Жіктеу және кодтау әдістері


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

«Тамақ өнімдерінің және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

БАӨЖ №4

Тақырыбы: Жіктеу және кодтау әдістері

Пән: Ғылыми-техникалық құжаттама және сертификация

Орындаған: Бейбітова Маржан

Тк-321

Тексерген: Смагулова М. Ғ.

Семей 2016 жыл.

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Жіктеу әдістері
  2. Кодтау әдістері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Жіктеу - берілген көпті жіктеудің бір немесе бірнеше белгілері бойынша көп бөлікке бөлу және нысандарды жіктеу топтарына олардың бір-бірімен ұқсастығына және айырмашылығына қарай орнатылған ережелерге сай белгілі қасиеттердің негізінде бөлінуін айтады.

Әртүрлі нысандарды, құбылыстарды және қасиеттерді жіктеу, отандық және әлемдік тәжірибеде мәліметтерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін кең қолданылады. Сонымен, жіктеу - бұл нысандарды жүйелеудің негізі болып табылады, яғни ол бірыңғайландыру және стандарттау жұмыстарының бірінші, ең негізгі сатысы болып саналады. Нысандарды жіктеу - ең алдымен мәліметтерді өңдеу кезінде қажет, яғни көптеген нысандардың ішінен нақты өзіне керек нысанды алу үшін. Мысалы, барлық өнім атаулары ондаған миллионнан асады: ұшақ және бидай, сораптар мен маталар, аяқ киімі, шамдар және т. с. с.

Жіктелімді әзірлеуші-мемлекеттік орган жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін статистикалық байқау және әкімшілік есеп өткізу үшін жіктеуіштерге, номенклатуралар немесе анықтамалықтарға деген қажеттілікті анықтайды.

Әзірлеуші-мемлекеттік орган Қазақстан Республикасында бар жіктелімдерді қолдану мүмкіншілігіне талдау жасайды. «КЛАСС» АЖ-да тиісті жіктелім болған жағдайда Әзірлеуші-мемлекеттік орган оны қолдануы және жіктелімге салааралық (ведомствоаралық) мәртебе беру үшін ол жөнінде уәкілетті органға хабарлауы тиіс. Бұдан әрі салааралық (ведомствоаралық) жіктелімге өзгертулер мен толықтырулар енгізген жағдайда оны мүдделі мемлекеттік органдармен келісу қажет.

Тиісті жіктелім болмаған жағдайда Әзірлеуші-мемлекеттік орган келесі жылға Жоспар құрады.

Жоспар жобасы Әзірлеуші-мемлекеттік органның салалық бөлімшелерінің басшыларымен ағымдағы жылдың қарашасында келісіледі және Әзірлеуші-мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

1. Жіктеу әдістері

Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің принциптері:

1) ведомстволық жіктелімдердің бірегейлігі. Жіктелімдер бірегей болуы және қайталанбауы керек. Ведомстволық жіктелімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде жіктелімнің нұсқасы өзгермейді. Осыған байланысты ведомстволық жіктелімдерді құру кезінде жіктеуіштерді, номенклатураларды және анықтамалықтарды жаңа айқындамаларды қосу есебінен жіктеуіштерді, номенклатураларды және анықтамалықтарды ықтимал кеңейту үшін резервтік кодтарды көздеу қажет.

2) жіктелімдердің үздіксіздігі әр элемент бойынша өзгерту тарихын жүргізу жолымен қамтамасыз етіледі. Әр элементке «басталу күні» және «аяқталу күні» беріледі, яғни элементтердің өмірлік кезеңі анықталады.

3) біркелкілік (бірыңғай форматтылық) - ведомстволық жіктеуіштер, номенклатуралар және анықтамалықтар мемлекеттік және орыс тілдерінде «КЛАСС» АЖ ( « Жіктелімдер және стандарттар» ақпараттық жүйесі - жіктелімдерді әзірлеу, енгізу, пайдалану және басқа да ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелер үшін ондағы ақпаратқа бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету үдерістерін автоматтандыруға арналған жүйе) сақталады. Бекітілген жіктелімдердің бірыңғай сақтау орны мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі әртүрлі оқылуларға жол бермейді.

Жіктелімнің екі әдісі қолданылады:

1) сатылы;

2) фасеттік.

Жіктелімнің сатылы әдісі - объектілер жиынын бағынысты жіктеу топтамаларына бірізді түрде бөлу. Жіктелімнің сатылы әдісі кезінде бастапқы объектілер жиыны алдымен қандай да бір белгісі бойынша ірі топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысы өз кезегінде сатылық логикалық ағаш түрінде объектілердің ерекшеліктерін нақтылай отырып, келесі топтамалар қатарына бөлінеді.

Жіктелімнің сатылы әдісі кезінде белгілі бір ережелерді сақтау қажет:

1) жіктеуіштің әр деңгейінде жоғарыда тұрған топтаманы бөлу үшін бір ғана белгіні қолдану керек;

2) бөлу барысында алынатын топтамалар ақпараттың қайталанбауы үшін мағынасына қарай қиылыспауы тиіс;

3) жіктелім төмен тұрған топтамалардың жинақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жіктелімнің сатылы әдісіне мысал

  1. Жіктелімнің фасеттік әдісі параллельді тәуелсіз фасеттерге қалыптастырылатын объектілер жиынын тәуелсіз жіктелімдік топтарға параллельді бөлуге негізделген. Жіктелімнің фасеттік әдісі кезінде жіктелімнің қатал құрылымы және алдын ала құрылған соңғы топтамалары қарастырылмайды. Бұл таңдалған сипаттамалар мағынасының ашылуын қажетті дәрежеге дейін нақтылауды қамтамасыз етеді.

Фасеттік жіктелімді құру кезінде келесі белгілі бір ережелерді сақтау қажет:

- әртүрлі фасеттердің мағынасы қиылыспауы қажет (фасеттерді алып тастау қағидаты) ;

- жіктеуіштердің, номенклатуралар мен анықтамалықтардың құрамына тек қана нақты міндеттерді шешу үшін қажетті фасеттер мен белгілер кіруі тиіс.

Жіктелімнің фасеттік әдісіне мысал

Түрі
Жанры
Ұзақтығы
Жылы
Ел
Басқа да көрсеткіштер
Түрі: деректі
Жанры: боевик
Ұзақтығы: 70 мин
Жылы: 2009 ж.
Ел: Қазақстан
Басқа да көрсеткіштер: даусы жоқ/даусы бар
Түрі: ойын
Жанры: комедия
Ұзақтығы: 90 мин
Жылы: 2010 ж.
Ел: АҚШ
Басқа да көрсеткіштер: түрлі түсті/қара-ақ түсті
Түрі: анимация (мультипликация)
Жанры: романтика
Ұзақтығы: 125 мин
Жылы: 2011 ж.
Ел: Англия
Басқа да көрсеткіштер: Стерео/5. 1
Түрі:
Жанры: фантастика
Ұзақтығы: 145 мин
Жылы: 2012 ж.
Ел: Ресей
Басқа да көрсеткіштер:

2. Кодтау әдістері

Жіктелімнің әдісін анықтағаннан кейін кодтау әдісін таңдау жүргізіледі. Кодтарды әзірлеу кезінде келесі талаптар ескерілуі тиіс:

- кодтау жүйесі қолданыстағы жіктелімдер жүйесіне сәйкес келуі тиіс;

- кодтың әліпбиі сандық, әріптік немесе сандық-әріптік мазмұнда болады;

- кодтың негіздемесі, яғни белгілер саны барынша аз болуы керек;

- қосымша енгізілетін объектілерді кодтау үшін кодтық белгілеудің резерві болуы тиіс.

Жіктелім үшін кодтаудың 4 түрі қолданылады:

1) Бірізді түрде кодтау белгілерінің: класс - кіші класс - топ - кіші топ - түрді қалыптастырудың бес негізгі белгілерін бөлу мақсатында сатылы жүйе бойынша алдын ала жіктелімдерде негізделген. Таңдалған белгіге сатының әр деңгейі шегінде бір разряд беріледі.

Кодтаудың бірізді әдісіне мысал

05
Көмір және лигнит өндіру
05: 05. 1
Көмір және лигнит өндіру: Тас көмірді өндіру
05: 05. 10
Көмір және лигнит өндіру: Тас көмірді өндіру
05: 05. 10. 1
Көмір және лигнит өндіру: Тас көмірді ашық тәсілмен өндіру
05: 05. 10. 2
Көмір және лигнит өндіру: Тас көмірді жер асты тәсілмен өндіру
05: 05. 2
Көмір және лигнит өндіру: Лигнитті өндіру
05: 05. 20
Көмір және лигнит өндіру: Лигнитті өндіру
05: 05. 20. 1
Көмір және лигнит өндіру: Лигнитті (қоңыр көмірді) ашық тәсілмен өндіру
05: 05. 20. 2
Көмір және лигнит өндіру: Лигнитті (қоңыр көмірді) жер асты тәсілмен өндіру

2) Кодтаудың параллельдік әдісі оның блоктық құрылымының әсерінен жиі өзгеретін міндеттер үшін жақсы бейімделген. Кодтаудың параллельдік әдісі кезінде жіктелімдердің белгілері бір-бірінен тәуелсіз белгілі разрядтармен немесе кодтық белгілеудің разрядтары тобымен кодталады. Параллельді кодтау әдісі көбінесе фасеттік жіктелімде қолданылады, бірақ сонымен қатар сатылық жіктелімде де пайдаланылады. Бұл ретте не толық біркелкілілігі бар қоса бағындырылған белгілер сатылық тізбенің барлық бөлімшелерінде параллельді орналастырылады, немесе қоса бағындырылмаған параллельді белгілер белгілі реттілікте жасанды түрде белгіленеді.

Кодтаудың параллельдік әдісіне мысал

1
Түрі
1: 1. 1
Түрі: Деректі
1: 1. 2
Түрі: Ойын
1: 1. 3
Түрі: анимация (мультипликация)
1: 2
Түрі: Жанр
1: 2. 1
Түрі: Боевик
1: 2. 2
Түрі: Комедия
1: 2. 3
Түрі: Романтика
1: 2. 4
Түрі: Фантастика
1: 3
Түрі: Ұзақтығы
1: 3. 1
Түрі: 70 мин
1: 3. 2
Түрі: 90 мин
1: 3. 3
Түрі: 125 мин
1: 3. 4
Түрі: 145 мин
1: 4
Түрі: Жылы
1: 4. 1
Түрі: 2009 ж.
1: 4. 2
Түрі: 2010 ж.
1: 4. 3
Түрі: 2011 ж.
1: 4. 4
Түрі: 2012 ж.
1: 5
Түрі: Ел
1: 5. 1
Түрі: Қазақстан
1: 5. 2
Түрі: АҚШ
1: 5. 3
Түрі: Англия
1: 5. 4
Түрі: Ресей
1: 6
Түрі: Басқа да көрсеткіштер
1: 6. 1
Түрі: даусы жоқ/даусы бар
1: 6. 2
Түрі: түрлі түсті/қара-ақ түсті
1: 6. 3
Түрі: Стерео/5. 1

3) Реттік код қандай да бір бірізділікте ақпараттың орналамуынан кейін олардың реттік нөміріне сәйкес келетін айқындама белгісін білдіреді, мысалы: хронологиялық тәртіппен, ақпараттың пайда болуына қарай, оның маңыздылығын ескере отырып және әрі қарай сол сияқтылар.

Реттік кодтау құрылымы бойынша өте қарапайым және бір объектіні екіншісінен айыруға мүмкіндік береді. Бірақ қосымша объектілер пайда болған жағдайда оларға тізімнің соңында кезекті нөмір беріледі, соның есебінен қабылданған орналасу реттілігі бұзылады. Осыған байланысты кодтаудың реттік жүйесі елеусіз ақпараттар ауқымын кодтау үшін қолданылады.

Реттік кодтау әдісіне мысал

1
Әуе көлігі
1: 2
Әуе көлігі: Теміржол көлігі
1: 3
Әуе көлігі: Су көлігі
1: 4
Әуе көлігі: Жеңіл көлік
1: 9
Әуе көлігі: Басқа көлік
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарларды кодтау негіздері
Радиожиілікті сәйкестендіру технологиясы. биометрикалық сәйкестендіру технологиясы. сызықтық және екі өлшемдік штрихты кодтар
Модуль 3. Тауартану
Жасанды интеллектуалды эмоцияны тану жүйелері
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы
Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Интерпретаторлық тілдер
Сөз сигналдарын түрлендіру әдістері
Ақпаратты криптографиялық әдіспен қорғау
Қуысденелі қабырғалық бетон тасы материалының сапа көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz