Әбілқайыр ханның өмір жолы



Кіріспе
I. тарау. Әбілқайыр ханның өмір жолы.
II. Тарау. Әбілхайыр хан қолбасшы
III. Тарау. Әбілхайыр хан туралы ақиқат
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауымен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуын ой елегінен өткізгенімізде, сәз жоқ, Қазақстан мен Ресей қарым-қашнасы, Абылқайыр ханның тарихи ролін, опың заманы, қилы тарихи уақиғалар ойға оралады.
Ресей империясында халықтар Кеңестер Одағына әртүрлі тарихи жолдармен, әрқилы дәуір тағдырьш бастарынан өткізіл кеженді. Көп ұлтты мемлекет партиялық билік басындағылар да әр үлтқа әр түрлі өлшеммен қарап, этникалык процестерді тежеп отырды. Одақтас республикалардың бірауыздан өз егемендігін жариялауы олардың осы күнді асыға күткеңдігін айқъш-дайды. Н.А.Назарбаев "Ғасырлар тоғысы" атты еңбегіңде 1980 жыды Д. Қонаевтың: "Біздің республикамыз қандай үлкен! Шіркін, өз алдымызға дербес мемлекет болсақ қой", - деп сыбырлап, саусағымен аузын басты" деп жазғаны соның бір көрінісі.
Ресей империясы, оның калыптасу тарихы, орталық Азия халықтарымен жан - жақты қарым - қатынасы, олардың Россиямен қосылуы, соның ішінде Қазақстанның Россиямен қарым - қатынасы, Абылқайыр ханның заманы мен қызметі туралы біраз еңбектер жазылды. Біздің мақсатымыз тарихқа евразиялық көзқарас тұжырымдамасына көз жіберіп, ой бөлісу.
Евразиялық идеяның діни, филоеофиялық, культурологиялық, географиялық, кеңестік, саяси, исихологиялық, геосаяси және басқа да астарлары бар, олардың әр қайсысы бөлек зерттеуге тұрарлық. Евразиялық идеяның 1921 жылы Европадағы орыс интеллигенциясының арасында пайда болғаны белгілі. Олар орыс қоғамының даму барысын қайта қарауға тырысқан тың пікірлер ұсынды. Сондықтан бүгінгі күнге дейін бұл идея өмірге көптеген тарихи еңбектердің, соньщ ішінде көптеген қарсы пікірдегі басылымдардың келуіне себеп болды. Негізінен олар Ресей империясының, оның мұрагерлері Кеңестер Одағының ХYІII - ХХ ғасырларда пайда болуы мен дамуын зор ықыласпен зерттеуге ұмтылады.
1. «Әбілхайыр хан және Евразиялық идея: тарихи шындықпен күмән» Ақтөбе 1999 жыл;
2. К. Маркс, Ф. Энгельс. Собр.соч. т. 27. с. 241
3. Уалиханов Ш. Бес томдык шығармалары. 4-ші том. 3 бет.
4. Т. Жұртбаев. Талкы. // Жұлдыз. 1996. №112, 121,124 беттер.
5. Данияров К. Қазақ мемлекетінің тарихы туралы // Қазак тарихы. №6, 1995. 2 бет
6. Бекмаханов Е. Казахстан в 20 - 40 годах XIX века. Алматы, 1992. с. 241
7. Козыбаев М. Халық рухынын қайнары. // Қазақ әдебиеті. №29. 24 шілде, 1998.
8. Казахско - русские отношения. Атматы, 1961. с.9.
9. Қазақ ССР тарихы. А., 1979. I т.
10. ҚасымбаевЖ. Поиск. 1997, №5, с. 67.
11. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. А., 1994, 76 б.
12. Маданов X. Қазақ халқының арғы - бергі тарихы. А., 1995, 81 бб.
13. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1994, 281 б
14. Толыбеков С. Қазақ шежіресі. А., 1995, 45-46 бб.
15. Уалиханов Ш. Шығ. жинағы. А., 1985, 4 т., 111 б.
16. Бартольд В.В. Очерки истории Семиречья. Верньж. 1898. 170 стр.
17. Златкин И.Я. История Джунгарекого государства. М., 1983
18. Левшин А.И. Описаше киргиз-кайсацких орд и стеней. 1832, ч.2, 03 ртп
19. Дж. Кэстль. 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып кайтқан сапар туралы. А., 1996, 82 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I. тарау. Әбілқайыр ханның өмір жолы.

II. Тарау. Әбілхайыр хан қолбасшы

III. Тарау. Әбілхайыр хан туралы ақиқат

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауымен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
пайда болуын ой елегінен өткізгенімізде, сәз жоқ, Қазақстан мен Ресей қарым-
қашнасы, Абылқайыр ханның тарихи ролін, опың заманы, қилы тарихи уақиғалар
ойға оралады.
Ресей империясында халықтар Кеңестер Одағына әртүрлі тарихи жолдармен,
әрқилы дәуір тағдырьш бастарынан өткізіл кеженді. Көп ұлтты мемлекет
партиялық билік басындағылар да әр үлтқа әр түрлі өлшеммен қарап, этникалык
процестерді тежеп отырды. Одақтас республикалардың бірауыздан өз
егемендігін жариялауы олардың осы күнді асыға күткеңдігін айқъш-дайды.
Н.А.Назарбаев "Ғасырлар тоғысы" атты еңбегіңде 1980 жыды Д. Қонаевтың:
"Біздің республикамыз қандай үлкен! Шіркін, өз алдымызға дербес мемлекет
болсақ қой", - деп сыбырлап, саусағымен аузын басты" деп жазғаны
соның бір көрінісі.
Ресей империясы, оның калыптасу тарихы, орталық Азия халықтарымен жан
- жақты қарым - қатынасы, олардың Россиямен қосылуы, соның ішінде
Қазақстанның Россиямен қарым - қатынасы, Абылқайыр ханның заманы мен
қызметі туралы біраз еңбектер жазылды. Біздің мақсатымыз тарихқа евразиялық
көзқарас тұжырымдамасына көз жіберіп, ой бөлісу.
Евразиялық идеяның діни, филоеофиялық, культурологиялық, географиялық,
кеңестік, саяси, исихологиялық, геосаяси және басқа да астарлары бар,
олардың әр қайсысы бөлек зерттеуге тұрарлық. Евразиялық идеяның 1921 жылы
Европадағы орыс интеллигенциясының арасында пайда болғаны белгілі. Олар
орыс қоғамының даму барысын қайта қарауға тырысқан тың пікірлер ұсынды.
Сондықтан бүгінгі күнге дейін бұл идея өмірге көптеген тарихи еңбектердің,
соньщ ішінде көптеген қарсы пікірдегі басылымдардың келуіне себеп болды.
Негізінен олар Ресей империясының, оның мұрагерлері Кеңестер Одағының ХYІII
- ХХ ғасырларда пайда болуы мен дамуын зор ықыласпен зерттеуге ұмтылады.

I. тарау. Әбілқайыр ханның өмір жолы.

Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 - 12. 08. 1748) - хан,
қолбасышы Шыңғысхан әулетінің кіші буыны өсеке ұрпағы, қажы сұлтанның
баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдасытыра
білімен кіші жүздің ханы болды (1710-12. 08. 1745). 1715 жылдары Тәуке хан
өлгенен кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ
мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ
–қалмақ қарым –қатынасы мейлінше шейленісіп тұрған 1716 - 18 жылдары Ресей
империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М. П. Гагаринге ,
Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты.
1723 жылға дейін Түркістанда тұрып,одан жоңғар басқыншыларын қуып шыққаннан
кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі
тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 жылы Ордабасындағы халық
жиналысында қазақ жастарының қолбасшысы болып сайланады.
Орыс империясыньщ, Кеңестер Одағының калыптасуының қандай алғы
шарттары болды және қандай тарихи дәстүрлер халықтарды империяға бірігуге
итермеледі деген сұрақ Ресей евразияшыддарын терең ойландырады. Олар
сұраққа жауап іздей келе, орыс тарихын кең деңгейіне дейін кеңейтіп,
Евразияны Қытайдан Польшаға дейінгі территорияны алып жатқан бөлек тарихи
және географиялық дүние деп карауды ұсынады. Евразияшылдар бұл кеңістіктің
Батыс Европа мен Оңтүстік Азияға арасында географиялық ерекшеліктерімен
оқшауланатын ортадағы материк ретінде қарастырып, оның топырағы, жері, суы,
ауа райы өзгешеліктеріне зор мән береді. Сонымен бірге оның саяси және
мәдени бірыңгайлығын да баса айтты. Евразия халықтарына біртұгастыққа
ұмтылу тән мақсат болса, ал Европа мен Азияға саяси және мәдени жағынан
бытыраңқылық сипат тән. Біртұтастыққа ұмтылыс Евразияда мыс және қола
дәуірінен басталып, көптеген ғасырлар бойы Қара теңіз бен Шығыс Сібір
аралығьщцағы халықтардың мәдениетіне өз таңбасын қалдырып келеді. Сол
замандардан бастап Евразиялық дала мәдениеті мен евразиялық орман
мәдениеттерінің арасында терең байланыстар басталып, бірыңғайлық қалыптаса
бастады. Бұл теңденция скиф және ғұн мемлекеттерінің тарихында жалғасын
тапты. Осының негізінде, евразияшылдардың айтуынша, бірінші мыңжылдықта,
орыстар, шығыс славяндар Евразия тарихынан оқшау тұрды. Киевтік Русь
Евразияның батыс шетінде пайда болғанымен, ол ежелті скифтер мен ғұндардың
еділ мекендерінің топырағы делінеді. Монғол шапкыншылығьнан кейін ғана Русь
жалпыевразиялық уақиғаларға араласа бастады. Тарихтың кейінгі дамуы
москвалық Русьтың кұш қайратын анықтап, оны монғолдардың мұрагері етті,
бұрынғы көшиелі скифтер, ғұндар, түркілер атқарған жалпыевразиялық
біріктіруші күш ретінде көрінді. Алтын Орданың әлсіреуімен билік Москваға
ауыса бастады.
Евразияшылдардың ойынша, бұл тарихи дәуірлер белгілі бір
сабақтастықпен дами отырып, орыс империясьшың ХҮІ - ХХ ғасырлардағы
болмысына алтышарттар жасады. XV ғ. дейін евразиялық дүниенің шеткері бір
бұрышын құраған Русь ХҮІ ғасырдан бастап жалпыевразиялық деңгейге
көтерілді. Бұл тұжырымдаманы евразиялық идеяның негізін салушы [Т.НСавиңкий
мен тарихшы Г.В.Вернадский қолдайды.
Сонымен, ХҮІ - ХХ ғасырлардағы орыс мемлекеті — скифтер, ғұндар, монғолдар
мемлекетінің жалғасы.
Орыс мәдениеті, олардың ойынша, XX ғ. 20 жыддары орта азиялық дейтін
республикаларда өзінен - өзі кең өріс алуда, олардың дамуына жаңа шабыт
беріп келеді. Евразиянъщ Батыс нен Шығыстың қосатын үлкен жол торабына
айналатынын болжайды. Россия — Евразия Европа мен Азияның орталығына
айналды. Евразияда саяси, мәдени, экономикалық сепаратизмиің болу
мүмкіндігі жоққа жакын.
Бөлшектенген Европа мен Азия бір - бірінен оқшауланған
қауымдастықтарға бейім. Онда тар кеңістікте шаруашылық құрылымы мен
мәдениеті жағынан әр түрлі қалалар мен провинциялардан ұсақ мемлекеттер
пайда болуына алғышарттар жасалды. Ал Евразиядағы жағдай өзгегяе. Шексіз
жазықта ой әріс те кең, гоесаяси амал - әрекеттер де қарқынды.
Қоныс тепкен мекенін үздіксіз ауыстырып, адам даладан орманға, орманнан су
бойына, өзен мен көлдерді қалап үнемі қөз шығыста болады. Этникалық және
мәдени топтар сондықтан бірімен ұдайы ықпалдастықта, тоғысуда, араласуда.
Европа мен Азияда әр ұлт өмірді өз мүддесі тұрғысынан қабылдайды. Евразияда
мұңдай қимылдар болса да қысқа мерзімде ғана. Евразияның солтүстігінде
жүздеген мың шаршы километр орман, егіншілікке жарамды жер жоқтың қасы. Бұл
кеңістікті мекендейтін этностар оңтүстік ұлыстарымен байланыссыз өмір сүре
алмайды. Ал Оңтүстік Евразияда соңдай - ақ тек мал шаруашалығына, аздап
егішпілікке бейімді кең дала, бірақ жүздеген мың шаршы километрде ағаш
сирек кездеседі. Сондықтан бұл аймактар бір - бірімен шаруашылық
байланыссыз өмір сүре алмайды. Сөйтіп, Евразияның табиғаты адамдарды бір -
бірімен саяси, мәдени, экономикалық күштерін біріктіруге ынталандырады.
Евразиялық далалар мен шөлдерде Венгрия мен Маньчжурияға дейін кеңістікті
бірыңғай көшеді тұрмыстық орнығуы тегін емес. Евразиялық кең далада
скифтер, ғұндар, монголдар тағы басқалардың біріктіруге ұмтылыстары да
текке емес. Бұл талаптарды далалықтар да, ормандықтар да, таулықтар да
қолдаған. Славяндардан бастап әртүрлі нәсілді туягус, маньчжурияларға дейін
аралыкта Евразия "халықтарының бауырластық" рухын өсуі тегін емес. Евразия
тарихи осыны дәлелдейді.
Россия да осы дәстүрді жалғастырып келеді және Россия - Евразия
халықтарының жетекші орталығы болып есептеледі. АҚШ барлық айналасына
қандай ықнал жасаса, Евразия - Россия соңдай үлгі көрсетеді.
Тарихқа Евразиялық көзқарас түрінде қарағанда орталык - азиялықтар,
кавказдықтар, басқа да Евразиялық кеңістіктегі халықтардың Ресей империясы
— 2 мыңнан астам тарихы бар қозғалыстың, ұмтылыстың жемісі. Абылқайыр
ханның заманы, оның Ресей бодандығына кіруі — сол идеяның бір көрінісі.
Бүгінгі ресей тарихнамасындағы басты идеялардың бірі осы.
Бірақ 20 - шы жылдардан евразиялық идея төңірегіндегі пікір - талас, оның
жақтаушыларының да, қарсыластарыньщ да барлығын көрсетті. Қарсыластары
евразиялық идеяның астарында орыстың ұлттық идеясының мәртебесін көтеру
оның шовинистік ниеті мен қауіпті пиғылы баса көңіл бөлді. Оны қоддаушылар
евразиялық идеяның болашағына сенсе, оның қарсыластары бұл идеяның
имнериядық менменшілдігін баса айтып, үлкен көрегендікпен 20 - шы жыддарда
Кеңес Одағының ыдырайтыңдығын болжады. Орыс тарихшыларының арасында да
евразиялық идеяның ашумен кек алудан туғандығын, бірінші дүниежүзілік,
азамат соғысынан кейін, орыстар арасында ұлтшыддық пен басқа да ұлттарға
деген агну - араздықтың күшейгендігін, орыс мәртебесін өрге сүйреудің
жолдары іздестірілді. Ұлы державалық идеяны жаңа заманға сай жаңғырту үшін
евразия идеясы өмірге келді. Оның Ресейден зорлықпен куылған орыс
интеллигенциясынын арасында пайда болуы да тегін емес. Евразиялық идеяға
үлкен сақтықпен қарауға оның авторларының империялық пиғылдан арыла
алмағандығы, евразиялық федерацияның жетекші күші орыстар, үстемдік
жасайтын жарылқауын мәдениет — орыс мәдениеті деген тұжырымдар да себеп
болды. Бұл идеяны Д.М.Андиевский, ұлты украиндық, қатты сынады. Бұл орыс
ұлтынын санасын одан әрі уландырушы идея делінді. Түрік Васан - Гирей
Жабағы да соған жақын пікірлер айтты. Ол былай деді: "Тюркско - татарский
мир сожительствует с Россией исключительно и единственно благодаря нашему.
Было бы неправдой утверждать, что азиатские народы, в том числе и кавказцы,
не стремяться как можно скорсе эмансшшроваться от влияния русской культуры
и государствеиности, чтобы таким путем укрепить свою собственную
политическую и кулътурную независимость ... Поэтому в борьбе за
освобождение из - под русского ярма народы, подчиненные Советскому Союзу,
ожидают от Запада не только симпатии, но и помощи действием".1 Реті
келгенде айта кетейік, ТМД елдершің сөзден іске көше алмай, тіпті славян
еддерінің евразиялық идеяға қосылмауының өзі аузы күйген үрей ішінің амалы
болу керек. Біздің Президентіміз Н. О. Назарбаевтың интеграция идеясын
бұрынғы кеңес республикадарының қолдамауы әлі де сақтық жасау тарихи
тәжірибеден сабақ алуға ұмтылыс деп бағалаған дұрыс. Бұл жерде ұлтшыддық
деген айыптан аулақ болған жөн.
Қайшылыққа толы Евразия идеясы тұрғысынан Абылқайыр заманына үңілсең,
мьшадай ой - пікірлер туады. Қазакстан мен Ресей арасыдда біздің
заманымызға дейш де шекара болған жоқ, соңдықтан да жанжақты қарым
-қатынастар дамыды. Бірақ ол қарым - қатынастар күшке негізделген
мойыңдауымыз керек. Русь әлсіз, бытыраңқы кезіңде, біздің бабаларымыз,
түрік, қыпшақтардың табанының астында бодды. Күш жинаған Русь кейінірек
оларды таптап тастап, шекарасын Каспийден Тянь - Шаньға дейін кеңейтті.
Абылқайырдың Ресей бодандығына кіруі торыкқанның, қажығанның өрекеті ме
әлде екі жақтың ізгі ықыласынан туған қадам ба?
Абылқайыр хан екі пәленің кішісін таңдап, елін аман альш қалудың қамымен
Ресеймен жақын қарым - қатынасқа барды ма, әдде кейбір авторлар айтқандай,
қара басының қамын ойлап, жеке мүддесі үшін тіпті елін құрбан етті ме? Бұл
сұрақтардың жауабы жеңіл емес. Бұл қарама - қайшы ойлар Абылқайыр ханды да
кезінде толғандырса керек. Жалпы дөрекі, бір жақты ойлайтын адамдар үшін
тарихта қайшылық жоқ. Ал өмір көп қырлы қайшылыққа толы. Біріншіден, түс-
түстан шапқан жаулар (жоңғарлар, башқұрттар, қоқандықтар, таш басқалар)
қазақ елін әлсіреді.
Екіншіден, шапқыншыларға тойтарыс беретін казақ елінде бірліктің
болмауы, қазақ руларының басының бірікпеуі. Мұндай жағдайда қарапайым
ақылдың, елді аман алып қалудың камы Ресейге сүйенуге итермеледі. Бір
діндегі Түріктер кашықта. Қытай — мүлде жат ел. Англияға бодан болуға Ресей
қарсы, оған жібермейді. Ресейдің діні бөлек болғанмен, ол кезде шоқындыру
саясатынын етек алмаған кезі. Қазақ еліне келуші татарлар — мұсылман дінін
уағыздаушылар — басқа да дін өкілдеріне қысым жоқтығын дәлелдеген.
Үшіншіден, Абылқайыр хан тұсындағы Ресеймен Қазақ даласы қарым
-қатынасын кең ауқымды тарихи контексте карастырған жөн. ХҮШ - ХХ
ғасырларда Россияға бодандықка қырғыз, түрікпен, өзбек, грузин, армян және
де басқа халықтардың кіргенін ескерсек, қалыптасқан жағдайдьщ өзі
қазақтарды да бодандыққа итермелегенін көрсетеді. Қазақтардың және басқа
халықтардың Ресейге өз еркімен қосуды деуі осы тарихи мәжбүрліктен туып
отыр. Ол мәжбүрлік Ресей империясының өз территориясын кеңейту саясатына
сай келді. Бір сөзбен айтқанда, Абылқайыр хан заманында Ресейдің империялық
саясаты мен қазақ елінің ішкі жағдайы бодғандықтан басқа жол қалдырмады.
Төртішніден, өзінен күшті Ресейге тәуелді бола тұрып, Абылқайыр хан әз
билігін нығайтуға тырысқандығын да, тарихи деректер көрсеткендей, жасыруға
болмайды.
Сонымен, Қазақстанның отаршылдық құлдықтан аман қалуы мүмкін деген
пікір негізсіз. Көриіі хадықтардьщ барлығы отаршылдықтың объектісі бола
бастаған тұста, Қазақстанньщ "иесіз" қалуы мүмкін емес еді. Отаршылдық
қазақтар үшін құтыла алмас тағдыр бодды. Абылқайыр хан осы тарихи тағдырдың
ауыртпалығын жеңілдетемін деген қолбасшы, мемлекет қайраткері. Ресей
империясы да қол астына кіргеңдердің барлық талаптарын қанағаттандыруға
уәде берді. Кешікпей жаңа биліктің жана құлдық екендігі белгілі болды. Оны
ең бірінші Абылқайыр ханның өзі түсінді. Сол отаршылдық саясаттың өзі де
құрбаны болды.

II. Тарау. Әбілхайыр хан қолбасшы

XVIII ғасырдың аяғына дейін қазақ елінің тарихы, соның ішінде әз
Тәуке, Әбілқайыр замандары, жазба ғылыми әдеби деректер жоқтың қасы, ал XIX
ғасырдың аяғына дейін некен - саяқ қана болды. Бұның өзі Орыс, Батыс Европа
елдерінің сапаргерлері мен алғашқы шьғыстанушылардың жазбалары еді. XVIII
ғасырдың алғашқы үш он жылдығындағы өте шиеленісті, қазақ халқы мен оның
мемлекетгілігшің басына қасіретті қауіп, XVI ғасырда өмір сүрген ғұлама
ғалым жерлесіміз Захиратдин Бабырдъң "Қараңғы көр түнек, болмаса шұғылалы
жарық күн", немесе батысевропалық ұлы Шекспирдің "Болама, әлде болмай ма?"
деген екі айрық тандаудың түскен шағы болатын.
1. Бізше, Әбілкайыр заманындағы қазақ елінің саяси - қоғамдық жағдайын
зерттеушілердің алдында күрделі концептуальды мәселелерін ұйғарымдық
әдістемесінің тияңақты нығарланбауынан өре жетпес қиындық қабырғасы
салынған сықылды. Сондықтан да Қазақ елінің Ресейге қосылу мәселесін
үйрімдеу түбегейлі түрде шешілмеді. Әрине, бұнда, кезіндегі идеологиялық
сарындардын да ықпал еткенін еске алмасқа болмайды. Ресейдің отарлық
аймақтарының Империяға кіріптарлық ауқымында қосылуьш "түбірімен зиян",
"азырақ зиян" деген байламдарға келді1. Осы бір "Росцентристік" ағым
лебімен отарлық аймақтар "Ресей құрамына енді", сосын "Ресей құрамына өз
еркімен қосылды", "Ресей оларды жаулап алды" деген түйіндер жасалынды.
Еңдігі сәтте отарлык аймақтардың Ресейге қосылуғыш әуелі "прогрессивті",
одан әрі "абсолютті прогрессивті", немесе Ресейдің отарлық саясатының бәрі
де прогрессивті деген теориялық пікірлер қалыптасты. Бұлардың бәрі Ресейдің
отарлық жүйесі Батыс Еуропалық тарлық жүйе модулына сәйкес келмейтін,
өзіндік тіні бар шапағатты жүйе еді дегенге саятшылдығын көрсеті. Соньщ
ішінде Қазақ елшісі де Ресейге қосылуы жайлы теориялык негізінің эволюциясы
осылай еді. Бұл баршамызға мәлім Ф.Энгелъстің Ресей шығыс халыктары үшін
орасан зор шапағат нұрын септі2 деген пікірінен туындаған еді. Әбілқайыр
ханға деген қатынас та осы өрбуге бейімделіп, ол туралы баға - танымдары да
әлгілерге сай өзгеріп отырды.
XX ғасырдың басына дейінгі Әбілқайыр хан және оның заманы жайлы жүйелі
жазылған тарихнамалық еңбек авторлары П.И.Рычков, Л.И.Левшин, Л.Мейер,
И.Крафт, А.Добросмыслов3 тағы басқалары болатын. Мәселен, Әбілқайыр ханның
көзін көріп онымен әлденеше рет қауышқан, П.И.Рычков өзінің "История
Оренбургская" (1730 - 1750) деген еңбегінде Әбілқайырды өресі биік, ақылды
хан деп баға берді. Алайда ол Әбілқайыр ханның өзімшіл, тік мінез,
бірбетінен қайтпайтын қыңыр екендігін де атап өтті. Әлгі автор 1734
жылдан, әуелі Кириллов бастаған Орынбор экспедияциясымен, бухгалтер
сапасыңда келіп, Орынбордағы В.Н.Татищев, И.И.Неплюев сықылды генерал -
губернаторлармен бірге істесті, түрлі ғылыми еңбектері үшін Ресей Ғылым
Академиясының корреспондент - мүшесі болып сайланды. Рычков Әбілқайыр
ханмен жауыққан Неплюев ырқын білген және соның лебімен түйін жасағандығы
ыктимал. Соның және орыс чиновниктерінің қалдырған "солақай" жазбаларының
бағытыңда біз өз ханымыз Әбілқайырды "Жеке бастың құлы" "мен - мен,
еркеуде", "екі жүзді", тағы да басқа терістік сипаттамалар беріп, оның
болмысымызға саясаттық бояулар жағудамыз. Ал кейінгі, патшалық Ресей
заманындағы қаламгерлер, сол бір Әбілқайыр ханньң тарихнамасна негіз болған
А. И.Левпшн, Л.Мейер, А.Добросмыслов, И.Крафт тағы да басқалары қайталап
отырды. Ал оларды біздің заманымыздың зерттеушілері де қайталауда. Осы
арада И.Кирилловтың "Аты жиі аталатын Әбілқайыр хан қырғыз - қайсақ
хандарының ең атақтысы және ақылдысы..."4 деп баға бергендігін есте ұстаған
да жөн болар.
2. Әбілқайыр хан тарихнамасындағы Кіші жүздің жөне Орта жүздің
бірсыпырасының Ресей құрамына енуі жайлы мәселе кеп бағдарлары айқын болса
да, әлі де терең зерттеуді қажет ететін күрделі де, даулы да мәселе. Бұл
туралы әсіресе Егеменді Ел болғалы бері пікір сайыстар лаулай түсті. Қазақ
халқының өміріндегі осы бір бетбұрыс жеке бір адамның тәлкегі ме? Әлде
бүған итермелеген саяси жағдай бар ма? Біздіңше бар секілді. Тарихнамалар
еректерге негізделсек, қазақ халқының үш жұлдызының бірі Шоқан Шыңғысұлы
Уәлитегі: "XVIII ғасырдың алғашкы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі аса
ауыр қасіретті кезең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмактары, Жайық қазақтары мен
башқұрттар жан - жақтан оның ұлыстарын талқандап малдарын айдап кетті,
көптеген қазақтарды жанұяларымен қоса қолға түсіріп, кіріптарлыққа салды.
Үскірік қыс, қалың мұздақ және аштық қиыншылық одан әрі шиеленістіре
түсті"5 - деп көрсетті. Ресейдің Қазақстанға деген араны ашыла түсті. Петр
I XVIII ғасыр басында -ақ "көптен белгілі, бірақ әлі де сыр - сипаты мәлім
емес қырғыз - қайсақтар елін миллиондаған қаржы кетсе де өз протекциямызға
алуымыз керек" - деген еді. Ал Ресейдің вицеканцлері А.И.Остерман Ресей
патшасы Анна Иоановнаға "Қытай, Индия, Жоңғария мәселелерін қырғыз -
қайсақ мәселесінен бөліп қарауға болмайды" - деп кеңес берді. Патша
сарайындағы ірі мемлекет қайраткері, обергофмейстер, граф П.М.Бестужев -
Рюмин: "Сарқылмас байлық кезін Европа Американы мұхит асьш барып ашып
жатса, Ресей өз іргесінен ашады. Бұл әрі арзан, әрі күшті де қажет етпейді"
- деп түйіндеді. Ал патша сарайының обер - камергері К.Г.Бирон (1684-1782)
"Қапы қалмай тұрғанда қимылдауымыз керек. Қырғыз - қайсақ елі Ресей үшін
байлықтың қайнар бұлағы" - деп қорытындылады. Ал жоғарыда айтқан Кириллов:
Ресей үшін Сібір - Камчатка экспедициясы мен қырғыз - қайсақ экспедициясы
теңдесі жоқ байлық қорьн ашады6 — деп тамсандырды. Оның үстіне жоңғар
шапқыншылығы, Орта Азия хандықтарының Қазақ еліне деген қолайсыз
қатынастары, оның қамқоршы болар күшті мемлекет іздеуіне алып келді. Ол
Ресей болды. Сайып келгенде, делебесі қозьш тұрған Ресейге қазақ хандығының
"тілегі" кышып тұрған жеріне тигендей болды. Ресей Орта Азияны қалай жаулап
алса Қазақстанды да солай жаулап алар еді. Осыған негізделе отырьп, Тұрсын
Жұртбаевтьң "1731 жылға дейін... Ресей империясына қазақ даласы туралы
түпкілікті отарлау саясаты белгіленбеген, Әбілқайыр қазақ ұлтын сағы" -
деген пікірі7, Қалыбек Данияровті "Қазақ мемлекетінің тарихы туралы" деген
мақаласындағы "...Әбілқайырдың өз халқы мен мемлекетінің мүддесін аяққа
басушы, сатқын ретіңде қаралуы тиіс..."8 деген ұйғарымы шындыққа және
ғылыми деректерге негізделмеген, даурықпа сезім серплісі деп қарағаны жөн.
Осы жайлы ұлы тарихшымыз Ермұхан Бекмахановқа жүгінелік. Ол "XIX ғасырдъщ
20 - 40 жылдарындағы Қазақстан" деген еңбегінде "Кіші жүз қазақтары өзінің
аса көреген ханы Әбілқайырдың бастауымен 1730 жылы Ресей қол астына еңді.
Бұл сол кездегі сыртқы және ішкі жағдайлардың шиеленісуін, XVIII ғасырдың
30 - 40 жылдарындағы басқыншылардың төндірген каупінің күшеюі Әбілқайыр
ханның құдіретті көршісі Ресей құрамына енуге, олардың империямен
экономикалық және сауда қатынастары да итермеледі"9 - деп байлам жасаған
екен. Ал егемен Қазақстан кезіндегі аса көрнекті тарихшымыз, ақадемик
Қозыбаев Манаш Қабашұлы бұл жайлы өз ойын: "Осы мәселелерге байланысты
Әбілқайыр ханның тактикасы және қаралауы керек. Сөз жоқ, ол болса ұлы
қолбасшы, стратег, Отан соғысын ұйымдастырушы, талантты дипломат. Сөз жоқ,
Әбілқайыр Ресейден бодандықты сұраған кезде халықтың ұзак соғыстан
шаршағанын, қансыраған экономиканы еске алды. Ру - тайпалар арасындағы
даудамайды, таққа таласқан төре тұқымдарын кез алдына әкелді. Патшалық
Ресейдің жасаған экономикалық блокадасы, орыс қамалдары, қазак станицалары,
жоңғар және Еділ қалмактары, Орта Азия хандықтары, Цин империясы -
осының бәрі таразыға салынды. Біздің пайымдауымызша, 1903 жылы
Әлихан Бекейхановтың "қазақтарды жау жағадан алып, бөрі етектен тартып,
орыс билігін мойындауға мәжбүр етті" деген түйіні көкейге қонады. Шын
мәнінде, бұл пікір біздің көп жылдардан бері шеше алмай келе жатқан
Ресейдің құрамына кіру проблемасын бір ізге салуға көмектесуі сөзсіз"10 —
деп, меніңше, шындық тұрғыдан дұрыс төрелік жасаған сықылды. Тарихнамалық
деректерді саралағанда Қазақстанның"Ресейлік бағыты" бір кұңдік, я бір
жылдық емес, оның өзінің тамыры тереңде жатқаңдығын аңғарамыз. Біздің
ойымызша бұны үш кезеңге бөлуге болады, Бірінші кезең* Қазақ хандығының
Ресей елімен байланысқа түсуі XVI ғасырдың аяғыңда, Тәуекел ханның (1582-
1598) кезінен басталады. Бұған итермелеген жағдай Қазақ хандығының
оңтүстігіңдегі өз заманыңда ен күшті көрші болған Абдолла хан бастаған
Бұқар хандығы, жағынан, Солтүстіктегі Көшім хан бастаған Сібір хандығының
екі бүйірден сығымдауы болатын. Тәуекел хан өз елшісі арқылы Ресейден "от
ауызды құралдар беру" және Орыс патшалығынъң қазақ хандығына қамкоршы
болуын сұраған. Сонымен қатар, Қазақ елінің Ресей қоластьна енетіндігіне де
жайлы сөз қозғаған. Осыған берген жауабында Орыс патшасы Борис Федорович
Тәуекел ханға: "А Вы, будучи под нашею царскою рукою и по нашему царскому
повелению, будете воевати Бухарского царя и изменника нашего Кучюма царя
Сибирского..."11 — деп көрсетілген. Екінші кезең, Бұл Тәуке хан кезіндегі
саяси жағдайдан туындаған Қазақ - Ресей арасыңдағы карым - қатынас. Бұл
Қазақ хандығының шығыстағы Жоңғар хаңдығының елімізге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқайыр хандығының күшеюі және әлсіреуі
Қазақ тарихында әбілқайырдың алатын орны мен ролі
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қазақ хандығының құрылуы: қазақ хандары Жәнібек және Керей
VI-XII Көшпенділер мәдениеті
Қазақ хандығының құрылуы туралы
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Ресейдің Кіші жүзді құрамына қосып алуы. Әбілқайыр қолбасшы, билеуші, саясаткер
Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі
Пәндер