Криминалистикалық тактика білім жүйесінде. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКА БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕ . . . 5

1. 1. Криминалистикалық тактиканың жалпы түсінігі, ұғымы . . . 5

1. 2. Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері . . . 17

2. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІН ЖҮРГІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ . . . 21

2. 1. Оқиға болған жерді қарау тактикасы . . . 21

2. 2. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастан өзінің Егемендігін алып, Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемендік алған соң, Мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық бағыттарда біршама іс-шаралар орындала бастады. Осыған байланысты 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданылысқа енгізілді. Бұл кодекстер осы заманның талаптарына сәйкес жасалынып, қазіргі таңның талаптарына жауап берді.

Елбасымыздың, 6 ақпан 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, құқық қорғау және сот жүйесі саласында қазақстандықтардың құқықтарының әлі де болса тиімді қорғалуын қамтамасыз етуі турасында баса айтылып өтті.

Бұл бағыттағы іс - әрекет құқық бұзушылықтардың алдын алу болуға тиіс екендігін көрсетіп, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын әзірлеуді, оны Парламентке енгізу қажеттігін атап айтты. Жасалынатын шаралардың басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелерін арттыруы, яғни халыққа қызмет көрсетуі тиіс екендігін нақтылап көрсетті.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымды бағыттары ретінде ұлттық қауіпсіздік; ішкісаяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі белгіленіп, оларды жүзеге асыруда ішкі істер органдарына маңызды сенім білдірілген.

Республикамызда қылмыстылыққа қарсы қаншама іс-шаралар жүргізілгенменде жеке адамдарға қарсы қылмыстардың саны кемімей отыр. Оның ішінде атап өтетін болсақ, кісі өлтіру, денеге жарақаттар салу, зорлау және нәсіпқорлық сипаттағы қылмыстарға және т. б. көптеген қылмыстардың түрі.

Мұның ішінде менің назар аударғым келіп отырғаны кісі өлтіру қылмыстарын тергеу барысында оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін жүргізудің өзекті мәселелері. Яғни, тәжірибе көрсеткендей бұл қылмыстың түрлерін тергеу барысында оқиға болған жерді қарау маңызды рөл атқарады. Себебі ары қарай қылмыстардың нәтижелі аяқталынуы қылмыскердің тиісті жазасын алуы осы тергеу әрекетіне тікелей байланысты. Егерде кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп немесе үстірт жүргізілсе, оқиға орнында қылмыскер мен қалдырылған дәлелдемелік іздерді және басқа да айғақтарды табуға мүмкіндік болмайды.

Тәжірибе көрсеткендей, тергеушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі, оқиға болған жерде қарау тергеу әрекетін төменгі сапада жүргізуі қылмыскерлерді жауаптылықтан бой тасалап қашып кетуіне негізгі себеп болады. Сол себепті менің тақырыбымның өзектілігі, қылмыстар бойынша алдын ала тергеу болғанда ешқашандай маңыздылығын жоғалтпайды.

Тек қана кісі өлтіру қылмыстарын ғана емес сол сияқты басқа да қылмыстық істерді тергеу бойынша, бұл тергеу әрекетінің маңызы өте жоғары. Себебі қылмыскерлер қандай да бір қылмыстарды жасау бұрын алдын ала дайындық шараларын жүргізіп, қылмыс жасаған соң да іздерін жасырып кету әрекеттерін ойластырады. Дегенмен де тергеуші қылмыс орнында қылмыскер мен қалдырылған дәлелдемелік іздерді шебер түрде тауып, оны дәлелдеме ретінде қылмыскерді ұстап, табуда қолдана білуі қажет. қылмыстар қаншалықты ойластырылып, жоспарлы түрде жасалғанымен де міндетті түрде қылмыс орнында қандай да болмасын із қалдырылады. Мұндай оқиға орындарында тергеуші жедел тергеу тобын басқарып, қылмыс орнына тек қана тиісті тұлғалардың ғана кіруіне рұқсат беріп, шебер түрде басқара білуі тиіс. Оқиға орнына бөгде тұлғалардың кіруі ол қылмыс орнындағы дәлелдемелік іздері әкеп жоюға соқтырады.

Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшелігі бұл оқиға болған жер, яғни кісі мәйіті табылған жер осы оқиғаның орын алған немесе қылмыстың тікелей орны ма екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Себебі көптеген жағдайларда кісінің мәйіті табылған жер қылмыстың тікелей орны болып табылмайды. Осындай мәселелерді толық шешу үшін кісі мәйіті табылған жерді де қылмыстың тікелей жасалған орны ретінде мұқият және арнайы мамандардың көмегімен жүргізу қажет.

Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың тағы бір ерекшелігі оның қайталанбастығы, яғни қайта орнына келтіру мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Дегенмен де осыған қарамастан мұндай қылмыстың түрлері бойынша оқиға болған орындарына қайталап қараулар жүргізіледі. Мұндай қайта қараулар кезінде барлық оқиға жағдайлары күрделі өзгеріске түскен жағдайларды ұсынады. Сол себепті, қайта қарау нәтижелерімен бастапқы қарау нәтижелерін салыстыруға болмайды.

.

1. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКА БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕ

1. 1. Криминалистикалық тактиканың жалпы түсінігі, ұғымы

Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жургізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін колайлы, ұтымды тергеу әрекетінін нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстын ашылуына кедергі жасау үшін колданып отырған айла-әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау.

Криминалистика ғылымының тергеу үстінде әркилы ситуациялық жағдайларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді колдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.

Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз - тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы

Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.

Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды.

Криминалистикалық тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде колдану әдістері криминалистикалық тактикада қаралады. Сонымен катар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде колданылатын тәсілдер тергеліп жатқан кылмыстын түріне байланысты.

Криминалистикалық тактика бөліміне тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.

Криминалистикалық тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі - ол тактикалық әдіс.

Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына коятын негізгі мақсаты - тергеуді жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Қойылған максатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап түрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер колдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық әдіс дейміз. Әрине, ақылға салмайтындай кез келген әдістерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Тактикалық әдістерге қойылатын негізгі талаптар:

- оның заңға кайшы келмеуі, жеке адамның не заңды түлғалардын құқығын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы;

- тактикалық әдістің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психология, педагогика т. б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық әдістің ғылымилық кағидасы) .

Осы ай-тылғанды тұжырымдайтын болсак, тактикалық әдіс дегеніміз ол - заңға, этикалық талаптарға кайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс колданылады.

Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір тұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі арнайы кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.

Тактикалық әдістердің, олардың комбинациясының колданылуы тергеу ситуациясына байланысты. ондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистикалқ санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық.

Тергеу ситуациясы дегеніміз - тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмыстық іс жүргізу заңында керсетілген, сондықтан оларды тактикалық әдістер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол заңда көрсетілген ережелердің көбі тергеу тәжірибесінде пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде колданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда: объектілерді тану үшін көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу тәжірибесінде жауап алудың тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды.

Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер: танымдық, басқарушы, ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді.

Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистикалық, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолданылатын әдіс-айлаларды танымдық тактикалық әдістер дейміз.

Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалық әдістер дейді.

Мысалы, беттестіріп жауап алғанда, беттестіріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, оларды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы колданылады.

Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезендерінде туындаған ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін белгілі бір кезектілікпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын камтамасыз ететін тактикалық әдістер негізге алынады.

Мұнымен катар тергеу әрекеттерін жүргізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды және белгілі бір әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелілігін арттырады. Айтылған жұмыстарды бәрін бірімен-бірі жалғасып жатқан бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір ұғыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Ал кейінгі айтылғанды кейбір авторлар тактикалық не криминалистикалық операция дейді. Былайша карағанда, осы екі ұғымға да қолданылатын сөздер бірімен-бірі тепе-тең де емес, біріне-бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, кисындастыру, немесе қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз күрделі әрекет. Біздіңше тергеу үстінде жүргізілетін жүмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстарды тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз тергеу үстінде ситуацияға байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау ұшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі.

Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жүмыстардың жүргізілуімен сипатталады - тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі операцияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында калыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр козғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын аныктап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірак тергеуші өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың кызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау женінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда керсетіліп, бекітілген. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіндіктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырган кылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы кылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай кылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет - ол қылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану.

Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасыныц түсінігі - қылмыстық істі тергегенде бір-біріне әкімшілік түрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жүмыстары.

Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметгер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабыддауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ кұрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нактылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы қажет. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады.

Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның кызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.

Тергеу қарауы - кылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, құжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және қылмыстық істің мән-жайларын зерттеу мақсатында тергеушінің кез келген объектілерді тікелей кабылдауы мен зерттеуінен тұратын тергеу әрекеті.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау - қылмыс ізін, әзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.

Криминалистикалық оқулықта тергеу қарауының келесідей мақсаттары көрсетілген:

- тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы немесе кешенін тікелей зерттеу;

- оқиғаның, қылмыстың механизмі, жері орны, қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапқы ақпаратты алу;

- қылмыстың суымаған ізі бойынша қылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;

- тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;

- тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау.

Тергеу қарауының түрлерін әр түрлі негізер бойынша жіктеуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бойынша, көлемі бойынша.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері керсетілген:

-оқиға болған жерді;

- заттай дәлелдемелер;

- мәйіт;

- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін карау.

Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан қарау объектілеріне:

- үй-жайдағы оқиға болған жер;

- ашық жердегі оқиға болған жер;

- мәйіт;

- қылмыстың қаруы және құралы;

- құжаттар, фото, бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен қатар, пошта-телеграфты хат-хабар;

-жануарлар;

- көлік құралдары;

- компьютерлер; - сезіктінің, айыпталушыньщ, жәбірленушінің, куәгердің денесі.

Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі түрін ажырата-мыз:

- алғашқы;

- қайталама.

Қайталама қарауды жүргізу жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы карауды сапасыз жүргізу (қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, түнгі уақыт және т. б. ), кажетті техникалық құрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайталама қарауды жүргізу кажет екендігін көрсететін мәліметтердің алынуы, алғашқы карауды толық, егжей-тегжейлі жүргізілмесе және дұрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен қатар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нұсқауымен жүргізіледі.

Көлемі бойынша тергеу қарауы негізгі және қосымша деп бөлінеді. Алғашқы қарау көп жағдайда негізгі карау болып табылады. Сондыктан тергеуші қараудың жан-жақты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша қарау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы қажет. Бірақ кей жағдайларда қосымша қарау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі қарау кезінде жекеленген учаскелерге, объект элементтеріне карау жүргізілмеген жағдайларда.

Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуальдық және тактикалық талаптар қойылады.

Тергеу қарауы екі куәгердің міндетті қатысуымен жүргізіледі, ал оқиға болған жерді қарау кезінде өзге жағдайлар да болуы мүмкін.

Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, заң талаптарын мүлтіксіз орындайтын азаматтардың болуы қажет. Олардың міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куәландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, криминалист-маманның барлық әрекеттеріне бақылау жүргізуі керек.

Тергеуші қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен қатыстырта алады.

Қарауға сонымен катар, тергеуші мамандарды шақыра алады. Қаралатын объектінің түріне байланысты криминалист-маман, дәрігер (медицина кызметкері), экономист, инженер, химик және т. б. шақыртылады.

Тергеу ситуациясына, қаралатын объектіге байланысты участковый, патруль, жол полиция қызметкерлері карауға қатысады.

Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалық нұсқауларын ұсынады:

1) қараудың кейінге қалдырылмай, дер кезінде жүргізілуі;

2) мақсатты түрде жүргізілуі, қараудың барысы мен нәтижесіне талдау жасау;

3) криминалистикалык техника талаптары мен ережелерінің сақталуы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Мәйіт эксгумациясы (процессуалдық, ұйымдастырушылық және криминалистикалық мәселелері)
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Қылмыс. Криминалистика
Тонау қылмысының криминалистикалық техникалық-тактикалық әдістері
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Арам пиғылды қылмыстардың ішінде кең тарағаны ұрлықтар
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz