Міржақып Дулатұлының өмір жолы



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3.4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. 1. Міржақып Дулатұлының өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.8
II. 2. Міржақып Дулатұлы байсалды ақын және саяси күрескер ... ... ... ... 8.14
ІІ. 3. Міржақып Дулатұлы ағартушы . демократ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14.19
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Ү. ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22.25
Тақырыптың өзектілігі: XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі аласапыран тұсында қазақтың бір тұтас тұғаларының саяси белсенділік танытқаны белгілі. Солардың қатарынан ұлтның рухани көсеміне айналған ақын, жазушы, мемлекет қайраткері - Міржақып Дулатовтың алатын орны ерекше.
Осы уақытқа дейін қайраткердің негізгі туындылары бір жүйеге түсіріліп, оның қоғамдық – саяси қызметіне арнайы ғылыми талдау жасалды деуге болады. Нәтижесінде М. Дулатов мемлекеттік жүйелердің қайсысында (патшалық алаштық және кеңестік) қызмет жасаса да, ең алдымен, жалпыұлттық мәселелерді көтеріп, оларды туған елінің мүддесі тұрғысынан шешуге ұмтылғандығы дәлелденді.
Өрелі ой мен ершіл талап өз бойынан сәтті ұштастық тапқан жайсаң жас алыс қияндарды аңсаған алғыр қырандай өмірден кең еріс іздеді, үлкен мақсаттар мен асыл мұраттар жолында құлаш сермейтін даңғылға қарай асықты.
Алашорда орталығы Семейге көшіп, іске кіріскеннен кейін (маусым, 1918 жылы, оның шығарған заңдарын орындау мақсатында М. Дулатов үкімет тарапынан Өскемен үезіне жіберіледі. Мемлекет басында большевиктер келген соң Алаш орда өкіметі кезек күттірмес, зор мәселелерді (ұлт қазынасын жинау, қазақ әскерін жинақтау т. б.) қолға алады. Осындай өзекті мәселелерді халық талқысынан өткізіп. Ортақ тұжырымға келу қажеттілігі түрлі деңгейдегі (облыстық, үйездік, облыстық және жалпықазақтық) қазақ съездерін өмірге алып келген болатын. Сондай басқосулардың бірі - Өскемен үйезі, Қалба болысында өткенді. Мұнда көтерілген мәселелер бойынша қабылданған қаулылар хатқа толық көрсетілген. Алашорда өкіметінің заңдары жергілікті жерлерде қалай орындалып жатқанын осы қаулы – қарарлардан байқауға болады. Халыққа дұрыс бағыт – бағдар беруде М. Дулатовтың сіңірген еңбегі зор. Бұл қызметінде де ол азаматтық іс - әрекетімен көзге түседі.
1. Дулатұлы М. Шығармалры. 1 – т. Алматы, 1996; 2 – т. Алматы 1997
2. «Қазақ» газеті. Алматы, 1998 – 560 б.
3. Ахметов З. Жаңа идеялар жаршысы/ Дулатұлы М. Шығармалары. 2 – т. Алматы, 1996. 3 б .
4. Әбсемет М.Ақын өмірбаяны /Дулатұлы М. Шығармалары.
2 –т. Алматы, 1996. 30 б .
5. Иманбаева С. М. Дулатов Ақпан ревоюциясы тұсында//
2001.№ 1. 122 – 127 бб.
6. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995 ж
7. Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. Алматы , 1995 ж
8. Дулатова Г. Ардақтап өтем әкемді // Жұлдыз, 1990, №6
9. Бөкейханов Ә. Шығармалары. Алматы, 1994. 263 б.
10. Өмірзақ Озғынбай «Ресей мемлекеттік думасы және қазақстан» 1905 – 1917 жыл. Алматы 2006 жыл.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 3-4

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. 1. Міржақып Дулатұлының өмір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5-8
II. 2. Міржақып Дулатұлы байсалды ақын және саяси күрескер ... ... ... ... 8-
14
ІІ. 3. Міржақып Дулатұлы ағартушы –
демократ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14-19

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 20

ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21

Ү. ҚОСЫМШАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 22-25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі аласапыран
тұсында қазақтың бір тұтас тұғаларының саяси белсенділік танытқаны белгілі.
Солардың қатарынан ұлтның рухани көсеміне айналған ақын, жазушы, мемлекет
қайраткері - Міржақып Дулатовтың алатын орны ерекше.
Осы уақытқа дейін қайраткердің негізгі туындылары бір жүйеге
түсіріліп, оның қоғамдық – саяси қызметіне арнайы ғылыми талдау жасалды
деуге болады. Нәтижесінде М. Дулатов мемлекеттік жүйелердің қайсысында
(патшалық алаштық және кеңестік) қызмет жасаса да, ең алдымен, жалпыұлттық
мәселелерді көтеріп, оларды туған елінің мүддесі тұрғысынан шешуге
ұмтылғандығы дәлелденді.
Өрелі ой мен ершіл талап өз бойынан сәтті ұштастық тапқан жайсаң жас
алыс қияндарды аңсаған алғыр қырандай өмірден кең еріс іздеді, үлкен
мақсаттар мен асыл мұраттар жолында құлаш сермейтін даңғылға қарай асықты.
Алашорда орталығы Семейге көшіп, іске кіріскеннен кейін (маусым, 1918
жылы, оның шығарған заңдарын орындау мақсатында М. Дулатов үкімет тарапынан
Өскемен үезіне жіберіледі. Мемлекет басында большевиктер келген соң Алаш
орда өкіметі кезек күттірмес, зор мәселелерді (ұлт қазынасын жинау, қазақ
әскерін жинақтау т. б.) қолға алады. Осындай өзекті мәселелерді халық
талқысынан өткізіп. Ортақ тұжырымға келу қажеттілігі түрлі деңгейдегі
(облыстық, үйездік, облыстық және жалпықазақтық) қазақ съездерін өмірге
алып келген болатын. Сондай басқосулардың бірі - Өскемен үйезі, Қалба
болысында өткенді. Мұнда көтерілген мәселелер бойынша қабылданған қаулылар
хатқа толық көрсетілген. Алашорда өкіметінің заңдары жергілікті жерлерде
қалай орындалып жатқанын осы қаулы – қарарлардан байқауға болады. Халыққа
дұрыс бағыт – бағдар беруде М. Дулатовтың сіңірген еңбегі зор. Бұл
қызметінде де ол азаматтық іс - әрекетімен көзге түседі.
Келелі істерге газеттің бас редакторы Байтұрсыновпен бірге казіргі
ұғым бойынша оның орынбасары, редакцияның жауапты хатшысы сияқты
міндеттерді қоса атқарған сенімді серігі Дулатұлы косқан үлес те ұшан -
теңіз болған.
Мәселенің тарихнамасы: Міржақып Дулатұлының шығармашылық мұрасы
жөніндегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті комиссиясының
қорытындысында келтірілген: 1905 жылгы революциялық оқиғалар тұсында ол
Қарқаралыда шеруге қатысқандар катарында болды деген мағлұматты да біз осы
түрғыдан түсінеміз.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері: Бұл курстық жұмысты жазу
барысында алдыма мынадай мақсаттар қойыдым:
➢ М.Дулатұлының өмір жолын баяндау;
➢ М.Дулатұлының саяси күрескер ретіндегі бейнесін сомдау;
➢ Қазақ халқының тұрмысын М.Дулатұлының атқарған қызметтері арқылы
көрсету;
➢ Мұрағаттық және тарихнамалық еңбектерге сүйене отырып нақты
тұжырымды беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

ІІ. 1. МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ.

Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай
уйезіне қарасты Сарықопа болысында (қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин
ауданы, Қызбел ауылы) туған. Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған, өз
дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар, тауфихты адам болса
керек. Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, сонан соң орысша
оқытып, заң кызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол
ізбен алғашында ауыл молдасына береді.
Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен - Ж. Ы .) өз
айтуынша, екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін, әкесі
оны молдадан шығарып алып, ауылдық мектепте орысша оқытатын Мұқан
Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді.
Менің алғаш білімге кезімді ашқан сол кісі еді, - дейтін Жақаңның
тағы бір сөзі оның өнер - білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті
ізденістерінің бастауы дөл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса
керек.
Міне, осы тұста тебіреністі сезіммен еске алып, арнайы айтар бір жайт
- өзі халықтың шын жанашыр қамқоры болып туғандықтан, өте алыс болашақтарды
ойлап, жанкештілікпен атқарған зор қызметінің арқасында, мәңгілік маңызы
бар іс тындырған, сөйтіп, жаңағы Торғай топырағының құнарына әуелі білім
нәрін сеуіп кеткен Ыбырай атамыздың, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің
мектебі бұл кезде іргесін әжептәуір бекітіп, еңсесін көтеріп, айналаға игі
ықпалын тигізіп тұр еді.
Демек, жаңағы Мұқан мұғалім де, одан кейінгі Ахмет (Байтұрсынов - Ж.
Ы.), Асқарлар да 1880 жылдары шаңырақ көтерген сол Ыбырай мектебінің, егер
ресми атымен атасақ, Торғай қаласындағы үйездік орыс - қазақ училищесінің
түлектері еді. Сол сиқырлы дүниенің есігі енді ағаларының ізін басып келген
шәкірт бала Міржақыптың алдынан ашылып еді.
Сөйтіп, екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жас
өспірімнің бұдан былайғы тәлім – тәрбиесі Асқар ағасының мойнында қалады.
1897 жылы ол Торғай қ аласындағы жаңағы екі кластық орыс - қазақ мектебіне
түседі де, бес жыл оқып, 1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп шығады. Содан алты
- жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.
Әлі шәкірт жасындағы ұстаз жігіттің кейінгі өмірінде кеңінен өріс
алған белсенді әлеуметтік, саяси, шығармашылық кызметі, міне, осы кездерден
басталады. Міржақып туралы сөз козғағанда біздің де жітірек ойланып, оның
өмір жолына үңіле қарайтын тұсымыз осы.
Бұл қай кез еді? Уақыт жағынан алсақ, талай халықтардың үстінен небір
сұрапыл дауылдарды соқтырып кеткен XX ғасырдың басы. Ал қазақ қауымының хал
- жағдайына орайластыра ой жіберсек, бұл кезең дархан дала халқының да
рухани жағынан серпіле бастаған шағы болатын.
Әлеуметтік - саяси жағынан алғанда, бұл кезең патшалықтың қазақ
даласында отаршылдықты күрт күшейтіп, шаруашылық жағдайы онсыз да оңала
алмай келген бодан елге тізесін батыра түскен жылдар еді. Өткен ғасырдың
аяқ кезіндегі атышулы Столыпин заңынан кейін қауымнан босатылған орыс
шаруалары жаппай қазақ өлкесіне көшіріліп, патша әкімшілігінің зорлығымен
жергілікті халықтың қатысуы мол, ең шұрайлы жерлері жаңа қоныстанушыларға
тартып әперілген.
Бұл жағдай сол кезде көздері ашылып, ұлттық сана - сезімдері оянып,
туған халқының қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау
салды. Олар адамзаттың тарихи көшінен қағаберіс қалып, марғау жатқан елдің
тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Сол қапастан құтылудың ең
бірінші қамы - ілгергі елдердің қатарына қосылып, өнер - білімге тартылу
деп білген олар өздерінен бұрын өткен ағартушы ағаларының дәстүрін
жалғастырып, қалың бұқара арасында осы бағытта насихат жұмысын өрістетті.

Алғашында осындай таза ағартушылық сарында туындап, кейін саяси сипат
ала бастаған бұл қозғалыс ғасырдың бас кезінде патшалықтың саяси дағдарысқа
ұшырауы, елдің әр түрлі ұлттык аймақтарында, әсіресе біздің түркі тілдес
ағайындардың арасында ұлт - азаттық, либералдық -демократиялық сарындағы
сана - сезімнің ояна бастауы жағдайында анық әлеуметтік құбылыс дәрежесінде
бой көрсете бастаған.
Міне, осындай тарихи ахуалда ел ішінде жас ұрпақты білім нәрімен
сусындатып жүрген Міржақып сияқты көңілі сергек, көкірегі ояу жас мүғалім
халықтың тағдырына байланысты саяси - әлеуметтік мәселелерден оқшауланып,
самарқау қала алмағаны, әрине, заңды еді.
Қалың қазақы ортадан шығып, айналасы төрт - бес жылдың ішінде үйездік
мектептен дүниелік пәндердің негізі бойынша жалпылама ғана мағлұмат алып
шыққан жас жігіттің болашақта үлкен білімдар болып шығуы үшін және заманның
аяқ алысын аңғарып, соған қарай қарекет жасайтын қайраткер болып қалыптасуы
үшін, өзгені былай қойғанда, мынадай екі қасиет қажет сияқты болып
көрінеді.
Біріншісі - мектептен алған білімдік - танымдық мағлұматтарды
өздігінен оқу арқылы жүйеге келтіріп, жетілдіру және екіншісі — сол
білгенін ел өмірімен салыстырып, оның тілек - талабына бағындыра білу,
соған орайластыра іс -қимыл жасауға бейімделу.
Жасы жиырмаға толмаған балаң жігіттің бойында осы екі қасиеттің екеуі
де бар еді. Оның үстіне, іздену үстінде түйгенін де, күн сайын кезі кере
жүріп, өзгеге айтқысы келген өсерін де жұрт көңіліне қонымды өлең
шумақтарымен жеткізе алатын, табиғаттың бағалы сыйындай ақындық дарын да
жігіт бойынан белгі бере бастап еді.
Қысқасы, өрелі ой мен ершіл талап өз бойынан сәтті ұштастық тапқан
жайсаң жас алыс қияндарды аңсаған алғыр қырандай өмірден кең өріс іздеді,
үлкен мақсаттар мен асыл мұраттар жолында құлаш сермейтін даңғылға қарай
асықты.
Ол кезде Міржақып осынау тың сонарда алдынан із салып кеткен Ахмет
ағасының есімін де еміс - еміс естіп жүретін. Өйткені жақсының аты әрбір
қыр асқан сайын өсіп, зорайып отыратын. Қазақ даласында осы өңірдің өз
түлегі, кешегі Байтұрсынның ұрпағы Ахметтің сонау Қостанай, Қарқаралы жақты
дүбірлеткен атақ - даңқы Торғай табанында да жаңғырығып жатпауы мүмкін емес
еді.
Ынтық көңілге соны нысана етті ме, eлде өмірдің қайнаған ортасын
аңсады ма, қалай болғанда да, Міржақып 1904 жылы алыс та ұзақ сапарға
аттанып, сол кезде Арқадағы қазақ оқығандарының бас қосатын бір орталығы -
Омбы қаласына қарай тартады.

II. 2. МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ БАЙСАЛДЫ АҚЫН
ЖӘНЕ САЯСИ КҮРЕСКЕР.

Ресейдегі буржуазиялық - демократиялык алғашқы революцияның қарсаңында
ел іші дүрлігіп, қоғамдық қозғалыс казандай қайнап, бұрқырап тұрған шақ
болатын.
Соның дүмпуімен қазақ даласында да жұртшылық пікірі ел тағдырына
байланысты ірі - ірі әлеуметтік мәселелер деңгейіне кетеріліп, жалпы
кепшіліктің санасына орныға бастаған.
Кемеңгер ұстаз бен зейінді шәкірттің бірін - бірі іштей ұғысуы ма,
әлде ұзак жорықтарда қол бастаған хас батыр мен қатерлі жолға бас байлаған
қаһарман ұланның семсер үстінде серттесуі ме, қалай болғанда да бұдан
былайғы бүкіл өмірлерін бір мақсаттың тәуекеліне тігіп, ақтық демдері
біткенше жұп жазбай өткен екі есіл ердің алғаш рет жүздесіп кездескен жері
- осы Омбы қаласы болып еді.
Олардың бір - бірімен табысу, түсінісу, сырласу сұхбаттарының қай
мазмұнда, кай бағытта өткенін анық білмесек те, нәтижесінің қандай болғанын
дәлелдейтін дерек – дәл сол жолы Міржакып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан
Қаркаралыға беттейді. Осында әуелі астыртын жұмыстан басталып, кейін жария
сипат алған революциялық жұмысқа белсене араласады.
Қарқаралыға алғаш келгенде үйездік мектептің мұғалімдігінен бастап, аз
жыл ішінде калалық училищенің жетекші ұстазына айналган Ахан бұл кезде
бүкіл қыр еліне әлеуметтік қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып
калған болатын.
Революциялық деген сөзді біз бұл жерде қателесіп немесе кездейсоқ
айтып отырганымыз жоқ. Міржақыптың Ахмет Байтұрсынов туралы жазған
өмірбаяндық очеркінен алып отырмыз.
XX ғасырдың бас кезінде Қарқаралыда тұрған Ахмет Байтұрсынов
революциялық қозғалыстарға қатысады: әуелгі кезде астыртын жұмыс істеп,
соңынан, 1905 жылгы 17 қазандағы манифест жарияланғаннан кейін, қазақ
бұқарасының көрнекті де белсенді басшыларының бірі болады.
Бұл - осы оқиғалардың қалың ортасында жүрген Міржақыптың сөзі. Енді
осы қозғалыстың мәнін ашып керсету үшін тағы сол А.Байтүрсынов турасында
1922 жылы жазылған М. Әуезовтің мақаласына жүгінейік.
1905 жылы Қарқаралыда Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік
үкіметке қазақ халкының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол
петициядагы аталған үлкен сөздер: бірінші - жер мәселесі. Қазақтың жерін
алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраган. Екінші - казақ жеріне
земство беруді сұраган. Үшінші - отаршылардың орыс қылмақ саясатынан құтылу
үшін ол күннің құралы барлык мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан,
казақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған.
Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған
қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған
іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер кеп шыққан, көпшіліктің оянуына
себепші болған.
Ендеше сол Ахаңдар деген ұғымньщ ішінде жалынды сөзімен, жастық
жігерімен жүртты елең еткізетін айтқыш жігіт Міржақып та жүргенін біз күні
бүгін көз алдымызға айқын елестете аламыз.
Міржақып Дулатұлының шығармашылық мұрасы жөніндегі Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті комиссиясының қорытындысында келтірілген:
1905 жылгы революциялық оқиғалар тұсында ол Қарқаралыда шеруге қатысқандар
катарында болды деген мағлұматты да біз осы түрғыдан түсінеміз.
Осындай кызу қимылмен көзге түскен жиырмадагы жас жігіт осы сапарында
қазак конституциялық - демократиялық партиясының Оралдагы съезіне катысады
да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.
Кеше ғана Торғай топырағынан аттанған ауыл мүғалімінің әлеуметтік -
саяси Көзқарасының қалыптасуында, ой - өрісінің кеңейіп, ішкі сенімдерінің
беки түсуінде бұл сапардың шешуші маңызы болғаны, әрине, түсінікті. Саяси
күрескерліктің алғашқы сабақтарын Омбы мен Қарқаралыда Ө.Бөкейханов пен
А.Байтұрсынов мектебінен алған Міржақып астанаға барғанда одан әрі
кеңейтіп, пысыктай түседі. Сол замандағы ұлттық, демократиялық қозғалыстың
басқа да бірсыпыра қайраткерлерімен жүздесіп, танысады. Өзін де танытып
қайтады.
1907 жылы Петербургте шыққан Серке газетінде Міржақыптың Жастарға
деген өлеңінің басылу сырында да осындай сабақтастық қисын бар еді. Ал осы
газеттің жарық көре алмай кеткен екінші санында Дулатұлы қаламынан туған
Біздің мақсатымыз атты бас мақала бар екен. Газеттің шыкпай жатып
тұншыктырылуына басты бір себеп те осы мақала болса керек.
Өйткені осыдан екі жыл кейін жарык көрген Оян, казақ! атты өлеңдер
жинагы төркіленіп, автор патшалықтың әкімшілігі тарапынан саяси куғынға
ұшыраган кезде, жандар қызметкерлерінің тағатын негізгі кінәсының өзі - сол
Петербургте тұткындалған газет мақаласының идеяларын әрі карай
уағыздағандығы деп керсетілген.
Демек, айтылмыш макаланы сол кездегі қазақ қауымында калыптасып келе
жатқан коғамдық ой - пікірдің, қазақ даласында анық бой көрсеткен
әлеуметтік козғалыстың көрінісі деп жоруға болатын еді. Патшалық
әкімшіліктің зәресі кетіп, үріккені де сондықтан болатын.
Міржакып Петербург сапарынан туған Торғайына белсенді кайраткер, саяси
күрескер ғана емес, сонымен бірге шабытты ақын да болып оралады.
Сонау мектептегі шәкірт кезінде өредік ойына оралып кететін ұйкасты
ырғақтарға оншама мөн бермей жүрсе де, одан берегіректе ауыл мұғалімі
болған кезінде сабақ арасындағы оймен қалған оңашалыкта сүйкей салган
шумақтарды болашағым осы болар - ау деп ойламаса да, мына сапардан кейін,
өз өлеңі тасқа басылып, газет бетінде шыққанын көргенде, ол өз бойындағы
дарын нышанына мүлде басқаша қарайтын болады. Енді ол бүтіндей шабытқа
беріледі. Ойына түйген жайларды, айналасындағы ел -жұртына айтар сөзін ол
дереу өлең жолдарына өріп, қағазға түсіре бастайды.
Сөйтіп, біріне - бірін жалғастыра, жеделдете жазып, әр түрлі
такырыптар теңірегінде ой толғаган тебіреністері бірер жылдың ішінде
әжептәуір жинак болып тізіледі. Болашақ кітабының арқалайтын әлеуметтік
жүгін айқын түсінген акын оны дереу Уфа қаласындагы Жарық баспасынан
Оян, қазақ! деген атпен 1909 жылы бастырып шығарады.
Дәл сол жылы қазақ халқының өз тілінде, оның болашақтағы бүкіл
интеллектуалдық қабілетінің жаршысындай, көркемдік ойлау мүмкіндіктерінің
алғашқы қарлығаштарындай болып үш бірдей өлең кітабының баспа жүзіңде жарык
көруі - біздің рухани, мәдени өміріміздің болашағы үшін тарихи окиға
болғанын осы тұста ерекше атап керсеткен жөн.
Олардың біріншісі - 1909 жылы Петербургтен Тұрағұл мен Кәкітай бастырып
шығарған Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы. Екіншісі - Крылов шығармаларынан
жедел аударып, тағы сол Петербургтен бастырып шығарған Ахмет Байтұрсыновтың
Қырық мысалы. Үшіншісі - өзіміз сөз кылып отырған Міржакып Дулатұлының
Оян, казағы.
Шөліркеген адамның таңдайын жібіткен бір жұтым сусынның қадірі кандай
болса, туған халкының рухани өміріндегі бұл үш жинақтың да маңызы дәл
сондай еді. Сондықтан, алдыңғы екеуі сияқты, Оян, қазақ! та колдан
-қолға, ауыздан - ауызға тарап, аз уакыттың ішінде ақынның атақ - даңқын
өте алыс қияндарға алып кетті. Ізін суытпай, оны екінші рет бастыруға тура
келді.
Бірақ бұл кітап жас авторға халық арасындағы абырой - беделмен бірге
патша өкімдерінің тарапынан қуғын-сүргінді ала келеді. Мұғалім жігіт тергеу
орындарының бақылауына алынады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Қазақтың шығу тегі
Міржақып Дулат
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Пәндер