Былғарыдан тігілген аяқ киім экспертизасы және тауартануы


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

«Тамақ өнімдерінің және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

БАӨЖ №2

Тақырыбы: Былғарыдан тігілген аяқ киім экспертизасы және тауартануы

Пән: Былғары жартылай фабрикатының және шикізаттының экспертизасы

Орындаған: Бейбітова Маржан

Тк-321

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей 2016 жыл.

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Былғарыдан тігілген аяқ киім
  2. Былғарыдан тігілген аяқ киім тауартануы
  3. Былғарыдан тігілген аяқ киім экспертизасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Былғары аяқ киім өнеркәсібі - жеңіл өнеркәсіптің бір саласы. Қазақстанда былғары аяқ киім өнеркәсібі ертеден дамыған. Ісмерлер былғары аяқкиімдерді өздері тіккен. Теріні қолдан илеп, оның жеткілікті шикізат қорын жасап отырған. Кейінірек былғары шығаратын зауыттар іске қосыла бастады. 19ғасырдың басында Петропавл қаласында, сол ғасырдың аяғында Семей қаласында сиыр, қой терілерін илеп, аяқ киім тігетін арнаулы кәсіпорындар ашылды. 1941 - 65ж. ж. Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында былғары шығаратын зауыттар салынды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада Семей былғары комбинаты, Алматы тері қайыс бұйымдары кәсіпорындары жұмыс істеді. Соғыс жылдары көшіріліп әкелінген былғары зауыттарының жабдықтары негізінде Жамбыл, Қызылорда және Петропавл қаласыларында жаңа кәсіпорындар құрылып, былғары аяқкиім өнеркәсібі жеке сала ретінде қалыптаса бастады. Аяқ киім адам өміріндегі бірінші қажеттіліктердің бірі және тұтыну тауарларының негізі болып отыр. Заманауи аяқ киім комплексі арнайы талаптарға жауап беруі қажет. Олардың негізгілері: эксплуатациялық, эстетикалық, функциональды. Эстетикалық талаптар заманауи сән үлгілерінің аяқ киімге ықпалын көрсетеді (стиль бағыты, әдемілік, модельдің ерекшелігі) . Ал функциональды бағыт болса, аяқты суық, ыстық температура әсерінен, ылғалдан қорғап, адам аяғының антропометриялық көрсеткіштеріне сай келуі, яғни аяқ киімнің өз алдына қойған негізгі міндеті.

1. Былғарыдан тігілген аяқ киімдер

Аяқ-киімге арналған былғары екі негізгі топтан құрылады:

1) аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары;

2) аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары.

Бұл топтардың әрбіреуі аяқ киімнің төменгі бөлігін бекіту әдісі бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді:

1) Бұрандалау - шегелеу әдісімен бекітілген аяқ-киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары және жеңіл аяқ киім үшін - жіппен тігу (сыздықты және тігісті) және бекітудің желімдеу тәсілі;

2) Ауыр аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары - юфть және жеңіл аяқ киім - хромдық былғары.

Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары. Аяқ киімнің төменгі бөлігінің негізгі бөлшегі - ұлтан және ұлтарақ. Осыған сәйкес аяқ киімдік төмендік былғарылар ұлтандық және ұлтарақтық деп бөлінеді.

Аяқ киімнің төменгі бөлігін бекіту әдісіне байланысты былғарының келесідей түрлері ажыратылады:

Бұрандалау - шегелеу әдісімен бекітілген аяқ-киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары. Мұндай былғары ауыр аяқ киімдер үшін қолданылады, ұлтан мен ұлтарақ және жоғарғы былғары металл бұрандалар немесе ағаш шегелер көмегімен бекітіледі. Бұранда немесе шегені берік ұстап тұру үшін, бұл түрдегі былғары жеткілікті қалың, тығыз және минимальды су өткізгіштікке ие болуы керек. Ірі қара мал (өгіз, бұқа, сиыр терісі) ауыр шикізатынан немесе жылқының сауыр терісінен алынады.

Жіппен тігіліп бекітілген аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары. Мұндай былғары жеңіл аяқ киімдер үшін қолданылады, ұлтан ұлтараққа және аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне жіппен тігілу арқылы бекітіледі.

Рантты және тігісті бекітілген былғарылар бар. Біріншісі жеңіл, әдемі және қымбат түрлі аяқ киімдер дайындауда қолданылады, екіншісі де жеңіл аяқ киімдер дайындауға арналған, алайда олар неғұрлым арзан, құрғақ жағдайда киюге арналған маусымдық (жаздық) немесе үйде киетін болады.

Рантты бекітілген аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары ірі қара мал терісінен өңделеді; тігісті аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары - шошқа және түйе терісінен, сонымен қатар теңіз аңдарының терісі мен жылқы хазынан алынады.

Қалыңдығы бойынша аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары алты категорияға бөлінеді:

Категория
Қалыңдық (мм)
Категория: 1
Қалыңдық (мм): 5, 0 артық
Категория: 2
Қалыңдық (мм): 4, 5- 5, 0
Категория: 3
Қалыңдық (мм): 4, 0 - 4, 5
Категория: 4
Қалыңдық (мм): 3, 5 -4, 0
Категория: 5
Қалыңдық (мм): 3, 0 - 3, 5
Категория: 6
Қалыңдық (мм): 2, 5 - 3, 0

Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары қалыңдығы және ауданы бойынша толықтай иленген болуы керек: біркелкі түс, дақсыз; жақсы бөлінген қол терісі, табан және мойын терілері; таза шелденген бахтарма.

Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарының барлық типтері ақаулардың болуына және сипаттамасына байланысты 1, 2, 3 және 4 сұрыптарға бөлінеді.

Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары. Аяқ киімге арналған беттік былғарылар тағайындалуы бойынша төмендегідей бөлінеді:

1) юфть - ауыр аяқ киімдердің жоғары жағына арналған.

2) хромдық былғары - жеңіл аяқ киімдердің жоғары жағына арналған.

Аяқ киімдік юфть. Жоғарыда көрсетілген былғарылардың әрбіреуі шикізат түрлеріне байланысты бөлінеді, мысалы, сиыр терісінен өңделген юфть, жылқы терісінен өңделген юфть немесе шошқа терісінен өңделген юфть. Юфть өңдеу үшін өсімдіктік илегіштер немесе олардың өсімдіктік емес илегіштермен және хромдық тұздармен комбинациясы пайдаланылады. Әдетте, аяқ киімдік юфть бүтін былғары түрінде шығарылады, ал жылқы терісінен өңделетін юфть сауыр теріден өңделеді.

Юфть ауыр аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған бөлшектерді және сандалды (жазғы аяқ киім) дайындауға арналған.

Әдетте, ауыр аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған юфть қара түске боялады, кейде табиғи түспен шығарылады, ал сандалға арналған юфть түрлі-түсті немесе табиғи түсті болады.

Хромдық былғары. Жеңіл аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары ұсақ малдардың терілерінен өңделеді, илеу үшін негізі хром тұздарын қолданады.

Шикізат түрлеріне байланысты аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары хромдық бұзау терісі (ауданы 40-90 дм 2 сүт емізетін бұзау терісі, салмағы есепке алынбайды), бұзау терісі (ауданы 60-150 дм, салмағы 10 кг дейін),

Хромдық бығары көбінесе қара, қоңыр және ашық түстерге боялады, кейде олар табиғи түспен де шығарылады.

Хромдық былғары қалыпты иленген және майланған, барлық ауданы бойынша жақсы жазылған, жұмсақ және нығыз, бояуы біркелкі болуы керек. Былғарының бетінде тартылып немесе отырып қалу сияқты ақаулар, дақтар, жазылмаған қыртыстар және жолақтар болмауы керек.

Аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған астарлық былғары. Мұндай былғары әртүрлі малдардың ұсақ терісінен өңделеді, хромдық, өсімдіктік немесе аралас илеу арқылы бүтін тері түрінде шығарылады. Олар боялмаған (табиғи) немесе анилинді бояғыштармен боялған болуы мүмкін, кейде нитроцеллюлозалы жабынды бояғыштармен де боялады. Казеинді жабынды бояғыштарды пайдалануға рұқсат етілмейді, себебі онымен боялған былғары киімді былғайды.

Қалыңдығы бойынша астарлық былғарыларды жұқа, орташа және қалың, ал сұрыпқа - 1, 2, 3, және 4 сұрыпты деп бөледі.

Аяқ киімнің сапасын тексеру үшін маман бұл саланың негізін, яғни аяқ киімнің жасалынатын шикізаттың алынуынан, транспорттауға дейін операциялардың егжей-тегжейлігін білуі міндет.

Былғарыдан тігілетін аяқ киім қазіргі кезде толықтай таза былғарыдан жасалмайды. Ол сапасын сәйкесінше жорлату үшін де, синтетикалық қосымша материалдарды қолданған жөн. Оның бірі аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған резина.

Резина табиғи және синтетикалық каучуктан, вулканизацияланған заттардан және пайдалы қосымшалардан тұрады. Табандық, каблуктық, қағылатын, және т. б. резина жасайды. Қазіргі кезде бұл мақсатқа пластмассаны кеңінен қолдануда және термоэластопласт сияқты жаңа материалдар ойластырылуда. Олар аязда шыдайтын, жеңіл.

Аяқ киімнің былғарысына ірі қара мал, ешкі, қой және басқа жануарлар терісі шикізат ретінде алынылады. Ең қымбат шикізат жас ірі қара мал терісі болып саналады. Сапалы аяқ киім терінің дерма қабатынан жасалуы қажет. Сонымен қатар болашақ аяқ киім сапасы терінің қай бөлігінен өндірілетініне байланысты. Ең сапалы дейтін аяқ киімдер чепрактан тігілуі тиіс. Негізгі илеу әдісі әлі күнге дейін хромдық тұздарды қолданып, хромдық тұздармен өсімдікті илегіштермен, маймен, алюминимен илеу саналады. Хромдық былғары әрленеді. Әрлену түрлеріне байлансты аяқ киім былғары беті тегіс, әрленген, преспен сурет салынған болып бөлінеді. Былғарыны лакталған, күдері, т. б. түрлерін шығарады.

Былғарыдан тігілген аяқ киім тауартануы

Тауартану - тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін зерттейді. Тауартану үшін тауарлардың тұтынушылық құнын зерттеу маңызды орын алады. Кез келген тауардың тұтынушылық құны болады. Тауарды өндіруге кеткен қажетті қоғамдық енбектің мөлшері оның құнын анықтайды. Тауардың пайдалылығы, адамның кез-келген кажеттілігін қанағаттандыру қабілеті тұтынушылық құн деп аталады. Тауардың тұтынушылық құны оның қасиеттеріне негізделген. Өнімнің қасиеті дегеніміз оны өндіруде, қолдануда және тұтынуда айқындалатын объективті ерекшелігі. Тауардың қасиеттері табиғи және өндіру процессінде, сақтауда өзгеруі мүмкін.

Тауартану, тауарлардың тұтыну қасиеттерін зерттейді:

- класстарға бөлінуі және кодтау ;

- тауардың сапасын бақылау және бағалау факторлары ;

- тауардың жиынтығын құрудың заңдылықтары;

- тауарларды тасымалдау, тұтытыну және пайдалану кезінде сапасын сақтау шарттары

Нормативті техникалық құжаттардың ішіндегі ең маңыздылары МЕМСТ болып саналады. Бұл стандарттар СССР кезінде «Өлшем және өлшеуіш құралдар стандарттары комитетімен» құрылды, қарамағында болған елді мекендерге де таралды. Жыл сайын толықтырулар мен өзгертулер қаралады, бірақ айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Қазақстан Республикасында аяқ киімге деген стандарда осы стандарттарға бағынады.

Сол стандарттардың бірі МЕМСТ 28371-89 «Аяқ киім. Сортты анықтау». Аяқ киімді стандартты, стандартты емес деп бөледі. Аяқ киім сорты ең сапасыз, айқын ақауы бар жұбына қойылады. Бұл жерде ақаудың көлемі, орналасқан жері және айқындылық деңгейіне қарайды.

Стандартты аяқ киімде жол берәлмейтін ақаулар тобы МЕМСТ 28371-89. Стандартта аяқ киімге келесі ақауларға жол берілмейді: турасынан тесілген бөлшектер, қатпарлануы, қабатталып түсуі, жоғарғы бөлігінің және астардың жабысқақтығы, детальдардың дұрыс жерде орналаспауы, тігістің нашарлығы, үтіктелмеген тігістер, табанның дұрыс жабыстырылмауы, дұрыс емес қойылған каблук, жабыстырлмаған жыртылған астар, жұптардың сәйкесінше таңдалмауы. Былғары жабынының тұрақсыздығы.

Тұтынушылар мүдделерін қорғау үшін МЕМСТ 26165-84, 26166-84, 26167-84, 19116-84, 1135-88, 334-89 мен отандық өндірушілер аяқ киім гарантиялық мерзім бекітіледі. Гарантиялық мерзім ішінде сатып алушы сатушыға өз шағымын түсіруі мүмкін. өз қалауы бойынша ауыстырып немесе сатып алынған күндегі тауардың толық бағасын қайтара алады.

Аяқ киімді маркілеу МЕМСТ 51121-97 мен МЕМСТ 7296-81 «Аяқ киімді маркілеу, буып-түю, транспорттау және сақтау» стандарттарына сай болуы қажет. Маркілеу келесі мағлұматтарды құрайды: аяқ киім түрінің атауы, өндіруші мемлекет атауы, өндіруші фирмасы, негізгі тағайындалуы, қолдану және қауіпсіз сақтау, транспорттау, эффектілі қолдану жайлы негізгі тұтынушылық қасиеттерімен сипатталады (жоғарғы бөлігінің түсі, материал түрі, табан мен астар, өлшемі және толықтығы, міндеттті сертификация, тауарлық белгі, өндірілген күні, СТ таңбасы, колодканың фасоны немесе модель номері, өндірістің нормативті құжаттары) . Маркілеу өндірушінің қалауымен толықтырылуы мүмкін.

Әрбір жұпта маркілеу анықтамасы болуы керек: өндірістің тауарлық белгісі, өлшемі, толықтығы, модель номері, шығарылған күні, нормативті құжаттама сиптаттамасы және СТ таңбасы. Өлшем мен толықтықты табанда, астар мен астары жоқ етіктің жілігінің тұсына салады.

Транспорттайтын партияның маркіленуін жұп аяқ киім санымен толықтырады.

Былғары аяқ киімі тұтынушылық және транспорталатын қораптарға қапталады (картон қораптар, қағаз пакет, полимерлі материалдар пакеттері) . Аяқ киімді жұптап салады. Бір аяқ киім ұшы екінші аяқ киімнің өкше тұсына қарап тұратындай етіп, арасына жұмсақ қағаз салып буады. Ұшына картоннан аранйы қақпақша салады. Ол транспорттау кезінде деформациялаудан қорғайды. Қораптард ағаш немесе картон қораптарға тізіп салады. Осындай қораптын салмағы 50 кг аспауы тиіс.

Аяқ киімді таза, құрғақ, желдетілетін бөлмелерде +14 0 С-тен төмен, +25 0 С жоғары болмайтын температурада сақтайды. Салыстырмалы ауаның ылғалдылығы 50-80%. Аяқ киімді стеллажда қораппен бірге сақтайды, оған тура күн сәулесі түспеуі қажет. Қораптармен, қаптарды қоймадағы негізгі қабырғалардан 1, 0 м қашықтықта орналастыруы қажет. Ал еденнен стеллаждың төменгі бөлігіне дейін 0, 2.

Аяқ киім тұтынушылқ қасиеттерін өзгертуге әкелетін табиғи факторлар:

  • Физико-химиялық (ылғалдылық, температура, күн сәулесі, ауа)
  • Механикалық (соққылар, қысым, үйкеліс)
  • Биологиялық (микроағзалар - шіріткі бактериялар, зең саңырау құлақтары, жәндіктер - былғары жегіш қоңыз, кеміргіштер, күйе. )

Сонымен қоса аяқ киім дефектілері болса тұтынушылық қасиеттер нашарлайды. Дефект - белгіленген және болжанған талаптардың орындалмауы.

Сатып алынған аяқ киімінде ақау тауып алған тұтынушы экспертиза мен тұтынушы құқытарын қорғау орталығына бағытталады. Онда арнайы мамандар ақаудың шығу себебін және сипатын айқындайды. 2005-2006 жылы Санкт-Петербургтағы «Дербес тұтынушылық экспертиза орталығы» аяқ киімдерде жие кездесетін дефектілерін анықтады:

Тұтынушыны ақырғы нәтиже қызықтырады. Ал өндірушілер аяқ киім өндірісінң технологиясына үлкен мән береді. Тұтыну барысында қауалар екіге бөлінед: эксплуатациялық және өндірістік. Эксплуатациялық ақаулар себептерге аяқ киімді ұқыпсыз киюмен, сақтау, ал өндірістікке өндірістегі технологиялардың бұзылуы жатады.

4. Былғарыдан тігілген аяқ киімдер экспертизасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғарыдан тігілген аяқ – киімнің экспертизасы және тауартануы
Үлбір туралы
Тері шикізатын өндіру жайында
Қазақтың аяқ киімдері
Ұлттық киімдер
Қазақтың ұлттық киім үлгілері
Қазақтың ұлттық киімдері
Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хром былғары
Қазақ балаларының ұлттық киімдері
Аяқ киімнің дизайны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz