Геральдика қосалқы тарихи пән ретінде



1. Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
Геральдика қосалқы тарихи пән ретінде.
2.1. Гербтердің шығу тарихы.
2.2. Вексилография.
2.3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары.

3. Қорытынды.
Геральдика – қосалқы тарихи пән.Латын тілінде - heraldus. Геральдика гербтерді зерттейді.(герб поляк тілінде herb, немісше erbe). Гербтер жеке адамдарда ,қалаларда,облыстарда,мемлекеттерде болады.
Гербтер қару жарақтарда,киімдерде,ыдыс-аяқтарда,монеталарда,қағаз ақшаларда салынады.Оларды қабірлерде де бетіне белгілі бір жазу жазып пайдаланған.
Геральдиканың негізгі мақсаты-атрибуция, яғни гербтердің шығу тегін анықтау. Оның негізінде гербтердің датасын және шығарылған жерін анықтауға мүмкіндік бар.
Герб арқылы нәрсенің иесі туралы көп білуге болады, мысалы, титулын. Жеке гербтерде бас киімнің суреті бейнеленген, яғни щиттің үстіңгі жағында корона түрінде немесе діни адамдар үшін қалпақтар бейнеленген. Герб нәрселердің тарихын білуге көмектеседі. Мысалы белгілі геральдист В.К. Лукомский герб эмблемаларының көмегімен патша Михаил Феодоровичтің інісі Никита Иванович Романовтың “Колымаг”тарихын анықтады. Гербтің жан жағындағы әріптер бойынша Лукомский “Колымаг” иесінің аты жөнін анықтады. Ол поляк Франс Лесьновальский болып шықты.
Герб экономикалық – мәдени, туыстық қатынастарды, династиялық некелерді,демографиялық процестерді анықтауға мүмкіндік береді. Романовтар әулиетінің гербінің оң жағында өздерінің рулық белгісі орнатылған. Сол жағында XYIII – XIX ғасыр басында династиялық некелердің нәтиежесінде император отбасылары туыстасқан Батыс Еуропа сарайларының гербтері бейнеленген. Орта тұсының оң жағында Ольденбург гербі, ал сол жағында Дальменгор гербі орналасқан.
Геральдика нумизматикамен, археологиямен және басқа да қосалқы тарихи пәндермен тығыз байланысты, бірақ ең жақыны сфрагастика және генеология болып келеді.Қазіргі кезде герельдика сөзін “Эмблематика” сөзімен ауыстыру қарастырылуда. Бірақ геральдика гербтерді зерттейтін ғылым болып қала беруде.
Г.А.Леонтьева, П.А.Шорин, В.Б.Кобрин «Вспомогательные исторические дисциплины», М.,2003

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе.

2.Негізгі бөлім.
Геральдика қосалқы тарихи пән ретінде.
2.1. Гербтердің шығу тарихы.
2.2. Вексилография.
2.3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары.

3. Қорытынды.

Кіріспе.

Геральдика – қосалқы тарихи пән.Латын тілінде - heraldus. Геральдика
гербтерді зерттейді.(герб поляк тілінде herb, немісше erbe). Гербтер жеке
адамдарда ,қалаларда,облыстарда,мемлекеттерде болады.
Гербтер қару жарақтарда,киімдерде,ыдыс-аяқтарда, монеталарда,қағаз
ақшаларда салынады.Оларды қабірлерде де бетіне белгілі бір жазу жазып
пайдаланған.
Геральдиканың негізгі мақсаты-атрибуция, яғни гербтердің шығу тегін
анықтау. Оның негізінде гербтердің датасын және шығарылған жерін анықтауға
мүмкіндік бар.
Герб арқылы нәрсенің иесі туралы көп білуге болады, мысалы, титулын.
Жеке гербтерде бас киімнің суреті бейнеленген, яғни щиттің үстіңгі жағында
корона түрінде немесе діни адамдар үшін қалпақтар бейнеленген. Герб
нәрселердің тарихын білуге көмектеседі. Мысалы белгілі геральдист В.К.
Лукомский герб эмблемаларының көмегімен патша Михаил Феодоровичтің інісі
Никита Иванович Романовтың “Колымаг”тарихын анықтады. Гербтің жан жағындағы
әріптер бойынша Лукомский “Колымаг” иесінің аты жөнін анықтады. Ол поляк
Франс Лесьновальский болып шықты.
Герб экономикалық – мәдени, туыстық қатынастарды, династиялық
некелерді,демографиялық процестерді анықтауға мүмкіндік береді. Романовтар
әулиетінің гербінің оң жағында өздерінің рулық белгісі орнатылған. Сол
жағында XYIII – XIX ғасыр басында династиялық некелердің нәтиежесінде
император отбасылары туыстасқан Батыс Еуропа сарайларының гербтері
бейнеленген. Орта тұсының оң жағында Ольденбург гербі, ал сол жағында
Дальменгор гербі орналасқан.
Геральдика нумизматикамен, археологиямен және басқа да қосалқы тарихи
пәндермен тығыз байланысты, бірақ ең жақыны сфрагастика және генеология
болып келеді.Қазіргі кезде герельдика сөзін “Эмблематика” сөзімен ауыстыру
қарастырылуда. Бірақ геральдика гербтерді зерттейтін ғылым болып қала
беруде.

Гербтердің шығуы.

Гербтердің негізгі бөлігі герб эмблемасы болып табылады.
Эмблемалардың пайда болуы ежелгі заманға жатады. олар антикалық заманда
қалыптасады және кейбір түсініктерді береді. Мысалы, үкі – ақыл дегендей.
Сөйтіп Ерте грек қалалары мен мемлекеттерін осындай символдармен
белгілеген. Афины – үкі, Коринф – пегас, Мирмекий – құмырысқа т.с.с. Оларды
монеталарда және басқа нәрселерде бейнелеген, бірақ олар әлі гербтер емес.
Олар мұрагерлік сипат ала бастағанда герб эмблемаларына айналды.
Гербтердіңпайда болуының екі себебі бар. Оның біріншісі – орта
ғасырларда рыцарлық турнирлерде жауынгерлер беттерін жауып тұратын доспех
киген. Осындай ойындардың нәтиежесінде рыцарлардың щиттерінде айыру
белгілері пайда болды. Бірте – бірте бұл белгілер мұрагерлік, рулық болып
қалыптаса бастады.
Екінші себебі – XII ғасырдағы Батыс Еуропадағы өркениеттің дамуымен ,
әлеуметтік процестердің дамуымен байланысты болды. Гербтер оның иесінің
қоғамдағы орынын, жерді иелену құқығын бейнелейді. Геральдиканың өзі
символикаалық формада әлеуметтік қатынастарды көрсетеді. Егер гербте
белгілі бір жердің эмблемасы енгізілсе, онда сол арқылы сот процесін жеңіп
шығуға болатын болды. Сөйтіп герб жасайтын адамдар - герольдтер пайда бола
бастады.
Алғашында герб эмблемаларының иелерін естерінде сақтаған, кейін уақыт
өте келе гербтердің көбеюіне байланысты гербтер туралы анықтама трактаттар
пайда болды.
Ерте Еуропалық гербтер материалдары заттай және жазбаша болып екіге
бөлінеді.
Бейнеленген түрінен бізге жеткен кітаптардағы, қол жазбалардағы,
монеталардағы гербтер.
Геральдиканың теориялық сұрақтары негізінен рулық кітаптарды,
хроникаларда көрініс табады. Ондай шығармалардың бірі XIII ғасырдағы
Германияда Конрад Вюрцбургский жазған трактат болды.
Жазбаша және бейнелеу материалдарын қамтитын ежелгі гербовниктер да
сақталған. Олардың арасында Матвей Парижскийдің хроникасы (XIIIғасыр) 75
герб щиттері бар. 1300 жылға 486 герб бейнелері бар ағылшын герб свиткілері
жатады.
XYI ғасырда бүкіл каролдіктер үшін гербовниктер жасау ісі пайда
болады. Сөйтіп геральдика ісіне қызығушылық арта түседі.
Бұл Еуропаға да кеңінен таралады. Көптеген елдерде гербтерді жасап
оларды сақтауға арнайы орындар ашылады. Оқу орындарында Геральдика
кафедрасы, Германия, Франция, Англияда геральдистер мектебі ашылады.
Гербтерді жасау ережелері ғылыми негіз алады.XYIII ғасырда геральдика
жөнінде оқулықтар мен методикалар пайда бола бастайды.

Теоретикалық геральдика

Гербтің басты бөлігі – щит. Геральдикалық щиттердің бірнеше түрлері
бар: франциялық – төртбұрышты формалы;испандық – францияның көлемдерімен
бірдей, тек астыңғы жағы дөңгеленіп келген; варяждық – үшбұрышты,екі жағы
дөңгеленген;италияндық – сопақ формалы және германдық; гербтер
металдардан,эмалдерден жасалған.эмальдің 5 түрін қолданған.
Теоретикалық геральдика гербтерді жасау ережелерін қамтиды. Ал
тәжірибелік геральдика гербтерді топтастыру,пайда болуын, тарихын
қарастырады.

Ресейде геральдиканың дамуы

Ресейде гербтер мен эмблемалартуралы отандық герб жасау ісі дамығанға
дейін белгілі болды.
Ресейде гербтер қашан пайда болды деген сұраққа екі жақты мәселе
қаралады.
Зерттеушілердің бірінші тобы ХІІ ғасырда пайда болды деп
жорамалдайды, яғни Батыста пайда болумен байланыстырады.
Екінші бөлігі гербтер – қабылданған элементтен тұратын және жоғарғы
билікпен бекітілген символикалық бейне деп есептейді. Бұл екінші шешім
шындықа жақындайды.

Ресейдің мемлекеттік гербі

Мемлекеттік герб – монеталарда,қағаз ақшаларда,құжаттарда
бейнеленетін мемлекеттің символикасы
Орыс гербінің эмблематикасында жыланды жеңіп жатқан аттағы адам және
екібасты қыран бейнеленген.
Аттағы адам Мәскеу княздерінің монеталарында ХІІІ –ХҮ ғ. пайда
болды.Ал жыланның бейнесі ІІІ Иван кезеңіне дейін де белгілі болған. ІІІ
Иваннан бастап жылан аттағы адаммен бірге бейнелене бастаған. Оның пайда
болуы тектен тек емес еді. ІІІ Иван кезінде монғол – татар қақтығыстары
болып, Ресей мемлекетінің орталықтануы басталған еді. Жылан белгілі бір
формада жамандық ретінде белгіленді. Аттағы княздің жыланды жеңуі
символикалық түрде маңызды роль атқарған.
ІІІ Иван кезеңінен бастап мөрлерде тағы бір бейне – екі басты
қыранның бейнесі пайда болды. Екі басты қыранға Византия империясының гербі
ретінде трактовка берген В.Н. Татищев болды.Ол бұны 1472 жылы ІІІ Иванның
екі басты қыранды мұрагерлікке тастаған Византия империясын соңғы
императорының сіңілісі Зоя Фоминиелн Помолокқа үйленуімен байланыстырады.
ІІІ Иван Васильевич оны мемлекеттік герб ретінде пайдаланады. Татищевтың
бұл болжамы тарихнамаға енген. Бірақ қазір ол үлкен сынға түсуде. Екі басты
қыранның пайда болуын Ресейдің Габсбургтегі Қасиетті Рим Империясының
императорларымен арасындағы қарым қатынастармен байланыстырады.
Зерттеушілер 1327 жылы Палеоктар құрастырған Византия империясының
гербінде екі басты қыран емес, В әріптерінен құрастырылған крест екенін
дәлелдеді. ІІІ Иван батыс державалармен орыс патшаларының теңдігін,
туыстығын көрстіп екі басты қыранды мемлекеттік эмблема ретінде алады.
Ресейдің эмблемаларының ерте ескерткіштерінің бірі - екі жақты мөр.
Онымен 1497 жылы ІІІ Иванның грамотасын растаған. Оның бір жағында жыланды
жеңіп жатқан аттағы адам, екінші жағында екі басты қыран бейнеленген. Бұл
екеуінің қосылуы ІҮ Иванның мемлекеттік мөрінде пайда болады. Кейіннен ол
мемлекеттік гербтің басты эмблиматикасы ретінде тұрақтанады.
Геральдиканың негізгі ережелерімен ескеріліп жасалған мемлекеттік
гербке берілген алғашқы сипаттама 1667 жылға жатады.
1698-1699 ж.ж. үлкен мемлекеттік мөрде аттағы адам екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосалқы тарихи пән және оның міндеттері. Палеграфия ғылымының дамуы. Генеология. Хронология
ҚОСАЛҚЫ ТАРИХИ ПӘНДЕР
Тарихи қосалқы пәндер дәрістер
Қосалқы тарихи пәндер пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
Сфрагистикалық материалдар
Палеографияның қазақ жазбаларындағы (хан- би жарлықтары, ресми қатынас кағаздары, жеке тұлғалардың хаттары, т. б. əр тұрлі құжаттар) таңбалардың қолданылу ерекшелігін анықтау
ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы
Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы
Деректанудың даму тарихы
Палеография
Пәндер