Мыс және мыс-пиритті кендерді байыту технологиясы



Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Кен байыту және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1.2 Мыс және мыс.пиритті кендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.15
1.3 Мыс және мыс.пиритті кендерді байыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

1.4 Мыс және мыс.пиритті кендер мен концентраттардың сапасына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.5 Мыс және мыс.пиритті кендер мен концентраттарды байытудың негізгі көрсеткіштері және технологиялық сызбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды
Біздің еліміз Қазақстан минералды шикізат көздеріне, яғни пайдалы қазбаларға өте бай өлке. Әлем елдерінде дамушы елдер қатарына осы жер анамыздың қойнауындағы байлықтарымыздың арқасында қосылып отырмыз. Осы пайдары қазбаларымызды, ресурстарымызды дұрыс пайдалана білу мен дамыту, ол біздің, яғни бүгінгі жас ұрпақтың міндеті болып табылады.
Жер қойнауынан пайдалы қазбалар алынып, өңделіп, байытылып қолданысқа жіберіледі. Ең манызды бөлім бұл байытылу. Кен байыту кезінде түзілетін өнімдерді, яғни концентрат пен қалдықты дұрыс пайдалану. Көп уақыттардан бері біз қалдықтарды қайтадан өңдеуден өткізбей тастап отырдық. Соның салдарынан пайдалы қазбаларымыздың қорын төмендеп кетті. Дегенмен, қазіргі техниканың дамуының арқасында қалдықтарды да қайта өңдеуден өткізіп тиімді пайдаланудамыз.
Жалпы кен байытудегеніміз бос тау жыныстарынан пайдалы минералдарды бөліп алу мақсатында минералдық шикізаттарды алдын ала өңдеу процестерінің жиынтығы болып табылады.
Кен байыту — бос тау жыныстарынан пайдалы минералдарды бөліп алу мақсатында минералдық шикізаттарды алдын ала өңдеу процестерінің жиынтығы.Кен байыту нәтижесінде екі түрлі өнім түзіледі: пайдалы құраушыларының негізгі массасы топтасқан концентрат және қалдық. Табиғи жағдайда кездесетін минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы құраушылары мардымсыз аз болды. Сондықтан оны өндіріске тікелей пайдалану тиімсіз. Мыс., кентастағы қорғасынның мөлш. 1,5 – 2%-тен аспайды, ал металлургиялық балқыту шарты бойынша оның мөлш. 20 – 30%-тен кем болмауға тиіс. Сондықтан кентас алдын ала байыту процесінен өтеді. Концентратқаауысатын шикізаттың пайдалы құраушылары мен олардың концентрат құрамындағы шамасы Кен байыту процесінің маңызды технологиялық көрсеткіші болып табылады. Бұлар процентпен өлшенеді. Кемелдендірілген кен байыту процестерінде алынатын пайдалы құраушылардың мөлшері 92 – 95%-ке жетіп, ондағы пайдалы құраушысы бар таза концентрат шамасы 85%-ке жуық болады.
1. Көшербаев Қ.Т. Кен байыту негіздері: оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.
2. Тойбаев Ы.Қ., Жұбанов Қ.А., Садықов Ү.Ә., Қоқанбаев Ә.Қ., Ташмұхамбетова Ж.Х. Химиялық технология негіздері: оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.
3. Богданов О.С. Справочник по обогащению руд. 4 том. – Москва, 1984.
4. Википедия /медно-пиритных руд
5. www.google.kz / вещественный состав, основные типы медно-пиритных руд
6. www.google.kz /технология обогащения медно-пиритных руд
7. www.klalosikatel.ru/технология обогащения медно-пиритных руд

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті

Курстық жұмыс

Пәні: Минералды шикізатты және оның өнімдерін талдау.
Тақырыбы: Мыс және мыс-пиритті кендерді байыту технологиясы.

Орындаған: Қанжігітова Д.
Қоңыратбай Ә.
БЗХТ 306 топ
Тексерген: Серікбаев Б.Ә.

Алматы 2015
Мазмұны:

Кіріспе

1
Негізгі бөлім

1.1
Кен байыту және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1.2
Мыс және мыс-пиритті кендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-15

1.3
Мыс және мыс-пиритті кендерді байыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

1.4
Мыс және мыс-пиритті кендер мен концентраттардың сапасына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

1.5
Мыс және мыс-пиритті кендер мен концентраттарды байытудың негізгі көрсеткіштері және технологиялық сызбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды

Мақсаты: Мыс және мыс-пиритті кендерді және ұнтақтарды байыту технологиясын анықтау.Олардың заттық құрамы мен кендердің негізгі түрлерін, кендер мен коцентраттардың сапасына қойылатын талаптарды, технологиялық сызбалары мен байытудың негізгі көрсенкіштерін анықтау.

Кіріспе.
Біздің еліміз Қазақстан минералды шикізат көздеріне, яғни пайдалы қазбаларға өте бай өлке. Әлем елдерінде дамушы елдер қатарына осы жер анамыздың қойнауындағы байлықтарымыздың арқасында қосылып отырмыз. Осы пайдары қазбаларымызды, ресурстарымызды дұрыс пайдалана білу мен дамыту, ол біздің, яғни бүгінгі жас ұрпақтың міндеті болып табылады.
Жер қойнауынан пайдалы қазбалар алынып, өңделіп, байытылып қолданысқа жіберіледі. Ең манызды бөлім бұл байытылу. Кен байыту кезінде түзілетін өнімдерді, яғни концентрат пен қалдықты дұрыс пайдалану. Көп уақыттардан бері біз қалдықтарды қайтадан өңдеуден өткізбей тастап отырдық. Соның салдарынан пайдалы қазбаларымыздың қорын төмендеп кетті. Дегенмен, қазіргі техниканың дамуының арқасында қалдықтарды да қайта өңдеуден өткізіп тиімді пайдаланудамыз.
Жалпы кен байытудегеніміз бос тау жыныстарынан пайдалы минералдарды бөліп алу мақсатында минералдық шикізаттарды алдын ала өңдеу процестерінің жиынтығы болып табылады.

1.1 Кен байыту -- бос тау жыныстарынан пайдалы минералдарды бөліп алу мақсатында минералдық шикізаттарды алдын ала өңдеу процестерінің жиынтығы.Кен байыту нәтижесінде екі түрлі өнім түзіледі: пайдалы құраушыларының негізгі массасы топтасқан концентрат және қалдық. Табиғи жағдайда кездесетін минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы құраушылары мардымсыз аз болды. Сондықтан оны өндіріске тікелей пайдалану тиімсіз. Мыс., кентастағы қорғасынның мөлш. 1,5 - 2%-тен аспайды, ал металлургиялық балқыту шарты бойынша оның мөлш. 20 - 30%-тен кем болмауға тиіс. Сондықтан кентас алдын ала байыту процесінен өтеді. Концентратқаауысатын шикізаттың пайдалы құраушылары мен олардың концентрат құрамындағы шамасы Кен байыту процесінің маңызды технологиялық көрсеткіші болып табылады. Бұлар процентпен өлшенеді. Кемелдендірілген кен байыту процестерінде алынатын пайдалы құраушылардың мөлшері 92 - 95%-ке жетіп, ондағы пайдалы құраушысы бар таза концентрат шамасы 85%-ке жуық болады.
Кен байыту процесі кентасты қолдан сұрыптау, флотациялық байыту, т.б. арнаулы әдістерге ажыратылады. Қолдан кентас сұрыптау әдісінде минералдар түсі, жалтырауы, т.б. қасиеттері бойынша кентастан іріктеліп алынады (мыс., бағалы тастар). Кей жағдайларда кентас іріктеу ісін автоматтандыруға (мыс., алмасты жәнерадиоактивті кентастарды ультракүлгін сәуле және радиометрия тәсілімен сепарациялау) болады.
Кенді байыту - минералды шикізатты өңдеу технологиясында негізгі бөлігі. Бұл бөлініс шикізатты пайдалану кешенділігін және жалпы түсті металлургия өндірісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтап береді. Байыту үрдісі кезінде кеннен алынбай үйінді құйрықтарында қалған металдармен басқа да бағалы компоненттер іс жүзінде ұзақ жылдар бойы пайдаланбайды және негізінен қайтарымсыз шығындар болып табылады.
Кендерді байыту мен дайындауға орасан қаражаттар шығындалады. Металлургиялық өндірістегі металдарды алу көрсеткіштері байыту фабрикаларында шығарылатын концентраттардың сапасымен айқындалады. Сондықтан кенді байыту техникасының технологиясын жетілдіру түсті металлургиясының техникалық деңгейін жоғарылатудағы маңызды бөлік болып табылады.
Байыту фабрикаларында кенді шикізатты кешенді техника мен технологияларды жетілдіру, кен шикізатының негізгі компоненттерінің дайын өнімге максималды тура алу мақсатымен кенді дайындаумен өндірісті пайдалану ұйымдастыру; кеннен бір бағытта бағалы компоненттерді алуға арналған технологиялық схемаларды енгізу; кенді байытудың құйрықтарынан металдармен басқа да бағалы құрамдастарын алудың жаңа тәсілдерін құру; өндірістік ерітінділермен ағынды суларға байланысты металдардың шығынын азайтатын әдістерді іздестірудің арқасында жақсарып жүзеге асырылады.
Байыту үрдістерін жетілдіру байыту фабрикалары мен тау кен цехтарының арасындағы тығыз органикалық байланыстың құрылуынан тікелей тәуелділікте болады, бұл ҚР индустрия және сауда министрлігінің сәйкес нұсқамалары мен регламенттелінеді.
Бұл нұсқамалар игерілетін кен орнының барлық участкелеріндегі кеннің заттық құрамын нақтылап зерттеуді қарастырады; кенді технологиялық сынаудан өткізу; кенді байытуға дайындау және қажетті сападағы кен алуды қамтамасыз ету үшін тау кен жұмыстарының жоспарын құруды қарастырады.

Мыс - элементтердің периодтық жүйесінің І-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63,546. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 63Cu және 65Cu. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4,7.10 - 3%. Негізгі минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин, малахит, азурит. Пластикалық қызыл түсті металл, кристалл торы қырлары центрленген кубтық, тығыздығы 8,94 гсм3, балқу t 1084,5°С, қайнау t 2540°С, тотығу дәрежесі +1, +2. Құрғақ ауадағы бөлме температурасында тотықпайды. Қыздырғанда ауада CuО және Cu2О-ға дейін тотығады, галогендермен, S, Se, HNO3, H2SO4-пен әрекеттеседі. Аммиак, цианидтермен, т.б. кешенді қосылыстар түзеді. Сульфид концентратын балқытып, одан түзілген мыс штейнін қара мысқа дейін тотықтырып, оны жалынмен не электролиттік әдіспен тазарту арқылы; гидрометаллургиялық әдіс - құрамында мысы бар минералдарды күкірт қышқылымен (немесе NH3 ерітіндісімен) өңдеп, одан әрі электролиздеу арқылы алады. Мыс кабельдердің, электр қондырғылары мен жылу алмастырғыштардың ток өткізгіш бөлігін жасау үшін пайдаланылады; қорытпалардың (латунь, қола, мыс-никель, т.б.) құраушысы ретінде қолданылады.

Мыс кендері
Мысты құмтас кен орындарында мыстың мөлшері көп болады. Қазақстанда бұл кен типтері басты орында (мысалы, Жезқазған кен орны). Минералдық және химиялық құрамдарына байланысты мыс кендерінің технологиялық сорттары сульфидтік, тотыққан, аралас болып ажыратылады. Сонымен қатар мыс кендері сом және сеппелі-тарамшалы болып бөлінеді. Қазақстанда мыс кендерінің ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Жаманайбат, т.б. жатады.

Минералдары
Формуласы
Мыстын co үлесі
Тығыздығы гсм3
Қаттылығы
Халькопирит
CuFeS2
34,6
4,1-4,2
3-4
Халькозин
Cu2S
79,9
5,5-5,8
2,5-3,0
Ковеллин
CuS
64,5
4,6-4,7
1,5-2,0
Борнит
Cu5FeS4
63,3
4,5-5,3
3,0
Тетраэдрит
Cu3SbS3
45-51
4,4-5,1
3-4
Теннантит
Cu3AsS3
45-51
4,4-5,1
3,5
Куприт
Cu2O
88,8
5,8-6,2
3,5-4,0
Тенорит
CuO
79,9
5,8-6,4
3,5-4,0
Малахит
Cu2CO3(OH)2
57,4
3,9-4,1
3,5-4,0
Азурит
Cu3(СО3)2(ОН)2
55,3
3,7-3,9
3,5-4,0
Хризоколла
CuSiO3.nH2O
45
2,0-2,3
2-4
Халькантит
CuSO4∙5H2O
25,4
2,2
2,5
Брошантит
Cu4(SO4)(OH)6
34,8
3,8-3,9
3,5-4,0

Пирит -- Ашық сары түсті, көбінесе текше кристалдар түрінде ұшырасатын минерал -- темір сульфиді. Табиғатта ең жиі кездесетін сульфид болып табылады. Синонимі -- күкіртті колчедан; темір колчеданы.
Химиялықформуласы: FeS2 (Fe -- 46,6%, S -- 53,4%). Минералдың құрамына қоспа түрінде Cu, Au, As, Te, Se, т.б. кіреді. Кубтық сингонияда кристалданып, куб, октаэдр, куб-октаэдр, т.б. кристалдар түзеді. Түсі қоладай сары, жылтырлығы металл типтес, сызығы қара көк, жымдастығы нашар жетілген; қаттылығы 6 -- 6,5, тығыздығы 5 гсм3, морт. Пирит -- жер қыртысында ең көп таралған минералдардың бірі, жаратылысы эндогенді, экзогенді, метаморфты; электр тогын нашар өткізеді. Магмалық жыныстарда, скарндарда, гидротермалық желілерде халькопирит, ал колчедандық және полиметалл кендерінде галенит, сфалерит, арсенопирит, солғын кентастармен бірге шоғырланады. Пирит күкірт қышқылын (H2SO4) алуда қолданылады. Қазақстанда Бозшакөл, Ешкіөлмес, Жайрем, Зырянов, Іоңырат, Ырғыз, т.б. кен орындарында кездеседі.

1.2 Мыс және мыс-пиритті кендер
Мыстың негізгі сульфидті минералдары - халькопирит,борнит,халькозин және ковеллин, ал толық минералдары - малахит, азурит,. Мыстың негізгі сульфидті кендерінен алынады. Оның кендегі пайыздық үлесі үлкен шекаралықта өзгереді. Шартты түрде егер 2-3 пайыздн жоғары болса бай кен болып, 0,8-2,0 пайыз аралығында болса орташа, ал 0,2-0,8 пайыз аралығында кедей кен болып саналады.
Көптеген сульфидті түсті металдар кендерінде темір сульфиді пирит үнемі бірге кездеседі. Оның кендегі пайыздық үлесі бірнеше пайыздан 70-80 пайызға дейін жетеді. Мыс кендерінен пирит концентраты, егер оның құрамында алтын болса, не күкірт қышқылын өндіру мақсатымен бөлінеді.
Ірі мыс кен орындарында Алмалық, Қоңырат, Жезқазған кен орындары жатады. Жалпы мыс басқа металдармен бірге көптеген кен түрлерінде кездеседі. Егер мыс кенінде пирит аз мөлшерде болса, ол мыс минералдарымен бірге флотацияланып концентратқа шығады. Байыту схемасы қарапайым келеді: негізгі флотация, 1-3 тазалау операциялары және бақылау операциялары жүргізіледі. Пиритің пайыздық үлесі өссе, мыс минералдары және пирит коллективті концентратқа бөлініп, содан кейін концентрат селективті флотациямен мыс және пирит концентраттарына бөлінеді.

1.3 Мыс және мыс-пиритті кендерді байыту технологиясы

Көптеген сульфидті түсті металдар кендерінде темір сульфиді пирит үнемі бірге кездеседі. Оның кендегі пайыздық үлесі бірнеше пайыздан 70-80 пайызға дейін жетеді. Жалпы мыс басқа металдармен бірге көптеген кен түрлерінде кездеседі. Егер мыс кенінде пирит аз мөлшерде болса, ол мыс минералдарымен бірге флотацияланып концентратқа шығады. Байыту схемасы қарапайым келеді: негізгі флотация, 1-3 тазалау операциялары және бақылау операциялары жүргізіледі. Пиритің пайыздық үлесі өссе, мыс минералдары және пирит коллективті концентратқа бөлініп, содан кейін концентрат селективті флотациямен мыс және пирит концентраттарына бөлінеді. Мыс кендері мынадай түрлерге бөлінеді:Сульфидті(құрамында 25co тотыққан мыс бар),тотыққан(25co сульфиді бар) және аралас(аралық түр).Мыс кендерін көбінесе флотациялық әдіспен байытады

Жалпы мыс басқа металдармен бірге көптеген кен түрлерінде кездеседі. Егер мыс кенінде пирит аз мөлшерде болса, ол мыс минералдарымен бірге флотацияланып концентратқа шығады. Байыту схемасы қарапайым келеді: негізгі флотация, 1-3 тазалау операциялары және бақылау операциялары жүргізіледі. Пиритің пайыздық үлесі өссе, мыс минералдары және пирит коллективті концентратқа бөлініп, содан кейін концентрат селективті флотациямен мыс және пирит концентраттарына бөлінеді.

Флотациялық әдіс минерал түйіршік беттерінің сулануының әр түрлілігіне негізделген. Егер беті нашар суланатын минерал түйіршігі су ішінде ауа көпіршігімен соқтығысса ол оған жабысады да, су бетіне қалқып шығады, ал жақсы суланатын түйіршіктер ауа көпіршігіне жабыспайды да, су ішінде қалып қояды. Флотация әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігі сол, майда сеппелі не өте майда сеппелі кендер тек осы әдіспен байытылады. Мысалы, түсті металдар кендері тек майда сеппелі болып кездеседі. Олай болса, бұл кендерді байытуда флотация әдісінің маңызы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Флотация туралы түсінік және флотациялық процестер
Көктасжал кен орны кендерінің орташа құрамы
Қорғасын агломерациясы
Өндірістік қалдықтар
Балқаш мыс байыту фабрикасының тарихы
Мыс кендерін байыту технологиясы
Флотация
Шымкент қаласының территориясында ауыр металдардың таралуы мен өсімдіктерде жиналу мөлшерін анықтау негізінде қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау
Мыс және мырыш элементінің алыну мен қолданылуы
Түсті металлургия шикізатын кешенді пайдалану
Пәндер