Оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық, ізденімпаздығы мен шығармашылығын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақтөбе «Дүние» университеті

Педагогика және психология кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық, ізденімпаздығы мен шығармашылығын қалыптастыру

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1.
Кіріспе: Оқытудың теориясы мен әдістемесі жүйесіндегі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру проблемасы
3: 6
: 1. 1
Кіріспе: Танымдық ізденімпаздықты дамыту мен калыптастырудың теориялық негіздері
3: 6
: 1. 2
Кіріспе: Негізгі ұғымдар: танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділік, студенттердің өзіндік жұмыстары
3: 18
: 2.
Кіріспе: Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастырудағы эксперимент жұмыстарының мазмұны және оларды талдау
3: 33
: 2. 1
Кіріспе: Оқушылардың танымдық ізденімпаздығының деңгейін анықтау
3: 33
: 2. 2
Кіріспе: Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік жұмыс
3: 51
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 58
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
3: 60

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында [1], "Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын калыптастыру"[2], "Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру"[3], "Білім мазмұнын гуманитарландыру"[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасауға кең жол ашу талап етіледі.

Олай болса, қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі-заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптау бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың танымдық үдерісін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруды психологиялық тұрғыдан А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурьея, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, А. В. Петровский және т. б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан П. И. Пидкасистый, Т. И. Шамова, Т. Н. Щукина, т. б. болса, отандық ғалымдардан Ж. И. Намазбаева, Т. С. Сабыров, Н. Д. Хмель т. б. зерттеді.

Әдістемелік тұрғыда бұл мәселені Н. А. Ахметова, А. Е. Әбілқасымова, Т. Әбілова, А. А. Бейсенбаева, М. Х. Балтабаев, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. К. Дүйсенбінова, М. Ж. Жадрина, Қ. Қайым, Қ. Қ. Қабдықайыров, И. Д. Синельникова, О. С. Салимбаев, А. Т. Томаев, Б. Т. Набиева, Н. А. Рыков т. б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты.

Мәселен, Б. Т. Набиева ғылыми зерттеу еңбегінде оқушының танымдық ізденімпаздығын калыптастырудың әдістемелік негіздерінің мәнін айқындап және сыныптан тыс оқытуды теориялық негізде байланыстыруға әрекет жасаған.

Р. Омарова танымдық ізденімпаздықты қалыптастырудың жолдарын өзінің ғылыми еңбегінде қарастырған.

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастырудың маңызын айта келе бұл терминге өзіндік тұрғыдан анықгама беруді жөн көрдік.

Ақыл-ойы кемелденген, парасаты мен тұлғалық қасиеті жоғары маман дайындау ісінде окушылардың төменгі сатыда алған білімін, меңгерген дағдыларын, калыптасқан тәлімдік нормалары мен ұстанымдарын және білуге, үйренуге, түрлі іс-әрекетті орындау әдіс-тәсілдерін меңгеруге деген ішкі сезімдерін (ынта, ықылас, ниет, түрткі, тілек, қажет т. с. с) жоғары сатыда жаңа деңгейде дамытуды танымдық ізденімпаздық дейміз.

Оқушылар бойына танымдық ізденгімпаздықты қалыптастыру көп уақытты, мерзімді қажет ететін үдеріс. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын дамыту мәселесі бірқатар еңбектерде қарастырылған. Әртүрлі таным белсенділігі мен танымдық ізденімпаздық табиғи кұбылыстарға субъектінің қайта бейнелеу көрінісі (Л. П. Аристова), тұлғаның танымдық қасиетін сипаттаудың еріксіз жағдайы (Р. А. Низамов), ал оқушының өмірлік позициясындағы іс-әрекеттілігі (Г. И. Щукина), тұлғаның оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-әрекеті сапасын (Т. Н. Шамова) сараптаған болса, танымдық ізденімпаздық мәселесі Т. А. Буянова, Э. К. Васильева, О. А. Золотарева және т. б., еңбектерінде көрініс тапқан.

Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе біздің зерттеу нысанымызға алып отырған оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін анғардық. Бұл мәселе, кеңінен талданып және педагогика ғылымынан занды орын алуы тиіс деп санаймыз. Әрі, ол мәселені мәні мен мазмұнын айқындаудың маңызы зор.

Осыған байланысты оқушылардың жеке қабілеттерін және даралық қасиеттерін есепке ала отырып, танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға бағытталған әдістемелердің жеткіліксіздігі оқу үдерісінде пайдалану арасында қарама-қайшылық туады. Бұл қазіргі уақытта көптеген мәселені қайта қарауды және танымдық ізденімпаздықты қалыптастырудың формалары мен әдістерін зерттеуді талап етеді. Осы салада зерттеу жұмысының қажеттілігі, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру мәселесі көкейтестілігімен сипатталады.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: теориялық дәлелдеу мен бастауыш класс оқушыларының танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруды жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер таңдау табылады.

  • Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:егерде әр оқушының дара ерекшеліктері мен қабілеттерімен қатар қызығушылығы ескерілсе, оқу үдерісі барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға болады.

З ерттеу міндеттері:

  1. Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық - педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау.
  2. Танымдық ізенімпаздықты қалыптастыруды ғылыми - практикалық тұрғыдан қарастыру, алғышарттарын анықтау.
  3. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастырудың үлгісін анықтау, оның өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлерін анықтау.
  4. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ізденімпаздығын қалыптастырудың тәжірибелік жолдарын іздестіру, тиімділігін дәлелдеу.

Ғылым-педагогикалық зерттеу әдісі ретінде:

- барлық зерттеу теория мен практиканы, сонымен қатар тәжірибеден алынған мәлімет пен материалдарды талдау.

- танымдық ізденімпаздықты анықтау үшін тәжірбие әдістері (анықтауыш, қалыптастырушы), әңгіме, жазбаша сұрау әдістері (анкета алу) пайдаланылды.

Практикалық мәнділігі: дипломдық жұмыстағы теориялық және практикалық материалдарды бастауыш сынып мұғалімінің, студенттердің жұмысында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан, жалпы қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Оқытудың теориясы мен әдістемесі жүйесіндегі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру проблемасы

1. 1 Танымдық ізденімпаздықты дамыту мен калыптастырудың теориялық негіздері

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші ролін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа катынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - "таным теориясы" деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімиің қалыптасуымен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру болып табылады.

Оқушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін оқытудың жетілдіру құралы ретінде қарастырып құнды пікірлер Ф. Бэкон, М. Мантель, Д. Локк, Д. Дьюи, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоции, И. Кант еңбектерінде айтылды [8] .

Жас және педагогикалық психологияның оқыту процесінде, ең алдымен, оқушыларға білім беруде танымдық іс-әрекет мәселесін терең зерттеген Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин, Г. И. Щукина, П. М. Якобсон.

Зерттеушілердің оқыту процесінің негізгі екі тобын белгілі түрде бөліп көрсетті, олар оқыту процесінің түрлі мазмұнына немесе түрлі компоненттеріне бағыттау негізінде танымдық іс-әрекет негіздерін талдап әзірлейді: 1) жаңа білімдерді игеруге бағытталуымен сипатталатын танымдық іс-әрекет; 2) білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталуымен сипатталатын танымдық іс-әрекет; 3) білімге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жеткізуге бағытталуымен ерекшелнетін өз бетінше білім алу процесі. «Оқыту процесіндегі субъектілердің қарым-қатынасында мағыналарының өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттарының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру бірікен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды. », -деп жазды С. М. Жақыпов [17 -13. 14б. ] .

Қазақстандық психологтар В. К. Шабельниковтың, С. М. Жақыповтың, Ә. Алдамұратовтың жұмыстары оқыту барысында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мәселесіне арналған.

Таным - адам санасын дамытудың негізі. Бастауыш мектеп жасындағы баланың таным үрдісі, қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау дамиды. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Философиялық тұрғыдан танымға мынадай анықтама берілген:

«Таным - ойдың білмеуден білуге қарай, дәл емес білуден, неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой өрісінің күрделі өрісі». Адам танымы бақылаудан, нақты аңғарудан заңды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін ол заңды теорияны, практикада қолдануға қарай жүріп отырады. Таным заттардың адаммен практикалық байланысының мәні мен қасиеттерін ғана көрсетіп қоймай, заттардың өзара объективтік байланыстарын және заңдылықтарын қоса анықтайды. [16, 24-бет]

Таным теориясы (гносеология) - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттар мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оны негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Танымдық психикалық процестің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау т. б. ) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де(қабілет, бейімділік, мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білімге құмарлық, тапқырлық сияқты болымды жақтары да, жетіле түседі. Р. М. Қоянбаев таным туралы: «Мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттар немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және т. б. таным әрекеттерін жасайды» деп танымның оқушы өміріндегі маңызына тоқталған.

Психологиялық әдебиеттер танымның мынадай сатыларын атап көрсетеді:

1-саты. «Нақты пайымдау» Оның мақсаты - бейнелерде, түсініктері, дәлелдері елестету И. П. Павловтың байқағанындай, дәлелдер - ғылым ауасы. Таным бұл сатыда сезіну мен түйсік арқылы іске асырылады.

2-саты. «Абстрактілік ойлау» Оның мақсаты - алынған дәлелдерді, бейнелерді өңдеу, олардың арасындағы байланысты ашып көрсету, соның негізінде ғылыми түсініктерді, заңдар мен заңдалақтарды қалыптастыру. Осы күрделі міндеттерді шешу арқылы сөйлеуді, қиялдануды тану процесіне қатыстыру қажет.

3-саты. «Тәжірибе» бұл кезеңнің міндеті-тәжірибе барысында алынған ғылыми мәліметтердің ақиқаттылығын тексеру. Бұл сатыда өте жоғары дәрежеде барлық танымдық процестер жұмыс істейді. (сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, елестету т. б. ) Мектептегі таным процесі білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушының ақыл-ой қабілеттері мен пәнге қызығушылығы дамиды. Олардың сенімдері, сезімдері қалыптасады.

Н. А. Половникова оқушының танымдық іс-әрекетінің мынадай дәрежелерін көрсетті:

  • бірінші деңгей (көшірмелі әрекет) -танымдық әрекеттің негізгі формасы үлгілерінің көшірмесін жасай білуі;
  • екінші деңгей (өндіру таңдау) -танымдық әрекеттің негізгі тәсілдерін игеру, оларды таңдау және алғашқы шығармашылық тұрғыдан қолдану;
  • үшінші деңгей (шығармашылық) танымдық әрекеттің негізгі тәсілдерін таңдап, оларды шығармашылық деңгейде қолдану.

Таным процесі мұғалімнің басқарушылық әрі бағыттаушылық ролімен, ынтымақтастық байланыста бірлескен қызметінде іске асырылады. Бұл мәселелер төңірегінде әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы: ғалым педагог Л. Занков: «Оқыту оқушылардың жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет» десе, көрнекті психолог Л. Выготский: «Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» - деп тұжырымдайды және оқу баланың өзінің танымдық іс - әрекет белсенділігі екенін анықтайды.

Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді акыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет - танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық мотив және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан түрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.

Танымдық ізденімпаздық үғымы және оны калыптастыру проблемасына педагогтар, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады /1/.

Ежелгі Греция мен Римде қүл иеленушілік қүрылыс кезінде басқа мемлсксттермен салыстырғанда коғамдык даму деңгейі жоғары болды. Антик дәуір мемлексттерінде өскслең үрпаққа тәрбие беру ісіие көп көңіл бөлінді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, кажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болатын. Нотижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель. сондай-ақ ежелгі Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерінде одан әрі дами түсті /2/.

Бұл теорияда акыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінді, әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берідді. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкіртгердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әнгімелесуді алғаш болып колданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалык сұрақтарды алдын-ала дайындай отырып, танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қарастырды.

Кейінірек, осы идеяның дамуына ежелгі Рим философтары үлес косты. Олар білімді игеруде шәкірттердің бслсснді танымдық ізденімиаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пікір айтты.

Демек, антик дәуірдің өзінде-ақ педагогтар оқушылардың өзіндік ой тұжырымын жасау, оны дамыту үшін репродуктивті жәнс эвристикалық әдістерді дүрыс қолдану мәселесіне көңіл бөлген.

Орта ғасырлық тәрбиелеу үрдісінде діннің ерекше роль аткарғанын байқауға болады. Діннің уағыздауы бойынша адамды алдағы келетін "о дүниелік" өмірге дайындау мәселесіне мән берілді. Шіркеу қызметкерлері антик дәуірдегі әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды қатты аяусыз жазалап отырды. VI ғасырдың соңында Папа Григорий І-ші шәкірттерін латын грамматикасына үйреткен епископты аяусыз жазалауға үкім шығарған /2/.

Жалпы, орта ғасырдағы оқыту жүйесі догмалық жағдайда болды, мағынасын түсінбей жаттап алу жиі кездесті. Окылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр түрде берілді. Сондай-ақ білімді жеткізу сұрақ-жауап түрінде жүзеге асты. Оқытудың мүндай жағдайында танымдық ізденімпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны белгілі.

Оқытудың мүндай догмалық жүйесі шәкірттің жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетіне балта шапты. Бүл бірнеше ғасыр кезеңіне созылды.

Қайта өрлеу дәуірінде капиталистік өндірі. стің дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесін сынап, шәкірттің ой-өрісін дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға "о дүниеге" дайындалып жатқан пассивті адам емес, керісінше белсенді, ой-өрісі кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелері қажет болды.

Оқытуды күшейту қүралы ретіндегі танымдық ізденімпаздық туралы қүнды пікірлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И. Г. Песталоцци, И. Кант және т. б. еңбектерінде айтылды /2, 3, 4, 5, 7. 8/.

Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ойшылы, XVI ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттің маңыздылығын ерекше атап көрсетті: "Тәрбиеші баланы бастан-ақ оның бойындағы қабілеттерді еркін көрсетс білуін, түрлі заттардың домі мен олардың ерекшеліктерін ажыратуда өз бетіншс еркін әрекет жасауын, кейде оған жол көрсетіп, кейде керісінше өзіне іздетіп отыруын калаймын" /4/. Монтенъ таным әрекетінде оқытушының басшылық ролінің маңыздылығын түсінді. Ол: "Оқушы мұғалімнен алған білімін түгел сүзгіден өткізіп, өз бетінше талдау жасату қажет. Соның нәтижесінде оның білуге құштарлығы дами түсетіні сөзсіз", -деп жазған болатын /4/.

Демек, Монтень пікірлерінде оқушының танымдық ізденімпаздығын дамыту идеялары айтылған.

Монтеньнен кейін ізденімпаздық ұғымы мен ондағы мұғалімнің ролі туралы идеяның маныздылығын Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци және т. б. мұраларында жалғасын тапты /3, 8/. Танымдық ізденімпаздықты дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін Я. А. Коменский қалады. Ол: "Таным бастамасы - сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы созбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек", -деп жазды /5/.

"Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада өздігінен тұжырым жасауын дамытуды - білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын", - деген болатын /5/.

Коменский оқытудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Ол "Ұлы дидактика" еңбегінде: "Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу" қажеттілігін ерекше атап өтті.

Я. А. Коменскийдің шәкірттің ізденімпаздығы туралы пікірін Д. Локк одан әрі дамытып, оқу әрекетіндегі мотив бен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы іздсыімпаздықтың қажеттігін атап корсетті /7/.

Ж. Ж. Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық түлғасын көрсету керектігін айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсенділік пен өзбеттілік, ізденімпаздық ұстанымын керсетіп бердІ /7/.

Ж. Ж. Руссо идеясын И. Г. Песталоцци әрі қарай дамытты. Ол баланың танымдық ізденімпаздығын дамытудағы мүғалімнің ролін ерскше атап көрсетті.

ХУШ-ХІХ ғасырларда танымдық ізденімпаздық теориясының дамуына И. Г. Пссталоццидің еңбектерінің маңызы зор болды.

И. Г. Песталоцци оқыту әдісінің жалпы психологиялық қайнар көзін іздеді, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептеді. "Адамның әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті, - деп жазды Песталоцци, - бұл оның бақылаулары нәтижесінде калыптасқан ой-өрісінің жемісі" /8/. Осы пікірге сүйене отырып, ол баланың танымдық ізденімпаздығын дамытута әсер ететін оқытудың эвристикалық бақылау әдістемесін жасайды.

Еуропаның белгілі педагогтары құнды пікірлер айтқанымен, оны тек қана алдыңғы қатарлы мектептерде ғана қолданды. Мысалы, ұлы педагог Песталоццидің отаны Швейцарияның өзінде оның идеяларына дұрыс баға берілмеді.

Герцен оқу пәндерінің әдіснамасынын бірлікте болу идеясын ұсынды. Герценнің айтуынша, егер ғылымдарды белгілі бір жүйемен және тәртіппен оқытатын болса, қиын немесе көңіл тартпайтын ғылымдар болмайды. Бірақ күрделі ауыр еңбексіз ғылым меңгерілмейді дейді. Оқуда баланың танымдық белсенділігі тым қажет, олар сабақта өз бетінше оқуға, өздері сұрай білуге, өз бетінше мәселені талқылай білуге тиіс.

Герценнің дәлелдеуінше, бұрынғы өткен ұрпақтың бүкіл тәжірибесі кітаптарда жинақталған және ол негізінен кітап арқылы таратылады. Герцен жастардың көркем және ғылыми кітаптарды өздігінше оқуына зор мән берді. "Жан - жақты білімділіктің өте зор құралы - өздігінше оқу", - деді ол /2/.

Н. Г. Чернышевский еңбектерінде де танымдық ізденімпаздықтың оқытудағы мәні айтылады. "Егер біздің балаларымыз шын мәніиде білімді боламын десе, білімді өз бетімен игере алуы, ізденуі керек", - деп жазды ол /13/.

Сонымен, орыс демократтарының еңбектерінде танымдық ізденімпаздық ұғымды теориялық екі бағыт бойынша қарастырылады:

а) тәрбие мақсаты ретінде (тұлғаның жан - жақты және үйлесімді дамуы оның танымдық ізденімпаздығына байланысты) ;

ә) оқу үрдісін жеделдету кұралы ретінде.

Мұндай байланыс, әрине, баланың ой-өрісін дамытуға мүмкіндік беретін оқыту әдістемесін қажет етті. Мұндай әдістемені жасауда К. Д. Ушинский көп үлес қосты. Ол баланың ой қабілеті заңдылықтарына негіздей отырып, оқыту үрдісі оқушының білім алудағы өзіндік еңбегіне сүйенуі керек, өйткені "өзіндік ойлауы" өз бетінше игерген білім арқылы дамиды деп есептеді /14/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Шығармашылық туралы ұғым
Студенттің өздігінен орындайтын жұмысы – кәсіби білім алу негізі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқушылардың жеке пәндерін оқыту үдерісінде танымдық міндеттерін қалыптастыру
Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын айқындау
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz