Жүрекшеаралық перде дефектісі: педиатриялық классификация, клиника, диагностика және ем


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті

№2 Балалар аурулары кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жүрекшеаралық перде дефектісі

Орындаған: Кеңесов Н. 410-топ ЖМ

Семей 2016 жыл

Жоспары:

1) Кіріспе

2) Негізгі бөлім

2. 1. Классификациясы және клиникасы

2. 2. Диагностикасы мен емі

3) Қорытынды

4) Пайдаланылған әдебиеттер

ЖАПД - екі жүрекше арасындағы перденің дефектісі (саңылауы) . ІБЖА ішінде көп тараған түрі (10-20%) . Н. Ваnkl (1980) ЖАПД-нің анатомиялық 6 түрі барын келтіреді.

Негізінде дефектінің пайда болу тегіне қарап, оны екіге бөледі: 1. Екіншілік перденің дефектілері (олар перденің ортасында, төменгі қуыс венаның сағасында болады) . 2. Біріншілік дефект көптеген дефектілермен, не тіпті жүрекшелер арасындағы перденің жоқ болуымен белгілі. Көбінесе олар ауыр түрде кездесіп, клапандардың акауымен бірге ұштасады, осындай сәбилер көп тұрмай, кайтыс болады.

Жүрекшеаралык пердеде, ашық сопақша терезенің нәресте туғаннан кейін бітелмей қалатын клапаны бар саңылауын акаулар қатарына қоспайды, ол қапыпты жағдайдың қатарына жатады. Осылай санаудың дұрыс екендігі - ЖАПД перде тінінің жоқ болуынан болса, ал «ашық сопақша терезеде» клапан бар, ол тек керек кезінде ашылып жабылады, сөйтіп гемодинамиканы бүзбай, қайта оң жақ жүрекше жұмысын керек кезінде жеңілдететінімен дәлелденеді.

Бұл ақаудағы гемодинамикалық бұзылыс: өкпеден келген артериялық қанның бір бөлігі солдан оңға қарай (артериовеналык) - сол жүрекшеден (қысымы 8 мм. с. бағ. ) оң жүрекшеге (кысымы 2 мм. с. бағ. ) ауысып, кіші қан айналым шеңберіндегі қанның шамадан тыс көбеюі, сөйтіп, диастоладағы ауыртпалықтың артуы мен он карыншаның дилятациясы. Гемодинамиканың ЖАПД-дегі өзгерісі ақаудың өлшеміне (үлкен, кішілігіне), кіші канайналым шеңберіндегі қантамырлардың және оң қарынша миокардының күйіне, науқас баланың жасына т. б. байланысты. ЖАПД ақауынын бір ерекшелігі - өкпе гипертензиясының көпке дейін өріс алмауы. Сондықтан ақаудын өлшемі онша үлкен (0, 5 см) болмаса, хирургиялык операцияны кейінірек жасауға, кейде тіпті асықпауға мүмкіншіліктер болады.

Клиникалық классификациясы: 1. Ортақ жүрекше 2. Коронарлы синус дефекті 3. Ашық сопақша терезе 4. Біріншілік жүрекшеаралық дефект 5. Екіншілік жүрекшеаралық дефект 6. Венозды синус дефекті

Клиникасы: ЖАПД ақауы балаларда көпке дейін білінбей жүреді. Кейін шаршағыштық, алқыну пайда болуы мүмкін. Қанның ақаумен бұзылысы көп болса, не жүрек жұмысының жетіспеушілігі болса, сәбидің табиғи дамуының бәсеңдеуі байқалады.

Жүрек шекарасы кейде оңға, солға кеңеюі мүмкін, көбінесе ол қалыпта қалып отырады. Аускультацияда өкпе артериясы тұсында II тонның тұрақты түрде бөлініп естілуі, орта дыбысты, онша қатты емес, төссүйектін сол жағында II-ІІІ қабырғалар арасында естілетін систолалық шу болады. Осы шу жатқанда жақсырақ естіледі, ол функционалдық шуға ұқсас болады. 5-7 жасқа келгенде диастолалык шу естілуі мүмкін, ол үшжармалы клапанның бірте-бірте дамитын стенозымен байланысты.

ЖАПД ақауы бар балалардың жүрегінде «айғай», кеш шығатын систолалык шу және митралдық клапанның пролапсы жиі кездеседі.

ЭКГ-да жүректің электрлік осі вертикалды не оңға ығысуы байқалады. Оң жүрекше мен қарыншаның гипертрофиясы. Гис шоғыры оң тармағының толық емес блокадасы болады. Сирек жағдайда атриовентрикулярлық өткізгіштіліктің төмендеуі және Гис шоғыры оң тармағының толық блокадасы кездеседі.

Рентгенде өкпе тамырлары көлеңкесінің кеңейгені, өкпе артериясы пульсациясының амплитудасы өсуі байқалады. Жүректін көлденең өлшемі оның оң жағының кеңеюіне қарай және өкпе артериясы көлеңкесіне, оның доғасының шығыңқылығына сай үлкейеді. Оң жүрекше үлкейгенде оң жақ кардиовазалдық бұрыш әдеттегіден жоғары шығып кетеді.

6-сурет. Жүрекшеаралық дефектідегі кеуде қуысы агзаларының рентгенографиясы.

C:\Users\Admin\Desktop\media\image2.jpeg C:\Users\Admin\Desktop\media\image1.jpeg

ЭхоКГ-да (оның екі өлшем түріндегі) жүрекшеаралық пердені түгел көруге болады. Соның арқасында дефекттің барын эхосигналдардың жоғалуына, қанның турбуленттік ағымына қарап, т. б. (карыншааралык перденің парадоксалды қимылы) белгілерден табуға болады.

Жүрек қуыстарын катетеризация жасау да қажетті мәліметтер береді.

ЖАПД бар науқастардың өмір жасы орта есеппен 36-40 жылға тең.

Дифференциалды диагностикасы. Баланың интенсивті салмақ қосу кезінде өкпе артериясында пайда болатын функционалды шумен жүргізеді. Сонымен қатар, өкпе артериясының оқшауланған стенозы немесе оның негізгі бағанының идиопатиялық кеңеюімен жүргізеді.


Емі. Емнің негізгі мақсаты ЖАПД бітелуін қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу. Медикаментозды емес емі: төсек режимі, диета. Медикаментозды емі: жүрек жетіспеушілігінің терапиясы ЖЖ бар болса. Жүрек гликозидтері мен диуретиктерді үйлестіру. (дигоксин 5-10 мкг/кг/тәул. 2 рет қабылдау, верошпирон 3 мг/кг/тәулігіне) . Хирургиялық коррекция.


Қорытынды:

ЖАПД - екі жүрекше арасындағы перденің дефектісі (саңылауы) . ЖАПД бар науқастардың өмір жасы орта есеппен 36-40 жылға тең. Жүрек жетіспеушілігі ерте пайда болса, болжамы нашарлай түседі. Кей жағдайларда 5-6 жасқа қарай екіншілік ЖАПД өздігінен бітеліп кетуі орын алуы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Хабижанов Б. Х. “Педиатрия”, “Қазығұрт” баспасы, Алматы 2005 жыл. 216-218 бет.

2. Шабалов Н. П. “Детские болезни”2-том, “Питер” баспа үйі, 2002 жыл.

23-24 бет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жатыр, жатыр мойны және аналық без ісіктері: классификация, клиника, диагностика және ем
Қыз балалардағы жыныстық дамудың бұзылыстары: педиатриялық-эндокринологиялық диагностика және ем
Менингит: клиника, менингеальды белгілер, этиология, диагностика және ем
Жүктілік кезіндегі герпес инфекциясы: патогенез, клиника, диагностика және ем
Асқазан-өңештік рефлюкс және созылмалы гастрит: клиника, диагностика және ем
Эпилепсия: анықтама, эпидемиология, этиология, клиника, классификация, диагностика және емдеу
Скарлатина және желшешек: этиология, клиника, диагностика, ем және алдын алу
Мыс қосылыстарының токсикологиясы және жануарлардағы улану: клиника, диагностика, ем және алдын алу
Иттердің пироплазмозы (Babesia canis): эпизоотология, клиника, диагностика, ем және паталогоанатомиялық зерттеу
Малдардағы майлы гепатоз және бауыр амилоидозы: этиология, клиника, диагностика және ем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz