Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ДАРЫНДЫЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Дарынды балалардың педагогикалық психологиялық ерекшеліктері . . . 7
  2. Дарындылықтың құрылымдық жүйелер қызметі . . . 21

ІІ. ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

  1. Дарынды балаларды айқындау . . . 36
  2. Дарынды оқушылардың өздігінен білім алуға, ғылыми зерттеушілік іс әрекетке баулу туралы эксперимент жұмысының нәтижесі . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі

Жалпы «дарындылық» феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ ғылымда екі бір-біріне қарама-қарсы «био» және «социо» бағыттары қалыптасқаны аян. Дарындылықтың негізгі басымды қозғаушы күші тек қана генетикалық нышандар болып табылады деген пікір Ф. Гальтон, Г. Айзенк еңбектерінда айқын көрінген. Екінші бағытты ұстанған ғалымдар негізгі фактор ретінде қоршаған ортаны қарастырған. Ал қазіргі таңда А. Т. Асмолов негіздеген ұстаным әлдеқайда өміршең екендігін дәлелдеп отыр. Л. С. Выготскийдің теориясын негізге алған бұл бағыт «дарындылықты» білімді өз бетінше игеру, ашу, жаңа жағдайда көшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір сөзбен айтқанда, «интеллектуалды дарындылық» ретінде зерттейді. Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз - адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық - сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу өте қиын. Бірақ сөйте тұра солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста жанұя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде жүре бола ма? Олар тұқым қуалай ма, жоқ па? Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мүмкін бе? Оған қалай жетуге болады? «Қабілеттілік деп - белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері айтылады». Қабілеттілік жалпы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т. б. қасиеттерінен көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің өткен онжылдығы оның дамуының стратегиялық бағыттарын дұрыс таңдағанымызды көрсетеді, оның ішінде негізгісі республиканың интеллектуалды және шығар-машылық әлеуетін өсіру, дарынды балалар мен жасөспірімдердің одан әрі дамуы үшін өркениетті елге тән жағдайлар жасау болып табылады.

Соңғы мәліметтер бойынша шамамен мектеп жасындағы балалардың бестен бір бөлігі дарынды балалар тобына жатуы мүмкін. Бірақ олардың талантының дамуы үшін қажетті қолдау көрсетілмей жүр, сондықтан жалпы балалар санының 2-5% ғана шын мәнінде дарынды бала ретінде айқындалған (ҚР-да дарынды балаларды айқындау тұжырымдамасынан) .

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі және балалар мен оқушылар дарындылығын ерте айқындау тәжірибесі осындай балаларды қолдап, олардың ата-анасына, оқытушыларына психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және экономикалық көмек беретін арнаулы мемлекеттік бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдеп отыр.

Елімізде ұзақ уақыт бойы балалар дарындылығын зерттеу және ерекше қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелерін талдаумен мардымсыз айналысқан, тіпті айналыспады десе де болады. Бүгінгі күні өте қабілетті балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау - кезек күттірмейтін іс. Бала қабілеті мен дарынын толық ашу тек бала үшін ғана емес, ең алдымен, тұтас қоғам үшін маңызды. Белгілі психолог Н. Роджерс: " . . . егер қазіргі қоғамда жалпы дамудағы болмашы өзгерістерге сындарлы қарайтын адамдар болмаса, біз мерт боламыз, бұл шығармашылықтың жоқтығына біздің төлер құнымыз" - деп жазады.

Қоғам қашанда шығармашыл тұлғаларға мұқтаж болғанымен, дарындылық пен қабілеттілік психологиясын зерттеу кең өріс алған кезең ХХ-шы ғасырдың орта шенінен басталады. Бұл мәселеге деген үлкен ықылас балалар дарындылығы мен таланты жөніндегі Дүниежүзілік кеңестің құрылуына байланысты туды. Оның бірінші конференциясы 1975-ші жылы Лондонда өтті. Кеңес дарындылықтың психологиялық құрылымын зерттейтін жобалар жасайды, дарынды балаларға білім беретін мамандар дайындайды. Қазіргі таңда түрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетудің арнаулы бағдарламалары жасалынып, қолданылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" (2004 ж. ) жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 24-ші наурызындағы № 256-шы қаулысы бойынша талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатымен "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ашылды. Аталған мәселені шешуге арналған стратегиялық бағдарлама жасалынды.

Әлеуметтік тапсырыстың болуымен "Дарын" орталығының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет тәжірибесі білім беру мекемелерінің дарынды балалармен мақсатты, нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді. Осыған байланысты мұғалімдер мен білім беру қызметкерлері, ата-аналар арасында балалар дарындылығының табиғаты, оны айқындау әдістері мен дамыту жолдары туралы ғылыми, жаңаша түсінік қалыптастыру үшін байыпты ағартушылық жұмыс жүргізілуі тиіс.

Практикалық қызметкерлер мен ата-аналардың түсінуі қиын аталған мәселе бойынша бір-біріне қарама-қайшы келетін тәсілдсрдің кең спектрі осы мақсатты шешудің күрделілігін анықтайды. Сондықтан балалар дарындылығының осы тұжырымдамасы күнделікті жұмыс үшін теориялық және әдістемелік негіз бола алады. Осыған байланысты біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: "Жоғарғы сынып оқушыларының дарындылығын қалыптастыру" - деп тағайындадық.

Дарынды балалар мен жастарды айқындау, оқыту және дамыту тұжырымдамасының негізіне мынандай идеялар басшылыққа алынған:

  • дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудыізгілендіру және демократияландыру;
  • дарынды балаларды айқындау және олармен жұмыс жүргізудебиологиялық, әлеуметтік факторларды есепке алу;
  • дарынды балалармен жұмыс жүргізудің үздіксіздігі менжүйелілігі;
  • республикада дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесінбасқаруды орталықтандыру мен өз бетінше басқарудың үйлесімдібайланысы;
  • дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесін басқарудыңмемлекеттік және қоғамдық ұйымдастыру құрылымдарының бірлігі;
  • дарынды балалар мен жастарды іріктеу үшін диагностикалықәдістер кешенін пайдалану;
  • жеке тұлғаның дарындылығы мен қалыптасу деңгейінебалаларды оқыту мен дамытудың арнайы таңдалған ;
  • осы категорияны балалар мен оқушыларды басқару жұмысын-дағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастыру ;
  • дарынды балалармен және оқушылармен жұмысқа мұғалімніңарнайы дайындығы.

Балалар дарындылығы тұжырымдамасының жадығаттары осы мәселе бойынша әдеби нұсқаларды теориялық саралау негізінде құрастырылған. Онда дарындылықтың басты мәселелерінің теориялық негіздері: Қазақстан Республикасындағы балалар дарындылығының анықтамасы мен белгілері, оның түрлері, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың жүйесі, осы жүйені басқару мәселелері мазмұндалған.

Тұжырымдама осы салада жұмыс істейтіндердің барлығына арналған. Бұл тұжырымдама мұғалімдер мен психолог-практиктерге, педагогикалық және психологиялық оқу орындары аспиранттары мен студенттеріне, ата-аналарға пайдалы болуы мүмкін. Зерттеу жұмысымызда осы тұжырымдаманы басшылыққа алдық.

Ғылыми болжамы:

Дарынды ұстаз ғана дарынды оқушы тәрбиелейді.

  • Жоғары сынып оқушыларымен арнайы ғылыми-зерттеужұмыстарының мәдениетін игеру мақсатында шығармашылықтоптар құрылса.
  • Әдістемелік жұмыстарды жүргізуде жаңа сапалық деңгейпайдаланылса, оқушылардың дарындылық сапалары қалыптасады.

Мақсаты:

Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

  • әр түрлі дарындылықтың ғылыми негіздерін анықтау(олимпиада, МАН, спорт, өнер жетістіктері т. б. ) ;
  • дарындылықтың белгілерін анықтайтын материалдарды талдаужәне арнаулы тестер жүргізу, оқушыларды іріктеу;
  • оқушыларды ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке баулу арқылыдарындылығын қалыптастыру;

Зертгеу объектісі:

  • Жоғары сынып оқушылары. Зерттеу пәні:
  • Оқушылардың дарындылығын қалыптастыратын оқу-тәрбие үрдісі;

Зерттеудің әдістемелік негіздерін жеке бастың әлеуметтік мәні мен оның іс-әрекет жүйесіндегі даму ерекшеліктерін қарастырған Юркевич В. С, Лейтес Н. С, Матюшкин А. М., Гильбух Ю. 3., Клименко В. В., Моляко В. А. т. б. тұжырымдары құрайды.

Теориялық және практикалық маңызы.

Жоғары сынып оқушыларының дарындылығын қалыптастыру проблемасының ғылыми негіздерін нақтылау теориялық қағидалардың аясын кеңейтеді, оқушылардың дарындылығын қалыптастыруға бағытталған тұжырымдама педагогтар үшін пайдалы болады.

Жоғары сынып оқушыларының дарындылығын қалыптастыруда әр түрлі психологиялық бақылау арқылы жургізілген сабақтарда, тренингтік сабақтарда қазақ балаларының дарындылығын қалыптас-тыру мүмкіндіктері анықталады. Тренинг-сабақтар оқушының өзіндік мүмкіндігін, олардың дарындылықтарын көрсетті. Мұндай сабақтар дарынды балалармен жұмыс істеуде олардың өзіндік даярлануына, бағалануына және ойлау дербестігін қалыптастыруға көмектеседі.

І-бөлім. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ДАРЫНДЫЛЫҚ

ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ

1. 1. Дарынды балалардың педагогикалық психологиялық ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет. Дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан, ерекше дарынды балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т. б. елдерде жоғарғы деңгейде жүргізілуде және саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Бүгінгі таңда біздің білім беру жүйесі ақпараттық технологияларды пайдаланып, инновациялық жаңа әдіс - тәсілдерді негізге алып, дарынды оқушылардың қабілеттерін ашуға ерекше көңіл бөліп, жан- жақты іске асыруда. Дарындылық жайында айтқан бірнеше ғалым педагогтармен, ғалым психологтардың пікіріне сүйенсек: Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық - табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл кабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенімен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілерге мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Біз дарынды деп белгілі бір кабілетті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сиякты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез - келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселеге педагогика мен психологияда көптеген «тар жол, тайғақ кешулерден» өтіп, өз жолын енді тауып келеді. Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде Платонньң өзі ақындықты «өнер мен білімнің арқасында емес, кұдайдың анықтауы мен кернеген сезімнен» туындайды деген болатын, ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде «маған көмекке әрдайым мейірімді перімгений келеді» деген екен. Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай Ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады? Канада ғалымы Д. Хебб «генотиптік интеллект» деген ұғымды енгізеді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, «фенотиптік интеллектіні» құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісімен анықталады. Д. Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2, Мұнда 8 - тұқым қуалаушылық. 2 - сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой - өріс дегеніміз мәдени - әлеуметтік орта мен индивидтің тәжербиесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжерибені ассимиляциялап тиімді падалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты. ХІХ-ХХ - ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бэн, В. Вудт, Д. Миль, Г. Циген сияқты психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой, зейін, ерік, қабылдау және ұстау . Тек XX ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарасты жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В. Штерн жалпы дарындылық - интеллектіден өзгеше, оны индивиттің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілет деп түсіндіреді. Арнаулы дарындылык дегеніміз - бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы қолөнер, сурет, ақындық және т. б. Сонда көптеген бір-біріне байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интеллектіні құрайды. Дарындылықты немесе ерекше кабілеттілікті балалық шақта жалпы тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтуімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады деген. Біздің жаңашыл ұстаздар жеке тұлғаның потенциялдық және шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, терең ұмтылуына, ізденуіне, өзінің ішкі жан дүниесін тануға жол ашып, ықпал етуде. Білім мазмұнын жаңалау арқылы оқу - тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру үшін мектептің педагогикалық-психологиялық қызметімен бірлескен жұмыс бағдарламалары жасалып іске асырылуда. Ұстаздардың дарынды балаларға біртұтас жүйелі және сапалы білім берудегі іс-әрекетіне психологиялық қолдау көрсету үшін психологиялық қызмет алдына нақты кәсіби мақсат - міндеттерді қойды. Ол мақсат - міндетерді басшылыққа ала отырып, 10 бағытта арнайы жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жалпы психологиялық қолдау, бақылау, зерттеу жұмыстары көзге көрінбейтін бірнеше рет қайталап салыстыруды, ұзақ уақытты қажет ететін күрделі үрдіс. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері әр қырынан анықталып, диагностика қорытындысы бойынша жүргізілген дамыту жұмыстары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, дамытты. Бұл жағдайды дарынды оқушылардың олимпияда, конференция, ғылыми жоба қорғау, сол сияқты оқушымен ұстаздың бірлескен шығармашылық жұмыстарының, ғылыми жоба қорғау, зерттеу жұмыстарының қортындыларынан көруге болады. Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып-білу үрдісі өте ертеден басталады. Ал ХХ-шы ғасырдың басында дарындылық пен оны зерттеу әдістеріне арналған алғашқы ғылыми еңбектер пайда болды. Қазіргі уақытта дүниежүзілік тожірибе балалар дарындылығын зерттеу және қолдау тәжірибесін жеткілікті мөлшерде жинақтаған. Дарынды балалармен практикалық жұмыс көбіне "дарындылық", "дарынды бала" ұғымдарының мазмұнын дұрыс түсінуге байланысты. "Дарындылық" термині "дарын" сөзінен шыққан, дамудың ерекше қолайлы ішкі алғышарты дегенді білдіреді. Әйтседе қолда бар әдебиеттердің ауқымына қарамастан, әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ екендігін айту керек. Әзірге құрдастарына қарағанда, оқуға деген жоғары зеректігі, анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала дарынды бала деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: "Дарындылық - іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі". "Дарындылық" ұғымы "қабілеттілік" ұғымына өте жақын. Фило-софиялық энциклопедиялық сөздіктерге қабілеттілік - тұлғаның жеке ерекшелігі, іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай іске асырудың субъективті шарты болып табылады, - деп көрсстілген. Қабілеттілік жеке тұлғаның білімімен, шеберлігімен, дағдысымен ғана шектелмейді. Ол, бәрінен бұрын, кейбір іс-әрекет тәсілдері мен әдістерін жылдам, терең, әрі берік қабылдаудан байқалады, сөйтіп оларға ие болу мүмүкіндігіне қатысты ішкі психологиялық реттегіш болып табылады. Кеңес психологиясында дарындылық мәселесі 40-50 жылдары қабілеттілік психологиясы ретінде қарастырыла бастады. С. Л. Рубинштейн-нің, Б. М. Тепловтың еңбектерінде қабілеттілік, дарындылық және талант ұғымдары бір негіз бойынша- іс-әрекет табыстылығына қарай топтастырылған:

- қабілеттілік - (адамдардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері) іс-әрекетке бейімділік негізінде қаланатын, бір адамды екінші адамнан ерекшелейтін іс-әрекет табыстылығын айқындайтын, жеке дара психологиялық ерекшелік;

- арнайы дарындылық - іс-әрекеттің белгілі бір түрінде табысқа
жетуге мүмкіндік жасайтын, қабілеттіліктің өзіндік ерекше үйлесімі;

- жалпы дарындылық - іс-әрекеттің кең өрісіндегі қабілеттілік.
Б. М. Теплов қызметті жемісті атқару мүмкіндігін жасайтын қабілеттіліктің өзіндік сапалы үйлесімін дарындылық деп атайды. Кейін Б. М. Теплов дарындылық ұғымында белгілі бір іске табиғи бейімділікті қолдайды. Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Математиканың ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика - оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс - амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамутудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б. Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т. б) қабілетін сипаттайды. Американдық психологтардың анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз - бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. Осыған орай адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады деген ғалымдардың пікірінің дұрыстығына көз жеткізе түсеміз. Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз - аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Баланың дарындылығын анықтаудың негізі мектептен басталады. Мектеп балаларымен жұмыс істеу - ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:

  • Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
  • Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
  • Игерілген нәтижелерді бақылау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы
Дарынды балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Қазақ тілінің практикумы
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында)
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz