Жүн шикізатының тауартануы



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Жүн шикізатының тауартануы
2.2. Мехтық шикізатты бағалау
2.3. Қаракөл мехтық шикізаты
3. Тест
4. Сөзжұмбақ
5. Кейс сұрақтары
6. Қорытынды
Қолданылған əдебиеттер
Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі.Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 – 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүнбіркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 – 35 мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі Жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді. Түйе Жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы Жүндерінен киіз,қоян Жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит Жүні емдік мақсатта қолданылады.
Жүн өнімі қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың бір жыл ішінде қырқылған жүннің мөлшерінде және оның сапасына қарай бағаланады. Жүн негізінде өнеркәсіптік шикізат ретінде өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты, жүннің түсімі, талшықтар биязылығы, ұзындығы әртүрлі болады.
1 Научно-производственный журнал «Овцы, козы и шерстное дело» №2-2012 . В.В. Абонеев, А.А. Омаров Ставропольский НИИЖК «Результаты скрещивания северокавказских маток с баранами разного направления продуктивности» 21-24 стр.

2 Научно-производственный журнал «Овцы, козы и шерстное дело» №3-2012 Ю.А. Колосов, Н.В. Широкова Донской государственный аграрный университет «Мясные качества чистопородных и помесных баранчиков разного происхождения» 39-40 стр.

3 Научно-производственный журнал «Овцы, козы и шерстное дело» №2-2012 Ю.Д. Квитко, А. В. Скокова, С.Ф. Силки на Ставропольский НИИЖК «Мясная продуктивность и качество мяса молодняка овец разного происхождения» 39-40 стр.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жүн шикізатының тауартануы
Мехтық шикізатты бағалау
Қаракөл мехтық шикізаты
Тест
Сөзжұмбақ
Кейс сұрақтары
Қорытынды
Қолданылған əдебиеттер

Кіріспе
Жүн - қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі.Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 - 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүнбіркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 - 35 мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі Жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді. Түйе Жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы Жүндерінен киіз,қоян Жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит Жүні емдік мақсатта қолданылады.
Жүн өнімі қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың бір жыл ішінде қырқылған жүннің мөлшерінде және оның сапасына қарай бағаланады. Жүн негізінде өнеркәсіптік шикізат ретінде өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты, жүннің түсімі, талшықтар биязылығы, ұзындығы әртүрлі болады.

Жүн шикізатының тауартануы
Жүн өңдеу - жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан тазартып жуу, жүн дайындау стандартына сәйкес сұрыптау (сорттау), бояп өңдеу, иіріп жіп алу немесе одан әр түрлі бұйымдар дайындау.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен рөл атқарған және оны ұқсатуды халық бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің шудасы. Жүк артып, күш көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны "жабағы" дейді. Әлгі жабағының астынан "боздақ" деп аталатын үлпілдек жүн өседі де, жабағы өзінен-өзі көтеріледі. Түйе жабағысынан әр түрлі жеңіл де жылы күпі тігіледі. Жабағы жүнді түтіп көрпеге де салады, әр түрлі жіптер иіреді.
Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем,қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. "Шуда" деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқауылдық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көн ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Түйе шудасы кейбір арнаулы бау-шуларға да қосылып есіледі. Шуда жіп шертер, т.б. ән-күй аспаптарына ішек есебінде де тағылған.
Қойдың жүнін "жабағы", "күзем жүні", "қозы жүні", "өлі жүн" және "шет-пұшпақ" деп бес түрге бөліп айтады. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терлік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жұмыс жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де жасалады. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады. Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ,кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің тысының арасына салуға да жарамсыз. Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаң-тозаңнан, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдермен бірге еркектер де қатысады. Жүн сабау маусымды және көпке ортақ жұмыс болып саналады. Жүн сабау жұмысы қазақ ғұрпында ойын-сауықпен көңілді өтетін-ді. Жүн сабалып болған соң "тулақ шашу" деген ырым бойынша жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді. Жүн сабау жұмысына керекті заттар - сабау мен тулақ. Сабауды бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан маусым-шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығы 1 м 20 см-дей етіп, екі ұшын тегістеп, тұжырады. Оның диаметрі 2 см-дей, бас аяғы бірдей. Сабау жүн сабаушылардың санына қарай әр кісіде екі-екіден болады. Жүнді екі сабаумен қос қолдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ төселеді. Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп жібітеді. Олай істемесе, кеуіп тұрған тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен басады (қ. Киіз басу). Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді "өлі жүн" деп атайды. Қотанның ортасында түсіп қалған, бұтаның басынан жиналған, бау-шу ескеннен қалған үзік жүндерді "шет-пұшпақ жүн" деп атайды. Мұндай жүндер, көбінесе, арқан-жіп есуге жұмсалады. Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шарф, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған. Жылқының жал-құйрығын "қыл" деп атайды. Жал-құйрық, көбінесе, арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастық, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған. Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығын да іске жаратқан. Қоянның жүнінен жылы шарф, қолғап, шұлық, бөкебай тоқыған. Құстың мамығынан құс жастық, құс төсек жасаған, қауырсындарынан қарқара қадаған, жебенің желбезегіне желімдеген, ондай оқты төменде тұрып жоғарыдағы нысананы дәлдеп атуға қолайлы және ұшқан жолында ауытқымай дәл барады деп есептеген. Тымақтың маңдайына, найзаның ұшына, салт атты адамның иығына тағып алған құс қауырсыны "өте асығыс" деген белгіні білдірген. Осыдан келіп ел мен ел арасында тығыз хабар жөнелтілгенде хаттың сыртына бір тал қауырсын бекітілетін, оны "үкілі пошта" деп атаған. Үкінің жүні қазақтың ескі салты бойынша әсемдіктің белгісі деп саналған. Сонымен бірге үкіні қасиетті деп те білген. Мыс., хан тұқымдары, атақты батыр, ақын, салдар үкі тағып жүрген. Ұзатылар қызға, қайнына баратын күйеуге, алғаш отау болғанда шымылдыққа үкі қадау ғұрпының жоралғысы осыдан қалса керек. Осыдан келіп жүнделетін бір үкі бір аттың құнымен бағаланған. Үкі жүнін ұлпа және қара қасқа үкі деп екі түрге ажыратады. Үкінің балақ жүнін - ұлпа, ал бауыр жүнін - қара қасқа үкі деген. Қара қасқа үкіні, көбінесе, ерлер қадаған. Сәукеле, тақия, бөрік сияқты қыз-келіншектер киіміне, көбінесе, ұлпа (балақ жүн) үкісі қадалған. Ақ үкінің жүнін түрлі түсті етіп бояп та пайдаланған. Мұндайда бояуға қазының майын қосқан. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя беретін. Мұны "үкі жүндеу" деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан олжа алу салты да болған.
Қазіргі кезде Ж. ө. жұмыстары өндірістік кәсіпорындарда атқарылады. Мұндай жұмыстар жүн жуу, жүн сорттау, жүн иіру, т.б. болып бөлінеді. Жүн жуу жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан, т.б. тазартатын арнаулы аппараттарда орындалады. Олардың құрылысы күрделі, көлемі үлкен (ұз. 70 м-ге дейін), сондықтан жүнді алғашқы өңдеуден өткізетін ірі кәсіпорындарда қолданылады. Қазақстанда мұндай кәсіпорындар Тараз, Семей, Ақтөбе қ-ларында салынған. Қазір бұл кәсіпорындарды қайта іске қосу қолға алынып отыр. Жүнде майлы заттар көп болады. Мыс., арқар-меринос қойдың жүнінде 30%-ға дейін май мен шайыр бар. Осылардан арылту үшін жүн жуғыш машинаның арнаулы ыдысына су құйылып, оған көмір қышқыл сода, калийлі сабын және аммиак қосылып, әбден араластырылады. Бұл құрамның салмағы жуылатын жүн салмағының 6%-ына жетуге, ал судың темп-расы 55С-тан аспауы тиіс. Мұнан жоғары болса, жүннің реңі кетуі мүмкін. Жүннің иісін кетіру үшін көмір қышқыл газбен өңделеді. Ж. ө. кәсіпорындарында, сондай-ақ, экстракциялық әдіспен жұмыс істейтін жаңа машиналар қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі - жүн жабық бөлме ішінде хлорлы көмір қышқыл газбен өңделеді. Осы процесс нәтижесінде жүндегі май мен шайырдың 70%-ы кетеді, жүн ажарланып, биязылығы артады. Жүннен алынған май техника мен медицинада кеңінен қолданылады. Жүн сорттау кезінде жүннің дайындау стандартына сәйкес сапасы бағаланады. Мыс., қой жүні одан алынатын таза жүннің мөлшерімен бағаланады. Жүннің әр түріне (биязы жүн, биязылау жүн, ұяң жүн, қылшық жүн, т.б.) Қазақстан Республикасының Стандарттау және метрология комитеті дайындау стандартын бекіткен. Жүн сорттау процесі жүнді алғашқы өңдеу кәсіпорындарында атқарылады. Дайындау стандарты бойынша жүн қалыпты, шөпті, тікенек шөпті және ақаулы болып бөлінеді. Егер жүндегі шөп қалдықтары мен ақау жүннің мөлшері жалпы жүннің 10%-нан аспаса қалыпты жүн, егер бұл мөлшерден артса шөпті не тікенекті жүн деп атайды. Кейбір жүн ажарсыз, түсі оңған, талшығы осал болады. Мұндай кемістік 10%-дан артса, онда ақау жүн болып есептеледі. Осы төрт түрдің әрқайсысы түсіне қарай бірнеше сортқа және сапасына қарай бірнеше класқа бөлінеді. Биязы және ұяң жүнді қойдың тұтас жүні ақ және әр түсті болып екі сортқа бөлінеді. Ақ түске таза ақ жүн, әр түстіге қылшық араласқан өзге түстер жатады. Меринос қой жүнін сорттағанда талшығының ұзындығы, жуан-жіңішкелігі, тазалығы, бұйралығы ескеріледі. Биязы және ұяң жүнді сорттағанда тұтас жүннен басқа да мынадай сорттары болады: құйрық жүн (бөлек қырқылады және бұған балақ жүн, желіннің айналасынан қырқылған жүн де жатады); жұлма жүн - тұтас жүннен үзіліп түскен жүн.Пұшпақ жүн - ірі қылшықты ұйпаланған жүн. Жүннен немесе жүн араластырылған басқа да талшықтарды иіру арқылы жіп алынады. Мұны жүн иіру деп атайды. Оның тарақтап иіретін және аппаратпен иіретін екі жүйесі кең тараған. Тарақтап иіру тәсілі арқылы жіңішке әрі тегіс, биязы әрі беріктігі жоғары жіп алынады. Осындай жіптерден жоғары сапалы мата тоқылады. Аппаратпен иіруде шикізат ретінде таза жүн, басқа талшықтармен араласқан жүн, тарақтап иіру қалдықтары мен қылшық, әр түрлі хим. талшықтар, мақта т.б. қолданылады. Мұндай жіптен шұға, драп, тех. мата, т.б. тоқылады.
Биязылау жүн. Тұқымның шығу тегіне байланысты биязылау жүннің бірнеше түрін ажыратады.
а) бизы-қылшық, биязылау-қылшық, биязы-цигай және тағы да басқа будандардың биязылау жүні (мемлекеттік стандарт -7937-74) - біркелкілігімен жабағысының штапельді және штапель-тұлымды құрылымымен сипатталады. Штапельдің сыртқы (беткі) ұштарында құрғақ, дөрекі (ірі) және ластану рұқсат етіледі.Жүн иректілігі әлсіз көрінеді, штапель ұзындығы бойынша біркелкі және әркелкі болып келеді. Биязы жүнге қарағанда шайырдың түзілуі аз. Жүннің көп бөлігінің жіңішкелілігі 58-56-50-ші сапа. Құрғақ және өлі талшық түрлері кездеседі.
б) кроссбердті және кроссберд типті жүн - біркелкілігінен, штапельді және штапель - тұлымды құрылымымен, серпімділігімен, созылғыштығымен және жылтырлықтың (люстралы) болуы немесе болмауымен сипатталады.
Кроссьерд типті жүн түсі ақ, көлеміне байланысты талшық иректілігі орташа және ірі (толқынды) шайырдың тузілуі жеткілікті.
Жабағыдағы жүн жіңішкелігі бойынша көп бөлігінің массасы 58 сапа және одан жуан (58,56,50,48,46,44,40,36,32 сапа)
Кроссберд типті жүн шайарйнйң аздығымен, ұсақ орташа және ірі әлсіз иректігімен ажыратылады.Жабағыдағы жүн жіңішкелігінің негізгі массасын 58,56,50,48,46 сапа құрайды.Түрлі түсті жүн рұқсат етіледі.
в) Цигай жүні және цигай қылшық біртекті жүн (мемлекеттік стандарт 9764-74) жабағы штапельді және штапель - тұлымды құрылымды, біркелкі және жақсы серпімділігімен, шайырының аздығымен, ұстағанда қатты және құрғақтығымен, түрлі-түсті және өлі талшықтардың болмауымен сипатталады. Жүн иректілігі ірі,кейде әлсіз, кейде өте жақсы көрінеді.Жүн жіңішкелігінің негізгі массасын 56,50,48,46,44 сапа құрайды. Жүн түсі тек қана - ақ.
Біртекті цигай - қылшық жүні цигай жүні мен салыстырғанда жабағыдағы талшық ұзындығы мен жіңішкелігі, біркелкілігі бойынша төмендеу, жабағының сыртқы етінің ұштары құрғақ, өткір, түрлі-түсті, құрғақ және өлі талшықтар кездеседі.
Ұяң жүн. Ұяң жүн (19779-74 мемлекеттік стандарт бойынша) қырқу уақыты мен қойдың жасына байланысты көктемгі, күзгі және қозы жүні болып, бөлінеді. Көктемгі ұяң жүн әркелкілігімен жабағының тұлымды құрылымымен сипатталады. Негізінен ұзын түбіттен,аралық талшықтан және жіңішке қылшықтан тұрады. Қылшық жүннен қылшықтың аз болуымен, талшықтың көпшілігінің қалыңдығы және ұзындығы бойынша бірелкілігімен ажыратылады.Көктемгі ұяң жүн қойдың тез шығу тегіне байланысты:балбасс, сараджа, тәжік, алтай және будан ұяң болып бөлінеді.
Күзгі ұяң жүн тұлымдары мен талшық бумалары арасында берік байланыстың жоқтығымен сипатталады (сондықтан тұлым тұтас жаағы түзбейді) сонымен қата талшық ұзындығы мен шайыры күзгі жүннен қарағанда аз болып келеді.
Ұяң қозы жүні ұяң жүнді жас қой малдарымен қырқылады, ал серпімді жұмсақ және тұлым иректілігі штопор тәрізділігімен сипатталады, бірақ жеке тұлымдар мен тұлымдағы талшықтар арасында мықты байланыс жоқ, соның әсерінен тұлым тұтас жабағы түзбейді.
Көктемгі жүнмен салыстырғанда қозы жүнінің талшық ұзындығы қысқарақ және шайыры мен ластануы аз болады.
Қылшық жүн. Әртекті қылшық жүн (7939-79 мемлекеттік стандарт бойынша) тұлымды құрылымды, талшық ұзындығы мен жіңішкелігі бойынша әркелкі, ол:түбіттен, аралық және қылшықты сонымен қатар өлі және құрғақ талшықтардан тұрады. Қылшық жүнде ұяң жүн сияқты қырқу уақыты мен малдың жасына байланысты:көктемгі, күзгі және қозы жүні болып бөлінеді.
Әртекті қылшық жүннің күзгі қырқым жүні жеке бума талшықтары арасында мықты байланыстың болуымен, сипатталады, соның салдарынан тұлымдар тұтас жабағы түзбейді және талшықұзындығы мен шайыры көктемгі қырқыммен салыстырғанда аз.
Әртекті қылшық қозы жүні қылшық жүнді қой малдарының жас малдарынан туғанына бір жыл толғанда (бірінші қырқылған жүн) қырқылады.Серпінділігімен, тұлымның штопор тәрізді иректілігіменсипатталады. Талшық аралығымен жеке тұлымдар арасындағы байланыс әлсіз, сондықтан тұлым тұтас жабағы түзбейді. Көктемгі қырқылған жүнмен салыстырғанда қозы жүнінің ұзындығы, шайыры және ластануы вз.
Әзірленген стандарт талаптарына сәйкес ( мемлекеттік стандарт, техникалық жағдайлар (т ж), биязы биязылау жүн (барлық түрлері) үшін) көктемгі ұяң және қылшық түрлері: жабағы, кесек және төменгі сортты (немесе кластан тыс) деп бөлінеді.
Жабағы жүн бір қойдан алынады, штапельден немесе тұлымнан тұрады да өзара байланысып, бір тұтас - жабағы түзеді одан төменгі сорттар (немесе кластан тыс) алынып тасталады.
Жабағы жүнге толық емес жабағы және бір текті жүннің ластанбаған 150 г салмақтан, әртекті жүннің 100г салмақтан жоғары бөлігі кіреді.
Кесек (бөлек) жүн - жабағы жүннің біртекті жүн үшін 150г төмен немесе әртекті жүн үшін 100г төмен ластанбаған бөлігі.
Төменгі сорт (клатан төмен):
а) обор - біртекті жүннің ұсақ лас бөлігі қой қырқымы кезінде жабағыдан бөлініп алынады, сонымен қатар жабағыны жинау кезінде астанған аймақтарын жұлып алу, құйрық бөлігінен, аяқтарының ішкі жағындағы беткі бөліктерінен қырқылып алынады;
б) обножка - қойлардың аяғының төменгі бөліктерінен қырқылатын қысқа жүн. Онда белгілі бір көлемде жабын талшық және қырқым немесе қиқым (қайталап қырқудан түскен қысқа жүндер) жүндер жабағы жүн салмағының 1%-нен жоғары болады ;
в) клок - қой қырқу кезінде жабағыдан бөлініп алынған әртекті жүннің ұсақ ластанған бөлігі, сонымен қатар ондай бөліктер (кесек) жүнді кластау кезінде жабағының ластанған, сарғайған шетінен жұлып алынады және қиқым (подстрижка) жүн;
г) клюнкер (НЕМЕСЕ ҚИМЕН ЛАСТАНҒАН) - өте ластанған ұсақ жүн бөлігі және мал қиы жабысқан жүн.
Жабағыны түсі бойынша бөлу.
Жабағы және кесек биязы меринос жүні, кроссберд типті, сонымен қатар цигай жүні тек қана ақ түсті болады. Кроссберд типті жүнде әр түсті талшықтар кездеседі.
Жабағы және кесек биязы меринос емес, биязылау будан, ұяң және қылшық жүндер түсі бойынша:
а) Ақ - түрлі-түсті талшықсыз. Жүн шайыр түсі мен минералды қоспалардың (шаң, құм, табиғи қоспалар) болуына байланысты. Әр түрлі жылтырлық беруі мүмкін.
б) ашық - сұр - ақ түсті жүнде әр түрлі талшықтар кездеседі. Қылшық жүнді қойлардың жабағы шеттерінде 0,5% дейін түрлі - түсті жүн бөлігі рұқсат етіледі.
в) Түрлі - түсті (әр түрлі түсті) - жүннің нақты түстерінде: сұр, қою - сұр, қоңыр түстердің барлығы және қара болады. Қылшық жүнді құйрықты және қаракөл жүндері түсі бойынша тек ақ және ашық сұр болып бөлінеді.
Төменгі сорттар мен класқа жатпайтын барлық жүн топтары түстері бойынша ажыратылмайды.
Дайындалатын жүн кластары.
Талшық ұзындығы мен жіңішкелігіне байланысты биязы, биязылаудан, кроссберді және кроссберд типті, сонымен қатар цигай және біртекті қылшықты - цигай жабағылар келесідей кластар мен подкластарға бөлінеді.

3.5.1 кесте. Биязы жүн мінездемесі

Жүн талшықтары
Класс
Класс тармағы
Жабағы сипаттамасы
Биязы меринос
Жоғарғы (сұрыпталған жүн)
-
Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы (аумағының 65% немесе салмағынан) 7см-ден кем емес, жіңішкелігі 64 сапа және одан жоғары. Қалған жүн 6 сападан жуан емес. Штапель құрылымы тығыз, үзілуі мықты, ақаусыз, созылғыш, шайыры жеткілікті, өсімдік қоспаларымен ластанбаған. Шоқтығында жеңіл ажыратылатын өсімдіктер (пішен, сабан, орыс ошағаны) рұқсат етіледі.
Биязы меринос
1
II
Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 6,5см-ден кем емес, бірақ жіңішкелігі 60 сапа және аралық жүн 6064 сапа (талшық штапельдің төменгі бөлігінде жіңішке, жоғарғысы (ұшы) жуандау. Жабағының мойын бөлігі мен аяқ бөлігінде 58сапа рұқсат етіледі.
--
1
1
Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 6,5см, жіңішкелігі 64сапа және одан жоғары. Қалған жүн 60 сападан жуан емес, жабағының мойын бөлігімен аяқ жүндеріне 58 сапа рұқсат етіледі.
--
II
1
Жүннің негізгі бөлігінің ұзындығы 6,4 см-ден 5,5 см-ге дейін, жіңішкелігі 64 сапа және одан жоғары. Қалған жүн 60 сападан жуан емес, жабағының мойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Тері шикізатын өндіру жайында
Терінің тауарлық қасиетінің қалыптасуына әсер ететін факторлар. Былғары және тондық – мех тері шикізатының түрлері
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Аңдар биологиясы жайлы мәлімет
Үлбір туралы
Терінің жүн-жабындысына сипаттама
Сазқұндызды сою технологиясы
Қой, ешкі және жылқы қондылық дәрежесі
Аңдар терісі мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші
Пәндер