Малазықтық бақша дақылдар



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Негізгі бөлім
 Малазықтық бақша дақылдар ... ... ... ... ... ... ... ... ..
 Көпжылдық мал азықтық бұршақ тұқымдас шөптер ... ... ... ... ... .
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі міндеті – республика халқын медициналық нормаға сай сапалы тамақ түрлерімен қамтамасыз ету. Ол үшін алдымен мал шаруашылығынан алынатын тамақ түрлерін (ет, сүт, т.б) көбейтіп, олардың өзіндік құнын төмендету. Осы мəселелердің орындалуы алдымен мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азықтарымен қамтамасыз етуге байланысты. Қазақстанда мал азығы негізінен табиғи жерлерден жəне егістіктен өндіріледі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар көлемі республика бойынша 180 млн гектардай, олар барлық аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерден қарапайым жақсарту жұмыстарын жүргізіп, тиімді пайдаланған жағдайда арзан да сапалы мал азығын алуға болады. Шалғындықтарды жақсарту технологиясы күрделі емес, оны əр шаруашылық өздері жүргізе алады. Ол үшін көп қаражат та жұмсалмайды. Қазіргі кезде шет елдерде жəне республиканың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарында өндіріске тиімділігі жоғары мəдени жайылымдар мен шабындықтар енгізіліп жатыр. Мəдени жайылымдар əсіресе, сауын сиырлар үшін өте тиімді. Оны жылдың жылы мезгілдерінде ұзақ пайдаланып, көк шөптің жоғары өнімін алу арқылы сауын сиырларының сүттілігін айтарлықтай көтеруге болады. Мұндай жайылымдар мал төлдерін бағуға да тиімді. Егістікте мал азықтық дақылдарды өсіріп дəрумен-протеин мөлшері тепе-тендікте болатын сапалы мал азықтарын дайындау жұмыстары да ауыл шаруашылығы мамандарының алдында тұрған негізгі міндеттері. Кезінде (1990 ж) егістікте 10 млн гектардай мал азықтық дақылдар өсірілсе, қазір оның көлемі 2,7 млн гектардан аспайды (2007ж.). Егістікте негізінен мал шаруашылығы өнімін көтеруде аса қажетті сүрлемдік, жемдік дақылдар, пішеннің жəне көк шөптің қоректілігін көтеретін бұршақ тұқымдастар өсіріледі. Сонымен қатар, ферма жанындағы егістіктерде сүрлем жəне басқадай құнарлы азықтар дайындайтын əдеттен тыс жаңа мал азықтық өсімдіктер өсіріледі. Мал өнімінің сапасын көтеруде мұндай мал азығының ролі өте жоғары
1. Андреев Н. Г. «Луговодство».1981ж.16-22 беттер
2. Əубəкіров Қ.Ə., Атақұлов Т.А., Каракальчев А.С. Ə 79 «Мал азығын өндіру практикумы». -Алматы, «Агроуниверситет» баспасы, 2009ж.12-13 беттер.
3. http://www.sadyk.ru/kormovie-travi/mnogoletnie-zlakovie-travi
4. Губанов, И. А. и др. 210. Stipa capillata L. — Ковыль волосовидный, или Тырса // Иллюстрированный определитель растений Средней России. В 3 т. — М.: Т-во науч. изд. КМК, Ин-т технолог. иссл., 2002. — Т. 1. Папоротники, хвощи, плауны, голосеменные, покрытосеменные (однодольные). — С. 304. — ISBN 8-87317-091-6.
http://t3.kaznau.kz/

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы:

Орындаған: Шәріпова М.С
Тобы: АГ-313
Курс: III
Тексерген: Сагандыков С.Н

Семей - 2015 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Негізгі бөлім
Малазықтық бақша дақылдар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Көпжылдық мал азықтық бұршақ тұқымдас шөптер ... ... ... ... ... .
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі міндеті - республика халқын медициналық нормаға сай сапалы тамақ түрлерімен қамтамасыз ету. Ол үшін алдымен мал шаруашылығынан алынатын тамақ түрлерін (ет, сүт, т.б) көбейтіп, олардың өзіндік құнын төмендету. Осы мəселелердің орындалуы алдымен мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азықтарымен қамтамасыз етуге байланысты. Қазақстанда мал азығы негізінен табиғи жерлерден жəне егістіктен өндіріледі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар көлемі республика бойынша 180 млн гектардай, олар барлық аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерден қарапайым жақсарту жұмыстарын жүргізіп, тиімді пайдаланған жағдайда арзан да сапалы мал азығын алуға болады. Шалғындықтарды жақсарту технологиясы күрделі емес, оны əр шаруашылық өздері жүргізе алады. Ол үшін көп қаражат та жұмсалмайды. Қазіргі кезде шет елдерде жəне республиканың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарында өндіріске тиімділігі жоғары мəдени жайылымдар мен шабындықтар енгізіліп жатыр. Мəдени жайылымдар əсіресе, сауын сиырлар үшін өте тиімді. Оны жылдың жылы мезгілдерінде ұзақ пайдаланып, көк шөптің жоғары өнімін алу арқылы сауын сиырларының сүттілігін айтарлықтай көтеруге болады. Мұндай жайылымдар мал төлдерін бағуға да тиімді. Егістікте мал азықтық дақылдарды өсіріп дəрумен-протеин мөлшері тепе-тендікте болатын сапалы мал азықтарын дайындау жұмыстары да ауыл шаруашылығы мамандарының алдында тұрған негізгі міндеттері. Кезінде (1990 ж) егістікте 10 млн гектардай мал азықтық дақылдар өсірілсе, қазір оның көлемі 2,7 млн гектардан аспайды (2007ж.). Егістікте негізінен мал шаруашылығы өнімін көтеруде аса қажетті сүрлемдік, жемдік дақылдар, пішеннің жəне көк шөптің қоректілігін көтеретін бұршақ тұқымдастар өсіріледі. Сонымен қатар, ферма жанындағы егістіктерде сүрлем жəне басқадай құнарлы азықтар дайындайтын əдеттен тыс жаңа мал азықтық өсімдіктер өсіріледі. Мал өнімінің сапасын көтеруде мұндай мал азығының ролі өте жоғары

Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2,7 млн. га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады:
1. Сүрлем дақылдар.
2. Көпжылдық бұршақ тұқымдастар.
3. Көпжылдық астық тұқымдастар.
4. Біржылдық бұршақ тұқымдастар.
5. Біржылдық астық тұқымдастар.
6. Малазықтық тамыржемістілер.
7. Малазықтық бақша дақылдар.
8. Жемазықты дақылдар.
Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады, бірақ та олар қазірше маңызды өндірістік рөл атқармайды. Қазақстанда негізгі сүрлем дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, ақ жүгері және судан шөбін өсіреді. Дақылдардың негізгі өсіру мақсаты - сүрлем алу және жаздың екінші жартысында (тамыз-қыркүйек басында) жасыл балаусамен үстеме азықтандыру.
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұны және жазғы уақытта жасыл балауса мал азығына өсіріледі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер құрамындағы сіңімді протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады: олардан алынған мал азығында жинау технологиясы сақталған жағдайда 1 а.ө-ге 180-250 г сіңімді протеин келеді. Бұл дақылдар тобы мал азығын өндіруде энергетиканың көзі ретінде ғана, малдар рационын ақуызбен алмастырылмайтын аминқышқылдар мен толықтыру үшін де маңызды. Бұршақ тұқымдас шөптер ретінде республикамызда жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде өсіріледі.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б.
Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық т.б. жатады.
Малазықтық тамыржемістілер күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сәбіз, және т.б
Малазықтық бақша дақылдар
1. Тамыр жемістілер .
Мал азықтық қызылша - өте жақсы шырынды мал азығына жатады. Оны барлық мал түріне беруге болады. Əсіресе, шырынды азықты сауын сиырларға, шошқаға берген тиімді. Мал азықтық қызылша жақсы сақталады, оны күзде, қыста жəне ерте көктемде малға беріп пайдаланады. Мал азықтық қызылша жеңіл қорытылады, жүгері сүрлемінен кем түспейді.
Мал азықтық қызылша ақзатқа бай емес, бірақта оның құрамында бағалы бос аминқышқылдары көп кездеседі. 100 кг тамыржемісінде 12,4 а.ө жəне 0,3 кг қорытылмалы протеин, 40 г. Са, 40 г Р болады. Мұнда басқа тамыржемістілерге қарағанда каротин, В жəне С витаминдері аздау. Тамыржемісінде 1,3 % протеин, 0,1 % май, 0,9 % күл болады. Мал азықтық қызылшасының жапырақтары (ботва) қосымша мал азығы. Оны көктей малға беруге, не болмаса сүрлемге салуға болады. 100 кг жапырағында 10,5 а.ө, жəне 0,7 кг қорытылмалы протеин, 260г Са, 50г Р кездеседі. Жапырағында 13-14 % құрғақ зат, 3,1 протеин, 0,3 май, 1,6 клетчатка, 5,6 азотсыз экстрактивті зат, 2,8 % күл болады. Мал азықтық қызылша (Beta Vulgaris) - екі жылдық алабота тұқымдасына жататын өсімдік. Бірінші жылы жуандау тамыр жемісін жəне тамыр түбінен тараған жапырақтар түзеді. Екінші жылы түбірдегі бүршіктерден гүл салатын өскіндер шығып, сонда жеміс пен тұқымдар салады. Тамыры кіндікті, 0,8-2,8 м тереңдікке бойлайды. Тамырының негізгі бөлігі 40-50 см тереңдікте орналасады. Гүл салған өскіндердің биіктігі 1м дейін жетеді. Түбірінен шығатын жапырақтары сағақты, жапырағы біртұтас жүрек-жұмыртқа тəріздес. Сабағындағы жапырақтар ұзынша үшбұрыш тəріздес. Түсі ашық-жасыл, беті тегіс. 119 Гүлшоғыры - сіпсебас, гүлі екі жынысты. Гүлдері топтасып өседі, бір түйнегінде 2-6 тұқым түзеді. Тұқымы өте ұсақ, түйнегінің сырты қатты. 1000 түйнектің массасы 15-40 г. Мал азықтық қызылша суыққа шыдамды. Тұқымы +3-4º жылылықта өсіп-өне бастайды. Вегетация кезеңіндегі керекті температура жиынтығы 1500-2400ºс. Ылғалды көп керек етеді, бірақ ылғалды тиімді пайдаланады. Транспирациялық коэффициенті 220-450 ге тең. Ылғалды ең көп керек ететін кезеңі вегетативті массасы жəне жапырақ көлемі толықтай шыққан кезі. Мал азықтық қызылша қысқа күннің өсімдігі. Тамыржемісінің қарқынды өсуі күн қысқарған кезде байқалады. Қазақстанда өсіруге ұсынылатын сорттары Полусахарная белая, Сахарная округлая 0143, Эккендорфская желтая. Жер алмұрты ( Земляная груша, Helianthas tuberosus L). Күн түйнегі (жер алмұрты мен күнбағыстың буданы, топинсолнечник). Жер алмұрты астровые (asteraseae) тұқымдасына жататын көпжылдық түйнекті өсімдік. Күн түйнегі жер алмұрты мен күнбағыстың тұраралық буданынан пайда болған түйнекті мал азықтық өсімдік түршесіне жатады. Оның сыртқы пішіні жер алмұртына қарағанда ірі де қуатты, бірақ жапырақ саны мен мөлшері, сабағы мен бұтағының жуандығы жағынан жер алмұрты мен күнбағыстың аралығында. Жер алмұртының отаны - Солтүстік Америка. Бұл жерде осы өсімдіктің жабайы түрі анықталған. Бұынғы одақ көлемінде жер алмұртын мал азығына бірінші рет Украинада, Солтүстік Кавказда жəне Беларуссияда өткен ғасырдың 30-жылдарында өсіре бастады. Соғыстан кейін (50- жылдары) алғашқы сорты шығарылып зерттеліп, өз бағасын алды. Шаруашылық маңызы. Бұл екі дақылдың да сабағы мен тамыр түйнегін мал азығына пайдаланады. Сабағы жеке дара немесе басқа дақылдармен де қосылып сүрлемге салынады. Сүрлемі сапасы жағынан күнбағыстың сүрлемінен жоғары. Жер алмұрты мен күн түйнегінің тез пісетін сорттары шошқаға көктем кезінде жақсы жайылым болып есептеледі. Жас өсімдіктерінде көмірсулары, оның ішінде, қант көп кездеседі де оны ұсақтап бергенде мал сүйсініп жейді. Көк балаусасында каротиннің мөлшері күнбағыс жəне жүгеріге қарағанда көбірек. 1 кг көк балаусасында 20-25 азықтың бірлік бар. П.П. Вавиловтың мəліметі бойынша жер алмұртының сорттарының көк балаусасында абсолютті құрғақ затында орта есеппен 5,2% каротин, 27,5% клетчатка, 3,4% май, 55,7% азотсыз экстрактивті зат, 7,1% күл болады. Сүрлемінде 2,1% протеин, 1,7% белок, 0,4% май, 3,1% клетчатка, 8,9% азотсыз экстрактивті зат, 1,9% күл болады. 100 кг сүрлемінде 15 азықтық бірлік бар. Күлінің құрамында калий, натрий, фосфор, əсіресе темір көп кездеседі. 120 Жер алмұрты мен күн түйнегінің мал азығына, əсіресе пайдалысы олардың сапалық көрсеткіштері картоппен бірдей. 100 кг түйнегінде 30 азықтық бірлік болады. Түйнегінде 6,2 % протеин, 5,7 % май, 76,3 % азотсыз экстрактивті зат, 55,0 % күл болады. Түйнектерінің нашар сақталуына байланысты оны күзде мал азығына жəне көктемде қазып алып малға берген тиімді. Қазақстанның оңтүстігінде жəне оңтүстік-шығыс аймақтарында түйнектерді күзде қыркүйек-қазан, көктемде наурыз-сəуір айларында мал азығына пайдалануға болады. Оны сабағымен қосып сүрлемге салып қыста да пайдаланады. Бұл өсімдіктердің өнімі өте жоғары. Көпшілік сорттарының əр гектарынан алынатын көк балаусасының орташа өнімі 350-450 ц, ал ең жоғарғы өнімі 850-900 цга дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында жер алмұртының əр гектарынан 277 ц көк балауса жəне 94 ц түйнек жиналды (Свешников А.М.,1979). Өсіру агротехникасы дұрыс сақталған жағдайда оны бір жерде өнімін төмендетпей 8-10 жылға дейін жəне одан да ұзағырақ пайдалануға болады. Ботаника-биологиялық ерекшеліктері. Жер алмұрты мен күн түйнегі кіндік тамырлы. Тамыры тереңге бойлайды. Орталық тамырынан көпшілік ірілі-ұсақты тамыршалары жан-жаққа жайылып өседі жəне олар топырақ қабатының 10-30 см қабатында орналасады. Өсімдіктің жер астында 15 см тереңдікте сабақтары (столоны) пайда болып, оның ұшында түйнектер байланады. Түйнектердің пішіні дөңгелекше, алмұрт тəріздес, түйреуіш немесе ұзынша келеді. Салмағы 10 грамнан 100 грамға дейін болады. Түйнектерінің сыртқы қабаты нашар дамуына байланысты ол ұзақ сақталмайды. Сабағы біржылдық, тік, шеңбер тəріздес түктері қатты жəне жақсы бұтақтанған. Биіктігі 1,5-4,0 м дейін өседі. Жапырағы қарапайым, сабағы ұзын, пішіні жұмыртқа тəріздес, қалың түктілі. Жапырағының саны орта есеппен 20-30 дана. Гүлшоғыры - себет тəрізді, гүлдері түтікше келген. Гүлінің желектері сарғыш немесе қызғылт-сары түсті. Өздігінен не болмаса айқас тозаңданады. Жемісі - қара сұр тұқымша. 1000 тұқымның массасы 7-9 г. Жер алмұртының түйнектері +4-6º С жылылықта өсе бастайды да, оның қалыпты өсуі +8-12º С жүреді. Өскіні мен қалыптасқан өсімдігі жылуды аса қажет етпейді жəне -6º С шыдайды.Жер бетінде орналасқан түйнегі-10º С дейін суыққа шыдайды. Оның осындай суыққа шыдамды қасиетін құрамындағы инулин мен аздап қант болуымен байланыстырады жəне бұл өсімдік ыстыққа да біршама шыдамды. Ылғалды аса қажет етпейтін өсімдік. Ауаның құрғақшылық кезеңдерінде өсіп-өнуі жалғаса береді. Бірақ, тамырына түйнек байланған кезеңінде суды көп қажет етуіне байланысты оны құрғақ аймақтарда өсіргенде суару тиімді. Топырақ ылғалдылығы толық ылғалдылықтың 50- 60% деңгейінде болуы керек. Жамбыл жəне Алматы обылыстарында бұл дақылдарды суармалы жерлерде өсірген тиімді. Қысқа күннің өсімдігі. Күннің ұзақтығы оның гүлдену кезеңін ұзартады. Сондықтан оңтүстік аймақтарда жер алмұрты кеш гүлденіп, 121 тұқымы піспей қалуы мүмкін. Өсу кезеңінің басында ғана жарықты көбірек қажет етеді. Жер алмұрты мен күн түйнегі барлық топырақ түрлерінде өсе береді. Қышқыл, тұзды жəне батпақты жерлерде өсіп оңбайды.
Мал шаруашылығын қарқынды дамытуда егістікте өсірілетін көпжылдық бұршақтұқымдас шөптердің алатын орны ерекше. Олардың ішінде Қазақстанда ең көп тарағандары: жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа. Жоңышқа - республика бойынша көп тараған көпжылдық бұршақ тұқымдас шөп. Жоңышқадан пішен, пішендеме, белокты - витаминдер шөп ұнын, мал азықтық түйіршіктер дайындайды жəне малға көк азық ретінде беруге, мəдени жайылымдар жасауға өте тиімді өсімдік. Жоңышқаны осылай жан- жақты пайдаланудың себебі - ол өсімдік белогымен өте бай жəне онда ауыстырылмайтын аминқышқылдары көптеп кездеседі. Жəне де өсімдік құрамында Са, Mg, көптеген микроэлементтер мен бета-каротин бар. Жоңышқада ауыстырылмайтын аминқышқылдары мен микроэлементтер жүгері мен сұлы дəндерінен жоғары.

Микроэлементтер ішінен ең негізгілері жез, марганец, молибден, бор жəне кобальт. Бұл микроэлементтер мал организмінің қалыпты түрде дамуына өте керекті. Жоңышқа жалпы қоректілігі жəне протеин мөлшері жағынан астық дақылдарынан 2-3,0 есе жоғары. 100 кг жоңышқа пішенінде 50-60 а.ө жəне 12-15 кг қорытылмалы протеин, ал 100 кг сүрлемінде 15 а.ө жəне 2,6 кг қорытылмалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтық бақша дақылдары
Малазықтық дақылдар және олардың сипаттамасы
Ауыспалы егістерді жоспарлау
Шалғындық және жайылымдық мал азығын өндіру
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Зиянды және улы өсімдіктерге жалпы сипаттама
Ауыспалы егіс
Жидек және бақша дақылдары
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Сүрлем дақылдарды өсыруде қойылатын талаптар
Пәндер