Балаларды табиғатпен таныстыра отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Балаларды табиғатпен таныстыра отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу

2. 2. Төрт түлік

2. 3. Төрт түліктің тамаша қасиеттері

2. 4. Жылқы және қазақ рухы

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер


І. Кіріспе

Балабақша бүлдіршіндеріне қоршаған ортамын таныстыра отырып, экологиялық тәрбие беру, бүгінгі күннің өмірлік талабы, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қажетті түсініктер қалыптастыру.

Табиғат- сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.

Халықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға «көкті жұлма» болмаса «құсты атпа», «су анасы-бұлақ», «судың да сұрауы бар» - деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім- тәрбиелік бастау жатыр.

Экологиялық тәрбие мазмұнының дені ашық аспанда, серуендеу кезінде жүргізілетіндіктен бақылау, мақсаты серуеннің соңы ойынға ұласады. Әрбір топ балаларының жас ерекшелігіне орай алынған ойын түрлері, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындап, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.

Балалардың көңілін өсіріп, ойын сергіту мақсатындағы бағдарлаудың мазмұнына сай тәулік, апта, ай, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратуға байланысты алынған дидактикалық ойындар. Уақыт бойынша бағдарлай білу, адам тәрбиелілігінің көрсеткіші атты қағиданы басшылыққы ала жүргізіледі. Күнделікті өмір тәрбиесінен алынып, табиғатқа қамқорлықты одан әрі жүргізуге бағытталған кең ауқымды тәрбие жұмысының үлгі жоспарлары табиғат қорғауға жасалған алғашқы әрекет қадамдар. Ал табиғат және халық даналығы, қызыл кітап, қорықтар, тақырыптарда қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі, табиғат заңдылығының шынайы құндылығы. Қоршаған ортамен таныстыру және экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің календарлық жоспары бала санасында табиғат қорғау туралы таным, түсінік ұялатып, тәрбие жұмысының жүйкелі жүргізілуіне бағыт -бағдар береді.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Балаларды табиғатпен таныстыра отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу

Өзіңнің туған ауылыңның, қалаңның табиғатын сүю, тұрған жеріңді қадірлеу-Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың, патриоттық сезімге тәрбиелеудің негізі. Табиғатқа ұқыпты қарауға, оның байлығын молайтуға деген ынталылықты ең балғын шақтан бастап тәрбиелеу қажет. Тәрбиешінің алдында тұрған міндет-балаларды табиғатқа араластыру, оны сезім мен әрекет арқылы қабылдауға мүмкіндік беру. Балаларды табиғатты бақылауға, оның қарапайым көріністеріндегі керекті бейнелерді көре білуге, жануарлармен және өлі табиғат құбылыстары арасында көзге көрінетіндей байланыстар орната білуге үйрету қажет. Егерде тәрбиеші жергілікті жердің табиғаты мен ондағы ересек адамдардың қызметін өзі білген жағдайда ғана, бұл міндеттерді орындай алатын болады. [1]

Баланың қоршаған шындықты тануы- табиғаттағы заттармен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардың, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы. Табиғатты тануға және балалардың әр-түрлі дағдылармен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады. Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағы табиғатқа бақылау орнына, объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты болмақ. Дидактикалық ойы н, көрнекіліктерді, ойыншықтарды көрсету -балалардың табиғатты тануына үлкен роль атқарады.

Естиярлар топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияда, серуендерде, ойында және баулу жолымен жүргізіледі.

Тәрбиешінің табиғаттың түрлі құбылыстары және заттар жайындағы әңгімесі балалардың білімін едәуір молайтады.

Тәрбиешінің әңгімесі сәбилер тобына қарағанда естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында көбірек орын алады.

Тәрбиеші балалардың бақылағандарын толықтырып отырулары керек және қабылдауға болмайтын объектілермен құбылыстармен таныстыруы жөн. Кейде бақылағандарды әңгімемен толықтыру қажеттігі туады. Мысалы: балалар серуен кезінде құмырсқалардың илеуін көрді. «Олар не істеп жатыр?»-деп сұрады балалар. «Кәнеки, байқап көрелік»-деп тәрбиеші, бақылау процесінде құмырсқаның қайда жорғалап бара жатқанын түсіндірді. Құмырсқаларды аз уақыт бақылағаннан соң, тәрбиеші құмырсқалардың тіршілігі жөнінде әңгімелеп беруі тиіс.

Балалар балабақшадағы тірі табиғат мүйісі- мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат пен көрнекі және әрекетті түрде таныстырудың ең қажетті жағдайларының бірі. Балалардың табиғат туралы нақтылы білім молаяды. Тірі объектімен танысқан кезде олардың бақылағыштығы, табиғатқа деген қызығушылығы арта түседі. Табиғат мүйісін күтіп баптаған кезде еңбекке бейімденудің және еңбексүйгіштік, тірі затқа аялай қарау көзқарасы, тапсырылған іске деген жауапкершілік сияқты бала бойында бағалы қасиеттер қалыптасады. [2]

Бөлмеде өсетін өсімдіктер үйдің ішін көріктендіреді, сонымен бірге білімі және тәрбиелік міндеттерді іске асыруға өте қолайлы. Бөлме өсімдіктері арқылы балалар өсімдіктермен жалпы танысады, бағып- күту, оларды түптеп және қайта отырғызу арқылы еңбекке дағдыланады.

Сәбилердің екінші тобындағы балалар ағаштың жапырақтары жасыл және сары болатынын білуі тиіс. Сары жапырақтардың ағаштан үзіліп түсетінін білу керек.

Екінші топтағы балаларды еңбекке баулу. Олар тәрбиешілерімен бірге құстар мен балықтарға жем береді, гүлдердің жапырақтарын сүртеді. Өз участіктерін жинауға көмектеседі. Тәрбиешінің тапсыруы бойынша, балалар жапырақ түсе бастаған кезде, өздері білетін ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, өзара түсі, пішіні жағынан салыстырады. «Ағаштың жапырағына қарап ажырат» ойындарын ойнайды.

Мектепке даярлық тобы.

Табиғаттағы күзгі құбылыстар туралы нақты білімді жинақтау және кеңейте түсу, жазғы құбылыстардан күзгі құбылыстардың айырмашылығын, өлі және олардың өзара байланысының бірізділігін анықтау.

Балалардың өздері білетін өсімдіктердің өзіне тән ерекшеліктерін бөліп көрсету және сипаттау, жапырақтары мен жемістеріне қарай отырғызып, ағаштарды айыра білу ептілігіне жаттығу жүргізу, еңбек дағдыларын, ауыл шаруашылық еңбегіне қызығушылық пен тәрбиелеу жалғастырыла білуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыту іс-әрекеттері ойын, еңбек, сабақ арқылы жүзеге асырылады. Баланың кез келген іс-әрекетінің негізі- оның қоршаған нәрселермен, атап айтқанда, табиғатпен танысу кезінде пайда болатын білімдер мен іскерліктерден тұрады. Балаларды табиғатпен таныстыру кезінде ойын басты құралдарының бірі. Бақылау барысында балалардың қоршаған ортадағы бағдарлаушылығы молаяды, танымдық қабілеті қалыптасады, табиғат пен тиісті қарым-қатынас жасауға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру-оларға заттар өлі және тірі табиғат құбылыстары, балалардың табиғатқа деген ықыласы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу жөнінде белгілі бір көлемде білім беруді алдын-ала көздейді.

Әр-түрлі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру міндеттерінің ерекшеліктері. Әрбір жас топтарында балаларды табиғатпен таныстыру белгілі бір программалық міндеттерге сай жүзеге асырылады. Екі жастан үш жасқа қараған балаларды өсімдіктермен, жануарлармен, тірі табиғат құбылыстарымен таныстырады, балаларды кеңістікті ажырата білуге және өсімдіктердің (жапырқтардың, гүлдердің) түсін кейбір белгілерін, жануарлардың қимылы мен дауысын ерекшелеп, дұрыс атауға алғашқы көрнекі байланыстар мен жалпылауларға сүйенуге үйретеді. Сөйтіп балалардың талдағыштығы, көру, естулері жетіле түседі. Бақылаған объектілерге деген назары мен ықыласы артады, табиғатқа деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

Төрт жасқа қараған балаларда олардың өмірде үнемі кездесіп отырған табиғаттағы заттар мен құбылыстар жөніндегі түсініктері қалыптасады. Сабақтардағы, ойындардағы заттық сезімдік іс-әрекеттер процесінде тани алатын байланыстарды орнатуға және оларды нақтылы түсініктер формасында көрсетуге қол жеткізеді.

Табиғат мүйісінде жұмыс істеу күн сайынғы еңбекке бөлінген сағаттарда жүргізіліп отырады. Балалар өсімдіктер мен жануарларды бақылайды, оларды ұқыпты қарауға үйретеді, еңбектің ең қарапайым дағдыларын меңгереді, үлкен адамдармен бірлесіп еңбектенуге, сонан кейін өз беттерімен еңбектенуге үйренеді.

Балалардың еңбегін ұйымдастыру олардың жасына байланысты. Сәбилердің бірінші тобында балалар тек тәрбиешінің өсімдіктерді қалай күтуін бақылайды, ал сәбилердің екінші тобында бұл жұмысқа олардың өздері қатысады. Естияр топта барлығын тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер орындайды. Мектепке даярлық тобында кезекшілерден басқа балалар өсімдіктермен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді. Бақылау-мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процес. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі. Табиғатқа деген көзқарастары ынта-ықыластары сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді. Тәрбиешінің табиғи объектілермен табиғат құбылыстарын бақылау ұйымдастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі тәсілі болып табылады. Объектіге және балаларды жасына байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және бірнеше күнге, бір аптаға дейін созылатын ұзақ болуы да мүмкін. [3]

Еңбектің маңызы. Еңбек- балалар бақшасында тәрбиелік- білімдік жұмыстың әдісі ретінде маңызды орын алады. Балалар заттармен және табиғат құбылыстарымен тікелей араласа отырып, ол жөнінде нақтылы білім алады. Өсімдіктің өсіп жетілуі мен оларды адамның күтуінің арасындағы кейбір байланыстарды анықтайды. Мұның бәрі олардың жетілуіне жағымды әсер етеді, дүниені материалистік тұрғыдан тануларына негіз жасайды. Еңбек балалар бақшасында жер участкесіндегі және табиғат мүйісіндегі кейде сабақтардағы өсімдіктер мен жануарларды күнделікті күтуде қолданылады. Бірақ балалардың еңбегін өз мақсатына айналдырып қолдануға болмайды. Қандай да болмасын бір еңбек дағдыға тәрбиелей отырып, табиғат жөніндегі білімдерді бір мезгілде кеңейте және бекіте түскен жөн.

І-кішкентайлар тобы

Бұл топтағы балаларда айналардағы түрлі заттар туралы алғашқы қарапайым және жалпылама түсінік қалыптасады, сондықтанда олар табиғат дегенде жыл мезгілдерін, көктемнің шыққанын, жаздың болғанын немесе қар түсіп қыстың басталғанын тәрбиешілердің көмегімен ажырата алады.

Серуен кезінде гүлзарлардағы гүлдерді жұлмай қайта оған қамқор болып жүруге үйрету, өсімдіктерді дұрыс атай білуге, көкөніс пен жеміс-жидектерді бір-бірінен түсіне, дәміне қарай ажыратып, оларды атай білуге үйрету. Құстарды, олардың қимыл әрекеттерін оны күтіп бақылап қарауға бейімдеу.

ІІ-кішкентайлар тобы

Ал, екінші кішкентайлар тобының балалары айналадағы заттар мен нәрселерді танып қана қоймай, оларды жақсы-жаман, әдемі, әдемі емес деп ажырата бастайды. Бұл топта балалардың білуге деген құмарлығының шапшаң дамуына байланысты неге? неліктен? Деген сұрақтарға жауап іздеп отырады. Сондай-ақ қоршаған табиғаттың эстетикалық қасиеттерін таныстыру үлкен орын алады. Айналадағы өмірде жиі кездесетін құбылыстар жайында түсінік қалыптастыру. Жануарларға, өсімдіктерге деген ұқыпты қарым-қатынаспен оларды күтіп баптауға, қамқор болуға әсемдікті түсінуге табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, ауа-райын бақылатып, күн мен түнді айыра білуге үйрету.

Судың, қардың, саз балшықтың қасиеттеріне тоқталу, атай білуге үйрету. Қар /ақ, суық, ұстасаң еріп кетеді, су- суық, жылы болады, мұз-қатты, тайғанақ, кепкен балшық қатты ол дымқыл болғанда илеуге болады т. б. /

Өсімдіктердің түріне, түсіне, үлкен, кішілігіне негізгі ерекшеліктеріне қарай ажырата білуді, бөлме өсімдігі, қатты күтім қажет етпейтін қазоты (герань), үнемі гүлдеп тұратын бегонияны бір-бірінен ажырата біледі. Бегония -сабағы түкті, жапырағы түрлі-түсті көп жылдық шөптесін өсімдік.

Естиярлар тобы

Бұл топта балалардың сөздік қоры молайып, айналадағы түрлі құбылыстарды сөзбен жеткізуге әрекет жасайды, табиғат туралы түсініктері одан әрі дамиды. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі туралы түсініктерін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай- ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы байланысты анықтауға табиғаттың әдемілігін сезініп, сүйе білуге, өсімдіктермен жануарларға қмқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Мысалы: гүлдерді баспай айналып өту, кесілген және уақытша жұлынып алынған өсімдіктерді суға салып қою, құстардың және басқа да жануарлардың қасынад өзін байсалды ұстау, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау т. б. [4]

Табиғаттағы мерзімді құбылыстар туралы нақты білімдерін қалыптастыру.

Ересектер тобы

Бұл топта балаларда қоршаған ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баланың ой-санасы мен жүйесінің қозуы мен тежелуі ширығып, күшейеді. Тепе-теңдік сипат алады. Абстрактылы ойлау біршама дамиды, қоршаған орта туралы талдау, ой түю, жап-жақсы жетіледі. Бұл топтағы балаларда табиғат туралы түсінік тәрбиеші көмегімегімен (көшені, жолды тазарту, қарды күреу) балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы картиналар, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалау мен қатар қысқы табиғатты қорғай білуге назарларын аудару.

Мектепке даярлық тобы

Бұл топта балалардың қоғамдық өмір құбылыстары туралы ұғымын, білімін кеңейту, оқытудың ең қарапайым дағдыларын қалыптастыру, табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыдан түсіндіру көзделеді. Балаларды жанды-жансыз табиғатпен одан әрі таныстыра отырып, олардың құбылыстары жайындағы бастапқы нақты ұғымдарды қалыптастырады. Табиғатқа деген белсенді сүйіспеншілігін өз алдындағы және табиғат бұрышындағы өсімдіктермен хайуанаттарға қамқоршы бола білуі.

Табиғатты қорғаудың қалай жүзеге асырылатыны мен ағашты бей-берекет кесуге жылдың құрғақ кезінде от жағуға тыйым салынуы, көктемде және жазда балапан шығарар кезде құстарды аулауға тыйым салынуы, жабайы аңдарды, бұландарды қыста қосымша азықтандыру, бөгеттерді тазалау т. б. жұмыс түрлерімен таныстыру. Ауа -райы және жануарлармен өсімдіктердің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге жыл бойы бақылау жүргізіп, табиғат календарына тиісті суреттеме жасалуы тиіс. Табиғат құбылысы мен адамдардың еңбектерінің арасындағы байланыстары туралы балалардың білімдерін жүйеге келтіру және тереңдету.

2. 2. Төрт түлік

Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мәдени өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады. Оның бір мысалы - төрт түліктің әрбірінің пірін атайтыны. Қой атасы - Шопан, сиыр малының пірі - Зеңгі Баба, түйенің пірі - Ойсылқара, жылқының пірі Жылқышы ата (Қамбар ата) деп есептейді. Бұл аталған есімдердің барлығы - бір кездері данышпан, әулиелігімен есімі елге жайылған тұлғалар.

Солардың бірі - түйе атасы Ойсылқара жайында көптеген аңыздар бар. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, Ойсылқара әулие адам болған. Оның өз аты - Уайс әл-Қарани. Уайысты Мұхаммед пайғамбардың өзі жақын тартып, естелікке жейдесін сыйлағаны көптеген хикаяларда кездеседі. Мұхаммед пайғамбар Уайс Қаранидің ізгі амалдарын сырттай жиі естіп, оны сол үшін өте қатты құрметтейді екен, бірақ екеуі жүзбе-жүз көріспеген. Халық арасында әулие Уайс Қаранидің анасын қалай құрметтегені жайлы көптеген хикаялар бар. Уайс Қарани түйе бағатын адам болған. Ол қасиетті жануарды баптаудың ебін жақсы білген. Сондай-ақ аңыздарға сенсек, Ойсылқараның жануарлары иесінің ойын айтқызбай істейтін болған екен. Сол үшін де оны халық түйе атасы Ойсылқара атап кеткен. Қазір Ақтөбе облысында Ойсылқара деп аталатын табиғаты ерекше көркем ауыл және өзен бар. Адамдар әлі күнге дейін түйе пірі Ойсылқараның басына барып, зиярат жасайды. [5]

Шопан ата - түркі әлемінің ұлы ұстазы болып есептелетін Қожа Ахмет Яссауидің сүйікті шәкірттерінің бірі болған адам. Аңыздарға сүйенсек, Шопан атаны Маңғыстауға қарай Қожа Ахмет Яссауидің өзі аттандырған екен. Ұстазы оған Маңғыстау өлкесінің халқына дін жаюды тапсырады. Сол өлкеге барып, әулиелігімен танылған сопы Шопан халықтың ерекше ықыласына бөленеді. Өзінің де он мыңнан астам шәкірттері болады. Солардың бірі - Бекет ата. Халық арасындағы үлкен беделіне қарамастан, Шопан өзінің ұстазы секілді тұрмысы мен бала-шағасын асырауға қажетті нәпақаны өз еңбегімен табатын. Ол қой бағатын еді. Әулие шопанның баққан қойлары жайлауға өздері аттанып, кешкісін Шопан атаның белгі беруімен ғана оралатын болған деседі. Бір қызығы, Шопан баққан қойлардың берекелілігі сонша, тақыр жерде жүріп те, ерекше семіздігімен көрінетін болған.

Зеңгі бабаның азан шақырып қойған аты Айқожа екен. Тумысынан қап-қара кісі болған соң, халық оны Зеңгі ата деп атап кетіпті. Зеңгінің әкесі - Тасқожа, атасы - Мәлекқожа, бабасы - Мансұрқожа, арғы бабасы - Арыстан баб. Зеңгі ата бақташы болып, елдің сиырын жиып баққан көрінеді. Оның өз меншігінде де қара малы көп болыпты. Баба сиырдың тұқымын молайтып, топ-тобымен жайып, көбейткен екен. Сол кезде бір қыңырлау кісі: «Сиырды ылғи Зеңгі жая бере ме? Біз де бағайық. Елден біз де нәпақа алып, пайдаланайық. Неге өзгеге бермейсіңдер?» - деп ел басшысына шағым жасапты. Ақсақалдар алқасының кеңесінде Зеңгі баба әлгі қыңырға: «Мақұл, сен бақ», - деп сиырды беріпті. Ол адам сиырды жайғаннан кейін бір апта өтпей-ақ оқалақ пайда болыпты. Малдардың сүті азайып, құты қашқан соң, ел-жұрт сиырларын қайтадан Зеңгіге бақтыратын болыпты. Арыстан бабтың төртінші ұрпағы Зеңгі ежелгі Шаш, қазіргі Ташкент қаласына таяу жерде орын теуіп, сол араны жай етіпті. Ол таңертеңгі уақытта шығып, сиырларды айдап, алдын қайырмай, еркінше жіберіп, өзі Құдайға құлшылық етіп отырады екен. Аңыздарда Зеңгінің зікір құлшылығына жануарлар да қосылатыны айтылады.

Жылқы атасы Қамбар (Жылқышы ата) мен Ешкі атасы Сексек жайында деректер жоқтың қасы. Бірақ соған қарамастан, қазақ Қамбар атаны ауызға көп алады. Әсіресе жауға шабардың алдында, көкпарға түсіп, қыз алып қашатын сын сағаттарда «Алла өзі жарылқап, жылқының пірі Қамбар қолдасын» деп шауып кететін болған екен. Жылқы малы қазақтың жанына жақын жануар болғандықтан, Қамбар атаның да тілге оралымы жиі болып отырған. Сол секілді Сексек атаның өмірі жайлы да хикаялар көп кездесе бермейді. Дегенмен фольклорлық жырларда, балаларға арналған санамақтарда «Жүнін жұлса, бақырған, Ешкі атасын шақырған. Өрісте өскен жануар, Сек-сек ата өсірген лағым, қайдасың?» деген сыңайлы оралымдар көп кездеседі. Қазір Оңтүстік Қазақстандағы Сарыағаш ауданында Сексек ата ауылы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Өзін – өзі тану сабақтарын табиғат аясында ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаға(кыс,көктем) жыл мезгілдерімен таныстыру
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz