Ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР МЕН ЛАКУНАЛАР БАЛАМАСЫЗ ЛЕКСИКА ТҮРІ РЕТІНДЕ . . . 5
1. 1 Баламасыз лексика туралы түсінік . . . 5
1. 2 Ағылшын тіліндегі лакуналар мен олардың жіктелуі . . . 6
1. 3 Жалқы есімдердің ерекшеліктері мен топтастырылуы . . . 20
2 ЛАКУНАЛАР МЕН ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ТӘСІЛДЕРІ . . . 33
2. 1 Баламасыз лексиканы ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселесі. . 33
2. 2 Жалқы есім мен лакуналарды аудару ерекшеліктері . . . 35
2. 3 Көркем шығармаларда кездесетін баламасыз лексикаларды аудару тәсілдері (J. R. R Tolkien “The Hobbit, or there and back” (Дж. Р. Р Толкин «Хоббит, немесе барып, кері қайту») шығармасы негізінде) . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
КІРІСПЕ
Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз.
Қазіргі жан-жақты халықаралық қатынастар кезінде, шетелдік есімдер мен атаулар қазақ тілінің сөздік құрамындағы маңызды бөлікті құрайды. Шет тілдерден алынған жалқы есімдер мен атауларды қолданбайтын қандайда бір адамзаттық қызмет салаларындағы мамандарды немесе ғылым және мәдениет қызметкерлерін көз алдымызға елестету қиын. Олардың көбі, мысалға: тілшілер, оқымыстылар, редакторлар, аудармашылар, көмекшілер, библиографтар, кітапханашылар және тағы басқалары күнделікті шетелдік есімдер мен атауларды қазақ тілінде жазу қажеттілігімен жүздеседі.
Есімдер мен атаулар әрқашан маңызды орында болатын. Есімді білуден адамдар бір - бірімен танысуды бастайды. Жалқы есімдер адамдар арасындағы түсінушілік пен қарым - қатынасы үшін өте қажет. Мысалға, басқа тілде сөйлесуге өткен кезде, таныс заттар мен түсініктерге қатысты басқа жалпы сөздерді қолдануға тура келеді. Осылай жалқы есімдер тіларалық қатынастарда сонымен қатар шет тілін оқуда және сол тілден аударуда демеуші нүкте болады. Осы шет тілін оқуда және сол тілден аудару кезінде есімдер мен атауларға көп көңіл аудару қажет емес деген елесті тудырады. Мұндай әдістеме жаңылысқа негізделген. Жалқы есімдер расында да тілдік тосқауылды жеңуге көмектеседі, бірақ өзінің бастапқы тілдік ортасында олардың терең ойлық құрылымы, бірегей ерекшелік формалары және этимологиялық ерекшеліктері, басқа да бірліктерімен бірнеше байланыстары және тілдік категориялары бар. Басқа тілде есімнің берілу барысында бұл қасиеттердің көбі жоғалып кетеді. Егер бұл ерекшеліктерді білмей немесе назар аудармасақ, онда есімді басқа лингвистикалық негізге өткізуде есімді ұстанушының теңестірілуін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оны қиындатуы да мүмкін.
Жалқы есімдер өздерімен - өздері автоматты түрде өте формальды түрде аударылады деп айтылған. Мұндай формальды әдістеменің нәтижесі бұл көптеген қателер, басқаша оқылу, мәтінді аударуда дәлдіктің жоқтығы және шетелдік есімдер мен атауларды қолдану болды. Ал, басқа кезде керісінше - көтермелі толық «дәлдік» аудару барысында жағымсыз естілетін, айтуға келіспейтін немесе ақылға сыймайтын есімдер мен атаулардың шығуына әкеледі. Бұндай жағдай сұрақтың жеткіліксіз ғылыми зерттелуімен де түсіндіріледі. Дегенмен де ономастика лигвисттердің назарынан тыс қалмаған, олар осы категориялық лексикалық белгілерінің берілуіндегі тіларалық заңдылықты зерттеуге көп көңіл бөлмеген. Осыдан барып берілген тақырыптың барлық оқулық курстары арқылы көрсетілуіндегі анық қиыншылықтар айтылған.
Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі: көркем әдебиетте кездесетін жалқы есімдер мен лакуналарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде оның баламасын табу қиындық туғызады. Бұл үшін автор баламасыз лексиканы аудару барысында қандай әдістердерді қолдану қажет екендігін әрқашан да біле бермейді. Сол себепті, менің жұмысым баламасыз лексиканы дұрыс аударудың әдіс-тәсілдерін зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау. Көркем шығармадағы баламасыз лексиканың аударылу тәсілдерін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
- Баламасыз лексика түсінігін зерттеу;
- Ағылшын тіліндегі жалқы есімдер мен лакуналардың қазақ тілінде берілу ерекшеліктерін анықтау;
- Жалқы есімдер мен лакуаларды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді зерттеу;
- Көркем шығармада кездесетін баламасыз лексиканың анализін беру.
Зерттеу мәліметтері ретінде жалқы есімдер мен лакуналардың баламасыз лексика ретінде қолданылуы және оны зерттеу мақсатында Дж. Р. Р. Толкиннің «Хоббит, немесе барып, кері қайту» шығармасы қолданылады.
Зерттеу объектісі: ағылшын тіліндегі баламасыз лексиканы қазақ тіліне аударудың әдіс-тәсілдері.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы - бұл қолданылған мәліметтер мен зерттеу қорытындыларын ағылшын тілінен сабақ беру тәжірибесінде, лексикологияда, стилистикада және аударма теориясы мен тәжірибесінде пайдалануға болады.
Жұмыстың жаңалығы шығармада жалқы есімдер мен лакуналарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде тура баламасын табу мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, 68 атаудан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР МЕН ЛАКУНАЛАР БАЛАМАСЫЗ ЛЕКСИКА ТҮРІ РЕТІНДЕ
1. 1 Баламасыз лексика туралы түсінік
Аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын еңбектердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін және аударылуы қиындық тудыратын, сондықтан да оларға тек қана сипаттау, түсіндіру арқылы аударуды қажет ететін сөздер тобы бар, олар «баламасыз лексика» деп аталады.
Баламасыз лексика - көркем шығарманың тақырыбына, мазмұнына байланысты бір халықтың мәдени-тұрмыстық тіршілігіндегі ұғымдар мен түсініктердің, заттардың атаулары; адамдардың арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар мен діни, саяси көзқарастарға қатысты терминдер, стандартты қалыптар. Мұндай лексикалық бірліктер, сөздер мен сөз тіркестері сөздіктерге тіркелмейді, тіркелген жағдайда да суреттеу, шамаластыра аудару амалымен жүзеге асырылады. Лексикографиялық рәсімделмегендігі өзге тілдегі мәдени-ұлттық ерекшеліктерге тән атауларды аудару мүмкін емес деген пікір тудырмайды; дәл, тұрақты лексикалық сәйкестігі көрсетілмегенмен де, аударма мәтіндерге жүргізілген талдау көркем әдебиеттегі реалий атауларын эстетикалық функцияға нұқсан келтірмейтіндей дәрежеде қазақшалауға болатынын дәлелдейді.
Белгілі бір халыққа, ұлттық, тілдік ортаға арналғандықтан, классикалық көркем әдебиетте реалийлер тобы мол және олар тақырыптық, мәдени ерекшеліктері жағынан да сан алуан. Осы күнде баламасыз сөздер, әсіресе көркем аудармада, жан-жақты зерттеледі. Ғалымдар баламасыз лексикаға мыналарды жатқызады: этнографизмдер, терминдер, одағайлар және еліктеуіш сөздер, аббревиатуралар, туыстық атаулар, сөз әдебі формулалар және қаратпалар, жалқы есімдер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, теңеулер, діни атаулар, көнерген сөздер, тарихаяттар, эмоционалды және экспрессивті бояуы бар сөздер, фольклор элементтері. Демек, фондық айырмашылықтарға байланысты сөздердің көбісі аударылмайды. С. С. Аверинцевтің айтуы бойынша, «тілдегі ең жақсы сөздер аударылмайды». Тәржімашы сол ұлттың мәдениетін (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық бітім) толық меңгермегенше, басқаша айтқанда фондық білімі болмаса, сапалы аударма жасай алмайды деген тұжырым шығаруға болады.
Баламасыз лексика аудармадағы сөз таңдау мәселесіне қатысы бар топтың бірі. Ал аудармада, әсіресе көркем аудармада, екінші тілден сөз таңдаудың бірнеше себебі бар, олардың негізгілері мыналар:
- екі тілдің лексикалық-грамматикалық құрылымы әр түрлі;
- белгілі бір ұғым, зат, түсінік халықтың тұрмыс-тіршілігінде жоқ, демек ол тілде де белгіленбеген;
- қоршаған ортадағы әрбір ұғымының, түсініктің, зат пен құбылыстың атауы екі тілде де бар, алайда олардың ұғымдық-мазмұндық көлемі әр түрлі;
- сөздіктегі сәйкестіктердің стильдік қызметінде айырмашылықтар бар;
- шығарма авторының стилі мен тілі де функционалды сәйкестіктер жасауға ықпал етеді.
Халық орналасқан географиялық аймақтың, климаттың, халық айналысатын кәсіп пен шаруашылықтың ерекшеліктеріне орай бір халық тіліндегі дербес атау, алуан түрлі ассоциация беретін лексеманың екінші тілде болмауы - заңды құбылыс. Бұлар - тіл жүйесіндегі бос орындар - лакуналар, «тілдің семантикалық картасындағы ақтаңдақтар». Айталық, Азия мен Африка құрлықтарын мекендейтін кейбір халықтардың тілінде қар сөзі жоқ, мұның себебі халық өмір сүретін географиялық ортада климаттың өзгеруі - жаз бен қыстың ауысуы тән емес. Ал жылдың белгілі бір бөлігі қыс мезгілі болатын аймақтардағы халықтардың тілінде қар сөзі әр қилы ассоциацияға, ұқсастыруға, ойды бейнелеп айтуға тірек болатын ұғымдардың бірі.
Сондай-ақ әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсібі мен шаруашылығына, тарихи қалыптасқан әлеуметтік-қоғамдық қарым-қатынастарына байланысты орныққан атаулар да басқа тілдің құрамында болмайды.
1. 2 Ағылшын тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерге сипаттама
Лакуна - бұл мәдениеті мен мәдени түсініктері басқа оқырман немесе тыңдаушы үшін түсінуі, түсіндірілуі қиын және түсініксіз ретінде қабылданатын мәтіннің қандай да бір бөлігі. Екі тілдің (түпнұсқа тілі мен аударма тілі) лексикасын салыстыра отырып біреуінің семантикасында ашық жерін анықтауға болады. Мұндай ашық жерлер түпнұсқа тіліндегі кейбір терминдерге аударма тілінде баламасы жоқ болатындықтан пайда болатын лексикалық лакуналар. Түпнұсқа мәтін мен аударма мәтінінің өзара байланысына баға беріп, анализ жасағанда лакуна түсінігі тендесі жоқ критерий болып табылады.
Тілдердегі де, мәдениеттердегі де сәйкессіздіктерді қарастырғанда зерттеушілердің көбісі осы терминді қолданатындары кездейсоқ емес (lacuna лат. - қуыс, шұңқыр, ор; lacune франц. - бос орын, тесік) . Прохорова А. М. редакциясының астындағы «Советский энциклопедический словарь» (М., 1981) әдебиеттану мен лингвистикаға қатысты лакунаға келесідей анықтама береді: «мәтіндегі ашық жер, жетіспейтін орын». «Словарь иностранных слов» (М., 1984 ( сөздігінде де филологиялық термин ретінде лакунаның дәл осындай анықтамасын таптық. Айта кетер жайт, «Руский язык: Энциклопедия» (бас редакторы Ф. П. Филин. М., 1979), «Лингвистический энциклопедический словарь» (бас редакторы В. Н. Ярцева1990), «Справочник лингвистических терминов» (бас редакторы О. С. Ахманова. М., 1969) сияқты кең таралған анықтамалық басылымдарда «лакуна» терминіне анықтама жоқ. Демек, лакунарлық құбылысы зерттеушілердің назарын аударғанына көп болған жоқ - соңғы үш-төрт онжылдық. Бұған бірыңғай әдістемелік тәсілдің және барлық зерттеушілер келісетін лакуна түсінігінің анықтамасының жоқтығы дәлел.
Лакуна терминінің ғылыми қолданысын алғашқы енгізген канадалық лингвистер Ж. П. Вине мен Ж. Дарбельненің айтуыннша лакуна «бір тілдің сөзіне басқа тілде балама жоқ кезде пайда болатын құбылыс».
Әдетте лакуналар бірнеше топқа бөлінеді:
- Субъекті лакуналар - әртүрлі лингвомәдени қоғамдастықтарға жататын, коммуникация объектілерінің ұлттық және мәдени белгілерін көрсетеді. Мысалы, субъекті лакуналарды ағылшын, орыс және қазақ мәдениеттерінің сипатына байланыста қарастырсақ, ағылшындар мен қазақтарға екі тілдің идиоматикасында орыс тіліне қарағанда толығырақ көрсетілгендей сақтық тән: Preventoin is better than cure (Предупредить лучше, чем изличиться) . One cannot be too careful (нельзя быть слишком осторожным; сақтықта қорлық жоқ) ; жауапкершіліксізге жаман қатынас: Too many cooks, spoil the broth ( слишком много кухарок портят бульон; аспазшы тым көп болса, сорпаны құртады), орыс лингвомәдениетінде - У семи нянек дитя без глазу. Сам кашу заварил, сам и расхлебывай) ; жағымды мәнге ие өз-өзін ұстай білу қасиеті: Silence is golden (молчание - золото) ; орыс лингвомәдениетінде - Слово - серебро, молчание - золото.
- Іскери - коммуникативті лакуналар - коммуникацияға байланысты әртүрлі іс-әрекет түрлерінің ұлттық және мәдени ерекшеліктерін көрсетеді. Мысалы, орыс мәдениетінде «су ішкім келді» дегенді саусақтарын сыбызғы сияқты етіп қолын аузына апару арқылы білдірілсе, француз мәдениетінде ол басбармағынан басқа саусақтары алақанға жабысқан күйде қолын аузына апару арқылы түсіндіріледі; орыс мәдениетінде сұқ (сілтеуіш) саусағын самайына апарып қимылдату арқылы «ақымақ» дегенді білдірсе, болгар мәдениетінде ол қол саусақтары жұдырыққа жұмылдырып, сұқ (сілтеуіш) саусағын бірнеше рет маңылайына тигізеді[6. ] .
- Мәдени - кеңістік лакуналар - әртүрлі мәдениеттердің түпкілікті айырмашылықтарын көрсетеді. Мұндай лакуналар әртүрлі мәдени қоғам өкілдерінің мәдени кеңістік пен мәдени интерьерге деген көзқарастарының, құндылықтарының сәйкес келмеуі. Мысалы, Латын Америкасында «Мальборо» шылымынның жарнамасы сәтті болмайды, өйткені ковбой, атқа мінген адам - ол ең арзан және сапасы төмен шылым ғана шеге алатын кедей халықтың өкілі [6. ] .
- Мәтіндік лакуналар - коммуникация құралы ретінде мәтіннің ерекшеліктерін көрсетеді. Олар мәтіннің қарым-қатынас құралы ретінде ерекше спецификасы бар болғанда пайда болады. Мысалы, автор мен оқырманның қарым-қатынас салаларының сәйкес келмеуінен туындайтын коммуникативті ара-қашықтық, уақытша ара-қашықтық, автор мен оқырман замандастар болмаған жағдайда.
Көркем аударма мәтінінде көбінесе іскери - коммуникативті лакуналар кездеседі деп саналады. Олардан кейін мәтіндік, кейін субъекті және мәдени-кеңістік лакуналар.
Кез келген көркем мәтіннің түпнұсқасы мен аударма бюросында жұмыс істейтін жоғары дәрежелі аудармашылар жасаған мамандандырылған аударма мәтініне салыстырмалы талдау жасай отырып аударма адекваттығының ең маңызды критерийі - аударма мәтініндегі лакуналардың қандай да бір тобының саны деген қорытындығына келуге болады.
Басқа мәдениетпен (өзге мәдени мәтін) байланыса, оқи отырып қабылдаушы ішкі түйсігі деңгейінде оны өз мәдениеті арқылы түсінеді. Сол себептен әртүрлі түсініспеушілік пайда болады. Осыған байланысты өзіндік түсінікті - терминологиялық құрал қажет деп айтуға болады.
Ғылыми әдебиеттерде тілдер мен жалпы мәдениеттердегі айырмашылықтарды ғылыми және нақтыдан (баламасыз лексика, кездейсоқ лакуналар) онша анық емеске дейін білдіретін әртүрлі түсініктер мен терминдерді кездестіруге болады.
Шетел әдебиеттерінде тілдер мен мәдениеттердегі айырмашылықтарды «gap» (ашық жер) термині көмегімен түсіндіру талпыныстары белгілі. Ресей ғылымында мұндай айырмашылықтарды «лакуна» түсінігі арқылы түсіндіру талпыныстарына қызығушылық танытады.
Тілдер мен мәдениеттердің басқа да аспектілерін салыстыруда «лакуна» түсінігінің таралуы орынды және әдістеме жағынан расталған болып саналады. Бір жағынан, «лакуна» түсінігінің мұндай кеңейтілуі тіл мен мәдениеттің тығыз байланысына негізделеді, екінші жағынан - тілдік, лингвомәдени және мәдени лакуналарды анықтаумен қатар тіл мен мәдениеттің корреляцияның кейбір нақты формаларын анықтауға көмектеседі.
Лакуна өзінің жалпы түсінігінде бір мәдениетте бар, бірақ басқа мәдениетте жоқ түсінікті анықтайды. Осыған байланысты жеке мәдениеттен ерекшелік және әмбебаптық қатысы жайлы сұрақ туады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде баламасыз лексиканың арнайы тобын құрып, зерттеуді қажет етіп жүрген лакуналар мәселесі де көкейкесті болып табылып отыр. Кез келген екі тілдің лексикасын салғастыру кезінде олардың бірінің семантикасында бір сөзге мүлдем балама табылмай қалады. Осындай баламасыз лексика лингвистикада лексикалық лакуна деп аталып жүр [7, 208б. ] . Мәселен, қазақ тілінің «бәйбіше», «тоқал», «құрық», «саба» және т. б. сөздерді ағылшын тіліне аударғанда «the first wife», «the second wife», «motion for horse hunting», «vessel for pouring kumis» сияқты сөз тіркестері арқылы беріледі. Өз тілінде сөйлейтін адамдар өздеріне тән ассоциациялар тудыратын тудыратын білгілі бір ұғымдар мен пайымдаулар жиынтығын пайдаланады. Оларды сөз саптауда қолдану үшін тілде арнайы сөздер мен сөз тіркестері болады. Сонымен, лакуналар деп өзге тілге еркін сөз тіркестері (мағыналарын жалпылама түрде түсіндіру) арқылы берілетін сөздер мен сөз тіркестерін айтамыз. Осы жерде айта кететін бір жайт, лакуналардың абсолютті, қатыстық, векторлық, стилистикалық сияқты түрлері кездеседі. Жоғарыда келтірілген мысалдар абсолютті лакуналар тобына жатады.
Абсолюттік лакуналарға қарағанда, қатыстық лакуналар сөздің қолданыс жиілігі мен екі тілдегі ортақ мағынасын салыстыру кезінде айқындалады. Қатыстық лакуналар сөйлеу деңгейінде (на уровне речи) салыстырылып отырған сөздер білдіретін ұғымдар ортақтылығы кезінде ғана орын алады. Ұлттық тілде сирек қолданылатын сөз немесе сөз формасы да қатыстық лакуналар тобын құрай алады. Мәселен, қазақ тіліндегі «бөбек», «еңлікгүл», «зәмзәм», «бұрақай» (ерке қыз), «аманат», «безгелдек» (таңдануды білдіретін одағай), «көкжал», «әккі», «сілбі» (ақжаңбыр), «асар», «жолаяқ», «әңгелек» (қауынның кішкене түрі), «саһар» (аққудың қоразы), «толағай» (тақыр жер), «көбеген» (жас бала, балдырған), «қаптағай» (жабайы түйе) сияқты сөздер ағылшын тілінде көп немесе мүлдем қолданылмайтындықтан, ағылшындықтар үшін қатыстық лакуналар болып табылады.
Лакуналарды шартты түрде векторлы өлшемдерге теңеуге болады, себебі олар тілді салыстыру кезінде өздерінің бағыттарымен сипатталынады (қазаққа немесе ағылшынға бағытталған лакуна) . Осыған орай лакуналар векторлық лакуналар деген тағы бір топқа бөлінеді. Сонымен қатар, екі тілдің лекскикасын салыстыру, салғастыру барысында лакуналар бойынша өзге тілдегі ұғымдық көлемнің сйкеспеушілігіне байланысты сан жағынан айырмашылық бар екенін аңғаруға болады. Мәселен, қазақ тіліндегі «саусақ», «бармақ» сөздерінің ағылшын тілінде «fingers» деген бір баламасы ғана бар деседі. Сондай-ақ, бұл мәселеге қатысты Ж. А. Жақыповтың «Аударматануды аңдатпа» атты еңбегінде аударма қолданылатын нимиялық тәсіл жайында айтқан пікірін келтіруге болады деп ойлаймыз: «Бұл тәсіл бойынша түпнұсқа тіліндегі түрлік ұғымды (видовое понятие) білдіретін сөздер аударма тілінде тектік ұғымды (родовое понятие) білдіретін сөздермен жеткізіледі. Бұл жолмен аудару, әрине, аз ба, көп пе түпнұсқа сөзінің нақтылығын жоғалтады, ұғымды кедейлендіруі мүмкін, өйткені түпнұсқа тіліндегі жеке түрлік ұғым аудармада жалпы тектік ұғыммен беріледі. Мысалы, изба, дом - үй; ауыл - село; қырат, қыр, адыр, бел, белес, жота, төбе - возвышенность» [8, 53-54бб] .
Лакуна өзге мәдени мәтінді түсінуді зерттеу құралы ретінде. Лакуна теориясына әдістемелердің бірінің шегінде лакуналардың лингвистикалық және мәдени универсалийлер көзқарасына сәйкес бар болуы қарастырылады. Мәдениеттің және тілдің кейбір феномендері әмбебаптылық дәрежесіне ие бола отырып, барлық жергілікті мәдениеттерде міндетті түрде көрсетілуі де мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, кейбір мәдениеттер үшін мұндай феномендер лакуналандырылған болады. Америка үнділерінің тілі мен мәдениетін зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Д. Хаймс өзінің зерттеген тайпа тілінде Э. Сепир әмбебап деп есептеген «фатическое общение» функция жоқ деген шешімге келді. Тілдің және мәдениеттің кейбір дерегінің басқа тілде және мәдениетте болмауы, оның әмбебап еместігінің дәлелі бола алмайды. И. И. Мещаниновтың ойынша, берілген белгінің бір тілде болмауы себебінен оның мүлдем жоқтығы жайлы қорытынды жасауға болмайды. Өйтпеген жағдайда барлық тілдік белгілерді жоққа шығаруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz