Кәсӏпкерлӏк қызметтегӏ мүлӏктӏң құқықтық режим!



1.Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей басқару құқығы
2.Мүлік (түсінігі және құрылымы)
3.Мүліктің жекелеген түрлерінің күкықтык режимі
Меншік материалдық және материалдық емес игіліктер жөніндегі құқық субъектілері арасындагы қоғамдық қатынас болып табылады. Меншік құқығы - субъектінің оз иелігіндегі мүлікті қалауы бойынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқыгы.
Иелену құқығы - мүлікті іс жүзінде иеленуді іске асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Пайдалану құқыгы - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін шығарудың, сонымен қатар одан пайда табудың (табыс, өсім, жеміс, тол және басқадай табыс түрінде) заңмен қамтамасыз етілген мүм¬кіндігі.
Билік ету құқығы - мүліктің занды немесе іс жүзіндегі нақты тағдырын анықтаудың заңмен камтамасыз етілген мүмкіндігі.
Меншік иесі өз қалауымен иелігіндегі мүлікке қатысты кез келген әрекетті орындауға, оның ішінде бұл мүлікті баска адамдар меншігіне басыбайлы беруге, меншік иесі болып қала отырып, оларға иелену, пайдалану және билік ету бойынша оз өкілеттіктерін беру әрекеттерін іске асыруға, мүлікті кепілдікке беруге немесе оны басқадай тәсілдермен жүктеуге, басқаша түрде билеуге құкылы.
Меншік құқының мерзімі шектеусіз және мәжбүрлі түрде Азаматтық кодекспен көзделген негіздемелер бойынша гана күшін жоюы мүмкін (мұндай негіздемелерге мыналар жатқызылады: 1) меншік иесі- нің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріп алу талабын қою; 2) заң актілеріне байланысты осы тұлгаға тиесілі болуы мүмкін емес мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шыгару; 3) иеліктен айыру (реквизиция); 4) тәркілеу; 5) жер телімін алып қоюга байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шыгару; 6) иесіз тұрган мәдени және тарихи құндылықтарды сатып алу; ҚР АК көзделген баска да жағдайлар (ҚР АК 249-бабының 2-тармағы).
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті ұстау ауыртпашылығын көтереді, яғни оны ұстау, жөндеу және қоргау бойынша, салыктарды төлеу бойынша, сонымен қатар тәуекелдіктер - мүліктің кездейсоқ құрып кетуі немесе кездейсоқ бүлінуі, меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріп алу талабын қоюға байланысты шығындарды көтереді және біржақты тәртіппен мұндай ауыртпашылықты үшінші бір тұлғаларга аудара алмайды.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Реферат


Тақырыбы: КӘСӀПКЕРЛӀК ҚЫЗМЕТТЕГӀ МҮЛӀКТӀҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ!
Тобы: Экономика-14-1
Орындаған: Қадырбергенов Құманғазы
Қабылдаған: Шораева Арайлым

Жоспар:
КӘСӀПКЕРЛӀК ҚЫЗМЕТТЕГӀ МҮЛӀКТӀҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ!
1.Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей басқару құқығы
2.Мүлік (түсінігі және құрылымы)
3.Мүліктің жекелеген түрлерінің күкықтык режимі

КӘСӀПКЕРЛӀК ҚЫЗМЕТТЕГӀ МҮЛӀКТӀҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ!
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік күкыгы. Мүлікті шаруашылық жүргізу және мүлікті тікелей
басқару қүқығы
Меншік материалдық және материалдық емес игіліктер жөніндегі құқық субъектілері арасындагы қоғамдық қатынас болып табылады. Меншік құқығы - субъектінің оз иелігіндегі мүлікті қалауы бойынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқыгы.
Иелену құқығы - мүлікті іс жүзінде иеленуді іске асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Пайдалану құқыгы - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін шығарудың, сонымен қатар одан пайда табудың (табыс, өсім, жеміс, тол және басқадай табыс түрінде) заңмен қамтамасыз етілген мүм - кіндігі.
Билік ету құқығы - мүліктің занды немесе іс жүзіндегі нақты тағдырын анықтаудың заңмен камтамасыз етілген мүмкіндігі.
Меншік иесі өз қалауымен иелігіндегі мүлікке қатысты кез келген әрекетті орындауға, оның ішінде бұл мүлікті баска адамдар меншігіне басыбайлы беруге, меншік иесі болып қала отырып, оларға иелену, пайдалану және билік ету бойынша оз өкілеттіктерін беру әрекеттерін іске асыруға, мүлікті кепілдікке беруге немесе оны басқадай тәсілдермен жүктеуге, басқаша түрде билеуге құкылы.
Меншік құқының мерзімі шектеусіз және мәжбүрлі түрде Азаматтық кодекспен көзделген негіздемелер бойынша гана күшін жоюы мүмкін (мұндай негіздемелерге мыналар жатқызылады: 1) меншік иесі- нің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріп алу талабын қою; 2) заң актілеріне байланысты осы тұлгаға тиесілі болуы мүмкін емес мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шыгару; 3) иеліктен айыру (реквизиция); 4) тәркілеу; 5) жер телімін алып қоюга байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шыгару; 6) иесіз тұрган мәдени және тарихи құндылықтарды сатып алу; ҚР АК көзделген баска да жағдайлар (ҚР АК 249-бабының 2-тармағы).
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті ұстау ауыртпашылығын көтереді, яғни оны ұстау, жөндеу және қоргау бойынша, салыктарды төлеу бойынша, сонымен қатар тәуекелдіктер - мүліктің кездейсоқ құрып кетуі немесе кездейсоқ бүлінуі, меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріп алу талабын қоюға байланысты шығындарды көтереді және біржақты тәртіппен мұндай ауыртпашылықты үшінші бір тұлғаларга аудара алмайды.

Қолданыстағы заң меншіктің мемлекетгік және жеке формасын тең дәрежеде тануға (ҚР Конституциясының 6-бабы) негізделген. Мүліктін азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардын бірлестіктеріне тиесілі болуы жеке меншікте екенін білдіреді. Кез келген мүлік (заңға сәйкес мүліктің азаматтарга немссе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген түрлерін қоспа- ганда) жеке меншікте бола алады. Заң шығарушы жеке меншіктегі мүліктің қандай да бір сандық және құндық шектеулерін белгілей алмайды, өйткені мұндай мәселелерді меншік иелерінің өздері шешуге тиіс деп жорамалданады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді. Республикалык, меншік мемлекеттік қазынадан және заң актілеріне сәйкес мемлекеттік республикалык заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. ҚР мемлекеттік қазынасын респуб - ликалық бюджет қаражаттары, алтын-валюта және алмас қоры, табиғи ресурстар (жер, оның қойнаулары, өсімдік және жануарлар дүниелері, өзге де табиғат ресурстары) және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген басқадай мемлекеттік мүлік құрайды. Коммунал - дық меншік жергілікті қазынадан және заң актілеріне сәйкес комму - налдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті казынаны жергілікті бюджет қаражаттары және мемле - кеттік заңды тұлгаларга бекітіліп берілмеген басқадай коммуналдық меншік құрайды. Өз кезегінде, коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық (республикалык дәрежедегі қалалар, астаналар) және аудандық (облыстық дәрежедегі қалалар) деп болінеді.
Заттык кұқық жүйесіне томендегілер: 1) меншік кұқығы; 2) мен - шік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқыгы (оның ішінде: жер пайдалану құқығы; шаруашылық жүргізу құқығы; тікелей басқару құқыгы; ҚР АК немесе өзгедей заң актілерімен (мысалы, сервитут, жер қойнауын пайдалану кұқыгы және табиғат пайдаланудын басқадай кұқықтары, кепілдік кұкығы, ұстап калу құқығы және т.б.) көзделген басқадай заттық құқықтар) кіреді. Меншік иелері болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтарын басқадай бөтен затқа кұқық деп (өйткені олар тұлғаға бөтен мүлікті иелену, пайдалану және билеу кұқын береді) немесе шектеулі заттық құқық деп аталады (өйткені олардың мазмұны меншік кұықтарымен салыстыр- ғанда шектеулі болады), бірақ өзінің туынды сипатына қарамастан, меншік кұқықтары сияқты, олар да сондай құралдармен және тәсілдермен қорғалуға жатады.
Дәстүрлі түрде бұл тізілімнен меншік кұқығын мүшелей отырып, заттык құқықтың әртүрлі жіктеулері жүргізіледі, өйткені барлық калган заттык құкықтар, қалай болғанда да, содан туындайды. Заттык кұкыктардың ішінен бслгілі бір мулікке телінген (мысалы, жер телімінс) кұкықтарды және белгілі бір тұлғаға телінген (бөтен үйде өмір боны тұру кұқығы); көпшілік мүдделерде (көпшілік сервитуттар) белгіленген құқықтарды және жеке мүдделерде белгіленген жэне т.б. кұкықтарды боліп айтуға болады.1
Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті меншік иесі ретіндегі мемлекеттен алған және бұл мүлікті заң актілерімен белгіленген шектерде иелену, пайдалану және билеу құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттык кұқығы болып табылады (ҚР АК 196-бабы).
ҚР заңдарындағыдай, Украина заңдарында шаруашылык жүргізу кұқығы бастапкыда мемлекеттік кәсіпорындар құқығы деп кана түсінілді. Бұл құқықтық санаттың пайда болуы мемлекеттік меншік кұқын және оған бөлінген мүлікке қатысты мемлекеттік кәсіпорын құкығын ажырату қажеттілігінен туындады. Қазіргі кезде шаруашы - лык жүргізу субъектілерінің шеңбері оған кәсіпкерлік қызметтің барлық субъектілерін енгізу есебінен кеңейді. Сөйтіп, Украинаның Шаруашылық кодексінің 136-бабы 1-тармағына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығы оған меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган) бекітіп берген мүлікті иеленетін, пайдаланатын және билейтін (Шаруашылық кодексімен және басқадай заңдармен көзделген жағдайларда меншік иесінің келісімімен мүліктің жекелеген түрлерін билеу құзыретін шектей отырып) кәсіпкерлік субъектісінің заттық кұқығы болып табылады.
ҚР Азаматтық заңымен мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік құқықтарын іске асырудың айрықша шарттары белгіленген: мемле - кеттік кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқымен (егер заң актілерімен басқадай көзделмесе) меншік иесінің немесе ол өкілеттік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз төмендегілерді: иеліктен шығаруға немесе басқадай тәсілмен билеуге (заңмен көзделген жағдайлардан басқа), ұзақ мерзімді (үш жылдан артық) жалға беруге, өзіне тиесілі ғимаратты, құрылысты, жабдықтарды және кәсіпорынның негізгі құралдарын уақытша қайтарымсыз (тегін) пайдалануға беруге, филиалдар, өкілдіктер, еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкер- лермен бірігіп кәсіпорындар және бірлескен өндірістер құруға, оларға өзінің өндірістік және ақшалай капиталын салуға; өзіне тиесілі акцияларға, сонымен қатар дебигорлық берешектерге билік етуге; қарыз беруге; үшінші тұлғалардың міндсттері бойынша кепілгер болуға, немесс кепілдік беруге (ҚР АК 200-бабы) құқылы емес. Сөйтіп, заң шығарушы мемлекеттік кәсіпорынға шаруашылық басқару құқымен өзіне бекітіліп берілген, негізгі кұралдарға жатпайтын мүлікті өз еркінше билеу кұкын береді; ал негізгі құралдарға жатағын мүлікке келетін болсак, онда мемлекеттік кәсіпорын осы мүлікке және оған тиесілі акцияларға қатысты сату және сыйға тарту мәмілелерін жасауға құқылы емес.
Тікелей басқару қүқығы мекеменің, меншік иесі қаражаты есебінен каржыландырылатын мемлекеттік мекеменің және мүлікті меншік иесінен алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және билеу құқықтарын өз қызметінің мақсаттарына, меншік иесі тапсырмаларына, мүліктің қызметіне сай және заң актілерімен белгіленген шектерде жүзеге асыратын қазынашылық кәсіпорынның заттық құкы болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорынның заттық кұқығы болып табылатын шаруашылық жүргізу құқығынан айырмашылығы - мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар, сонымен қатар қазынашылық кәсіпо - рындар тікелей басқару құқығы субъектілері бола алады.
Украинаның Шаруашылық кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес, тікелей басқару құқы болып Шаруашылық кодексі және басқадай заңдармен белгіленген, сонымен қатар мүліктің меншік иесі (ол өкілеттік берген орган) белгілеген шектерде коммерциялық емес шаруашылық қызметін жүргізу үшін меншік иесі (ол өкілеттік берген орган) бекітіп берген мүлікті пайдаланатын және билейтін шаруашылық жүргізу субъектісінің заттық құкы танылады. Соңғы жағдайда мұндай тәсіл ауқымдырақ болып табылады, себебі қатысушылардың тізбесі жабық емес (ҚР заңындағыдай), ашык болып табылады, соны - мен коса ҚР заңынан айырмашылығы - мүлікті кызмет максаттарына және мүлік кызметіне (заңмен белгіленген шсктерден және меншік иесінің тапсырмаларынан басқа) сай пайдаланғанда, қосымша шектеулер көзделмеген.

2. Мүлік (түсінігі және қүрылымы)
Жоғарыда айтылып кеткендей, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс.
Заң әдебиетінде мүлік ұғымын анықтауда бірмагыналылық жок. Бүгінгі күні негізгі үш бағыт калыптасқан: 1) мүліктің материалдық түсінігі (мүлік деп белгілі бір тұлғаның меншік құқы немесе басқадай заттык құкы бар заттардың және мүліктік құқықтардың жиынтыгы ұғынылады); 2) мүліктің міндеттемелік түсінігі (мүлік деп затгар мен мүліктік құқықтар жиынтығы ұғынылады); мүліктің кең мағынадагы түсінігі (мүлік деп иеленушінің мүліктік жағдайын сипаттайтын заттардың, мүліктік құқыктар мен міндеттердің жиынтыгы ұғынылады).
Азаматтық заң азаматтық құқықтар нысандарын екі топқа бөледі. ҚР АК 115-бабына сәйкес, азаматтық құкықтар нысандары мыналар бола алады: 1) мүліктік игіліктер және құқықтар (заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы кағаздар, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық қызметтің нысандалган нәтижелері, фирмалык атаулар, тауар белгілері және бұйымдарды дараландырудың басқадай кұралдары, мүліктік құқықтар және басқадай мүлік); 2) жеке мүліктік емес игіліктер және құқықтар (өмір, денсаулык, тұлға мәртебесі, ар-ождан, құрметті есім, іскерлік бедел, жеке омірге колсұкпаушылық, жеке және отбасылық құпия, есімге берілетін құқык, авторлыққа берілетін құқык, шығармаға қолсұқпаушылыққа берілетін құкық және басқадай материалдық емес игіліктер мен кұқықтар). Оған коса мүлік түсінігі мүліктік игіліктер мен құқыктарды камтиды.
Сондықтан заң шыгарушы мүлік ұгымының кең түсініктемесін қабылдады, себебі ҚР азаматтық заңы мүліктің темендегідей құрылымын аныктап берді: заттар (ақша мен бағалы қағаздарды қосқанда); жұмыстар және қызметтер; зияткерлік меншік; мүліктік құқықтар (талап ету құқығы); міндеттер (борыштар). Бұл жерде мүлік санатының заңдық анықтамасы, бірінші кезекте, тәжірибе мүдделеріне жауап береді. Мұндай бағыт мүлік ұғымын түсіндіргенде карама- кайшылыққа тап болмауга мүмкіндік береді және азаматтық заңның нормаларын анық және дәл сақтауға себепші болады.
Мүлік көпжоспарлы ұғым ретінде: меншік құқығымен немесе бас - қадай заттық құқыкпен белгілі бір тұлгада бар заттар мен материалдык құндылыктар жиынтығын; заттарды немесе басқадай мүліктік қанағаттандыруларды (актив) басқа тұлғалардан алуга мүліктік құқык жиынтығын; заттардың, мүліктік құқықтар және иеленушінің мүліктік жағдайын сипаттайтын міндеттерді (актив және пассив) жан-жакгы құқықтық мирасқорлықты белгілеу үшін қолданылады.
Кәсіпкерлік қатынастар, мүліктік қатынастар бола отырып, заттық немесе міндеттемелік құқық катынастары да бола алады, нысандары ретінде заттар (материалдық дүние заттары), мүліктік кұқықтар мен міндеттер, әрекеттер (әрекетсіздіктер) қолданылады. Кәсіпкерлік мүліктік емес қатынастардың нысандары болып рухани шығармашылық өнімдері, мүліктік емес құқықтар мен міндеттер, әрекеттер (әрекеттердің нәтижелері) саналады.
Сонымен, мүліктің темендегідей түрлерін белуге болады: 1) зат - тар; 2) ақша; 3) бағалы қағаздар; 4) жұмыстардың нәтижелері; 5) қызметтер; 6) шығармашылық зияткерлік қызметтің нысандандырылған нәтижелері; 7) ақпарат; 8) мүліктік құқықтар.
3. Мүліктің жекелеген түрлерінің күкықтык режимі
Азаматтық кұқыктың ең көп тарагаи нысандарының қатарына заттар жатады. Заттар деп адамдарды қоріиаган сыртқы ортаның материалдық нэрселері түсініледі, оган қоса заттардың мәртебесі олардың пайдалы қасиеттерін тек адамдар түйсінетін және игеретін материаідық құндылықтарға ие. Әдетте, заттың мүлік ретіндегі мәнін ашатын белгілер деп төмендегілер аталады: 1) зат - адамның қажеттіліктерін қанагаттандыратын мүліктік игілік; 2) зат тұтынушылық және айырбас кұнына ие; 3) заттың көбінесе ақшалай кұны болады; 4) әдетте, зат айналымға қабілетті болуға тиіс.
Әлемде заттардың сан алуан түрлері бар және азаматтык құқық гылымында оларды жіктеудің әртүрлі тәсілдері қалыптасқан. Тіпті әуелі ертеримдік заңгерлер алгаш рет заттардың түрлерін саралауга әрекет жасаған және заттарды жылжитын (res mobiles) және жылжымайтын (res inmobiles), денелі (res corporales), денесіз (res incorporales) және басқадай деп бөлуді негіздеген. Бүгінгі күні ертеримдік заңгерлер ұсынған жіктеу өзінің өзектілігін жоғалткан жоқ және қазіргі заманғы құқықтық жүйелерде, әрине, белгілі бір толықтырулармен және нақтылаулармен қабылдануда.
Заттарды түрлерге белуге қатысты айтылган пікірлерді корытындылай келе, заттардың төмендегідей топтарын ажыратуга болады:
айналымға рұқсат етілген, айналымға шектеулі кабілетті және айналымнан шығарылған (ҚР АК 116-бабы);
жылжитын және жылжымайтын заттар (ҚР АК 117-бабы);
табиғаттан шыққан заттар және адам еңбегімен қүрылған заттар (1996 ж. қаңтардың 27-індегі № 2828-інші Жер қойнауы жоне жер қойнауын пайдалану туралы ҚР Заңының 1-бабы);
бөлінетін және бөлінбейтін заттар (ҚР АК 120-бабы);
басты заттар және керек-жарақтар (ҚР АК 122-бабы);
күрделі және қарапайым заттар (ҚР АК 121-бабы);
дара белгілі заттар және тектік белгілерімен айқындалатын заттар (ҚР АК 715-бабының 1-тармағы, ҚР АК 771-бабы);
тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар (ҚР АК 541-бабының 1-тармағы);
денелі және денесіз заттар;
10) жанды және жансыз заттар (ҚР АК 124-бабы).
Азаматтық кұқықтағы заттарды жіктеудің ең маңызды белгісі - олардын айналымға қабілеттілігі, я гни азаматтық айналым нысаны болу және өзінің меншік иелерін ауыстыру қабілегі болып табылады. Осы белгі бойынша барлық заттар үш топка болінеді: 1) айталымга рұңсат етілген заттар (иеліктен еркін шыға алатын немесе бір түлғадан екіншісіне жан-жакты кұкықтық мирасқорлык (заңды тұлға- ның мұрагерлігі, кайта кұрылуы) тәртібімен немесе басқа тәсілмен өте алатын заттар); 2) айналымда шектелген немесе айналымға шектеулі кабілетті заттар (айналымның белгілі бір катысушыларына жаткызыла алатын немесе айналымға құзырлы органдардың арнайы рұксатымен ғана жіберілетін заттар (мысалы, әскери атқыш кол қаруы және олардың патрондары - әзірлеу, ондіру, жондеу, сауда-саттық, сатып алу үшін лицензияның болуы қажет); 3) айналымнан алынып macталған, меншік иесі мемлекет болып табылатын заттар (мәмілелер жасайтын нәрселер бола және меншік иесін өзгерте алмайтын заттар. Оларға коптеген табиғи ресурстар (жер койнауы, су нысандары, ормандар және т.б. жатады). Мысалы, ҚР 2003 ж. шілденің 9-ындағы № 481-1 Су кодексінің 21-бабына сәйкес, су нысандарының айналымы, сондай-ақ су нысандарының және солар орналасқан жерлердің иелік - тен шығарылуына келтіретін сатып алу, сату, кепілдік және басқадай мәмілелер жасауға жол берілмейді).
Заттардың екінші жіктелуі азаматтық құкыктар нысандарының табиғи қасиеттерімен тығыз байланысты және заттарды жылжитын және жылжымайтын деп болуден корінеді. Жылжымайтын заттар, әдетте, бір жерде тұрақты орналасады, ауыстыруға келмейді және олардың өзіне тән белгілері бар, сол себепті жылжымайтын дүние- мүліктің көпшілігіне тән айрықша белгі олардың жермен үзілмейтін байланысы болып табылады.
ҚР АК-і жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын заттар, жылжы - майтын дүние-мүлік) мыналардың жатқызылатынын белгілейді: жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдык өсімдіктер және жермен тығыз байланысты баска да мүліктер, яғни орнын ауыстыру олардың атқаратын қызметіне олшеусіз шығын келтірмей мүмкін болмайтын нысандар (117-бап).
Жер және жер телімдері, жер қойнауы және жер қойнауы телімдері деген түсініктердің арақатынасына келетін болсақ, онда олардың арасындағы айырым былайша жүргізіледі: жер және жер қойнауы мемлекеттің меншігінде болады, ал жеке меншікке жер телімдері (немесе жердің бір бөлшектері) берілуі мүмкін болса, жср қойнауының телімдері (таудан болініп берілген телімдер) пайдалану максатында бсрілсді. Оның үстінс тек табиги күйіндегі пайдалы казбалар мемлекет меншігінде болады, егер оларға адамның еңбегі қолданылып, жер бетіне шығарылса, онда олар енді тауарға айналады және оларды шығарған адамның меншігі болып табылады (егер келісім талаптарымен (жер қойнауын пайдалану шарты бойынша) баскадай көзделмесе).
Жылжымайгын мүліктің құқықтық режимінің өзгешелігі жылжымайтын мүлікке берілетін қүқықтарды жэне олармен жасаіатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуде болып табылады. Мсмлекеттік тіркеуге мүлікке берілетін төмендегідей құқықтар жатады: 1) меншік кұқығы; 2) шаруашылық жүргізу құкыгы; 3) тікелей басқару құқығы; 4) бір жылдан аз емес мерзімге берілетін жерді пайдалану құқығы;
5) бір жылдан аз емес мерзімге басым жер телімі немесе басқадай жылжымайгын дүние-мүлік нысанының пайдасына сервитут. Басқа құқыктар құкық иеленушінің қалауы бойынша тіркеледі (2007 ж. шілденің 26-ындағы № 310-ӀӀӀ ҚРЗ Жылжымайтын мүлікке берілетін құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ҚР Заңы).
Мемлекеттік тіркелуге тиісті ауыртпалықтар катарына заң шығарушы мыналарды жатқызады: 1) бір жылдан кем емес мерзімге бері - летін пайдалану құқығы, оның ішінде жалдау, өтемсіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы асырап, қамқорлық жасау құқығы; 2) сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қамқоршы, жанашыр болу кезінде. мұрагерлік құқық қатынастарында, банкроттықта және т.б.; 3) кепілдік; 4) тыйым салу; 5) жылжымайтын мүлікті пайдалануға, билеуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға мемлекеттік органдардың өз құзыреттері шегінде шектеу қоюы (тыйым салуы); 6) басым мүдделерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікке ҚР заңдарымен көзделген басқадай құқық ауыртпашылықтары.
Құкықтарды (ауыртпашылықтарды) тіркеудің арнайы ережелері өздерінің табиғи қасиеттеріне байланысты жылжитын болып табылатын нысандарға белгіленген, бірақ заң шығарушы оларды жылжы - майтын мүлікке (әуе және теңіз кемелері, ішкі жүзу кемелері, жүзудің өзен-теңіз кемелері, ғарыштық нысандар) жатқызады. Атап айтқан- да, бұл нысандарга берілетін құқықтарды (ауыртпашылықтарды) тіркеу 2001 ж. желтоқсаннын 15-індегі № 271-ІІ Азаматтық авиацияны мем - лекеттік реттеу туралы ҚР Заңымен, ҚР 2002 ж. қаңтардың 17-індегі Теңізде жүзу сауда-саттығы туралы ҚР Заңымен және 2004 ж. шіл - денің 6-ындагы Ӏшкі су транспорты туралы ҚР Заңымен реттеледі.
Заттардың үшінші жіктелуі екі топты: 1) шьну тегі табиғи заттарды (кұндылықтар) және 2) азаматтық құқықтар ретінде көрінуге қабілетті, адам еңбегінен туған заттарды қамтиды. Қогамның сыртқы әлемі адам еңбегінің қолданылуына байланыссыз өмір сүретін материалдық құндылықтардан, сонымен қатар адам еңбегі пайдала- нылған загтардан тұрады. Алғашқы түріне жер, жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілімізге араб, парсы тілдерінен ертеректе енген сөздер бұған дәлел
Дебиторлық берешек есебі мен аудитін, талдауын жетілдіру жолдары
Ақша қаражаттарын басқару саясаты
ПАСКАЛЬ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Буынның сипаты
Меншік формалары
Инвестициялық жобаны қаржыландыру әдістері
Микропроцессорлар және үзілулер
«Шенгел и К» ЖШС
Ақшаның мақсаты маңызы
Пәндер