ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелді басқарудың мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе . . .
4
Мазмұны: 1 Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелдердің экономикалық мазмұны . . .
7
Мазмұны: 1. 1 Банктік тәуекелдердің маңызы мен пайда болу себептері . . .
7
Мазмұны: 1. 2 Несиелік тәуекелді басқаруды сипаттайтын көрсеткіштер . . .
11
Мазмұны: 1. 3 Несиелік тәуекелді басқарудың шетелдік тәжірибесі . . .
24
Мазмұны: 2 Коммерциялық банктің несиелік тәуекелді басқару тиімділігін талдау («Банк Центр Кредит» АҚ мысалында) . . .
29
Мазмұны: 2. 1 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің даму жағдайы . . .
29
Мазмұны: 2. 2 «Банк Центр Кредит» АҚ-ның қызметінің қазіргі жағдайы . . .
39
Мазмұны: 2. 3 «Банк Центр Кредит» АҚ-ның несиелік тәуекелді бағалау мен талдау . . .
49
Мазмұны: 3 Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді басқару проблемалары және оларды төмендету жолдары . . .
60
Мазмұны: 3. 1 Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді төмендету жолдары . . .
60
Мазмұны: 3. 2 Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді басқару бойынша несиелік тәуекел менеджментін дамыту . . .
66
Мазмұны: Қорытынды . . .
76
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
79
Мазмұны: Қосымшалар . . .
82

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Банктік жүйеде әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі 2010-2011 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары көзделген.

Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін басқарудың бүгінгі күнге сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.

ҚР Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.

Шынымен де, Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының бәсекелестікке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі олардың тәуекелдерінің басқарудың тиімділігін арттыруға терең мән беру қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелдерін басқаруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.

Коммерциялық банктердің қызметінде тәуекел іс-жүзінде кез-келген банктік операцияларды атқару барысында орын алады, былайша айтқанда тәуекелсіз - кәсіпкерлік жоқ.

Соңғы кезеңдерде Қазақстанның банктік жүйесінде елеулі өзгерістер байқалуда. Лидер банктер анықталып, банктік маманданудың негізгі бағыттары құрылды, қаржылық институттар арасында клиенттік базаны бөлісу аяқталды. Бірақ, нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты банктер өміріне тәкекелділік ұғымы тұрақты енді. Әр түрлі операциялар кезінде тәуекелділікті дұрыс бағалаудың маңызы арта түсуде.

Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық сфераларында экономикалық қайта құру процесі жүргізілді және әрбір банктерде оның қаржылық, шаруашылық концепциясында тәуекел мәселесі бірден-бір басты мәселе болып шыға келді.

Қазақстан Республикасының банктік заң актілеріне байланысты банк қызметіне әсерін тигізетін ішкі және сыртқы факторларға байланысты мүмкін болатын өтімділікті немесе қаржылық жоғалтуларды айтамыз.

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда.

Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР екінші деңгейдегі банктердің қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы несиелік тәуекел-менеджменттің тиімділігін арттыруға тікелей байланысты, әсіресе қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында оның маңыздылығы арта түсуде.

Демек, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелді басқару тиімділігін арттыруға арналған және бүгінгі банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл дипломдық жұмысының тақырыбы - ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны ешқандай да күмән тудырмайды.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелді басқару тиімділігін арттыруға байланысты өзекті мәселелер, өз кезегінде дипломдық жұмыстың мақсаты болып және басты міндеттерін анықтап отыр.

Дипломдық жұмыс мақсаты - ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелді басқарудың мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру.

Дипломдық жұмыс міндеттері:

- несиелік тәуекелдің экономикалық мәнін ашу және типтерін қарастыру;

- банктік несие тәуекелін басқару көрсеткіштер жүйесін нақтылау;

- ҚР-ғы коммерциялық банктердің несиелік тәуекел басқарудағы несиелік қоржынын сапасын басқару ықпалына баға беру;

- проблемалық несиелерді айқындау және олармен банктердің жұмысына баға беру;

- екінші деңгейдегі банктердің жиынтық несие тәуекелін болжау әдістерін ұсыну;

- несиелік тәуекелді басқаруда экономикалық-математикалық әдістерді пайдалану жолдарын ұсыну.

Зерттеу обектісі - «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Зерттеу пәні - ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелді басқару қызметін ұйымдастыруға байланысты қалыптасатын қаржылық қатынастар жиынтығы.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несиелік тәуекелді басқару жүйесінде орын алатын мәселелері туралы зерттеулері пайдаланылды.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыста көрсетілген мынадай шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері О. И. Лаврушин, В. А. Кудрявцев, Е. В. Кудрявцева, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская және отандық экономист-ғалымдардың Ғ. С. Сейітқасымов, Н. Н. Хамитов, Ұ. М. Искаков, О. Б. Баймұратов, Ш. Р. Әбділманова, Г. Т. Қалиева, С. Б. Мақыш, Л. П. Корнилова, И. Новиков және т. б. еңбектері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы - ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, «Банк және банк қызметтері туралы» ҚР заңы, ҚР Ұлттық банктінің нормативтік құжаттары мен актілері, статистикалық мәліметтер, «Банк Центр Кредит»АҚ-ның 2009-2011 жылдардағы қаржылық есебінің мәліметтері.

Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелдердің экономикалық мазмұны

1. 1 Банктік тәуекелдердің маңызы мен пайда болу себептері

Банктер - нарықтық құрылымдар жүйесіндегі орталық буын болып саналады. Банктер ұзақ уақыттар бойы мемлкеттік органдары ретінде, экономиканы басқарудың әкімшілік-командалық жүйесінің басты көзі балып табылды.

Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық сфераларында экономикалық қайта құру процесі жүргізілді және әрбір банктерде оның қаржылық, шаруашылық концепциясында тәуекел мәселесі бірден-бір басты мәселе болып шыға келді.

Соңғы кезеңдерде Қазақстанның банктік жүйесінде елеулі өзгерістер байқалуда. Лидер банктер анықталып, банктік маманданудың негізгі бағыттары құрылды, қаржылық институттар арасында клиенттік базаны бөлісу аяқталды. Бірақ, нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты банктер өміріне тәкекелділік ұғымы тұрақты енді. Әр түрлі операциялар кезінде тәуекелділікті дұрыс бағалаудың маңызы арта түсуде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мемлекеттік Банкінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан да банктік тәжірибеде «Тәуекелділік» ұғымы болған жоқ.

Қазіргі кезде банктік нарықты тәуекелділіксіз елестету мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелділікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі мөлшердегі деңгейге жеткізу.

Тәуекелділік ұғымы - банк қызметінің негізі болып табылады. Банктер өз қызметінде тәуекелділікті дұрыс қабылдай білгенде, ол тәуекелділіктер басқарылатындай болғанда және ол тәуекелділіктер банктің қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде болған болған кезде ғана табысқа жете алады. Банктер әрқашан көбірек пайда табуға тырысады. Бірақ банктердің мұндай талпынысы шығынға ұшырау мүмкіндігімен қақтығысып жатады. Банк қызметіндегі тәуекелділік - банктің алдан күткен және ойластырылған пайдасынан нақты пайдасының төмен болуын білдіреді. Пайда неғұрлым көп болған сайын, тәуекелділік соғұрлым жоғары болады. Банктік операциялардың табыстылығы мен оның тәуекелділігі арасындағы байланыс бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тәуекелділік деңгейі мынадай жағдайға байланысты ұлғаяды, егер:

- мәселелер ойламаған жерден туындаса;

- банктің бұрын-соңды тәжірибесінде болмаған жаңа тапсырмалар қойылса;

- банк басшылары жылдам әрі қажетті шешім қабылдай алмаса;

- кейбір мәселелерді шешуде банкте қалыптасқан тәртіп пен жетілдірілмеген заңнаманың кедергі келтіруі.

Тәуекелділіктерді дұрыс бағаламаудың салдары немесе оған қарсы шаралардың болмауы, ең жағымсыз жағдайлардың бірі болып табылады. Осыған байланысты бірнеше мысалдар келтіруге болады. Банктік тәуекелділіктердің туындауының жалпыға бірдей себептері және олардың деңгейін өзгертудің тенденциялары болады. Сонымен қатар, қазақстандық банктердің тәуекелділіктерін талдауда мынадай ескеру қажет.

- өтпелі кезең экономикасының дағдарысты жағдайын;

- саяси жағдайлардың тұрақсыздығын;

- кейбір негізгі заңнамалық актілердің жоқтығы немесе орындалмауы, сонымен бірге құқық нормасы мен нақты жағдайлардың арасындағы сәйкессіздік;

- инфляция және т. б.

Барлық жағдайда тәуекелділік анықталған және өлшенген болуы керек. Тәуекелділікті талдау мен бағалау көп жағдайда жүйелі статистикалық әдіске негізделіп, болашақта қандай жағдай туындауының ықтималдығын көрсетеді. Әдетте, бұл ықтималдылық пайыздылық пен көрсетіледі. Тәуекелділіктің критерийлері өңделген кезде тиісті жұмыс жүргізілуі мүмкін. Бірақ, жұмыс жүргізудің негізі болып нақты жағдайларға статистикалық талдаулар жасау болып табылады.

Коммерциялық банктердің қызметінде тәуекел іс-жүзінде кез-келген банктік операцияларды атқару барысында орын алады, былайша айтқанда тәуекелсіз - кәсіпкерлік жоқ.

Қазақстан Республикасының банктік заң актілеріне байланысты банк қызметіне әсерін тигізетін ішкі және сыртқы факторларға байланысты мүмкін болатын өтімділікті немесе қаржылық жоғалтуларды айтамыз.

Тәуекел гректің ridskon, ridsa , италияның «risiko» және француздың тілінде «risqué» қазақша «қауіп», «қатер» деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді.

Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.

Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.

Банк ісінде тәуекел - белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауіпін білдіреді.

Банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банк стратегиясының сапасын көрсетеді.

Банк менеджерлері пайда табуды тәуекелмен байланысты әрекеттер жасаудың салдары ретінде қарамайды. Тәуекел мен шығын, бір жағынан алғанда, банктің пайда алуы мүмкіндігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың пайда болу табиғаты мен тәуекелдің пайда болуы табиғаты арасында айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды.

Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни, экономикалық орта, коньюктурамен байланысты «сыртқы») және эндогенді факторлар (банктің өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады.

Сонымен, банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:

1. Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.

2. Банк клиенттерінің құрамы.

3. Банктік операциялар сипаттамасы.

4. Коммерциялық банктердің түрі.

Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.

Саяси - бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимнің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т. б. ), этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүшелерінің поляризациясы және т. б. ;

Құқықтық - банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер (мысалы, экспортты және импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу) ;

Экономикалық:

- жалпы экономикалық тәуекелдер - экономикалық құндылықтар экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы;

- қаржылық тәуекелдер - ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі.

Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді:

- банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестициялы тәуекел және т. б. ) ;

- банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі) ;

- банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі) ;

- қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі) .

Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді мынадай түрлерге жіктеуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер.

Бірақ айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.

Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:

- несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі) ;

- пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі) ;

- өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі) ;

- капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі) .

Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т. б. ) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.

Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:

- берілген кепілдер бойынша;

- шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісімшарт бойынша;

- несиелік міндеттемелер бойынша;

- валюталық мәмілеге отыру бойынша.

Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторингтік операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.

Барлық жағдайда тәуекелділік анықталған және өлшенген болуы керек. Тәуекелділікті талдау мен бағалау көп жағдайда жүйелі статистикалық әдіске негізделіп, болашақта қандай жағдай туындауының ықтималдығын көрсетеді. Әдетте, бұл ықтималдылық пайыздылық пен көрсетіледі. Тәуекелділіктің критерийлері өңделген кезде тиісті жұмыс жүргізілуі мүмкін. Бірақ, жұмыс жүргізудің негізі болып нақты жағдайларға статистикалық талдаулар жасау болып табылады.

1. 2 Несиелік тәуекелді басқаруды сипаттайтын көрсеткіштер

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды .

Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:

- басқаратын субъекті;

- басқарылатын объект.

Басқару субъекті - бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәуекелді басқару процесін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Отандық банктер тәжірибесінде несиелік тәуекелді басқару субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:

- директорлар Кеңесі;

- басқарма;

- несиелік комитет;

- активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет;

- тәуекел басқармасы;

- шағын және орта бизнесті несиелеу департаменті;

- ипотекалық несиелеу департаменті;

- ірі жобалар бойынша несиелеу тәуекел басқармасы;

- несиелік тәуекел басқармасы;

- проблемалық несиелер басқармасы;

- несиелік бөлімдер;

- несиелік менеджер;

- несиелік-тәуекел менеджері.

Басқарылатын объектіге банктің берген несиелері және олармен байланысты несиелік тәуекел жатады.

Несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу барысында пайда болуы мүмкін.

Мұндай операцияларға мыналар жатады:

- берілген және алынған несиелер;

- есепке алынған вексельдер;

- факторинг;

- форфейтинг;

- лизинг;

- төленген аккредитив бойынша төлеушіге қоятын банктің талаптары.

Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге тікелей және жанама деп бөліп қарастырған дұрыс. Тікелей шығындар несиені қайтармауға және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің құратын резервтер көлемінің ұлғайту қажеттігінен туындайды.

Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі мынадай факторларға тәуелді:

- елдегі және өңірдегі экономикалық және саяси жағдайлар;

- банктердің жекелеген экономика салаларына несие беруі;

- қарыз алушылардың несиелік қабілеті мен беделіне;

- қарыз алушының банкроттығына;

- қаржылық қиындықтарға ұшыраған клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуына;

- жаңа, таныс емес компанияларға берілген несиелерге;

- жақын арада тартылған немесе жаңа клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуы;

- қарыз алушының тарапынан болатын адамшылық әрекеттерге;

- қиын іске асырылатын немесе тез құнсыздануға икемді кепіл затын қамтамасыз ету мүлкі ретінде қабылдануына;

- несиелік қоржынның диверсификациялану деңгейіне;

- инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің туралығына;

- несиені беру және қоржынды қалыптастыруға байланысты несиелік саясатқа жиі енгізілген өзгерістерге;

- берілетін несиелердің түрлеріне, мөлшеріне және нысандарына, сондай-ақ қамтамасыз ету түріне.

Жоғарыда аталған факторларды екі топқа топтастыруға болады: сыртқы және ішкі факторларға.

Сыртқы факторлар тобына мыналар жатады:

- елдің экономикасының даму жағдайы мен болашағы;

- елдегі саяси жағдайлар;

- құқықтық өзгерістер;

- мемлекеттік ақша-несие саясаты;

- инфляция деңгейі;

- әлеуметтік факторлар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
ҚР-ғы екінші деңгейлі банк «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының несиелік саясатын талдау, оның мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну
Нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін несиелік жүйенің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптай отырып, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
Банк секторының қаржылық
Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz