақтары
1. Меншіктің экономикалық және құқықтық қатынастарындағы айырмашылықтары неде?
2. Қандай меншік формалары бар.
3. ҚР-ғы меншік қатынастарын қайта құру қалай өтті?
4 тақырып. Қоғамдық шаруашылық формалары. Қоғамдық өндірістің тауарлы ұйымдастыру.
Мақсаты-Тауарлы өндірістің маңыздылығын көрсету.
Жоспары:
1. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары: натуралды және тауарлы.
2. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайлары.
3. Тауар және оның қасиеттері.
4. Айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы.
Натуралды шаруашылық -адамдар өнімді тікелей өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайтын шаруашылық нысаны. Бұл өндірістің тарихи алғашқы нысаны болып табылады.
Натуралды өндіріске келесі белгілер тән:
- Натуралды шаруашылық - әлеуметтік-экономикалық қатынастардың тұйық жүйесі.
- Натуралды шаруашылық үщін жеке қол еңбегі тән. Еңбек бөлінісі дамымаған. Әрбір адам барлық негізгі жұмыстарды өзі орындайды. Бұл шаруашылықта қарапайым техника қолданылады. Бұл жағдайда еңбек өнімділігі аз, өнім көлемі ұлғаймайды.
- Натуралды шаруашылықта өндіріс пен тұтыныс арасында тікелей экономикалық байланыстар орнатылады. Бұл байланыстар келесі формула түрінде«өндіріс - бөліс - тұтыныс»дамиды, яғни жаңадан жасалған өнім өндіріске қатысушылар арасында бөлінеді және жеке және өндірістік тұтынуға жұмсалады. Бұндай тікелей байланыстар натуралды шаруашылықта тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Тауарлы өндіріс - пайдалы өнімдер нарықта сату үшін жасалатын шаруашылықты ұйымдастыру типі. Тауарлы шаруашылыққа келесі белгілер тән:
- Бұл шаруашылық ұйымдастыру -экономикалық қатынастарының ашық жүйесі. Жұмысшылар пайдалы өнімді өз қажеттілігі үшін емес, сату үшін өндіреді.
- Тауарлар өндірісі еңбек бөлінісіне негізделген. Еңбек бөлінісінің дамуы жұмысшылардың, кәсіпорынның жекеленген өнім түрлерін және күрделі бұйымдар шығаруға қаншалықты маманданғанына байланысты. Бұндай құбылыс техникалық прогресс деп аталады.
- Тауарлы шаруашылықта өндіріс пен тұтыныс арасында жанама байланыстар орнатылады. Бұл байланыстар келесі формула түрінде«өндіріс - айырбас - тұтыныс»дамиды. Дайын өнім ең алдымен нарыққа басқа бұйымдарға айырбасталу үшін түседі және содан соң тұтыну сферасына түседі.
Тауарлы өндірістің пайда болу шарттары:
- Жеке меншіктің пайда болуы;
- Қоғамдық еңбек бөлінісісінің дамуы. Ірі қоғамдық еңбек бөлінісі: біріншісі (ауыл шаруашылығының геін шаруашылығы мен мал шаруашылығына бөлінуі ) және екінші (ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлінуі) ;
- Адамдардың қандай-да бір өнім өндіруге мамандануы, шаруашылық оқшаулануы. Адам қандай-да бір қызмет түрін таңдайды. Бұл оның басқа тауарөндірушілерге тәуелділігін күшейтеді және әртүрлі өнімдермен айырбас жасау, нарық арқылы байланыс орнату қажеттілігін туғызады. Меншік формалары мен ұйымдастыру қатынастарына байланысты тауарлы өндіріс екі түрге бөлінеді: жай және дамыған тауарлы өндіріс.
Тауарлы өндіріс жағдайында еңбек өнімі тауар түрінде көрінеді.
Тауар - бұл қандай-да бір адам қажеттілігін қанағаттандыратын және айырбас үшін жасалған еңбек өнімі. Кез-келген тауар екі қасиетге ие болады:
- тұтыну құны;
- айырбас құны немесе құны.
Тұтыну құны дегеніміз тауардың адамдардың қандай-да бір қажеттілігн қанағаттандыру қасиеті. Тұтыну құны берілген өнім өндірісіне жұмсалған еңбек көлеміне байланысты емес.
Айырбас құны - бұл тауардың белгілі бір пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.
Еңбек құн теориясы
Еңбек құн теориясының (У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) негізгі мазмұны келесі алғышарттарға негізделген:
1. Айырбасталатын әртекті тауарлардың ортақ ішкі қасиеті - құн. Сондықтан олар бір-біріне белгілі бір айырбас пропорциясына теңестіріледі.
2. Барлық тауарлардың құны тауарөндірушілердің қоғамдық еңбегімен жасалады. Құн - тауарға сіңген қоғамдық еңбек.
3. Құн жасайтын еңбек күрделілігі мен сапасы бойынша бөлінеді: жай және күрделі.
4. Еңбекті ішкі өлшемі - жұмыс уақыты.
5. Жеке жұмыс уақыты (жұмысшының, кәсіпорынның) мен қоғамдық қажетті жұмыс уақытын (нарықтық) бөліп көрсетеді. Тауар құны қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталады.
6. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты - бұл қалыпты өндіріс, жұмысшылардың орташа біліктілігі мен орташа еңбек интенсивтілігі жағдайында өнім өндіруге жұмсалатын уақыт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz