Құрылыс объекті жобасының құрамы, технологиялық шешімдері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
«Геодезия және Құрылыс» кафедрасы
«5В072900 Құрылыс» мамандығы
«Жобалық іс» пәні
СРО №4
Тақырыбы:
Құрылыс объекті жобасының құрамы, технологиялық шешімдері.
Орындаған: Үмыткаров Е. Ж.
СТ - 217
Тексерген: Окасов А. Р.
аға оқытушысы
Семей
2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Құрылыс объекті жобасының құрамы, технологиялық шешімдері . . . 4
Қорытынды . . . 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 12
Кіріспе
Кез келген тағайындалуға арналған құрылыс объектілерінің жобалауын өңдеу ҚР ҚНжЕ А. 2. 2-1-2001 «Мекемелер, ғимараттар және биналар құрылы-сына жобалау-сметалық құжаттар құрамын өңдеу, келістіру және бекіту тәр-тібі туралы нұсқау» талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл нұсқау меке-мелердің, ғимараттардың және биналардың жобалау-сметалық құжаттар құ-рамын өңдеу, келістіру және бекіту тәртібін орнықтырады және тапсырма бе-руші (инвесторлар), мемлекеттік басқару және қадағалау органдары, мекеме-лер, жобалау ұйымдары, басқада заңдық және хұқұқтық мүшелері (соның ішінде шетелдіктер) - Қазақстан Республикасы көлеміндегі сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъекттері қолданулары үшін арналған.
Жобалау-сметалық құжаттар бекітілген уақыттан бастап үш жыл ішін-де нақты жұмыс жүргізуге арналған. Осы мезгіл өткен уақытта, жаңадан өң-делген жобалау-сметалық құжаттар үшін орнықтырылған, жаңа техникалық шарттарға байланысты соңынан қарастыру және қайта бекіту тәртібімен, жұ-мыс істейтін нормалар мен ережелерге сәйкес, оларға қажетті өзгерістер енгізіледі.
Техникалық күрделі емес объектілер үшін құрылыс, типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер және қайта қолдану жобалар негізінде орындау болжалған жағдайда, бекітілетін бөлімнен құрылушы және жұмысшы құжат-тардан тұратын, жұмысшы жобалар өңделуі мүмкін.
Объектілердің құрылысына жобалау-сметалық құжаттарды өңдеу, анықталған ретте мемлекеттік лицензияны жобалау қызмет түріне лайықты алған заңды және хұқұқты мүшелер жүзеге асыра алады.
Іс жүзінде, жоба бас жобалаушысы, жобалау-сметалық құжаттардың кезектегі сатыларын өңдейді, авторлық қадағалау және құрылысы толық орындалған объектілерді қабылдауға қатысады.
Бас жобалаушы, бекітілген жобаға өзгертулер мен қосымшаларды енгі-зуді мүдделес ұйымдармен немесе мемлекеттік органдардың қызметтерімен келісім бойынша жүзеге асырады.
Құрылыс объектілерін жобалау жобалау-іздеуші жұмыстар орындалуы-на тапсырыс берушінің бас жобалаушымен көтерме келісім-шарты (келісімі) негізінде жүзеге асады.
Келісім-шарт ажырамас бөлімі (келісімі) жобалауға тапсырма беру болып табылады. Тапсырыс беруші жобалау ұйымдарына құрылыс объектілеріне бекітілген тапсырмамен міндетті қосымшаларға сәйкес негізгі материалдар береді.
- Құрылыс объекті жобасының құрамы, технологиялық
шешімдері.
Жоба деп - құрылысқа дайындалған ғимарат, құрылым және олардың кешенге толық сипаттайтын техникалық құжаттардың жинағы. Ғимарат құрылысында типтік және жеке жоба коп қолданылады. Оны жобалау кезінде барлық экономикалық және пайдалану талаптары қаралуы керек.
Жоба түрлері:
1. Типтік
2. Жеке жоба
Типтік жобамен жаппай құрылыс ғимараттары тұрғызылады(тұрғын үйлер, мектептер, бала бақша, емхана) .
Жеке жобаларды күрделі және бірегей ғимараттарды және кешендерді, ерекше маңызы бар ғимараттарды тұрғызғанда пайдаланылады.
Жобаларды ұжымдармен иниституттардың мамандары жасайды (архитектор, инженер - конструктор, инженер - технолог, инженерлік құрылғылар мамандары, құрылыс технологиясымен ұйымдастыру мамандары, экономистер) .
Жобалау үшін ең алдымен құжат жобалау тапсырмасы болып табылады, оны тапсырыс беруші жобалау ұжымымен бірге құрастырады. Жобалау тапсырмасының ішінде жобаланатын ғимараттың қызметі мен қуаты, құрылыс орны баяндалады, учаскенің геодезиялық жоспары, обьекті құрылысының басталу және аяқталу мерзімдері, пайдаланылатын конструкциямен материалдар, мәліметтер болады.
Осы тапсырма және құрылыс мөлшері мен ережелері негізінде жобалау жоспарын жасайды, ол жерде ғимаарат бөлмелері, олардың ауданы және оларға қойылатын талаптар көлемдік - жобалау, конструктивті және архитектуралық - әсемдік шешімдерінің талаптары болады.
Көлемдік - жобалау шешімдері ғимарат ішінде болатын технологиялық процеске байланысты. Жобаның технологиялық бөлігін технологтар жасайды.
Көлемді - жобалау шешімі ретінде мына конструкциялар таңдалынады:
1. қаңқа
2. қоршау
3. терезе
4. қабат
5. төбе жабындары
6. баспалдақтар.
Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және бина-лардың құрылысына жоба келесі бөлімдерден түзеледі :
- жоба төлқұжаты;
- жалпы түсіндірме жазу;
- объектінің бас жоспары және көлік;
- технологиялық шешімдер;
- өндірісті және кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру және қызмет-керлердің еңбек шарттары;
- сәулеттік-құрылыс шешімдер;
- инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер;
- құрылысты ұйымдастыру (жобалауға тапсырмаға айқын көлемде) ;
- қоршаған ортаны қорғау;
- азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шаралары, төтенше жағдайларды ескерту шаралары;
- сметалық құжаттар;
- инвестициялар нәтижелілігі (қажетті жағдайларда) және техника - экономикалық көрсеткіштер (В қосымша) ;
- негізгі құрылыс материалдардың, бұйымдардың және контрукция-лардың қажеттілік құрама ақпартізімі.
Кәсіпорын мұқтаждықтарына арналған тұрғын-азаматтық тағайындау объектілерін құру қажеттілігі болған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттар құрамынан бөлек тұрғын-азаматтық тағайындау объектілерін құру жоба бөлі-ніп шығарылады. Ол «Кәсіпорындар, ғимараттар және биналар құрылысы-ның жобалау-сметалық құжаттарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібі туралы нұсқау» 4. 2 тармағына және өзара байланысқан жалпы өнеркәсіптер үшін техника-экономикалық көрсеткіштер бар биналар, қалақұрылыс құжат-тарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелеріне сәйкес өңделеді.
Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және бина-лардың құрылысына жобаның ұсынылатын құрамы мен мазмұны төменде қарастырылады.
Жалпы түсіндірме жазу құрамы:
- жобаны өңдеуге арналған негізден;
- жобалауға арналған бастапқы мәліметтерден;
- кәсіпорын қысқаша сипаттамасын, биналар және оның құрамына кіруші өндірістер, жобалық қуаттылық және номенклатура, сапа, бәсекеге қабілеттілік, өнімнің техникалық деңгейі, шикізат базасы, отынға, суға, жылу және электр қуаттарына қажеттіліктер, шикізаттарды, өндіріс қалдықтарын, екінші қайтару қуат қорларын комплексті қолдану, құрылыс ауданының әлеуметтік-экологиялық шарттары туралы мәліметтерден;
- бас жоспардың, инженерлік торлар және коммуникациялардың, аумақты инженерлік қорғау шараларының негізгі көрсеткіштерінен;
- жұмыс істеушілердің шарттарын және қорғауын, санитарлық-эпиде-миологиялық шараларды, еңбек қауіпсіздігін және азауқатты халық топтары-ның тіршілік әрекет шарттарын, негізгі шешімдерді сипаттайтын жалпы мәлі-меттерден;
- ойлап табуларды және патенттерді жобада қолдану туралы мәлімдеу-ден;
- жобаны өңдеу нәтижесінде алынған техника-экономикалық көрсет-кіштер, оларды объект құрылысына бөлінген инвестициялар және тапсыр-мамен анықталған және жобалауға бекітілген (мақұлданған) негіздеулерді салыстыру, жобаны орындау бойынша тұжырымдар мен ұсыныстардан;
- өткізілген жобалау шешімдердің келісулері туралы мәліметтерден;
- өңделген жобалау-сметалық құжатардың мемлекеттік қадағалау (ба-қылау) және мүдделі ұйымдар мен объекттің орналасу орнын келістірген тұлғалар берген, мемлекеттік нормаларға, ережелерге, бастапқы мәліметтер-ге, сонымен қатар техникалық шарттарға және талаптарға сәйкестігін растау-дан;
- жұмыс істейтін нормативтік құжаттардан шегінулер туралы орнық-тырылған тәртіппен келісімді орындаудан;
- негізгі принциптер көлемдік-жоспарлау және сәулеттік шешімдерден тұрады.
Объекттің бас жоспары және көлік:
- ауданның және құрылыс алаңдарының қысқаша сипаттамасынан;
- бас жоспар бойынша (аумақтың зоналауын ескере), алаң ішіндегі жә-не сыртқы көліктердің шешімдері мен көрсеткіштерін, көлік түрін таңдаудан;
- негізгі жоспарлау шешімдерінен, аумақты сәулеттендіру шаралары-нан;
- инженерлік торлардың және коммуникациларының орналасуынан;
- кәсіпорын күзетін ұйымдастырудан тұрады.
Негізгі сызулар:
а) бар және жобаланатын сыртқы коммуникациялар, инженерлік жүйелер және селитебтік аумақтар, санитарлық-қорғау зона шектері, ерекше күзетілетін аумақтар көрсетілген кәсіпорынның, ғимараттың, бинаның орна-лыстырылған ситуациялық (жағдайлық) жоспар, ал бойлық биналар (алаңнан тыс және алаң ішіндегі) үшін жол жоспары, ал қажетті жағдайда жолдың бой пішіні және жер салуларының көлденең пішіні келтіріледі;
б) жер массасының картограммасы (ұзындық биналардан басқа) ;
в) бар және жобаланатын (қайта құрылатын), сонымен қатар бұзуға жа-татын ғимараттар мен биналар, қоршаған ортаны қорғау және сәулеттендіру объектілері, аумақты көгалдандыру және алаң ішіндегі инженерлік тораптар мен көлік коммуникациялары, аумақтың жоспарлау белгілері белгіленген бас жоспар, сонымен қатар шығарылатын кешендерге кіруші объекттер, тораптар және көлік коммуникациялары бөлінеді.
Технологиялық шешімдерге:
- өндірістік бағдарлама туралы мәліметтер;
- өндіріс технологиясы бойынша қысқаша сипаттама және шешімдерді негіздеу, еңбек сіңіргіштік (станок сиымдылығы), механикаландыру және технологиялық процестерді автоматтандыру туралы мәліметтер;
- қолданылатын жабдықтардың, соның ішінде импорттық жабдықтар-дың, құрамы және негізделуі;
- аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық өндірістер және процес-терді, жылуды және ұсталған химиялық реагенттерді қайта қолдану бойын-ша шешімдер;
- жұмыс орындарының саны және олардың жабдықталғандығы;
- цехаралық және цех коммуникацияларының сипаттамасы;
- өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар;
- жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру бойынша шешімдер;
- қуат сақтау бойынша шаралар;
- атмосфераға зиянды шығарулар мен су қайнарларына тастаулардың (бөлек цехтер, өндірістер, биналар бойынша) саны және құрамы туралы мәлі-меттер;
- қоршаған ортаға зиянды шығарулар мен тастауларды болдырмау (қысқарту) бойынша техникалық шешімдер, апаттақ жағдайлар пайда болу мүмкіндігін бағалау және оларды болдырмау бойынша шешімдер;
- пайдалану және жерлеуге жататын өндірістік қалдықтар көлемі, түр-лері, құрамдары;
- технологиялық процестердің жағармайлық-қуаттық және заттық ба-ланстары;
- негізгі технологиялық мұқтаждықтарға арналған қорлардың түрлеріне қажеттілік.
Негізгі сызулар:
а) технологиялық процестердің принципшіл желілері;
б) ғимараттар (цехтар) бойынша жабдықтардың және көлік құрал-дарының орналасу нұсқауымен технологиялық жоспарлау;
в) жүк ағындарының желілері.
Бөлімді өңдеуде технологиялық жобалау салалық нормаларын басшы-лыққа алу қажет.
Өндірісті, өнеркәсіпті және ұйымдарды басқару, жұмысшылар және қызметшілердің еңбек шарттары мен қорғауы Еңбек Министрлігі және Қа-зақстан Республикасының халық әлеуметтік қорғауының нормативтік құжат-тарына сәйкес орындалады.
Бұл бөлімде:
- кәсіпорынның және бөлек өндірістердің басқару құрылымын ұйым-дастыру, автоматтандырылған басқару жүйесі және оны ақпараттық, функци-оналдық, ұйымдастыру және техникалық қамсыздандыру;
- басқару қызметкерлерінің еңбектерін автоматтандыру, механикалан-дыру;
- жұмыс істеушілердің кәсіби-дәреже құрамын есептеу нәтижелері;
- жұмыс орындардың саны және жабдықталғандығы;
- кәсіпорында жұмыс істеушілердің санитарлық-гигиеналық еңбек шарттары;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар, соның ішінде өндіріс шуларын және дірілдерін, бөлмелердің газдануын, артық жылынуын, еңбек шарттарының комфорттығын жоғарылату шаралары ж. т. б. қарастырылады.
Сәулетшілік - құрылыс шешімдер:
- құрылысқа арналған ұсынылатын участок сипаттамасын, оның тұрған жерін, мөлшерін, замандас күй-жағдайларын және қолдануын ескере: объект сәулеттік шешімдерін қысқаша суреттеуден;
- аумақтың, көліктің және инженерлік-құрылыс шарттардың, инженер-лік коммуникациялардың және оның үстімен немесе іргелес аумақтары арқы-лы өтетін өнім өткізу қабылетінің, жоспарлау шектерлердің және жұмыс іс-тейтін қала құрылысы құжаттардың экологиялық күй-жағдайы туралы мәлі-меттерден;
- ғимараттар мен биналарды бұзу, көшіру жөніндегі талаптардан;
- азауқатты халық топтарының тіршілік әрекетін қамтамасыз етуден, құрылыс ережелерінен, қалақұрылыс концепциясын сақтаудан, мәдениет ескерткіштерін және табиғатты сақтаудан, олардың қорғау аймақтарын және ерекше жөнге салу аймақтарынан;
- жер асты кеңістіктерін қолдану мүмкіншіліктерінен;
- сәулетшілік-құпылыс тапсырмасымен анықталған талаптардың орын-далуынан;
- объекттер (объекттердің) жұмыс жасауларын қамтамасыз етуге арнал-ған жобаланушы инженерлік биналардың шешімдерін суреттеуден;
- жобаланушы объекттің негізгі сәулеттік-жоспарлау параметрлерінен;
- құрылыс алаңдарының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық шарттарынан, сонымен қатар негізгі ғимараттар мен биналар бойынша қыс-қаша суреттеу және сәулеттік-құрылыс шешімдерін негіздеу туралы мәлім-деуден;
- өлшемнің қоршау контрукцияларының жылу сақтайтын қасиеттерін жақсарту, өндіріс шуларын және дірілдеулерін төмендетудің принциптік ше-шімдерін негіздеуден, жұмыс істеушілерге тұрмыстық, санитарлық қызмет ету шараларынан;
- электрлік, жарылыс, өрт қауіпсіздіктері бойынша шаралардан;
- құрылыс контрукцияларын, торларын және биналарды коррозиядан қорғау шараларынан;
- негізгі сызулар: жоспарлар, негізгі күштеу көтеруші және қоршау конструкцияларын көрсететін негізгі ғимараттардың және биналардың қас-беттері және қималардан тұрады.
Инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер:
- канализация, сумен, жылумен, газбен, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа тазарту бойынша шешімдерден;
- бақылау, есепке алу және жөнге салу құралдарына бақылау бойынша шаралардан;
- ғимараттар мен биналарды: электр жабдықтау, электрмен жарықтан-дыру, байланыс және сигнал беру, радиоландыру және теледидар, өртке қарсы сақтық қондырғылармен, найзағайдан қорғаныш және басқа инженерлік жабдықтаудан;
- инженерлік жүйелерін басқаруды автоматтандыру және диспетчер-леуден - тұрады.
Негізгі сызулар:
а) жылумен жабдықтаудың, электр жабдықтаудың, газбен жабдық-таудың, сумен жабдықтаудың, канализацияның және басқалардың түбегейлі желілері;
б) инженерлік торлардың жоспарлары;
в) инженерлік торлардың кесілгендегі кескіндері (қажет болғанда) ;
г) негізгі биналардың сызулары:
д) жылыту-желдету жүйелерін түсірумен негізгі ғимараттардың жоспарлары және жылыту-желдету қондырғыларының түбегейлі желілері, сумен жабдықтау және канализацияның желілері;
е) электр жабдықтаудың, электр жабдықтардың, радиоландыру және сигнал берулердің, инженерлік жүйелер басқаруын автоматтандырудың жә-не басқалардың түбегейлі желілері.
Негізгі сызулар:
- 1:5000, 1:1 масштабта ситуациялық жоспар;
- бас жоспар схемасы немесе 1:500, 1:1000 масштабтабында орындалған топографиялық негізде участок бас жоспары, қабаттар жоспарлары, қасбеттер, қүш көтеруші және қоршау конструкцияларының (жеке және қайта қолданылатын жобалар бойынша) схемалық бейнеленген ғимараттар мен биналар қималары;
- қайта қолдану жобаларының байлау каталогтық беттері;
- негізгі бөлмелердің ішкі көріністері (жобалау тапсырмасына сәйкес өңделеді) ;
- жеке конструктивтік шешімдердің схемалық бейнеленуі;
- негізгі жабдықтардың нормальдерге сілтемелері бойынша техноло-гиялық құрастырылуы немесе әр қабатта орналастыру жоспарлары;
- инженерлік жабдықтаудың принциптік схемалары және сыртқы инже-нерлік коммуникациялар жолдарының схемалары;
- ішкі алаңшалар v торлары жолдарының, оларға биналардың жоспар-лары және объекттің электр жабдықтау схемасы;
- инженерлік жабдықтар құралдарын басқаруды және санитарлық-техникалық қондырғыларды автоматтандырудың принциптік схемалары;
- байланыс және сигнал беру ұйымдарының схемалары;
- қоқымды шығару схемалары.
Жобалаушы ұйым тапсырыс берушімен бірге жобалау-іздеуші жұмыстарын орындау келісім - шартында берілетін жобалау - сметалық құжаттарының даналар санын анықтайды, ал ол жоқ болған жағдайда тапсырыс берушіге төрт дана береді. Жалдаушы жобалау ұйымы бас жобалаушыға бес дана құжат береді.
Құрылыс жобалауының тапсырысында төмендегідей мағлұмат болуы керек:
1. өндіріс процесстер ретінің схемасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz