Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытудың қазіргі замаңғы жай-күйі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялық факультеті
«Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
БАӨЖ
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ
Орындаған: Бейбітова Маржан
Топ: ТК-321
Тексерген: Бауыржанова А. З
Семей, 2016
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Өндіріс көлемі
2. 2 Саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар
2. 3 Өнімінің экспорты және импорты
2. 4 Индустрияландыру картасы
2. 5 Саланы дамытуды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағ жеңіл өнеркәсіп үлесі 1, 1 %-ды құрады.
2015 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі бойынша Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 1534 кәсіпорын тіркелген, олардың ішінде, 20 - ірі, 35 - орта және 1479 шағын кәсіпорын. Кәсіпорындардың ең көп саны (874) киім өндірісі бөлігінде шоғырланған, 476 кәсіпорын тоқыма бұйымдарын және 184 кәсіпорын былғары және оған қатысты өнімді шығарумен айналысады. Жеңіл өнеркәсіптегі ірі кәсіпорындардың жартысы (9) Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Бұл, бірінші кезекте, шикізат нарығының жақын орналасуына және еңбек ресурстарының болуына байланысты.
Тіркелген кәсіпорындардың жалпы санынан тек 58%-ы ғана жұмыс істеп тұр. Жеңіл өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарсанының 90%-ын шағын кәсіпорындар құрайды. Аталмыш үрдіс соңғы 7 жыл бойы сақталып келеді. Ірі бизнес нарықтағы тербелістерге өте тұрақты, ал шағын бизнес, бұған дейін айтылғандай, ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санының 90%-ын құрайды, бағасы жағынан, оның ішінде, ҚР және өзге де елдерге жеңіл өнеркәсіп өнімдерін импорттайтын шетелдік компаниялармен де бәсекеге шыдай алмайды.
Өндіріс көлемі
Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, 2, 4 есе артты (1-сурет) .
2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, өндірістің айтарлықтай өсімі өнімнің мынандай түрлері бойынша байқалады:
- бас киімдер - 3, 6 есе (2-сурет) ;
- ІҚМ терісінен немесе жылқы терісінен былғары - 3, 5 есе (3-сурет) ;
- дайын тоқыма бұйымдар - 1, 5 есе (4-сурет) .
2015 жылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, сала өнімінің өндіріс көлемі номиналды түрде 0, 8% өсті және 21, 3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
- жалпы көлемнен 11, 9 млрд. теңге немесе 56% тоқыма бұйымдар өндірісіне;
- 7, 9 млрд. теңге немесе 37% - киім өндірісіне;
- 1, 4 млрд. теңге, жалпы көлемнің бар-жоғы 6, 6%-ын ғана құрайтын - былғары және оған қатысты өнім өндірісіне тиесілі (5 сурет) .
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін физикалық көлем индексі (бұдан әрі - ФКИ) серпіні 2010 жылдан бастап тұрақсыз үрдіс сипатына ие болды. Осылайша, тоқыма өнеркәсібінің ФКИ алдыңғы жылға қатынасы бойынша 2011 және 2013 жылдары қысқарды, 2010, 2012 және 2014 жылдары өсті. Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар, аяқ киім өндірісінің ФКИ алдыңғы жылға қатынасы бойынша 2010 және 2013 жылдары қысқарды, өсуі - 2011, 2012 және 2014 жылдары. Тұрақты өсімді соңғы 6 жыл ішінде киім өндірісі көрсетті.
2015 жылдың қаңтар-сәуір айларындағыжеңіл өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 100, 8%-ды құрады. Шынайы өсім барлық ішкі салаларда байқалды (1-кесте) .
1-кесте - 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында, 2010-2014 жж. ҚР-де жеңіл өнеркәсіп ФКИ
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар
2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар тұрақсыз үрдіс сипатына ие болды. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, салымдардың күрт өсуі байқалды (11, 6 есе), бұл саланың ірі өндірістерін құрумен және жаңғыртумен байланысты, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» АЭА. 2009 бастап 2012 жылға дейін сол секілді салаға инвестициялардың күрт қысқаруы орын алды (4, 3 есе) . Осылайша, «Оңтүстік» АЭА-ға салынған инвестициялар көлемі аталмыш кезең ішінде 26 есе қысқарды. 2013 жылы жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялар 5 846 млн. теңгені құрады, 2012 жылға қарағанда 2 есе, 2008 жылға қарағанда 5, 8 есе артты (6-сурет) .
2015 жылдың қаңтар-сәуір айларындағыҚазақстан жеңіл өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар 712, 6 млн. теңгені құрады. 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, тоқыма бұйымдары (25, 5 есе) өндірісіне инвестицияларды арттыру есебінен жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар 2 есе ұлғайды. Бұл ретте, киім өндірісінде 87%-ға дейін, былғары және оған қатысты киім өндірісінде инвестициялар 12, 1%-ға дейін қысқарды (2-кесте) .
Өнімінің экспорты және импорты
Сала өнімінің экспорты мен импорты, сала өнімдерінің негізгі түрлері бойынша отандық өндірістің үлесі
2014 жылы сала өнімінің экспорты 175, 9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткішке қарағанда 3, 9 есе төмен (7-сурет) .
7-сурет - 2008-2014 жж. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өнімін экспорттау көлемінің серпіні, млн. АҚШ доллары
2013 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1, 5 есе қысқарды, негізінен, былғары-аяқ киім өнеркәсібі өнімнің экспорты - 38%-ға, тоқыма бұйымдарының - 37% қысқаруы есебінен. Бұл ретте, киім экспорты 10%-ға ұлғайды.
2014 жылы экспорттың негізгі баптары мақта-мата талшығы (79, 2 млн. АҚШ доллары немесе 45%), аяқ киім (21, 1 млн. АҚШ доллары немесе 12%) және иленген былғары (12, 3 млн. АҚШ доллары немесе 7%) болды. Мақта-мата талшығы, негізінен, Латвия, Ресей және Молдовияға жеткізілді. Аяқ киім экспортының негізгі көлемі Қытайға шақталды. Иленген былғары Қытайға және Литваға экспортталды (8-сурет) .
Индустрияландыру картасы
2015 жылдың 1 қаңтарына жай-күй бойынша Индустрияландыру картасы (ИК) шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасы 94 млрд. теңге жеңіл өнеркәсіптің 31 өңірлік жобасы іске асырылуда. 2014 жылы ИК шеңберінде 3228 жұмыс орнын құрумен инвестициялардың жалпы сомасы 23 млрд. теңге 24 инвестициялық жоба іске қосылды (3-кесте) .
3-кесте - 2014 жылы іске қосылған Индустрияландыру картасының жобалары
5 424
3 852
3 682
Дереккөз: Жобалау кеңсесі
Индустрияландыру картасы шеңберінде құрылған сала кәсіпорындары елдің экономикасына белгілі бір үлес әкеледі. 2014 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 7, 3 млрд. теңге сомасында өнім шығарады. Нәтижесінде олар шығарған өнім үлесі сала өндірісінің жалпы көлемінің 11%-ын құрады.
Төменде 2010-2014 жылдар аралығында Индустрияландыру картасы шеңберінде шығарылған өнім көлемдері бойынша деректер берілген (12-сурет) .
12-сурет - ҚР өндірісінің отандық көлеміне КИ салымы
2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында АЭА аумағында 8 жоба іске асырылды, инвестиция сомасы 22 млрд. теңгені құрады, 1445 жұмыс орны құрылды. Инфрақұрылым аяқталды (республикалық бюджеттен 8, 2 млрд. теңге бөлінді) .
2013 жылы АЭА жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан 46, 5 млн. теңге сомасында салық аударымдары түсті (2012 жылы 42, 8 млн. тг. ), өсім 108, 8%-ды құрады.
2013 жылы АЭА кәсіпорындары 1145 млн. теңгеге өнім өндірді (2012 жыл - 504, 6 млн. тг. ) өсім 2 еседен астам болды.
АЭА кәсіпорындары 2014 жылы 3, 6 млрд. теңгеге өнім өндірді.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8 инвестициялық жоба іске асырылды:
Оның ішінде: 2010 жылы - 2 жоба:
- «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС жобасы - «Мақта талшығынан гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы және техникалық өндірісін құру», жалпы құны - 3 850, 0 млн. теңге. Қаржыландыру көзі: «БРК-Лизинг» АҚ, ЕДБ, өз қаражаттары.
- «OxyTextile» ЖШС жобасы - «Кешенді автоматтандырылған иіру-ширату фабрикасы», жалпы құны - 5 879, 8 млн. теңге. 260 жаңа жұмыс орны құрылған. Жоба 2010 жылғы 28 маусымда іске қосылды.
2011 жылы 1 жоба іске асырылған:
- «Шымкент-Кашемир» ЖШС - «Дайын тоқыма бұйымдарын өндіруді ұйымдастыру»жүнді қайта өңдеу және қой, түйе жүнінен және түбітінен сырма көрпелерді шығару жобасы, жалпы құны - 560, 1 млн. теңге (І кезең - 250, 0 млн. теңге, ІІ кезең - 310, 0 млн. теңге) . Жоба бастамашының өз қаражаты есебінен іске асырылған. 136 жұмыс орны құрылған, жоба бойынша жұмыс орындарының жалпы саны - 272 адам.
2012 жылы 2 жоба іске асырылған:
- «АГФ групп» ӨК» ЖШС жобасы -«Конвейерлік ағынды тігін фабрикасы және қонданбалы материалдар өндірісі жөніндегі цех», жалпы құны - 251 млн. теңге, жоба бойынша жұмыс орындарының жалпы саны - 300 адам.
- «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС жобасы -«Қазақстан Республикасында қағаз өндірісі», жалпы құны - 1 млрд. теңге, 50 жаңа жұмыс орны құрылған.
2013 жылы 2 жоба іске асырылған:
- «Kazbiolife» ЖШС - «Макулатурадан жасалған картон қағаз және 3-5 қабатты гофрокартон өндірісін ұйымдастыру».
- «Бал Текстиль» ЖШС -«Кілем өнімдерін өндіру фабрикасы». 2013 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді.
2014 жылы 1 жоба іске асырылған:
- «Назар Текстиль» ЖШС - «Кілем бұйымдарын өндіретін тоқыма фабрикасын құру». 2014 жылғы 25 желтоқсанда пайдалануға берілді.
2015 жылы «Оңтүстік» АЭА 2 жобаны пайдалануға беруді жоспарлауда:
- Силиконды полиэфир және полипропилен талшығының өндірісі («Ансат текстиль» ЖШС) жоба құны 2, 7 млрд. теңге, жаңа құрылған жұмыс орнының саны - 70 бірлік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz