Қазақ халқының ұлттық киімдерінің, оның ішінде ұлттық бас киімдердің пайдас мен әсемдегінін қазіргі ұрпаққа насихаттау жолдары



КІРІСПЕ
І ТАРАУ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ҒҰРЫПТАРЫ
1.1 Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары
1.2 Қазақша мата атаулары және олардың түрлері
ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАС КИІМДЕРІ
2.1 Ерлер бас киімі және оның ерекшеліктері
2.2 Әйелдер бас киімдері және оның ерекшеліктері
ІІІ ТАРАУ
«ЫРЫМ . ТЫЙЫМ ҰЛАҒАТ КӨЗІ»
3.1 Киімге және бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар
3.2 Қазақтың «сәукеле кигізу» дәстүрі
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері екі нәрсеге баса, қатал қараған. Оның бірі – тіл болса, екнішісі – Әдет-ғұрып, салт-дәстүр. Бүгінгі жұрттың, әсіресе қазіргі жастардың бұдан жүген ұстап жүргендері аз емес. Кейбірі ата салттың әлібі мен биін де білмейді. Ондай салт-сананыңқазір жұрты жатыр, өзі жоқ. Бұл жолы осы салт-дәстүрдің, оның ішінде ұлттық бас киімдер турасында зерттеу жүргізуді жөн көрдім.
Зерттеуімді жазу барысында сонау заманнан, осы күнге дейін атам қазақтың ұлттық киімнің, ұлттық бас киімдердің әрбіреуіне аса мән беріп, олардың киесі жөнінде аз сөз етпегенін білдім. Сондықтан, осы тақырып аса қызықты, әрі тәрбиелік мәнге зор ие екенін сеніммен айтамын.
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады.
Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Баскиім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата - аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған. Бас киімді екі түрге бөлген. Ер бала және қыз бала, әйелдер сәлде, картоз, тақия киеді. Қыз балалар – кәмшат бөрік, тақия. Әйелдер бас киімі – сәукеле, кәмшат бөрік, қасаба, кимешек, шылауыш.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, V том
2. Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Новосибирск, 1988.
3. Тохтабаева Ш.Ж. Функция казахской традиционной одежды //Известия НАН РК Серия общественных наук. 1994. №1. С.14-28.
4. Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. Алматы,1996. – 192 б.
5. Қазақ халқының ұлттық киімдері.Алматы, 2007. – 384 б.
6. Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.
7. Ел арасындағы мәліметтерден
8. Арғынбаев Х. А. Қазақ халқының қол өнерi. - Алматы, 1987.
9. Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре, Алматы. 1957.
10. Жәнiбеков Ө. Уақыт керуенi. -Алматы: Жазушы, 1992.
11. Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Қазақстан сәндік өнері. – Алматы, 2002.
12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің этнографиялық коллекциясы (серия) Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі // иллюстрацияланған ғылыми каталог// Алматы: Өнер, 2009.
13. Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. – Алматы, Алматыкітап, 2011. – 384 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері екі нәрсеге баса, қатал қараған. Оның бірі - тіл болса, екнішісі - Әдет-ғұрып, салт-дәстүр. Бүгінгі жұрттың, әсіресе қазіргі жастардың бұдан жүген ұстап жүргендері аз емес. Кейбірі ата салттың әлібі мен биін де білмейді. Ондай салт-сананыңқазір жұрты жатыр, өзі жоқ. Бұл жолы осы салт-дәстүрдің, оның ішінде ұлттық бас киімдер турасында зерттеу жүргізуді жөн көрдім.
Зерттеуімді жазу барысында сонау заманнан, осы күнге дейін атам қазақтың ұлттық киімнің, ұлттық бас киімдердің әрбіреуіне аса мән беріп, олардың киесі жөнінде аз сөз етпегенін білдім. Сондықтан, осы тақырып аса қызықты, әрі тәрбиелік мәнге зор ие екенін сеніммен айтамын.
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы -- киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады.
Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Баскиім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата - аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған. Бас киімді екі түрге бөлген. Ер бала және қыз бала, әйелдер сәлде, картоз, тақия киеді. Қыз балалар - кәмшат бөрік, тақия. Әйелдер бас киімі - сәукеле, кәмшат бөрік, қасаба, кимешек, шылауыш.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ әдебиеттерінің көпшілігінде қазақ халқының ұлттық киімдерін, оның ішінде ұлттық бас киімді негізге ала отырып зерттелмеген тұстары жоқтың қасы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдерінің, оның ішінде ұлттық бас киімдердің пайдас мен әсемдегінін қазіргі ұрпаққа насихаттау. Осы зерттеу жұмысының маңыздылығы мен құндылығын ашу, ұлытық киімдерді тұрмыс-тіршілікте ұтымды қолдану және байыту.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, 3 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалардан тұрады.

І ТАРАУ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ ҒҰРЫПТАРЫ

0.1 Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары
Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон - ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген[1].
Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық - күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық - шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған[2].
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.
Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер "кісе" деп аталады. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды. Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды. Шашқа салатын әшекейлер - өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орт. алқалары түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі түсті асыл тастармен безендірілді.
Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, "бой тұмар", белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана - шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасаған. Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю, ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерлеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды (қазақ Зергерлік өнер). Мұндай сәндік бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді. Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз[1].
0.2 Қазақша мата атаулары және олардың түрлері
Орта Азияны мекендеген халықтар көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ауыса бастады. Көшпенді халықтардың киім тігуге пайдаланған маталары жайлы деректер кездеспейді. Олар жайлы алғашқы жазбалар Қазан революциясынан кейін пайда бола бастады. Қашқардан Орталық Азияға әкелінген маталар жайлы Шоқан Уәлихановтың күнделіктері мен сызбаларында жақсы баяндалған. Бұдан басқа деректерді түрік халықтарының сөздіктері бойынша қалыптастырған.
Халықтың дерлігі мал шаруашылығымен айналысқандықтан жүннен мата тоқуды жақсы меңгерген. Тазартылған жүн ұршықпен иіріліп, өрмек станогы арқылы мата тоқылған. Мата тоқуға түйе, қой, ешкі жүндері пайдаланылған. Қой жүнінен иірілген жіптер киімге тігуге аса көп қолданылмаған. Қой жүнінен тоқылған матаны қайнап тұрған суға салып жұмсартып, шапан, шекпен, шалбар, кебенек, аяқ орауыштар, белдіктер жасаған.
Отырықшылық тұрмыс қалпына көше бастаған қазақтар мақта өсіріп, мата тоқуды кәсіпке айналдыра бастады. Алайда бұл кәсіпті өзбектер мен түрікмендер жақсы меңгерген. Мақта маталардың ішінде бөз мата өте танымал болды. Оны сапасы төмендеу боялған мақтадан тоқитын.
Сонымен қатар, Орта Азия елдері зығыр өсімдігі талшықтарынан мата өндіруі жайлы қытай, орыс деректерінде айтылады. Оған қоса қарақалпақтардың кендірден мата өндіретіндігі жайлы жазбалар да бар. Ал жалпы жібек, жүн маталар ертеден шет елден алынып отырған. Оны ата-бабаларымыз сый ретінде, соғыстан түскен олжа және шаруашылық өнімдеріне ауыстырып отырған.
Қазақ халқы пайдаланған мата атаулары:
1. Жібек - беті тегіс, жылтыр, қымбат мата.
2. Қамқа - зерлі жіптен тоқылған жібек мата.
3. Қатипа - жол-жолы бар жұқа жібек мата.
4. Торқа - ең қымбат жібек мата.
5. Торғын - қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
6. Патсайы - тығыз тоқылған жібек матаның бір түрі.
7. Биқасап - енсіз жібектен тоқылған жолақ мата.
8. Дүрия - жылтырауық тығыз жібек мата.
9. Баршын - жолақты жібек мата.
10. Насар - жібек кездеме.
11. Қырмызы - жоғары сапалы қызыл жібек.
12. Пай немесе пайы - жібек мата.
13. Парша - алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
14. Сәрпөңке - астарлық жібек мата.
15. Барқыт - түгі тығыз жібек мата.
16. Шибарқыт - бет жағы жол-жол болып келген барқыттың бедерлі түрі.
17. Баршын - жолақты жібек мата.
18. Құлпы - өңі құлпырып тұратын жібек мата.
19. Қазине - жібектен қалыңды-жұқалы етіп тоқитын мата. Қазине қамзол кидім қиылмаған (С.Мұқанов).
20. Тібен - түрлі түсті қалың мата.
21. Мақпал - тығыз тоқылған, қалың, түкті барқыттың бір түрі.
22. Мақпалдың қара мақпал - қара барқыт; қой мақпал - түкті пүліш, қырмызы мақпал - қызыл күрең барқыт деген үш түрі бар. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған[3].
23. Сәтен - сапалы мақта жiбiнен тығыз етiп тоқылған жылтыр мата.
24. Шағи - жұқа келген жұмсақ мата.
25. Шұға - жұмсақ майда түкті жүн мата.
26. Манат - сырткиімдік барқыт сияқты бағалы шұға.
27. Мауыт - оң жағы майда түкті келген қалың мата.
28. Қыжым - сапалы жүннен тоқылған түкті мата, плюш.
29. Қойқын - жуан жіптен тоқылған қалың мата.
30. Ләңке - сырткиімдік матаның бірі түрі.
31. Ұштан - ақ түсті тығыз мата.
32. Шөжім - ішкиімдік, арзанқолды жұқа мата.
33. Саң - шыттан қалыңдау, ақ түсті мата.
34. Шыт - жеңіл әрі арзанқол жұқа мата.
35. Бояқ - кездеменің боялған түрі.
36. Боян - боялған бөздің бір түрі.
37. Борлат - қызыл түсті жұқа мата.
38. Дабы - жұқа ақ матаның бір түрі.
39. Ләмбек - сырткиімдік судыраған жылтыр қара мата.
40. Бөз - шаруалардың ішкиім үшін пайдаланатын, қолдан, мақтадан тоқитын матасы.
41. Аңдабы - жұқа ақ мата.
42. Ақсаң - ақ мата, сұпы.
43. Сиса - мақтадан тоқылатын, арзан бағалы, түрлi түстi, жұқа шыт мата.
44. Бәтес - мақтадан тоқылатын жұқа ақ мата.
45. Борлат - қызыл түсті жұқа мата.
46. Бүлде - сапалы, қымбат мата.
47. Доқаба - сырты түкті барқыттың жақсы түрі.
48. Үлде - қымбат жұқа мата.
Бешпет, шалбар көбіне көгілдір, қоңыр, шымқай күрең мәуіті, барқыт, бедерлі жібек маталардан тігілген. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігілді, тұскиіз жасалды, баскиім тысталды. Дүрия, шағи сияқты жібек маталармен жекей тымақты тыстау сәнде болған. Сәукелеге салтанаттылық беру үшін оны күрең немесе шымқай қызыл барқытпен тыстаған.
Ал ішіктердің сыртын шұға, мәуіт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған.
Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен.
Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігілген. Ал әйелдердің белдігін негізінен, жібек пен барқыттан тіккен[5].

ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАС КИІМДЕРІ
2.1 Ерлер бас киімі және оның ерекшеліктері
Ұлттық киімнің негізгі құрамдас бөлігі ретінде бас киім аса мәнді, сәнді де ерекше көрінеді. Онда жас, жыныстық және аймақтық ерекшеліктер берік сақталған. Қандай да бір бас киімді киген адамның әлеуметтік мәртебесін немесе діни ерекшелігін анықтауға болады. Мысалға, мұрақты Шыңғыс ханның ұрпақтары болып саналатын төрелер ғана киген (XIX ғасырдың еікші жартысынан бастап қарасүйек қазақ шонжарлары да кие бастаған).
Көптеген халықтардың дәстүрлі наным-сенімі бойынша шаш - жанның тұрақтайтын орны. Шаш қойысы мен бас киімінің өзгеруі адамның және оның жанының есейуін білдіреді. Балалардың, қыз бойжеткендердің әлеуметтің мәртебесі жиі өзгеріп отыруына байланысты, олардың бас киімдеріне тағылатын тіл-көзден сақтауыш үкі қауырсыны мен көз тастары айрықша қызмет атқарады. Ырым-тыйымдар жүйесінде бас киімнің төңкеріліп қойылмауы, теріс қаратылып киілмеуі, жерге тасталмауы сияқты салттық жоралғыға негізделген қызметтері де айқындалады[6].
Мұрақ - лауазымды адамдар киетін, екі жағы қошқар мүйізденіп келген, салтанатқа ғана арналған қалпақ түрі. Мұраққа қарап халық мансапты адамды айырады. Оюлап, өрнектеп, әртүрлі алтындаған, күмістелген жіптермен зерленеді. Мұрақты әр жерде әртүрлі атпен айыр қалпақ, сәукеле қалпақ деп те атап келген. Мұрақты киюдің өзіндің тәсілі болды: оны тік арнайы тігілген шошақ қалпақтың сыртынан киетін болған. Бас киімнің бұл түрінің тек ғұрыптық, салтанаттық қана маңызы болғандығы сондықтан. Өкінішке орай, мұрақтың қазіргі қолданысы мен жасалу техникасы дәстүрлі үлгіге мүлдем келмейді.
Қалпақ - төбесі шошақ, етегі кең келген ерлер бас киімі. Көбіне күзем жүні мен ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр жұқа ақ киізден тігіледі. Киізден жасалған, ұшы үшкір бас киім алғаш рет Пазырық қорғанынан табылған. Қалпақ төрт және одан да көп сайдан құралып, жиегі қайырмалы болады. Салтанатты ақ қалпақтарды ақ жібекпен кестелеген, айналдыра күміс оқамен көркемдеген, ал шетін жиектеп бау тігістермен әшекейлеген. Осындай қалпақты қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да киген. Бұл қалпақ Эрмитажда сақтаулы тұр.
Тымақ терісіне қарай сусар, елтірі, түлкі, барыс, бұлғын, далбай, сеңсең, жабағы тымақ, қарсақ, пұшпақ тымақ және пошымына қарай жаба салма, қайырма, төрт сай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ деп бөлінеді. Түлкі пұшпағы, сусар, құндыз терісінен жасалған тымақтар сәнді де бағалы болып саналады. Түлкі тымақты қыста, пұшпақ, жекей тымақты жаз, күз айларында тақия немесе шыт сыртынан да кие береді. Олардың көп түрлері Санкт-Петербургтегі ориенталлиттер көрмесінде көрсетілген.
Малақай - ішкі жағына қатты материал салып немесе жұқа етіп мақта күсіп сырылған, қыста киетін жылы бас киім түрі. Малақайды тысты, тыссыз бітеу деп бөледі. Тысты малақайларды қымбат былғарымен тыстаса, бітей тымақтардың тысы тұтастай аң терілерінен жасалынады.
Бөрік - бөрі қасқыр деген сөзден шыққан. Ал, қасқыр түрік тайпасының байырғы тотемі саналған. Бөрік қозы, қой немесе түрлі аң терілерінен әртүрлі үлгіде тігіледі. Төбесі көбінде төрт сай немесе алты сай болып келеді. Қыздар киетін бөріктің төбесіне үкі немесе әртүрлі шашақ тағып, зерлі жіппен кестелеп, меруерт, маржан тізбелер мен алтын немесе күміс түймелер таққан. Аталуы жиегінің белгілі бір аң терісімен көмкерілуіне байланысты болды: құндыз, сусар, пұшпақ бөрік және т.б. Камшаттың үлбірімен көмкерілген бөрік - камщат бөрік деп аталынған. Махмұт Қашқари үлбірлі тымақтарды камач бөрік деп атаған. Эрмитажда сақтаулы тұрған камшат үлбірімен көмкерілген бөрік Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыстікі деп саналады.
Тақия - тысы сыру, кестелеу, қол кестелеу әдісімен тігілген жеңіл әрі шағын бас киім. Жасалу техникасына қарай зерлі, оқалы, үкілі, бедерлі, сырма деп бөлінсе, пошымына қарай шошақ төбежәне тікше деген түрге бөледі. Етегі аласа,төбесі төрт сай болып келетін кестелі шошақ тақиялар Оңтүстікті, ал тегеріш тақиялар Орталық және Шығыста көбірек кездессе, жалпақ төбелі, етегі биік, тостаған сияқиы түрлері Батыс өңірге тән. Оны Маңғыстау өңірінде телпек, шығыстағы қазақтар кепеш деп атайды. Іші елтіріден немесе аң терісінен жасалатын, матамен тысталатын бөрікті Арқада тақия дейді. Қазақтардың киетін тақиялары жібек, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Ертеректе оның шеттері ақ тиіннің, сусар мен бұлғынның үлбірлерімен көмкерілген, күміс және алтын ызбалармен әшекейленген. Суретші П.Қошқаров тақияның нақышталған, қымбат матадан жасалған суретін салған. Ш.Уәлиханов және Жанайдаровқа тиесілі әдемі тақиялар ориенталистердің көрмесінде экспонатқа қойылған.
Жалбағай, балшық, далбай, күлпара деп аталатын бес киім түрлері тымақ тәрізді қалың немесе жұқа матадан да, жұқа ақ киімнен де тігіледі. Олардың пошымы бір-біріне ұқсас. Кең, мол пішілген, бас киімнің ту сыртынан киіліп, иықты жауып тұратын, жауын, желден қорғайтын бас киімнің ерекше түрі. Жаз, күз, көктем айларында киеді. Жаңіл, жылы, қолайлы жұмыс киімі - күлпараның төбесін шошақ етіп пішіп, екі қабат матадан сырып тігеді.
Ерлердің бас киімі бөрік көбіне кәдеге жаратылған аң терілерінің атымен: құндыз бөрік, сусар бөрік, пұшпақ бөрік деп аталған.
Оңтүстік аймақтарда қой терісінен тігілген, түрмесі үлкен бөрік киеді.
Бөріктің неғұрлым жүнді де жылы түрлері Батыс Қазақстан, Атырау жағында жиі кездеседі. Жетісу, Семей, Өскемен жағында жалпақ және биік түрмелі үлгілері көп. Әр облыста (әр жүзде) тымақ әр алуан үлгіде тігіледі. Олардың әрқайсысын "арғын тымақ", "үйсін тымақ", "найман тымақ" деп немесе "ұлы жүз үлгісі", "орта жүз үлгісі", "кіші жүз үлгісі" деп түр-түрге бөліп айтады.
Жекей тымақ деп -- жаз бен күзде киетін әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі тымақты айтады. Жекей -- сәнді деген сөз.
Егде жастағы ер адамдар дөңгелек тақиясын басынан тастамаған. Сыртқа шыққанда оның үстіне бөрік, тымақ, қалпақ киетін болған. Тақияның ең қарапайым әшекейі -- шеңберінің айналасына берілетін иректелген сызықша. Жастардың тақиясы күмбезінің төрт жағынан жібек немесе зерлі жіптермен шұғыла, гүл тағы да басқа өрнектермен көмкерілетін болған[7].

2.2 Әйелдер бас киімдері және оның ерекшеліктері
Қазақ қыз-келіншектері киімінің негізгі ерекшелігі - тұла-бойды жауып тұратындығында. Әйелдің киімі, әсіресе, бас киімі оның жасы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық киімі бас киім
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
КИІМ ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақтың ұлттық әйелдер комзолын өндеу
Қазақ костюм тарихы
Сәндікқолданбалы өнері арқылы технология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
Ұлттық киімдер
Қазақ қыз ұлттық киім сән үлгілерінің конструктивті ерекшеліктері
Пәндер