Дельфи ортасында бағдарламалау


Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1 Негізгі бөлім
3: 4
Кіріспе: 1. 1 Есептеуіш машинаның даму тарихы
3: 4
Кіріспе: 1. 2 Delphi тарихы
3: 6
Кіріспе: 1. 3 Delphi-дің 7 версиясымен танысу
3: 10
Кіріспе: 1. 4 Delphi ортасымен танысу
3: 11
Кіріспе: 1. 5 Құрал саймандар батырмалары
3: 13
Кіріспе: 1. 6 Компоненттер палитрасы
3: 14
Кіріспе: 1. 7 Программада қолданылған Delphi компоненттері
3: 16
Кіріспе: 1. 7. 1 TMainMenu компоненті
3: 16
Кіріспе: 1. 7. 2 TLabel компоненті
3: 17
Кіріспе: 1. 7. 3 TPanel компоненті
3: 17
Кіріспе: 1. 7. 4 TImage компоненті
3: 18
Кіріспе: 1. 7. 5 TImageList компоненті
3: 18
Кіріспе: 2 Практикалық бөлім
3: 19
Кіріспе: 2. 1 Есеп мақсаты
3: 19
Кіріспе: 2. 2 Ойын программасының алгоритмі
3: 19
Кіріспе: 2. 3 Қолданылған интерфейстың сипаттамасы
3: 24
Кіріспе: Қортынды
3: 25
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 26
Кіріспе: Қосымша А
3: 27

Кіріспе

Осы курстық жобаның басты мақсаты Delphi тілінде жазылған жеңіл ойын құрастыру және кез - келген қолданушы компьютерінін аз қуаттылығына қарамастан еркін пайдалану мүмкіндіктерін жасау болып табылады.

Соңғы жылдары компьютерлік технология қарқынды дамуда, қуатты графикалық карточкалар мен процессорлардың пайда болуы компьютерлік ойындар өнеркәсібінің жылдам өркендеуіне ықпал етті. Компьютерлік ойындар өнеркәсібінің дамуы әдетте компьютер үшін өте жоғары талаптарға ие кешенді бағдарлама болып табылады. Соған қарамастан, танымал шағын компьютерлік ойындар сан алуан. Кез келген ЭЕМ операторы жұмысының үзілісі кезінде демалуға мүмкіндігі болуы үшін жаңа компьютерлік ойындар болуы қажет-ақ, бірақ төмен жабдықталған кеңсе компьютерлері мұндай ойындарды пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осы мүмкіндіктерді іске асыра отырып, төменгі жылдамдықтағы компьютерлер үшін «Крестик-нолик» ойынының бағдарламасын құру мақсат етіп қойылды.

Бұл курстық жобада жеңіл «Крестик - нолик» ойын программасы құрылады және толығымен зерттеледі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер орындалады:

-Delphi 7 компоненттерін қолданылды

-Компоненттерді зерттелді

Курстық жоба орындау барысында алгоритмдер мен функцияларды дұрыс орналастыру басты жұмыстың бірі болып табылады.

Курстық жоба екі бөлімнен тұрады: негізгі және практикалық. Негізгі бөлімде Delphi тарихы, программаны жазу кезінде колданылған компоненттер, және олардың сипаттамасы, мүмкіндіктері көрсетілген.

Практикалық бөлімде құрылған программа толығымен сипатталып жазылған. Ойын процессін көрсететін әрбір процедура реті көрсетілген.

  1. Негізгі бөлім

1. 1 Есептеуіш машинаның даму тарихы

50-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы - бірінші буын ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектің негізгілері вакумдық электрондық шамдар еді. Мұндай компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары бір секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп аталады да, оны орындайтын команда машиналық команда деп аталды. Оның үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программалар машиналық командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбекті қажет еткен. Ал, ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланған) .

Транзисторды ойлап шығарғанға байланысты, 50-жылдардың соғы кездері техникалық негіздері түгелдей алмастырылған, негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын екінші буын ЭЕМ-дері жарыққа шықты. Мұндай элементтер машинаның әрекет тездігін және сенімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Екінші буын машиналарының сырт аумағы, масасы, энергия пайдалану шамасы көп төмендегендіктен, олардың өзіндік құны да бірінші буын машиналарына қарағанда көп төмендетілді. Оның үстіне, бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі (Алгол, Фортран, Бейсик, т. б) программалау тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.

Информация өзінің хабары мен мазмұны арқылы сипатталатындығы және хабар жіберушіден қабылдаушыға материалды - энергетикалық (электр, жарық, дыбыс және т. с. с сигналдар) түрінде берілетіндігі белгілі. Хабарды қабылдау қабылдаушының жағдайын сипаттайтын қандай-да бір шаманың уақытқа байланысты өзгерісімен тікелей байланысты. Демек, информациялық хабарды информациялық процесс жүретін физикалық ортаның материалдық - энергетикалық параметрлерін уақытқы байланысты өзгертетін Х(t) функциясымен бейнелеуге болады. Осы функция үздіксіз де (мысалы, уақытқа байланысты өзгеретін дененің жылдамдығы, ауаның температурасы және электр тогының күші сияқтылар), үздікті де (мысалы, уақытқа байланысты белгілі бір қатынас тіліндегі таңбалар тізбектері немесе дыбыстар тіркестері арқылы құрылатын сөздер мен сөйлемдер) болуы мүмкін. Үздіксіз функциялар арқылы бейнеленетін хабар - аналогты сигнал, ал үздікті функциялар арқылы берілетін хабар - дискретті сигнал деп аталады. Адамның сезім мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі болғандықтан үздіксіз информацияны дискретті түрде қабылдайды.

Ең алғаш ДЭЕМ тек сандық информацияларды өңдеу, яғни ғылыми-техникалық, соның ішінде көбінесе шешу үшін ғана қолданылған. Сондықтан оның атындағы «дискреттік» деген сөздің орнына «цифрлық» деген анықтауышты пайдаланып, цифрлық есептегіш машина (ЦЕМ) деп аталып кетті.

Қазіргі кезде ЦЕМ арқылы информациялардың кез келген (сандық, символдық, локикалық) типін өңдеуге, яғни әр түрлі (ғылыми-техникалық, экономикалық мәтіндерді түрлендіру, бір тілден екінші тілге аудару, басқару, жасанды зерде және т. б. ) есептерді шешуге болады. Оның себебі, бұларда информацияларды өңдеу және сақтау үшін екі тұрақты жағдайлары бар физикалық құрылғылар қолданылады. Бұл жағдайларды “ 0 ” және “ 1 ” цифралырымен белгілейді. Сондықтан өңдеуге қажет информациялар және оларға қатысты алгоритмдер “ 0 ” және “ 1 ” - ден тұратын тізбектер арқылы берілуі керек. Ал қандайда болмасын алгоритмдік тілде жазылған алгоритмді және кезкелген таңбалардың тізбектері арқылы берілген өңдеуге қажет информацияларды мазмұндарын өзгертпей “ 0 ” мен “ 1 ” -ден тұратын тізбектер арқылы кескіндеуге болады(бір ғана мазмұн әртүрлі хабар арқылы беріледі) . Яғни, ЦЕМ әмбебап есептегіш (өңдегіш) құрал болады. Біздің қарастыратынымыз тек ЦЕМ.

Ең алғаш 1946 жылы АҚШ ғалымы Джон фон Нейман әмбебап ЦЕМ жасаудың негізгі принцииптерін жариялады. Осы принциптерді толық жүзеге асырып жасалынған ең бірінші ЦЕМ “EDSAC” деген атпен 1949 жылы Англияда Кембридж университетінде жасалынды. Бір жылдан кецін 1950 жылы “EDVAC” атты әмбебап ЦЕМ АҚШ-та шықты. Бұл елдерде оларды ағылшын тілінде «компьютер» деп атады. Сондықтан осы терминді «автомобиль» деген термин сияқты қазақ тіліне өзгертпей ендіріп қолдануымыз керек. Бұрынғы Кеңес одағында ең бірінші «МЭСМ» деген компьютердің жасалуы 1947 жылы басталып 1951 жылы аяқталды, 1952-1953 жылдары келесі “БЭСМ - 1” компьютері жасалынды.

Алгоритмнің “ 0 ” мен “ 1 ” - ден тұратын тізбектер арқылы кескінделуін программа деп атайды. Ал ондағы нұсқаулар мен амалдарды бұйрықтар дейді. ЦЕМ орындай алатын барлық бұйрықтар жиынын машиналық тіл деп атайды. Қазіргі машиналық тілдің әліпбилері тек “ 0 ” мен “ 1 ” - ден “” ғана құрылады.

1. 2 Delphi тарихы

Delphi тілінің тарихы Н. Вирт 70-жылдары жоғары деңгейлі Pascal тілін тапқаннан кейін басталды. Бұл тіл бағдарламалауды оқып үйренуде ең жақсы тіл болып табылады. Осыдан кейін 1983 жылы Borland компаниясын ұйымдастырған А. Хейлсберг басқа бағдарламалаушылармен бірге Turbo Pascal компиляторын құрастырды және ол Delphi тілінің дамуында келесі қадамдардың бірі болды.

Содан кейін бағдарламалауға объектілі-бағытталған тұрғыда қолданылған Object Pascal пайда болды. Windows, Windows 3. 10 бірінші версиясы пайда болған кезде, бағдарламашылар Delphi 1-ді жасаған болатын. Бұл Object Pascal тіліне негізделген бағдарламаны визуалды өңдеуге арналған объектілі-бағытталған орта болып табылды, яғни Delphi-дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып - үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі - бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.

Windows 95 шыққан кезде Delphi 2, содан кейін Delphi 3, 4, 5 пайда болды. Delphi-дің негізі болып табылатын Object Pascal бағдарламалау тілдері көптеген өзгерістерге ұшырады, содан соң Borland компаниясының Delphi 6 пайда болысымен атын Object Pascal-дан Delphi-ға ауыстырғанын ресми түрде хабарлады. Сондықтан Delphi - бұл бағдарламаны өңдеудің визуалды ортасы деп айтылуы да дұрыс. Сонымен қатар, Delphi бағдарламалау тілдерінің ең жақсысы деп есептейтіндерде дұрыс пікірде.

Delphi көмегімен құрылған бағдарламалық қамтамасыздандыру нарығы Delphi 7-де жазылған бағдарламалық өнімдерді құрайды. Delphi-дің негізін бағдарламалау тілі ғана емес, RAD (Rapid Application Development) - бағдарламаны тез өңдеу ортасы құрайды.

Визуалды бағдарламалау және визуалды компоненттердің қоры негізінде Delphi өзіне басты жұмыстарды қабылдай отырып, бағдарламаны тез әрі тиімді етіп құруға мүмкіндік береді. Әрине Windows үшін кәсіби бағдарламаларын тез жасау мүмкіндігі Delphi - бағдарламашыларын қоғамдағы қызметтің барлық салаларында талап етеді.

Delphi және Object Pascal көп жылғы эволюцияның нәтижесі болғандықтан бүгінгі таңда олар жаңа компьютерлік технологияның өнімі болып табылады. Жеке тұрғыдан алғанда оны былай айтуға болады, Delphi-дің көмегімен бағдарламаның әртүрлі типін, атап айтқанда, консольді қосымшалардан бастап мәліметтер базасы мен Internet-те жұмыс істейтін бағдарлама құруға болады.

Borland компаниясы 1981 жылы Нильс Енсен, Хенриксен және Могенс Глад атты азаматтары құрған. Delphi-ді өңдеген Borland компаниясы болды. Ол осы компанияның өте тиімді және сапалы өнімі болды. 1994 жылы Delphi-дің бірінші нұсқасы шықты. Delphi ортасы Turbo Pascal құралының көмегімен эволюцияланған. Turbo Pascal толығымен процедуралық тіл болды, бірақ Turbo Pascal өзінің 5, 5 нұсқасына объектілі-бағдарлы қасиетін қосты. Содан келіп Turbo Pascal атауы Object Pascal атымен атала бастады. Тек 2003 жылдан бастап қана Delphi атауы берілді.

Сурет 1. Delphi 1

Delphi 1. Алғашқы нұсқасы 1995 жылғы мамырда пайда болған кезде Windows 95 (ол кезде Windows NT болды) болған жоқ. Бұл 16-биттік Windows 3. 1 (3. 11) версиясымен жұмыс жасайтын нұсқасы. Бұл бірінші объектілі-бағытталған тілдер, жаңа нысан үлгісі, сынақтан өткен тілдік С ++ болды Turbo Pascal-мен салыстырғанда айтарлықтай толықтырулар мен өзгерістер жасады.

Алғашқы нұсқасы 9 парақтан тұрады және 79 құрамдас бөліктерді қамтиды.

Сурет 2. Delphi 2

Delphi 2. Екінші және барлық кейінгі Delphi нұсқалары Windows 95/98/2000 / NT (Windows 32) 32-биттік ОЖ іске қосылу үшін арналған. Жаңа сапалық ОЖ көшуне байланысты көптеген өзгерістер енгізді оның ішінде:

- 16-биттік таңбаларды қолдану енгізілді;

- жолдардың жаңа пішімі 8;

- кез келген ұзындықтағы биттік таңбалар;

- деректердің variant және currency жаңа түрлері енгізілді;

- Кестелік деректерді TTable сүзу тетігі енгізілді.

12 галерея компоненттері қарастырылған, оның ішінде 114 стандартты компоненттер орналасқан.

Сурет 3. Delphi 3

Delphi 3. Негізгі өзгерістер осы нұсқада:

- Компоненттерін бөлу және қайта пайдалануды жеңілдету үшін пакеттерін тетігін пайдалану;

- Шаблонды қолдау компоненттері;

- COM, ActiveX, OLEnterprice және CORBA техналогиясын қолдайды.

Үшінші нұсқа 4 деңгейілі бөлімде жеткізіледі: Стандартты, Кәсіби, Клиент / сервер Suite мен Enterprise.

13 бетті галерияда 148 стандартты компаненттер орналаскан. 3, 5 модификациясында көп деңгейлі дерекқордын іске асыру үшін қосымша компоненттер енгізілді.

Сурет 4. Delphi 4

Delphi 4 . 1998 жылдың шілдесінде Delphi-дің 4 нұсқасы пайда болды және пайдаланушылар қарқынды өсті.

Осы нұсқаның негізгі қамтитын өзгерістері:

- Тіліндегі өзгерістер: динамикалық массивтер, шамадан тыс әдістері, жаңа типтер Int64, Real48 және Double аналогы ретінде қолданылады;

- Код редакторындағы өзгерістер: автоматты коды аяқтау; бастапқы кодын іздеу мүмкіндігі; жүзеге асыру әдісі, және керісінше оңай көшу;

- Бірдей функционалдық мақсаты интерфейс элементтерінің түрі мен әрекетін біріктіруге «акциясы» іс-қимыл тетігі;

- Деректер базасын және есептеу бөлінген көп деңгейлі қолдау жақсартылады.

- 14 бетті палитрада 182 стандартты компоненттер орналасқан.

Сурет 5. Delphi 5

Delphi 5. 1999 жылдың шілдесінде шыққан Delphi-дің 5 нұсқасында айтарлықтай өзгерістер болмады:

  • 20 бетті комплектация қуатты 218 стандартты қосымшылар орналаскан.

- Код редакторындағы өзгерістер: автоматты коды аяқтау; бастапқы кодын іздеу мүмкіндігі; жүзеге асыру әдісі, және керісінше оңай көшу;

  • Бірдей функционалдық мақсаты интерфейс элементтерінің түрі мен әрекетін біріктіруге «акциясы» іс-қимыл тетігі;

Сурет 6. Delphi 6

Delphi 6. 2001 жылдың мамыр айында шығарылған Delphi 6 нұсқасы 5 нұсқаны шығарғаннан кейін дерлік 2 жылдан кейін шықты. Жаңа нұсқа бойынша туындаған кідіріс Kylix және OS Linux үшін Delphi жұмысын шығару болды.

Delphi 6 негізгі ерекшеліктерін арнайы айтып кетуге лайық:

- Ол Web-бағдарламалауды қолдау одан әрі қадамдарды және BDE жоқ кейбір танымал салалық деректер базасының серверлерін ең жылдам байланыс жасап, драйверлер мен компоненттерін әзірледі.

-27 бетті комплектацияда 387 стандартты қосымшылар орналастырылған (CLX режимінде 21-бетте 211 компоненттері бар) .

Сурет 7. Delphi 7

Delphi 7. 2002 жылы жетінші нұсқасы шықты, ол ең танымал және тұрақты бағдарламаға айналды.

Delphi 7 қол жетімді негізгі ерекшеліктері:

- Microsoft . NET Framework жұмыс істеу үшін құралдар ерекше нұсқасы;
- Кәсіпорын өтінім Model Driven Architecture (MDA) технологиясың толық шешім жобалау және орналастыру;

- Қуатты және ыңғайлы WEB-қосымшалар әзірлеу құралдары;

- Rave Reports жоғары сапалы кросс-платформа құру құралы ;

- ModelMaker модельдеу ортасы (UML технологиясы бойынша) .

Алғаш рет Borland компаниясы Delphi 7 - нің көмегімен . NET - ке көшу мүмкіндігі бар екендігін көрсетті.

1. 3 Delphi-дің 7 версиясымен танысу

Delphi 7 түрі(версиясынің) ерекшелігі: бұның алдындағы версиялардың(түрі) мүмкіншіліктері мұнда жоқ болып шығады.

Delphi-дің 7 түрі(версиясы) алдындағы 6 түрі(версиясы) -нің бағдарлама жасаудың тілімен және интеграциялық ортасы мен қатты ұқсас. Оның ерекшелігі - интернет жүйесіне бағдарлама жасауды жеңілдету үшін жаңа технологияларды енгізу. 7 версияның тағы да ерекшелігі - автоматтандырылған бағдарламаны жасау CASE атты құрал, басқаша айтқанда Modal Moker.

Modal Moker. құарлы барлық жұмысқа да ыңғайлы. Мысалы ол компьютерде жұмыс жасаған адамға мағыналы мысалдарды орындай отыруға көмектесіп, өзі басқа қара жұмысты орындап отырады.

Интернетке арналған қосымша технологиялары да әлдеқайда өзгерген. Intra Web бөлшектері арқылы қосымша көмек сұрамайтын жаңа технология дайындауға болады.

Кроссплатформалық көмекшіні жасауды одан әрі жеңілдету үшін Delphi 7 мен Kylix 3 арналған тіл айырмашылығы жойылған.

VCL және CLX жүйесінің жұмысын жеңілдеткен кезде VCL-дан Quick Report, Past Net бөлшектері жойылып кетті.

Бірнеше өзгерістерді есептемегенде 7 версияның ең басты ерекшелігі - кроссплатформалық көмекші құралдардың жақсы деңгейде ұсталуы және де CASE құралдарын енгізу туралы.

VCL бағдарламасын жасаудағы 26 орнында 325 бөлшектер орналасқан.

Delphi бағдарлама жасаудың біріңғай жүйесі болып келеді. Басқа да өзіне сәйкес жүйе сияқты Delphi жаңадан бағдарлама жасауға арналған. Delphi жүйесінің өте бір жақсы екі ерекшелігі бар, олар: ол жасаған бағдарлама тек қана Windows арқылы жұмыс жасап тұрмайды, ал өзі бағдарламаны түзетіп жасаудың инструменттер түріне жатады (RAD) . Delphi жүйесі Visual Basic тілінен айырмашылығы қатал түрдегі біріңғайлылығы. Бұл ерекшелік компиляция жасалынып жатқанда ақ, компеляторға көптеген қателерді тауып беруге көмек береді. Бұл жүйе өзінің көрсеткіштері арқылы СОМ түрлері және технологияларымен жедел түрде байланыса алады. Ал Visual Basic пен Java жүйелері СОМ технологиясымен жұмыс жасағанда онымен жәй әрі кештеу байланысады.

1. 4 Delphi ортасымен танысу

Delphi-ді іске қосқан кезде осындай терезе алдыңызға шығады. Оның ішінде:

  1. негізгі терезе;
  2. обьектілер тармағының терезесі;
  3. обьектілер инспекторының терезесі;
  4. броузер терезесі;
  5. формалар терезесі;
  6. программа кодының терезесі

Программа кодының терезесін көру үшін F12 клавишасын басу жеткілікті. Delphi-ді алғаш шақырғаннан кейін «Intprise-бен байланыс. Delphi Direct» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Intprise коорпарациясының Web-беттеріне кіруге мүмкіндік туады.

Негізгі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюіб пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.

Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық операциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды. Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары орналасқан.

Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар) . Олардың ішінен Gustomise-ды (настроика, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.

Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналастырған ыңғайлы: Project\Syntax Chek - программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug/ Windows/Watches- откладкалық режимді бақылау терезесіне кіру және т. б.

Пикторафикалық батырмалар бас менюдің негізгі опцияларына жылдам кіруге мүмкіндік береді. Олар басқару белгілері бойынша 7 топқп бөлінген. Әрбір топ бір панельде орналасады:

  1. Standard тобы;
  2. View тобы;
  3. Debug тобы;
  4. Custom тобы;
  5. Desktops тобы;
  6. Internet тобы;

1. 5 Құрал саймандар батырмалары

Standard тобы:

  • Жаңа форманы құру. Команда эквиваленті File-New-Other.
  • Сақталынған файлды ашу. Команда эквиваленті File-Open.

Дискіге файлды сақтайды. Команда эквиваленті File-Save .

Барлық файл проектілерді сақтайды. Команда эквиваленті File-Save All.

Сақталынған проектілерді ашу. Команда эквиваленті File-Open Project .

Жаңа проетіні қояды. Команда эквиваленті Project-Add to Project.

Проектіні жояды. Команда эквиваленті Project-Remove from Project.

View тобы:

Модуль тізіміндегі ашылған проектіге модуль қояды. Команда эквиваленті View-Units.

Форма тізіміндегі ашылған проектіге форма қояды. Команда эквиваленті View-Forms.

Форма терезесімен программа коды терезесімен ауысу. Команда эквиваленті View-Toggle Form/Unit.

Ашылған проетіге жаңа форма қою. Команда эквиваленті View-New-Form.

Debug тобы:

Компилированиялайды және программаны орындайды. Команда эквиваленті Run-Run.

Программа ортасында пауза жасайды. Команда эквиваленті Run-Program Pause.

Біртіндеп программаны алға қарай іске қосады. Команда эквиваленті Run-Trace Into.

Біртіндеп программаны артқа қарай іске қосады. Команда эквиваленті Run-Step Over.

Custom тобы:

Анықтама қызметін ашады. Команда эквиваленті Help-Delphi Help.

Desktops тобы:

Қалған терезерді реттеу мүмкіндігінің тізімі.

Реттеу терезесін сақтау.

Реттеу терезесін таңдау.

Internet тобы:

Қосымша Web Snap жаңа технологиясымен құрылады.

Қосымша Web Snap бетті құрады.

1. 6 Компоненттер палитрасы

Delphi-де программа дайындау ұшiн компоненттiк тәсiл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кiтапханасы программалау ортасымен бiрге ұсынылатын, белгiлi бiр iс-әрекеттi орындайтын компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесiне енгiзiледi. Компоненттiк тәсiл программалау технологиясына нағыз төңкерiс жасады деуге болады, себебi, компоненттердi пайдалану программа жұмысын кұрделi тұрде жеңiлдеттi.

  • Компоненттер кiтапханасын визуальды компоненттер кiтапханасы (Visual Component Library, VCL) деп атайды. Онда тұрлi компоненттер жинақталып (Delphi 5-те олардың саны 200-ден артық), олар тұрлi атаулы 19 бетке орнатылып қойылған.

Жиi қолданылатын беттер мен компонеттер 1-кестеде көрсетiлген:

1-кесте

Беттер мен компонеттер кестесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Borland Delphі ортасының интерфейсі
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Delphi бағдарламалау тілінде проектіні құрастыру
Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасындағы Samples компоненттер тақтасы бетінің ақпараттық анықтамалық жүйесін жасау
Delphi программалау ортасы туралы жалпы түсінік
Дельфиде логикалық ойын бағадарламасын құру
Delphi ортасындағы функционалды инженерлік калькулятор бағдарламасын құру
ОЙЫН СФЕРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ
Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару
Delphi7 обьектілі бағытталған бағдарламалау ортасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz