Акционерлік қоғамның түсінігі, заңды тұлғалар жүйесіндегі орны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ТҮСІНІГІ, ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ . . . 8
1. 1 Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы . . . 8
1. 2 Акционерлік қоғамды құру тәртібі . . . 12
1. 3 Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары . . . 20
2 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДЫ БАСҚАРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ . . . 31
2. 1 Акционерлiк қоғамды басқару . . . 31
2. 2 Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның құжаттары . . . 43
2. 3 Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату . . . 46
2. 4 Акционерлік қоғам мүлкінің құқықтық режимі. Жарғылық капитал . . . 50
3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ . . . 56
3. 1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары . . . 56
3. 2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 74
КІРІСПЕ
Қазақстанның тәуелсiздiк алып егемендi мемлекет болуы, экономикада Кеңес өкiметi жылдарындағы төтенше орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуi тарихта теңдесi жоқ бетбұрыс болды. Қоғам мүшелерiнiң өзiнiң жеке меншiгi мен өз дәулетiн арттырудағы мұдделiлiгiн, ынта- ықыласын күшейтуде нарқытық экономиканың орны айрықша, рөлi зор.
Сондықтан да, қазiргi күндерi бұрын қоғамдық мемлекеттiк меншiк болып келген құрал-жабдықты, орта дәулеттi жекешелендiру, жеке шаруашылық пен кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған кең ауқымды шаралар жүзеге асырылуда, мемлекеттiк меншiкпен қатар жеке меншiк те жедел дами бастауда. Кәсiпкерлiктiң өркендеуiмен жеке меншiктiң жаңа ұйымдық нысандары пайда бола бастауда және уақыт өткен сайын кемелденуде.
Республикамызда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы ең кең дамыған ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға- Акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамның рөлі мен мағынасы 1998 жылдың 10 шілдеде арнайы «Акционерлік қоғам туралы» заңның қабылдануымен де ерекшеленді. Алайда, бұл заң Азаматтық кодекстің көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, 2003 жылдың 13 мамырында Қазақстанның экономикалық және құқықтық жағдайы ескеріле отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы ерікті не еріксіз түрде акционерлік қоғамдармен қатынастарға түседі. Азаматтардың көбісі акционерлік қоғамдарда қызмет етеді, өз қаражаттарын негізінен акционерлік қоғам болып табылатын банктерде сақтайды және де көбіміз акционерлердің өздері болып келеміз. Айтып кететін жайт, Қазақстандағы акционерлік құқық өзінің алғаш қадамдарын жасап жатыр және бұл қадамдары сенімді, әрі дұрыс бағытта. Сондықтан, тамыр-түбірлі жаңарған ғылымға қатысты заңнама қызметін тоқтатпай, керісінше, оны дамытып, акционерлік қоғамды реттейтін заңнаманы түсініп, оқып, қолдана білуі -бұл заман талабы болуына көз жеткіземіз.
Акционерлеу кәсіпкерлік сияқты, және олардың қызметін реттеу толығымен дамымаған, сол себепті, олармен байланысты әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер әруақытта жариялы түрде көрінбейді.
Бұған себеп - нағыз нарықтық жүйенің, нарықтық экономиканың түбегейлі дамымау салдарымен, өндіріс көлемінің түсуімен байланысты қақтығыстар мен кемшіліктердің туындауымен, жемқорлықтың кеңінен тарауымен, әртүрлі қаржылық және экономикалық қылмыстардың көбеюімен. Және де осының бәрі жеткілікті құқықтық ықпалдың болмауынан көрініс табады. Қоғамдағы бәсекелестіктің бәсең болуы, ұлттық өнімдердің көптеген түрлерінің шетелдік тауарларға қарсы шыға алмауы мен импорттық қысымынан да проблемалар туындайды.
Бүгінде Қазақстанда, Ресей Федерациясымен салыстырғанда, акционерлік кешендерге мемлекеттік қолдау көрсетуде.
Акционерлеу процессінің эффективті дамуына және тереңденуіне көңіл аудару, акционерлік қоғамның мақсатына сай қызмет етуі, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік органдардың қолауымен концерндерге, холдингтерге, қаржы-өндірістік топтарға айналу мүмкіндігі, сонымен бірге бұл процесстерді сәйкесінше құқықтық және мемлекеттік реттеу- негізгі ұлттық экономиканың энергетика саласынан агроөндірістік саласына дейін көтермелеу мүмкіншілігін туғызады.
Жақсы ойластырылған, үлкен мүмкіншіліктерге бағытталған жекешелендіру мен акционерлеу стратегиясы, акционерлік қоғамның қызметін дұрыс құқықтық реттеу мен олардың эффективті қызмет етуі дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстан Республикасының экономикасы мен құқығының рөлін көтеруге байланысты маңызды фактор болуы әбден мүмкін.
Акционерлiк қоғамдар жөнiнде бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылып та, көп жазылып та жүр. Қазақстан нарықтық экономикасының бiр элементiндей болып кеткен акционерлiк қоғамдар туралы бiз не бiлемiз? Оның бiз үшiн маңызы қаншалықты? Қазiр көптеген кәсiпорындар шаруашылық жүргiзудiң осы түрiн нелiктен таңдайды. Мен осы еңбегiмде осы сияқты сансыз сұрақтарға жауап iздеуге тырыстым.
Жұмыс жазу барысында Қазақстанның және шет елдердің әдебиеттері қарастырылды, сонымен бірге Акционерлік қоғамның қызметін реттейтін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, азаматтық құқықтың нормалары қолданылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Акционерлiк қоғам- азаматтық құқық ғылымының маңызды сұрақтарының бірі болып табылады, себебі осы ұйым нысаны қазіргі күні кең таралып, қарқынды даму жолында. Ол бүкіл ұйымдар арасында демократиялық қағидаларға ең жақын нысан бола келіп, ел экономикасына, әлеуметтік жағдайына, түгелдей құқық жүйесіне өз әсерін, пайдасын тигізеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастардағы акционерлiк қоғам тақырыбы өзектілігін ешқашан жоғалтқан жоқ, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңде бұл тақырыптың маңыздылығы артуда. Аталған тақырыптың қазіргі таңда өзекті болуының бірнеше айқын себептері бар.
Азаматтық-құқықтық қатынастардағы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы тақырыбы азаматтық құқық ғылымының іргелі тақырыптарының бірі болып табылады, осында өз шешуін таппаған көптеген даулы сұрақтардың болуы және ол сұрақтар нарықтық экономика жағдайында өзгеше келбетті иеленді. Яғни, “азаматтық-құқықтық қатынастардағы Акционерлiк қоғам саласындағы құқықтық жағдай тақырыбын көптеген ғалымдар зерттеген, бірақ осы кезге дейін бұл сала бойынша туындап отырған кейбір сұрақтарға қатысты біршама сұрақтары бойынша бір түбегейлі шешім жоқ”.
Жұмыстың зерттеу объектісі мен пәні. Жұмыстың зерттеу объектісі - азаматтық-құқықтық қатынастардағы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын анықтау, жан-жақты зерттеп, салыстыру, акционерлік қоғамдардың пайда болып, қазіргі құқықтық жағдайларын анықтауға бағытталған. Аталған дипломдық жұмыста акционерлік қоғамның жағдайын негізінен құқықтық жағынан жүзеге асырылуын қарастырдық. Онда акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы туралы толық ақпарат бере отырып оның тарихи қалыптасу тарихын, отандық және шетелдік тәжірибе жөніндегі ақпараттар талдай отырып осы заманға тән келелі мәселелерді талқыладық, сонымен қатар қызмет ету тиімділігін көтеру жолдарын, оларды азаматтық-құқықтық заңнамалармен реттеу, жалпы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы бойынша тарихы, түсінігі және тағы да басқа мәселелері қамтылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты, зерттеу нәтижесінде нарықтық тұрғыда азаматтық-құқықтық қатынастардағы акционерлік қоғамдар бойынша олардың құқықтағы дайындығын ашып, оның әрі қарай даму жолын, бағыт-бағдарын анықтау; акционерлік қоғамдар бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарды заңды тұрғыда орнату және қолдануды реттейтін құқық нормаларын талдау арқылы оларды жетілдіру үшін ғылыми-тәжірибелік ұсынымдар жасау.
Аталған мақсатқа жету үшін жұмыс алдына келесі міндеттер қойылады:
- нарықтық тұрғыдағы азаматтық-құқықтық қатынастардағы акционерлік қоғамдар бойынша маңыздылығын, даму перспективаларын анықтау;
- азаматтық-құқықтық қатынастардағы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы бойынша азаматтық коммерциялық ұйымдар жүйесіндегі орнын белгілеу;
- азаматтық-құқықтық қатынастардағы акционерлік қоғамдар бойынша ережелер белгіленген заңнамаға, қоғам жарғысына талдау жасау.
Зерттеу тақырыбының ғалымдармен қарастырылу деңгейі. Азаматтық-құқықтық қатынастардағы ипотекалық қызмет көрсету сұрағы барлық уақытта өзекті болғандықтан, оны зерттеген және зерттеуші авторлар жетерлік. Бұл тақырыпты зерттеген барлық авторларды атаудың өзі жұмыстың біраз мөлшерін алар еді, осындағы біршама авторларды атап өтсек келесідей жалпы сипаттама беруге болады.
Бұлардың қатарына шетелдік және отандық бұл саланының дамуына зор үлес қосқан келесі ғалымдарды атауға болады: Ю. Г. Басин, А. Г. Диденко, М. К. Сулейменов, Төлеуғалиев., Иоффе О. С., , З. О. Ашитов, Шаикова С. С. Жайлин Г. А., Шевченко Я. Н., Яковлева Е. М. және т. б. Аталған авторлар, азаматтық-құқықтық қатынастардағы ипотекалық қызымет көрсетуге тиесілі сұрақтардың басым көпшілігін қарастырды деп айтуға болады. Жалпы жұмысты қарастыру барысында көптеген цивилист заңгер авторлардың еңбектерін зерделей отырып, жұмысқа және тәжірибеге аса құнды көптеген ақпараттармен танысып, білім дәрежемді жетілдіру мен топшалауға қажетті біршама ақпараттармен таныстық.
Жұмыстың әдістемелік негіздемесін құбылыстарды диалектикалық таным теориясы, тәжірибелік және теориялық зерттеу жүргізудің жалпы әдістері құрайды (құқық-салыстырмалық әдісі, функционалды құрылымдық әдіс, құқықтық-тарихи әдіс, жүйелеу әдісі, талдау және жинақтау, индукция, дедукция) .
Зерттеу жұмысының жаңалығы акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы тақырыбының қазақстандық нарықтық қажеттіліктер тұрғысынан алғаш рет кешенді түрде зерттелуімен анықталады. Отандық азаматтық құқықта аталған тақырып бойынша іргелі зерттеулер бұрын соңды жүргізілмеген, осыған байланысты біздің жұмыс осы кемшілікті түзеуге бағытталған. Жұмыстың ерекшелігі, оның терең теориялық бағыты, яғни жақсы теория ұтысты тәжірибенің алғышарты.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тоғыз бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. “Кез келген нәрсе тарихтан басталады” демекшi, мен акционерлiк қоғамдардың пайда болу тарихына жалпы шолдым. Бірінші тараудан жасадым және бұл ұғымға түсінік бердім, ал екінші тарауда негізінен акционерлік қоғамдардың құрылымына, басқару ерекшелігіне, мүлкінің құқықтық режиміне құқықтық назар аударып, жалпы қоғамда алып отырған мәселелеріне арналады. Сонымен қатар, акционерлiк қоғамдардың өз қызметi барысында қайта ұйымдастырылуы және олардың таратылу тәртiбi қамтыла келе, нарықтық экономика жағдайында өмiр сүрiп отырған бүгiнгi Қазақстанның акционерлiк қоғамдардың даму перспективаларын зерттедім. Үшінші тарау акционерлік қоғамның қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында шетелдік тәжірибесін ала отырып жетілдіру жолдарына тоқталдым.
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ТҮСІНІГІ, ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1. 1 Акционерлік қоғам түсінігі, даму тарихы
Акционерлiк қоғам- бұл заңдық құқығы, жарғысы бар қоғам. Бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 85-бабында мынадай анықтама берiлген. “өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi”.
Азаматтық кодексінің 85-бабының 1, 2-тармақшаларына сәйкес, «өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады». Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Корпоративтік (бірлескен) жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді [1, 23 б] .
Акционерлік қоғам - коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны. Алайда, заңдарда қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында табыстары тек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін (АК-ның 85-бабының 5-тармағы) . Мысалы, дүниежүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар.
Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заң қабылданғанға дейін Қазақстан заңдары ашық акционерлік қоғамдармен қатар, жабық үлгідегі акционерлік қоғамдардың да өмір сүруін көздеді. Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала белгіленген адамдар арасында бөлінетін қоғам бұрынғы қолданыстағы заңдар бойынша жабық қоғам болып есептелетін (2003 ж. 16 мамырға дейінгі АК-ның 86-бабының 3-тармағы) . Жабық қоғамдар мемлекеттік монополияларды сақтау үшін немесе үшінші тұлғалардың енуін шектеу үшін құрылатын. Бұл жағдайда көлденең капиталды тарту акционерлік қоғамның негізгі мақсаты болудан қалды да, тұлғалық жағдай алдыңғы қатарға шықты. Сондықтан жабық акционерлік қоғам өзінің жаратылысы жөнінен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке дейін болғанын кейбір ескертулермен айта аламыз. Онда тұлғалық элементтер жария элементтермен бәсекелесіп, көп ретте басым түсіп отырды.
Ашық қоғамдар - акционерлік қоғамның барынша табиғи және кең таралған нысаны. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері дерлік қоғамның құрылтайшылары бола алады. Жалпы ереже бойынша, мемлекеттік мекемелер қоғамның акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өздерінің құзіреті шегінде акционерлер бола алатын Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық Банк бұған жатпайды. Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының атқаратын қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 5-бабының 2-тармағы) .
Акционерлік заңдар көлемінде Ұлттық компаниялар қызмет етеді. Ұлттық компаниялар акцияларының барлық пакеті мемлкеттің қолында болады. Ұлттық компаниялардың құқықтық режимінің бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың көпшілік бөлігі жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылған, өздерінің контрагенттермен қатынастарында мемлекеттік органның және коммерциялық ұйымдардың атқаратын қызметін үйлестіреді және Акционерлік қоғамдар туралы заңмен қатар, Үкіметтің бірқатар қаулыларымен және заңдармен реттеліп отырады. Акционерлік қауызға оранған ұлттық компания, шын мәнінде, заңды тұлғаның жаңа түрі болып табылады деп есептейді Ю. Г. Басин. Мүмкін, уақыт өте келе, заң шығарушылар заңды тұлғаның жаңа нысаны - ұлттық компанияны мойындайтын болар. Ал әзірше жабық акционерлік қоғамдардың таратылуына байланысты мемлекеттік ұлттық компаниялардың қандай ұйымдық-құқықтық нысанға өзгеруі керектігін шешуі тиіс.
Акционерлік қоғамның заңды тұлға мәртебесіне ие болатындай барлық белгілері бар, бұлар:
Ұйымдық бірлік. Бұл акционерлік қоғамның заңнамасымен, жарғы, жергілікті нормативті-құқықтық актілермен бекітілген және аз дегенде 3 элементтен құрылады:
Біріншіден- субъектілердің бірігуіне мүмкіндік беретін, әлеуметтік өзарабайланыс жүйесінің болуы.
Екіншіден- құрылу мен жұмыс істеудің белгілі бір мақсаты болуы. Акционерлік қоғам, кез-келген әлеуметтік бірлестік ретінде өз мақсаттары бар бірлестік. Акционерлік қоғам басқа да коммерциялық бірлестіктер сияқты ең негізгі мақсаты- пайда табу [2, 15 б] .
Экономикалық белгі-мүліктік оқшауланушылық. Бұл акционерлердің жарғылық капиталға қосқан үлестен, сонымен бірге қоғамның заң негізінде қызмет ету нәтижесінде пайда болған мүліктен құралады.
Материалды-құқықтық белгі. Бұл екі элементтен құралады: азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету мен дербес мүліктік жауапкершілік. Яғни, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болып, олар бойынша жауапты болуы. Әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы да, мемлекет те жауап бермейді.
Іс-жүргізушілік-құқықтық белгі- сотта талапкер мен жауапкер болу мүмкіндігі.
Осыған қоса, Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы ерікті не еріксіз түрде акционерлік қоғамдармен қатынастарға түседі. Азаматтардың көбісі акционерлік қоғамдарда қызмет етеді, өз қаражаттарын негізінен акционерлік қоғам болып табылатын банктерде сақтайды және де көбіміз акционерлердің өздері болып келеміз. Айтып кететін жайт, Қазақстандағы акционерлік құқық өзінің алғаш қадамдарын жасап жатыр және бұл қадамдары сенімді, әрі дұрыс бағытта. Сондықтан, тамыр-түбірлі жаңарған ғылымға қатысты заңнама қызметін тоқтатпай, керісінше, оны дамытып, акционерлік қоғамды реттейтін заңнаманы түсініп, оқып, қолдана білуі -бұл заман талабы болуына көз жеткіземіз.
Белгілі заңгер ғалым Ғ. Төлеуғалиевтің жазуынша, әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. «Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлау тәртібі және олардың өкілеттілігі, заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді» [3, 12 б] . Аталған ғалым сондай-ақ «мүліктік оқшаулық- заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып табылады. Және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар. Ал дербес мүліктік жауапкершілік дегенеміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі» дей келе: «Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін» деп ой тұжырады».
Жалпы, Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. «Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым- заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек». Сондай-ақ М. Сүлейменов пен Ю. . Басиннің пайымдауынша, «ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіркеуге болмайды [4, 78 б] . Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектуелі серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22 пайызы бір адамнан тұратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жаупкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар байқалады. Бұлардың Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салғанымен, әлде бір оқиғалардың нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалаған бір мүшесіне корпорацияның борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады.
Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Бірақ қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар құрауға мүмкіндік беруді көздейді. АК-ның 40 және 58-баптарында жазылған. Осы ретте заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
Азаматтық кодекстің 41-бабында заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асыратыны жазылған. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді. Ал құрылтай шартын - құрылтайшылары жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар болуы тиіс.
Акционерлiк қоғамдар қазiргi кезеңде кәсiпкерлiктiң ең көп тараған түрi, әлемдiк экономиканың “арматурасы” десе де болғандай. Олай деуiмiздiң бiр жайы, тарихи тәжірибеде акционерлiк қоғамдар өз тиiмдiлiгiн талай рет дәлелдеген. Негізінен Акционерлік қоғамның алғашқы қарлығаштары XV-XVI ғ. ғ. Генуяда әулие Георгия, Миланда әулие Амвросия банктерiнiң құрылуымен байланысты пайда болды [5, 24 б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz