Былғары және үлбір шикізаттары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
БАӨЖ
Орындаған: Бейбітова М.
Тобы: ТК-321
Тексерген: Бауыржанова А. З
.
Семей, 2016 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Үлбір өндірісіне арналған шикізаттарды алғашқы өңдеу және алғашқы өңдеудің дайын өнімдер сапасына әсер ететін факторлар
- Былғары және үлбір шикізаттарының жіктелуі, шикізаттарды нарыққа шығаруға қойылатын талаптар
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Болашақ маман ретінде біздің міндетіміз сапалы былғары және үлбір өнімдерін дайындау, сонымен қатар қазіргі кездегі былғары және үлбір тауартануының кемшіліктерінің, қиын тұстарының жеңілдету жолдарын қарастыру болып табылады.
Былғары және үлбір өндірісіндегі шикізаттар тобы кең. Барлық былғарылық шикізаттар 3 үлкен топқа бөлінеді. Ірі, ұсақ, шошқа терілері. Үлбір шикізаты көбіне аң суда, жер астында, жер үстінде өмір сүретін аң терілерінен алынады.
Қазақстан нарықтық қатынасқа түскеннен бері көптеген тауарлары мен шикізаттарын сыртқа экспорттауға тырысады. Бірақ әрбір мемлекет бұл кезекте өз талаптары мен шарттарын қояды. Отандық өндірушілер өзінің табиғи үлбірлі коллекцияларымен шетелдік халықты таңқалдырыпта жүр.
Болашақ шикізатты союды дұрыс өткізудің маңызы зор. Шикізатта пышақ іздері, тілімдер, артық қалдықтар болмауы қажет. Сонымен қоса сапаға малдың өмір сүру жағдайы, күтілуі де әсер етеді. Осы этапта шикізатта ақау пайда болмауы керек.
Теріні алғашқы өңдеу дегеніміз келіп түскен шикізатты өндірістік партияға топтастырудан илеуге дейінгі операцияларды айтамыз. Жалпы булы терінің былғарыға айналуындағы барлық операциялардың өз ықпалы бар және ол әрине, өнім сапасына әсер етеді.
1. Үлбір өндірісіне арналған шикізаттарды алғашқы өңдеу және алғашқы өңдеудің дайын өнімдер сапасына әсер ететін факторлар
Үлбір бұйымдарын дайындауда жарамды мамық - үлбір жартылай фабрикаты өзіне берілген пішімдер мен өлшемдерді сақтай отырып, жоғары тозуға төзімді және жақсы жылу сақтағыш қасиетін қамтитын бүйымдарды дайындауға мүмкіндік жасайды.
Үлбірге ұсынылатын басты талап - жақсы жылу сақтағыштық қасиеті болғандықтан, жылу өткізгіштік ең негізгі қасиеттері болып табылады. Үлбірдің жылу өткізгішітігі түкті жабынның үстап түратын ауа санына, былғары өзеңінің тығыздығы мен қалыңдығына, пайдалану кезіндегі түгінің сығылу дәрежесіне тәуелді болады. Үлбірлі және былғарылық шикізаттар зауытқа келіп түскенде, ең алдымен өндірістік топтамаға жиналады. Өндірістік топтама деп шикізаттың ақаулығы, тері аумағы, консервілеу әдісі, қалыңдығы, шикізат түрі т. б. сипаттары бойынша сұрыпталуын айтамыз. Өндірістік топтамаға жиналған шикізат барабандарға тиеліп арықарай келесі операцияларды жасауға бағытталады.
Терілерді бірінші ретті өңдеу екі операциядан тұрады: терілерді сыпырып алу, яғни жануар денесінен бөліп алу, және консервілеу, яғни теріні өңдеуге дейін сақтауға болатын күйге келтіру.
Бағалы - үлбір шикізатын өңдеу келесі операциялардан тұрады:
- суға жібіту- терілерді сойылған кездегі күйге келтіру, суға белгілі бір уақыттқа орныластыру жолымен жүргізіледі. Суға жібіту нәтижесінде ылғалдау 70 % жетуі мүмкін;
- шел қабатын алып тастау және бөлу- бұл біріншісінде етті қабаты алынып тасталынады, ал екіншісінде - қопсытылады, нәтижесінде былғары өзеңі аса жұмсақ болады;
- майсыздандыру -терілерді өңдеу арқылы былғарыдан және түкті қабатынан майды кетіру;
- пикельдеу- теріні өңдеудің негізгі процессі. Ол теріні пикелмен өңдеуден тұрады (күкірт және тұз қышқылынан, ас тұзынан), соны- мен қатар былғары негізгі құрғақ коллаген талшықтарынан ажырайды, нәтижесінде терілер бір уақытта консервіленіп, белгілі бір механикалық және химиялық қасиетке ие болады;
- ашыту- бұл үлбір терілерін майсызданудан соң нан квасымен өңдеу. Бұл ұзақта қымбат тұратын процесс. Ол тек бағалы үлбір және қаракөл өндіру үшін қолданылады. Ашыту терілерге өте жұмсақтық, иілмелі және жақсы тартылу қасиетін береді;
- илеу- бұл терілерге қосымша жоғарғы температураға және ылғалға әсеріне шыдамды болу үшін керек болған жағдайда ғана қолданылады. Илеу негізінен хром немесе алюминий тұздарымен жүргізіледі;
- майлаубұл пикельдеу, ашыту немесе илеуден кейінгі орындала- тын процесс, және тері өзеңін маймен немесе май эмульсияларымен өңдеуден тұрады;
- эпилирлеу- мамық талшықтан тегіс бетті үлбір алу мақсатында қылшық және бағыттауыш талшықты қырқудан тұрады. Оны қоян, ондатр, мысық, теңіз мысығын ұқсату кезінде қолданылады. Қырқу процессі арнайы машинада жүргізеді;
- жұлу- бұл өте қатты қылшық және бағыттауыш талшықтары бар терілерде ғана орындалады;
- үтіктеу- бұралаңдаған талшықтарды, әсіресе қой талшықтарын жазу үшін орындалады, бұл 180-220°С температурада үтіктеу білігінен өткізу арқылы орындалады. Түкті жабын дұрыс бекуі үшін үтіктеу ал- дында формалинмен өңделеді.
2. Былғары және үлбір шикізаттарының жіктелуі, шикізаттарды нарыққа шығаруға қойылатын талаптар
Әр түрлі малдардың өңделмеген терілері бағалы үлбір шикізаты деп аталады. Бағалы - үлбір шикізатының ассортименттерін үш классқа бөледі: бағалы шикізат, үлбірлі шикізат және теңіз аңдарының үлбірлі терілері.
Бағалы шикізат деп - аң аулау арқылы алынған жабайы аңдардың өңделмеген терілерін атайды.
Үлбір шикізаты деп - түкті қабаты жақсы дамыған кейбір үй жануарларының өңделмеген терілері (қаракөл, қоян, қүлын, елтірі және бүзау терілері) .
Теңіз аңдарының үлбірлі терілері деп - үлбір бүйымдарын жасауға жарамды, белгілі бір жастағы теңіз мысығының, итбалық және нерп терілерін атайды.
Үлбір бұйымдарын тігу үшін түкті жабыны жақсы дамыған, сыртқы түгін жақсартатын және қажетті қасиеттерін қамтамасыз ететін, сәйкес бояудан және әрлеуден, өңдеу операцияларынан өткен терілер қолданылады.
Барлық былғарылық шикізаттар 3 үлкен топқа бөлінеді:
- Ұсақ шикізатқа ірі қара төлінің терісі, қой терісі, ешкі терісі жатады.
- Ірі шикізатқа мүйізді ірі қара терісі, түйе, есек, жылқы және басқа жануарлар терісі жатады.
- Шошқа шикізатына шошқа терісі жатады .
Бұл топтастырулар шикізаттың массасы мен ауданына қарай жасалынған, ірі қара малдың терілері майда шикізаттың да (бұзау, торпақ), ірі шикізаттың да (сиыр, бұқа) құрамына кіреді. Алайда жануардың әрбір түрінің тері құрылысы өзгеше болғандықтан, шикізаттың сипаттамасы көбінесе жануардың түрі бойынша беріледі.
Ұсақ шикізат түрлері. Мүйізді ірі қара малдың терісі шикізаттың майда және ірі топтарына кіреді. Майда шикізатқа жататындар: өлі туған, сүт еметін және отқа (көкке, шөпке) ілінген бұзау терілері.
Мүйізді ірі қараның ірі шикізат түрлері. Ірі шикізатқа мүйізді ірі қара терісі (бұғыны қоса), түйе, есек, жылқы (ол, сауыр терілері) және басқа жануарлар терісі жатады. Мүйізді ірі қара малдың терісі шикізаттың майда және ірі топтарына кіреді.
Былғары және үлбір шикізаттарынын сапасы мен тауарлық қасиеттері көбінесе табиғи өмір сүру ортасынын жағдайына және жануардың, аңнын биологиялық өзгешіліктеріне, тұқымына, жынысына, жасына және басқа да факторларға байланысты болып келеді. Үлбір шикізаттары бостандықта ауланған, торда өсірілген болып бөлінеді.
Былғары және үлбір шикізаттарын өндірісте қолдану үшін міндетті түрде ветеринарлық-санитарлық куәлік әрбір партияда болуы қажет. Бұл куәлікте тірі кезіндегі, белгілі бір аймақта, ауданда болған, басынан өткізген қауіпті инфекциялық аурулар жайлы толықтай жазылады.
Партиялар өздігінен біріктірілмейді. Оларды сортау үшін көптеген көрсеткіштерді анықтау қажет. Жануардың әр түріне өзіндік МЕСТ-қа сәйкес сипаттамары, өңделу жолдары болады. Соларға сай консервілену жолдары да анықталады. Жануарлардың барық шикізаттары (былғары, үлбір, жүн, шаш, қылшық, түк, сүйек, тұяқ, мүйіз, мамық, қауырсын) дайындау, біріншілік өңдеу, сақтау, транспорттау жерлерінде, ветеринарлық-санитарлық бақылауға жатқызылады.
Қабылдау талаптары . Шикізат массасы мен ауданы, сонымен қоса топографиясының сипаттамасы мен жүнді жабыны бойынша шикізаттың түрінің дұрыс таңдалуы тексеріледі. Былғары тканінің сыртқы бет-әлпенінін және жүнді жабынының көрсетілген куәліктегі консервілену жолына сәйкестігі тексеріледі. Өйткені көп факторлар тұздалуына байланысты. Мысалға ылғалды тұздалған шикізат серпімді, эластикалық болады, ал мұздатылған терілер қатты былғары тканімен ерекшеленеді.
Сорттау талаптары. Былғары шикізаттарын сорттау дегеніміз- түріне, ауданына, ақауларынын орналасуына байланысты былғары тканін бөлу. Пайдалы былғары ткані болып ақауы жоқ немесе белгіленген орынға аз болып келетін өндірісте пайдаланылатын шикізаттар. Сорттаудың негізгі әдістері және сонымен қоса түпкі мақсаты:
- Терінің барлық партиясын түрлер бойынша бөлу;
- Терілердің ақауларын және сұрпын, яғни түсін, өлшемдерін, кряжаларын анықтау болып табылады
Буып-түйге арналған шикізаттар стандартқа сай сұрыпталынуы қажет. Сұрыпталған тері-үлбір шикізаттарын әрбір түріне, консервілену жолына, кряжасына, сортына, ақау топтарына, өлшеміне, түсіне, жылтырлығына байланысты бөліп, бөлек буып-түйіп қояды. Сусымалы заттармен қорғап себу тыйым салынған, көктем-жаз кезінде 2-3 нафталин толтырылған қапшықтар арасына қоуюға рұқсат. Буып-түйю кезінде міндетті түрде, шпагатпен бірнеше рет орап, пломбылау қажет. Жүк мәшіненін бір бөлігіне бір типті консервіленген және басқа да сипаттамалырмен ұқсас шикізаттар жинақталып қойылады. Оларды өз кезегінде түзу қатарға бірінін үсітіне бері тізіп қояды. Арасына қағаз салып қойған жөн болады.
Былғары-үлбір шикізаттарын транспорттау . Темір жолмен транспорттау жабық вагондарда, ұсақ немесе орташа тонналық жіберулермен контейнерларда жіберіледі. Транспорттау таза, ешқандайақаусыз, қолайлы жағдайда, қаптаманын жыртылуынсыз және т. с. с. талаптарда жүргізілуі қажет.
Жоғарыда айтылған талаптар қойылған шартқа сәйкес орындалса, былғары-үлбір шикізаттары нарыққа шығуға дайын болады.
Былғары фабрикаттарының сапасына, типтік сипаттамалары мен былғары түрлеріне талаптар мемлекеттік стандарттармен белгіленелі (МЕМСТ) .
Стандарт атауы әдетте стандарттаушы объекттерге сәйкес келеді, мысалы: МЕМСТ 939-41 «аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромдық былғары». Санның бірінші тобы МЕМСТ -тың қатарлық нөмірін көрсетеді, екіншісі бекіту жылы.
МЕМСТ құрамы мына бөліктерден тұрады: 1) анықтау, 2) классификация, 3) техникалық шарттар, 4) сұрыптау, 5) қабылдау шарттары мен сынамалар, 6) маркілеу, буып-түю, сақтау және тасымалдау. Былғары фабрикатының кейбір бөліктері 4, 5 және 6 шыларына жеке МЕМСТ бөлінген (қатты былғары, аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған хромды, ұлтанды былғарылар) .
«Анықтамасында» былғары фабрикатының жалпы сипаттамасы көрсетіледі. «Классификациясында» былғарының жалпы сипаттамасы көрсетіледі, шикізат түрі, конфигурациясы, илеу әдісі, бояу, әрлеу, ауданының өлшеміне, қалыңдығына және басқа белгілеріне байланысты бөлінуі көрсетіледі.
«Техникалық шартында» сыртқы түрі және былғарының сапасы сипатталады, сонымен қатар органолептикалық қасиеттері қарастырылады: иленгендігі, қаттылығы, иілгіштігі, біртекті бөлінуі.
Осы бөлімде химиялық анализдері мен физико-механикалық зерттеулерінің нормалаушы көрсеткіштерін соңғы жіберілетін шектеуін құратын «химиялық құрамының нормасы және физико-механикалық қасиеттері» жүргізіледі, мысалы: ылғал мөлшері, май, хром тотығы, рН, гигротермиялық тұрақтылығы, илегіш коэфициенті, созу кезіндегі беріктік шегі.
Былғарыны ұзақ сақтау кезінде жылына екі рет қарастырып, қайта салу керек. Көгерген былғарыны шығарып, жақсылап тазалап ауада кептіреді.
Тасымалдау щарты бойынша буып түю талаптарын орындап және былғарыны ылғал мен желденуден қорғайды.
Жалпы үлбір өнімдерінің тауарлық, құрылымдық қасиеттері ретінде, түгінің құрылымдық ерекшеліктері қарастырылады (түгінің біркейлілігі, жұмсақтығы, жылтырлығы, үлпектігі, түсі бойынша біркейлілігі, түгінің биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы, түрі, шешілуі, массасы, төзімділігі, жылу сақтау қасиеті, т. б. ) . бұл қасиеттер арқылы тауарды танып, біліп жатады. Мамық - үлбір терісі табиғи шығатын өнім. Жартылай фабрикатта тері шикізатының түкті жабынының қасиеті өңдеуден кейін өзгермейді. Сондықтан шикізат ретінде және жартылай фабрикат ретінде сорттау негізіне, тіршілік ету барысындағы биологиялық факторларға тәуелді түкті жабынының негізгі сапалы белгілерін жатқызуға болады.
Түкті жабынының қалыптасуын және оның өзгергіштігіне әсер ететін факторларға келесілер жатады: аңның тіршілік ету түрі, өмір сүру жағдайы, өмір сүру аймағы, жыл мезгілі, жынысы, жасы және жеке ерекшеліктері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz