Бухгалтерлік есептің міндеті


Жоспар
I Кіріспе
Бухгалтерлік есептің міндеті
II Негізгі бөлім
а) Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның кұрлымы
ә) Бухгалтерлік баланстың түрлері
б) Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның кұрлымы
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметгің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бух-галтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оңжағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бүл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндетте-мелері, яғни осы үйымның басқа занды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке түлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл тендікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив - міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі үзақ мерзімді активтер және агымдагы активтер деп аталатын екі тараудан түрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі қүралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында үйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақша қаражаттары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше үзақмерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. ¥зақ мерзімд іміндеттемелер қатарына кәсіпорынның үзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында үйымның алдағы кезендерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жүмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі. Жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек болу үшін үлгі ретінде «ӨТЕГЕН» фирмасының 2006 жылғы 1 қаңтарға жасалған бухгалтерлік балансын қарастырайық.
«ӨТЕГЕН» фирмасынын 2006 жылдың 1 қаңтарына БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ (өлшем бірлігі мың тенге)
Осы жоғарыда келтірілген «ӨТЕГЕН» фирмасының бухгалтерлік балансынан көретініміз - бұл ұйымның активтері мен пассивтері 83000, 0 мың теңгеге тең. Мұндағы кәсіп орынның меншікті капиталы - 59000, 0 мың теңгені, ал міндеттемелері - 24000, 0 мың теңгені Құрайды. Жоғарыда берілген теңдіктің орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады.
актив = меншікті капитал + міндеттеме 83, 0 = 59, 0 + 24, 0
Біз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін қарастырдық. Кейбір Батыс елдерінде баланстағы тараулардың, баптардың орындары ауысып та келтірілуі мүмкін.
Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінің басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мен міндеттемелер баланстың сол жағында көрсетіліп (орналастырылып), оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына теңдік негізделген:
актив - міндеттеме = меншікті капитал
83, 0 - 24, 0 = 59, 0
Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге негізделген. Жоғарыдағы мысалымызға сәйкес баланстың бұл түрін құрастыратын болсақ, баланс кестесінің екі жағы да 59000, 0 мың теңгеге тең болады.
Бухгалтерлік баланстың түрлері
Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына (мерзіміне) және қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы уйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады . Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікгі капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды түлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.
Үйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали Әбдіманапов өзінің «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» атты еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л. А. Крятова мен Х. Х. Әргашев өздерінің «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» атты еңбегінде жойылу балансы үш кезеңнен түрады және оның біріншісі кәсіпорынның жабылуы алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын жұмысын тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бұл айтылғандарды талдай отырып, авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда аты аталған авторлардың қай қайсының да пікірлері дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.
Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
Кез келген кәсіпорынның мақсаты - пайда табу десек қателеспейміз. Ал пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәсіпорынның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома
өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив және пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше жүздеген операциялардын орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік есепте шаруашьшық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне қарай төрт түрге бөледі.
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бүл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешқандай өзгермейді.
Мысалы, кәсіпорьшның банктегі есеп айырысу шотынан жүмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төлеу ушін кассаға 500 (бес жүз) мың теңге алынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz