Криминалистикалық тіркеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТІРКЕУ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТІРКЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қылмыстылықпен күрес жүргізу мақсатында бұдан бұрын да біздің дәуірімізге дейінгі ұзақ жылдар бойы тіркеу әдістері қолданылған. Ол үшін әдетте мынандай екі түрлі әдіс қолданылды: таңбалау және мертіктіру – ол тану мен жазалау функцияларын қатарынан бір уақытта жүзеге асыру (б.д.д. II-ші ғасырдағы ежелгі үнді «Ману заңы» және ежелгі Вавилонның Хаммурапи заңы) әдісі. Қылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жазалау, олардың денесіндегі мертіккен жерлерін ғана сипаттап қоймай, сонымен қатар қанша қылмыс жасағандығын да айқын әшкерлеп көрсететіндей етіп таңбаланды. Таңбалау кезінде шартты белгілерді, әріптерді немесе толық бір сөзді адамның бетіне, болмаса денесінің басқа да бір мүше бөлшегіне күйдіре отырып басып түсірді. Таңбалау қылмыскерлерді ұстауға біршама көмегін тигізді, бірақ оның қайда, қашан және не үшін жазаланғандығын, сондай-ақ таңбасы арқылы оның жеке басын анықтауға мүмкіндіктер болмады. Англия мен Францияда «Идентификациялық салтанаттар» - деген атпен қамаудағы қылмыскерлердің ішінен полициялар бұрын көрген қылмыскерлерді тануға байланысты қараулар жүргізді.
Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізін ең алғашқы рет XIX ғ. аяғында 1882 ж. А. Бертильон қылмыскерлерді тіркеудің антропометриялық, ал В. Гершель, Г. Фулдс, Ф. Гальтон 1887-1891жж. дактилоскопиялық тіркеу әдісін енгізу арқылы қалыптастырған. Қазіргі уақытта да криминалистік оқулықтарда кездесетін тіркеудің алғашқы жүйесі «қылмыстық тіркеу» - деп кездейсоқ аталмаған. Бүгінгі таңда криминалистикалық тіркеу жүйесі шеңберінде тіркеудің сан-алуан түрлері қолданылады. Мысалы: алфавиттік, дактилоскопиялық және т.б. тіркеу түрлері.
1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. − Алматы: Баспа, 2001.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. − Алматы, 2001. − 693 б.
3 Белкин Р.С. Криминалистическая энциклопедия. − М. : Издательство БЕК, 1997. − 250 с.
4 Жәкішев Е. Криминалистік тактика. − Алматы: Жеті жарғы, 1997. − 250 б.
5 Мәжитов.Ш., Мұқашев.Б. Криминалистикалық техника. − Алматы, 1959. − 100 б.
6 Жәкішев.Е. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және методологиялық негізі. Алматы, Қазақ университеті, 1991. − 120 б.
7 Порубов.Н.И. Курс криминалистики. − Минск: Выш.шк.,2000. − 130 с.
8 Энциклопедия судебной экспертизы / под. ред. Аверьяновой. Т.В., Россинской. Е.Р. − М. : Юрист, 1999. − 700 с.
9 Крылов И.Ф. Криминалистика. − Ленинград, 1976. − 300 с.
10 Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных познаний для квалификации преступлений. − Алматы: «Жеті Жарғы», 1999. − 200 с.
11 Криминалистика / под ред. д-ра юрид. наук, проф. Образцова.В.А. − М. : Юрист, 1997. − 270 с.
12 Возгрин И.А. О структуре методик расследования отдельных видов преступлений (Вопросы теории и практики борьбы с преступностью. − Л., 1974. − 120 с.
13 Колесниченко А.Н. Общие положения методики расследования отдельных видов преступлений. − Харьков, 1976. − 220 с.
14 Тілеубергенов. Е. Криминалистика. − Алматы: «Дәнекер», 2002. − 146 б.
15 Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері. – Алматы: «Жеті Жарғы», 2004. − 256 б.
16 Яблоков Н.П. Криминалистика: учебник. − М. : «Лекс Эст», 2003. − 376 с.
17 Васильев А.Н. Следственная тактика. − М., 1976. −160 с.
18 Белкин Р.С. Курс криминалистики. − М., 1997. − Т.2. − 180 с.
19 Саханова Т.В. Судебная экспертиза. − М. : Городец, 2000. − 230 с.
20 Образцов В.А. Криминалистика: курс лекций. − М., 1996. − 208 с.
21 Буринский.Е.Ф. Құжаттардың сот сараптамасы, онқолдану мен жүзеге асыру. − СПб., 1903. − 2005 б.
22 Трегубов С.Н. Қылмыстық техниканың негізі. − СПб., 1915. − 260 б.
23 Бразоль Б.Л. Тергеу бөлімі бойынша очерктер. Тарих. Тәжірибе. − СПб., 1916. − 354 б.
24 Потапов С. М. Сот фотографиясы: оқу құралы. − Ресей, 1926. − 200 б.
25 Якимов. И.Н. Қылмыстық құралдармен тәсілдерді қолдану: Оқулық. − Ресей, 1925. − 300 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТІРКЕУ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5
0.1 Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТІРКЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... . .13
2.2 Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...27

КІРІСПЕ
Қылмыстылықпен күрес жүргізу мақсатында бұдан бұрын да біздің дәуірімізге дейінгі ұзақ жылдар бойы тіркеу әдістері қолданылған. Ол үшін әдетте мынандай екі түрлі әдіс қолданылды: таңбалау және мертіктіру - ол тану мен жазалау функцияларын қатарынан бір уақытта жүзеге асыру (б.д.д. II-ші ғасырдағы ежелгі үнді Ману заңы және ежелгі Вавилонның Хаммурапи заңы) әдісі. Қылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жазалау, олардың денесіндегі мертіккен жерлерін ғана сипаттап қоймай, сонымен қатар қанша қылмыс жасағандығын да айқын әшкерлеп көрсететіндей етіп таңбаланды. Таңбалау кезінде шартты белгілерді, әріптерді немесе толық бір сөзді адамның бетіне, болмаса денесінің басқа да бір мүше бөлшегіне күйдіре отырып басып түсірді. Таңбалау қылмыскерлерді ұстауға біршама көмегін тигізді, бірақ оның қайда, қашан және не үшін жазаланғандығын, сондай-ақ таңбасы арқылы оның жеке басын анықтауға мүмкіндіктер болмады. Англия мен Францияда Идентификациялық салтанаттар - деген атпен қамаудағы қылмыскерлердің ішінен полициялар бұрын көрген қылмыскерлерді тануға байланысты қараулар жүргізді.
Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізін ең алғашқы рет XIX ғ. аяғында 1882 ж. А. Бертильон қылмыскерлерді тіркеудің антропометриялық, ал В. Гершель, Г. Фулдс, Ф. Гальтон 1887-1891жж. дактилоскопиялық тіркеу әдісін енгізу арқылы қалыптастырған. Қазіргі уақытта да криминалистік оқулықтарда кездесетін тіркеудің алғашқы жүйесі қылмыстық тіркеу - деп кездейсоқ аталмаған. Бүгінгі таңда криминалистикалық тіркеу жүйесі шеңберінде тіркеудің сан-алуан түрлері қолданылады. Мысалы: алфавиттік, дактилоскопиялық және т.б. тіркеу түрлері.
Криминалистикалық тіркеу түрінен оның формасын ажырату қажет, яғни тіркелетін ақпараттарды жинау тәсілдері. Криминалистикалық ақпараттарды бекіту әдістері де әртүрлі: сипаттайтын, бейнелейтін, графикалық, коллекциялық болып келеді. Тәжірибеде тіркеу әдісінің мынандай аралас түрлері де жиі қолданылады: ұсыныстар-альбомдармен, карточкалармен; ал ақпаратты бекітудің суреттеу тәсілі-фототүсірілім, дактилоскопиялық карта және т.б. жасау арқылы үйлестіріледі.
Криминалистикалық тіркеуді оқып білудің негізі - бізді қоршаған әлемді, материалдық танымды, диалектикалық заңдар мен таным теориясын танып білуге неізделеді. Криминалистикалық тіркеудің дамуы - криминалистикалық идентификация теориясымен, іздердің пайда болу механизімі жөніндегі ілімдермен, және қылмысты жасау тәсілдерімен, дәлелдемелі ақпараттарды бекітумен табиғи байланыста болып табылады.
Криминалистикалық тіркеулер қылмыстық процесуалдық заңдарда тікелей қарастырылмаған. Бірақ та криминалистикалық тіркеуді жүргізу тәртіптері Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің талаптары негізінде анықталады. Олар Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің баптарында бекіту тәртібіне қатысты заттай дәлелдемелерді сақтау және алу; салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алу; маманды қатыстыру; сот сараптамасын тағайындау және жүргізу көрсетілген. Сонымен қатар, полиция мен жедел-іздестіру қызметі туралы нормативтік актілері де криминалистикалық тіркеудің құқықтық негізі болып табылады.
Тіркеудің материалдарын жинау процедуралары Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Бөлімінің заң актілерімен, Бас прокуратураның жеке бұйрықтары және инструкцияларымен белгіленеді.

1. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТІРКЕУ МАҢЫЗЫ
0.2 Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері

Қылмыстылықпен күрес жүргізу мақсатында бұдан бұрын да біздің дәуірімізге дейінгі ұзақ жылдар бойы тіркеу әдістері қолданылған. Ол үшін әдетте мынандай екі түрлі әдіс қолданылды: таңбалау және мертіктіру - ол тану мен жазалау функцияларын қатарынан бір уақытта жүзеге асыру (б.д.д. II-ші ғасырдағы ежелгі үнді Ману заңы және ежелгі Вавилонның Хаммурапи заңы) әдісі. Қылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жазалау, олардың денесіндегі мертіккен жерлерін ғана сипаттап қоймай, сонымен қатар қанша қылмыс жасағандығын да айқын әшкерлеп көрсететіндей етіп таңбаланды. Таңбалау кезінде шартты белгілерді, әріптерді немесе толық бір сөзді адамның бетіне, болмаса денесінің басқа да бір мүше бөлшегіне күйдіре отырып басып түсірді. Таңбалау қылмыскерлерді ұстауға біршама көмегін тигізді, бірақ оның қайда, қашан және не үшін жазаланғандығын, сондай-ақ таңбасы арқылы оның жеке басын анықтауға мүмкіндіктер болмады. Англия мен Францияда Идентификациялық салтанаттар - деген атпен қамаудағы қылмыскерлердің ішінен полициялар бұрын көрген қылмыскерлерді тануға байланысты қараулар жүргізді.
Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізін ең алғашқы рет XIX ғ. аяғында 1882 ж. А. Бертильон қылмыскерлерді тіркеудің антропометриялық, ал В. Гершель, Г. Фулдс, Ф. Гальтон 1887-1891жж. дактилоскопиялық тіркеу әдісін енгізу арқылы қалыптастырған. Қазіргі уақытта да криминалистік оқулықтарда кездесетін тіркеудің алғашқы жүйесі қылмыстық тіркеу - деп кездейсоқ аталмаған. Бүгінгі таңда криминалистикалық тіркеу жүйесі шеңберінде тіркеудің сан-алуан түрлері қолданылады. Мысалы: алфавиттік, дактилоскопиялық және т.б. тіркеу түрлері.
Криминалистикалық тіркеу түрінен оның формасын ажырату қажет, яғни тіркелетін ақпараттарды жинау тәсілдері. Криминалистикалық ақпараттарды бекіту әдістері де әртүрлі: сипаттайтын, бейнелейтін, графикалық, коллекциялық болып келеді. Тәжірибеде тіркеу әдісінің мынандай аралас түрлері де жиі қолданылады: ұсыныстар-альбомдармен, карточкалармен; ал ақпаратты бекітудің суреттеу тәсілі-фототүсірілім, дактилоскопиялық карта және т.б. жасау арқылы үйлестіріледі.
Криминалистикалық тіркеуді оқып білудің негізі - бізді қоршаған әлемді, материалдық танымды, диалектикалық заңдар мен таным теориясын танып білуге неізделеді. Криминалистикалық тіркеудің дамуы - криминалистикалық идентификация теориясымен, іздердің пайда болу механизімі жөніндегі ілімдермен, және қылмысты жасау тәсілдерімен, дәлелдемелі ақпараттарды бекітумен табиғи байланыста болып табылады.
Криминалистикалық тіркеулер қылмыстық процесуалдық заңдарда тікелей қарастырылмаған. Бірақ та криминалистикалық тіркеуді жүргізу тәртіптері Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің талаптары негізінде анықталады. Олар Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің баптарында бекіту тәртібіне қатысты заттай дәлелдемелерді сақтау және алу; салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алу; маманды қатыстыру; сот сараптамасын тағайындау және жүргізу көрсетілген. Сонымен қатар, полиция мен жедел-іздестіру қызметі туралы нормативтік актілері де криминалистикалық тіркеудің құқықтық негізі болып табылады.
Тіркеудің материалдарын жинау процедуралары Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Бөлімінің заң актілерімен, Бас прокуратураның жеке бұйрықтары және инструкцияларымен белгіленеді.
Жеке тұлғаларды тіркеудің негізіне төмендегілер жатады:
· қамауға алу сияқты шараларды қолдану туралы, сондай-ақ айыпкер ретінде қылмыстық іске тартуға байланысты прокурордың, тергеушінің немесе анықтама жүргізушінің шығарған қаулылары;
· соттың үкімі немесе шешімі;
· тұлғаларды іздестіруді жариялауға байланысты шығарылған қаулылар;
· сезіктіні ұстау хаттамасы.
Тергеу әрекетінің хаттамалары қылмыстық оқиғамен байланысты басқа да объектілерді тіркеудің заңды негізінің біріне жатады. Адамның сыртқы белгілерін сипаттаудың сілтемелері криминалистика ілімінде пайда болмас бұрын әдеби шығармалар-да кеңінен пайдаланған. Көбінесе адамды сипаттау барысында жазушылар белгілі жүйеге қарамастан, өздерінің қарапайым, күнделікті пайдаланып жүрген сипаттауды келістіріп жүзеге асырған.
Габитоскопия негізінде кылмыскерлердің бет әлпеті белгілері мен сыртқы пішінінің белгілерін сипаттау арқылы ұстауы көне заманнан бастап қолданған, бірақ, кеңінен тарамаған. Осы тұрғыда XVIII ғасырда Ұлыбритания мен Франция мемлекеттерінде бас бостандығынан айыру орындарында, сол мекеменің қызметкерлерінің бақылауымен кылмыскерлерді жабыктүрдегі шерулерін өткізу арқылы полиция агенттеріне қылмыскерлерді түр-әлпетін естеріне сақтап калуларына ықпалын тигізіп, сонымен қатар олардың арасынан бұрын сотты болғандарды айқындауға септігін тигізіп отырған. Себебі мекеменің күзетін қамтамасыз етіп отырған тұлғалар қылмыскерлердің бет әлпетін, жүріс-тұрысының белгілерін жаттап естеріне сақтап отырган. Ал криминалистика іліміне габитоскопия кейіннен XIX ғасырдың екінші жартысында, дәлірек айтқанда 80 жылдары белгілі Француз ғалымы Альфонс Бертильонның жасаған еңбектерінін нәтижесінде қылмыспен күресуші органдарында адамның сыртқы бетәлпетін сипаттаудың жүйесі пайда болды. Бұл жұмысы сөздік портретатауымен жарық көрді де, кейіннен фото-портретті идентификациялайтын сараптамаларда кеңінен қолданылды, сонымен қатар айта кететін бір мәселе бұл сөздік портрет жүйесін жедел-іздестіру барысында колданылуы.
Көптеген тергеулік және жедел іздестірушілік шараларды жүзеге асыру барысында, құқық органдарынан бой тасалап кеткен кылмыскерлерді, сонымен қатар жазасын өтеу жерлерінен кашып кеткен қылмыскерлерді іздеу мен ұстау барысында, тану үшін көрсету мен куәландыру, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіруді жүзеге асыруда, бастапқы ақпараттарды жинастыру барысында атқаратын қызметі өте зор.

Габитоскопия деген сөз латын және грек тілінің екі сөзінен құралған біріншісі - латын тіліндегі (габитус) сыртқы келбеті, ал екіншісі -- грек тіліндегі (скопия) қараймын деген екі сезден құралған. Осы жоғарыда көрсетілген жайттарды ескеріп, 2001 жылы жарық көрген Б.М. Нұрғалиев пен А.О. Шакеновтің Криминалистика атты оқу қүралында берген түсініктері бойынша криминалистикалық габитоскопия деп адамның сыртқы келбетініңтүрлі бейнеде суреттелініп қалу заңдылыктарын оқып-үйрететін және қылмыстың алдын алу, тергеу мақсаттарында сырт-келбет туралы мағлұматтарды пайдалану кезінде қолданатын техникалық кұралдар мен әдістерді дамытатын криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.
Негізінде криминалистикалык техниканың осы тарауына қатысты көптеген ғалымдардың жұмыстары бар, оларды атап кететін болсақ, олар: Р.А. Рейсс, В.А. Лебедьев, Н.С. Бокарин, С.М. Потапов, Н.В. Терзиев, Н.И. Якимов, А.А. Гусев, В.А. Снетков, З.И. Кирсанов, П.Г. Орлов, А.П. Пересункин, А.М. Зинин, И.Ф. Пантелеев, П.П. Цветков деген ғалымдарды атап кеткен жөн болар. Осы ғалымдардың жұмыстарына токтала келіп, криминалистикалық габитоскопияның келесі тұрғыдағы түсінігін беруге болады.
Адамның сырткы келбетінің әр түрлі көріністе сакталып қалу зандылыктарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу оның алдын алу максатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерттеу және пайдалану әдістері мен техникалық криминалистік тәсілдерді кұрастырушы криминалистикалык техниканың саласы.
Криминалистикалық габитоскопия дегеніміз, бұл -- қылмыстарды алдын алуда, ашуда және тергеуде маңызы бар ақиқатты айқындау үшін белгілерді қолдануына мүмкіндік беретін әдістеме ретінде адамның сыртқы келбетінің материалдық және идеалды бейнелері туралы ілім бола тура, кршиналистикалық техника тарауының бір саласы болып табылады. Антропологиялық жалпы және сот медицинасының, адамның морфологиялық, криминалистикалық техниканың дамып, жетілуімен сот фотосурет-еуі мен тергеулік, жедел-іздестірушілік және сараптамалық тәжірибенің жетілуінің нәтижесінде криминалистикада габитоскопия ілімі туралы оқу пайда болды десе де болады. Криминалистикалық габитоскопияның негізіне: адамның ажары, бейнесі, жүзі, көркі, көрінісі, нұсқасы, рабайы, сұры, тұрпаты, шырайы, әлпеті, өңі, өн-түсі, үсті-басы кіреді. Осы сипаттың барлығын бір сөзбен айтқанда адамның бет-әлпеті кіреді десек қателеспейміз.

Криминалистикалық габитоскопияның затына келесілер кіреді:
- адамның сыртқы келбеті туралы криминалистикалык ілімнің түсінігі, оның қасиеттерін, белгілерін және элементтерінің жайттары туралы мағлұматтарды толығымен оқып үйрету;
- адамның сыртқы келбетінің түрлі бейнеде суреттелініп қалуының зандылықтарын окытып үйрету;
- адамның сыртқы келбеті туралы мағлұматтарды жинау, айқындау зерттеу және қолданудың жалпы заңдылықтарын, қажетті әдістер мен құралдарды пайдалану негізіндегі жайттары туралы мағлұматтарды толығымен окып үйрету;
- криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін адамның бас сүйек қалдықтары бойынша алғашкы келбетін қалпына келтіру.
Ғылыми-техниканың ұдайы ілгері жылжуына байланысты криминалистикалық габитоскопияға қатысты адамның бет әлпетін қылмыстарды тергеу, ашу, оларды алдына алу барысында қолданылатын техникалық құралдар және ол белгілерді дұрыс пайдаланудың тактикалық тәсілдері өзгертіліп, жетілдіріліп және оларды колдану өрісі ұлғайып отырды. Осы себептер қылмыстарды тіркеудің жаңаланған тұр-әлпетті сипаттайтын тәсілінің жүйесінің пайда болуына әкеліп соқтырды. Соттық фотосуреттеуді пайда болуына байланысты қылмыскерлердің сыртқы келбетін сипаттаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болып, оларды суретке түсірумен қатар бет әлпетін сипаттау әрекеттері бірдей жүзеге асырылып отырылды. Кейіннен криминалисти-калық мақсаттарда адамдардың сыртқы келбетін сипаттаудың және фотосуреттік бекітудің катаң ережелері пайда болып, портреттік сараптама және адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін қалпына келтірудің ғылыми негізделген әдістемесі қалыптасқан. Адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін калпына келтірудің ғылыми негізінін әдістемесін Ресейде атақты орыс ғалымы Герасимов іске асырған.
Криминалистикалык тұрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілерін пайдалану, кылмыстарды ашу мен тергеу барысы бағыттарының басқа да мүмкіндіктерін кәрсетеді. Атап айтқанда бұл криминалистикалық түрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілері келесі міндеттерді шешу үшін қажет:
а) қылмыс субъектілерінің жеке басын тексеру мен куәландыруда;
ә) қылмыстық істің ашылуы мен тергеуіне байланысты сол іс бойынша мүдделі және мүдделі емес тұлғалармен танысу үшін;
б) қылмыс жасап, сот және қалмыстық із кесу органдарынан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардын іздеуін ұйымдастыру барысында жеке басы анықталмаған мәйіттердің табылғанында;
в) жазасын етеу жерінен қашкан қылмыскер тұлғаларды іздеуге (жергілікті, республикалык және ТМД-лық іздеуге) жариялауда және іздестіру кестесін толтыру барысында;
г) мәйіттер мен адамдарды тану үшін көрсету барысында;
д) куәлардың, қылмыс оқиғасын ез көзімен керген тұлғалардың, жәбірленушілердің айтуы бойынша жеке басы анықталмаған қылмыскерлердің қиысты (композициялық) суреттерін салу үшін;
е) криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін қолданып жүргізілетін сараптамаларды жүргізу барысында;
ж) сүйек калдықтары (бас сүйек) бойынша мәйіттің жеке басын анықтау үшін тірі күйіндегі калпына келтіру (реконструкциялау) барысында.
Габитоскопия криминалистикалық ілім ретінде адамның сыртқы келбетінің қалыптасуы заңдылыктарын айкындайды, сол адам келбетінің элементтері мен белгілерін жүйелендіреді, қылмысты жасауға катысы бар немесе хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіру, анықтау мен идентификациялау үшін адамның сыртқы келбеті туралы мәліметтерді жинау мен пайдалану кұралдары мен тәсілдерін даярлайды.
Адамның сыртқы келбетінің белгілері, сол тұлғаның барлык өмір сүру барысында аса қатты өзгерістерге ұшырамай, тұрақты болып отырады. Негізінде бұл тұжырымды жоғарыда атап кеткен Француз ғалымы А.Бертельен: адамның антропологиялық белгілері бойынша тіркеуді жүргізу қажет,- деген. Дегенмен бұл аталып отырылған белгілер өзгеріске ұшырайтыны айқындалынған. Негізінде адамның дене бітімі 25 жасқа дейін өзгеріске ұшырап дене бітімі калыптасады. Сол мезеттен бастап адамның сырқы келбеті өзгеріске ұшырамайды.
Адамньщ келбетінің даралығы, өзгеріске ұшырамауы және тұрақтылығы, ақпараттар көздерін жинактау барысында материалды (объективті) және идеалды (субъективті) келбетінің белгілері арқылы кайта калпына келтіруге мүмкіндік тудырып, оның маңызы өте зор болады.

2.КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТІРКЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Алынып отырған объектілердің ерекшелігі мен оларды тіркеу кезінде сипаттайтын белгілеріне байланысты - тіркеу: жедел-анықтамалық, жедел-іздестірудегі - деп бөлінеді. Осы түрлердің барлығын криминалистикалық деп атауға болады.
Жедел-анықтамалық тіркеу негізіне - адамдардың, заттар мен бұйымдардың белгілерін көру арқылы қабылдап бекітуді жатқызамыз. Мысалы, бейне және дыбыс жазба аппаратуралары, шығарылған уақыты, орны, қай заводта дайындалғандығы көрсетілген нөмірі мен белгісі бар сағаттар және сол сияқты басқа да бұйымдар. Мұндай тіркеу объектілерінің белгілеріне тергеушілер мен жедел орган қызметкерлері сипаттама береді (объектілердің ақпараттық белгілерін арнайы зерттеу немесе сараптама жүргізу жолымен анықталған кездегі криминалистикалық тіркеуді қоспағанда).
Жедел-іздестірудегі кейбір тіркеу объектілері әртүрлі категориядағы заттар мен тұлғаларды іздестіру мәселесін арнайы қамтамасыз ету мақсатындағы криминалистикалық тіркеуге де қатысты болып табылуы мүмкін. Осы объектілер қылмысты тергеу мен ашуға ерекше қызмет көрсетеді. Бұл жерде тергеуден және соттан бой тасалап жүрген тұлғалар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдар, танылмаған мәйіттер; нөмірленген заттар және т.б. осы сияқты объектілер жөнінде сөз болып отыр. Жоғарыда көрсетілген әртүрлі белгілеріне байланысты бұл объектілердің бір бөлігін криминалистикалық, ал бір бөлігін жедел-анықтамалық тіркеуге жатқызамыз.
Анықтамалық-көмекші тіркеуге: қылмыстық оқиға мен тергеуге себепті байланысы жоқ объектілер жатады; ал тіркемелік белгілері көріп қабылдау арқылы, болмаса арнайы зерттеулер жүргізу көмегімен анықталады. Бұл тіркеудің түрі сараптамалық мекемелерде жүргізіледі.
Орталықтандыру деңгейіне байланысты тіркеу жергілікті, аймақтық және орталық (центральный) болып бөлінеді.
Жергілікті тіркеуді - Ішкі істер министрлігінің аудандық бөлімдерінің криминалистикалық бөлімдері жүргізеді.
Аймақтық тіркеуді - қалалық және облыстық ішкі істер бөлімдерінің криминалистикалық бөлімдері және құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады.
Орталық тіркеуді - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады. Бұлардың көпшілігі жергілікті орталықтандырылған болып табылады және де көрсетілген барлық деңгейді қамтамасыз етеді.

2.1 Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
Криминалистикалық тіркеуге келесідей объектілер алынады: белгісіз қылмыскерлер - жазадан бас тартып тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрген; қамауға алынған айыпкерлер; қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар; қылмыс жасаған, бірақ қоғамдық ықпал немесе жағдайдың өзгеруі бойынша шаралар қолдануға байланысты қылмыстық жазадан босатылған тұлғалар; сотталған адамдар; хабар-ошарсыз кеткен тұлғалар; өзі жөнінде мәліметтер беруге жағдайы жоқ, балалар және қарттар үйіндегі, емдеу мекемелеріндегі науқас адамдар; танылмаған мәйіттер, қылмыс салдарынан және аяқ асты қайтыс болған тұлғалар; ұрланған, жоғалған, алынған және өз еркімен өткізілген атыс қарулары; ашылмаған қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерден табылған қару-жарақтар, патрондар, оқтар, бытыралар, гильзалар; ұрланған және іздестірілмеген, сондай-ақ ұсталған тұлғалардан алынған заттар; қылмыспен байланысты нөмірленген заттар (фотоаппараттар, бейнекамералар, сағаттар, ұялы телефондар және т.б.); анықталмаған автомотокөлік құралдары; жалған ақшалар; баспаханалық әдіспен, компьютерлік және басқа да көбейткіш құралдарымен жасалған жалған құжаттар (диплом және т.б.); есірткі немесе күшті әсер ететін емдеу дәрілерін алу үшін жасалған жалған рецептер; жасырынудағы қылмыскерлерге тиесілі күші жойылған, ұрланған құжаттар; оқиға болған жерден алынған иіс іздері; ұрланған және іздестірудегі, болмаса қылмыскерлерден алынған, сондай-ақ қаңғып жүрген малдар (пригульный скот); ашылмаған қылмыстар бойынша оқиға болған жерден табылған қол іздері; осындай істер бойынша табылған бұзу құралдары мен қарулардың іздері; теміржол көліктеріндегі жүктер мен заттарды ұрлау фактілері; ашылмай қалған қылмыстарды жасау әдістері және басқалары.
Криминалистикалық тіркеу жүргізу кезіндегі бекітудің негізгі әдістеріне - ауызша суреттеу, фотосуретке түсіру және дактилокөшірілімдерді жасау жатады. Соңғысы тіркелетін тұлғалардың қол саусақтарының бедер іздерін алу арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу ақпараттарын сақтау үшін қолданылатын әдісіне байланысты - картотекалар, фотоальбомдар, іздердің коллекциялары пайдаланылады.
Қазіргі кезде тәжірибеде қылмыстық тіркеуге электронды-анықтауыш техникалары да қолданылады. Оны пайдалану кезінде тіркемелік мәліметтер белгілі бір кодпен жазылады және олар компьютерге енгізіледі.
Тіркеу бойынша тексеру кезінде негізінен мынандай мән-жайлар анықталады. Криминалистикалық тіркеудің міндеттеріне келесілер жатады:
а) көрсетіліп отырған тұлға тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса, оның жеке басын (тұрғылықты мекен-жайы, бұрын сотталғандығын, қылмыс жасау түрі мен әдісін, жазасын өтеу мерзімі мен орнын, ісі қысқартылғандығын, іздестіруде жүргендігін, қайыр тілеу мен босқындап жүргендігі үшін ұсталғандығын, сыртқы белгілерін, шұғылданған кәсібін, басқа да бейімділігін, мысалы: есірткіге немесе ішімдікке) сипаттайтын мәліметтер;
ә) қандай да бір тәсілмен жасалған, ашылмаған қылмыс ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; сезікті туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;
б) атыс қаруы кімнің атынан тіркелген; ол ұрланған емес пе; қылмысты жасау кезінде пайдаланылған жоқ па;
в) бұл қарудан атылған оқ және табылған гильза немесе патрондар тіркеуде тұрған жоқ па; олар қашан, қайдан және кімнен алынды;
г) осы адаммен қалдырылған және ұсынылып отырған қол саусақтарының іздері тіркеуде тұрған жоқ па; бұл адам туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;
д) танылмаған мәйіт тіркеуде тұрған жоқ па, хабар-ошарсыз кеткен тұлғамен кімнің және қандай адамның сыртқы бейнесі ұқсас;
е) осындай әдіспен жасалған және ұсынылып отырған жалған ақша белгілері тіркеуде тұрған жоқ па; оларды жасаушылар туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;
ж) автомотокөлік құралының нақты иесі кім; ол қандай да бір жол-көлік оқиғасына қатысы жоқ қожайынсыз, иесіз емес пе;
з) көлік құралының техникалық құжаты ұрланды деп тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса ол кімнің атынан тіркеуде тұр, ұрлыққа қатысты қандай мән-жайлар бар;
и) қандай да бір жүргізуші жол-көлік оқиғасына қатысты емес пе, әкімшілік жауаптылыққа тартылған жоқ па;
к) белгілі бір куәлік ұрланған куәлік ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; бұл куәліктің иесі іздестірілген жоқ па;
л) мұндай баспаханалық құжат немесе осы әдіс бойынша есірткі заттарын алу үшін жасалған рецепт тіркеуде тұрған жоқ па; осындай құжаттарды жасайтын нақты тұлғалар туралы мәліметтер бар ма;
м) белгілі бір нөмірленген зат немесе оның бөлшегі (бейнекамера, фотоаппарат, ұялы телефон, автокөлік двигателі және т.б.) тіркеуде тұрған жоқ па; оның иесі жайлы қандайда бір мәліметтер бар ма;
н) қандайда бір сыртқы белгілері бойынша жеке басы анықталмаған адам науқас ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; қандайда бір белгілері бойынша жеке басы анықталмаған науқас тұлға хабар - ошарсыз кеткендер қатарында тіркеуде тұрған жоқ па; бұл жеке басы анықталмаған тұлға кім (оның қол саусақтарының іздері дактилоскопиялық картотекаларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстарды ашуда және тергеуде ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Қылмыстарды криминалістік тіркеу және есепке алу
Анатомиялық элементтер мен белгілер
Криминалистика
Қылмыс. Криминалистика
Ұрлықты тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелері
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Криминалистикалық портреттiк зерттеудің және сараптаманың негiзi. Адамның сыртқы бейнесi туралы ақпаратты жинау оны қолдану
Тергеу қарауы, эксгумация, куәландыру
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Пәндер