Ұйымдастыру функциясы: тігінен және көлденең еңбек бөлінісі мен басқару деңгейлері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Тігінен және көлденеңнен еңбек бөлісу.

Басқару деңгейлері.

Орындаған: Ергалиева А. А.

Тексерген: Кушуков Г. С.

Семей 2015

Жоспар:

  1. Ұйымдастыру функциясы
  2. Ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі. Басқару деңгейлері

1. Ұйымдастыру функциясы

Ұйымдастыру процесс ретінде қарастырылады және бұл -процесс көмегімен жұмыстар мен өкілеттіктер ұғылымы жасалады. Бұл процесс кезінде түрлі құрылымдардың салыстырмалы артықшылықтарын бағалай отырып шешім қабылданады. Ол «бір ретті» немесе «бірте-бірте дамуы» мүмкін, онымен бір басшы немесе басшылар тобы шұғылдануы мүмкін.

Құрылым ұйым ішіндегі әр түрлі жұмыстар арасындағы біршама белгіленген арабайланыс қатарына жатады. Тұрақты арабайланыстар шешімдер қабылдау процесінің нәтижесі болып табылады, ал соңғысы мынаны түсіндіреді:

1. Бөлімнің жалпы тапсырмасы тізбектелген ұсақ жұмыстарға бөлінеді және оның әрқайсысын орындау үшін бөлім қызметкерлері маманданады.

2. Жұмыстардың жеке түрлерін қайтадан қиыстырып топты құруды рационалдау үшін топтастырады; бөлімдерге бөлудің мәні осында жатыр.

3. Бір бастық алдында есеп беретін топтың шамасы анықталуы тиіс, бұл жерде әңгіме бақылау мәселесі туралы туады.

4. Өкілеттіктер жұмыстар немесе жұмыс топтары арасында үлестіріледі. Бұл жерде өкілеттіктерді табыстау туралы мәселе шешіледі.

Осы төрт мәселені шешудің нәтижесі боп ұйым құрылымы табылады. Ұйымның тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар дәл анықталып, бірыңғай бөлімдер және бақылаудың тағылған салалары мен орталықтанған өкілеттері анық болуы тиіс.

Ұйым құрылымын құрастыру принциптерін бірінші ұсынған автор - ол А. Файоль болды. Ол 14 принципті ұсынды, алайда басқа да көптеген принциптер қолдануға болатынын атап өткен.

Сонымен, ұйымдастыру басқару функциясы ретінде кәсіпорынның құрылымын құру процесі болып табылады, бұл құрылым адамдарға бірігіп тиімді қызмет етіп мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Мұнда ұйымдастырудың екі аспектісін атап өту қажет. Бірінші және ең маңызды аспект - жоғары және төменгі деңгейлерді байланыстырып, тапсырмаларды үлестіріп және үйлестіруін қамтуға мүмкіндік туғызатын өкілеттіктер, өзара қатынасы. Екінші және ең белгілі аспект - ұйымды мақсаттар мен стратегияларға сәйкес бөлімшелерге бөлу.

2. Ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі. Басқару деңгейлері

Менеджменттің негізгі іс- әрекеті еңбек бөлінісі болып табылады. Егер екі адам ұйымда бірге жұмыс жасайтын болса, олар жұмысты өзара бөлісіп атқарулары керек. Еңбек бөлінісі тікелей және көлденең болып бөлінеді. Тікелей еңбек бөлінісі ұйымның арнаулы тапсырмалары бойынша өнімді көбірек өндіреді. Шағын ұйымдарда тікелей еңбек бөлінісі айқын орындалмай қалуы мүмкін. Мысалы, шағын мейрамхана иесі кезекпен ас дайындап, тамақтанушыларға да қызмет көрсетуі мүмкін. Кең көлемді ұйымдар өндіріс мақсаттарын толықтай орындау үшін тікелей еңбек бөлінісіне сүйенеді.

Ұйымдардың аумағы кеңейген сайын олардың қызметшілерінің кімнен тапсырма алып, есеп берулерінде қйындықтар туындайды. Ұйым сәтті жұмыс атқаруы үшін басқару бойынша жұмыстар басқаруға жатпайтын жұмыстардан бөлінуі керек, демек, ұйымды басқару үшін жетекші тағайындап, оның атқаратын қызметін және қызметтік бабын анық көрсетуі тиіс. Мұндай еңбек бөлінісінің нәтижесінде басқару деңгейі анықталады.

Шартты түрде айтатын болсақ, компанияда құрылымдық басқару жоғарғы, орта, төменгі буын болып бөлінеді.

Жоғары буын басқарушылары- құрылымдық басқарудың жоғарғы өкілдері. Олар ұйымға деген жауапкершілігі жоғары және ұйымда үстем басқарушы тұлғалар.

Орта буын басшылары - құрылымдық басқарудың орта буыны, олар жоғарғы басқару деңгейі мен орта буындарды байланыстыра отырып, үлкен жауапкершілікке ие болатын деңгей. Олар жоғарғы буын басшыларының міндеттемелерін төменгі буынға жүргізіп, төменгі буын менеджерінің қызметін бақылайды.

Төменгі буын басшылары - құрылымдық басқарудың орта деңгей өкілдері. Олар өздеріне тиесілі міндеттерді атқарады. Оларды бақылаушы- менеджер деп те атайды.

Ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.

Көлденең еңбек бөлінісі - басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.

Тік еңбек бөлінісі - басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді.

Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.

Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.

Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгші ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Ахметов Қ. Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005.
  2. Рахымбаев А. Б, Сабатаева Б. О Менеджмент (Оқу құралы) - «Заң әдебиеті», Алматы: 2006. - 149 бет
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі мен басқару деңгейлері
Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі: басқару деңгейлері және басқару субъектісі мен объектісі
Менеджмент негіздері: тігінен және көлденең еңбек бөлінісі, басқару деңгейлері және басқару субъектісі мен объектісі
Тік және көлденең еңбек бөлінісі және басқару деңгейлері
Басқару деңгейлері мен тігінен және көлденең басқару құрылымдары
Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі: ұйым құрылымы мен басқарудағы рөлі
Тігінен және көлденең еңбек бөлісу мен басқару деңгейлері: ұйымдық басқару құрылымының принциптері
Еңбек қызметін ұйымдастыру: өндірістік факторлар, еңбек бөлінісі, кооперация және еңбек қатынастары
Еңбек қызметін ұйымдастыру: өндірістік ұйымдастырушылық факторлар, еңбек бөлінісі, кооперация және еңбек келісімдері
Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде: кәсіпорын құрылымы, қағидалар мен басқару модельдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz