Delphi-дiң мүмкіндіктерін қолданып, азық-түлік автоматының жұмыс принципін бағдарламалау



Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1 Delphi тарихы
1.2 Программада қолданылған Delphi компоненттері
1.2.1 Форма терезесі
1.2.2 Компоненттер түсінігі
1.2.3 Edit компоненті
1.2.4 Button компоненті
1.2.5 Label компоненті
1.2.6 Image компоненті
2. Практикалық бөлім
2.1 Тұтынушыға арналған азық.түлік автоматы жүйесі жобасын құру

2.2 Тұтынушыға арналған азық.түлік автоматы жүйесі жобасын құру кезеңдері
2.3 Тұтынушыға арналған азық.түлік автоматы жүйесінің интерфейсін қолдану бойынша кеңестер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Тақырыптың өзектілігі. Аталған тақырыптың таңдалудың негізгі себептерінің бірі – қазіргі таңдағы адамзат дамуының жаңа кезеңі XXI ғасыр, және бұл ақпараттық қоғам дәуірі болып табылуында. Сонымен қатар, осы ақпараттық қоғам дәуірінің негізін компьютерлік технологиялар құрайды. Сол себепті де бүкіл дүние жүзінің елдерінде ең алдымен ақпараттық жаһандану үрдісі жаппай етек алуда.
Соңғы жылдары бағдарламалауға деген қызығушылықтың артуы ақпараттық технологияның дамуымен және оның күнделікті өмірге енуімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар адам өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналды.
Соның ішіне қазіргі кезде азык түлік автоматтары біздің күнделікті өмірімізде біртіндеп қолданыс таба бастады, әсірісе шет елдерде азық түлік сатып алуды автоматтар арқылы жүзеге асыру танымал. Себебі ол өте ыңғайлы тәсіл болып табылады. Бұл айтып тұрғанымыз жеңіл азық түлік түрлері. Мұндай автоматтар кофе, шай, какао, шырын, газдалған су сиякты сусындарды, шоколад, чипсы, сорпа, гамбургер, хотдог, чизбургер тәрізді тағамдарды ұсынуы мүмкін. Автоматтың өзі тауарды сақтау, тауарды шығару және ақша қабылдау бөлімдерінен тұрады. Автоматтар жиі кеңсе орталықтарында, метро, көлік тораптарында, түрлі мекемелерде, үлкен сауда орталықтары мен клиникаларда орнатылады. Адамдарға жұмыс істеп жүрген уақытында немесе жалпы белгілі бір шаруаларды жасау кезінде бұл автоматтар жылдам тұтынуға мүмкіндік береді. Бұл автоматтар сіздің уақытынызды үнемдейді және бұл автоматтарды пайдалану өте карапайым.
Осы жағдайлардың барлығы аталған тақырыптағы курстық жобаны дайындауға итермеледі.
Курстық жобаның мақсаты. Бұл курстық жобаның негізгі мақсаты Delphi-дiң мүмкіндіктерін қолданып, азық-түлік автоматының жұмыс принципін бағдарламалау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:
- объект, оқиға, қасиет түсiнiктемелерiмен еркiн танысу;
- объект, оқиға, қасиет компоненттерiн пайдалануды үйрену;
- әртүрлi командалардың жазылу түрлерiн бiліп, нақты есептердi шешу бағдарламаларын құруды үйрену;
- Project, Object TreeView, Object Inspector терезелерімен жұмыс жасау ережелерін игеру.
Паскаль бағдарламалау тiлiмен жұмыс жасағандарға көп қиындық келтiрмейдi.
Зерттеу нысаны: азық-түлік сатып алу автоматы.
Зерттеу пәні: объектілі-бағытталған бағдарламалау: delphi тілі.
1. Култин Н.Б – “Delphi в задачах и примерах”. Петербург, 2003.
2. Камалова Г.А, Муталова Ж.С – “Delphi ортасында бағдарламалау негіздері – оқулық”. Орал, 2015ж.
3. [Электронды ресурс] http://helpdelphi.ru.
4. [Электронды ресурс] http://www.snkey.net/books/delphi/ch3-2.html.
5. [Электронды ресурс] http://poznajvse.com/programirovanie/delphi/11-df-vvedenie/34-df-komponent-delphi.
6. Культин Н.Б - “Основы программирования в Delphi” . Петербург, 2011г.
7. [Электронды ресурс] http://www.delphi-manual.ru/components.php.

Мазмұны

Кіріспе 2
Негізгі бөлім 3
Delphi тарихы
Программада қолданылған Delphi компоненттері 4
Форма терезесі
Компоненттер түсінігі 6
Edit компоненті 8
Button компоненті 9
Label компоненті 10
Image компоненті 12
Практикалық бөлім 13
2.1 Тұтынушыға арналған азық-түлік автоматы жүйесі
жобасын құру
2.2 Тұтынушыға арналған азық-түлік автоматы жүйесі 14
жобасын құру кезеңдері
2.3 Тұтынушыға арналған азық-түлік автоматы жүйесінің 22
интерфейсін қолдану бойынша кеңестер
Қорытынды
25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
26
Қосымша
27

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Аталған тақырыптың таңдалудың негізгі
себептерінің бірі – қазіргі таңдағы адамзат дамуының жаңа кезеңі XXI ғасыр,
және бұл ақпараттық қоғам дәуірі болып табылуында. Сонымен қатар, осы
ақпараттық қоғам дәуірінің негізін компьютерлік технологиялар құрайды. Сол
себепті де бүкіл дүние жүзінің елдерінде ең алдымен ақпараттық жаһандану
үрдісі жаппай етек алуда.
Соңғы жылдары бағдарламалауға деген қызығушылықтың артуы ақпараттық
технологияның дамуымен және оның күнделікті өмірге енуімен тығыз
байланысты. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар адам өмірінің ажырамас
бір бөлігіне айналды.
Соның ішіне қазіргі кезде азык түлік автоматтары біздің күнделікті
өмірімізде біртіндеп қолданыс таба бастады, әсірісе шет елдерде азық түлік
сатып алуды автоматтар арқылы жүзеге асыру танымал. Себебі ол өте ыңғайлы
тәсіл болып табылады. Бұл айтып тұрғанымыз жеңіл азық түлік түрлері. Мұндай
автоматтар кофе, шай, какао, шырын, газдалған су сиякты сусындарды,
шоколад, чипсы, сорпа, гамбургер, хотдог, чизбургер тәрізді тағамдарды
ұсынуы мүмкін. Автоматтың өзі тауарды сақтау, тауарды шығару және ақша
қабылдау бөлімдерінен тұрады. Автоматтар жиі кеңсе орталықтарында, метро,
көлік тораптарында, түрлі мекемелерде, үлкен сауда орталықтары мен
клиникаларда орнатылады. Адамдарға жұмыс істеп жүрген уақытында немесе
жалпы белгілі бір шаруаларды жасау кезінде бұл автоматтар жылдам тұтынуға
мүмкіндік береді. Бұл автоматтар сіздің уақытынызды үнемдейді және бұл
автоматтарды пайдалану өте карапайым.
Осы жағдайлардың барлығы аталған тақырыптағы курстық жобаны дайындауға
итермеледі.
Курстық жобаның мақсаты. Бұл курстық жобаның негізгі мақсаты Delphi-
дiң мүмкіндіктерін қолданып, азық-түлік автоматының жұмыс принципін
бағдарламалау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер орындалуы
тиіс:
- объект, оқиға, қасиет түсiнiктемелерiмен еркiн танысу;
- объект, оқиға, қасиет компоненттерiн пайдалануды үйрену;
- әртүрлi командалардың жазылу түрлерiн бiліп, нақты есептердi шешу
бағдарламаларын құруды үйрену;
- Project, Object TreeView, Object Inspector терезелерімен жұмыс жасау
ережелерін игеру.
Паскаль бағдарламалау тiлiмен жұмыс жасағандарға көп қиындық
келтiрмейдi.
Зерттеу нысаны: азық-түлік сатып алу автоматы.
Зерттеу пәні: объектілі-бағытталған бағдарламалау: delphi тілі.
1. Негізгі бөлім
1. Delphi тарихы

Delphi тілінің тарихы Н. Вирт 70-жылдары жоғары деңгейлі Pascal тілін
тапқаннан кейін басталды. Бұл тіл бағдарламалауды оқып үйренуде ең жақсы
тіл болып табылады. Осыдан кейін 1983 жылы Borland компаниясын
ұйымдастырған А. Хейлсберг басқа бағдарламалаушылармен бірге Turbo Pascal
компиляторын құрастырды және ол Delphi тілінің дамуында келесі қадамдардың
бірі болды.

Содан кейін бағдарламалауға объектілі-бағытталған тұрғыда қолданылған
Object Pascal пайда болды. Windows, Windows 3.10 бірінші версиясы пайда
болған кезде, бағдарламашылар Delphi 1-ді жасаған болатын. Бұл Object
Pascal тіліне негізделген бағдарламаны визуалды өңдеуге арналған объектілі-
бағытталған орта болып табылды, яғни Delphi–дегі бағдарлама Object Pascal
тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып
табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын интегралдық
құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде
бағдарламалауды оқып – үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған.
Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және
қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір
орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы тағы бір жаңалық
ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі
– бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.
Windows 95 шыққан кезде Delphi 2, содан кейін Delphi 3, 4, 5 пайда
болды. Delphi-дің негізі болып табылатын Object Pascal бағдарламалау
тілдері көптеген өзгерістерге ұшырады, содан соң Borland компаниясының
Delphi 6 пайда болысымен атын Object Pascal-дан Delphi-ға ауыстырғанын
ресми түрде хабарлады. Сондықтан Delphi – бұл бағдарламаны өңдеудің
визуалды ортасы деп айтылуы да дұрыс. Сонымен қатар, Delphi бағдарламалау
тілдерінің ең жақсысы деп есептейтіндерде дұрыс пікірде.
Delphi көмегімен құрылған бағдарламалық қамтамасыздандыру нарығы
Delphi 7-де жазылған бағдарламалық өнімдерді құрайды. Delphi-дің негізін
бағдарламалау тілі ғана емес, RAD (Rapid Application Development) –
бағдарламаны тез өңдеу ортасы құрайды.
Визуалды бағдарламалау және визуалды компоненттердің қоры негізінде
Delphi өзіне басты жұмыстарды қабылдай отырып, бағдарламаны тез әрі тиімді
етіп құруға мүмкіндік береді. Әрине Windows үшін кәсіби бағдарламаларын тез
жасау мүмкіндігі Delphi – бағдарламашыларын қоғамдағы қызметтің барлық
салаларында талап етеді.
Delphi және Object Pascal көп жылғы эволюцияның нәтижесі болғандықтан
бүгінгі таңда олар жаңа компьютерлік технологияның өнімі болып табылады.
Жеке тұрғыдан алғанда оны былай айтуға болады, Delphi-дің көмегімен
бағдарламаның әртүрлі типін, атап айтқанда, консольді қосымшалардан бастап
мәліметтер базасы мен Internet-те жұмыс істейтін бағдарлама құруға болады.

2. Программада қолданылған Delphi компоненттері
1. Форма терезесі

Жаңа жобамен жұмыс деп, бұлай Delphi-да істеліп жатқан бағдарлама
аталады, ол жана форма құрудан басталады. Бұлай бағдарлама жасалу кезіндегі
диалогты терезе аталады.
Жаңа форма осы форма қасиеттерін өзгерту және жаңа қажет болып
табылатын форма компоненттерін косу арқылы құрылады(енгізі мен шығару
өрістерін және командалық батырмаларды).
Форма қасиеттерін оның сыртқы келбеті: мөлшері, экранда орналасуы,
тақырып мәтіні, қоршаудың түрі анықтайды.
Форма қасиеттерінің немесе форма компоненттерінің мәнін карап шығу
немесе оларды өзгерту үшін Object Inspector терезесі пайдаланады. Object
Inspector терезесінің жоғарғы жағында тап қазіргі уақытта қасиеттінің
мәндері көрсетіліп тұрған объектінің аты корінеді. Object Inspector
терезесінің Properties(Қасиеттер) бөлігінің сол жақ бағанда қасиеттер, ал
оң жағында сол қасиеттің мәні орналасқан. Төменде Object Inspector
терезесінің негізгі қасиеттері көрсетілген.

Кесте 1 Форма терезесінің қасиеттері

Қасиет Сипаттамасы
Name Форма аты. Бағдарламада форма аты форманы басқару және
форма компоненттеріне рұқсат алу үшін қолданылады.
Caption Тақырып мәтіні
Width Форма ені
Height Форма биіктігі
Top Форманың жоғарғы шегінен экранның жағарғы шегіне дейінгі
қашықтық
Left Форманың сол жақ шегінен экранның сол жақ шегіне дейінгі
қашықтық
BorderStyle Форма шекарасының түрі. Шекара түрі
қарапайым(bsSizeable), жіңішке(bsSingle) немесе мүлде
болмауы мүмкін (bsNone). Егер форманың шекарасы қарапайым
болса, онда бағдарламаның жұмысы барысында қолданушы
тышқан көмегімен терезенің мөлшерін өзгерте
алады.Терезенің шекарасы жіңішке болса оның мөлшерін
өзгертуге болмайды. Ал терезенің шекарасы жоқ болса, онда
экранда бағдарлама жұмысы кезінде тақырыбы жоқ терезе
шығады. Мұндай терезенің мөлшері мен орналасуын
бағдарламаның жұмысы барысында өзгертуге болмайды.
Borderlcons Терезені басқарудың батырмалары. Бұл қасиеттің мәндері,
қандай терезені басқарудың батырмалары бағдарламаның
жұмысы барысында қол жетімді болатындығын анықтайды.
Қасиет мәндері дәлірек анықтайтын қасиеттерге, яғни
biSystemMenu, biMinimaze, biMaximaze және biHelp -ке
мән беру арқылы жүзеге асырылады. biSystemMenu қасиеті
жүйелік меню және орау(свернуть) батырмасының қол
жетімділігін анықтайды, biMinimaze - орау(свернуть)
батырмасының, biMaximaze – кеңейту (развернуть)
батырмасының, biHelp – анықтамалық ақпарат шығару
батырмасының.
Icon Жүйелік менуді шығару батырмасын білдіретін, диалогты
терезе тақырыбындағы белгіше.
Color Фон түсі. Операциялық жүйенің қазіргі кездегі түс
схемасымен байланыстыруды немесе түстің атын көрсету
арқылы, фонның тусін бекітуге болады. Келесі жағдайда
фон түсі байланыс компонентімен таңдалған қазіргі
уақыттағы түс схемасымен анықталады және операциялық
жүйенің түс схемасының өзгеруі кезінде ауысады.
Font Қаріп түрі. Форманың үстінде орналасқан, компоненттермен
үнсіздік бойынша қолданылатын қаріп түрі. Форманың Font
қасиетінің өзгеруі форма үстінде орналасқан
компоненттерінің Font қасиетінің өзгеруіне әкеледі.
Дегенмен компоненттер автоматты түрде форманын Font
қасиетінің мәндерін қабылдайды (оны тыйым салу
мүмкіндігі бар).

Форманы құру барысында ең алдымен caption (тақырып) қасиетінің мәнін
өзгерту керек. Оны жасау үшін Object Inspector терезесіндегі Caption
қасиетіне тышқанмен апарып батырманы басу қажет, нәтижесінде қазіргі
уақыттағы қасиеттің мәні ерекшеленеді, жолда курсор пайда болады, кейін
мәтінді енгізу мүмкіндігі бар.
Ұқсас түрде Height және width қасиеттерінің мәндерін орналастыруға
болады, осы мәндер форманың биіктігін және енін анықтайды. Форманың
орналасуын және мөлшерін, сонымен қатар басқа басқарушы, форманың
үстіндегі элементтердің орналасуы мен мөлшері пиксельдермен сонымен бірге
экран нүктелерімен беріледі.
Форма – бұл қарапайым терезе. Сондықтан оның мөлшерін дәл басқа
терезелердің мөлшерін өзгертетіндей, яғни тышқан арқылы оның шекарасын
жылжыту арқылы өзгертуге болады. Форма шекарасын жылжытуды аяқтағаннан
кейін Height және width қасиеттерінің мәндері автоматты түрде өзгереді.
Олар форманың бекітілген мөлшеріне сәйкес келеді.
Бағдарламаны іске қосудан кейін зкрандағы диалогты терезенің орналасуы
осы бағдарламаны жасау барысындағы форманың орналасуымен сәйкес келеді. Ал
осы орнасалу Top(экранның жоғарғы шекарасынан басталатын қашықтық) және
Left(экранның сол жақ шекарасынан басталатын қашықтық) қасиеттерінің
мәндерімен анықталады. Бұл қасиеттердің мәндерін де форманың терезесінің
орналасуын тышқан арқылы өзгерту арқылы бекітуге болады.
Кейбір қасиеттерді таңдағанда, мысалы Borderstyle, осы қасиеттің оң
жағында ашылатын тізімі бар белгіше пайда болады. Әрине, ондай қасиеттердің
мәндерін тізімнен тандау арқылы орнату керек.
Кейбір қасиеттер күрделі болып табылады және олардың мәндері басқа
(дәлдейтін) қасиеттер мәндерінің жиынтығымен анықталады. Күрделі
қасиеттердің алдында “+” белгісі турады, ол белгіні шерткенде дәлдейтін
(уточняющие) қасиеттердің тізімі шығады. Мысалы, BorderIcons қасиеті
бағдарламаның жұмысы барысында терезені басқарушы қандай батырмалары қол
жетімді болатындығын көрсетеді. Егер biMaximize қасиетіне False мәні
берілсе, онда бағдарламаның жұмысы кезінде кеңейту (развернуть) батырмасы
терезе тақырыбында болмайды.
Форма. Кейбір қасиеттер мәндерінің қасында үш нүктесі бар басқарушы
батырма көрсетіледі. Бұл дегеніміз қасиеттерге мән беру үшін қосымша
диалогты терезені пайдалануға болады дегенді білдіреді. Мысалы Font күрделі
қасиетінің мәнін дәлдейтін қасиеттерге мәндерді тікелей енгізу арқылы
беруге болады, немесе қаріпті тандауға арналған стандартты диалогты
терезені қолдануға болады.

1.2.2 Компоненттер түсінігі

Өте жиі қолданылатын компоненттер Standard тақтасында орналасқан.
Формаға компонентті қосу үшін, тышқанның сол жақ батырмасын шерту
арқылы, компоненттер палитрасында сол компоненттің пиктограммасын таңдау
керек, бұдан әрі компоненттің жоғарғы сол жақ бұрышы орналасуға тиісті
жерге тышқан курсорын апарып тағы да тышқанның сол жақ батырмасын шерту
қажет. Нәтижесінде формада стандартты мөлшердегі компонент пайда болады.

Компонент мөлшерін оның формаға кірістіру барысында өзгертуге болады.
Ол үшін палитрадан компонентті таңдағаннан кейін тышқан курсорын
компоненттің жоғарғы сол жақ бұрышы орналасуға тиісті жерге орналастырып,
тышқанның сол жақ батырмасын басып, ұстап тұру арқылы, курсорды
компоненттің төменгі оң жақ бұрышы орналасуға тиісті жерге апарып курсорды
жіберу қажет. Формада керек мөлшердегі компонент пайда болады.
Әрбір Delphi компонентіне осы компоненттің атауынан және оның реттік
нөмерінен тұратын аты беріледі. Мысалы, егер формаға екі Edit компонентті
енгізетін болсақ, онда олардың аттары Edit1, Edit2 болады. Қолданушы Name
қасиетінің мәнін өзгерте отырып компонент атын өзгерте алады. Кейбір
қарапайым программаларда компонент аттары өзертілмейді.
Төменде бастапқы мәндерді енгізуге арналған өңдеу өрістері екі Edit
компоненттер орналастырылған форма түрінің мысалы көрсетілген.
Компоненттердің біреуі ерекшеленген. Осы ерекшеленген компоненттің
қасиеттері Object Inspector терезесінде көрсетіледі. Басқа компоненттің
қасиеттерін көру үшін тышқанның сол жақ батырмасымен сол компоненттің
бейнесіне шерту керек. Сонымен бірге компонент атын Object TreeView
терезесінде таңдауға болады.

1.2.3 Edit компоненті

Edit компоненті символдар жолын енгізу-түзету жолағы қызметін
атқарады.

Edit компонентінің негізгі қасиеттері төменде көрсетілген:
Кесте 2 Edit компонентінің қасиеттері

Қасиет Сипаттамасы
Name Компонент аты. Бағдарламада компонентке және оның
қасиеттеріне рұқсат алу үшін қолданылады, соның ішінде
өңдеу өрісіне енгізілген мәтінге рұқсат алу үшін.
Text Енгізу және өңдеу өрісінде орналасқан мәтін.
Left Компоненттің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ
шекарасына дейінгі аралық
Top Компоненттің жоғарғы шекарасынан форманың жоғарғы
шекарасына дейінгі аралық
Height Жолақ биіктігі
Width Жолақ ені
Font Енгізілетін мәтінді көрсету үшін қолданылатын қаріп
ParentFont Компоненттің өзі орналасқан форманың қаріпінің мәндерін
мұраға алуының белгісі. Егер қасиеттің мәні True болса,
онда форманың Font қасиеті өзгертілсе автоматты түрде
компоненттің Font қасиетінің мәні өзгереді. Егер қасиеттің
мәні False болса, онда форманың Font қасиеті өзгертілген
кезде компоненттің Font қасиетінің мәні өзгеріссіз қалады.
Enabled Өңдеу өрісіндегі мәтінді өзгертудің мүмкіндігін шектеу үшін
қолданылады. Егер қасиеттің мәні False – қа тең болса, онда
өңдеу өрісіндегі мәтінді өзгертуге болмайды.
Visible Бұл қасиет компонентті жасыруға (false) немесе оны
көрінетіндей етуге (true) мүмкіндік береді.
MaxLegth Енгізілетін мәтіннің ұзындығы, егер қасиеттің мәні 0-ге тең
болса, символдардың шексіз мәнін енгізуге болады.
AutoSize Мәтіннің мөлшеріне байланысты өрістің биіктігін автоматты
түрде келтіреді, ал терезе ені кандай болсын шарттың бар
болуына қарамастан өзгермейді.
BorderStyle Енгізу өрісі қоршауының түрі.
ReadOnly Қолданушы мәтінді өзгерте алатынын немесе өзгерте
алмайтынын анықтайды.

1.2.4 Button компоненті
Button компоненті – белгілі бір әрекетті ұйымдастырушы Windows – тың
стандартты басқарушы батырмасы болып табылады. Бұл компонент басқа
компоненттерге қарағанда Delphi ортасында ең қажетті компонент болып
саналады. Button компонентіның қатысуынсыз ешбір бағдарлама жасалынбайды.
Осы компоненттің ең жиі қолданатын оқиғасы, батырмаға басу оқиғасы -
Onclick. Бұл оқиғаның өңдеушісінде батырманы басқан кезде орындалатын
кажетті әрекеттер жазылады.

Button – ның келесідей қасиеттері бар:
Кесте 3 Button компонентінің қасиеттері

Қасиет Сипаттамасы
Name Компонент аты. Бағдарламада компонентке және оның
қасиеттеріне рұқсат алу үшін қолданылады
Caption Батырманың үстінде орналасқан мәтін
Left Батырманың сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына
дейінгі аралық
Top Батырманың жоғарғы шекарасынан форманың жоғарғы шекарасына
дейінгі аралық
Height Батырманың биіктігі
Width Батырманың ені
Font Енгізілетін мәтінді көрсету үшін қолданылатын қаріп
Hint Анықтама – тышқан меңзерін батырмаға орналастырған сәтте
меңзердің касында пайда болатын мәтін (мәтін пайда болу
үшін ShowHint қасиетінің мәнін True деп қою қажет).
Enabled Батырманың қол жетімділігі. Егер қасиеттің мәні true болса,
онда батырма қол жетімді болады. Ал егер қасиеттің мәні
false болса онда батырма қол жетімсіз саналады, мысалы
батырманы шерту нәтижесінде OnClick оқиғасы орындалмайды.
Visible Бұл қасиет батырманы жасыруға (false) немесе оны
көрінетіндей етуге (true) мүмкіндік береді.
ShowHint Меңзердің батырмада орналасуы кезіндегі анықтаманың
көрсетілуін рұқсат етеді немесе тыйым салады.

1.2.5 Label компоненті
Label компоненті программа формасының бетіне мәтінді шығару үшін арналған,
және осы мәтін программаның жұмыс жасауы кезінде өзгертілмейтін болады.
Компоненттің қасиеттері мәтіннің түрін және орналасуын анықтайды.

Кесте 4 Label компонентінің қасиеттері

Caption Компоненттің негізгі қасиеті. Бұл қасиет осы
компоненттің мәтінін анықтайды. Яғни Caption
сөзінің сол жағында орналасқан жолға кез келген
мәтінді енгізуге болады, және бұл мәтін сол сәтте
компоненттің өзінде көрсетіледі. Үнсіздік бойынша
Caption қасиетінің мәтіні Label1, Label2...
Name Компонент аты. Бағдарламада компонентке және оның
қасиеттеріне рұқсат алу үшін қолданылады
Left Шығару өрісінің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ
шекарасына дейінгі аралық
Top Шығару өрісінің жоғарғы шекарасынан форманың жоғарғы
шекарасына дейінгі аралық
Height Шығару өрісінің биіктігі
Width Шығару өрісінің ені
Autosize Егер қасиет True деп қойылған болса, онда
компоненттің мөлшері оның ішінде орналасқан мәтіннің
мөлшеріне сәйкестендіріледі. Мысалы, программаның
жұмыс жасауы кезінде мәтіннің ұзындығы үлкейсе, онда
компоненттің өзінің де ұзындығы үлкейеді. Өзге
жағдайда, егер автомөлшер режімі қосулы емес болса –
False, ол кезде мәтін ұзындығы компоненттің
ұзындығынан көп болып кетеді. Нәтижесінде мәтіннің
бір бөлігі көрінбей қалады.
WordWrap Бұл қасиет True болып тұрған жағдайда ағымдағы жолға
сыйғызылмай қалған сөздер, автоматты түрде келесі
жолға көшіріледі (Autosize қасиетінің мәні False
болуы керек).
Alignment Мәтінді туралау(выравнивание) әдісін білдіреді. Мәтін
сол жақ шетпен(taLeftJustify), ортамен(taCenter)
немесе оң жақ шетпен (taRightJustify) тураланған
болуы мүмкін.
Font Мәтінді көрсету үшін қолданылатын қаріп. Дәлдейтін
қасиеттер символдардық бейнелену тәсілін(Font.Name),
мөлшерін(Font.Size) және символдардың
түсін(Font.Color) анықтайды.
ParentFont Компоненттің өзі орналасқан форманың қаріпінің
мәндерін мұраға алуының белгісі. Егер қасиеттің мәні
True болса, онда мәтін формаға белгіленген қаріп
түрінде шығарылады.
Color Бұл қасиет компонент фоны қандай түсте болатындығын
анықтайды.
Transparent Мәтінді шығару аумағының фоны бейнесін басқарады.
True мәні мәтінді шығару аумағын мөлдір етеді(шығару
аумағы color қасиетінде көретілген түспен боялмайды).
Visible Бұл қасиет мәтінді жасыруға (false) немесе оны
көрінетіндей етуге (true) мүмкіндік береді.
Cursor Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламалық қамтаманы жобалау
Тілдер және автоматтар
Тест - үлгерімді бақылау формасы
Delphi ортасында тест бағдарламасын құру
Қолданбалы математика
Мультимедиялық жүйені ұйымдастыруда бағдарламалық құралдарды пайдаланып, алгоритм құру
Delphi-де қазақша - ағылшынша сөздік жасау
Delphi бағдарламасын қолданып мәтіндік редакторын құру және онымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру
Delphi бағдарламасын қолданып, графикалық мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру
Банк депозиті - автоматтандырылған жұмыс орнын құрастыру
Пәндер