Қазақ халқының ұлттық бас киімдері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми жоба:"Қазақтың ұлттық бас киімі"

Малтабар орта мектебі

Қазақ әдебиеі

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық бас киімдері»

Дайындаған : Ақмола обл.

Ерейментау ауданы

Малтабар орта мектебінің

9-сынып оқушысы

Қыдырбаева Гүлназ

Ғылыми жетекші :

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі: Н. Б. Касенова

Өтетін орны : Ерейментау қаласы

№2 мектеп -лицейі

2013 жыл

Тақырыбы:

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Мазмұны

І Кіріспе

1. Қазақ халқының ұлттық киімдері

ІІ Негізгі бөлім

1. Қазақ жерін мекендеген ежелгі көшпенді халықтардың киімдері

2. Киімнің негізгі түрлері

1. 1Бас киімдер

1. 2Ерлердің бас киімдері

3. Тымаққа қатысты әдет-ғұрып

4. Әйелдердің бас киімдері

5 Баскиімге қауырсын тағу дәстүрі туралы

6 Баскиімге қатысты ырымдар мен тыйымдар

ІІІ Қорытынды

Алғы сөз

Құрметті жас дос!

Бұл ғылыми жұмысжы жазуды 9-сынып оқушысы Қыдырбаева Гүлназ бастады. Гүлназ салмақты, сабырлы, мектепте жақсы оқитын оқужылардың бірі. Гүлназдың бұл жобаны жазу барысында қызығушылық танытып, қазақ халқының бас киімдерін жазуды таңдады. Таңдау себебі, Гүлназға ұлттық бас киімдер қатты ұнайтын болды. Гүлназ қызығушылықпен қазақ халқының бас киімдерін жазып шықты. Жазу барсысында жан-жақты дайындық үстінде болды. Гүлназдың бұл жұмысты жазу барысында көптеген ізденістер жасап аудандық, ауылды, мектеп ішілік кітапханаларға барып бірнеше мәліметтер әкеліп, одан түйінді ой жинай білді. Гүлназдың жұмысын мен мұғалімі ретінде өте жақсы деп бағалаймын.

Аннотация

Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы қазақ халқының ұлттық бас киімдерін негізге ала отырып жазған. Жазу барысында жалпы толық қамтылған. Онда Ұлттық киімның шығу тарихынан мәлімет бере отырып, ерлер мен әйелердің, жас келіншектер мен қыздардың бас киімдерін негізге алған. Сонымен қатар тымаққа қатысты әдет -ғұрып тар қамтылып, қазақ қалхының көшпелі тұрмыс тіршілігі сөз етті.

Бас киімге қатысты қауырсын тағу, ырымдар мен тыйымдар кеңінен қамтылды. Оқушы бұл жобаны жазу барысында кеінен дайндалғанын байқатты.

Мұғалім:

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Н. Касенова

Данная научная работа посвящена казахскому национальному головному убору мужчин и женщин. В работе отмечена особенность женского головного убора старшего поколения, а так же молодых женщин. Особо рассмотрён головной убор девушек. Оформления, всевозможные украшения головного убора тесно связан с традициями кочевого казахского народа.

Ученик проделал огромную работу, чтобы описать все разновидности головных уборов казахов.

Мұғалім:

Орыс тілі мен орыс әдебиеті

пәнінің мұғалімі А. Аренова

This science work is about kazakh national wears. When the students write this work she give up all Kazakh women’s heat-wear. Forexample : saukell kamzol. Also, she write about Kazakh national tranclition. When we read this work we know that she write this work good.

Мұғалім:

Ағылшын тілі

пәнінің мұғалімі П. Еменова

Кіріспе

Ұлттық киім -бай тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет -ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан -жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі

тақияныңда түрлері көп : зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т. б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай -ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған.

ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ

Әйелдердің бас киімдері:

1. сәукеле

2. бөрiк

3. қарқара

4. кимешек

5. жаулық

6. күндiк

7. желек

8. шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)

9. бүркенiш

10. бергек

11. қасаба

12. тақия

13. шылауыш

14. жаулық

Тымаққа қатысты әдет -ғұрыптар

Тымақ - қасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған.

Ел арасында: «Шала туып, тымаққа салып өсірген екен», -деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады. Шала туған сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан, күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басына бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадыры мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі деп түсіну керек.

Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудың ең үлкен көрінісі немесе айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы үлкен, жөн білетін ақсақалдарының құныкердің ауылындағылардың алдына барып «Құдай кешсекеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық іс болды, кешір!»деп өтінген кезде ортаға ең үлкен ақсақалы баскиімін тастап сөзге, мәмілеге шақырады. Қызды алып қашу үрдісінде қыз жағының «аяғына жығыла» барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығы тағы бар.

Бас киімге қауырсын тағу дәстүрі туралы .

Есік обасының «Алтын адамның» бас киімінде де төрт алтын қауырсын қадалғанын, ал онымен бірге табылған заттардың ішінде бетіне көп қауырсынды бас киім киген адам басы салынған жүзік болған. Яқи, жүзік америкада үндіс халықтарының құс қауырсындарын тізіп тағатын бас киімге ұқсас. Ал Тамғалы тастағы суреттерде осындай қауырсынды бас киім киген, малдас құрып отырған адам суреті бинеленсе, көне түркі заманы петрогливтерде кездесетін, басы сәуле шашқан дөңгелек түрінде салынатын бұл шарфты бейнені күн құдайының бейнесіне ұқсайды. Олар да адамның басы, көзі мұрны, аузы көрсетілуі, киген киімі, оның жағасы, өңірі, белбеуі сияқты нақтылы детальдары бинеленуі, суреттегі құдай емес, нақты адам екенін дәлелдейді. Бас киімге қауырсын тағу- барлық халықтарда мифтік наным бойынша жерлері адамның рухтың болмысының аспан. Әлемінен байланыста екендігін білдіреді.

Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар. Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар мен ата -бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім -бас киім үйдің құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым -тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға, баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.

Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады. » деген наным бар. Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.

Киім - денені ауа райынан, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыныс бұйымы.

Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамдық материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден- ол адамның қабілетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Бізді қоршаған ғимараттар, еңбек, тұрмыс заттары мен қатар, киім де өндірістік күштердің тарихи кезеңдерде дамуын, климаттық жағдайын, халықтың ұлттық ерекшелігін, оның әсемдікке деген талғамын көрсетеді.

Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап, өзінің практикалық қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп- эстетикалық қызметін атқарған. Ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен дөрекі жамылғы, лұпа сияқты алғашқы киімдер, адам алғашқы пайда болып, үңгірлер жартас қуыстарын паналап, ағаш бұтақтары мен шөп -шалам, қамыстан лашық, қалытқылар жасап, табиғатпен үйлесім тапқан кезден басталған.

Адамдар табиғат жағдайлары мен әр түрлі жәндіктердің шығуынан қорғану үшін денелеріне саз балшық, батпақ, май жаққан. Кейін бұларға өсімдік бояулары- жоса, кармин (шымқай қызыл бояу), құрым индиго (қара көк бояу), ізбес қосылып эстетикалық мақсатта әртүрлі тәсілмен денеге сурет салынған. Уақыт өте келе осал бояулар терінің астына өтетін бояу әдісі- таңбалаумен (татуировка) ауыстырылған. Нақ осылай бастарына құстардың қауырсындарын, аңдардың тістерін және қорғаушы элемент және киімнің символдық бөлігі ретінде таққан. Ал денені жауып тұратын талшық материял киімдер пайда болған кезде жоғарыда айтылған қорғаныш элементтерін сәндікке құлаққа, мұрынға, ерінге жасанды тесіктер жасап тағып жүрген. Уақыт өте келе адамдардың денесіне салынған таңбалардың (татуировкалар) суреттері матаға көшіріліп эстетикалық қызмет атқарған.

Ұлттық киім -бай тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет -ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан -жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, ортағасырларда түріктерде кездеседі. Көшпенділердің киім үлгілерінің тігілу мен пішілу тәсілдерде сабақтастьқ сақталған. Көшпенділер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңір ашық, қаусырылатын кеуде киімі- шапанды адамзат өркениетіне қосқан.

Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата-бабаларымыз, соның ішінде әйелзаты қалай киінген? Мұндайда тарихи деректер, саяхатшылар жазбалары, көне сызба-суреттер сыр шертеді.

Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай - жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.

Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т. б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.

Киім тақырыбына қалам тартқан этнограф С. Қасиманов қазақтың киімін сипатына қарай iштiк, сырттық, сулық, бiр киер, сәндiк және кейбiрiнде салтанат ғұрып киiмi деп бөледі. Бiр киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп тiгiлген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киетiн сәндi киiмдердi атаған. Қазақ салтында ер жiгiт егеске түсерде, соғысқа барарда киiмдердiң ең жақсы көрнектiсiн киген. Iштiк киiмдерi - көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киiмдерге - шапан, күпi, кеудеше, тон, шидем, сулық киiмдерге- шекпен, қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады.

Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз.

Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпет, камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар кәмшат бөрік киеді, сәндеп өрнектеген ақ шыт тартады.

Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді де, балалы болған соң сәукелесін тастап, шылауыш орамал жамылады. Жас келін деп үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп жүреді, бұл иба көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп, бірнеше балалы болған соң кимешек шылауыш киеді. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсетеді. Шылауышты кимешектің үстінен тартады. Әйелдер тері бұлғары мәсі-кебіс, қыста қозы елтірісінен ішік киеді. Елтірі ішік ақ, қара, күрең болады.

Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi.

Қазақ ұлттық киімдерінің тарихи Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата -бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық киіміміз қазақ этносы көшпенді өмір салтын ХІХ ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі болғандықтан көшпенді өмір салтына ыңғайлы функционалды және эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап қалды. Қазақ киімдеріне ежелгі Қазақстан териториясын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті Қазақ мемлекетінің құрылуы Ресейге қосылуы, ревалюция кезеңі, кеңес өкметінің орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты.

Бүгін тарихтың барлық беттері ашылып бітті деп айту ертерек. Әсіресе еліміздің мәдениетінің бастауларынан хабар беретін ежелгі заманғы тарих жөнімен мәліметтер мардымсыз. Осы ретте археологияның ғылыми ашқан жаңалықтарының берері ұшаң-теңіз. Археологиялық экспедициялардың нәтижелері Қазақстанның кең даласына бірнеше мәдениеттің болғанын дәлелдеп отыр. Бұл мәдениеттер бірін-бір толықтырып, қоғамның дамуына ықпал еткен. Археология ғылымында біздің заманымызға дейінгі І мың жылдықта қазіргі Орта Азиямен Қазақстанның байтақ өлкесінде сақтардың қоныстануы жөнінде көптеген мағлұматтар бар. Гректер, парсылар оларды скивтер, қытайлықтар- сэ деп атаған. Ғалымдар мекендеген жерлеріне байланысты сақтарды еуропалық және азиялық сақтар деп бөледі. Сақтар көптеген тайпалардан тұрған. Бұл мағлұмат бойынша «шошақ бөрікті» тигахаут -сақтар Шаш «Ташкент», солтүстік Қырғызстан, Онтүстік Қазақстан жерлеріне қоныстанған. Қорғандар осы сақ тайпаларынан қалған. Кемал Ақшевтың айтуы бойынша тиграхаут сақтар бұл жерлерден басқа батыс өңірінде - Онтүстік Арал маңында және шығыста - Тауыл Алтай да қоныстанған.

Әлемгі аты әйгілі болған «Алтын адам» жерленген 1969-1970 жылдары ашылған Есік қорғаны сақтардан қалған ескерткіш. 4-3 ғасырларда б. з. д. Жетісу жерінде олардың мемлекеті құрылған. Өмірдегі барлық құбылыс сияқты ғылым да ылғи да тынымсыз алға жылжып отырады. Осы Есік қорғанда табылған Алтын киімді бекзада үйсін қоғамына тән адам деген болжам да бар. Ал, Кемал Ақшев осы сақ- тиграхауттар мәдениетіне жатқызады.

Осы қорғаннан табылған аң стиліндегі алтын, қоладан жасалған басқа да құнды нәрселер табылған алтын заттардың көшірмелері мен әсемделген теңдесі жоқ киімдер, бас киімдер, аяқ киімдер үлгілері қалпына келтірілді. Мүрделердің киімдері мен бас киімдеріне тағылған жапсырмалы әшекей заттардың орналасу ретінің сол қалпында сақталуы қалпына келтіру жұмыстарының күмән келтірмейтіндей нәтижеде шығуына мүмкіндік туғызды.

Сонымен қатар киімнің негізгі түрлеріне тоқталар болсақ. Қазақтың ұлттық киімі бас киім. Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі және ерекше бөлігі болып саналады, олардан халқымыздың эстетикалық талғамын аңғарамыз. Ұлттық киімдердің ерекшелігімен қоса адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай, киген киім сонымен бірге жүздің рудың ерекшеліктері жақсы сақталған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында қазақ елінің тұрмысындағы өзгерістерге байланысты, мәдени өмірінде де өзгерістер болды. Осыған қарамай жүздердің, рулардың дәстүрлерінің сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне өз әсерін тигізді, нәтижесінде жүзбен рудың ерте заманнан келе жатқан киім үлгілерінің ерекшеліктері сақталып қалды. Бас киімде жиі географиялық, ру- тайпалық ерекшелік байқалады. Мысалы, ұлы суреткер М. Әуезов еңбектерінде сегіз сай уақ тымақ, үш құлақты керей тымақ, қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмаланған алты сай найман тымақ, төрт сай аласа тобықты тымағы деген біртекті баскиімнің сан алуан түрлері аталатындығын, осы суреткер мұрасын зертеген доктар Е. Жанпеисов еңбегінде атап өтеді. Бұған қоса аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, Қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген түрлері де ел арасында айтылады.

Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында осы ерекшеліктер бойынша суреттелген : «Батыс қазақтарына тән киімдер Арқа өңірінен басқаша . . . Бастарына кигендері кеуделеріне дейін жабатын түйе жүн далбағай, етек жағы айбалтаның жүзіндей қайқайып келген. Әшекейлене кестеленген оқшима қалпақ . . . Тымақтары да бөтен. Үстін барқытпен тыстап, етегін терімен көмкерген. Шошайған төбесінің құлақ тұсынан бастап жоғары қарай алты салалы етіп оқа ұстаған. Жарғақ шалбар, түйе жүн шекпен, кең қоныш етік, ақ таңдақ арша не болмаса тобылғы түстес етіп боялған жұмсақ тонның, шолақ сәнді бешпеттердің өңіріне зер салған . . . » . Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлер мен бас киімдері әр түрлігімен ерекшеленеді.

ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген Захарова И. В. мен Ходжаева Р. Р ер адамдардың бас киімдерін төмендегідей түрлерге бөледі:

1. Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;

2. Мақтадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей;

3. Киізден тігілген бас киім- қалпақ;

4. Қалың матадан тігілген басшылық «Күләпара»;

5. Тері қапталған жылы бас киім- бөрік;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық киімі бас киім
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру
Ұлттық киімдер
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру түрлері
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің, оның ішінде ұлттық бас киімдердің пайдас мен әсемдегінін қазіргі ұрпаққа насихаттау жолдары
Қазақтың ұлттық киімдерін оқушыларға таныстыру
Қазақ костюм тарихы
Әйелдердің бас киімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz