Стандарттау және метрология,экология, сапа, денсаулықты қорғау, еңбек қаупсіздігі



Стандарттау(ағылш. standardization) — есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б. тағайындау және қолдану; қазіргі уақытта қолданылатын немесе потенциалды мақсаттарға байланысты жаппай және дүркін-дүркін қолдануға арналған ережелерді іске асыру арқылы белгілі бір салада тәртіпке салудың оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған іс-әрекет.
Метрология - өлшеу жұмыстарын жүргізу, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Экология ( лат. оіkos – үй,баспана;logos– ілім)-жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдерқауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Сапаны жақсарту мәселесін кәсіпорындарда тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін еңгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйесі көптеген жылдардан бойы құрылып және жетілдіріліп келеді.
Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі- сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
1. Стандарттау және метрология,экология, сапа, денсаулықты қорғау, еңбек қаупсіздігі
Стандарттау(ағылш. standardization) -- есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б. тағайындау және қолдану; қазіргі уақытта қолданылатын немесе потенциалды мақсаттарға байланысты жаппай және дүркін-дүркін қолдануға арналған ережелерді іске асыру арқылы белгілі бір салада тәртіпке салудың оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған іс-әрекет.
Метрология - өлшеу жұмыстарын жүргізу, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Экология ( лат. оіkos - үй,баспана;logos - ілім)-жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің - популяциялардың, организмдерқауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Сапаны жақсарту мәселесін кәсіпорындарда тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін еңгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйесі көптеген жылдардан бойы құрылып және жетілдіріліп келеді.
Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі- сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту.
2. Қазақстан Республикасындағы сатндарттау бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар.
Стандарттау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырудағы уақыт талабына сай ерекшеліктер мен басты бағыттар мына жағдайларға байланысты:
-Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімді орындау қажеттілігіне.
-Мемлекеттік стандарттау жұмыстарын тек қана мемлекеттік бюджеттен ғана емес, басқа да бюджеттен тыс қаржы көздерінен (шаруашылық субъектілерінің қаржысынан) қаржыландыру, т.б.
1) Стандарттау жұмыстарын басты бағыттарда қарқынды дамыту. Басты бағыттар ретінде саналады:
-экология және қауіпсіздік (бірінші кезекте балалар тағамдарын, адамдарға токсикологиялық әсер ету мүмкіндігі зор тамақ өнімдерін, аса қауіпті техника түрлерін стандарттау мәселелері шешілуі қажет);
-ақпараттың технологиялар;
-ресурстарды үнемдеу;
-тұтынушылардың құқығын ңорғау мақсатында өнім сапасын нормативті құжаттармен қамтамасыз етуді жетілдіру;
-бухгалтерлік есеп пен банк жұмыстарын стандарттау;
-мүліктерді бағалау қызметін стандарттау.
2) Стандарттау саласында техникалық заңдылықтарды қалыптастыру.
-нақтылы өнім топтары мен түрлеріне немесе іс-қимылдарға стандарттау, метрологиялық жабдықтау және сертификаттау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерін айқындап беретін заңдылық актілерін жасау;
-заңдылық актілеріне - заңдарды, ҚР Үкіметінің қаулыларын, т.б. (ДСҰ қолданылатын техникалық регламенттердегідей), яғни нақтылы талаптарды (нормативтерді) енгізу.
3) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы үшін қажетті жағдайларды орындау. Бұл үшін стандарттау саласында жасалуға тиісті:
-отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру;
-ДСҰ мүше мемлекеттерімен тығыз ақпараттың байланыс орнату;
-қолданыстағы мемлекеттік стандарттар қорын жаңарту.
Мемлекеттік стандарттар қоры ескіріп отырады. Мысалы, Ресейде 60%-дан астам мемлекеттік стандарттар (олардың көбі біздің елде де қолданыста) 1986 жылға дейін қабылданған. Оңтайлы жаңарту деңгейі шамамен 10-12% (ЕО, АҚШ, Жапония) болуы керек.
4) Еркін стандарттардың рөлін арттыру.
Ұсыныс түріндегі талаптарға негізделген еркін стандарттар өнімнің (қызметтің) бәсекелесу мүмкіндігін көтеру үшін қолайлы. Елімізде еркін стандарттарға жаппай өту (шетел тәжірибелеріне сәйкес) біртіндеп жүргізілуі керек. Өйткені, ол үшін: өнімнің қауіпсіздігін және сапасын заңдылық негізде реттеу көлемін кеңейту қажет, шаруашылық субъектілерінің келісімшарттарында, басңа да коммерциялық құжаттарында стандарттарға сілтемелер кеңінен қолданылуы керек.
4. Жаңа стандарттарды дайындауды қаржыландыру үшін бұл жұмысқа шаруашылық субъектілерін және шетел инвесторларын кеңінен қатыстыру қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.
1. кезең - алғашқы (2005 ж.) - мемлекеттік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап атал- ған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.
2. кезең - өтпелі (2005-2012 жж.) - жүйе жұмыс ының құқықтың статусын мемлекеттіктен еріктілікке өзгер- ту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін үлттың стан- дарттау жүйесі етіп қайта құру.
3. кезең - ңорытынды, яғни стандарттаудың үлттық жүйесін қалыптастыруды аяңтау. Бұл жүйені мемле- кеттік емес үйымдар басқаруға тиісті жене жүйе ерікті қолданылатын үлттық стандарттарға негізделеді.
Алғашқы кезеңде Қазақстанның мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізін осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы актілер және нормативтік құжаттар құрды. Өтпелі кезеңде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс. Қорытынды кезең. 2013 жылға дейін ұлттың жүйе біржолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті. Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер қоры қалыптасқандықтан, ұлттың стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар қарастырылады. Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлдем қатыспайды дегенді білдірмейді. Үкіметтің реттеудегі жұмысы стандарттау саласының мақсаты мен принциптерін, Қазаңстанның стандарттау саласындағы үлттың органның жұмысын, үлттың стандарттарды әзірлеу және іске асыру ережелерін регламенттеу болып табылады. Стандарттардың екі категориясының болуы - ұлттың стандарттық және ұйым стандарттарының - әрекет өрісіне байланысты екі жүйенің болатынын айқындайды, яғни, бүкіл Қазақстан аумағында іс-әрекет жасайтын ұлттық жүйе және іс-әрекеті жекелеген ұйым шеңберінен аспайтын жергілікті жүйе. Стандарттаудың ұлттық жүйесіне мыналар кіреді:
* ұлттық стандарттар;
* стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен ұсыныстар;
* техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіші.
Стандарттаудың жергілікті жүйесі ұйым стандарттарына негізделген. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы Заңында келтірілген мекеме қоғамдардың және қоғамдық бірлестіктердің стандарттарын алмастырады.
Стандарттау саласындағы органдар мен қызмет атқаратын мекемелернегізгі іс-әрекеттерді стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын мекемелер, бірлестіктер және олардың бөлімшелері. Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясыстандарттау жұмыс тарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органыТехникалық реттеу жәнеметрология комитеті. Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:
1. Мемлекеттік стандарттарды және техникалықэкономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.
2. Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.
3. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау жәнеаккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.
4. Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды.
5. Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу төртібін белгілейді.
6. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті өзінің функциясын тікелей және өзі құрған органдар арңылы атқарады. Стандарттау саласында қызмет атқаратын мекемелербелгіленген басқару деңгейінде стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған мекемелер мен бөлімшелер. Олардың қатарына ғылыми-зерттеу институттары және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жатады.
7. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.
8. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне мыналар кіреді:
* бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды дайындау;
* Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді өзірлеуге, оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;
* Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде нормалар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау бағыттары
«KEGOC» АҚ сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі
Исо - стандарттары, сапа ілгіші
Стандарт ұғымы
Стандарт және стандарттау ұғымы
ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты
Қазақстан Республикасының сауда ұйымына кірудегі маңызы
Өндірістік тәжірибе қорытындысы
Өнімдердің сапасы және қасиеттері
Сертификаттау туралы түсінік
Пәндер