Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.1. Оңтүстік Қазақстан облысының ауа райы климаттық жағдайы ... ... .4
1.2. Жеміс дақылын өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.5
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.1. Жеміс ағаштарының зиянкестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.18
2.2. Жеміс ағаштарының зиянкестерімен күрес шаралары ... ... ... ... ...19.20
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Жеміс ағаштары — жеміс өндіру мақсатымен қолдан өсірілетін және жабайы (көп жылдық) ағаштар, бұталар, лианалар. Жеміс ағаштары орталық діңгек пен бұтақтар жиынтығынан құралады. Кейбір жеміс ағаштарының екі және одан да көп діңгегі болады. Діңгек — жеміс ағаштарының ортаңғы бөлігі, ол тамыр мойыншасынан басталып, жоғары бағытта тік орналасады. Сонымен қатар діңгек тамыр жүйесі мен сабақ жүйелерінің морфол. әрі функциялық байланыстарын қамтамасыз етеді. Діңгектің тамыр мойыншасынан бірінші тармақталған жанама бұтаққа дейінгі бөлігін — сидам, сидамнан жоғары соңғы жылғы өскінге дейінгі бөлігін — орталық жетекші, ал соңғы жылғы өсіндісін — бойөркен деп атайды. Сидам биіктігі сорттың өсу күшіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: сидамсыз (40 см-ге дейін), аласа (40 — 60 см), орташа (70 — 100 см), жоғары (130 см-ден жоғары) сидамды. Жеміс ағаштарының бөрікбасы діңгекте орналасқан барлық жанама бұтақтар жиынтығынан құралады. Жеміс ағаштарынан Қазақстанда раушангүлділер тұқымдасы (алма, алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.), жиделер тұқымдасы (жиде, тікенжиде), жаңғақтар тұқымдасы (грек жаңғағы), тұт тұқымдасы (тұт, т.б.) өсіріледі. Әсіресе, алма, алмұрт, шие ағаштарының маңызы зор. Солтүстік облыстарда алма ағашы, оңтүстікте, мұнымен қоса алмұрт, өрік, шие, шабдалы, жаңғақ өсіріледі. Бұлардың жемістері әрі тағам, әрі тамақ өнеркәсібінің шикізаты. Шекілдеуікті және сүйекті жеміс ағаштары құрамында қант, жаңғақ тәрізділерде май, тікенжидекте түрлі витамин көп. Жеміс ағаштары селекциясымен Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.
1) Тілменбаев Ә.Т., Жармұқамедова Г.Ә., Энтомология, Алматы: Қайнар, 1994.
2) Интернет желісі

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі.

Орындаған: Жамалбек А
Тобы: ЗР-313
Қабылдаған: Искендирова Р

Алматы, 2016 ж
Жоспары:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.1. Оңтүстік Қазақстан облысының ауа райы климаттық жағдайы ... ... .4
1.2. Жеміс дақылын өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-5
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.1. Жеміс ағаштарының зиянкестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-18
2.2. Жеміс ағаштарының зиянкестерімен күрес шаралары ... ... ... ... ...19-20
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе
Жеміс ағаштары -- жеміс өндіру мақсатымен қолдан өсірілетін және жабайы (көп жылдық) ағаштар, бұталар, лианалар. Жеміс ағаштары орталық діңгек пен бұтақтар жиынтығынан құралады. Кейбір жеміс ағаштарының екі және одан да көп діңгегі болады. Діңгек -- жеміс ағаштарының ортаңғы бөлігі, ол тамыр мойыншасынан басталып, жоғары бағытта тік орналасады. Сонымен қатар діңгек тамыр жүйесі мен сабақ жүйелерінің морфол. әрі функциялық байланыстарын қамтамасыз етеді. Діңгектің тамыр мойыншасынан бірінші тармақталған жанама бұтаққа дейінгі бөлігін -- сидам, сидамнан жоғары соңғы жылғы өскінге дейінгі бөлігін -- орталық жетекші, ал соңғы жылғы өсіндісін -- бойөркен деп атайды. Сидам биіктігі сорттың өсу күшіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: сидамсыз (40 см-ге дейін), аласа (40 -- 60 см), орташа (70 -- 100 см), жоғары (130 см-ден жоғары) сидамды. Жеміс ағаштарының бөрікбасы діңгекте орналасқан барлық жанама бұтақтар жиынтығынан құралады. Жеміс ағаштарынан Қазақстанда раушангүлділер тұқымдасы (алма, алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.), жиделер тұқымдасы (жиде, тікенжиде), жаңғақтар тұқымдасы (грек жаңғағы), тұт тұқымдасы (тұт, т.б.) өсіріледі. Әсіресе, алма, алмұрт, шие ағаштарының маңызы зор. Солтүстік облыстарда алма ағашы, оңтүстікте, мұнымен қоса алмұрт, өрік, шие, шабдалы, жаңғақ өсіріледі. Бұлардың жемістері әрі тағам, әрі тамақ өнеркәсібінің шикізаты. Шекілдеуікті және сүйекті жеміс ағаштары құрамында қант, жаңғақ тәрізділерде май, тікенжидекте түрлі витамин көп. Жеміс ағаштары селекциясымен Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.

1.1. Оңтүстік Қазақстан облысының ауа райы климаттық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм. Оңтүстік Қазақстанның көп бөлiгiнде жауын-шашын өте аз. Жауын - шашынның орташа жылдық көрсеткiшi солтүстiгiнде 150 мм-ге дейiн, Оңтүстік Қазақстаның оңтүстiгiнде 500 мм-ге дейiн жетедi. Жылына 5-6 айдың көлемiнде жауын-шашын жауады.
1.2 Жеміс ағаштарын өсіру технологиясы
Қазақстанда жеміс ағаштары мен жидек бұталарын, олардың тектеріне, телімінің дайын болуына шаруашылықта күзгі және көктемгі кезеңдердегі жұмыстардың қауырттылығына байланысты көктемде де, күзде де отырғазуға болады. Жеміс- жидек ағаштарын отырғызудың 5 тәсілі бар: алдын ала дайындалған шұңқырларға қолмен немесе шұңқырқазғышпен отырғызу; шұңқырды алдын ала қазбай отырғызу; орларға отырғызу; экскаваторлық тәсіл және механикаландыру тәсілімен.
Жеміс ағаштарын ең дұрысы учаскенің солтүстік, солтүстік-батыс немесе солтүстік-шығыс бөлігіне орналастырған жөн. Дақылдарды бөлек отырғызу барысында олардың жарық сүйгіштігін ескеру керек және өсімдіктер оңтүстіктен солтүстікке қарай өсуі керек. Учаскенің солтүстік жағына алма және алмұрт ағаштарын, олардың арасына орта бойлы көшеттерді - шиені, алшаны, жидек бұталарын отырғызған дұрыс болады. Жидек бұталарын бақша қатарларының арасына, жүзімді - бақшаның оңтүстік немесе оңтүстік шығыс шекарасына қарай, шарбаққа жақын отырғызу керек.
Жерді жырту алдында органикалық және минералды тыңайтқыштар себу қажет. Құмдауыт және қатпарлы болып келетін топыраққа қайта жырту алдында көң себу керек. Көктемде учаскені екі-үш рет тереңдігі 18-20 см етіп қайта өңдеп немесе күрекпен қайта қазып шыққан жөн, бұнымен қоса тамыр кеміргіш арамшөптердің тамырларын, зиянкестер жұмыртқаларын (саратан қоңыз, бұзаубастан және т.б.) мұқият теріп шығады. Көкөніс дақылдарын өсіру барысында жақсы тұқым себудің маңызы зор, бұл көп жағдайда өнім көлемін ғана анықтап қоймайды, оның тұтыну құндылығын да білдіреді. Тұқым алуды кейінге ысырып, соңына қалдыра бермей, ерте бастан ойлау керек. Оның негізі ретінде әрбір дақылдарға жоспарланған жер көлемін алу қажет. Тұқымдарды көп мөлшерде сатып алмаған жөн, өйткені (қиярды қоспағанда) барлық дақылдарды жаңа ұрықтардан өсірген жөн. Алынған ұрықты жылы жерде, кеміргіштер зиян келтіре алмайтын жерде сақтаған керек.

Негізгі бөлім
2.1 Жеміс ағаштарының зиянкестері.
Қазақстанда жеміс ағаштарын зақымдайтын бөжектердің жүздеген түрлері белгілі. Бөжектермен қатар жеміс ағаштарына өсімдік қоректі кенелер де қатты зиян келтіреді. Зиянкестердің түр құрамы жеміс ағаштарының жас немесе кәрі болуына, физиологиялық күйіне және сонымен қатар жеміс шаруашылығының зоналық ерекшеліктеріне байланысты түрліше болады.Жеміс ағаштарының питомниктерінде екпе шыбықтарды негізінен көп қоректі зиянкестер (сымқұрттар, жалған сымқұрттар, зауза қоңыздарының личинкалары, кеміргіш қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары және т.б) зақымдайды. Зиянды бөжектер мен кенелер жеміс ағаштарының барлық мүшелеірін (бүршігін, жапырағын, бітеу гүлін, бұтағын, діңін, тамырын) зақымдайды. Қатты зақымданған жеміс ағаштары әлсіреп, дұрыс өспейді. Келесі жылдары өнімдері төмендейді.
Жасыл цикада- Cicadella viridis L. Тең қанаттылар отрядының цикадалар тұқымдасына жататын бөжек. Алматы, Талдықорған және Жамбыл облыстарында жеміс ағаштарына едәуір зиян келтіреді.
Ересек цикаданың жалпы түсі жасыл, басы, жотасы мен қалқаншасының алдыңғы бөлігі сары, төбесінде 4 дақ болады. Аналықтарының ұзындығы 8-9 мм, аталықтары 5,5-6 мм.
Жұмыртқа фазасында жеміс ағаштарының және сәндік ағаштар мен бұталардың жас қабығында қыстайды. Көктемде сәуір айының аяқ кезінде жұмыртқадан шыққан жас дернәсілдер жерге түседі де шөптектес өсімдіктермен қоректенеді. Олардың жетілуі бір айға созылады да маусым айының басында ересек цикадалар шығады. 10-15 күн өткен соң олар көбеюге кіріседі. Бұл ұрпақтың аналықтары жұмыртқаларын жабайы өсетін астық тұқымдас өсімдіктердің сабағының ішіне салады. Олардан шыққан дернәсілдер де сол өсімдіктермен қоректенеді. Ал екінші ұрпақтың аналықтары жұмыртқаларын қыркүйектің аяқ кезінде жеміс ағаштары мен бұталардың жас қабығына салады. Жұмыртқа салғышымен олар жас қабықты жақша тәрізді тіліп, жұмыртқаларын сол тіліктің ішіне 8-10 данадан қатарластырып орналастырады. Бір аналық цикаданың салатын жұмыртқаларының жалпы саны 200 дейін жетеді. Сөйтіп, цикадалар жеміс ағаштары мен бұталардың діңі мен бұтақтарының қабығын жұмыртқа салу үшін тіліп бүлдіреді. Келесі жылы көктемде сол тіліктің жиектерінде жаралар пайда болады. Қатты зақымдалған жағдайда жас ағаштардың діңі мен бұталары біржола қурап қалады.
Жасыл цикада көбінесе жас бақтарға көп зиян келтіреді. Әсіресе ойпаң жерге отырғызылған жеміс ағаштарын қатты зақымдайды.

1- сурет. Жасыл цикада- Cicadella viridis L.
Алма күйесі- Yponomeuta malinella L. Қабыршақ қанаттылар отрядының күйе көбелектер тұқымдасына жататын кішкене көбелек. Солтүстік облыстардан басқа аймақтардың барлығында, әсіресе республиканың оңтүстік- шығысында, оңтүстіктің таулы аудандарында және Орал облысында қатты зиян келтіреді.
Көбелектің алдыңғы қанаттарының үстіңгі беті күмістей ақ түсті және онда 3 қатар болып орналасқан қара нүктелер болады. Артқы қанаттары күл түстес, жиектеріндегі шашақтары ақшыл. Қанаттарының өрісі 8-20мм. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18мм жетеді, түсі сарғылттау, бас бөлімі қара, арқасында қылшықты қара сүйелдер болады және олар 2 қатар орналасқан. Пілләсінің түсі ақ, ал оның ішіндегі қуыршағы күңгірт сары түсті болады.
Алма күйесі жылына бір ұрпақ беріп дамиды. Оның 1 жастағы жұлдызқұрттары алма ағашының 2-3 жылдық бұтақшаларының қабығында қалқанша астында қыстайды. Көктемде бүршік ашылған кезде олар қалқанша астынан шығып, тобымен жапырақ тақтасының арасына енеді де, жас тканьдерді кеміріп, қуыстар жасап қоректенеді. 8-10 күннен кейін жұлдызқұрттар минадан шығады да жапырақты сыртынан кеміріп жеп, тек жүйкелерін ғана қалдырады. Сонымен қатар олар өрмек жіпшелерімен әуелі өздері зақымдаған жапырақтарды, одан соң бұтақшаларды шырмап, өрмек ұяларын жасайды.
Мамырдың аяғы мен маусымның бас кезінде жұлдызқұрттар қоректенуін тоқтатып, өрмек ұялардың ішінде ақ пілләға оранып, қуыршаққа айналады. Қуыршаққа айналар кезде жұлдызқұрттар бір- біріне өте тығыз жабысып, шумақ-шумақ болып орналасады. Зиянкес жаппай өсіп-өнген жылдары әр бұтақтағы қуыршақтардың саны 500 жетеді. Қуыршақ кезеңі 15-20 күнге созылады.
Көбелектер шыққан соң көп кешікпей- ақ жұмыртқалауға кіріседі. Аналық көбелектер жұмыртқаларын 30-50 данадан топтап, алма ағашының 23 жылдық бұтақшаларына салады. Жұмыртқамен қатар сұйық зат бөлініп шығады. Ол ауада тез қатады да жұмыртқалардың үстін жауып тұратын қалқаншаға айналады. Қалқаншаның пішіні сопақша, ұзындығы 55 мм жетеді. Бірнеше күннен кейін жұмыртқалардан жұлдызқұрттар шығады. Бірақ олар келесі жылдың көктеміне дейін қалқаншаның астында болады.
Алма күйесі оқтын-оқтын жаппай өсіп-өніп тұрады. Осындай жаппай өсіп-өнген жылдарда олардың жұлдызқұрттары таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда мәдени және жабайы өсетін алма ағаштарының жапырақтарын жеп орасан көп зиян келтіреді.Қатты зақымданған ағаштардың жеміс түйіндері төгіліп қаладды да өздері өрт шалғандай болып көрінеді. Жаз ортасында ондай ағаштарда қайтадан жаңа жапырақтар пайда болады, бірақ олар келесі жылы жеміс бермейді немесе өте аз береді.
Алма күйесінің сан мөлшерін реттеуші факторлардың ішінде паразиттік тіршілік ететін жарғақ қанаттылардың, әсіресе агениаспис деп аталатын паразит-насекомның маңызы өте зор.

2-сурет. Алма күйесі- Yponomeuta malinella L.
Долана көбелегі- Aporia crataegi L. Қабыршақ қанаттылар отрядының ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған.
Көбелектің қанаттарының түсі ақ, олардың жүйкелері қара. Денесінің көкірек және құрсақ бөлімдері де қара болады. Қанаттарының өрісі 65 мм жетеді.
Жұлдызқұрттарының денесін түк басқан, арқасында ұзыннан созылған 5 жолақ бар. Олардың үшеуі қара, екеуі қызғылт-сары болады. Денесінің бауыр және бүйір жақтары сұрғылт. Ұзындығы 45 мм жетеді.Көбелектер 15 күндей өмір сүреді. Сол мерзім ішінде әрбір аналық көбелек 3-4 рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаның дамуы 15-20 күнге созылады.
Ерте көктемде жеміс ағаштары бүршігі ашылар кезде жұлдызқұрттар ұядан шығады да алғашында бүршіктерді, одан соң жапырақтарды кеміріп жеп, қатты зиян келтіреді. Жаппай өсіп-өніп, көбейген жылдары олар жеке бұтақтарды, тіпті ағаштың өзін жалаңаштап, жапырақтарын түгелдей жеп қояды.
Жаздың бас кезінде жұлдызқұрттар өсіп жетіледі де қоректенуін біржола тоқтатып, ағаштың бұтақтарында немесе бұта және шөптесін өсімдіктердің сабақтарында қуыршаққа айналады. Екі жетіден соң қуыршақтан көбелек ұшып шығады. Сөйтіп долана көбелегі жылына бір генерация беріп өсіп- өнеді.

3-сурет. Долана көбелегі- Aporia crataegi L.
Жұпсыз көбелек- Ocneria dispar L. Қабыршақ қанаттылар отрядының бұйра көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған. Бұл түрдің аналықтары мен аталықтары бір-бірінен сыртқы пішініне қарап оңай ажыратуға болады, яғни жыныс диморфизмі айқын көрінеді. Аналығы аталығына қарағанда ірі, алдыңғы және артқы қанаттарының түсі ақшыл-сары, құрсағының ұшын сарғылт-қоңыр түсті қалың түк басқан, мұртшалары қара, ара тісі тәрізді болады.
Аталығы аналығынан бір жарым есе кіші, алдыңғы қанаттары қара сұр, мұртшалары қауырсын тәрізді, құрсағы жіңішке, оның ұшында шашақ тәрізді болып топтанған ұзын түктер болады. Аналығының қанаттарының өрісі 75 мм, аталықтары 45 мм жетеді.
Көбелектің жұлдызқұрттары қоңырқай сұр түсті, арқасында бойлай орналасқан сарғылт түсті үш жіңішке жолақ болады. Ол олақтардың екі жағында екі қатар болып, сүйел ттәрізді төмпешіктер орналасқан. Олардың алдыңғы бесеуінің түсі көк, қалғандыр қызыл. Бұл төмпешіктердің әрқайсысында топ-топ болып шыққан ұзын қылшықтар бар.
Жаздың орта кезінде аналық көбелектер жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын әртүрлі ағаштардың діңіне, қаршаларға, шарбаққа, ірі тастарға, үйдің керегесіне тоқап орналастырады. Әр топтағы жұмыртқалардлың саны 500 ге жетеді және одан да асады. Жұмыртқа тобының көрінісі ақшыл қоңыр түсті киізден жасалған жастықшаларға ұқсайды. Көктемде жұмыртқалардан шыққан жұлдызқұрттар ағаштың жапырағын алғашында ойып-ойып, ал соңынан түгелдей дерлік кеміріп жейді.
Денесіндегі ұзын қылшықтарының көмегі арқылы жас жұлдызқұрттар желдің екпінімен едәуір қашықтыққа дейін таралады. Жаздың бас кезінде жүлдызқұрттары ағаштардың қуыстарында қабықтың жапырағында және бұтақшалар мен жапырақтардың арасында қуыршаққа айналады. Қуыршағы алтын тәрізді түктер басқан қарақоңыр түсті болады. 10-15 күннен соң қуыршақтан көбелек үшып шығады. Зиянкес жылына бір генерация беріп өсіп өнеді.

4-сурет. Жұпсыз көбелек- Ocneria dispar L.
Шаңқан көбелек - Euproctis chrysorrhaea L. Бұл зиянкесте бұйра көбелектер (Orgyidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтарында таралған.
Көбелектің қанаттары қардай аппақ, кейде алдыңғы қанаттарында қара нүктелер кездеседі. Құрсағының ұшы жуантық және алтын түсті түктер басқан. Мұртшалары қауырсын тәрізді, қанаттарының өрісі 35 мм. Жұлдызқұрттарының түсі қарасұр, арқасында екі қатар орналасқан сүйел тәрізді қызғылт төмпешіктер бар. Ұзындығы 40 мм жетеді. Қуыршақтарының түсі қара -қоңыр, борпылдақ келген қоңырқай сұр түсті пілләнің ішінде болады.
Көбелектің ІІ-ІІІ жастағы жұлдызқұрттары жаздың орта кезінде 5-6 жапыраққа өрмек жіпшелерінің шырмап ұя жасайды да, оны сол өрмек жіптерінің көмегімен бұтақшаларға орнықтырып, соның ішінде қыстап шығады. Көктемде ауаны орташа тәуліктік температурасы 12 С жоғары көтерілгенде жұлдзықұрттар қысқы ұйқыларынан шығып, бұтақ бойымен өрмелеп таралады да алғашында ашылып келе жатқан бүршіктерді, одан соң жапырақтарды жеп, зиян келтіреді. Жұлдызқұрттардыңң дамуы 20-30 С температурасында 30-44 күнге созылады. Мамырдыңң аяғында және маусымның бас кезінде олар жапырақтар мен бұтақшалардың борпылдақ піллә ішінде қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасы 15-20 күнге созылады. Жаңа ұрпақтың көбелектері маусымның аяғы - шілденің басында шығады. Олар жұмыртқаларын жеміс ағаштары мен орман ағаштарының көптеген түрлерінің жапырақтарының астыңғы бетіне салады. Көбірек ұнататындары алма, алмұрт, алхоры, алша, емен, долана. Өсімталдығы әр аналық көбелекке орташа есеппен 200 жұмыртқадан келеді. Эмбрионалдық дамуы 15-20 күнге созылады.
Бір жерге топтап салынған жұмыртқалардан шыққан жұлдызқұрттар жеке-жеке тарап кетпей барлығы бірігіп тіршілік етеді. Олар жапырақты қаңқалап жейді және жоғарыда айтылғандай зақымдалған жапырақтардың бірнешеуін өрмек жіптерімен шырмап ұя жасайды да, тамыз аяқ кезінде соның ішіне еніп, қысқы ұйқыға кетеді. Генерациясы 1 жылдық.
Шаңқан көбелегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»
Қызанақ көшеттерін өсіру
Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы
Астық немесе дән кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары
Сұлыны өсіру технологиясы
Ересек аралар - қорғансыз жәндіктер
БИOЛOГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛЫ НАСЕКOМДАРДЫҢ БИOЛOГИЯСЫН OҚЫТУ ЕРЕШIЛIКТЕРI
Астық дақылдарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын кешенді қорғау шаралар жүйесі
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Бүлдірген нематодасы
Пәндер