Христиан діні, мәдени ерекшеліктері
Кіріспе
I . тарау. Христиан дінінің пайда болуы.
1.1. Христиан дінінің пайда болуы. Иисус Христостың өмірі.
1.2. Христиан дінінің таралуы және мемлекеттік дінге айналуы.
II .тарау. Християн діні және оның ұлттық мәдени ерекшеліктері.
2.1. Христиан дінінің қазақстандағы жағдайы.
2.2. Христиан дінің мәдени ерекшеліктері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Христиан діні (грек тілінен аударғанда Christos – «мәсіхтелген», «мәсіх») Палестина жерінде екі мың жыл бұрын пайда болған монотеистік дін.
Ислам және буддизммен қатар христиан діні де үш әлемдік діндердің қатарына кіреді. Көне Өсиет және Жаңа Өсиет Қасиетті Жазбалар болып табылады. Христиан дінінің негізгі қағидалары сенімнің тарихи үш нышандарында қысқаша түрде берілген: Апостолдық, Никейлік (немесе Никей-Константинопольдық) және Афанасийлік.
Православие бағытында Апостолдық нышан Никей-Константинопольмен шеттетілген. Бұл Бүкіл әлемдік соборларда Бірінші Никейлік (325 ж.) және Бірініші Константинопольдікпен (381 ж.) қабылданды.
Христиан сенімінің негізгі бөлігі құдайдың бейнелеуне, яғни адам келбетіне айналыуна, Иса Мәсіхтің адамзат үшін крестегі құрбандылығына, қайта тірілуі мен көкке ұшыуына, Мәсіхтің сөзсіз болашақта екінші мәрте қайтып келіуіне, өлгендердің болашақта қайта тірілуіне және тірілген соң мәңгілік өмір жалғасына сенеді.
Көптеген христиандықтар құпияларды – Құдайдың рақымы туралы сенушілердің хабарлауға қасиетті іс-шараларды орындау қажеттілігін мойындайды.
Православтықтар мен католиктер жеті құпияны мойындайды: шоқындыру, мира майын жағу (католиктерде – конфирмация), шырша майымен тазару, неке, жалбарыну, тәубеге келу, қасиеттілік.
Протестанттықтардың көпшілігі тек шоқындыру мен тәубеге келуді мойындайды (алайда мұны қарапайым ғұрып ретінде қарастырады).
Христиандық конфессияда көптеген бағыттар, ағымдар, деноминациялар бар. Негізгі бағыттары православие, католицизм және протестанттық.
Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 мил¬лиардқа жуық ұстанушылары бар. Хрис¬тиандық православие, католицизм, протес¬танттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. "Христос” сөзі грек тілінен алын¬ған, мессия, құтқарушы деп аудары¬лады. Көне Өсиетте Иисус Христос бола¬шақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміз¬дің І ғасырында Помпей шапқыншылы¬ғы¬нан кейін Рим империясының құра¬мына кірген Палестинада пайда болды. Палес¬тинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі – Самария тұр¬ғын¬дарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді. Жалпы алғанда Христиан дінінің қалыптасу мен таралуы антикалық мәдениеттің дағдарысы мен негізгі құндылықтарының мәнсізденуімен қатар келді. Римдік қоғам құрылымынан беті қайтқан қауым үшін христиан ілімі өте орынды болды. Ол өзінің ізбасарларына ішкі жан дүниені құтқару жолын ұсынды: Құдай Патшалығы бұл әлемде орнау үшін бүлінгеннен, күнәһар әлемнен аулақ кетіп, өзінің жан-дүниесіне үнілу, өрескіл тәндік қылықтар орнына қатаң тақуалықты ұсыну, әлеуметтік дәреже мен билікке негізделген тәкаппарлыққа саналы мойынсұнушылықты дәріптеу. Христиан діні өзiнiң табиғаты жағынан сан қырлы.,əрi жан-жақты болып келеткн христиан мəдениетi-Исус Христос дiнiн қабылдағанбарлық халықтарға тəн мəдениет болып саналады. Діннің ұлттық мәдени ерекшеліктерін терен түсіну үшін, оның құндылық бағыттарына да көңiл бөлген жөн, өйткенi құндылық бағыттар-жеке адамның жан дүниесiнiң басты элементтерi болып табылады. Ол адамның өмiрде жинаған бай тəжiрибесiне, оның жан-дүниесiнiң толғаныстары мен iшкi сезiмдiк қасиеттерiне тығыз байланысты болып келедi.

1. Ғаламтор сайттар: https://stud.kz/referat/show/18005
2. История мировой культуры и религии. Ростов/на Дону. 2005
3. Гуревич А.Я. Философия культуры. СПБ. 2003
4. Гуревич А.Я. Категории средневековой культуры . Л.;1972
5. Культура и искусство западноевропейского средневековья. М. 1980
6. Гуревич А.Я. Средневековый мир: культура безмолствующего большинства. М. 1990
7. Дюби Ж. Европа в средние века. 1994.
8. Карсавин Л.П.. Культура средних веков Спб. 1918
9. Хейзинга И. Осень средневековья. М. 1988.
10. www.muftyat.kz
11. “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
12. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
13. «Егемен Қазақстан» газеті, 23 мамаыр, 2012жыл
14. Ислам. Энциклопедиялық сөздік. М.: «Ғылым», Шығыс әдебиетінің басты редакциясы, 1991. — 315 бет. — ISBN 5-02-016941-2 — бет.68-69.
15. www.religions-congress.org › Діндер › Дін және қоғам
16. www.Bigox.kz қазақша рефераттар
17. Дін және қоғам, 8-Ақпан, 2011

Жоспар
Кіріспе
I - тарау. Христиан дінінің пайда болуы.
0.1. Христиан дінінің пайда болуы. Иисус Христостың өмірі.
0.2. Христиан дінінің таралуы және мемлекеттік дінге айналуы.
II - тарау. Християн діні және оның ұлттық мәдени ерекшеліктері.
2.1. Христиан дінінің қазақстандағы жағдайы.
2.2. Христиан дінің мәдени ерекшеліктері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Христиан діні (грек тілінен аударғанда Christos - мәсіхтелген, мәсіх) Палестина жерінде екі мың жыл бұрын пайда болған монотеистік дін.
Ислам және буддизммен қатар христиан діні де үш әлемдік діндердің қатарына кіреді. Көне Өсиет және Жаңа Өсиет Қасиетті Жазбалар болып табылады. Христиан дінінің негізгі қағидалары сенімнің тарихи үш нышандарында қысқаша түрде берілген: Апостолдық, Никейлік (немесе Никей-Константинопольдық) және Афанасийлік.
Православие бағытында Апостолдық нышан Никей-Константинопольмен шеттетілген. Бұл Бүкіл әлемдік соборларда Бірінші Никейлік (325 ж.) және Бірініші Константинопольдікпен (381 ж.) қабылданды.
Христиан сенімінің негізгі бөлігі құдайдың бейнелеуне, яғни адам келбетіне айналыуна, Иса Мәсіхтің адамзат үшін крестегі құрбандылығына, қайта тірілуі мен көкке ұшыуына, Мәсіхтің сөзсіз болашақта екінші мәрте қайтып келіуіне, өлгендердің болашақта қайта тірілуіне және тірілген соң мәңгілік өмір жалғасына сенеді.
Көптеген христиандықтар құпияларды - Құдайдың рақымы туралы сенушілердің хабарлауға қасиетті іс-шараларды орындау қажеттілігін мойындайды.
Православтықтар мен католиктер жеті құпияны мойындайды: шоқындыру, мира майын жағу (католиктерде - конфирмация), шырша майымен тазару, неке, жалбарыну, тәубеге келу, қасиеттілік.
Протестанттықтардың көпшілігі тек шоқындыру мен тәубеге келуді мойындайды (алайда мұны қарапайым ғұрып ретінде қарастырады).
Христиандық конфессияда көптеген бағыттар, ағымдар, деноминациялар бар. Негізгі бағыттары православие, католицизм және протестанттық.
Христиан діні - әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 мил - лиардқа жуық ұстанушылары бар. Хрис - тиандық православие, католицизм, протес - танттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. "Христос" сөзі грек тілінен алын - ған, мессия, құтқарушы деп аудары - лады. Көне Өсиетте Иисус Христос бола - шақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміз - дің І ғасырында Помпей шапқыншылы - ғы - нан кейін Рим империясының құра - мына кірген Палестинада пайда болды. Палес - тинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі - Самария тұр - ғын - дарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді. Жалпы алғанда Христиан дінінің қалыптасу мен таралуы антикалық мәдениеттің дағдарысы мен негізгі құндылықтарының мәнсізденуімен қатар келді. Римдік қоғам құрылымынан беті қайтқан қауым үшін христиан ілімі өте орынды болды. Ол өзінің ізбасарларына ішкі жан дүниені құтқару жолын ұсынды: Құдай Патшалығы бұл әлемде орнау үшін бүлінгеннен, күнәһар әлемнен аулақ кетіп, өзінің жан-дүниесіне үнілу, өрескіл тәндік қылықтар орнына қатаң тақуалықты ұсыну, әлеуметтік дәреже мен билікке негізделген тәкаппарлыққа саналы мойынсұнушылықты дәріптеу. Христиан діні өзiнiң табиғаты жағынан сан қырлы.,əрi жан-жақты болып келеткн христиан мəдениетi-Исус Христос дiнiн қабылдағанбарлық халықтарға тəн мəдениет болып саналады. Діннің ұлттық мәдени ерекшеліктерін терен түсіну үшін, оның құндылық бағыттарына да көңiл бөлген жөн, өйткенi құндылық бағыттар-жеке адамның жан дүниесiнiң басты элементтерi болып табылады. Ол адамның өмiрде жинаған бай тəжiрибесiне, оның жан-дүниесiнiң толғаныстары мен iшкi сезiмдiк қасиеттерiне тығыз байланысты болып келедi.

Христиан дінінің пайда болуы. Иисус Христостың өмірі.
Христиан діні біздің дәуіріміздің 1-ғасырының екінші жартысында Кіші Азияда пайда болды. Оның шығу және жылдам таралу себебін анықтау үшін сол кездегі жағдайларға тоқталуымыз керек Шындығында христиан діні Шығыс халықтарының діни ғана емес, философиялық түсініктерін де қабылдады. Христианшылдықтың идеялық төркіні, біріншіден, әр түрлі шығыс діндерінің мифологиясы, екіншіден, ежелгі дүниедегі арнайы философиялық ұғымдар еді. Шығыс діни жүйесінде христиандарға үлкен ықпал еткен иудаизм - еврейлердің ежелгі монотеистік діні. Христиан дінінің қасиетті кітабы - Библияның құрамына иудаизмнің қасиетті кітабы - Көне өсиет те (Ветхий Завет) кірген. Ол құдайдың әлемді, өсімдік және жануарларды, адамды жаратуы туралы Көне өсиет қағидаларын өзгеріссіз сақтады. Қазіргі кезге дейін Көне өсиет христиан және иудаизм дініндегілер үшін де қасиетті кітап болып саналады. Телогтардың уағызына сәйкес шіркеу Христостың денесі ретінде дүние жаратылғаннан бастап бар. Олар шіркеуді тарихи түрде апостолдарда және Иерусалимдегі алғашқы діндарлардың бірігуінен шықты-мыс дегенді айтады. Шіркеудің мәңгі өмір сүруінен келіп христиан ілімінің өзгермейтіндігін тұжырымдайды.Шындығында, шіркеу христианшылдықтан тым кейін пайда болған. Шіркеудің пайда болуы алғашқы христианшылдықтың дамуының маңызды кезені болып табылады. Осылайша 11 ғасырдың екінші жартысында-ақ қауымдарда билік шын мәнінде епископтардың бай христиандар өкілдерінің қолына көшті.Шіркеудің нығаюы қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуымен қатар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек biblia - кітаптар ) жинақталған. Оның қазақша атауы Інжіл. Осы кітаптардың бірінші бөлігі (Ветхий Завет - Ескі өсиет,автор) Иудаизм дініне де ортақ. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей (өте аз бөлігі) және грек-койне (Новый Завет - Жаңа өсиет) тілдерінде жазылған. Қазіргі кезде Інжіл көптеген елдердің тілдеріне аударылған. Рим мемлекетінің христиандықты қудалауы немесе щған бейқам қарауы 1У ғ. Басында жаңа дінді қолдауға көшті. 313 жылы император Константин Әдикт үкім шығарып, христиан дінін басқа діндермен теңгерді, ал 324 жылы христиандықты ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жариялады. 325 жылы оның басшылығымен Нике қаласында 1 Бүкіләлемдік христиан шіркеулерінің соборы шақырылды, ал христиан діни ілемінде зор рөл атқарды.Рим мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде төрт дербес шіркеулер пайда болды. Олар - Константинополь, Александрия, Антиохия, Иерусалим шіркеулері, іле-шала Антиохия шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православие шіркеуі бөлініп шықты. Христиан діні ірі екі негізгі бағытқа - православие, католиктік бағытқа бөлінді. Діни аңыз бойынша Ғайса адамдарға білім шырағының сәулесін түсіріп, түрлі ғажайыптар көрсетіп, Палестинаны үш жыл кезді. Бірақ оның жасаған кереметтері емес, екіжүзділікті, қарапайым адамдардың жәбірленуін әшкерелеген уағызы фарисейлерді ашуға булықтырды.
Ғайса Иерусалимге есек мініп енгенде оны халық "Құдай құрметтелсін" деген үндеумен қошеметпен қарсы алды. Мұны естіген иудейлік дін басшылары Ғайсаны тұтқындап, дінсіз, бүлікшіл ретінде дін сотына (синедрионға) табыстауға ұйғарды.
Сот болып Ғайса өлімге кесіледі. Бірақ оны Рим прокураторы Понтий Пилаттың бекітуі керек еді. Ғайсадан жауап алған Понтий Пилат пайғамбардың тергеудегі сөздері мен қимыл-әрекеттеріне таң қалады.
Пайғамбар патшалығының келетінін сәуегейлікпен болжаған Иоан Шоқындырушы (Креститель) осы қауымның мүшесі болған. Қауым біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан жаңа дәуірдің I ғасырының орта кезіне дейін өмір сүрген. Осыған сүйеніп, ғалымдар бұл қоғамды христиандықтың ілгерідегі нұсқасы, ал оның идеологиясын иудаизм мен көне христиандық арасындағы буын деген тұжырымға келді.
Тек II ғасырдың 30-40 жылдарында ғана римдік христиан Маркион христиандық пен иудаизмнің ара жігін ажыратты. Осы кезден бастап қана христиандар өздерін жаңа дін өкілдері ретінде сезіне бастады. "Жаңа өсиет" аталған христиан діни жазбалары осы кезден жинала бастады.
Христиан аңызы бойынша 50-ші жылдардың бас кезінде тұңғыш апостолы соборы (ең жоғары дәрежелі жиын) болып, осында христиандар мен иудейлердің ара жігі біржола ажыратылды.
Бірақ, IV ғасырға дейін христиандық қудаланып келді. Тек 324-ші жылы ғана, император Константиннің тұсында христиандық мемлекеттік дінге айналды.
325-ші жылы император Константиннің төрағалық етуімен Никееде Бірінші әлемдік собор шақырылды. Онда дін Рәмізінің - діни ілімнің негізін құрайтын басты догматтардың (грек тілінен "талассыз мойындалатын қағидалар") қысқаша тізімінің бірінші үлгісі қабылданды. Бірақ, дін рәмізі түзетулер енгізіліп, 381-ші жылы Константинопольде өткен екінші соборда бекітілді.
Рим империясының екіге бөлінуі шіркеудің ыдырауына соқтырды. Оған батыста латын, Шығыста грек тілдерінің үстемдік етуі, мәдени дәстүрлердің өзгешелігі бір жағынан себепші болса, екінші жағынан әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделер, ықпал үшін күрес, дін тану мәселесіндегі келіспеушіліктер қосылды. Әсіресе Рим христиан қауымы мен Константинополь қауымы басшылары арасындағы қақтығыс өткір сипат алды. 867-ші жылы Рим папасы Николай I мен Константинополь патриархы Фотий бір-бірінен біржола қол үзді. Осыдан христиандық тарихында әрқайсысының өз жолы бар екі бағыт пайда болды. Батыс шіркеу рим-католик шіркеуі ("католик" - латынша "жалпыға бірдей, әлемдік") немесе католик шіркеуі деп, ал шығыс - грек-православие (гректің "жалпыға ортақ, әлемдік" деген сөзінен) шіркеуі деп аталды.
XVI ғасырда Батыс Европа жаңа пайда болып келе жатқан буржуазия мен феодализм арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Бұл католик шіркеуіне терең әсер етті. Реформация деп аталған католицизмге қарсы кең қозғалыс орын алды. Осының салдарынан христиандықтың тағы бір тармағы - протестантизм пайда болды. Ол өз ішінен түрлі салаларға бөлінді.
Иса (Айса, Ғайса) - еврей қауымына келген ақырғы пайғамбар. Ол қасиетті Құранда аты аталған жиырма бес пайғамбардың бірі, әрі Улул азм деп аталатын бес ұлық пайғамбардың төртіншісі. Иса пайғамбардың жарық дүниеге келуінің өзі мұғжиза болған, яғни Алла тағала оны мұғжиза ретінде әкесіз, яғни ер адамның қатысынсыз әйел затынан ғана жаратты. Анасы - хазреті Мәриям. Иса пайғамбардың (ғ.с.) анасы хазреті Мәриям күллі жаһанды билеген, аң-құстардың тілін білген патша пайғамбар хазреті Сүлейменнің тікелей ұрпағы-тын. Ол сондай пәк, ары таза әрі өте тақуа жан еді. Анасы Мәриямды дүниеге әкелмей тұрып-ақ: Уа, Раббым! Шынын-да мен құрсағымдағы баламды дүниелік істерден толық босатып, басыбайлы етіп бір Өзіңнің жолыңа атадым. (Осы нәзірімді) менен қабыл еткейсің! Расында Сен бәрін естуші, шексіз ілім Иесісің, - деп нәзір етіп, Алла жолына атаған болатын. Сөйтіп хазреті Мәриям бала күнінен қасиетті ғибадатханада қызмет етіп, онда Зәкәрия пайғамбардан жақсы тағылым, өнегелі тәлім-тәрбие алып, иләһи ілімнің қайнарынан сусындап өсті. Бой жеткен шағында ел-жұрттан оқшауланып ғибадатхананың бір бұрышында күндіз-түні Раббы-сына құлшылық етуді әдетке айналдырды. Күндердің күнінде Алла тағала оған Жебірейіл (ғ.с.) періштені өте келісті де, нұрлы адам бейнесінде: Ұл табасың, - деген сүйінші хабармен жіберді. Сөйтіп хазреті Мәриям Алланың қалауы һәм құдіретімен Иса (ғ.с.) пайғамбарға жүкті болды. Міне, осынау ғибратты оқиға қасиетті Құранның Мәрям сүресінде былай баяндалады: (Уа, Мұхаммед! Адамдарға): Бұл Кітапта Мәриям жайлы да айтып бер. Ол кезінде жанұясынан уақытша қол үзіп, (тек құлшылық ету һәм Алланың құдіреті мен жалпы жаратылысқа ой жүгіртіп, терең ойға шому мақсатында) қасиетті ғибадатхананың шығыс жағында оңаша қалған еді. Сөйтіп ол адамдар мен өзінің арасына перде тұтып, ел-жұрттан барынша оқшауланған еді. Сол кезде Біз оған Рухымызды (яғни Жебірейіл періштені) жібердік, ол оған нұр нұсқа (өте келісті) адам бейнесінде көрінді. Мәриям оны көргенде, қо-рыққаннан селк ете түсіп: Мен сенен (яғни жамандығыңнан сақтай гөр деп) Рахманға сыйы-намын. Егер Алладан шынымен қорқатын тақуа жан болсаң, (маған тиме), - деді. Сонда Рух оған: Мен бар болғаны, саған пәк перзент сыйлау үшін келген Раббыңның елшісімін, - деді. Сол кезде Мәриям (таңырқап): Маған бірде-бір (ер) адамның қолы тимесе, мен қалайша бала табамын? Сондай-ақ, мен әсте ардан безген жеңіл жүрісті әйел болған емеспін, - деді. (Сонда Алланың атынан сөйлеп тұрған Рух): Солай болмақ, (бұл Алланың пешенеңе жазғаны)! Раббың: Мен үшін ол оп-оңай. Біз оны (яғни оның ер адамның қатысынсыз дүниеге келуін) адамдарға (құдіретіміздің шексіздігін көрсететін) айқын дәлел, сондай-ақ Бізден келген рақым қыламыз. Бұл енді үкімі кесілген іс, - дейді - деді. Мәриям ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті. Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді, - деді. (Періште) оның астыңғы жағынан: Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты, - деп дабыстады. Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі (деген үн келді). Ал енді же де, іш. Көз айым бол! Егер адамдардан біреу көрсең: Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін де. Сонда баланы көтеріп еліне келді. Олар: Әй Мәриям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің, - деді. Әй һарұнның қарындасы! Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді. Мәриям баланы көрсетті. Олар: Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?, - деді. (Бала): Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды, - деді. Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды. (Мені) шешеме мейірімді етіп, бір озбыр және қиқар қылмады. Маған туған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады. Міне, осы: Олар шүбәланған Мәриям ұлы Ғиса (ғ.с.) жайындағы Алланың хақ сөзі. Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлде пәк. Ол, бір істің болуын қаласа, тек қана оған бол дейді. Сонда ол, бола қалады. (Иса пайғамбар қауымына): Расында Алла менің де Раббым, сендердің де Раббыларың. Олай болса, Оған ғана құлшылық етіңдер. Міне, нағыз тура жол осы, - (деген еді).
1.2.Христиан дінінің таралуы және мемлекеттік дінге айналуы.
Христиан діні 20 ғ. дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополияны сақтап келгенмен, христиан шірекулерінің саясаттағы ықпалының құлдырау ғасыры болды. Осыған байланысты олар өз саясатын өзгертуі қажет болып, саясатқа араласудың жаңа жолдарын қарастыра бастады. Қазіргі кездегі кез келген шіркеу иерархы - саясаткер. Дегенмен шіркеулер әлемдегі көптеген бейбітшілік жолындағы күрестерде үлкен роль атқарып келеді. Мәселен, үлкен апаттарға қарсы, ядролық қаруды жоюда т.б.с.с. Бүгінде конфессионалдық ерекшееліктеріне қарамастан христиан шіркеулерінің қайсысы болмасын әлеммн тығыз байланыста болуда белсенділігін көрсетуде. Христиан әдебиеті негізгі 4 жанрдан тұрады: 1. Інжілдер, 2. Апостолдардың арнау- лы хаттары, 3. Апостолдардың ісі туралы жазбалар, 4. Христос өсиеттері. Діншілдер олардың ішінен ең маңыздысы Інжілдер дп санайды. Ал алғашқы үшеуі ескі грек мемлекетіндегі Синопа қаласында жазылғандықтан синоптиктік деп аталады. Інжілдердің бір-біріне қайшы жерлері де аз емес, яғни әр кезеңдегі әр түрлі саяси-әлеуметтік көзқарастарды да меңзеп келген. Қазіргі заманғы христиандық және саясат. Христиандықтың тарихы -- тұтастай халықтардың тағдырын өз уысында ұстауға бағытталған шіркеулердің өз ішіндегі және халықаралық деңгейдегі үздіксіз күрестер тарихы. Ол өзінің басынан құлдырау және дәуірлеу кезеңдерін талай өткерді. XX ғасырға дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополия сақгап келді.
Бүгін кез келген шіркеу иерархы -- саясатшы. Мәселе оның осы саясатқа қалай араласатынында. Біздің заманымыздың саяси палитрасы алуан түсті. Осыған қарай христиандық та көп векторлы саясат жүргізіп отыр. Бүл бірнеше себептерге байланысты: кейбір елдерде, мәселен, Англияда, христиандық күні бүгінге дейін мемлекеттік дін болып есептеледі. Ал кейбір мемлекеттерде діннің мүндай мәртебесі жоқ, ол әр адамның жеке басының ісі деп жарияланған. Мәселен, американ протестантизміне өзімшілдік, волюнтаризм, жеке инициатива мен еркіндік тән. Өзін азат шіркеу және өкіметті табиғи дүшпаны санайтын протестантизм мемлекетпен қатынасын осы түрғылардан құрады. Бұл протестанттық тенденцияға секуляристік идеология қарсы қойылып келді: протестанттар дінді мемлекеттен қорғауға ұмтылса, секуляристер мемлекетті діннен қорғауға ұмтылды. Сонымен қатар көптеген протестанттық топтар мен қозғалыстар, әсіресе фундаменталистер, өздерінің алдына "Американың моральдық жаңғыруы" мақсатын қойды. Католиктердің позициясы бұған қарама-қарсы: олар шіркеу мен мемлекеттің қатынасын мақсат бірлігіне негізделген ымыраластыққа құрады. Католиктер мемлекет атеизм мен діни индифферантазмге қарсы күреске мейлінше батыл араласуы керек деп санайды. Олар протестанттардың мемлекетке қатысты дін жекебастық іс деген көзқарасын мүлде қабыддамайды. Православие шіркеуі мемлекетпен қатынас мәселесінде католиктер позициясына жуық тұр. Осының бәрінен шығатын қорытыңцы: діннің қоғамдағы мәртебесі, ұстаған бағыты, мемлекет ісіне қатынасы қандай болмасын, ол әлемдегі тепе-теңдікті сақтауда, бейбітшілік жолындағы күресте әлі де үлкен роль атқарады. Мәселен, шіркеулер әлемді екіге бөліп, адамзатты апат алдына алып келген супердержавалар текетіресін жоюға елеулі үлес қосты, бүгінде ядролық қаруды мүлдем жою үшін белсенді күресіп отыр. Бүгінде өздерінің конфессионалдық ерекшеліктеріне кдрамастан христиан шіркеулерінің кдйсысы болмасын "осы дүниемен" белсенді пікір алмасуға үмтылыс көрсетіп отыр. Екінші Ватикан соборы "шіркеудің бетін" осы дүние мүқтаждары мен проблемаларына бүруға үндеді. Бүл үндеуді барлық христиан конфессиялары саяси бағдар ретінде қабылдады.
Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші. Христиандардың басты кітабы -- Інжіл адамзат ойының тамаша ескерткіші. Ол өзінің атауын гректің "кітаптар" деген сөзінен алады. Інжіл, діншілдердің айтуынша, пайғамбарлар мен апостолдар деп аталған қүдайдың ерекше қалауы түскен адамдар арқылы келген Қасиетті Рухтың аяндары негізінде жазылған кітаптардың жинағы. "Інжіл" атауы тек VI ғасырда ғана пайда болды. Інжіл екі бөлімнен түрады. Олар -- Көне өсиет және Жаңа өсиет. Біріншісіне христиандыққа дейінгі кездерде көне еврей тілдерінде жазылған және иудейлер мен христиандар қатар құрметтейтін кітаптар жатады. Екіншісіне грек тілінде жазылған кітаптар енеді. Олардың авторлары -- апостолдар мен евангелиешілер.
Көне өсиеттің канонға енбеген кітаптарын қоса есептегенде Інжіл 77 кітаптан тұрады. Оның ішінде Көне өсиет католиктер де, православие шіркеуі де синодтық (ең беделді) басылымдарға енгізетін 39 канонды және 11 канондалмаған кітаптарды қамтиды. Көне өсиеттің барлық кітаптарын бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншісі - Мұсаның бес кітабы немесе Заң (еврейше - Таурат). Екіншісі - тарихи кітаптар, үшіншісі - Пайғамбарлар, төртіншісі - Жазулар. Соңғысы өзінің мазмұны жағынан сан алуан. Оның ішінде новеллалар да, философиялық, адамшылық-әтикалық трактаттар да, ғашықтық-әротикалық поәма да, құлшылық өлеңдер жинағы да бар.
Жаңа өсиетке 27 кітап жатады. Олар -- апостолдар Матфей, Марк, Лука және Иоанн жазған Евангелиелер (грек тілінен -- игі хабар), Қасиетті апостолдардың қызметтері, Иоанн уағызшының "Жолдауы" мен "Аяндары" (Апокалипсис). Жаңа өсиетке енген төрт Евангелие осы жанрдағы көп кітаптардың ішінен неғұрлым шын, қүдай рухымен шабыттанып жазылған кітаптар ретінде таңдап алынған. Бірақ оларды шындығында аталған төрт адамның жазғандығына, яғни олардың авторлығына тікелей дәлелдер жоқ. Сондықтан, "Матфей бойынша", "Марк бойынша" деген тәрізді сілтемелермен қолданған әділірек болар еді. Евангелиелер осы адамдар салған дәстүрлерге негізделеді. Аңыз бойынша Матфей мен Иоанн Ғайсаның шәкірттері, ал Лука мен Марк оның шәкірттерінің пікірлестері. Евангелиелер грек тілінде I ғасырдың екінші жартысында жазылды. Олардың ішіндегі көнесі - Марктің Евангелиесі. Олар өздерінің сөздерінде үнемі ауыздан ауызға тараған Ғайсаның шәкірттері мен ізбасарларының әңгімелеріне сүйеніп отырады. Сондықтан евангелиешілердің сөздері үнемі бір жерден шыға бермейді. Бірақ, қапысыз айқын нәрсе - Кәсиетті жазбалардың барлық кітаптары христиандар үшін айырықша беделді, ал Евангелиелер олардың өзегі. Інжіл - өте қызғылықты кітап: біреулер оны мифтер мен аңыздар жинағы деп қарайды, біреулер одан адамзат тарихының ескерткішін көреді, ал енді біреулер көркем ығармалар жинағы деп есептесе, төртіншілері оны қүдай сөзі деп кабылдайды. Бір айқыны мынау: егер ол қатардағы тарихи ескерткіш болса, оның төңірегінде екі мың жыл бойы осьшшама талас-тартыс болар ма еді? Әрине, болмас ед
Православиенің таралуы.Православие - христианшылдықтың шығыс немесе византиялық бөлігі. Оның діндарларының саны ұлғайтылған шіркеу дерегі бойынша 120 млн. екен. Православие Рим империясы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінген соң Византия территориясында қалыптасып, өз алдына жеке шіркеу болып 1054 жылдан бері өмір сүреді. Православие ілімінің көзі - Қасиетті жазбалар (Көне және Жаңа өсиет кітаптары), сондай-ақ Қасиетті аңыздарда (әлемдік және жергілікті соборлардың шешімдері, шіркеудің әкелері мен ұстаздары - Василий Великий, Иоанн Златоуст, Григорий Благослов тағы басқалардың еңбектері) баяндалған. Православие ілімінің негізінде үш бейнеден - құдай-әке (көрінетін, сондай-ақ көрінбейтін де дүниені жаратқан - Савваоф), құдай-бала (Иисус Христос) және құдай- қасиетті рухтан (ол тек құдай-әкеден шығады) тұратын, бірақ шын мәнінде жалғыз құдайды танып білуге болмайды деген түсінік жатады. Православие ілімінің кіндік мәселесі - барлық адамдардың күнәһар екендігі, сол себепті белгілі бір әдет-ғұрыптар мен нормаларды ұстап, орындап отыру арқылы күнәдан арылу туралы уағыз. Егер ыждағаттылықпен құдайға көз жасын төгіп жалбарынса, дұға етсе аспан патшалығынан діндарлар үміт етуге болады дегенді уағыздайды. Православие уағызшыларының идеалы - құдайға дұға етуші мистик, монах-аскет. Православиенің маңызды белгісі деп жер бетіндегі пендешіліктен аулақ болуды, христианшылдық аскетизмді тұрақты уағыздайды. Дін басылары құдай мен діндарлардың ортасында құдай мейірімін жеткізуші, олар адамдарды құтқару үшін қызмет етеді. Православие тек қана алғашқы жеті әлемдік соборлардың бекіткен қағидаларын ғана ақиқат деп мойындайды. Кейінірек енгізілген - Рим папасының күнәһар болуының мүмкін еместігі, о дүниедегі тазалағыш орны туралы, филиокве туралы, Мария қыздың да ұлы Иисус Христос сияқты құдайлық сипатқа ие екендігі және оның тәнінің өлген соң көкке көтерілуі - бұлар барлық православие шіркеулері тарапынан Қасиетті жазбаға және Қасиетті аңыздарға қайшы деп жарияланады. Протестантизм христиан шіркеуінің көптеген құпияларын, сондай-ақ діндарларды дін қызметкерлеріне және қарапайым діндарларға бөлуді қате деп есептейді. V ғасырда Византия империясы шіркеуге қатысты төрт аймаққа: Константинопольдық, Александриялық, Антиохиялык, Иерусалимдік патриархаттықтарға бөлінді. Кейіннен патриархаттардан дербес православие шіркеулері құралды. Қазіргі кезде әлемде 15 дербес православие шіркеулері бар. Олар Константинополь (Түркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузин, Серб (Югославия), Румын, Болгар, Кипр, Әллада (Грекия), Албан, Поляк, Чехославакия және Американ шіркеулері. Бұлардың арасында неғұрлым ықпалы зор орыс правослакие шіркеуі. Содай-ақ екі автономды православие шіркеулері: Фин - 1957 жылдан және Жапон - 1970 жылдан бері қызмет етеді.

Христиан дiнi адамды жан мен тəнге бөле отырып, рухани бастаманы басты орынға қояды. Адамның шынай нағыз сулұлығы оның жан дүниесiнiң сулұлығымен өлшенедi. Көне замандардағы өнер ттуындыларында сыртқы сулұлыққа үлкен мəн берiлсе, ендiгi жерде шиыршық атқан атлеттер бейнесiнен гөрi, адам бойындағы рухани байлықты көрсетуге баса назар аударылды. Библия мен Исус Христос апостолдарының белгiленген бұл дүниеге христиандық көзқарасты "христиандық шiркеу қайраткерлерiнiң" дiни еңбектерiнде одан əрi терңдетiле түстi. Олардың iшiнде Августин Блаженныйдың "Исповедь" жəне о граде божьем деп аталатын еңбектерi дүниежүзiлiк мəдениеттiң аса құнды туындыларының қатарына қосылды. Бұл шығармалар, негiзiнен, құдай мен жеке адам мəселелеоiне арналған. Дүниенi жаратушы да , оның басты қозғаушы күшi де бiр ғана құдайтағала. Олай болса, тылсым табиғат та, мəдени материалдық құндылықтар да, адамзат та-құдайдың туындылары. Августиннiң пайымдауынша, адам бүкiл болмысымен құдайға толық тəуелдi, ал адам бойындағы iзгiлiк қасиеттердiң барлығы да бiр құдайдың сыйлығы. Сонымен қатар Августиннiң дiни еңбектерiнде адамгершiлiкке мүлдем жатпайтын жат қасиеттер де сөз болады.Ол "О граде божьем" деген еңдегiнде бiр-бiрiне қарама- қарсы екi дүние жөнiнде, яғни құдай мен жын-сайтандар дүниесi жайында мəндi мағлұматтар бередi. Алғашысына күнəдəн пəк перiштелер мен адал адамдарды жатқызса. Екiншiсiне бұл дүниеде шаш етектен күнəға батып құдайдың қаһарына ұшырағандарды жатқызады. Оның ойынша, мемлекет бiр жағынан жын-шайтандар патшалығының ордасы, өйткенi онда қарақшылардың жəне т.б. топтары өздерiнiң зұлымдық əрекеттерiн жүзеге асырып жатады. Сондықтан да, Августин мемлекетке шiркеудi қарама-қарсы қояды. Рим империясының масқара болып құлауын жын-шайтандар империямының қылмысты iстерiнiң заңды нəтижесi деп анайды. Сөйтiп варварлар РИм империясын тас-талқан қылып жеңсе, христиан шiркеуде варварларды дəл осындай күйге ұшыратты деп түйiндейдi. Демек,0 ол тарихтың мəн-мағынасын христиан дiнiнiң баянды жеңiсiмиен байланыстырады. Сөйтiп, тарихтың бастауы Адам мен Еваның, Исус Христостың тұлғасыменжəне христиан дiнiнiң кеңiнен таралуымен тығыз байланысты екендiгi жайында тұжырым жасалынады. Августиннiң прогресс туралы идесясы да христиан дiнiнiң басты құндылығы болып табылатындығына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz