Аударма жайлы



Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт.Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды,Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкерім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді. (қ. "Аударма").

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Министерство образования и науки Республики Казахстан

СРО

Выполнила: Бейбитбеккызы Арайлым. Ин-304

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары

Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі
толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін
негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек,
аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда
адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма
сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты
рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір
саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы
араласып құралады.

Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған
нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап
қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып
шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада
аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен,
шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма
қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт.Көркем аударма түпнұскаға мағынасы
қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес
аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-
сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін
неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі
тілді жақсы білуі қажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды,
түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз
қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын
төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең
арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби
шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың
қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен
сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта
туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі
әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем
аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. Абай неміс ақыны Гетенің, орыс
ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне
ерекше көркемдікпен аударды,Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д.
Ушинскийдің, Шәкерім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("Асарха дон патша", "Үш
сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Роман мазмұнының көркемдік–әдеби маңызы
Аударма өнері – идеология майданындағы зор құралдардың бірі
Лексикография
Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қазақ тілінде
СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Қазақ фразеологиясын аудару қиындықтары
Поэзиялық шығармаларды аудару
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Ауызша аударма тарихы
Пәндер