Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Криминалистиканың басқа ғылыми пәндермен байланысы ... ... ... ... ... ... ... .5
2. КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ПӘНДІК ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1 Криминалистиканың жалпы түсінігі, ұғымы,міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2 Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... 12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Елімізде әлеуметтік және экономикалық қатынастарға өзгерістер еніп, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері іздестіріліп, оларды іс жүзінде толық пайдалануға қызу кірісіп жатқан қазіргі мезгілде, құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінен криминалистика жетістіктерін қылмыспен күресте кеңінен қолдануын талап етеді.
Қылмысты ашу, тергеу және алдые алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандары дайындау жауапты іс. Олар материалдық бейнеленген іздерді, заттар іздерін, құралдар іздерін анықтауды, бекітуді, алуды және сақтауды қамтамасыз етіп, тергеу мүмкіндігін анағұрлым кеңейтеді. Қазіргі тергеуші қылмыспен күресті табысты жүргізу үшін «қылмыстың сөзсіз куәларын» тез тауып «сөйлете» білуі керек. Бұл іспен айналысатын бірден-бір ғылым ол-криминалистика. Сондықтан, жоғары заң оқу орындарында криминалистика пәні негізгі кәсіби пәндердің бірі болып саналады.
Егемендік алған елімізде ана тілінде дайындалатын болашақ заңгкерлердің саны көбейіп, тергеуде мемлекеттік тілде жүргізілетін қылмыстық істер саны да өсуде. Аталмыш оқу-әдістемелік құралына М.А. Арыстанбеков, А.Ф.Аубакиров, Р.С. Белкин, А.Я.Гинзбург, С.Е. Еркенов, Е.Ғ.Жәкішев, Ә.А.Исаев, М.Ч.Когамов, Б.М. Нұрғалиев, А.Г.Филиппов, К.Н. Шакиров, А.О. Шакенов тәрізді әйгілі ғалым-криминалистердің көзқарастары орын тепкен оқулықтар мен оқу құралдарындағы бүгінгі күннің талабына сай ақпараттары, сондай-ақ криминалистика ғылымының негізін қалаушы мағлұматтары сұлбалық нысанда енгізілген. Білім алу барысында ақпараттарды көрнекі түрде беру-криминалистиканың қылмыспен күрестегі мағынасы мен алатын орнын нақтырақ көрсету үшін қажет.
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.

1. Абдиров Н.М. «Концептуальные проблемы борьбы с наркотизмом в Республике Казахстан», Алматы 1999г.
2. Абдиров Н.М. «Борьба с наркобизнесом в современных условиях (уголовно-правовой аспект)», Караганда 1996г.
3. Аверьянова Т.В, Белкин Р.С. «Криминалистическое обеспечение деятельности криминальной милиции и органов предварительного расследования», Москва 1997г.
4. Белкин Р.С. «Курс криминалистики»,Москва 1997г.
5. Белкин Р.С., Винберг А.И. «Криминалистика и доказывание», Москва 1969 г.
6. Боголюбова Т.А. «Особенности методики расследования преступлений, связанных с нарушением установленных правил обращения с наркотическими средствами»/Теория криминалистики и методика расследования преступлений/ сб. науч. тр. Москва 1990 г.
7. Брылеев И. «Некоторые проблемы раскрытия, расследования и предупреждения преступлений в сфере наркобизнеса», Екатеринбург 1994г.;
8. Бурданова В.С. «Расследование уголовных дел о преступлениях, связанных с незаконным оборотом наркотических средств в правовом пространстве СНГ», Санкт-Петербург 1993 г.
9.Виницкий Л.В. «Теория и практика освидетельствования на предварительном следствии», Караганда 1982 г.
10. Драган Г.Н, Калачев Б.Ф. «Наркомания и наркобизнес: выявление и пресечение незаконного оборота наркотических средств и психотропных веществ», Москва 1998 г.
11. Жәкішев Е.Г. Криминалистік тактика, Алматы, 1997
12.Закатов А.А, Цветков С.Я. «Тактика допроса при расследовании преступлений, совершаемых организованными преступными группами», Москва 1996 г.
13.Коханов В.А., Сивачев А.В. «Особенности расследования преступных действий с наркотическими средствами», Москва 1989 г.
14.Меретуков Л.М. «Криминалистические проблемы борьбы с наркобизнесом организованных преступных групп», Москва 1995г.;
15.«Назначение и организация производства криминалистических экспертиз наркотических средств кустарного или самопального изготовления»/Методические рекомендации Министерства Юстиции СССР и МВД СССР/, Москва 1987 г.;
16.Николаева Л.П. «О некоторых особенностях проведения обыска у изготовителей и сбытчиков наркотиков», Москва 1982 г.;
17.Осиное А.Ф. «Вопросы соотношения уголовно-процессуальной и ореративно-розыскной деятельности», Москва 1976г.;
18.Пономарев П.Г. «Наркомания и наркобизнес, выявление и пресечение незаконного оборота наркотических средств и психотропных веществ», Москва 1998 г.;
19.Порубов А.И., Ягош Г.А. «Расследование преступлений, связанных с употреблением наркотиков», Минск 1988 г.;
20.Порубов А.И., Солонец С.А. «Эффективность осмотра места происшествия и его роль в раскрытии и расследовании преступлений, связанных с незаконным оборотом наркотиков», Минск 1989 г.;
21.Семкин Е.П., Савенко В.Г. «Количественный анализ наркотиков растительного происхождения», Москва 1987г.;
22.Сергеев А.Н. «Организационно-правовые основы борьбы с незаконным оборотом наркотиков в зарубежных странах», /учеб.пос./, Москва
23.«Справочник и методические рекомендации работнику, ведущему борьбу с наркотизмом», Алма-Ата 1992 г.;
24.Сухов С.В. «Организация и методика расследования хищений наркотических средств, совершенных работниками медицинских учреждений», Москва 1997 г.;
25.Шурухнов Н.Г. «Расследование незаконного оборота наркотических средств», Москва 1990г.;
26.Юбко Ю.М. «Участие специалиста-криминалиста при расследовании преступлений»,/сб. науч. тр./, Волгоград 1989 г.;

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Криминалистиканың басқа ғылыми пәндермен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ...5
2. КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ПӘНДІК ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
0.1 Криминалистиканың жалпы түсінігі, ұғымы,міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2 Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ...12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...26
КІРІСПЕ
Елімізде әлеуметтік және экономикалық қатынастарға өзгерістер еніп, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері іздестіріліп, оларды іс жүзінде толық пайдалануға қызу кірісіп жатқан қазіргі мезгілде, құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінен криминалистика жетістіктерін қылмыспен күресте кеңінен қолдануын талап етеді.
Қылмысты ашу, тергеу және алдые алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандары дайындау жауапты іс. Олар материалдық бейнеленген іздерді, заттар іздерін, құралдар іздерін анықтауды, бекітуді, алуды және сақтауды қамтамасыз етіп, тергеу мүмкіндігін анағұрлым кеңейтеді. Қазіргі тергеуші қылмыспен күресті табысты жүргізу үшін қылмыстың сөзсіз куәларын тез тауып сөйлете білуі керек. Бұл іспен айналысатын бірден-бір ғылым ол-криминалистика. Сондықтан, жоғары заң оқу орындарында криминалистика пәні негізгі кәсіби пәндердің бірі болып саналады.
Егемендік алған елімізде ана тілінде дайындалатын болашақ заңгкерлердің саны көбейіп, тергеуде мемлекеттік тілде жүргізілетін қылмыстық істер саны да өсуде. Аталмыш оқу-әдістемелік құралына М.А. Арыстанбеков, А.Ф.Аубакиров, Р.С. Белкин, А.Я.Гинзбург, С.Е. Еркенов, Е.Ғ.Жәкішев, Ә.А.Исаев, М.Ч.Когамов, Б.М. Нұрғалиев, А.Г.Филиппов, К.Н. Шакиров, А.О. Шакенов тәрізді әйгілі ғалым-криминалистердің көзқарастары орын тепкен оқулықтар мен оқу құралдарындағы бүгінгі күннің талабына сай ақпараттары, сондай-ақ криминалистика ғылымының негізін қалаушы мағлұматтары сұлбалық нысанда енгізілген. Білім алу барысында ақпараттарды көрнекі түрде беру-криминалистиканың қылмыспен күрестегі мағынасы мен алатын орнын нақтырақ көрсету үшін қажет.
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.
Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.
Криминалистика зерттейтін қылмыс тетігі деген ұғым бар-ол күрделі динамикалық жүйе болып саналады. Бұл жүйе қылмыстық әрекет затынан; қылмыс субъектісінен және оның өз іс-қимылымен, өзге қатысушы субъектілерімен қатынасынан; қылмыс жасауға дайындалу, оны іске асыру және жасыру жолдарынан; қылмыстық нәтижеден; қылмыс жағдайларынан (уақыты, орны, жағдайы және с.с.) және басқалардан тұрады.
Бірінші рет "Криминалистика" деген сөзді 21 ғасырда Австриялық ғалым Ганс Гросс пайдаланған, яғни "қылмыстарды ашатын ғылым" деген. Кримимналистика пәні қылмыстармен күресу проблемасын шешуде үлкен роль атқарады. Криминалистика айғақтарды, айғақ заттарды, дәлелді жинау, зерттеп баға беру, оларды пайдалану және қылмыстардың алдын алу туралы ғылым.Криминалистика дегеніміз- қылмысты жасау әдістері туралы, тергеуді жүргізу техникасы, тактикасы және методикасы туралы ғылым.Қылмыстарды тергеудің құқықты негізіне- қылмыстық процессуалдық құқықтардың нормасына жатады. Қылмыстың жеке түрлерінде болатын себептері мен жағдайларын анықтап, оларды болдырмайтын шаралар қолданған криминалистика қылмыстылықта қалай тергеу жүргізуді үйретсе, криминоглогия пәні қылмыстылықты қалай болдырмастын, алдын алуды үйретеді.Криминалистика философиямен, этикамен де тығыз байланысты. Психология, логика, физика, химия, математика, биология, тарихпен- басқа ғылымдармен. Құқықтық пәндермен- азамттық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, сот медицина, сот экспертология, криминология,жедел іздестіру қызметі.
1.КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Криминалистиканың басқа ғылыми пәндермен байланысы
Қандай да болмасын ғылыммен танысқанда, білген оның тарихы, пайда болу мен даму сатыларын білген жөн.
XIX ғасырда Еуропа мен Америка елдерінде ғылым мен техниканың айқын дамуы кәсіби ұйымдасқан қылмыстардың көбеюіне, ал ол өз кезегінде техника мен байланыстың жаңа құралдарының пайда болуына ықпал жасады. Мемлекеттердің жазалау органдарының бұрынғы пайдаланып келген құралдары мен әдістері енді қылмыстардың күрделі түрімен күресте дәрменсіз болып қалды. Бұл XIX ғасырдың соңына қарай жаңа ғылым саласы-криминалистиканың қалыптасуына себепші болды
Жаңа ғылымның іргетасын қалаған бірнеше ғалымдар ішінде алғашқысы Франция ғалымы Альфонос Бертильон болды. Ол криминалистік тіркеудің, антропометриялық әдісін, сигналетикалық фотосурет негізін, оқиға болған жердегі метрикалық фотосуретке түсіруді, сөзбен айтқан бейнені шығаруды қалыптастырды.
1882 жылы австрия сот тергеушісі Ганс Гросстың Криминалистика жүйе ретінде сот тергеушілеріне жетекші құрал атты жұмысы жарық көрді. Бұл еңбегінде автор сол кездегі қылмысты тергеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін көрсетіп, олардың жаңа өңделу жолдарын көрсетті. Бұл кітапта Г.Гросс жаңа ғылым саласын криминалистика терминімен атауды тарихта бірінші болып ұсынды. Осы кезең, криминалистика-ғылымының жаңа саласы ретінде қалыптасуының басталуы болып саналады да, Ганс Гросс криминалистиканың негізін қалаушы деп танылады.
Ағылшындар Вильям Гершель, Генри Фольдс, Френсис Гальтон, Эдвард Генри қазіргі трасология бөлімі ретінде дактилоскопияның негізін қалаған. Ал, Францияда Эдмон Локар өзінің Қылмысты тергеудегі ғылыми әдістер және Криминалистикадан басшылық және т.б. жұмыстарында заттай айғақтарды зерттеу әдістемелерін шығарды.
Швейцария ғалымы Рудольф Арчибальд Рейс Қылмысты тергеудің ғылыми техникасы еңбегін жазып, дүние жүзінде ең бірінші болып сараптама-қриминалистік лабораториясын құрып, полиция қызметкерлерін заттай дәлелдемелерді зерттеудің ғылыми әдістеріне үйрететін оқыту курстарын ұйымдастырды.
Криминалистиканың дамуына Ресей криминалистері де үлкен үлес қосты. Құжаттардың сот сараптамасы, оны қолдану мен жүзеге асыру кітабының авторы Е.Ф.Буринский 1903 жылы Петербургте бірінші сот-фотосурет лабораториясын іске қосты. С.Н.Трегубов өзінің (1915) Қылмыстық техниканың негізі атты практикалық жұмысында қылмысты ашуда, тергеуде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолдарын ашып көрсетті. Ал, Б.Л.Бразоль Тергеу бөлімі бойынша очерктер. Тарих. Тәжірибе (1916) шығармасында тергеу қарауы тактикасын қарастырды.
XIX ғ. Аяғы мен XX ғ. Басында ресейлік сот-сараптама мекемелерінің жүйесі пайда болды. 1892 жылы Петербургтің сот палатасы прокурорының сот фотографиялық лабораториясы, 1812 жылы Петербургте ғылыми-сот сараптама кабинеті құрылып, кейін (1913-1914) осындай мемекемелер Мәскеуде, Киевте, Одессада ашылды.
Ресей криминалистері 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін де криминалистиканың дамуына үлкен үлестер қосты.
Өткен ғасырдың 20 жылдарында қылмысты ашу мен тергеуге, тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелеріне байланысты көптеген жұмыстар жарық көрген. Солардың ішінде П.С.Семеновскийдің Дактилоскопия-тіркеу әдісі ретінде атты монографиясы (1923), С.М.Потаповтың Сот фотографиясы атты оқулық құралы (1926), И.Н.Якимовтың Қылмыстық құралдар мен тәсілдерді қолдану атты жұмысы (1925), кітабы Ресейде шыққан бірінші оқулықтар болды.
Совет үкіметінің даму кезінде криминалистиканың көптеген мәселелерін дамытқан белгілі ғалым-криминалистер ішінде В.И. Громов, С.А. Голунский, А.И. Винберг, Е.И. Зицер, Б.М.Шавер, Н.В.Терзиев, Б.И. Шевченко, Б.М. Комаринец, Л.Е.Ароцкер, А.А. Эйсман, А.Р.Ратинов, Р.С. Белкин, Н.П.Яблоков, И.М. Лузгин, Гинзбург және тағы басқаларды айтуға болады. Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.

Қылмыс іздері тергеу жүргізіп отырған қылмыстық іс бойынша дәлелдеме тұрғысында көрінуі үшін олар құдіретті тұлғалармен заңды түрде жинақталуы, сарапталуы, бағалануы және пайдаланылуы қажет. Бұл жұмыстар да өз кезегінде криминалистика зерттеп оқытатын белгілі заңдылықтарға бағынады.
Криминалистиканың практикалық маңызы да аталған заңдылықтар негізінде қылмысты ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті техникалы-криминалистік құралдарды, әдістермен тәсілдерді өңдеумен, жетілдірумен және дамытумен байланысты.
Осы кезге дейінгі жарық көрген заң әдебиетінде криминалистикаға пәндік сипаттама беру мәселесіне үлкен назар аударылып, көп пікір таластар болғандығы байқалады. Ол орынды құбылыс, себебі әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс та тиімді пайдалануға болады.
Жоғарыда айтылған заңдылық элементтерін толығымен қамтып, жан-жақты тұжырымдай келіп, заманымыздың белгілі де беделді криминалист ғалымы, заң ғылымдарының докторы, профессор, академик Р.С.Белкин криминалистика пәніне төмендегідей пәндік сипаттама берген.
2. КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ПӘНДІК ТҮСІНІГІ
2.1 Криминалистиканың жалпы түсінігі, ұғымы,міндеттері
Криминалистика - бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық заңдылықтары туралы ғылым.
Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған. Дәлелдемелерді жинақтау төрт кезеңнен тұрады, олар:
- дәлелдемелерді немесе іздерді іздеп табу;
- оларды бекіту;
- оларды алу;
- алынған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді алу барысы мен қорытындысын рәсімдеу.
Заттай дәлелдемелерді немесе іздерді табу дегеніміз-ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Айғақ заттарды іздеуге арнаулы әдіс-тәсілдер және техника-криминалистік құралдар қолданылмаса, арнайы дайындықтан өткен маман болмаса, қылмысты дәлелдеуге қажетті іздерді, микрообъектілерді жай көзбен қарап тез арада тауып алу оңайлықпен келетін жұмыс емес. (Мәселен, қолдың майлы тер іздері).
Дәлелдемелерді зерттеу-деп қылмыстық іс бойынша жинақталған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді құзырлы тұлғалар заңды түрде қабылдап, олардың пайда болу тегін және қаралып отырған қылмыстың басқа да материалдарымен қарым-қатынасын тексеруін айтамыз. Іс бойынша заңды түрде жиналған және бекітілген заттай дәлелдемелер криминалистік тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, қайдан қалайша пайда болғандығы тергеудегі қылмысты оқиғаға қандай дәрежеде қатысы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір заттай дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білімділік қажет болған кезде, күрделі криминалистік техниканы қолданып сарапшы зерттеуінен өткізеді. Сарапшылық зерттеуде дәстүрлі басқа да күрделі физикалық, химиялық әдістер спектрографиялық талдау,, газды, сұйық хроматографиялық зерттеулер және басқа да көптеген ғылыми-техникалық арнайы әдістер мен құралдар бар.
Криминалистиканың пәні қылмысты сапалы тергеу мен болдырмау үшін қажетті білім және объективті заңдылықтар жиынтығы болып табылады. Криминалистиканың пәнімен, заңдылықтардың негізгі үш тобы қамтылады:
- қылмыстың ішкі механизміндегі байланыс пен қатынастың пайда болу және даму заңдылықтары: іс-әрекетпен оның салдары арасындағы байланыс, әрекеттің ұқсас жағдайларда қайталануы қылмыстық субъект тәртібінің көріністері және т.б. с.с;
- қылмыс заңдылықтары, қылмысты жасау мен жасыру әдістерінің қалыптасуы және жүзеге асуы, қылмыскер тұлғасы мен әдіс-тәсілдің байланыстары, қылмыс істеу тәсілінің қылмыс жасаудағы нақты жағдайларға тәуелділігі және т.б;
- тергеуде маңызы бар қылмыспен байланысты пайда болу және өтпелі жағдай заңдылықтары; қылмысты жасауға жасырын дайындық, құралдарды таңдау, жағдайды тексеру, қылмыстық қол сұғушылық пәнін зерттеу және т.б. с.с.
Көрсетілген заңдылықтардағы әрекеттер, байқалған деректер, құбылыстар, процестер криминалистикалық ғылым объектісі болып табылады: қылмыстық әрекет, қылмыстың пайда болуы, ашу және тергеу бойынша жасалынатын әрекет қылмыстық іс бойынша заттық дәлел ретінде көрсетілген материалдық объектілер, куәгерлердің, сезіктілердің, айыпкерлердің көрсетпелерін қалыптастыру және беру процесі, осы көрсетпелерді алу әдіс-тәсілдері т.б. Құқық қорғау органдарының қылмыспен күестегі ықпалы криминалистиканың жалпы мақсаты болып табылады.
Криминалистиканың негізгі мақсаттары:
а) криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективті заңдылықтарды жалғастырып зерттеу оның жалпы және жеке теориясын, қылмысты ашу, тергеу және болғызбау бойынша құралдарды, әдістер мен ұсыныстарды қайталап қарау базасы ретінде дамыту;
ә) техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды пайдалану арқылы қылмыстық тергеуді техника-криминалистикалық қамсыздандыру мақсатында қарастырып, дамыту;
б) алдын ала және соттық тергеудің ұйымдастырылуы, тактикалық және әдістемелік негіздерін қарастыру және қатыстыру;
в) қылмысты алдын-алудың криминалистикалық тәсілдері мен әдістерін қарастыру, осы мақсаттарда тергеу және сот практикасын зерттеу және қалыптастыру;
г) шетелдік криминалист ғалымдардың жетістіктерін оқыту және оларды қылмысты тергеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде пайдалану.
Криминалистиканың міндеттері жалпы, арнаулы және нақты болып үш топқа бөлінеді.
Криминалистиканың жалпы немесе басты міндетті құқық қорғау органдарына қылмыспен күресуде қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық іс жүргізу құқығы және басқа да ғылымдар саласы сияқты өз тұрғысынан көмектесу.
Әрбір ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты, сондықтан жоғарыда талдаған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Криминалистиканың арнаулы міндеттері мыналар:
- криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективтік заңдылықтарды одан әрі кеңейтіп оқып зерттеу, осы ғылымның жалпы және жеке теорияларын дамыту, олардың жалпы әдістемелік негіздерін жасау.
- Заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып алу, бекіту, зерттеу үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты жаңа техникалық құралдар жасап шығару;
- алдын ала тергеу, сот тергеуінің және криминалистік сараптаманың ұйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы олардың нәтижелігін арттыру;
- қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің әдістемесін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу.
- қылмысты азайту үшін криминалистік сақтық шараларын құқық қорғау органдарына ұсыну.
- шет елдердегі криминалистика ғылымы жетістіктері мен тәжірибелерін қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін пайдалану.
Криминалистиканың нақты міндеттері тез уақыт аралығында орындалатын сипатта болып келеді; мәселен, осы ғылым алдында өзінің кейбір кезеңінде қылмыстың жаңа түрлерін немесе топтарын (тапсырыспен адам өлтіру, компьютерлік ақпаратқа байланысты қылмыстар) тергеу әдістемесін шығару міндеті қойылады. Сонымен қатар, нақты міндет саласында соңғы кезде көтеріліп жүрген мәселеге, криминалистика жүйесіндегі бөлімдер санын төрттен беске дейін көбейту де жатады.
Осы жерде криминалистика пәнінің міндеттерімен қатар оның негізгі қызметтерін (функцияларын) қарастыра кету төмендегідей болып келеді:
- танымдық қызметі, яғни криминалистикамен жалпы таныстыру;
- әдістемелік қызметі, бұл криминалистика ғылымы мен пәні арасындағы қарым-қатынасты, ғылыми және тәжірибелік мазмұндарын дұрыс тұжырымдау;
- түсіндірмелік қызметі, криминалистика пәнінің ғылыми бейнесін, оның болмысын және элементтерін ашып көрсету;
- жүйелендіру қызметі, бұл осы кезге дейінгі жиналған ғылыми және тәжірибелік материалдарды бір жүйеге келтіру;
- құрастырмалық қызметі, яғни практикалық із танудағы құрал-жабдықтарды дамыту және жетілдіру;
- криминалистік зерттеу қорытындыларын практикаға енгізу қызметі;
- болжау қызметі, бұл қылмыспен күресте криминалистикаға ғылымында жинақталған деректерге, ақпараттарға қарап, болашақта қылмыс жасаудың қандай жолдары мен тәсілдері көбейетіндігін алдын ала болжап көрсету болып табылады.
Криминалистикалық зерттеу ақпаратының негізгі қайнар көзі мыналар болып табылады:
а) құқық бұзушылықпен күресті қалыптастыратын заңдар мен басқа да нормативтік актілер, қылмыстық іс жүргізуде тергелетін әрекеттер мен қатынастардың басқа да өрісі;
ә) қылмыстық, моральдық және статистикалық жағдайлары;
б) қылмысты ашу, алдын алу және қылмыскерлерді табу бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар, қылмыстық және басқа істердің, құқық қорғау органдарымен жүргізілетін әр түрлі тексерістердің материалдары, тергеу, сараптамалық, жедел іздестіруші-сот практикасының басқа құжаттары, сонымен бірге қадағалаушы органдардың құжаттары мен берілген анықтамалары;
в) заңды және заңды емес салалардағы теориялық, әдістемелік, анықтама әдебиеттері, ғылыми-техникалық жетістіктер, басқа да ғылыми шығармашылық өнімдері, сонымен бірге оларды практика жүзінде қолдану тәжірибесі мен қорытындысын мінездейтін белгілері;
г) тергеушілердің, прокурорлардың, сарапшылардың, соттардың, анықтау органдары жұмысшыларының қылмыспен күресуден алынған қорытындыларын енгізу мен ғылыми зерттеу шаралары бойынша қылмыс пен күреске пайдасы бар көзқарастары, қорытындылары, ойлары, ұсыныстары және т.б.
Криминалистика қағидаларының қатарына келесі мәселелер кіреді:
- құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті қылмыстар мен күресті жүзеге асырушы құқық қорғау органдарының талаптары бойынша криминалистикалық зерттеулердің қорытынды жағдайлары;
-бұрын болған немесе қазіргі кезде және пайда болған криминалистикалық тұжырымдамалардың арасындағы байланыс және қатынас қағидасы;
- заңды және заңды емес көріністегі басқа ғылымдардың жетістіктерін криминалистермен белсенді, белгілі бір кезеңге бағытталған, шығармашылық зерттеу қағидалары және оларды жеке өзіндік ғылыми мақсат үшін қалыптастыру;
- жедел іздестіру, сараптамалық, тергеу, сот практикасының жетістіктерін тәжірибелерін зертеу қағидасы және осы бағыттағы ғылыми жұмыстарды пайдалану;
- криминалистикалық зерттеу еліміздегі және одан тыс жерлердегі қоғамға қауіпті әрекеттердің даму жағдайы, құрамы, өзгерісі, тенденциясы және басқа да зерттелуші әлеуметтік процестер туралы көрсеткіштерді пайдалану мен тіркеу қағидасы;
- қылмыспен және басқа да оған ұқсас құбылыстармен күресті бағыттаушы заңдар мен басқа да нормативтік материал ережелерін ғылыми реттеуде, сонымен бірге оны практика жүзінде ұтымды қолдану жайлы қағидасы жатады.
0.2 Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемесі
Криминалистика тергеу және басқа құқыққорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді.
Қылмысты оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады.Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.
Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әр түрлі пәндік сипаттама беріледі.
Криминалистика - қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процесуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, алу, бекіту, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.
Қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігі және табысы тергеуші мен тергеу мекемесінде (бөлімінде) жедел-іздестіру органдарының өзара қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына да көп байланысты. Бұл көрсетілген екі органның өзара қарым-қатынасы қылмысты іс жүргізу кодексінің тиісті баптарына негізделеді.
Криминалистика басқа да өзі тектес заң ғылымдарымен тығыз байланысты.
Криминалистика ең алдымен қылмыстық істер жүргізу заңымен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері қылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, қылмыстық істер жүргізу заңы осы тергеу әрекеттерінің жүргізілу тәртібін заңды түрде регламентациялайды. Атап айтқанда екі пәннің де зерттейтіні бір объект - тергеу әрекеті. Бірақ олардың осы процесуалдық әрекеттерді оқып, тексеру аспектісінің мазмұны әр түрлі. Криминалистік тәсілдер мен әдістер тергеу әрекеттерінің тиімді және нәтижелі жүруіне бағытталған. Олар қылмыстық процесуалдық заңда көрсетілмеген, заң қалпының мазмұнымен қамтылмаған. Бірақ криминалистика ұсынған қандай әдіс, тәсіл, не құрал болса да ол қылмысты істер жүргізу заңының шеңберінен шықпауға тиісті және заңға қайшы болмауы керек.
Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын көрсетіп, әр қылмыстың құрамындағы белгісін талдап баяндайды.
Криминалистикаға тектес ғылымдардың бірі - криминология. Бұл ғылым қылмыстың болу себептерін, оның әлеуметтік негіздерін және белгілі жерде тарауын, оған қарсы сақтандыру шараларының қолдану тәсілдерін зерттейді.
Келтірілген ғылымдар мен пәндерден басқа криминалистика басқа да криминалдық ұғымға кіретін сот - медицинасы, сот - психиатриясы, сот - психологиясы пәндерімен де көп байланысы бар, өйткені қылмысты ашу, оны тергеуге арналған криминалистік тәсілдер, тергеу әрекетін жүргізу әдістері осы жоғарыда айтылып отырған пәндердің қағидаларын пайдаланады.
Криминалистика тек заң ғылымдары ғана емес, басқа ғылымдармен де, атап айтқанда: физика, химия, математика, педагогика, психология ғылымдарымен де байланысы бар, себебі криминалистика қылмысты тез арада ашу үшін, өз тәсілдерінің нәтижелігін арттыру үшін, жоғарыда айтылған ғылымдарда қолданылатын тәсілдер мен әдістер, техникалық құралдарды өз қажетіне бейімдеп пайдаланады.
Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер, заттай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу, зерттеуге бағытталады.
Заттай дәлелдемелерді іздеп табу дегеніміз - ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Заттай дәлелдемелерді іздеуге арнаулы әдістер мен тәсілдер жеке криминалистік құралдар қолданылады, себебі кейбір іске қажет дәлелдер, атап айтқанда: іздер, өте кішкентай заттарды жай көзбен қарап тауып алуға болмайды (мысалы, майлы тер шығу арқылы пайда болатын қол іздерінің үлгісі).
Бекіту және алу дегеніміз - криминалистік аспектіде іздеп тауып алынған заттай дәлелдемелерді, іздерді сол күйінде сақтап қалу үшін, оларды арнайы криминалистік тәсілдермен белгілеу және алу.
Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Жоғарыда талданған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:
1. Криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;
2. Заттай дәлелдемелерді іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау;
3. Алдын-ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы оның нәтижелігін арттыру;
4. Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;
5. Қылмысты болдыртпау үшін криминалистік сақтық шараларды құқық қорғау органдарына ұсыну.
Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден құралады: криминалистиканың теориялық және методологиялық негіздері, криминалистік техника, тергеу тактикасы, әр түрлі жеке қылмыстарды тергеу методикасы.
Сонымен қатар, криминалистер кейінгі жылдары криминалистика жүйесінде қылмысты ашу мен тергеуді ұйымдастыруға арналған тағы бір бөлімді бөліп көрсетеді.
Олардың пікірлері бойынша бұл бөлімнің ұғымына криминалистік болжаулар, сондай-ақ, тергеу процесіндегі тергеушінің әртүрлі қызметпен өзара байланысын жоспарлау жөніндегі ілімдер кіруі қажет.
Бірінші бөлімде криминалистиканың пәндік сипаттамасы беріледі, оның жеке бөлімдерінің қысқаша мазмұны мен бөлімге жіктеу. Осы бөлімде криминалистикада пайдаланылатын жалпы ғылымдық және арнаулы әдістер көрсетіле отырып, идентификация мен диагностика ілімдері теориялық жағынан қарастырылады.
Екінші бөлімде заттай дәлелдемелерді және іске керек деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістер, осыған байланысты қолданылатын техникалық құралдар жөнінде айтылады.
Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz