Онтогенез сатылары



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Онтогенез сатылары
2.2. Биогенетикалың заң
2.3. Онтогенез, оның типтері мен кезеңдері
3. Сөзжұмбақ
4. Тест
5. Сұрақтар
6. Қорытынды
7. Қолданылған əдебиеттер
ОНТОГЕНЕЗ (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және ...генез) – организмнің жеке дара дамуы. О. ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. О. терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). О. барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша О-ге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша О. барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетик. процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында О-дің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. Жануарларда О. процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың О-інде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар О-інің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Онтогенез сатылары
Биогенетикалың заң
Онтогенез, оның типтері мен кезеңдері
Сөзжұмбақ
Тест
Сұрақтар
Қорытынды
Қолданылған əдебиеттер

Кіріспе
ОНТОГЕНЕЗ (грек. on - табыс септігінің жалғауы, ontos - нағыз, нақты және ...генез) - организмнің жеке дара дамуы. О. ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. О. терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). О. барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша О-ге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы - код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша О. барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетик. процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында О-дің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. Жануарларда О. процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың О-інде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең - жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең - жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар О-інің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар.
Жоғары сатылы өсімдіктердің О-і төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. О. барысында өсімдік клеткаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. О. сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді.

Онтогенез сатылары.
Онтогенез -- бір тірі ағзаның туған сәттен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Жыныстық жолмен түзілетін ағзалар үшін ұрықтану онтогенездің басталуы болып табылады. Яғни онтогенездің алғашқы сатысы ұрықтанған жұмыртқажасуша -- зигота. Біржасушалы өсімдіктердің де, сондай-ақ жануарлардың да митоз жолымен бөліну нәтижесінде туындаған жаңа жасушаның пайда болуын онтогенез деп есептеуге болады. Партеногенездік түрлер үшін жұмыртқажасушаның митоздық жолмен бөліне бастауын онтогенез дей аламыз.
Онтогенез үдерісі ағзаның өлуімен аяқталады. Бірнеше тірі тіршілік иелеріне онтогенез терминін қолдануға болмайды. Онтогенез дербес ұғым.
Ұрық дамуының алғашқы сатылары:
1-Зигота. 2 - 2 бластомер сатысы.
3 - 4 бластомер сатысы.
4 көп сатылы бластомерлер.
5 бластула бірқабаты ұрық.

Ұрық дамуының кейінгі сатылары:
1 - бластула.
2 - гаструла.
3 - нейрула

Онтогенез -- организмнің жеке дамуы. Жыныс жасушаларының қосылып, зиготаның түзілуінен бастап, одан әрі өсіп дамуы жүріп, тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңі организмнің жеке дамуы деп аталады. Өсімдіктерде тұқым онтогенездің бастапқы кезеңі болады. Тұқым өніп, әр түрлі қызмет атқаратын ұлпалар -- өсімдіктің мүшелерін түзеді. Жынысты көбею мүшесі - гүл жетіліп, қосарлы ұрықтану жүрген соң түзілген жемістер мен тұқымдар шашылады да, біржылдық өсімдіктердің тіршілігі тоқтайды. Екіжылдық, көпжылдық өсімдіктер де бар.
Жануарларда онтогенез екі кезеңнен тұрады. Олар: 1) эмбриондық -- зигота түзілгеннен бастап туылғанға немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққанға дейінгі; 2) постэмбриондық -- туылып немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңдер.
Көпжасушалы жануарлардың эмбриондық дамуы (ұрықтыың жетілуі) бір -- біріне ұқсас болады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы -- ол әрі бір жасуша, әрі дамудың бастапқы кезеңіндегі организм. Бұл жасуша дамуында бластула, гаструла, нейрула және мүшелер түзу кезеңдерінен өтеді.
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы -- зигота бірнеше минуттан соң митоз жолымен қарқынды бөліне бастайды. Бұл -- бөлшектену сатысы. Сөйтіп, бір жасушалы ұрық көпжасушалыға айналады. Бөлшектену нәтижесіндеөсіп үлгермей, жасушалар майдаланады, оларды бластомерлер деп атайды. Бұл сатыда ұрықта жасушалық материал түзіледі. Бөлшектену сатысы қабырғасы бірқатар жасушалардан тұратын бластуланың түзілуімен аяқталады. Бластуланың ішінде сұйықтыққа толы қуыс болады. Оны бірінші реттік немесе бластоцель деп атайды.
Бластуланың жасушалары құрылысы мен мөлшері бірдей болып, ұлпаларға әлі ажырамаған болады.
Бөлшектену кезеңінде түзілген жасушалардың хромосома жиынтығының саны диплоидты болып, бір біріне жұмыртқасындағы сарыуыз мөлшері арқылығана ажыратылады. Бұл жасушалар маманданбаған (ұлпаларға ажырамаған) бірыңғай болады. Ересек организмдермен салыстырғанда, бластомерлердің (бөлініп түзілген жасушалар) митоздық циклы қысқа болады. Интерфза кезеңінде тек ДНҚ еселенкі жүреді.
Гаструляция. Бұл кезде гаструляция процесі жүріп, бластула күрделеніп (ланцетникте 3000) жаңа даму сатысы гаструлаға (грек. gaster - қарын) айналады. Гаструляция кезінде бластуланың бір жақ қабырғасы ішіне қарай ойысып, жасушалардың тез бөлініп көбеюі нәтижесінде ұрық келе -- келе қосқабырғалы қапшықа ұқсайды. Қабырғасы екі қабат жасушалардан тұратын, іші қуыс бұл қапшық гаструла деп аталады. Осы ұрық қабырғасының қабаттарын ұрық жапырақшалары деп атайды. Сыртқы жапырақшаны эктодерма (грек. ektos - сыртқы, derma - тері), ішкісін (грек. entos - ішкі) дейді.
Көпжасушалы жануарларда ішекқуыстылардан басқаларында экто және энтодерманың арасындағы жасушалардан үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма (грек. mesos - аралық) түзіледі. Сөйтіп, ұрық үш қабаттан тұрады.
Нейрула (жүйкелік) - ұрықтың тек хордалыларға (желілерге) ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде эктодемадан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамып жетіледі.
Мүшелердің түзілуі - органогенез. Гаструляция кезеңінен соң ұрықта жүйке түтігі, хорда, ішек түтігі сияқты мүшелер жетіледі. Ланцетникте арқа эағындағы эктодерма ортасынан ішке қарай майысып, арнаға айналады. Екі бүйіріндегі эктодерма жасушалары арнаны жауып өседі де, қаусырылады. Сөйтіп, арнадан түзілген жүйке түтігі эктодерманың астында орналасады. Қалған эктодермадан тері эпителийінің бастамасы - жабын ұлпасы түзіледі.
Энтодерманың арқа жағындағы жүйке түтігінің астындағы мезодерма бөлімі хордаға айналады. Энтодермадан алдымен болашақ ішек түзіледі. Ұрық жапырақшаларының одан әрі жіктелуінің нәтижесінде түрлі ұлпалар мен мүшелер пайда болады. Эктодермадан жүйке жүйесі, сезім мүшелері, тері эпителийі, тіс кіреукесі; энтодермадан асқазан -- ішек жүйесі, бауыр, ұйқы безі, сілекей бездері, желбезек пен өкпе түзіледі. Мезодермадан бұлшық ет, сіңір, шеміршек, сүйек, жүрек бұлшық еттері, қан, лимфа, қантамырлары жүйесі, зәр шығару жүйелері, жыныс мүшелері түзіледі.
Постэмбриондық даму. Организмнің туылып немесе жұмыртқа қабықшасын жарып сыртқа шығуымен эмбриондық даму кезеңі аяқталып, постэмбриондық даму кезеңі басталады. Бұл кезең тікелей және түрленіп (метаморфоз) даму түрінде жүреді.
Бауырымен жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде тікелей даму жүріп, жұмыртқадан немесе аналық организмнен шыққан, барлық мүшелерінің негізі қалыптасқан, көлемі кіші организмдер әрі қарай тек өседі. Жыныстық жетілу (мысалы, тауықтың балапаны) жүреді.
Түрленіп дамуда жұмыртқадан өздеріне тән уақытша мүшелері бар дернәсілдер жетіледі. Дернәсілдер қоректенеді, өседі. Біртіндеп дернәсілдің мүшелері ересек дараларға тән мүшелермен ауысады. Мысалы, көбелектің жұмыртқадан шыққан дернәсілі ататегі болатын буылтық құрттарға ұқсайды. Одан қуыршақ кезеңіне өтеді. Содан соң қуыршақтан шығып, ересек көбелекке айналады. Шегіртке шала түрленіп дамиды.
Бақаның жұмыртқасынан шыққан дернәсілі - бақашабағы өзіне ұқсамайды. Оның құйрығы, желбезек саңылаулары, бүйір сызығы, екі камералы жүрегі, бір қанайналым шеңбері болады. Біртіндеп қалқанша безінен бөлінген гормонның әсерінен лизосомалар арқылы құйрығы еріп кетеді де, аяқтары пайда болады. Бүйір сызығы жоғалады. Өкпесі жетіліп, екі қанайналым шеңбері қалыптасады. Біртіндеп ересек бақаға айналады.
Ересек жануарлар мен олардың дернәсілдері әртүрлі ортада тіршілік етіп, орта, қорек үшін бір - бірімен бәсекелестікке түспейді. Сол себепті олар табиғатта кең таралады.
Постэмбриондық кезеңнің ұзақтығы әртүрлі. Бір күн тіршілік ететін қанатты көбелектер -- біркүндіктердің дернәсілі 2-3 жыл, жыныстық жетілуі әртүрлі түрлерінде 2-3 сағаттан 2-3 2-3 тәулікке созылады.
Адамның постэмбриондық кезеңдері: жыныстық жетілуі, есеюі, қартайған шағы. Адам өмірінің ұзақтығы жыныстық жетілуіне дейінгі кезеңнен 5-8 еседей көп.
Постэмбриондық дамумен қоса өсу де жүреді. Кейбір организмдерде өсу тіршілігінің соңына дейін жүреді, басқаларында өсу белгілі бір кезеңнен кейін тоқтайды.
Ағаштар, былқылдақденелілердің кейбір түрлері, омыртқалылардан балықтар, егеуқұйрықтар тіршілігінің соңына дейін өседі. Жануарлардың көп түрлерінде жыныстық жетілуден соң өсуі тоқтайды. Адам 20-25 жасқа дейін өседі.
Ұрықтардың ұқсастығы. Барлық көпжасушалы организмдер ұрықтанған жұмыртқадан дамиды. Бір типке жататын жануарларда ұрықтардың даму процестері ұқсас болады. Барлық хордалы жануарларда эмбриондық кезеңде осьтік қаңқа - хорда, жүйке түтігі пайда болады. Хордалы жануарлардың құрылысы бірдей. Ерте даму кезеңінде омыртқалылардың ұрықтары бір - біріне қатты ұқсас болып келеді. Бұл орыс эмбриологі К. Бэр тұжырымдаған ұрықтың ұқсастық заіын дәлелдейді. Эмбриондық даму барысында өздеріне тән класс, туыс, түр, ең соңында дараны сипаттайтын белгілер пайда болады. Ұрықтардың ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екеніне дәлел

Ұрықтық жасушалармен өткен үдеріс ретінде ұрықтың дамуын анықтап қарайық. Оны бір сызбанұсқаға былай орналастыруға болады: Жасушалардың бөлінуі -- жасушалардың өсуі -- жасушалардың жіктелуі -- органогенез.
Ұрық қатпаршақтары былай орналасады: сыртында -- эктодерма, оның астындағы ортада -- мезодерма, ал ең ішкісі -- энтодерма болып жайғасады. Ал олар біршама өзгеше ретте түзіледі. Ең алдымен сыртқы эктодерма оқшауланады да, ішкі энтодерма жайғасады. Ал бұлардан соң солардың аралығына ортаңғы мезодерма орналасады. Энтодерма гаструлалық қуысқа (ішектерге) төсеніш болады. Енді осы ұрық қатпаршақтарынан түзілетін мүшелер мен жүйелерді анықтап қарастырайық.
Белгілі ұрық қатпаршақтарынан мүшелердің қалыптасуында айқын эволюциялық қисын бар. Яғни ұрықтың бөліктері мен мүшелерінің дамуында жануарларда эволюциялық даму үдерісінде осы мүшелер мен жүйелер байланыс болады. Эктодерма. Сыртқы ұрық қатпаршағы ретінде эктодерма теріге, басқа жабындарға жөне соларға байланыстылардың барлығына бас-тама берді. Сүт бездері де тері туындылары. Сүтқоректілердің көне класс тармағына -- клоакалыларды еске түсіріп көріңдер. Бұлар -қалыптасқан сүт бездері жоқ үйректұмсық және түрпі. Олардың балалары сүтті тікелей аналықтың жүнін жалап қоректенеді. Алғашқы сүт бездері тер бездері негізінде шыққан.
Мезо -- латынша аралық деген сөз. Демек, мезодерма эктодерма (жабын) мен энтодерма (ішек) аралығында болады. Сонымен, тері және ішек құрылысы аралығында болатын мүшелердің барлығына жуығы мезодермадан тұрады. Дегенмен ұқсастығы бойынша есте сақтаудың оңай және сенімдірек жолы бар. Мезодермалар мен бұлшық ет М өрпінен басталады. Бұлшық ет болатын жерлерде сүйектер, байламдар, шеміршектер және сіңірлер де болады. Қаңқа бұлшық еттерінен басқа қатты бұлшық етті мүше жүрек болып табылады. Ал жүрек болатын жерде қан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтогенез және филогенез
Онтогенездің генетикалық негіздері
Жасушалардың жіктелуі
Онтогенез және аурулар кезіндегі ақуыз құрылысының өзгерістері
Төлдің даму кезеңдері
Геннің әрекеті
Ерте онтогенез бен қартаюдың психофизиологиялық механизмдері
Төл және төл қабаттарының дамуы
Анатомия пәні мен міндеттері, аралас пәндермен байланысы
Өсімдіктердің жеке даму биологиясына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар
Пәндер