Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


Мазмұны.

Кіріспе.

1 - Тарау. Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер.

1. 1. Ғылымилық принципі

1. 2. Тізбектілік және қайталау принципі

1. 3. Білімді меңгеру мен іс-әрекеттің саналылығы принципі

1. 4. Белсенділік және дербестік принципі

1. 5. Мазмұнның түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі

1. 6. Мазмұн мен іс-әрекеттің көрнекілігі принципі

1. 7. Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі

1. 8. Жеке және ұжымдық оқыту

1. 9. Оқу әрекетінің қарқындылығы

1. 10. Теория мен практиканың байланысы


1 - тарау. Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер

Информатика пәнінің орта мектепке енгізілгеніне аз уақыт болғанына қарамастан курсты оқытуға әртүрлі бағыттардың пайда болғанын атап өттік. Орта мектептегі оқытылатын басқа пәндермен салыстырғанда информатика әлдеқайда жас ғылым. Жаңа информациялық технологиялардың дамуына қарай курстың мазмұны өзгеріп отырғаны белгілі. Курс мазмұнының өзгеруі мен программалық және техникалық құралдардың әртүрлілігі, сондай-ақ, информатиканы оқыту әдістемесінің жеткіліксіздігі курстың мазмұны мен -оқыту әдісі, құралдарын тандауда информатика пәнінің мұғалімдеріне айтарлықтай қиындық туғызуда. Мұндай аса күрделі мәселені шешуді дидактиканың жалпы принциптерінен іздеген жөн. Дидактиканың жалпы принциптері информатика курсын оқытуда нақтылана түседі.

1. 1. Ғылымилық принципі

Білімнің ғылымилық прищипінің сапалық көрсеткіштеріне:

а) білім мазмұны қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкес болуы;

ә) таным әдістерінің дұрыс екеніне оқушылардың сенімді болуы;

б) таным процесінің маңызды заңдылықтарын оқушылардың ұғынуы жатады. Бұл мәселелер бір-бірімен тығыз байланыста болып, әрқайсысы алдыңғысының қажетті шарты болып есептеледі.

Бірінші шарт бойынша информатика пәнінің мазмұнына сәйкес материалдарды ғылыми тұрғыда баяндау талап етіледі.

Екінші шарт бойынша ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі. Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным және оның заңдылықтары жөнінде білім қалыптастыру мақсат етіледі.

Информатика пәнінде пәнішілік байланыс тығыз болғандықтан оның кез-келген ұғымы мектеп курсынан бастау алады. Мысалы, "информация", "алгоритм", т. б. .

Оқытудың ғылымилық принципі информатиканы оқытуды жетілдіру, оқытудың жаңа әдістерін қолдану кезіндегі оқушылардың зерттеушілік қызметінен көрініс табады. Оқушылардың ғылыми тұрғыда ойлауын дамыту үшін оқыту процесінде түрлі жаңа информациялық, инновациялық технологияға негізделген әдістері кеңінен қолданылуы тиіс.

Ғылымилық принцииі информатика ғылымының жетістіктерін оқушының танымдық мүмкіндіктерін ескеріп, енгізуді талап етеді. Мұнда оқушыларға берілетін білім ғылыми тұрғыда негізделген, бұрмалаусыз шындық арқылы беріледі. Олар мұғалімнің түсіндіруінде қарапайым, өнделген нұсқада берілсе де, ғылымның негіздері болып табылатын шын мәніндегі ақиқат түсінікті қалыптастырады.

Ғылымилық принципі бойынша мектеп информатика курсында талас туғызатын, ол ғылымда орнықпаған, іс жүзінде тексерілмеген мәселелер енгізілмейді.

Бұл принцип білім мазмұнын оңайлатып жіберуден, кейбір ғылыми заңдылықтарды бұрмалаудан, ұғымдарды ретсіз қолданудан сақтандырады.

1. 2. Тізбектілік және қайталау принципі

Информатика пәнінде берілетін білім мазмұны түсінікті болуы және бұрын игерілген білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Таным қызметінің бұл түрі тізбектілік принципінен көрініс табады. Тізбектілік принципі белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, білімнен іскерлікке бағытында жүзеге асады. Мұнда оқу материалының мазмұнын логикалық тізбек түрінде құрастырып, онда қайталаулар мен кері оралудың болмауы ескеріледі. Егер қайталаулар кездессе, онда ол тек оқу материалын бекіту мақсатын көздейді деп түсініледі.

Оқу материалының мазмұны мен оны оқушының қабылдауын тізбектілік принципінің қайталануы түрінде іске асыруға болады.

Информатикадағы пәнішілік байланыстың күштілігі пән мазмұнын қайталау принципіне негізделген. Ссбебі, орбір ұғым қайталанған сайын жаңа қасиеттерімен байытылып игеріледі.

Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер мысалы, қайталану командалық бір орында ғана қарастырылмайды, оның мағынасы мен қабылдау күрделілігі мәліметтердің типіне тәуелді.

Бұл тұжырымды, яғни бірізділік принципін қайталану түрінде жүзеге асыруды А. П. Ершов ұсынған болатын. Ол ұғымның жаңа тұжырымдарда, контекстерде кеңейтіліп, қайталана беретінін көрсетеді.

1. 3 . Білімді меңгеру мен іс-әрекеттің саналылығы принципі

Дәстүрлі мағынада іс-әрекеттің саналылығы оқушының өз әрекеті мен орындаған жұмысын толық түсінуі. Яғни, оқушының білімді меңгеріп, оны шығармашылықпен қайта өндеуі, білімін практикада қолдануы саналылық принципі негізінде жүзеге асырылады.

Саналы көзқарас оқушылардың оқуға деген жалпы мақсаты мен міндетіне жауапкершілікпен қараудан басталып, тек білімді меңгеруде емес, іскерлік пен дағды қалыптастыруда маңызды орынға ие болады. Оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыру үшін, оларда ең алдымен оқуға деген саналы көзқарас қалыптастыру қажет. Сонда ғана оқушы әрекетінде ерекше мәнге ие өзін-өзі бақылау түрі қалыптасады.

Саналылық принципі меңгерген білімді практикада қолдану кезінде ерекше көрініс табады. Сол себепті, оқушылар білім мазмұнын ғана емес оның мағынасын терең ұғынуы тиіс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қажетті материалды таңдағанда негізгі мәселелердің қамтылуын ескергені жөн.

Компьютерлік оқыту мақсатына байланысты саналылық принципі кейбір шектеулер жасауға мәжбүр етеді. Себебі, мұғалімнің аз уақыт аралығында оқушыларға компьютер құрылғыларында болып жатқан процестерді толық және түсінікті баяндап шығуы мүмкін емес. Мысалы, Епter пернесін басқанда байланыстың тұйықталуы немесе сыйымдылықтың өзгеруі, операциялық жүйедегі үздіксіз өңдеулер, қолданбалы программалар деңгейіндегі әсерлер мен байланыстар т. б. Ең бастысы, оқушылар меңгерген білімдерін жұмыс барысында дұрыс қолдана білуі керек. Бұл кезде мұғалімнің материалды білуі, ондағы негізгі мәселені тандай алуы, тиімсіз әрекеттерді шектей білуі маңызды орынға ие болады. Компьютерде программистің, жүйелеуші-конструктордың, оператордың, қолданушының қызметтері әртүрлі. Сондықтан мұғалім олардың қызметтерін толықтырып отыратын тиімді көзқарас қалыптастыру арқылы оқушыларға жан-жақты білім беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Білімді меңгеруге деген саналылық есте сақтаудың ең маңызды шарты болып табылады. Саналы көзқарас тек білімді меңгеруде ғана емес іскерлік пен дағды қалыптастыруда да айрықша роль атқарады.

Мұндай жағдайларда оқушыда бірін - бірі толықтырып отыратын ортүрлі көзқарастар қалыптасуы және олар жинақтала келе сол ұғым жөніндегі жалпы сипаттаманы беруі тиіс. Ең бастысы оқушыда жан-жақты терең білім қалыптасуы қажет. Мұндай жағдайда мұғалімнің білім деңгейі мен материалды жинақтап, іріктей білуі шешуші роль атқарады.

1. 4. Белсенділік және дербестік принципі

Информатика пәнінде оқушы белсенділігі білімді нәтижелі игерудің қажетті шарты болып есептеледі. Осы орайда, Е. И. Машбицтің " . . . білім - оқушының қолына бере салатын зат емес, ол оның тұлға ретінде өзгеруі және жеке басының мақсатына сай белсенділігі арқылы жететін нәтижесі" - деген пікірі орынды айтылған.

Белсенділік принципі оқушылардың әрекетінде әртүрлі көрініс табады. Мысалы, оқушылардың өз әрекетін бақылауы, дос-құрбыларының жұмысын бақылауы, алгоритмге өзгерістер енгізуі, өз алгоритмін құру әрекеті белсенділік принципіне негізделген. Мұғалім оқушыларға тапсырма беріп компьютерге отырғызғанда, олардың белсенділігін арттыруды көздейді. Бұл жағдайда оқушылардың өздеріне сенімі артып, бір-бірімен сұхбаттасу арқылы өзара оқыту орын алады.

Оқу дербестігі көп жағдайда белсенділікке байланысты болады. Оқушы теориялық материалды белсенді қабылдағанымен, оны дербестік деп толық айтуға болмайды. Ал, оқушының мұғалімнен көмек сұрауы белсенділіктің көрінісі болғанымен, дербестікке жатпайды. Дербестік мұғалімнің оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың өз бетінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Оқу дербестігіне оқушылардың кез-келген жағдайдан өздігінен шыға білуі, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, баспасөз материалдарын пайдалануы білуі жатады. Оқушының компьютерде зерттеу жүргізуі, нәтижеге жетуді өзіне мақсат ете білуі, ЭЕМ-ді қолданатын болашақ кәсіби қызметінде программалаушыдан барынша тәуелсіз болуы дербес дамуының белгісі. Оқушы шығармашьшық әрекетке көшкенде дербестік толық орын алады.

Оқушының өзбетінділігі де информатиканы табысты оқытудың мақсаты және қажетті шарты болып табылады. Ол белсенділіктен кейін жүреді: оқушы проблемалық типтегі лекцияны белсенді түрде тыңдауы мүмкін, бірақ ол өзбетінділікке жатпайды. Өзбетінділіктің мүмкін болатын даму кезендері төмендегідей: мұғалімнің оқушының іс-әрекетін толық басқаруынан белгілі бір мөлшерде (аз ғана) компьютердің көмегімен танымдық іс-әрекетке өзіндік басқаруға көшуі болып табылады. Шығармашылық іс-әрекетке көшу барысында өзбетінділік толық жүзеге асырылады. Оқушылардың көмек сұрауы - белсенділіктің белгісі, бірақ ол өз бетінділікке жатпайды.

Өз бетінділік оқушыны өнімді оқуға, қиын жағдайлардан өзі жол таба білу іскерлігін қалыптастыруға әкеледі (әдебиеттерді пайдалану, компьютерлік құралдардың көмегімен іздеу, оқу және т. б. ) . Жоғары деңгейдегі өз бетінділіктің белгісі, - оқушының өзі есеп құруы мен компьютердегі ізденушілік іс-әрекеті болып табылады.

Өз бетінділік оқытудың мақсаты ретінде ЭЕМ-ны қолдана отырып, программистен тәуелсіз оқушыны болашақ кәсіптік іс-әрекетке дайындауды көздейді.

1. 5. Мазмұнның түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі

Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу жоспарларын жасауда кеңінен қолданылады. Информатика сабағында оқыту деңгейлеріне байланысты компьютермен үздіксіз жұмыс істеу кезінде көрініс табады. Мысалы, дайын программалық құралдармен практикалық жұмыстар жүргізу кезінде пайдаланушы деңгейі қамтамасыз етілсе, жеке оқушылармен жұмыс жүргізу оны тереңдетеді.

Түсініктілік және шамаға лайықтылық принципі көбінесе оқытудың мазмұнына емес, оқытудың әдісіне қолданылады. Мысалы, информацияның графиктік түрде берілуі түсініктілік принципін қамтамасыз етеді.

Шамаға лайықтылық принципі - білім мазмұнының оқушының шамасына сай болуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал жасап қана қоймай, олардың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Мысалы, пән мазмұнының женіл болуы оқушылардың ойлау белсенділігін төмендетеді, оқуға деген ынтасын кемітеді. Оқу мазмұнының шамадан тыс қиын болуы оқушыны табысқа жеткізбейді. Табыстың болмауы оқушының өзіне деген сенімін жояды. Мұнда мұғалімнің оқытуы мен оқушы дамуынын арасында тәуелділік пайда болады. Сондықтан, мұғалім оқушының танымдық мүмкіндігін ескере отырып, оқу процесін жоспарлы жүргізуде түсініктілік және шамаға лайықтылық принципін негізге алуы тиіс.

1. 6. Мазмұн мен іс-әрекеттің көрнекілігі принципі

Бұл принцип мұғалімнің оқыту процесіне есту-көру (аудио-визуалды) техникалық құралдарды, кітаптар, карталар, кестелер секілді әртүрлі көрнекіліктерді, оқу құралдарын пайдалануынан көрініс табады.

Мектепте көрнекіліктің бірнеше түрі қолданылады. Мысалы, жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар объектілермен таныстыруды көздейді. Көлемдік көрнекілік ақиқат дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсатында қолданылады. Оған фото-суреттер, картиналар, диафильмдер, диапозитив, дыбыссыз кино, т. б. жатады. Дыбыстық корнекіліктер дыбыстық бейнелер, шығармалардан үзінді оқу, дауысты таспаға жазу, шет тілін үйренуге магнитофонды пайдалану, т. б. қамтамасыз етеді. Символдық және графикалық көрнекіліктер абстрактылы ойлауды дамытуды мақсат етеді. Мұндай көрнекіліктер болмысты символ түрінде сипаттайды. Мысалы жоспарлар, карталар, схемалар, диаграммалар, т. б.

Информатика пәнінде бір информацияны бірнеше әдіспен бейнелеп көрсету мүмкіндігі көрнекілік принципіне негізделген. Мысалы, блок-схемалар алгоритмдердің құрылымы мен орындалу бағытын көрнекі көрсетеді. Программалау тілдерінін синтаксистік құрылымы мен олардың орындалу жағдайы алгоритм текстерін жазу кезінде көрнекі түрде беріледі. Суреттерді анимациялау, түр-түсін өзгерту, оған дыбыстар қосу мүмкіндігі кернекілік приіщипінің жүзеге асырылуы болып табылады.

Көрнекілік принципінің жаңаны тануда, бейнені елестетуде, материалды ұзақ есте сақтауда тиімділігі жоғары. Компьютерде оқушылар графикалық бейнелерді түрлендіріп, ондағы обьектілерді өзгерте алады, ал оқу киносы мен теледидарда мұндай мүмкіндік жоқ.

Сонымен, көрнекіліктерді тиімді қолдану оқушылардың танымын кеңейтуге оң әсер ететіндіктен, оны оқу процесінің барлық кезеңінде қолдануға болады.

1. 7. Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі

Бұл принцип білімді берік, эрі жүйелі меңгеруді көздейді. Беріктілік принципін жүзеге асыруда, ең алдымен, білім мазмұнындағы негізгі мәселелерді даралап алу айрықша мәнге ие. Оған қол жеткізу үшін жаңа сабақты талдау мен оны алғашқы бекіту кезіңде басты мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет. Үй тапсырмасы мен сыныпта орындалатын жұмыстардың барлығы осы мақсатқа жұмылдырылуы тиіс.

Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі оқыту мақсатынан, оқу материалының логикалық құрылымынан, оқушының ойлауы мен дамуынан көрініс табады. Сондай-ақ, пән мазмұнының жеке бөлімдері мен тақырыптары арасындағы және басқа пәндер арасындағы байланыстарды орнатуда бой көрсетеді.

Оқушылардың негізгі ұғымдардың анықтамаларын, қасиеттерін жаттап алуы немесе есте сақтауы білімнің беріктігіне тікелей байланысты. Сондықтан оқушыларға жаттап алудың емес, түсініп алудың, есте сақтаудың әдістерін үйреткен жөн.

Білімнің беріктігі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды құруға негізделген жүйелілікпен тығыз байланысты. Жүйелілік принципі информатика курсының жеке тақырыптары мен тараулары, бөлімдері арасындағы және басқа да жеке пәндер арасындағы байланыстарды орнатуда көрінеді. Басқаша айтқанда, адамның есінде өзара байланысты ұғымдар берік сақталады, ал жеке байланысқа тәуелді ұғымдар мидың қызмет өрісіпен шығып қалып, ұмыт болуына себеп болады.

Информатика пәніндегі оку материалын салыстырмалы түрде бейнелеп "ағаш" десек, ағаштың жапырақтары - ұғымдар өзара "шырмауықтай" байланысуы қажет. Сондықтан алғашқы ұғымдарды байытатын көп салалы қолданбалы есептерді шешудің маңызы ерекше.

Информатика пәнінің мазмұнын бір ағаш емес, "информация", "алгоритм", "орындаушы" т. с. с. тамырлары арқылы өріліп кеткен "орман" деуге болады. Бұл информатикалық білімнің беріктігіне қаланған негіз болып табылады.

1. 8. Жеке және ұжымдық оқыту

Информатиканы оқытуда жеке және ұжымдық оқыту бірін-бірі толықтырып тұрады. Ұжымдық жұмысты тұрақты, дұрыс ұйымдастырғанда оқушылармен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Бұл кезде компьютер екі жақты құрал ретінде жұмыс атқарады. Ол оқыту программаларының дайын түрлерін кеңінен таратуға, біркелкі топтық ұжымдық оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі. Әрбір оқушы мұндай программалармен жұмыс істегенде өз әдіс-тәсілдерін, жұмыс қарқынын, қиындықтардан шығу жолдарын жеке таңдайды.

Оқыту программалары арқылы, мұғалім жұмыстың кейбір бөлігін автоматты басқаруға жібергенде оқушылармен жұмыс жүргізуге бөлінген уақыт үнемделіп, жеке оқытуға мүмкіндік пайда болады. Оқушылардың дара қасиеттерін байқауда жеке оқыту тиімді нәтиже береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика курсын оқыту
Технологияның мәндік сипаты
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
«Информатикадан деңгейлік тапсырмаларды жасау әдісі»
Офистік бағдарламаларды орта мектепте оқытудың ерекшеліктері
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz