Автокөлік апаттары туралы



Жоспар:
Кіріспе
1. Автокөлік апаттары.
1.1. Автокөлік апаттарының негізгі себептері.
1.2. Автокөлік апаты кезіндегі міндеттер мен шаралар.
2. Теміржол апаттары.
3. Автобус апаттары.
4. Әуе апаттары.
4.1. Елімізде соңғы алты жылда болған әуе апаттарының хроникасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстанда кез келген дамыған мемлекеттегі секілді көлік -шаруашылықтың ең ірі базалық саласы, сонымен қатар, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстанның сыртқысаяси байланысының негізгі материалдық қамсыздандыру көзі бола отырып, көлік байланысы мемлекеттің барлық аймақтарын біріктіреді және оны әлемдік қауымдастықпен байланыстырады. Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі.Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады.Көлік адамның,тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі. Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес,айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.
Жүз жылдар бойы адам мен көлік түрлері арасындағы соғыс жалғасып келеді. БҰҰ-ның көрсетуінше жылына автокөлік апаттарынан 170 мыңға жуық адам қайтыс болады.
Заманауи көлік – жоғары қауіп аймағы. Оның ерекшелігі үлкен энергетикалық қанықтығы. Электр сыйымдылығы ең жоғарғы көлік түрлеріне автобус, троллейбус, трамвай, метрополитен жатады. Соңғы жыл сараптамасы бойынша, техногендік сипаттағы апаттар 28 пайызға көбейді. Бұл көрсеткіш, әсіресе, автокөлік және әуе салаларында жоғары белең алуда. Апатқа қарсы күресте басты күш олардың инфрапрофилактикасы мен алдын алу жұмыстарын жүргізуге көңіл бөлу қажет. Осының арқасында, техногендік апаттарды толықтай немесе жартылай шектеуге болады.
Қарашаның үшінші жексенбісі - жол апатынан қаза тапқандарды еске алу күні. Қазақстанда 2012 жылдың басынан бері екі жарым мыңдай адам жол апатынан көз жұмған.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Глазунов Ю. Н., Котляревский В. А.Аварии и катастрофы: Предупреждение и ликвидация последствий: Кн. 4: Учебноепособие. Под ред. Котляревского В.А., Забегаева А.В. – М.: Ассоциациястроительных вузов, издательство, 1998 г.
2. Э.Я.Соловьев. Поведение в экстремальных ситуациях. М., 1996 г.
3. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі С.Арпабеков Алматы,2004

Жоспар:
Кіріспе
1. Автокөлік апаттары.
1.1. Автокөлік апаттарының негізгі себептері.
1.2. Автокөлік апаты кезіндегі міндеттер мен шаралар.
2. Теміржол апаттары.
3. Автобус апаттары.
4. Әуе апаттары.
4.1. Елімізде соңғы алты жылда болған әуе апаттарының хроникасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанда кез келген дамыған мемлекеттегі секілді көлік -шаруашылықтың ең ірі базалық саласы, сонымен қатар, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстанның сыртқысаяси байланысының негізгі материалдық қамсыздандыру көзі бола отырып, көлік байланысы мемлекеттің барлық аймақтарын біріктіреді және оны әлемдік қауымдастықпен байланыстырады. Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі - көлік жүйесі.Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады.Көлік адамның,тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі. Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес,айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.
Жүз жылдар бойы адам мен көлік түрлері арасындағы соғыс жалғасып келеді. БҰҰ-ның көрсетуінше жылына автокөлік апаттарынан 170 мыңға жуық адам қайтыс болады.
Заманауи көлік - жоғары қауіп аймағы. Оның ерекшелігі үлкен энергетикалық қанықтығы. Электр сыйымдылығы ең жоғарғы көлік түрлеріне автобус, троллейбус, трамвай, метрополитен жатады. Соңғы жыл сараптамасы бойынша, техногендік сипаттағы апаттар 28 пайызға көбейді. Бұл көрсеткіш, әсіресе, автокөлік және әуе салаларында жоғары белең алуда. Апатқа қарсы күресте басты күш олардың инфрапрофилактикасы мен алдын алу жұмыстарын жүргізуге көңіл бөлу қажет. Осының арқасында, техногендік апаттарды толықтай немесе жартылай шектеуге болады.
Қарашаның үшінші жексенбісі - жол апатынан қаза тапқандарды еске алу күні. Қазақстанда 2012 жылдың басынан бері екі жарым мыңдай адам жол апатынан көз жұмған.

Жол-көлік оқиғасы - көлік құралдарының соғысып қалуынан туындайтын жағдай. Бұл жағдай материалдық зиян, жаралану немесе адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Жол-көлік оқиғасы жүргізушінің кінәсінен, жаяу адамның жол тәртібін сақтамауынан, көліктің техникалық жағдайының төмендігінен пайда болады.
Автокөлік апаттарының негізгі себептері:

1) Әр түрлі жол ережелерін бұзу, соның ішінде:
oo алкогольдік немесе есірткілік мас күйі;
oo үлкен жылдамдықпен жүру;
oo қауіпсіздік белдігін қолданбау;
oo арнайы балалар креслосын қолданбау;
oo бұзылған көлік құралын пайдалану.
2) жүргізушінің шаршау сезімі(жүргізуші қатты шаршап рөлге отырса, ұйықтап қалу қаупі төнеді )
3) күрделі ауа-райы жағдайлары;
4) жол бетінің нашар болуы;
5) жүргізуші назарын алаңдататын әртүрлі факторлар:
oo ұялы телефонын пайдалану;
oo жолаушымен сөйлесу;
oo рөлде темекі тарту;
oo көлік салонында жануарлардың болуы.
Әрине бұл тізім жүргізушілер үщін жаңалық емес. Бірақ біздің аман қалуымыз мәліметті толық алудан болады. Мысалы, белбеуді тағып отыру бет соғысқанда өлім санын 2-3 есе азайтады. Егер адам белбеусіз 20 кмсағ соғысса, ол бетпен төртінші құлағанмен тең. Адамның тәртіпсіздігі жай күнде мінез ретінде көрінсе, ал жолда ол өлімге алып келе алатын қауіп.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, автокөлік апатынан елімізлде соңғы он жылдың ішінде 20 мыңнан аса адам көз жұмып, 162 мыңы жазылмас жарақат алған. Әрине, оның себеп-салдарын талдай берсеңіз таусылмайды. Дегенмен автокөлік апаттары кей жағдайда жүргізушілердің кінәсінен емес, жолдың жағымсыз аймаққа салынуына байланысты болатынын да бүгінгі ғылым растап отыр.
Негізінен автокөлік апаттары 3 факторға :
1) жүргізушіге
2) жол жағдайына
3) көліктің техникалық күйіне байланысты туындайды. Осы 3 негізде, ең алдымен, жүргізушіге көп мән беріледі. Оның кәсіби дайындығы қандай? Қалай білім алып шықта? Бұл да ескерілуге тиіс маңызды мәселе.
Мәселен, жуырда Ақтөбе қаласында екі автокөлік апатынан төрт адам опат болды. Бірінде - жылдамдықты асырғандықтан, басқару тізгінін ұстай алмай жолдан шығып кетіп, аударылған. Екіншісінде - көшедегі көлік қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысқанда, соның салдарынан екі адам көз жұмды. Сонда байқасаңыз, жол бойында орын алатын автокөлік апаттың 80 пайызы адами факторға байланысты. Қарама-қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты шектен тыс асыру және кәсіби деңгейдің жетіспеуі апатқа соқтырады.
Тағы бір мысал, бірде көлікке отырған қыз бала қарсы бағытқа шығып келе жатқан көлікпен соғысқан. Соңғысы қатты соққыдан жанына қарай сырғып барып, аялдамада тұрған адамдарды қағады. Соның салдарынан екі әйел сол жерде қаза тауып, жеті бірдей жас жарақат алды. Бұған кім кінәлі? Әрине жүргізуші, оның кәсіби деңгейі төмен және тәжиребесі де жоқ. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жол апатын көбіне тудыратындар автомектепті жаңадан бітіріп шығып, әлі бір жыл да көлік тізгінін ұстамаған жас жүргізушілер.
БҰҰ есебіне қарағанда, автокөлік оқиғалары әр мемлекеттің экономикасына орасан зор көп шығын келтіреді екен. Оның үстіне, ойлап қарасаңыз, бейбіт заманда қол-аяғы балғадай, дені сау азаматтар қыршын кетіп жатыр. Автокөлік оқиғасынын опат болған адамдар арасында жас та, кәрі де бар. Ол жастарымыз ертеңгі күні адам болғанда араларынан небір данышпандар шықпасына кім кепіл еді? Елімізде бар-жоғы 17 миллионнан астам халық болса, оның жыл сайын осылайша саны кеми берсе, кімге пайда? Опат болып жатқан азаматтардың дені 25 пен 45 жас аралағындағылар.
Соңғы 10 жылда еліміздегі автокөліктің саны 4 миллионнан асып түсті. Бірақ осы санға көшелер мен тас жолдарымыздың инфрақұралаымы сәйкес келмейді. Көптеген жолдардың жүретін бөлігі 7,5 метрді құрайды, ол тек қарама-қарсы екі көліктің жүруіне ғана жарайды. Жол апаты кезінде опат болғандардың әрбір бесіншісі қарама-қарсы бағытқа шығып, әрбір төртіншісі жолдан аударылып кетудің салдарынан қаза табады екен. Бұл болғаны жолдың тек беткі қабаты жөнделеді. Жағдай одан әрі ушықпай тұрғанда жолдарымызды талапқа сай жүйеге келтіру қажет.
Апат бола қалған жағдайда адамдардың өмірін құтқарып қалуға тырысу керек. Ол үшін зардап шеккендерге уақытылы жедел жәрдем көрсететін көлікпен және тікұшақпен қамтамасыз етілген арнайы құтқару қызметін құру қажет. Зардап шеккендерге алғашқы 9 минут ішінде шұғыл жедел жәрдем көрсетілсе, оның 90 пайызының өмірі сақтап қалуға болады екен.
Автокөлік апаты жайлы мәліметтерге көз салсаңыз, күніне кем дегенде 4-17 адамға дейін айтып келмес апаттан ажал құшып жатқанын көруге болады. Ресми мәліметтер былтырғы жылы елімізде 10 мыңнан астам адам жол апатынан ауыр жарақат алғаннын растайды. Ал Қазақстанда әлі құтқарушы тікұшағы жоқ. Басқаны былай қойғанда, біздегі жедел жәрдемнің өзі жарты сағатқа жуық уақытта әзер жетеді. Ал апатқа ұшыраған адамды ажалдан арашалап алып қалу үшін әрбір секунд қымбат...

Автокөлік апаты кезіндегі міндеттер мен шаралар

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1997 жылы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережесінің 2,5 тарауына сәйкес Автокөлік оқиғасы кезінде, оған қатысы бар жүргізушінің міндеті:
* Ереженің 7,2 тармағының талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға(орнынан қозғамауға), апаттық жарық сигнализациясын іске қосуға және апаттық аялдау белгісін(жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттардың орнын ауыстырмауға;
* Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медиіиналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдану, "медициналық жедел жәрдем" шақыру, шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей көліктерде аттандыру, ал егер бұған мүмкіндік болмағанда, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзінің көлік құралының тіркеу белгісін хабарлауға(жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізушінің куәлігін және көлік құралын тіркеу құжатын көрсетіп) оқиға болған жерге қайтып келуге;
* Болған жағдай туралы жақын жердегі ішкі істер органына кешіктірмей хабарлауға, көзімен көргендердің тегі мен мекен-жайларын жазып алуға және ішкі істер органдарының қызметкерлерінің келуін күтуге;
* Егер басқа көлік құралдарының қозғалысына мүмкіндік болмаса, жолдың жүретін бөлігін босатуға;
* Жүру бөлігін босату немесе зардап шегушіні өзінің көлік құралымен емдеу мекемесіне жеткізу қажет болған жағдайда куәлардың қатысуымен көлік құралының орналасуын, оқиғаға қатысы бар іздер мен заттарды алдын-ала белгілеп, олардың сақталуына мүмкіндік беретін барлық шараларды қабылдауға және оқиға болған жерді айналып өтуді қамтамасыз етуге міндетті.

2.6. Егер автокөлік оқиғасының нәтижесінде зардап шегушілер болмаса, жүргізушілер болған жағдайды бағалауда өзара келісімге келіп, алдын ала оқиғаның схемасын жасап және оған қолдарын қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органының жақын жердегі жол полициясы постына немесе бөлімшесіне келулеріне болады.

2.7. Жүргізушіге тыйым салынады:
* Мас күйінде(алкогольді, есірткі немесе өзге де) құлақ асуды және назар аударуды әлсірететін дәрілік заттар әсерінде, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретіндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлік құралын басқаруға;
* Ақауы бар немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген кқлік құралдарын пайдалануға;
* Көлік құралады иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамаған көлік құралын пайдалануға;
* Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлік құралын пайдалануға;
* Мас күйіндегі, жауапты қимыл жасауды және назар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөлік апаттары
Көліктегі құқық бұзушылық
Қараңғы мезгілде автомобильді басқару
Автокөлік тасымалының көбеюі
Төтенше жағдайлар критерийлері
Техногенді сипаттағы апаттар.
Биосфераның ластану себептері
Химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Оқиға болған жерді қарау кезіндегі қылмыс іздерін белгілеу үшін криминалисттік техниканы қолдану
Пәндер