Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Республика азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қоятыны нақты көрсетілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құжаттарында айтылғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен. Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Халықтың денсаулығын қорғау — мемлекетіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.
Облысымызда 1 мың адамға шаққанда туылғандар саны республикалық көрсеткіштен жоғары болып, Атырау өңірі елімізде адам санын көбейтуде алдыңғы қатардың бірінде екендігі көңілді қуантады. 2004 жылы бұл көрсеткіш еліміз бойынша 18,19 болса, Атырау облысында 21,36 болды, ал 2005 жылы республикада 18,41 болғанда, біздің облыста бұл көрсеткіш 23,09-ға жетті. Өкініштісі, тұрғындардың жалпы науқастану көрсеткіші жылдан жылға өсіп келе жатыр. 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 2004 жылы 32494,8 болса, 2005-ші жылы бұдан да көтеріліп 33496,3-ке

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп,
алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Республика
азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның
өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп
қоятыны нақты көрсетілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
құжаттарында айтылғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10
пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға
байланысты екен. Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз
керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық
жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына,
атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Халықтың денсаулығын
қорғау — мемлекетіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың
денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде
қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен
тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін
клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан
келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң
бақылауында болғаны абзал.
Облысымызда 1 мың адамға шаққанда туылғандар саны республикалық
көрсеткіштен жоғары болып, Атырау өңірі елімізде адам санын көбейтуде
алдыңғы қатардың бірінде екендігі көңілді қуантады. 2004 жылы бұл көрсеткіш
еліміз бойынша 18,19 болса, Атырау облысында 21,36 болды, ал 2005 жылы
республикада 18,41 болғанда, біздің облыста бұл көрсеткіш 23,09-ға жетті.
Өкініштісі, тұрғындардың жалпы науқастану көрсеткіші жылдан жылға өсіп келе
жатыр. 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 2004 жылы 32494,8 болса, 2005-
ші жылы бұдан да көтеріліп 33496,3-ке жеткен. Соның ішінде, бір жастан бес
жасқа дейінгі балалар арасында 1 мың балаға шаққандағы көрсеткіш өсіп отыр.
Бұл жағдайды да біз экологиялық проблемалардан тыс қарай алмаймыз. Ал
облыстағы рак ауруларының көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2004 жылы
160,7, ал 2005 жылы 172,1 адам болған. Туберкулезбен ауыратындар саны
жөнінен облыс көрсеткіші елімізде алдыңғы қатарлардың бірінде. Өңірімізде
2001 жылмен салыстырғанда 2005 жылы балалар арасында тыныс алу жолдарының
қабыну аурулары 1,2 есе, нерв жүйесі аурулары 1,5 есе, психикалық аурулар
2,0 есе, көз аурулары 2,86 есеге өскен екен. Бұл күрделі мәселенің түп
тамырының экологияда жатқаны ешкімге жасырын емес, себебі өмірге қажетті
басқа қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік ахуал бізде басқа өңірлермен
салыстырғанда артық болмаса кем емес. Елімізде жұмыс жасап жатқан БҰҰ ДБ
қызметкері Гордон Джонсонның деректері бойынша, тек соңғы он жыл көлемінде
еліміздегі киіктер саны 40 есеге, Каспий теңізіндегі қызыл балықтар саны 8
есеге азайып кеткен. Жыл сайын көптеген итбалықтар қырылуда. Мұның басты
себептерінің бірі мұнай мен газды өндіру барысында табиғатымызға жыл сайын
келетін орасан зор зиян мен табиғат байлығына деген тойымсыздық.
Еліміздегі жан-жануарлар әлемінің төрттен бірі қызыл кітапта тіркелгендігін
ескерер болсақ, осы бір адам психологиясына ғана емес, табиғат
экологиясына да жат қылықтарды уақытылы құрықтаған абзал. Біздің
атыраулықтарды қатты алаңдататын нәрселердің бірі — Каспий аймағының
экологиялық жағдайы. Теңіз жағалауындағы мемлекеттердің өз беттерінше қолға
алып жатқан іс-шараларының жеткіліксіздігі, теңіздегі экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелі іс-әрекеттердің жоқтығы, Каспий
экологиясының бүгінгі күні дағдарыс деңгейіне жақындығы, теңіздің, теңіз
жанындағы жердің, ауаның ластануы, тірі ағзалардың, жәндіктердің,
өсімдіктердің азаюы, аурудың көбеюі айтылып жүрген мәселелер болғанман,
әлі шешуін тапқан жоқ. Өкінішке орай, Каспий теңізі жағалауындағы бес
мемлекет тарапынан теңіздің проблемасымен айналысатын халықаралық қозғалыс
құру мәселесі де күн тәртібінде тұрғанымен әлі күнге шешілер емес. Осы
проблемаларды бірігіп шешу мақсатында сот, құқық және табиғат қорғау
органдарымен бірлесіп мемлекетаралық ұйым құратын мезгіл жеткен секілді.
Елбасы Н.Назарбаевтың дүние жүзіндегі беделін ескере отырып, қазіргі
уақытта ауадай қажет осы мәселені алғашқы болып көтерер болсақ, ол іс
біздерге тек қана ұпай әкелетіні сөзсіз. Әрі Каспий өңіріндегі бекіре
балығының 90 пайызы теңіздің қазақстандық бөлігінде жатқандығы да ескеруге
тұрарлық жағдай. Ел табиғатына жанашырлық қабілетті 50 ел қатарынан нық
орын алу үшін керек фактор екендігі сөзсіз.
Ғалымдар қазіргі таңда экология мәселесі атом қаруынан да қауіпті екендігін
айтып жүр. Бүкіл жер бетінде миллиардтаған органикалық заттар атмосфералық
ауаға көмірсутегі газы арқылы таралады. Бұған жер шарында күн жылынуы
мәселесін де қосуға болады. Тіпті, Д.Менделеевтің өзі де біз мұнайды жағу
арқылы өз ассигнациямызды жағамыз деген екен.
Кез келген ел өзінің экологиялық мәселесін шешуде ең қауіпті деген
экологиялық апатты аймақтарын БҰҰ алдына мәселе етіп қояды. Елбасымыз Н.
Назарбаев осы ұйым алдына Арал мәселесін қойып отыр. Еліміздегі
экологиялық жағдайлары нашар жерлерге Семей, Балқаш, Арал, Байқоңыр
жатқызылып келсе, соңғы кездері олардың құрамында облысымызға қарайтын
Тайсойған, Каспий аймақтары да айтылып жүр. Бірақ елдің экологиясын
жақсарту мақсатында Елбасы қол қойған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы
жергілікті жерлерде жүзеге аспай отырғандығы жасырын емес. 90-шы жылдардың
басында Санкт-Петербург мемлекеттік универститетінің мамандары Химия
институты мен “Приморский” реабилитациялау орталығының ғалымдары тексеру
жүргізе отырып, тек Тайсойған құмдарының айналасындағы су көздерінен талий,
кадмий, никель, ал топырақта алюминий, магний, кальций, хром сияқты
элементтердің нормадан тыс көптігі туралы ақпараттар берген болатын. Сол
уақыттардан бері қанша жыл өткеніне қарамастан, зерттеу жұмыстарын
жалғастыру туралы ешбір жан ауыз ашпай отыр. Осы сұрақтарды Парламент пен
Үкімет алдында көтеретін уақыт жеткен секілді. Басқасын айтпағанда, Атырау
облысында ірі-ірі мемлекеттік мұнай мен газ өндірушілер, өңдеушілер мен
тасымалдаушылар жұмыс жасап жатса да, олардың өздеріне арнайы салдырған
емханалары мен ауруханалары әлі жоқтың қасы. Қоршаған ортаны қорғау ісінде
адам денсаулығының экологиясы табиғат экологиясымен бір қатарда тұрғанын
ескерсек, бұл істе құқық қорғау органдары секілді сот органдарының да
алдында келелі істер тұр. Табиғат қорғау заңдылығын сақтамай қоршаған орта
байлығын үдемелі түрде игеру Атырау өңірінің экологиялық жағдайының
нашарлауына әкеліп соқтырып отыр. Сот тәжірибесінен көрінгендей, кейбір
жағдайларда Атырау облысы аумағында жұмыс істеуші мұнай компаниялары
Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдылығын бұзуға жол береді.
Осының нәтижесінде табиғатқа келтірілген зиян мөлшері орасан зор. Ол зиян
мемлекет кірісіне қаржы түрінде өндірілуде, бірақ ол теңіздің тамшысындай.
Облыс аумағында жұмыс істеуші мұнай компанияларының бүгінгі күнгі ең басты
міндеті — қоршаған ортаны рұқсат етілмеген жолмен ластауды болдырмауға
бағытталған нәтижелі шараларды жетілдіру. Осы бағытта олар мұнай-газ игеру
жұмыстарын жүргізу барысында халықаралық тәжірибеде қабылданған стандартқа
сәйкес барынша тиімді тәсіл мен технологияны таңдауы қажет. Аталған
мәселенің маңыздылығы Каспий шельфінің жеделдетілген түрде игерілуі мен
осының салдарынан Каспий теңізінің ластанғандығы жөніндегі орын алған
фактілерге де байланысты. Бұдан басқа, ұзақ уақытқа сақтауға бекітіліп
қойылған су астындағы ескі скважиналардан кез келген уақытта мұнай ағып
кету қаупін де естен шығармауымыз керек.
Жер қойнауы байлықтары мен инвестиция, сонымен қоса қоршаған ортаны
қорғауға бағытталған заңнамаларды жетілдіруде өз ойларын ортаға салу және
аталмыш тақырып бойынша сот тәжірибесінде кездесетін проблемаларды талдау
мүмкіндігі соттар, өкілетті органдар мен жер қойнауы байлықтарын игерушілер
бас қосқан 2007 жылдың 27-30 сәуірі аралығында “Жер қойнауы және
инвестиция” тақырыбында өткен Батыс өңірлік республикалық семинарда туды.
Семинар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Неміс техникалық
ынтымақтастығы қоғамының ұйымдастыруымен мұнайлы астана – Атырауда өтті.
Аталған семинарда “Орталық Азия мемлекеттерінде құқықтық және сот
реформасына қолдау көрсету” жобасының директоры Иенс Деппе мырза Германияда
мұнай-газ және басқа да өндіріс саласында қоршаған ортаны ластау
проблемасының жоқтығын атап өтті.
2007 жылдың 9 қаңтарында “Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі”
жарық көрді. Заңның Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын
бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі туралы 321 бабында
“экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың
денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың мемлекет
мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі”, деп
көрсетілген. Тек соңғы жылдардың өзінде біздің облыс бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz