Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ ПӘНІ МЕН ТҮСІНІГІ ... ... ... ... 5
1.1 Тергеуші мен криминалист.маманның қолданатын ғылыми.техникалық құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ, БЕЙНЕ. ЖӘНЕ ДЫБЫС ЖАЗБАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1 Сот.жеделдік фотографиялық әдістері, зерттеу фотографияларының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден қүралады: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистикалық техника, тергеу тактикасы, жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі.
Сонымен қатар, криминалистер кейінгі жылдары криминалистика жүйесінде кылмысты ашу мен тергеуді ұйымдастыруға арналған тағы бір белімді бөліп көрсетеді.
Олардың пікірлері бойынша бұл бөлімнің ұғымына криминалистикалық болжаулар, сондай-ақ, тергеу процесіндегі тергеушінің әр түрлі қызметпен өзара байланысын жоспарлау жөніндегі ілімдер кіруі қажет.
Бірінші бөлімде криминалистиканың пәндік сипаттамасы, оның жүйесі және жеке бөлімдерінің қысқаша мазмұны беріледі.
Екінші бөлімде заттай дәлелдемелерді және іске керек деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға, зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістер, осыған байланысты колданылатын техникалық құралдар жөнінде айтылады.
Үшінші бөлімде криминалиетикалык тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде колданылатын тиімді, нәтижелі әдістері, оларды колдану қағидалары баяндалады де тығыз байланысты.
Төртінші бөлімде жекеленген кылмыстар бойынша жургізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі және криминалистикалық тергеу болжауларының теориялык негіздері, анықтама органдары, тергеушінін қылмыстық іс жүргізуіндегі карым-қатынас қағидалары сипатталады.
Криминалистика өзінің алдына койған міндеттерін ғылыми жолмен зерттеген тәсілдерді қолдану арқылы шешеді.
Криминалистикада жалпы ғылыми және жеке тәсілдермен катар арнайы тәсілдер де қолданылады.
1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. − Алматы: Баспа, 2001.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. − Алматы, 2001. − 693 б.
3 Белкин Р.С. Криминалистическая энциклопедия. − М. : Издательство БЕК, 1997. − 250 с.
4 Жәкішев Е. Криминалистік тактика. − Алматы: Жеті жарғы, 1997. − 250 б.
5 Мәжитов.Ш., Мұқашев.Б. Криминалистикалық техника. − Алматы, 1959. − 100 б.
6 Жәкішев.Е. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және
методологиялық негізі. Алматы, Қазақ университеті, 1991. − 120 б.
7 Порубов.Н.И. Курс криминалистики. − Минск: Выш.шк.,2000. − 130 с.
8 Энциклопедия судебной экспертизы / под. ред. Аверьяновой. Т.В., Россинской. Е.Р. − М. : Юрист, 1999. − 700 с.
9 Крылов И.Ф. Криминалистика. − Ленинград, 1976. − 300 с.
10 Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных познаний для квалификации преступлений. − Алматы: «Жеті Жарғы», 1999. − 200 с.
11 Криминалистика / под ред. д-ра юрид. наук, проф. Образцова.В.А. − М. : Юрист, 1997. − 270 с.
12 Возгрин И.А. О структуре методик расследования отдельных видов преступлений (Вопросы теории и практики борьбы с преступностью. − Л., 1974. − 120 с.
13 Колесниченко А.Н. Общие положения методики расследования отдельных видов преступлений. − Харьков, 1976. − 220 с.
14 Тілеубергенов. Е. Криминалистика. − Алматы: «Дәнекер», 2002. − 146 б.
15 Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері. – Алматы: «Жеті Жарғы», 2004. − 256 б.
16 Яблоков Н.П. Криминалистика: учебник. − М. : «Лекс Эст», 2003. − 376 с.
17 Васильев А.Н. Следственная тактика. − М., 1976. −160 с.
18 Белкин Р.С. Курс криминалистики. − М., 1997. − Т.2. − 180 с.
19 Саханова Т.В. Судебная экспертиза. − М. : Городец, 2000. − 230 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ ПӘНІ МЕН ТҮСІНІГІ ... ... ... ... 5
1.1 Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ФОТОГРАФИЯ, БЕЙНЕ- ЖӘНЕ ДЫБЫС ЖАЗБАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ..21
2.1 Сот-жеделдік фотографиялық әдістері, зерттеу фотографияларының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден қүралады: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистикалық техника, тергеу тактикасы, жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі.
Сонымен қатар, криминалистер кейінгі жылдары криминалистика жүйесінде кылмысты ашу мен тергеуді ұйымдастыруға арналған тағы бір белімді бөліп көрсетеді.
Олардың пікірлері бойынша бұл бөлімнің ұғымына криминалистикалық болжаулар, сондай-ақ, тергеу процесіндегі тергеушінің әр түрлі қызметпен өзара байланысын жоспарлау жөніндегі ілімдер кіруі қажет.
Бірінші бөлімде криминалистиканың пәндік сипаттамасы, оның жүйесі және жеке бөлімдерінің қысқаша мазмұны беріледі.
Екінші бөлімде заттай дәлелдемелерді және іске керек деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға, зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістер, осыған байланысты колданылатын техникалық құралдар жөнінде айтылады.
Үшінші бөлімде криминалиетикалык тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде колданылатын тиімді, нәтижелі әдістері, оларды колдану қағидалары баяндалады де тығыз байланысты.
Төртінші бөлімде жекеленген кылмыстар бойынша жургізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі және криминалистикалық тергеу болжауларының теориялык негіздері, анықтама органдары, тергеушінін қылмыстық іс жүргізуіндегі карым-қатынас қағидалары сипатталады.
Криминалистика өзінің алдына койған міндеттерін ғылыми жолмен зерттеген тәсілдерді қолдану арқылы шешеді.
Криминалистикада жалпы ғылыми және жеке тәсілдермен катар арнайы тәсілдер де қолданылады.
Әр қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы, онда керсетілген жеке кылмыстарға тән белгілер қылмыстарды тергеуге қажетті әдістемелік ұсыныстар жасауға пайдаланылады.
Криминалистика өзінін міндеттерін объективті тұрғыда зерттейді, сондықтан баска ғылымдардағыдай диалектикалық тәсілді криминалистиканың жалпы тәсілі деп санауға болады.
Мұнымен катар криминалистикалық объектілерді зерттеуге басқа ғылым салаларында да жиі қолданатын жалпы ғылыми тәсілдер пайдаланылады. Мысалы: бақылау, бейнелеп суреттеу, салыстыру, өлшеу, эксперимент т.б.

1 КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ ПӘНІ МЕН ТҮСІНІГІ
0.1 Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
Криминалистикалық техника криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстық іздерді табу, бекіту, алу, жинауға қолданылатын және тергеліп отырған оқиға мәліметтерін қалпына кайта өндеуге бейімделген ғылыми-техникалық кұрал-әдістерді теориялық ережелер және қағидалар тұрғысынан өңдеп жетілдіру, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу мен техникалық қүралдардың жүйесі болып табылады.
Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне -- кылмыскердің жеке басы туралы, оның қолданған қаруы, оларды қолдану және жасалған қылмыстың өзге де жағдайлары жөніндегі мәліметтерді алу мақсатымен қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу жатады. Криминалистикалық техника теориялық жағынан криминалистиканың бір бөлімі ретінде келесі мәселелерді қарастырады:
- жалпы жасалған қылмыстық іске қатысты қандай нысандар, қандай іздер қалдырылады және олардың қандай қасиеттері, сипаттары бар;
- риминалистикалық техниканы дамыту.
Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына қарай арнайы мәселелерді зерттейді:
- қылмыстың ізін қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен табуға болатындығын;
- олар дәлелдеме болуы үшін, оларды қалай және қандай техникалық құралдармен тауып, бекітуге болатындығын;
-бұл дәлелдемелерді, қалай және қандай техникалық құралардың көмегімен алуға болатындығын.
- бұл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен анықталғанын қарастырады, бірақ кебінесе бұл мәселені экспертология шешеді;
- қылмыстық іс, қолданылған қару, кылмыскерлер, қалдырылған іздер және т.б. мәселелер жайлы мәліметтерді қалай және қандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығын;
- қандай техникалық кұралдар кылмыс жасауға кедергі жасайтындығын.
Табылған іздер бойынша объектілердің ішінен кажетті жекеленген іздерді немесе оларға катысты объектілердін түрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді калдырған деп табылған объектілерді анықтау мәселелері идентификациянын көмегімен шешіледі.
Крим техниканың барлық аталған мәселелерін екі топқа бөлуге болады:
- Идентификациялық
- Идентификациялық емес (іздерді іздеу т.б.)
Криминалистикалық техниканың ерекшелік сипаты -- оның заңға сәйкес қолдануы болып табылады.
Криминалистикалык техника занда көрсетілген тергеу әрекеттерінде колданылады. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған -- қарау, тінту және басқа да тергеу әре кеттерін жүргізу (фотосуретке түсіру, өлшеу, үлгі алу, калып жасау және т.б.) кезінде қолданылады.
Тергеу әрекеті барысында қолданылған криминалистикалық техника ол міндетті түрде хаттамаларында бекітілуі кажет. Қарау хаттамасында қандай объект фотосуретке түсірілгендігі, ол қандай нүктеден және кандай әдіспен түсірілгендігі нақты көрсетілуі тиіс.
Криминалистикалық техниканы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңмен белгіленген тәртіп ережелерін сақтамай қолданылған жағдайларда, оның нәтижелері дәлелдемелік күшін жоғалтады.
Крим техниканың келесідей негізгі салалары калыптасқан:
:: криминалистикалық техниканың жалпы ережелері;
::криминалистикалық фотография, дыбыс- және бейнежазба;
:: трасология (іздер жөніндегі ілім);
:: криминалистикалықбаллистика;
:: криминалистикалық қолжазбатану және автортану;
:: құжаттарды техника-криминалистикалык зерттеу;
:: суық қаруды криминалистикалық зерттеу;
:: криминалистикалық жарылыстану;
:: заттар мен материалдарды криминалистикалык зерттеу;
:: одорология;
:: фоноскопия;
:: дамдарды сыртқы бейне белгілері бойынша теңдестіру (габитология);
:: криминалистикалык тіркеу және есепке алу.
Криминалистикалық техниканы тағайындау әдістерін келесі топтарға бөліп кәрсетуге болады:
I. Заттай дәлелдемелерді табу, бекіту және алудың әдістері мен тәсілдері.
II. Заттай дәлелдемелерді зерттеу әдістері мен тәсілдері
Криминалистикалық техниканың әдістері, олардың табиғи негізінде жатқан құбылыстар мен қай ғылыми топка жататындығы бойынша жүйеленеді. Атап айтқанда: а) физикалык; ә) химиялық; б) физика-химиялық; в) ботаникалық; г) физиологиялық; д) математикалық; е) логикалык; ж) биологиялық.
Криминалистикалық техника жалпы ғылым, сондай-ақ арнайы әдіс ретінде қолданылады.
2. Дәлелелдемелерді жинау процесіне оларды бекіту, алу және анықтау кіреді. Іздер мен басқа да объектілерді анықтау үшін қолданылатын криминалистикалық техниканың әдістері мен тәсілдері әр түрлі болады.
Тергеуші мен маман-криминалистің қолданатын техникалық құралдарын келесідей топтарға бөлуге болады: 1) жарықтандырғыш 2) өлшегіш; 3) іздейтін; 4) бекіту және алу; 5) буып-тұю құралдары.
Жарықтандырғышқа жарықтың фотовспышка, үлтракүлгін сәуле сперма, қан сияқты объектілер үшін.
Іздейтін құралдарға: қуыс бұрғылардың түрлері (щуп) және қондырғылары, әр түрлі үлкейткіш шынылар, дактилоскопиялық ұнтақтардың жиынтығы, дактилоскопиялық және магнитті кистілер жатады. Металдық объектілерді іздеген кезде әскери бейнедегі индукциондық металл іздегіштер және криминалистикалық мақсатқа арнайы дайындалған магниттік металл көтергіштер қолданылады.
Криминалистикалық бекітудің мақсаты - мүмкіндігінше нақты объектіні бекіту, фактіні, окиғаны, кылмыстың материалдық ізін және басқа да қылмыстық іс бойынша кажетті ақиқатты анықтау үшін бекіту.
Бекітудің әр түрлі тәсілдері қолданылады:
:: вербальдық - хаттамаланған, дыбыс жазбалык;
:: графикалық - графикалық бейнелік (схемалық және масштабтық жоспар, схемалар, соның ішінде суретті салу);
:: пәндік - сол пәннен алынған, материалдық модельден жасалған
:: қаралатын-бейнелік - суреттер; фототусірілімдер, бейне-жазбалары.
Бекіту объектіні, сондай-ақ оның белгілі бір касиеттерін, белгілерін, құрамын сақтау үшін бағытталуы мүмкін. Арнайы ортада құрылған заттай объектіні сақтау - бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Сараптамалық тәжірибеде әр түрлі әдістер қолданылады. Әдістердің қандай касиеттерді зерттеуіне байланысты оларды топқа бөлеміз: 1) объектінің морфологиясын зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық кұралдар; 2) объектінің физика-химиялық қасиетін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 3) объектінің жекелеген қасиеттерін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 4) ақпаратты өндейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар.
4.Криминалистикалық фотография -- фототүсірілімдердң жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалистикалық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Криминалистикалық техниканың бөлімі ретінде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әр түрлі криминалистикалық қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім құралдары мен әдістерінің жетілдірілген ғылыми жүйесін құрайды.
Криминалистикалык фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда сараптамалық зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудін тиімді әдіс-құралы. Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотографиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:
1.сот-жеделдік фотография;
2. зерттеу фотографиясы.
Сот-жеделдік фототүсірілімдер оптикалық кұралдарды қолданбай-ақ көзге көрінетін әр түрлі іздер мен объектілерді бекітуде колданылатын әдіс, ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге көрінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмаппылықтарын анықтап бекітуге негізделген әдіс болып табылады.
Криминалистік фотографияның даму тарихы жалпы фотография тарихына негізделеді.
Қылмыспен күресу мақсатында фотосурет XIX ғасырдың ортасынан бастап қолданыла бастады. Басында негізінен қылмыскерлерді есепке алу үшін қолданылса, соңынан қылмыскерлерді жедел іздестіру, оқиға болған жерді қарау, табылған белгісіз өліктерді есепке қою және жедел-іздестіру жұмыстарын іске асыру мақсатында қолданыла бастады.
XIX ғасырдың 70 жылдарында аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін арнайы құралдар шығаруға талпыныстар жасала бастайды. Бұл сұраққа бірінші болып үлкен көңіл аударған француз криминалисі Альфонос Бертильон болды. Ол ірі пішімді фотокамераның бірнеше түрін ойлапи шығарды және жалпы фотографияның техникалық тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып, қылмыскерді 17 кескіні көрсететін суретке түсіруді ұсынды
XIX ғасырдың соңында Ресейде сот фотографиясын қолданумен байланысты құжаттар сараптамасы жүргізіледі. Орыстың белгілі криминалисі Е.Ф. Буринский зерттеу фотографиясына үлкен үлес қосады. Сол үшін оған 1889 жылы Ломоносов атындағы ғылыми сыйлық берілді.
Фотографияны тергеу және сараптау тәжірибесінде қолдану сұрақтарының жүйесін атақты совет криминалисі С.М. Потапов 1926 жылыв Сот фотографиясы кітабында жазды.
Бұл салада өзге де ғалымдар ғылыми жұмыс жүргізген және жүргізуде. Қазіргі уақытта сот фотографиясы бойынша жазылған көптеген әдебиеттер бар. Бұл аймақта сот фотографиясы А.А. Эйсман, Н.А. Селиванов және басқалардың еңбектерінде жақсы айтылады. Осы көрсетілген және де басқа ғалымдардың еңбектерінің негізінде криминалистиканың жаңа саласы-криминалистік фотография қалыптасты.
Криминалистік фотография дегеніміз- тергеу іс-әрекеттерінде, жедел-іздестіру және сот сараптамасында пайдаланылатын, фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып айқындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Криминалистік фотография қылмысты ашу және тергеу үшін қажетті мәліметтерді беруде құжаттылығымен, көрнектілігімен, жоғары дәлелділігімен, шынайылығымен және жағдайды тез бекітуімен ерекшеленеді.
Криминалистік фотография жалпы фотографияға негізделгенімен, оның өзіндік бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:
а) түсіретін нысанның өзіндік міндеттемесі, яғни тергелетін қылмыстың оқиғаларымен байланыстылығы (заттай айғақтар, орын, мәйіттер, т.б.);
ә) криминалистік фотографияны қолданатын арнайы субъектілердің болуы (тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер, учаскелік инспектор, маман-криминалист, сарапшы);
б) фотосуретке түсіру мақсаты қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін маңызы бар фактілерді табу, бекіту, жинау және пайдалану;
в) арнайы құралдарды, құжаттарды қолдануы. Мәселен, кезекші камерасы, С-64 құралы, микрофотонасадка МРКА және т.б.
г) суретке түсірудің арнайы тәсілдерін қолдануы ерекшеліктері (мысалы: қан іздері, аяқ іздері);
д) суреттерді қолдан қосымша өзгертуге болмайтындығы (мәселен, ретушь-бұл фотобейненің механикалық түзетудің тәсілі; қателерді қарындаштармен, бояулармен, қырғыш скальпельдермен дұрыстау. Ретушь суретке бейнеленген детальдардың мінездемесін, суретке түсірудің объектілерінің ерекшелігін өзгертеді, ал сот және тергеу үшін объектілер туралы айқын көріністі бейнелейді);
е) заңға және нормативтік актілерге негізделген ерекше тәртіппен толтырылған фотосуреттер мен фотокестелер.
Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.
Жедел-іздестіру фотография мына жағдайларда қолданылады:
а) оқиға болған жерді қарағанда, заттай айғақ немесе құжаттарды қарау барысында;
ә) тірі тұлғаларды куәландыру жағдайында;
б) тінту мен алуды жүргізу барысында;
в) зерттеу эксперименті барысында;
г) тану үшін көрсету жағдайында;
д) айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында.
Фотоға түсіру түрі дегеніміз іске айғақты мәні бар объектілер мен фактілердің шынайы көрінісі қалуын орындауды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер және ережелердің жиынтығы.
Соттық-жедел фотографиялар объектісіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: оқиға болған жер, тінту жүргізгенде, зерттеу эксперименті барысында, тірі тұлғалар, өліктер, іздер, заттай айғақтар мен құжаттар.
Жедел-сотық фотография әдісіне жататындар:
а) панорамалық;
ә) стереоскопты;
б) өлшейтін;
в) ірі масштабты;
г) репродуктивті;
д) тануға байланысты суреттер суреттер көрсетілген әдістердің кейбіреулері тек кейбір объектілерге қатысты қолданылады. Сөйтіп репродуктивті фотография құжаттарды түсіру үшін, тануға байланысты-тірі тұлғаларды және өліктерді түсіру үшін қолданылады. Басқа әдістер түрлі суретке түсіру түрлеріне қолданылады. Панорамалық фотоға түсіру оқиға болған жерді және зерттеу экспериментін, ұзындығы біршама үлкен іздерді суретке түсіру кезінде және т.б. жағдайларда қолданылады.
Айтылған әдістерден басқа фотоға түсірудің жеке тәсілдері болады, олар түрлі суретке түсіру кезінде қолданылуы мүмкін.
Жеке тәсілдерге:
а) бағдарлап түсіру;
ә) шолып түсіру;
б) түсіру;
в) тетіктік фотобейнелер жатады.
Заттай дәлелдемелерді фотоға түсіру. Алғашқыда заттай дәлелде табылған жерінде фотоға түсіріледі. Тораптық сурет заттай айғақты ғана емес, оны қоршаған заттарды да қамтиды. Содан соң заттай айғақты бөлшектеп түсіру әдісімен фотоға түсіреді.
Бұл жерде түсірілетін заттардың жарықтануына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені заттардың формалары мен сыртқы белгілерінің дұрыс қабылдануы жарықтың түсуіне байланысты болады. Объектінің фотобейнесін анық көрсету үшін бірнеше жарық көзі қолданылады. Заттың анық бейнесін алу үшін оны ашық фонда түсіреді. Бұл үшін объектіні ақ қағазға қоюға болады. Бірақ оған жарық түсіргенде міндетті түрде көлеңке пайда болады. Көлеңкені болдырмау үшін кадр көрінбеуі тиіс кітаптың, кірпіштің үстіне қойылған шыны әйнекті қолданады.
Хромдалған және никельденген заттарды түсіру біршама қиындық тудырады. Шағылысуды болдырмау үшін жарықтың түсу бағытын өзгертеді, яғни оны объектіге емес, ақ экранға бағыттайды. Заттық дәлелдемелерді түсіру кезінде олардың үстіндегі іздерді, жеке белгілерді көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін объектіні түрлі жақтардан және бөлшектеп фотоға түсіруге болады. Ұсақ объектілерді ірі масштабты фотоға түсіру әдісімен жасайды.
Іздердің суреті
а) қол ізін суретке түсіргенде, алдымен іздердің оқшауланып орналасуын көрсетуи үшін із табылған заттың жалпы түрін суретке түсіреді. Содан соң іздердің өздерін түсіреді. Қолдың бірлі-жарым іздері ірі масштабты сурет әдісімен түсіндіріледі.
Қол іздерін ойдағыдай түсіру үшін жарықтың маңызы зор. Негізінде кез келген жарық қолданылуы мүмкін, бірақ бір нүктеге жарық беретін құралды қолдану тиімдірек болады. Егер із әйнектей затта орналасса, жарықты қарсы жақтан бағыттайды.
Шаңда қалған қолдың бедерлі іздерін қырынан жарықталу арқылы түсіреді.
Тегіс емес жазықта қалған іздерді түсіру үшін жарықты тіке бағыттайды. Кейде перде, яғни көлемі ізден үлкен тесігі бар қара қағаз қолданылады.Егер әйнектей жазықта қалған із, ақ ұнтақпен себілсе, объектінің астына қара қағаз қойылады.
ә) аяқ (аяқ киім) және көлік іздерін суретке түсіру. Іздердің жиынтығын да, жеке іздерді де суретке түсіреді. Қатар бірнеше іздерді түсіргенде сызықты панорама әдісін қолданады. Фотоаппараттың оптикалық осін жазықтыққа перпендикулярлы орналастырып, іздің үстінен түсіреді. Сызықты панорама әдісімен созылған көлік іздерін түсіреді.
Аяқтың жеке іздерінің формасы мен көлемін, сондай-ақ іздің белгілері мен ерекшеліктерін бекіту үшін суретке түсіреді. Көліктердің ізін түсіргенде анық протектор суреті бар учаскелеріне көңіл аударады. Іздерді кіші пішімді аппаратпен түсіргенде ұзартқыш сақина қолданылады. Фотоаппаратты кадрдың ізі барлық бөлігін алатындай етіп орналастырады.
Жарықты объектіге-тура және жанынан бағыттайды. Тура жарық іздің формасын түсіруге, ал жанынан -оның негізгі белгілерін бекітуге мүмкіндік береді.
Суретке түсіру масштабы әдіс арқылы жүзеге асады. Масштабы сызғыштың миллиметрлік бөліктері болуы тиіс. Сызғышты іздің түбіндегі жазықпен бірдей қылып орналастырған жөн. Ол үшін кейбір жағдайда іздің қасынан тиісті тереңдікте ор қазып, түбіне сызғышты қояды;
б) бұзу құралдары мен құрал-сайман іздерін суретке түсіру.
Алдымен мұндай іздерді, олардың орнын анықтау үшін тораптық фотосурет ережелері бойынша түсіреді. Іздердің өзін масштабты түсіру әдісімен түсіреді және максималды масштабта түсіруге тырысады.
Іздің формасына және із қалдырған құралдың ерекшеліктері мен нысандары туралы болжауға мүмкіндік беретін, оның ерекше белгілеріне аса көңіл бөлінеді. Бұл белгілерді анық түсіру үшін аралас жарық түсіру тәсілін, яғни тура және жанынан түсірген жарық қолданылады.
Боялған бет-бедер іздерді түсірген кезде жарық фильтрі қолданылады.
Мәйітті фотоға түсіру
Оқиға болған жерде мәйітті түсіргенде бірінші суретті көріністі суретке түсіру ережесі бойынша түсіреді. Бұл мәйіттің оны қоршаған объектілерге қатысты орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Содан соң мәйітті тораптық суретке түсіреді. Үшінші суретте мәйіттің үстінен түсіреді. Егер мәйітті аяқ жағынан түсірсе, бейне бұрмалануы мүмкін. Мәйітті аяқ немесе бас жағынан түсіру кей жағдайларда ғана қолданылады. Мәйітті жіңішке пленкалы фотоаппаратпен түсіргенде фотографиялық кішірейту коэффициенті 60 градусқа тең болады Мұндай суретте киімнің бұзылғанына, қанның іздері анық көрінбейді. Сондықтан мәйітті суретке түсіргенде сызықтық панорама тәсілі қолданады: бірінші мәйіттің өліктің жоғарғы бөлігін суретке түсіреді. Мәйіттің табылған күйін бекіткен соң, оны орнынан қозғауға болады. Суретке түсіру кезінде денедегі зақымдарға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың бөлшектік түсіру әдісі арқылы түсіріледі.

Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану және фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу
Бейнежазу криминалистикада қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылады.
Бейнетаспаға жазу-киноға түсіру мен суретке түсірудің алдында беделі басым. Ол ыңғайлы, технологиялы және ұтымды. Алынатын материалдар лабораториялық жөндеуді талап етпейді, ал олардың сапасы бейнежазудың орындалу шарасы бойынша қадағаланады. Бейнежазу бейне мен дыбысты теңдей тіркеп түсіруге мүмкіндік туғызады.
Бейнежазу тергелуші әрекеттің процесі мен қорытындысын тіркеуші қосымша құрал ретінде қолданылады. Ол динамикадағы, оны жүргізудегі қатысушылардың ерекшеліктерін, не ауыр және құрастырылған жағдайдың көлемін көрнекі құрал ретінде ұсынуға қажетті әрекеттерді тіркеуді талап етеді.
Тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері және жағдайдағы мәселелерді шешуде суреттегі қалатын негіз бейнежазу түрлері мен әдістерін анықтайды.
Бейнежазудың басында тергеуші өзін таныстырып (атағын, қызметін, фамилиясын атайды) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистикалық фотография және бейне таспаға жазу
Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Қылмыс. Криминалистика
Габитоскопия ұғымы. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Сот фотографиясы
Тонау қылмысының криминалистикалық техникалық-тактикалық әдістері
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Пәндер