Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары



1. Әдебиеттану . көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым.

2. А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегі жайында.

3. Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы негізінде
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым, сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейтіні, ал әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды,әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер беретіні баршаға мәлім. Әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесінеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” бастау алып, Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясына” жалғасқан, одан З. Қабдоловтың “Сөз өнеріне” келіп ұштасқан қисын саласы Р. Нұрғалиевтің зерттеулеріне дейін өрістеді. Бұлардың соңынан жедел жетіліп келе жатқан жас ғалымдар мен сыншылар қазақ әдебиеттануын одан әрі дамытып, жаңа белестерге шығарары даусыз. А.Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926).
Бұл жөнінде: «Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты деп жазды Сырбай Мәуленов өз сөзінде. Бұл баяндамада А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі мен З. Қабдоловтың «Сөз өнері» еңбегін басшылыққа ала отырып, екі еңбектің ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын қарастырдым. Жалпы, әдебиет сөзін А.Байтұрсынов «асыл сөз» деп атаса, З.Қабдолов «сөз өнері» дейді. Ахмет Байтұрсынов сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі, олар:
1. Ақылға.
2. Қиялға,
3. Көңілге.
З.Қабдолов біріншіден, сезімге; екіншіден, бақылауға; үшіншіден,қиялға; төртіншіден, интуицияға; бесіншіден, өмірбаянға; алтыншыдан, парасатқа; жетіншіден, шеберлікке; сегізіншіден, шабытқа негізделеді деп қарастырған. Сондай-ақ, Ахмет сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Тіл көрнекі болу үшін дерексөз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жетуі үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді: Көріктеу, Меңзеу, Әсерлеу. Бұл турасында З.Қабдолов «Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл – құбылту, яки троп – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп кейде тіпті перделеп таныту» дей келіп оның түрлерін атап көрсетеді.
1) Байтұрсынов А. «Әдебиет танытқыш.Зерттеу мен өлеңдер.» Алматы,2003.
2) Жұмалиев Қ. «Әдебиет теориясы.» – Алматы, 1960.
3) Қабдолов З. «Сөз өнері.» – Алматы, 1992.
4) Ахметов З. «Өлең сөздің теориясы.» – Алматы, 1973.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары

Орындаған: Әлиханқызы А.

ПД-305

Тексерген: Секей Ж.С.

Семей қаласы

2015 ж

Жоспар:

1. Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым.

2. А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегі жайында.

3. Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары А.Байтұрсыновтың
"Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы негізінде

1. Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым, сөз өнерінің
түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік
және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейтіні, ал әдебиет теориясы әдебиеттің
болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың
мағынасы мен мәнін байыптайды,әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың
ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты
мәліметтер беретіні баршаға мәлім. Әдебиет теориясын білмей, қандай да
болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-
қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде,
күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану
мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары
мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы
табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең
және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесінеде қорытылған толғамдар, түйін-
тұжырымдар. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” бастау алып, Қ.
Жұмалиевтің “Әдебиет теориясына” жалғасқан, одан З. Қабдоловтың “Сөз
өнеріне” келіп ұштасқан қисын саласы Р. Нұрғалиевтің зерттеулеріне дейін
өрістеді. Бұлардың соңынан жедел жетіліп келе жатқан жас ғалымдар мен
сыншылар қазақ әдебиеттануын одан әрі дамытып, жаңа белестерге шығарары
даусыз. А.Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы
жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — Әдебиет танытқыш (1926).
Бұл жөнінде: Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған
мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір
бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен
өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты деп жазды
Сырбай Мәуленов өз сөзінде. Бұл баяндамада А.Байтұрсыновтың Әдебиет
танытқыш еңбегі мен З. Қабдоловтың Сөз өнері еңбегін басшылыққа ала
отырып, екі еңбектің ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын қарастырдым. Жалпы,
әдебиет сөзін А.Байтұрсынов асыл сөз деп атаса, З.Қабдолов сөз өнері
дейді. Ахмет Байтұрсынов сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі,
олар:
1. Ақылға.
2. Қиялға,
3. Көңілге.
З.Қабдолов біріншіден, сезімге; екіншіден, бақылауға; үшіншіден,қиялға;
төртіншіден, интуицияға; бесіншіден, өмірбаянға; алтыншыдан, парасатқа;
жетіншіден, шеберлікке; сегізіншіден, шабытқа негізделеді деп қарастырған.
Сондай-ақ, Ахмет сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау
сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Тіл көрнекі болу үшін дерексөз нәрсе
деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-
саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай
дәрежеге жетуі үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай
үш топқа бөлінеді: Көріктеу, Меңзеу, Әсерлеу. Бұл турасында З.Қабдолов
Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл –
құбылту, яки троп – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында
қолдану, шындықты бейнелеп кейде тіпті перделеп таныту дей келіп оның
түрлерін атап көрсетеді.
2. "Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын
топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе,
лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға
жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме,
саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз,
уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі:
ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар
бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме –
бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар
үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата
– бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр –
бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға
мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама,
қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.
Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса,
хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір
әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ
әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс
толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау,
(даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп
саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып
әкетуге де қайран қаласыз.
Қысқасы, "Әдебиет танытқыш” кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория
әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте
эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен
тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ
әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым
екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді.
Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және
айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі – "Әдебиет танытқыш”. Шолу ретінде,
атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған жоқ.
Бірден айту керек, "Әдебиет танытқыш” – Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-
философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық
танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған
ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін,
ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. Ұлттық әдебиеттану ғылымы
қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша
өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы
зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов
– тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану,
өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.
3. А.Байтұрсынов меңзеудің өзін теңеу (белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа,
белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеу; Мысалы, От орнындай тұяқтым,
Омыртқаң бар оқтаудай. Жауырынына қарасам, Сыпыра шапқан тақтайдай Ер
Тарғын жыры), ауыстыру (арасында түк ұқсастық жоқ, екі нәрсенің ететін
әсері бірдей болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары (А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы негізінде)
«Өлең бунақтарының таңдамалы және талғамалы орындары (А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінің "Өлең ағындары" тарауы).»
Оқыту процесінде ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Уланған құс етін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Цестодтардың жіктелуі
Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі туралы
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
Улану
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Пәндер