Грек-парсы соғысының себептері


ЖОСПАР
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Грек-парсы соғысының себептері
2. 2. Делос семмахиясын ұйымдастыру
2. 3. Грек-парсы соғыстарының аяқталуы
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Грек полисінің қалыптасуы, яғни саяси - социалистік кезеңі б. з. д. ҮІ ғ. аяқталды. Балқан Грециясының ішкі құрылымы бір қалыпты болды. Көптеген полистерде шаруашылық өмір жанданды, орта сатыдағы азаматтардың саяси жағдайы қатайды, мәдениетті дамытуға мүмкіндік туды.
Алайда, б. з. д. ҮІ ғ. аяғында грек полистеріне көрші Ахимидтер державасы қауіп төндірді. Камбиздің өлімінен кейінгі үлкен парсы монархиясы өз аяғына тік тұра бастады. І Дарийдің экономикалық және әскери - әкімшілік рефориасы арқасында ол парсы империясының сыртқы және ішкі құрылысын жақсартты және империяны б. з. д. ҮІ ғ. аяғында әлемдік державаға айналдырды.
Кіші Азияның Гректік қалаларын жаулағаннан кейін парсы патшалығы енді Балқан Грециясын жаулау туралы жоспар құра бастайды. Әлемдік держава үшін экономикалық - әскери жағдайы күшті, үлкен армиясы бар, қаржысы толық держава үшін ұсақ қалаларды жаулау өте оңай және дымға тұрмайтын нәрсе еді. Грекполистерінің сауда - қолөнер қалалары дамыған, қоныстандырылған, мәдениеті жоғары, сондықтан да билік басындағыларға үлкен дәрежеде түрлі өнімдерді ұсынып отырды. Сонымен қатар, Балқан Грециясын жаулап алу стратегиялық көзқарастан маңызды болды.
Осылайша, парсы державасының агрессиясы б. з. д. Ү ғ. Шығыс Жерорта теңізін дүр сілкіндірген және грек қоғамының және мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен соғыс ошақтары пайда болды.
Осы себептен де грке полисі және парсы державасыарасындағы әскери қақтығыс тек қарапайым соғыс емес, екі әлем арасындағы күрес ретінде қарастырылды. Грек - парсы соғысы грек полисі тағдырын шешуші болды. Бұл соғыс өткірлікке, барлық әскери - экономикалық ресурстардың мобилизациялануына әкелді, соғыс алаңына екі жақтың саяси - әлеуметтік тексеруіне ықпал етті.
Грек - парсы соғысы б. з. д. 500 - 449 ж. ж. аралығын қамтиды, бұл әлем тарихындағы белді оқиға болып табылады. әдетте ғылыми әдебиеттерде грек және парсы державаларының күресін грек - парсы соғысы деп атайды, себебі, соғыс қимылдары үзіліссіз жүрген емес. Бірнеше компанияларға бөлінген. Мұндай әскери компанияларды 5 топқа бөлуге болады:
1. Б. з. д. 500-494 ж. ж. - Миллет көтерілісі және Кіші Азияның грек қалалары парсы игасына қарсы;
2. Б. з. д. 492-490 ж. ж. - алғаш рет парсы әскерінің Балқан Грециясы территориясына басып кіруі;
3. Б. з. д. 480-479 ж. ж. - Ксеркстің Грецияға жорықтары - грек-парсы соғысының маңызды кезеңі.
4. Б. з. д. 478-459 ж. ж. - әскери қозғалыстың өзгеруі, стратегиялық инициативаның гректерге көшуі, Эгей теңізінің және Кіші Азия қалаларының парсылардан азат етілуі. Афиналық әскери күштің азат етілуі.
5. Б. з. д. 459-449 ж. ж. - Афиналықтардың әскери экспедициясы және олардың одақтастары Египетті қоса алғанда. Грек-парсы соғысының аяқталуы.
МИЛЕТ ЖӘНЕ КІШІ АЗИЯ ГРЕК
ҚАЛАЛАРЫНЫҢ КӨТЕРІЛІСІ.
Кіші Азияның грек қалалары б. з. д. ҮІ ғ. 40-30 ж. ж. парсы патшасы Кир жаулап алған болатын және олар гректерге қарсы жұмсақ саясатты ұстанып отырды, оларға салық салмады, ішкі өмірлеріне көп араласқан емес. Алайда,
І Дарий кезінде парсы саясаты қатайып, яғни герк қалаларына қатысты.
Басқаруды орталықтандыру үнемі гректердің ішкі өміріне араласуына әкелді, көптеген қалаларда билік парсылықтарға берілді. Қалаларға толық жағдайда салық салынды. І Дарий патша финикиялық саудагерлерге көп көңіл бөлді, бұл гректерге кері әсерін тигізген болатын. Кіші Азияның грек қалаларында парсы патшалығына қарсылықтар көбейді, бұл парсылықтардың балқан полисін жаулауға негіз етіп отырды.
Алғашқы болып парсылықтарға қарсы шыққан Милет қаласы болды - бұл Кіші Азиядағы ең үлкен қала болатын. Б. з. д. 500 ж. Аристагор патриоттық күшті билеуді өз қолына алды. Ол Милет қаласының тұрғындарын парсыларға қарсы шығуға шақырды. Милетті мысал ете өзге де ионилік қалалар көтеріледі. Көтерілген қалалар парсыларға қарсы күресу үшін белгілі бір одақ құрады. Одақ құру туралы шешімді барлық Кіші Азиядағы грек қалалары қолдайды - Византия және Халкедоннан бастап, Палефилия және Кипрге дейін. Аристагор көтеріліске көмек сұрап Балқан Грециясына барады. Бірақ бұл өтініш нәтижесіз болды. Спарта көмектен бас тартты, Афина ғана кішігірім эскадра 20 әскери суд жіберді.
Көтерілген қалалар ортақ басқаруды ұйымдастырды. Б. з. д. 498 ж. көтеріліс Сарды қаласында болды, келесі жылы одақтас грек флоты Кипрге жақын финикилік эскадраға соққы берді. Көтеріліс үдей түсіп, бүкіл Кіші Азияға, парсы патшалығына үрей туғыза бастады. Дарий қауіптің төніп тұрғанын көріп, маңызды мәселелерді шешуге тырысты. Кіші Азияға қосымша әскер әкеліп, екі үлкен әскерді құрады. Олар күшейіп орын алған көтерілісті баса берді. Иония және Милет қалаларын тығырыққа тіредейді. Одақ құлай бастайды. Парсылықтар алтын мен ақшаны аямай одақтан шығушыларға «үгіт-насихат» жүргізеді. Эфес қаласы жанында гректерге үлкен соққы беріледі. Б. з. д. 495 ж. парсылықтар үлкен флот жинап, одақтастар флотына Лада аралының жанында шешуші соққы береді. Б. з. д. 494 ж. Милет қаласын жаулап, халқын ұрып-соғып, оларды құлдыққа сатып, қаланы толық құлатады. Сонымен қатар көп ұзамай көтерілген басқа джа қалалар бағындырылады.
Көтеріліс басынан бастап табыссыз болатын, себебі, екі жақтың әскери-экономикалық жағдайы түрлі болған. Бірінікі жоғары, бірінікі төмен. Алайда, бұл көтеріліс Дарий патшаның уақытын, күш-жігерін талап еткен. Алты жыл бойына гректер парсылықтармен тең емес күрес жүргізген, осылайша оларға сезімтал соққы берді.
ПАРСЫЛЫҚТАРДЫҢ БАЛҚАН ГРЕЦИЯСЫНА
АЛҒАШҚЫ БАСЫП КІРУІ (б. з. д. 492-490 ж. ж. )
Кіші Азия қалаларын жаулағаннан кейін І Дарий енді Балқан Грециясы полисін жаулау стратегиясына көшеді. Оның үлкен әскері, стратегиялық инициативасы, «заңды» басып кіруге ие болды. Керісінше, балқан мемлекетінде қорқыныш үрейі орын алды.
Кіші Азияда күшті экспедициялық корпус құрылған, онда шамамен 30 мың адам және 600 суд бар үлкен флот құрылды. Әскер басында патшаның күйеу баласы, талантты әскербасы және дипломат Мардоний тұрды. Мардониидің жорықтарының басты мақсаты грек қалаларын және Эгей теңізінің жағалауындағы фракий тайпаларын, Македонияны, егер мұның барлығы табысты аяқталса Греция және Афинаны басып алу болатын. Сонымен қатар ол өзінің тылын күшейтуге тырысты, осылайша Кіші Азиядағы көтерілістің алдын алу.
Б. з. д. 492 ж. Мардоний өз әскерін Геллеспот арқылы Эгей теңізінің жағалауына көшіреді. Флотты жаяу әскер шығарып отырды. Парсылықтар жағадағы грек қалаларын Оңтүстік Фракилок тайпаларды, Фасос аралын жаулап алды. Сонымен қатар Македон патшасы Александр өз жеңілісін мойындады. Бірақ, Афон жағында парсы флоты қатты дауылға тап болып, жойылады. Геродоттың мәліметі бойынша 300 кеме және 20 мың адам қаза тапты.
Мұндай шығыннан кейін, Мардоний өзінің қалған әскерін Кіші Азияға апаруға мәжбүр болды. Осыған қарамастан парсылықтар Эгейданың солтүстік бөлігінде күшейіп және өздеріне болашаққа плацдарм орнатады.
Жорықтың сәтсіздігі Дарийдің жоспарын өзгерткен емес, ол тағы да Грецияға қарсы жорыққа дайындалған болатын. Жаңа іріктелген әскер құрылады, онда 20 мың адам және үлкен флот болады. Оның басында тәжірибелі әскер басы Датис және патшаның жиені Артаферн тұрды. Кеңесші қызметін Гиппий атқарады. Олар мынадай шешім қабылдады: Әскерді тікелей Кіші Азиядан Аттикаға көшіріп, сол кезде Афинаны талқандау.
Әскери дайындықтарға дипломатиялық дайындықтар әсер етті. Б. з. д. 491 ж. Балқан Грециясының барлық полистеріне қарсы бағытталды. Олар өздерін мойындауын талап етті немесе болашақ соғыста бейтараптықты талап етті. Грек полисінің көптеген аралдары Фиссалия, Беотия бұл талаптарға бағынады, Аргос өз бейтараптығын жариялайды, бірақ гректердің ең күшті мемлекеттері Спарта мен Афина бұл талаптарды орындаудан бас тартты.
Тынық ауа райын күтіп, Датис және Артаферн аса абайлықпен, өз әскерін Эвбея аралына жібереді. Онда Эретрияны жаулап, жойып жібереді. Ал тұрғындарын құлдыққа қалдырады. Эвбеяны талқандағаннан кейін парсылықтар Аттиканы солтүстік шығысына орнығады - Марафонға жақын, Афинадан 42 км жерде орналасқан.
Осы және өзге де оқиғалардан кейін көзге түскен жас әскербасы Мильтиад болады. Б. з. д. ҮІ ғ. соңында ол Херсонес Фракискийді басқарған, үнемі парсылықтармен соқтығысып, олардың әскери ұйымының ерекшеліктерін білген. Оның күшті және әлсіз жақтарын жақсы біледі. Б. з. д. 490 ж. Мильтиад стратегтердің бірі болып, және әскери қозғалыстың жоспарын ұсынады. Осы жоспардың арқасында Афиналықтар жеңіске жетті. Мильтиад парсылардың алдын алғысы келді. Ол өзінің страты әріптестерін Афинада отыра бермеуге көндірді, керісінше барлық әскерді Марафонға апарып шешуші соққы беруге шақырды. Б. з. д. 490 ж. 12 қыркүйекте аты тарихта қалған Марафон шайқасы болады.
Марафон жазықтығында екі түрлі жүйедегі әскери ұйымдар соқтығысады. Парсы әскерінде ең атақтысы атты әскер болады.
Б. з. д. 486 ж. І Дарий патшаның өлімінен кейін оның тізгінін жалғастырушы баласы Ксеркс таққа отырады және әкесінің жоспарларын жүзеге асырады.
ДЕЛОСС СИММАХИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.
(БІРІНШІ АФИН ТЕҢІЗ СОҒЫС ОДАҒЫ) КІШІ АЗИЯ ГРЕК ПОЛИСТЕРІНІҢ БОСАТЫЛУЫ.
Грек полистерінің және соның ішінде Спарта, Коринф және Афинаның бірігуі Персияны бейнелейді. Олардың бірігуі парсы жағынан қауіп төндірді. Бірақ б. з. д. 480-479 ж. ж. герктердің жеңісі мен ликвидациясынан кейін одақтастардың арасында әскери-саяси мәселеге байланысты сұрақтар туа бастады. Спартаны басты күш әскери теңіз флоты болған жорықтар қызықтырмады. Илоттар жағынан үнемі қауіп, флоттың болмауы Спарта саясатының сипатын анықтады.
Парсы баилігінен Кіші Азиялық және аралдық елдердің босатылуы әлеуметтік-саяси қақтығыстарға әкелді. Спарта, тұрғындардың басқа жерге көшіп кеткенге дейін қатаң саясат ұстанды, ал Афиналықтар жалпы Грециялық одаққа тең құқықты мүше ретінде кіргенше жұмсақ саясат ұстанды. Мұндай шиеленістер нәтижесінде Спарта өзінің күшін жоғалтып б. з. д. 481 ж. Коринфте құрылған жалпы грек одағынан шығып қалады. Керісінше Афина қалған одақ мүшелері үшін орталық есебінде болды. Оған босатылған Кіші Азия және аралдық елдер кіруге ұмтылды.
Әскери қозғалыстардың одан әрі дамып Эгей теңізінен парсыларды толық шығаруды мақсат еткен гректер Афинамен бірігіп Делос аралына өз елшіліктерін жібереді. Осыдан Делос әскери одағы деген атпен жаңа одақ құрылады. Делос симмахиясы грек қалаларының берік бірігуі болды. Себебі, олар бір саяси мақсатты көздеді, экономиканың тез өсуін қалады және көбіне бір типті демократиялық құрылым болды. Делос одағының беріктігі, сонымен қатар оның ойластырылып, ұйымдастырылуына да байланысты одақтастармен ортақ қазынасы болды және әскери күштер, жаяу әскер және флоты бір болды. Негізгі жұмыстарды оған кірген полистердің елшілерінен құрылған кеңес шешіп отырды. Бірақ Делос одағы құрылғаннан бері Афинаның беделі жоғары болды. Афина Грециядағы бай және үлкен полис. Олар парсылықтармен соғыста негізгі ауыртпалықтарды өзіне алады. Одақтастар көп кешікпей Афиналықтарға қазына мен қарулы күштерін сеніп тапсырады. Одақтастар армияға белгілі бір көлемде кемелер мен гоплиттерді берудің орнына ақшасын бергенді жөн көрді. Осылайша, Афиналықтар үлкен көлемдегі флот пен жаяу әскерді ұстау үшін қаржы жүйесін өз қолдарына алды. Сондықтан Делос симмахиясын бірінші Афина теңіз одағы деп атаған.
Одақтастардың қолдауына сүйеніп Афина Эгей жағалауларындағы әлі кетіп болмаған парсылықтарға қарсы қуатты әскери жорықтарын бастады.
Ал Спарта Афинаның әскери қуатының өсуіне шеттен бақылады және олардың арасында шиеленіс күшейе түседі. Афина өзін жердегі жаулардан қауіпсіздендіру үшін жаңа қорғаныс жүйесін қабылдайды. Фемистоклдың басшылығымен бірнеше жылдың ішінде Афинаны айналдыра ұзын қабырға тұрғызылады. Бұл қабырға Афинадан Пириге дейінгі жолды қорғады. Осылайша Афина ұзақ жаулауларға да шыдаған. Қабырға тұрғызылғаннан кейін Фемистоклдың атағы одан әрі өседі. Ол Афин аристократиясының арасында үлкен дауға әкеледі. Фемистокл остаркизмге тап болып, парсы патшасы Ксеркстің жанына орналасады. Ал Афинада Марафонда парсыларды жеңген Мильтиадтың баласы Кимонның саяси беделі өседі.
Ү ғ. 70-жылдарында Афиналықтар Кимонның басшылығымен Эгей теңізінің аралдарын жаулап алады. Стримон өзенінің саласындағы фракия жағалауларына орналасады. Онда бай алтын өнімдері бар еді. Иония және Карияның көптеген қалалары Делос симмахиясының құрамына енді. Эгей теңізі бассейні парсылықтар мен пираттардан тазартылып, сауда мен жүзуге қолайлы жер болды. Кимон және Афина одақтастары Кіші Азияның оңтүстік бөлігіндегі қалаларды жаулау үшін жоспарлар құрды. Қартайған Ксеркс Афиналықтардан өтіп кетуге тырысады. Памфлиядағы Эвримедонт өзенінің саласында үлкен парсы флоты мен ондаған мың адамнан тұратын қуатты жаяу әскерлері құрылады. Парсылар Эгей теңізіндегі гректерге жорық жасау үшін 80 кемелі финикия эскадрасын күтеді. Бұл Афиналықтар үшін қауіпті еді. Афинаның бүкіл флоты мен әскерлері Книдаға жиналады. Книдадан өз әскерлерін, флотын Фаселит қаласына өткізеді. Осы жерден Афина халықтардың кемелері ойламаған жерден парсылардың негізгі күшіне соққы береді. Парсылар үстінен түскен жаумен соғысуға мұршасы болмай Эвримедонт өзенінің саласына тығылады. Бірақ соғысуға мәжбүр болады. Қақтығыстың нәтижесінде парсы әскерлері жеңіліс табады. Көп уақытқа созылған күрес нәтижесінде Афиналықтардың да шығына аз болмады. Сонда да Кимон флотын ашық теңізге шығарып 80 кемелі финикия эскадрасына қарсы шығады да оны жеңеді. Құлдыққа алынған 20 мың адамды Кимон сатып жібереді.
Кимонның жеңісінен кейін Афинаның қуаты мен Делос одағындағы беделі күшейеді. Наксос - б. з. д. 469 ж. және Фасос б. з. д. 465 ж. аралдарының одақтан шығамыз дегенін Афина басып тастайды.
АФИНА ЖӘНЕ СПАРТА АРАСЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІСТІҢ КҮШЕЮІ. АФИНАНЫҢ ЕГИПЕТКЕ ӘСКЕРИ ЖОРЫҒЫ ЖӘНЕ ГРЕК-ПАРСЫ СОҒЫСТАРЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz