Саяси дағдарыстар. Үшінші Республиканың сыртқы саясаты


ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Саяси дағдарыстар
2. 2. Үшінші республиканың сыртқы саясаты.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе.
Геман мемлекетімен соғыс және Париж коммунасы Францияның саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына үлкен өзгеріс алып келді. Эльзас пен Лотарингиядан айырылған олар, яғни 145 мың кв/км бай тас көмір мен темір кендерінен, 43 департаменттен, фабрика-зауыттардан және 5 млрд. контрибуция, сансыз көп салық пен айып пұлдар елдің экономикасын ойсыратып жіберді. Француз экономистерінің санағы бойынша жалпы алғанда 1870-1871 ж. ж. Германиямен болған соғыстағы Францияның шығыны 16 млрд. франк болды - әрине бұл сол кезде өте қомақты қаржы болатын, сонымен бірге Франция 150 мың адамынан айырылып, экономикалық жағдайы тым нашарлап кетті. Өнеркәсіп, сауда және ауылшаруашылығы тоқырауға түсті. 1871-1873 ж. ж. өте үлкен мөлшерде контрибуция төленді, құдай сақтап 1873 ж. 16 қыркүйекте соңғы герман солдаты Франциядан кетті.
Елдің мұндай ауыр жағдайымен контрибуцияға қарамай-ақ Франция өнеркәсібі жандана бастады. Тіпті, 1873, 1874, 1882 ж. ж. әлемдік дағдарыстың өзінде мұндағы жағдай басқа елдерге қарағанда жақсы болды. 80-жылдардың соңында Францияда жаңа экономикалық өрлеу басталды. Шойын және болат өндірісі тез қарқынмен дамып, теміожол, машина және металл өндіруі де жақсы жолға түсті. ХІХ ғ. соңында бу машиналарының саны 3 есеге, ал оның сапасы мен қуаты 6 есеге дейін өсті. Әсіресе теміржол құрылысы тез дамыды.
Елде шағын санды адамға арналған өнеркәсіптер сақталып қалса да, ірі өнеркәсіптердің шоғырлануы тоқтамады. Олардың ішінде ірі монополия ретінде «Шнейдер - Крезо» фирмасын, «Контур де Логви» металлургия синдекатын, қант, жанармай т. б. картельдерді айтуға болады.
Ал банктік жүйенің орталықтануынан Франция басқа елдермен салыстырғанда алдыңғы қатарға шықты. Төрт ең ірі банктер «Лион несие банкі», «Ипотека банкі», «Бас қоғам банкі», «Ұлттық санақ қоғам банкі», оның 1/3 бөлігі акционерлерге тиесілі болды, ал тағы бір бөлігі - муниципалитетке және бір бөлігі мемлекет қазынасына тиесілі болды. ХХ ғ. басында ірі банктер саны тағы да өсе түсті. «Париж Одағы банкі», «Батыс-Африка банкі» т. б. пайда болды. 1914 ж. соғыс қарсаңында Францияда 266 банк құрылып, оның 4/1 бөлігі Париж қаласында болды.
Ұлттық жиналыстың алдына қойған міндеттері: коммуналар мен революцияшыл элементтерден есеп айырысу, контрибуцияны төлеу және айырылып қалған жерлерді кері қайтару, мемлекеттік құрылымды бекіту болды. Бұл кезде үкімет билігі Тьердің қолында болатын. Сонымен қатар, ақсүйектер әулетінен шыққан ханзадаларды елден қуу заңы жойылды. 1871 ж. маусым айында Бурбондардың соңғы әулеті, өмір бойы шетелде өмір сүріп келген граф Шамбор, король Ү Генрих деген атпен Франция тағына үміттеніп елге оралды. Ал, 1871 ж. 30 тамыз күні Ұлттық жиналысында ол президент титулын алып үлгерді. Тьер көбіне монархияны қолдағанымен елдегі жаңа революциялық қауіптен үрейленді, оның республикашылдарға да жақындай түсуіне тура келді, сөйтіп Тьер және оның төңірегіндегілер «республикашылдарсыз республиканы» күшейте түсуге тырысты.
1875 ж. 21 қаңтарда, ХҮІ Людовиг өлімінің жылдығына қарсы Құрылтай жиналыс заң талқылауға көшті, саяси құрылыс формасына байланысты «Республика» сөзі тек мақалада ғана айтылды. Президенттің сайлау тәртібі бойынша бұл мақаланы тек бір дауыспен қабылдады. Президент көптеген құқықтарға ие болды, депутаттар палатасын таратуға құқығы болды. Ол 7 жылға біріккен екі палатаның жиналысында сайланды. Атқарушы билік Президентке және Министірлер кеңесіне бағынды, себебі оны Президент тағайындайтын болды. Сенат тікелей дауыс беру арқылы емес, муниципалитет өкілдерінің дауысымен сайланатын болды.
1879 ж. алғаш рет президенттік билікті орынды республикашыл Ж. Греви басқарды, ал депутаттар палатасының төрағасы болып Гамбетт, үкіметті бірінші республикашыл Фрейсиньй басқарды.
Билікті өз қолдарына алған соң республикашылдар үкіметті Версальдан Парижге ауыстырылып, Марсельезаны ұлттық әнұран, ал Франция республикасының ұлттық мейрамы Бастилияны алған 14 шілде күні болып белгіленді. 1880 ж. Париж коммунасына қатысушыларға кешірім жариялау туралы заң қабылданды. Сонымен қатар, еркін жиналыс, баспасөз, сөз бостандығы т. б. мәселер қайта қаралды. 1884 ж. кәсіподақ ұйымдарын ашу туралы заңы қабылданып, жас балалар мен әйелдер еңбегін заңсыз қанауға шектеу енгізілді.
Осы кезеңде үкімет өнеркәсіп иелері мен саудагерлер қызметіне байлансыты бірқатар шаралар жүргізіп, ол бойынша 80-90 жылдары жанама салық көтерілді.
Осының нәтижесінде байсалды республикашылдардың беделі түсе бастады. Олар тек зиялылар арасындағы беделін сақтап қалып, ал шіркеудің мектепке ықпалына күрес жүргізуі болды. 1880 ж. басныда жаппай ақысыз білім алуға байланысты бірқатар реформалар жүргізілді.
2. 1. Саяси дағдарыстар
Елдегі наразылықтар мен қайшылықты республикашылдар саясатына көңілдері толдмаған монархиялық рухтағы офицерлер кеңінен пайдаланды, яғни олар Эльзас пен Лотаригияны қайтаруды талап етті. Олардың бірқатары жаңа диктаторды армандады. Осы жағдайға байланысты төтенше қозғалыс өрши түсіп, ол генерал Буланже есімімен байланысты болды.
Буланженің жақтастары өздерінің мақсаттарына жету үшін 1887 ж. президент Ж. Греви және оның төңірегіндегі саяис жанжалды тиімді пайдаланды, яғни оның күйеу баласына «Құрметті Легион» орденін сатумен айналысқан деген айып тағылып, мұның ақыры Ж. Гревиді отставкаға кетуге мәжбүр етті. Бұл оқиға байсалды республиканың беделінің түсуіне әкелді.
Ал, бірқатар жеңістерге Буланже 1889 ж. жетті, ол Париждегі қосымша сайлауда 4 млн. дауысқа ие болды. Оппозициялық - «Қарсылық комитеті» басында тұрды, оны көптеген байсалды республикашылдарға қарсыластар - әскери қызметкерлер, жұмысшылар және радикалдар қолдады. Буланже тіпті, үнемі республикаға адал қызмет етемін деп ант еткенмен, монархистерден үлкен көлемде ақша алып отырды.
Ақырында буланжистер ойлағандай төңкеріс іске аспады. Қастандық бәріне аян болды. Генералдың монархиялық топтармен саяси байланыстары әшкереленді. Үкімет Буланжені қамтуға аламыз деп қорқытты. Құпия полиция көмегімен Буланже Бельгияға қашып кетті. Сонымен бұл дағдарыс көптеген француз қоғамдық топтарының наразылығын тудырды.
1892-1893 ж. ж. Панама каналының құрылысына байлансыты жаңа дағдарыс пайда болды. 1888 ж, Панама каналының құрылысын салуға байланысты акционерлік қоғам құрылып, ал оның акциясын сатып алғандар үлкен табыстарға ие болды деп хабарланды. Акционерлер болып тек ірі қаржыгерлер ғана емес, кіші акция ұстаушылар: жесірлер, отставкадағы әскерилер, ұсақ дүкеншілер, саудагерлер де және т. б. болды.
Бұл істің анығын білу үшін Панамаға бірнеше рет комиссиялар жіберілді. Бірақ, тексеру бірнеше жылдарға созылып, ақырында ұрлау мен пара алу нәтижесінде акционерлік қоғам тоығымен банкрот болды. Панама алаяқтық ісіне қаржыгерлер ғана емес үкімет билігіндегілер, сенатор жанұялары, тіпті президент туыстарының қатысы бар болып шықты. Монархистік топтар жақтастары барлық жағдайларды республикашылдардан көрді. Олар сот алдында үкімет мүшелерін айыпты етіп, барлық республикалық жүйенің пайдасыз және сатылғыштығын дәлелдегілері келді. Бірақ мұны олар іске асыра алмады. 1893 ж. «Панама ісіне» байланысты сот процесі аяқталды. Ал республикалық жүйенің күйреуі болған жоқ.
Осы мемлекет билігіндегі республикашылдар мен монархистер арасындағы саяси қайшылық өршіп тұрған кезде, Францияда тағы бір «Дрейфус ісіне» байланысты саяси дағдарыс басталды. ХІХ ғ. аяғында Францияның барлық үміті армия ғана болды. Өйткені француз-гермен соғысынан жеңіліс тапқаннан кейін алдына қойған мақсаты отар иелену мен елдегі ереуіл қозғалыстарын басуға пайдалы болды.
1894 ж. қыркүйекте француз әскери министірлігінің құрамындағы барлау бөлімі, Париждегі гермен әскери атташы тастап кеткен қағаздар ішінен француз әскери бас штабының офицері жіберген құпия құжат тауып алынды. Бұл монархистардің өз беделін сақтап қалуға байланысыты соңғы істері еді. Тіпті барлық республикалық үкімет Бас штабты тазалауға қол жеткізді, онда әскери ведмстваның барлығы дерлік монархистер қолында болатын. Қайшылықтың себеі бүкіл әлемді шулатқан - «Дрейфус ісі» болды.
Сонымен, Германия мүддесі үшін жұмыс істеген тыңшы деп 28 жастағы жас офицер, тегі жағынан еврей Альфред Дрейфус танылды. Сот процесі тез жүріп, жас офицердің «кінәсі» демде белгілі болды. Оның офицерлік киімі шешіліп, өзін француз Гвианасындағы Шайтан Аралға өмір бойға айдауға жіберді. Сөйтіп, Бас Штатың ары сақталып қалды.
Алайда, 1896 ж. жаңа басшы полковник Пикар «Дрейфус қамауда болғанымен» тыңшылық жеткізулер жүріп жатқанын біліп, бұл жағдайды Бас штабқа жеткізді. Әскери сот ісі қайта қараудан бас тартып, ал полковник Пикардың өзін Туниске жіберді.
Бастапқы кезде істі қайта қарауға сотта, үкімет те келіспеді. Тек, 1898 ж. жазда іс парламентке берілді. Бұл елдегі халықтың дрейфусарлар және антидрейфусарлар деп екіге бөлініп кетуге түрткі болды. Елдегі бұл саяси күреске, тіпті атақты жазушылар Анатоль Франс, Октав Мирбо, Ромен Роллан т. б. араласып кетті. Соңында Дрейфус ісін қайта қарауға шешім қабылдады. Алайда, соттың шешімі түсініксіз және жартылай болып қалды: Дрейфус босатылды, бірақ толық ақталып шыққан жоқ. Ол тек, 1906 ж. ғана толығымен ақталды. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде ол бригада генералы шенімен Верден Түбіндегі шайқасты жүргізді. Сонымен, «Дрейфус ісі» монархиялық топтардың республикаға бағытталған соңғы тәсілдері болды.
2. 2. Үшінші республиканың сыртқы саясаты.
Франкфурт бейбіт келісімінен кейін де француз-герман қарым-қатынасы шиеленісті күйде болды, яғни Бисмарк бірнеше рет Францияны жаңа соғыс ашамын деп үрейлендірумен болды. Әсіресе бұл Ресей мен Францияға қарсы австро-герман одағының құрылыуы, сосын Үштік одақтың құрылуы кезінде үдей түсті.
Мұндай жағдай Францияны Ресейге жақындастырып, Ресей мен Франция арасындағы сыртқы сауда көлемі ұлғая түсті. 1884 ж. Ресей бірінші рет 500млн. франк көлемінде Франциядан займ алды. Он жыл көлемінде жүргізілген келіссөздер мен дипломатиялық байланыстар нәтижесінен екі жақты әскери келісімшартқа қол қойылды. Франция үшін Германияға қарсы одақтас ел міндетті түрде керек болды, ал Ресейдің республикалық Франциямен одақтасуына түрткі болған жағдай, ең маңызды несие көзін алу болатын.
1893 ж. желтоқсанда Франция мен Ресей арасындағы әскери келісімшарт саяси келісіммен толықтырыла түсті. Сонымен, бұл келісім Үштік одаққа қарсы алғашқы коалицияның бастамасы болды. 1912 ж. шілдеде әскери-теңіз келісіміне қол қойылды. Осы келісім Франция позициясын бекіте түсті және оның орталық саясатына үлкен әсер етті.
80-жылдары орталық саясатты белсенді жүргізушілер үкімет басшысы Жюль Ферри, депутаттар палатасының вице-министрі Эжен Этьен және т. б. болды. Отар үшін күрестегі Францияның басты бәсекелесі Ұлыбаритания, ал ХХ ғ. басында Германия болды.
ХІХ ғ. ортасында француз капиталы Туниске ене бастады, дегенмен Алжирді иемдену мен шекарасын нақты белгілеп алғанмен Солт. Африкада француздық иелік болған жоқ. Франция Туниске займ бере бастады, сол үшін арнайы тунистік қарыз комиссиясы құрылды. Сонымен бірге Берлин конгресінің өзінде Кипр мәселесіне қатысты Францияның бейтараптығы үшін ағылшын дипломаттары Тунисте француз дипломаттарына қолдау көрсетеміз деп уәде берген болатын. Өз кезінде Бисмарк Африкада Францияны қолдауға дайын екенін жасырған жоқ, өйткені француздар Еуропада белсенді қимыл жасамаса болғаны.
1881 ж. сәуірде француздардың әскери корпусы Тунистің бірнеше кішігірім қалаларын жаулап алды. Сосын Тунистегі барлық әскери базалар жойылып, оның бүкіл ішкі және сыртқы істерін француз министр-резидент өз қолына алды.
1899 ж. наурызда Судан шекарасына байланысты ағылшын-француз келісіміне қол қойыды. Бұл келісім екі ел үкіметінің отар бөлісудегі алғашқы құжаты болды, өйткені екі жаққа да қауіп төндіріп отырған бірден -бір бәсекелес ел ол - Германия болатын. Сонымен, 1899 ж. келісім Англия мен Францияны жақындастыра түсуінің аяғы «жүрек келісіміне», яғни 1904 ж. Антантаға бірігуге жол салды.
ХІХ ғ. соңында Солт. Африкадағы өз тәуелсіздігін сақтап отрыған Марокко ғана болды, алайда француз, неміс, ағылшын, итальян манополиялары Мароккода шахталар, банктер және полиция иемденіп отырған болатын. Ғасыр соңында француздар мароккан сұлтанынан, яғни оны «қорғаймыз» деген желеумен әскер кіргізу туралы жанама келісімге қол жеткізді. Сондай - ақ, сұлтанға көптеп займ беру арқылы Франция Марокко кеденін бақылауды да өз қолына алды. 1905 ж. олар мароккан қаржы жүйесіне бақылау жасау және мароккан армиясын қайта құруды өз қолдарына алу туралы талап қоя бастады. Сұлтан бұдан бас тартты, өйткені тап осындай ұсынысты ол Германиядан да алған болатын.
Алхессирасс қаласында Германияның бастамасымен конференция шақырылып оған 14 мемлекет қатысты. Бұл конференцияда Марокко тәуелсіз деп жарияланды, бірақ барлық державаға ол жерде еркін экономикалық қызмет жүргізуге рұқсат берілді. Францияның ерекше мүдделілік танытыа отырғаны ескеріліп, оған Мароккода ішкі тәртіп пен полицияға бақылау жүргізу ісі қоса тапсырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz