Тергеу әрекетін жүргізу кезіндегі материалдарды табу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 6
1. 1 Тергеу әрекетінің түсінігі және оның маңызы . . . 6
2. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАБУ . . . 14
2. 1 Тергеу жүргізудің процессуалдық тәртібі, негізі,
объектілері және түрлері . . . 14
2. 2 Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде материалдарды табу, бекіту және алу . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33
КІРІСПЕ
Қылмысты ашу және тергеу үстінде жүргізілетін тергеу әрекеттері әрине, заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Бірақ, тергеу онымен ғана шектелмейді. Қылмысты ашу жөнінде өте күрделі жұмыстардың бірі болғандықтан тергеу үстінде заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Дегенмен, оның белгілі бір реті, тртібі жнее кезеңі қатаң сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда да арнайы бір тәсілдер және әдістер қолданылуы мүмкін. Тергеу, жалпы алғанда екі жақтың - тергеуші мен қылмыскердің бір-біріне қарсы жүргізілетін қимыл-әрекеттерімен сипатталады. Бұл «күрес» үстінде екі жақ та өзіне ыңғайлы айла-тәсілдер пайдаланады. Тергеушінің қолданылатын айла-тәсілдерінің бәрі белгілі бір ситуациялық жағдайлардан туындайды да, оның бәрінің бірдей заңда көрсетуі мүмкін емес. Тергеу үстінде қолданылатын осындай әдістерді бір жүйеге келтіріп, тергеу практикасына ұсыну - криминалистік тактиканың міндеті. Тактикалық тәсіл-әдістер норматиті, яғни заңда көрсетілген ережелерді туындаған жағдайға бейімдеп, нақтылайды.
Құқық қорғау органдарының криминалистикалық тәсілдерді біліп, оларды шебер пайдалануы осы органдардың қылмысқа қарсы күрес жұмыстарынының іскерлігін және нәтижелілігін арттырады.
1998 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі өзінің заңды күшіне енді. Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексін қабылдауға арқау болып, негіз берген - Қазақстан Республикасының Конституциясындағы елімізді құқылық реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасындағы «Қазақстан - 2030» атты елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы егемендік, демократиялық, құқықтық мемлекеттің идеялары мен қағидалары. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде халықаралық қауымдастың мүшесі болғандықтан басқа шет елдермен, оның ішінде бұрынғы Кеңес одағынан бөлініп шыққан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдермен де бірігіп қылмыстықпен күресу мақсатында өзара байланысып әрекеттенуі үшін жаңа, осы жағдайлар ойластырған.
Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрмендігі мен нәтижлілігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың, ғылыми-техниканың басқа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты.
Әртүрлі материалдарды, заттар мен бұйымдарды, бояуларды, жеке заттарды зерттеу сараптамасын кейінгі оқу әдебиетінде және сараптамалық практикада криминалистік сараптама қатарына жатқызылады.
Тергеу ісін жеделдету мақсатында іске байланысты сараптама белгілеу жоспарлануы, сараптаманы тағайындап өткізуге әзірлік шаралары қылмысты тергеу жөніндегі жалпы жоспардың құрамына енгізілуі тиіс.
Сот сараптамасының қажеттігі қазіргі кезде өсуімен сараптама түрлерінің кеңейуіне байланысты өмірдің талабы болып отыр.
Міне, осыған қарай арнайы білімдерді бар мамандардан сараптама, оның шешілетін жолдарын ізқдестіру жайлы сұраныс көбеюіне байланысты, сараптама түрлерінің бір маманның әр-түрлі сараптамаға бір көмегі тие бермейтінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің адам өмірі, зорлық-зомбылық, қарақшылық жайлы қылмысқа сараптама тағайындау кезіндегі шығарған қаулысындағы сарапшының алдына қойылған сұрақтары, сараптаманың атына сәйкес келмей жататындығы көңіліме ауыр ой әкеледі. Тергеушілер суық қару қолданылған қылмыстарға байланысты тролосологиялық немесе сот. медициналық сараптама, жәбірленушінің киген киіміне немесе денесіне суық қарумен зақым келтірілген бе деген сұраққа байланысты сараптама тағайындап жатады. Шындығында да, тросологиялық немесе сот медициналық сараптамалардың қорытындылары бұл жағдайдың толық шешімін таба алмайды. Бұл сұрақтың шешімін тросолог, дәрігер, биолог, қылшықтарды зерттейтін сарапшылардың көмегімен табуға болады. Кешенді шешім шығару, көптеген сарапшыларға зерттелетін заттардағы керек ақпараттарды толығымен тергеушілердің қамтамасыз етуі тиіс.
Сараптама тағайындау жайлы қаулы шығарудағы зерттеудің қорытындысы көрсетіп отырғандай, кешенді зерттеулер қазір өте аз қолдануда. Әдетте, тергеушілер кешенді сараптаманың орнына сараптаманың бір түрін тағайындап қана шектеліп жатады. Яғни, зерттеу барысындағы табылатын белгілер криминалистикалық тұрғыда төтенше қиындыққа әкеп соқтырады.
Маман криминалистер оқиға болған жерді қарап болғаннан соң, тергеушіге іздеу кестесін толтыруға көмектеседі. Олар мына бөлімдерден тұрады: қылмыска жайлы ақпараттар, қылмыстың құралы, қолданылған көлік құралы туралы және оқиға болған жерден табылған айғақтық заттар жайлы, сараптаманың даму барысында іздердің немесе айғақтық заттардың алғашқы зерттеуге түскен кезінде-ақ сарапшылардың олардан аса қымбатты ақпараттарды алып, тергеу орнына беруге мүмкіндіктері бар.
Сараптама тағайындау кезінде салыстырмалық зерттеу үшін, қажетті үлгі ретіндегі обьектілерді дұрыс таңдау маңызды орын алады. Салыстырмалық зерттеу үшін, қажетті үлгілер сараптама жүргізу кезінде қолданылатын обьектілердің өз алдына жеке түрі болып табылады.
Тергеу барысында қажетті үлгілер қарау, тіктеу, алу сияқты тергеу әрекеттерін жүргізгенде алынуы мүмкін. Үлгілер сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден және куәдан алынуы мүмкін. Іске қатысы жоқ тұлғадан үлгі алу қажет болса, онда алдымен куә ретінде жауап алу керек. Содан кейін ғана сараптамаға қажетті үлгіні алуға болады.
1. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Тергеу әрекетінің түсінігі және оның маңызы
Қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстар орын алған жағдайларда оларды ашу, тергеу жүргізу және қылмыстық істі сотта қарау қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда тергеу, прокуратура, сот сияқты құқық қорғау органдарының қылмыстық іске байланысты мемлекеттік қызметтері жүргізіледі және тек осы салада ғана орын алатын қоғамдық қатынастар туындайды. Бұл қоғамдық қатынастардың құқықтың өзге салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардан айырмашылығы, ол қоғамдық өмірдің әр алуандығынан туындайтын, соның бірі ретінде біздің қоғамымызда қылмыстылықтың әлі де сақталып отыруына байланысты оларды тергеу және әділ сот қызметін қолдану барысында туындайтын ерекше қоғамдық қатынастар пайда болатындығында.
Әдетте қылмысты әрекеттер орын алғанда олар тек бір мемлекеттік органның қарауында болмай, бір неше мемлекеттік органдадың қолынан өтеді. Қылмыстық істің мемлекеттік органдардың мұндай тізбекті қызметтерінен өтуі, ол алдыменен тергеу жүргізілуі, соған орай тергеумен айналысатын органдардың осы іспен айналысуы, мұнан кейін қылмыстық істе заңдылықтың сақталғандығын қадағалау үшін прокуратура органының істі өз қолына алуы, тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін істі сотта қарау, сотталушы айыпты деп танылған жағдайда жаза тағайындалып, соған байланысты жаза атқарушы органдардың қызметінен көрінеді. Бұл тізбекті қызметтердің ішінен жаза атқару органдарының қызметін қоспағанда, алдыңғылары қылмыстық іс жүргізуді және және осы саладағы мемлекеттік қызметті білдіреді. Бұл қызмет «қылмыстық іс жүргізк кодексі» деп аталатын арнайы заң негізінде іске асырылып, құқық жүйесінде жеке құқық саласы болып табылады.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы дегеніміз тергеу, прокуратура, сот органдарының қоғамдық мүдделерді қылмыстық әрекеттерден қорғау және қылмыстық іс бойынша адамның кінәсі бар немесе жоқ екендігін анықтау бағытында жеке адамдарды да қатыстыра отырып жүргізілетін қызметтер барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып табылады.
Жоғарыда келтіріп отырған анықтама бойынша қылмытсық іс жүргізуге тек мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары ғана емес, сонымен қатар жеке адамдар да қатысатындығын байқауға болады. Бұл жеке адамдардың жәбірленуші, күдікті, айыпкер, адвокат сияқты бір тобы қылмыстық іске мүдделілік білдіре отырып қатысса, ал сарпшы, маман, аудармашы сияқты келесі тобы мүдделілік байқатпайды.
Қылмыстық іс жүргізу қызметі тек айыптау бағытында жүргізілетін қызмет деп түсінуге болмайды, себебі зиянды оқиға орын алуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанмен, бірақ тергеу немесе істі сотта қарау барысында күдікті немесе сотталушы деп танылып отырған адамда кінә жоқ екендігі анықталса, онда қылмыстық іс қай сатыда болмасын қысқартылуы керек.
Жоғарыда берілген анықтама бойынша қылмыстық істі жүргізу - бұл тек мемлекеттік қызмет түрі ғана емес, ол қоғамдық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Бұл қоғамдық қатынастар қоғамның басқа саласында кездеспейтін, тек қылмыстың жасалуына байланысты оны тергеу, істі сотта қарау, заң көмегін беру сияқты қызметтерді атқару кезінде туындайтын жауап алу, тінту өткізу, уақиға болған жерді қарау, істі аппеляциялық сатыда қарау сияқты т. б. тергеу және сот, сонымен қатар өзге де қатысушылардың әрекеттерінен немесе құқықтық қатынастарынан тұрады. Қылмыстық іс жүргізуге әр түрлі субъектілер қатысады, яғни құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарының (мысалы тергеу және қадағалау органдарының араларында) және лауазымды адамдар мен жай азаматтардың (мысалы тергеуші мен жәбірленушінің, куәлардың) араларында туындайтын қатынастар осы құқық саласымен реттелуге жататын қоғамдық қатынастарды білдіріп ғана қоймайды, ол сонымен қатар осы құқық субъектілерінің араларындағы құқықтық қатынстарды да білдіре алады. Бұл қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің көптілігіне байланысты. Мысалы қылмыстық құқықтық қатынастың субъектілері мемлекет және қылмыс жасаған адам болып саналса, ал қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері тергеу, сот, прокуратура органдары, қылмыс жасады деп тергеуге алынған адам, оның қорғаушысы, куә мен жәбірленуші және т. б. қатысушылар бола алады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі туралы сөз қозғағанда «қылмыстық сот ісін жүргізу (уголовное судопроизводство) », «сот төрелігі», «қылмыстық процесс» деген ұғымдарды қолданатын кездер болады.
Қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық сот ісін жүргізу ұғымдарын бір ұғым ретінде бағалайтын да пікірді кездестіруге болады. Мұндай пікірді келтіруші зерттеушілердің пікірінше қылмыстық іс жүргізу алдын ала тергеу органдарының қызметімен аяқталмай, істің сотта қаралып, шешілетіндігіне немесе қылмыстық іске соңғы нүкте сотта қойылатындығына байланысты.
«Қылмыстық сот ісін жүргізу» ұғымына тар және кең талқылау беруге болады. Нақты мағынада қылмыстық іс бойынша бірнеше органдар айналысып, олар өздерінің заңда белгіленген міндеттерін орындайды және сот өндірісі және сотқа дейінгі өндіріс деген сатыларға бөлініп, «тергеу әрекеттері», «қылмыстық іс бойынша қадағалау қызметі», «сот талқылауы» деп атала отырып, әр органның қызметінің ерекшелігін, жекешелігін білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда «қылмыстық сот ісін жүргізу» ұғымы өзге құқық қорғау органдарының қызметін қамтымайды.
Кең мағынада бұрынғы уақыттардан қалыптасқан дәстүр бойынша өзге құқық қорғау органдарының қызметін сот қызметімен байланыстыра және соңғы саты сот қызметі екендігін ескере отырып, «сот» қызметін қолдану қалыптасқан. Соның негізінде сот психологиясы, сот медицинасы, сот статистикасы, сот экспертологиясы деген сияқты атаулар өмір сүрді. Шын мәнінде жоғарыда келтірілген ұғымдар тек сот қызметін ғана қамтымай, өзге мемлекеттік органдардың да қызметтерін қатитын.
«Қылмыстық іс жүргізу» және «сот төрелігі» ұғымдарының араларында елеулі айырмашылық бар екендігін бірден аңғаруға болады, себебі біріншіден, қылмыстық іс сотта қаралғанда соттар айыптаушы және ақтаушы тараптың бірінің мүддесін көздемей, екі тараптың келтірген деректерін қамтып және бейтарап бағыт ұстана отырып, өз құқықтық сауаттылығы деңгейінде барынша әділ шешім, үкім шығаруы тиіс. Екіншіден сот қызметі тек қылмыстық істерді ғана қарап қоймайды, ол сонымен қатар азаматтық, әкімшілік істерді де қарап, сот билігін жүзеге асырады. Демек, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді соңғы саты ретінде қарап, мүдделерді қанағаттандыру бағытында «сот әділдігін», мемлекеттік биліктің жеке түрі болып табылатын «сот билігін», мемлекеттік органдармен өзге де қатысушылардыңт тараптаға бөлетінідігін ескере отырып айтқанда «сот төрелігін» іске асырады.
«Қылмыстық іс жүргізу» және «қылмыстық процесс» ұғымдарын бір ұғым ретінде түсіну керек, бұл ұғымдардың айырмашылығы тек «процесс» сөзінің «іс жүргізу» сөзіне аударылуында ғана, өзгедей айырмашылық жоқ.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу заңымен тығыз байланысты. Бұл байланыс олардың практикалық арналуымен, ережелерінің біркелкілігімен және бірін-бірі толықтыратындығымен анықталады. Яғни бұл екі ұғым да қылмыстық іс-әрекеттер орын алған жағдайда әділсотты қолдану бағытындағы қызметтерді анықтайды және заң шығарушылық өзгерістер орын алған жағдайда бірдей өзгерістерге ұшырайды. Анығырақ айтқанда, қылмыстық іс жүргізу заңы бастапқы ұғым болып саналып, ал қылмыстық іс жүргізу құқығы кейінгі ұғым болып табылады. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу құқығының бастауы қылмыстық іс жүргізу Кодексі деп түсінеміз. Бұл - қылмыстық іс жүргізу Кодексінсіз қылмыстық іс жүргізу құқығы өмір сүре алмайтынды дегенді білдіреді. Бұл екі ұғымның басты айырмашылығы олардың анықтамаларынан да көрінеді. Қылмыстық іс жүргізу заңы-бұл мемлекеттің арнайы заң шығарушы органымен қабылданылған, қылмысты әрекеттерді ашу, жолын кесу және сот билігін қолдану бағытындағы мемлекеттің қызметін білдіретін нормативтік құқықтық акті.
Ал жоғарыда айтқанымыздай, қылмыстық іс жүргізу құқығы дегеніміз қылмыстарды ашу бағытында тергеу жүргізу және қылмыстық істер бойынша сот қызметінен туындайтын қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылды. Демек, қылмыстық іс жүргізу құқығы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы ретінде реттеушілік қызметті атқарады және нормалар жиынтығы түрінде өмір сүреді. . Бұл құқық саласындағы реттеушілік қызмет іс жүргізу барысында лауазымды адамдардың өз араларында және лауазымды адамдар мен жеке адамдардың араларында туындайтын немесе туындауы мүмкін қатынастарды анықтап заң ережелерінде көрсетуден және олардың шешімін де анықтаудан көрінеді.
Жоғарыда айтылған қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігіне қатысты сипатамалардың негізінде, қылмыстық іс жүргізу құқығы құқықтың бір саласы, мемлекеттік қызметтің бір түрі және құқықтық ғылым ретінде қолданылады деп түсіну керек.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымын осы құқық саласының мазмұнында жіберілген қателіктерді анықтап олардың дұрыс шешімін көрсету, қалып кеткен тұстарын толықтыру, теория жүзінде орын алған бір-біріне қайшы пікірлердің дұрысын негіздей отырып анықтау, жалпы қылмыстық іс жүргізу құқығының тиімділігін көтеру бағытындағы зерттеу жұмыстары құрайды
Тергеу бөлімінің бастығы-алдын ала тергеу және жеңілдетілген сотқа дейінгі өндірісті жүргізетін бөлімшелердің бастығы болып табылады. ҚІЖК 63 бабы бойынша тергеу бөлімі бастығының өкілеттіліктеріне қылмыстық іс қозғау, тергеу жүргізу үшін істі тергеушіге тапсыру, тергеу тобын құру, тергеушіге нұсқау беру, тергеу уақытының аяқталу мерзімдерін, қамау мерзімінің сақталуын бақылау, тергеушіні тергеуден босату, істі басқа тергеушіге беру, өзі тергеу жүргізу, қылмыстық істі прокурорға жолдау, прокурордың нұсқауларын орындау жатады.
Тергеу бөлімінің бастығы тергеушілерге нұсқауды жазбаша түрде береді және оның нұсқауларының орындалуы міндетті болып саналады. Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығының нұсқауларына келіспей прокурорға шағымдануы, қылмысты квалификациялау, істі сотқа жіберу үшін прокурорға жолдау, қылмыстық істі қысқартудан басқаша жағдайларда нұсқаудың күшін тоқтата алмайды. Тергеу бөлімінің бастығының тергеушіге нұсқау беру құқығы тергеушінің қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін тәуелсіз белгілеп, оны жүргізуіне, жалпы тергеушінің тәуелсіз қызметіне әсер етпеуі керек.
Тергеуші -алдын ала тергеу органдары болып табылатын ІІМ, қаржы полициясы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу департаменттері, әскери тергеу басқармасы, прокуратура органдарында кездеседі және олардың барлығының құқықтары бірдей болып табылады.
Тергеуші қылмыстық істі тергеу барысында процессуалдық дербестікте болады, сондықтан олар тергеу бөлімінің бастығына бағынғанмен өзі шешім қабылдап, процессуалдық әрекеттерді өзі орындайды. Тергеушілер тек тінту өткізу сияқты кейбір тергеу әрекеттерін орындау үшін прокурордан рұқсат алуға міндетті.
Тергеуші қылмыстық істі қозғауға, ол бойынша заңда қарастырылған алдын ала тергеу әрекеттерін орындауға құқылы.
Тергеушінің мынандай міндеттері бар: қылмыстың уақиғасын толық ашып, оның жағдайларына объективті бағалау, жеткілікті дәлелдер жиннай отырып, қылмысты тергеу әрекеттерін орындау, қажеттілік болғанда мәжбүрлеу шараларын қолдану, дәлелдер жеткілікті болғанда айып тағу, кінәсі анықталуы және дәлелдердің жиналуына байланысты айыптау қорытындысын жазу, сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істер бойынша заңсыз жолмен табылған қаражатты іздестіру және олар бойынша шаралар қолдану, мүліктік зардаптары бар, азаматтық талап арыздар болуы немесе жаза ретінде мүлікті тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстар бойынша мүліктердің тұрған жерін анықтап оларға арест салу. Сонымен қатар ҚІЖК 64 бабытың 7 бөлімі бойынша тергеушілер тергеу істері бойынша анықтау органдарына іздестіру әрекеттерін орындау үшін тапсырмалар бере алады және тергеу әрекеттеріне көмек сұратып, тиісті мекемелерден қажетті материалдар сұрата алады.
Бұл аталғандар міндеттер мен қатар тергеушінің негізгі қызметтерін де білдіреді. Тергеушінің қызметін сатылай отырып айтқанда, ол бастапқы кезеңде қылмыстық іс қозаса, онан кейінгі сатыда қылмыстың уақиғасын толық ашу үшін алдын ала тергеу әрекеттерін орындаумен айналысады, адамның кінәсі дәлелденген жағдайда соңғы саты ретінде айыптау қорытындысын жазады.
Анықтау органдары алдын ала тергеу әрекеттерін орындау талап етілмейтін қылмыстар бойынша жүргізілетін тергеудің бір нысанын атқаратын орган болып табылады. Сондықтан анықтау органдарының анықтаушылары ауыр емес, орташа ауыр қылмыстар бойынша тергеу ісімен айналыса отырып, тиісті тергеу әрекеттерімен қатар, қылмыскерді, қылмыстың заты мен құралдарын іздестіру бағытындағы қызметтерді атқарады.
Жасалған қылмысты әрекетте алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстың белгілері бар болған жағдайда анықтау органы ҚІЖК 200 бабына орай қылмысты істі қозғауға және шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы. Істің қозғалғаны туралы немесе қылмыстың жасалғаны туралы мәліметті анықтаушы дереу прокурорға хабарлауы керек және бес тәуліктен кешіктірмей істі тергеу органына тапсыруы тиіс. Мұнан ары қарай анықтаушы тергеу әрекеттерін тек тергеушінің тапсырмасы бойынша орындай алады.
ҚІЖК 65 бабына сәйкес анықтау жүргізу органдарына мыналар жатады:
- ішкі істер органдары;
- ұлттық қауіпсіздік органдары;
- қаржы полициясы;
- контрабанда және кедендік алымдарды төлеу істері бойынша кеден органдары;
- әскери полиция;
- мемлекеттік шекараны бұзу туралы істер бойынша шекара бөлімдерінің командирлері;
- әскери бөлімдердің командирлері;
- қртпен байланысты қылмыстық істер бойынша өртке қарсы қызмет органдары;
- шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтарда жасалған қылмыстар бойынша осы мекемелердің жетекшілері;
- алыс бағыттарға жүзетін кемелердің капитандары.
Анықтаушылардың қылмыстық істі жүргізу уақыты 1 ай, бірақ істі созуға қажеттілік болғанда ол 2 айға дейін белгіленеді.
Маман криминалистер оқиға болған жерді қарап болғаннан соң, тергеушіге іздеу кестесін толтыруға көмектеседі. Олар мына бөлімдерден тұрады: қылмыска жайлы ақпараттар, қылмыстың құралы, қолданылған көлік құралы туралы және оқиға болған жерден табылған айғақтық заттар жайлы, сараптаманың даму барысында іздердің немесе айғақтық заттардың алғашқы зерттеуге түскен кезінде-ақ сарапшылардың олардан аса қымбатты ақпараттарды алып, тергеу орнына беруге мүмкіндіктері бар.
Сараптама тағайындау кезінде салыстырмалық зерттеу үшін, қажетті үлгі ретіндегі обьектілерді дұрыс таңдау маңызды орын алады. Салыстырмалық зерттеу үшін, қажетті үлгілер сараптама жүргізу кезінде қолданылатын обьектілердің өз алдына жеке түрі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz