Тінтуді жүргізудің жалпы мәселелері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ТІНТУДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 4

1. 1. Тінту ұғымы мен мақсаты . . . 4

2. ТІНТУДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ . . . 11

2. 1. Тінту нысандары туралы бағдарлық мәліметтерді жинау және зерттеу . . . 11

2. 2. Тінтуді жүргізу үшін оперативтік топты құру . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 36

КІРІСПЕ

Криминалистикалык оқулыктарда бұл тергеу әрекетінін мағынасына әр түрлі түсінік, үғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасақ, бұларда негізінен тек редакциялык айырмашылыктары бар екендігі байкалады. Негізінен берілген түсініктерде бүл тергеу әрекетінін мағынасы, оның міндеттері және маңызы, сонымен катар тергеу әрекетін жүргізу үстінде колданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және кандай максатпен жаса ғандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмыстык. іс бойынша тергеу жүргізгенде бұл мәселелерді аныктау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бұл тергеу әрекетіне мұндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бұл мәселелер жалпы тергеудін алдында түрған міндет, олар бірнеше тергеу әрекеттерін жүргізу аркылы шешіледі. Сондыктан бүл мәселелерді шешуді бір тергеу әрекетіне, яғни окиға болған жерді карауға жүктеуге, әрине болмайды. Кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауға катысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтканда, жүргізілетін жүмыстар катарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жаткыза-ды. Жедел-іздестіру жұмыстары процессуалды әрекеттер қата-рына жатпайды, оны аныктаушы органдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудін бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жалғасады. Сондықтан мұны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау үғымына кіргізу орынсыз. Әрине, окиға болған жерді карау үстінде жедел-іздестіру жүмыстары да жүргізіледі, бірак бұл іздестіру жұмыстары окиға болған жерді қараумен шектелмейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді. Тінту әрекеті көп еңбек етуді талап етеді, оған уақытты, күш-қуатты, әр-түрлі құралдарды жұмсау қажет болады.

Тінтудің нәтижесінің жемісті болуы, тергеушінің тінтуді жүргізу тәсілін қаншалықты игергеніне байланысты болады және оған оның құқық қорғау органындағы алған тәжірибесі де әсер етеді.

Тергеу әрекеттерінің ішінде, қылмысты тез ашуды толығымен қамтамасыз етуге, қомақты дәлелдік материалдар алуға, көптеген ауыр қылмыстардың тергеуін саналы алқауы, тінтудің нәтижелері өте маңызды орын алатынын күнделікті тергеу ісі көрсетіп отыр. Бір қатар жағдайларда, заттық дәлелдерді табудың жалғыз тәсілі тінту болып табылады. Табылған заттық дәлелдер, көп жағдайларда, қылмыскерді толығымен әшкерелейді.

Алдын-ала тергеу органдарына, құқықтық ғылым, соның ішінде криминалистика, көптеген мәселелерді шешуге өзінің септігін тигізеді, ол қылмысты тергеу ісіне тиісті тәсілдердің жолдарын ойластырады және ұсынады.

Қылмыскердің қулық сұмдықтарына, тергеу қызметкерлері жасырылған заттық дәлелдерді тауып алу шеберлігін карсы қоюлары керек. Сол себептен, көптеген авторлардың тінту шеберлігін сөз етуі бекер емес, олар оны жүргізу кезінде тап болатын қиындықтар туралы баса айтып көрсетеді.

1. ТІНТУДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. Тінту ұғымы мен мақсаты

Тінту дегеніміз - белгілі бір қылмыстық іс жүргізу бойынша маңызы бар мекен-жайды, қора-аула, ғимараттарды, белгілі бір жер бөлігін, күдікті тұлғаларды, еріксіз түрде қарап тексеру үшін жүргізілетін заңда көрсетілген күші бар тергеу әрекеті.

Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекеті. Тәжірибенің көрсетуі бойынша қылмыскер жасаған қылмыстың іздерін жасыруға тырысады. Ол үшін қылмыскер қылмыс жолымен табылған ақша, құнды заттарды, қару, қүжаттарды тығады және де бұл заттар мүлде ойға келмейтін жерлерде тығылуы болуы мүмкін. Бұдан басқа, қылмыскер заттай айғақтардан (егер адам өлтіру болған болса, мәйіттен құтылу) құтылу мақсатында оларды жоюға тырысады.

Тергеу органдарының мақсаты - күдікті немесе айыпкердің кінәлілігін көрсететін дәлелдемелер табу. Тінту жүргізу мен заттай айғақты тауып алу сияқты тергеу әрекеттері арнайы осы мақсаттарға қызмет етеді.

Қылмыстық із жүргізуде тінту деп үй-жайды, қора-ауланы, тұлғаны еріксіз түрде қарау арқылы ісе қатынасы бар айғақ заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.

Тінту жүргізудің тактикасы. Тінту нәтижесі болу үшін тергеуші тінту алдында міндетті түрде арнайы дайындық шараларын жүргізуі қажет. Тінту жүргізілетін объекті және тінтілетін тұлға туралы қажетті мәліметтер жиналады. Мәселен, тінтілетін объект пәтер болса - оның орналасқан жерін, неше бөлмеден тұратынын, қылмыстың қай қабатта жасалғаны, телефоны бар ма, қанша адам тұрады, ал жеке үй болса ауласын, итінің бар-жоғы, үйде кісілер бар ма және тағы басқа жағдайлары алдын ала анықталады. Тінтілетін адамның мінез-құлқы, қаруланғандығы т. с. с. мәліметтер алынады.

Тінтудің мақсаты тергеу қарауының мақсатына қарағанда әлде қайда кең, өйткені қаралып жатқан объекті толығырақ зерттеледі. Тінту барысында материалдық шығынды өтеу мақсатында тәркіленуге жататын заттай айғақтар мен заттарды немесе қылмыс іздерін табу қажет.

Тінтуге біреудің иелігіндегі объектілер жатса, тергеулік қарауға жалпы қол жететін заттар жатады. Тінту еріксіз түрде жүзеге асырылады, ал тергеулік қарауда ешқандай күштеу тәсілдері жоқ. Тінту мен алу да өз ерекшеліктерімен айрықшаланады.

Жасалған кылмыстың түрлеріне орай окиға болған жерді караудын өзіндік ерекшеліктері бар. Бүл ерекшеліктер жеке кылмыстарды тергеу әдістемесінде карастырылады.

Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.

Тергеушініңдайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - тергеушінің окиға болған жерге шыкпай түрып, окиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындык, жұмыстары. Бұл ' бірінші кезенде тергеуші мына төмендегі дайындык жұмыста-рын атқарады:

1. өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сактап калу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтканда, полиция қызметкерлеріне нұскду береді;

2. окиға болған жерді карауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жүмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;

3. окиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалистикалык күрал-саймандарды және басқа да кажетті жабдыктарды дайындайды.

Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап калу жөнінде нұскду берумен қатар полиция кызмет-керлеріне кылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды аныктау және баска да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді.

Окиға болған жерді карайтын тергеу тобын кұрғанда тергеу-ші қарауға кандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала анықтайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперт немесе арнайы медициналық білімі бар адам кдтыстырылуы керек. Іздерді және баска да заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерт-теу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Кдрала-тын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да маман-дардың қатысуы мүмкін.

Карауға пайдаланылатын кұрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы кажет.

Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі да-йындык жұмыстарын жүргізеді:

• жәбірленушінің хал-жағдайы аныкталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;

• оқиға болған жердің шекарасын анықтайды;

• полиция қызметкерлерінің және баска да лауазымды адамдардың баяндауынан окиға болған жерде қандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың кандай себептен болғанын аныктайды;

• қылмысты көзімен керген куә адамдарды сұрау аркылы, окиға жөнінде деректі мәліметтер алады;

• керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нүсқау береді;

• қарауға катынасатын куәгерлерді анықтап, оларды занда көрсетілген кұкыктары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нүсқау береді;

• тергеу әрекетін карауға катысы жок бөтен адамдардын бүл жерден кетуін талап етеді;

• жедел-іздестіру органдарының кызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану аркылы қылмыскердің ізіне түсіп, оны үстауға нүскау береді.

Жоғарьща көрсетілген және де оқиғаның ерекшелігінен туындайтын баска да дайындык жұмыстарын бітіріп, тергеуші окиға болған жерді карауға кіріседі.

Кандай кылмыс жасалса да қылмыскер осы қылмыстын ашылмауына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, заттай дәлелдемелерді тығып, жок. етуге тырысады. Сондыктан тергеу кызметкерлерінін мівдеті - қалай болғанда да кылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алу. Заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алып, кылмысты ашуға көмектесетін тергеу әре-кеттерінің бірі - тінту.

Кылмыстык іс жүргізу кодексінде тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Занда егер істін мән-жайына байланысты заттай дәлелдемелерді қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу аркылы алынады деп кдна көрсе-тілген. Тінтуді уакыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сон-да ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде карау аркылы іске қатысы бар заттай дәлелдемедерді, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, занда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.

Кейбір авторлар кандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда колда-нылған кару, жалған күжаттар, кылмыскердің киген киімі, т. б. Бүлардың бәрін іске керекті заттай дәлелдемелер деп тұжырым-дап кәрсетсе де болады. Окиға болған жерді карау мен тінтудін ұксастығы - осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір нысан, не пәтер каралып, заттай дәлелдемелер ізделеді. Бірақ окиға болған жерді кдрау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінің міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен керінеді.

Окиға болған жерді карау оқиғаның қалай болғанын, кыл-мыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын анық-тауға бағытталады.

Тінтудің мақсаты - әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.

Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Онын мақсаты -тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтканда қандай зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел-іздестіру жүмыстарын тінтумен бірдей деп карауға болмайды.

Тінтудің баска тергеу әрекеттерінен айырмашылығы - оның еріксіздігі.

Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол - жеке адамды тінту (личный обыск), түрғын үйді, жеке бөлмені тінту, ауланы неме-се басқа ғимаратгар мен объектілерді тінту. Әрине, ол іс бо-йынша керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге кандай объек-тілер жатады, соған тоқталсақ. Олар - кылмыс жасалғанда қол-данылған кару-қүралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған қүралдар), жалған кұжаттар, тергеуден қашып, соттан бой жа-салап жүрген кылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып кой-ған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, үрланған кымбат бүйым-дар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың үстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салы-натын объектілер - есірткі заттар, порнографиялык, суреттер, қопарғыш заттар.

Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жүмыстарын жүргізеді. Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлық мәліметтерді жинап алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толык. ме-кен-жайы, неше бөлмеден түратыны, кылмыс ғимараттың қай кабатында жасалғаны, онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, кай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала аныкталады. Тінті-летін адам жөнінде - оның мінез-кұлкы, каруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметгерді жинап алу керек.

Екіншіден, жедел-тергеу тобын кұрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды кдй жерге ор-наластыру қажеттігін шешу керек.

Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын, айталык, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құраддарды дайындау кажет.

Дайындык жұмыстары толык, аяқталысымен тергеуші, же-дсл топкд кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір так-тикалык әдістер қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы объектіге жан-жақтан жеке-жеке келуі тиіс. Үйге жакындар алдында үйдің маңайывда бөтен адамдар бар ма, жок, па, соны абайлап карау кажет. Тінтілетін пәтер көп қабатты болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу ке-рек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұра-са басқа себеппен келгенін айту керек, мысалы коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не баскд бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп тұрғанын алдын ала білмеуі шарт.

Тінтудін тактикалык әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындык жүмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту аркылы ғана іс бойынша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондық-тан тергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер колдану арқылы, тінтетін үйге күтпеген жағдайда, кенетген кіру тәсілін ойлас-тыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объекті-лерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір заттарды өз еркімен беруі де мүмкін. Бірак тергеушінін жұмы-сы осы берген заттармен ғана шектелмейді. Өйткені дерек зат-тар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір карауға колайсыз бір жерлерге тығылып қойылуы мүмкін.

Бұдан кейін жүргізілетін жұмыс - тінту объектісін жалпы шолып карау, ауланы, бөлмелерді бакылап, дайындык үстінде алған бағдарлык мәліметтерге сәйкес пе, жок па, соны тексеру. Егер бұдан бұрын алынған мәліметтерге казіргі жағдай едәуір сәйкес келмесе, тінту жоспарына, накты жаңа жағдайларға бай-ланысты, косымша өзгерістер енгізіледі. Егер тінтілетін адам аса кауіпті қылмыскер болып, онын кару колдануы мүмкін болса, алдымен оның өзінің жеке басын тінту керек.

Жеке басты тінтудің өзі екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпы-лай тінтіп, бойында қару бар ма, жоқ па соны карап, содан кейін басынан төмен қарай киімін, денесін ұкыпты, мұкият тексеріп шығу қажет. Калтасынан табылған кұжаттар, заттар арнайы алдын ала дайыыдалған жерге койылып, кейін хатгамаға енгі-зіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілетін адаммен бір жынысты адам жүргізуі тиіс. Тінтілетін адамның денесінде бинттелген, байлан-ған жер болса оны шешіп көру үшін медицина мамандары қа-тыстырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі.

Жалпылай шолудан кейін жеке объектілерді карау кезеңі басталады. Тінтудің ойдағыдай табысты аяқталуы, онын белгілі біртәртіппен, бағытпен жүргізілуіне, объектілерді карау кезегін сақтауға, тағы басқа да тактикалық әдістердің толык және дүрыс қолданылуына байланысты.

Тінтуге кірісер алдында тергеуші нені іздеу керектігіне, қай-дан іздеу керектігіне және қалай іздеу керектігіне айрыкша на-зар аударады. Не іздеу керек екенін тергеуші тінтуге келер ал-дында аныктап, шешіп алады. Ал, кайдан іздеу керектігі тінті-летін объектіні (үйді, бөлмені) жалпы шолып карағанда анык-талады.

Не іздеу керектігін анықтаудың маңызы зор. Айталык, ізде-летін нәрсе үлкен зат па, құжат па, акша ма? Айғақ ізделетін жердің көлемі үлкен, іздеу жұмысы көпке созылатын болса, тінтуді сол ізделетін зат табылады-ау деген жерден бастау ке-рек. Мысалы, тінтуге келген объект бір жеке тұрған көп бөлмелі, ауласы, корасы, жанында учаскесі бар үй болса тінту жүмысын, іздейтін затгың неғүрлым болуы мүмкін жерінен бастаған дүрыс. Айталык, жасырын көміп койылды деген мәйітгі іздеуді кора-дан, үй жанындағы учаскеден бастаған жөн, ал кұжат, ақша, кымбат бұйымдарды іздеуді түрғын бөлмелерден бастау керек. Әрине, соңғыларын гаражға, баска да жерлерге тығып коюы мүмкін. Сондыктан олар да қаралады. Бірак мұндай заттар көбінесе үйде тығылатындыктан іздеу жұмыстарын түрғын бөлмелерден бастаған дұрыс.

Тінтуге келгенде үйде қанша адам болса, бәрі де тінту біт-кенше орнында болуы тиіс, кетуге рұксат етілмейді. Тек жұмыс бабымен келген адамдарға, айталык, укол салуға келген медби-кеге, хат тасушыға, жөндеу жүмыстарын жүргізуге келген ше-берге, өзінің кәсіби қызметіне байланысты келген тағы баска адамдарға, олардың құжаттарын, куәліктерін тексергеннен кейін үйден кетугерұқсатберіледі. Отбасы мүшелеріне, үй-іші, бала-шағаларға бір белгілі жер бөлініп (мысалы, жеке бөлме) тінту біткенше сол орында отыруды талап ету керек. Бірнеше бөлме болса, кай бөлмеден тінту бастау керек екені бірден шешіліп, аныкталуы тиіс. Кей жағдайда тергеуші өзі бір бөлмені тінтсе, екінші бөлмені тінту өзімен бірге келген полиция кызметкеріне тапсырылады. Тінтетін объекттек бір бөлме бол-са іздеу есіктен басталып, кабырға бойымен бір бағытта оңнан солға, не керісінше жүргізіліп, одан кейін бөлменің ортасында тұрған объектілер каралады. Табылған заттар алдын ала арнайы белгіленген, айталық, арнайы жеке үстелге кезек-кезегімен койы-лады.

Тінту үстінде тінтілетін адамның көңіл-күйін, іс-әрекетін, психологиялык құбылысын бақылап, осының бәріне сын көзбен қарау керек, себебі мұндай жағдайда тінтілетін адам асып-са-сып, заттың тығылған жерін өзі білдіріп қоюы әбден мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тінту ұғымы мен мақсаты
Ғимаратта тінтуді жүргізудің тәсілдері
Тінтудің міндеттері
Дәлелдемелерді жинақтау және зерттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйдің қол сұқпаушылығы жағдайлары
Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
Тінту тергеу әрекетінің жалпы сипаттамасы
Тінту жүргізу
Тінтудің криминалистикалық түсінігі және тактикалық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі, құрылымы және өкілеттілігі
Тергеу кезіндегі тінту жүргізудің құқықтық және теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz