Аяқ киімге арналған былғары шикізаттары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
БАӨЖ
Орындаған: Бейбітова М.
Тобы: ТК-321
Тексерген: Бауыржанова А. З
.
Семей, 2016 жыл
1. Аяқ киімге арналған былғары шикізаттары, олардың негізгі қасиеттері, қолданылу ерекшеліктері
Негізінен пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді:
- Аяқ-киімге арналған былғары
- Ер-тұрмандық былғары
- Техникалық былғары
- Киімдік-галантереялық былғары
Соның ішінде қарастыратын тақырыбым аяқ-киімге арналған былғары және шикізаттары, олардың негізгі қасиеттері, қолданылуы.
Аяқ киім былғарысы өз ішінен 2 топқа бөлінеді.
- Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары
- Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары
Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары шикізаттары (халық арасында көн немесе табан былғарысы) : мүйізді ірі қараның, түйенің, шошқаның, су жануарларының терісі мен жылқының сауыр терісі. Көн ұлтандық және ұлтарақтық болып бөлінеді.
Шошқа терісі ауданына байланысты майда (30-70 дм2), орташа (70- 120дм2), ірі (120-дм2 артық) болып бөлінеді. Шошқаның бөксе терісі ауданы бойынша шағын (30-50 дм2) және ірі (50 дм2 жоғары) болып бөлінеді. Олар аяқ киімнің жоғарғы жағына былғары жасауға, юфть әзірлеуге, ер-тұрман былғарысын дайындауға, ұлтан мен ұлтарақ және иленбеген қайыс алу үшін қолданылады.
Түйе терісінің құрылымы бостау болып келеді. Ерекшеліктері - мойын терісінің қалыңдығы біркелкі емес, түк қалташалары өзеңге тереңдей орналасқан, өркештің орны дүмпиіп тұрады. Түйенің көп жатқан жағының терісі бұдырланып кетеді. Терінің ауданы үлкен, салмағы ауыр болады. Теріні сыпыру түйенің арқасынан басталып өркеші арқылы аяқталады. Жасына қарай түйе терісі бота және түйе терісі болып екі түрге бөлінеді. Бота және жеңіл түйе терісі ұлтарақ, юфть жасау үшін қолданылады. Ауыр салмақты түйе терісінен иленбеген шикі қайыс (сыромять) және ұлтан дайындайды. Мойын терісінен галантереялық былғары, ал өркешінен өкшеге қаптайтын былғары алынады.
Жылқы терісі. Оның негізгі ерекшелігі алдыңғы қол жағы мен сауыр терісінің қүрылымы және қасиетінің айырмашылығында. Қол терісі мен сауыр терісінің шекара түсы жонарқаға қарама- қайшы, ат басынан есептегенде тұрқының ұзындығынан (һ) аралығында болады. Қол терісінен аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған былғары дайындайды. Сауыры қол жағынан бөлінген жылқының терісі салмағына қарай жеңіл (5 кг дейін) және ауыр (5 кг жоғары) болып бөлінеді. Жеңіл сауыр терісінің ауданы - 60 дм2, ең қалың тұсы - 3-3, 5 мм, ауыр салмақты сауыр
терісінің ауданы - 90 дм^, ең қалыңдығы - 3, 5мм. Қазіргі кездегі сауыр терісінен ұлтан және ұлтарақ жасайды. Майда жылқы терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары дайындайды.
Сиыр терісі. Сиыр терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары және юфть шығаруда қолданылады, бағалы аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары шығаруға іске асатын тілінді (спилок) алынады. Одан басқа сиыр терісінен ұлтан, ұлтарақтық, ертұрмандық, техникалық және иленбеген қайыс шығарылады.
Бұқа терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг жоғары. Салмағына қарай бұқа терісін жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг жоғары) деп бөледі. Бұқа терісінің салмағы кейде 60 кг дейін жетеді немесе одан да асып кетеді. Ауданы - 550-600 дм^, тері қалыңдығы біркелкі емес, сауыр терісінің қалыңдығы - 4, 0-4, 5 мм, мойын терісінің қалыңдығы - 4-6 мм және одан да жоғары. Терісінен ұлтандық, иленбеген қайыс, техникалық былғары дайындалады, ал жеңіл теріден ұлтарақтық былғары шығарылады.
Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары шикізаттары (халық арасында - бас былғарысы) : мүйізді ірі қараның, қойдың, ешкінің, шошқаның терілерінен, сондай-ақ, жылқы терісінің алдыңғы жағынан жасалады. Ол сан рет иілу мен созылуға, кернеу мен қажалуға, ылғал, тер, шаң, химиялық заттар мен жоғарғы температура әсеріне төтеп беруге тиіс.
Тана терісі. Тананы жазғытұрым немесе қыста сояды, терісін ылғалды тұздау арқылы консервілейді. Терісінің қалыңдығы онша біртегіс емес, аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары жасауға, юфть былғарысына пайдаланылады.
Өгізше терісі. Жаңа сойылған мал терісінің салмағы - 13-17 кг аралығында, ауданы - 200-270 дм2, сауыр терісінің қалыңдығы - 3-4 мм. Мойын терісі қалыңдау, сүт сызықтары теріде де, былғарыда да анық байқалады. Өгізше терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары, ұлтарақтық және юфть былғарысын дайындауға қолданылады.
Қой терісі. Майда шикізаттың ішіндегі ең негізгісі қой терісі болып табылады. Қой терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары аяқ киімдік «шеврет», киімдік және галантереялык былғары дайындалады. Сапасы төмен қой терісінен астарлық және галантереялық былғары дайындалады.
Ешкі терісі. Ешкі терісі - өте құнды шикізат, одан сафиян, шегірен сияқты сапалы былғары бұйымдар жасайды. Әсіресе, жас ешкінің терісі, былғарылық шикізат ретінде өте жоғары бағаланады. Одан әйелдер және ерлер жеңіл аяқ киіміне арналған өте әсем былғары «шевро» дайындайды. Ешкі терісінің қыртыс қабаты, тері қалыңдығының 2-3% құрайды. Қыртыс пен өзеңнің шекарасы тегістеу болып келеді [7] .
- Қазіргі кездегі аяқ киімге арналған былғары шикізаттары
Нубук - хроммен иленген, ірі қара мал терісінен жасалатын күдеріге ұқсас былғары. Аяқ киімнің жоғары бөлігіне қолданылады. Нубуктан тігілген аяқ киімдер өте мұқият күтімді қажет етеді. Жақсы жағы ауа өткізгіш және өңделуіне байланысты су өткізбеітін қасиет те бере алады. Аса мұқият күтілмеген аяқ киім тез тозып кетеді. Тазалау үшін арнайы резеңке, каучуктан жасалған щетка қолданылады [2] .
Нубук аяқ киімді (оның ішінде туфли) кеңейту үшін ішіне ыстық су құю тәсілі қолданылады. Материал ыстық судың арқасында кеңейіп, артынша аяғыңыздың формасына сәйкес күйге енеді. Таза судың да еш ізі қалмайды [3] .
Экобылғары - былғары ауыстырушы. Жасанды мен табиғидың ортасында. Экобылғары біржақты PVC (ПВХ) поливинил-хлорид қабатты маталық негіз. Негіздің құрамы мен техникалық сипаттамасы:
- полиэфирлі;
- ауа мен су буларын өткізеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz