Өндіріс рентабельділігі туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырып: Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері.
Орындаған : Қожабекова Б. Б
Топ : ТК-223
Тексерген: Нуралина Қ. Т
Семей қ . 2015жыл
Жоспар:
1. Өнімнің өзіндік құны.
2. Өнімнің өзіндік құнын төмендету.
3. Пайда туралы түсінік.
4. Өндіріс рентабельділігі.
5. Өндіріс рентабельділігін арттыру әдістері.
6. Қолданылған әдебиеттер.
Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны , яғни өнімді өндіру мен өткізу үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтық өзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар - кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар . Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар - кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар . Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т. б. жатады. Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету
Өнімнің өзіндік құнын төмендету - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі . Оның негізгі көздеріне:
- бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;
- бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;
- әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;
- бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.
Бухгалтерлік және экономикалық шығын түрлеріне де бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарда тек көзге көрінетін шығындар, яғни тұтынылатын ресурстар үшін төленетін төлемдер қамтылады. Экономикалық шығындар көзге көрінетін (бухгалтерлік) шығындар мен көзге көрінбейтін (сатып алуға жатпайтын) ресурстардың құнынан құралады.
Пайда- тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда - кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т. б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т. б. қамтылады. Шығыстар(шығындар) - активтердің немесе олардың құнының азаюы не меншікті капиталды азайтатын, оны меншік иелері арасында бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің көбеюі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы, төтенше жағдайдан келтірілген залалдар, т. б. жатады. Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) пайда деп аталатын толық пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т. б. ) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза пайданы қамтиды. Пайданы бөлу тәсілі кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарай ажыратылады. Мысалы, акционерлік қоғамның Пайдасын пайдалану жалпы жиналыстың айрықша құзырында. Акционерлік қоғамның нақ осы жалпы жиналысы есепті қаржы жылындағы Пайданы бөлу тәртібін бекітеді, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, қоғамның бір жай акциясына шаққанда жыл қорытындысы бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін бекітеді. Қоғам Пайдасының бір бөлігі ғана дивидендтер түрінде бөлінеді, әдетте, оның бір бөлігі қорлануға (сақтық капиталдың толықтырылуы үшін және өндірісті ұлғайтуға), басқа да әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады.
Өндірістің рентабельділігі және оны арттырудың әдістері
Өндірістің рентабельділігі - өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тиімділігінің ең маңызды қорытушы көрсеткіші. Кәсіпорынның іс-әрекетін рентабельділік көрсеткіші бойынша бағалау өнімді өткізу көлемінің артуымен қатар оның ұжымын материалдық сыйақылаудың негізіне жатқызылады. Өндірістің рентабельділік көрсеткішін белгілеудің негізінде кәсіпорынның пайдасы жатыр.
Рентабельділік көрсеткіштерінің жүйесіне келесілер кіреді:
- • кәсіпорын активтерінің рентабельділігі;
- • меншікті капиталдың рентабельділігі;
- • сатулардың рентабельділігі (өткізу) ;
- • өндірістің рентабельділігі;
- • өнімнің рентабельділігі.
Өндірістің рентабельділігімен қатар экономикалық есептерде өнімнің рентабельділігі анықталады, ол өнімді сатудан түскен пайданың соларды өндіруге жұмсалған шығындарға қатынасымен белгіленеді. Өнімнің оңтайлығы негізінен оның кең ассортименті кезінде аналитикалық мақсаттарда қолданылады. Кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың үлкен резервтері өндірістік қуаттылықтар мен негізгі қорларды қолдануды жақсартуда, қор қайтарылымын арттыруда жасырылған. Бұл ретте міндетті түрдегі шарт - өндіріс көлемінің негізгі қорлар мен айналымдық құралдар бағасының өсуімен салыстырғанда солардан бұрын өсуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz