Кәсіпкерліктің теориясы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Кәсіпкерліктің теориясы
1. 1. Кәсіпкерлік қызметінің даму тарихы . . . 6
2. 2. Кәсіпкерлік қызметінің мәні мен түрлері . . . 7
ІІ Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің орны мен ролін талдау
2. 1. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау . . . 10
- Қазақстанадағы біріккен кәсіпорындардың дамуын талдау . . . 14
ІІІ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті жетілдіру бағыттары
3. 1. Қазақстан Респупликасының шағын бизнесті дамыту жолдары . . . 20
3. 2. ОҚО кәсіпкерлікті жетілдіру . . . 23
Қорытынды . . . 29
Әдебиеттер . . . 30
Кіріспе
Кәсiпкерлiк - ежелден келе жатқан адамдардың iскерлiк белсендiлiгi, қабiлетi. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнерi қызметкерлерi. Кәсiпкерлiктiң алғашқы дамуында кәсiпкер құрал жабдықтарға иелiк ете отырып, өздерi сол кәсiпорында қолдап жұмыс iстеген. Бұл тауарлы өндiрiстiң бастапқы жабайы түрi.
Кәсіпкерлік сұрақтарға қатысты барлық нормативтік құқықтық актілерді жалпылама эксперттеу мақсатында әрбір мемлекеттік органда Эксперттік одақты құру ұсынысы өңделінді.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.
Кәсiпкерлiк екi мағынада пайдаланылады:
1) белгiлi бiр iстiң түрi;
2) сол iспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсiпкерлiк дегенiмiз - белгiлi бiр iстi iстей бiлу. Iс iстеу - адамның белсендiлiгi және iскерлiгi. Белсендiлiк және iскерлiк - адамның еркiн өмiр сүру түрi. Белсендiлiк және iскерлiк - адамдардың мiнез-құлқы типтерiмен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша адамдардың қандай типтерi белсендi, iскер болар екен? Өздеріңіз ойланыңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Cан есебiнен алғанда белсендiлiк өте азғантай энергетикалық шығыннан, шамадан тыс энергия шығынына дейiн, кейде қоғамдық идеалды iске асыруға дейiн баруы мүмкiн. Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистiк революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсендiлiк (iшкi себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмiрдiң шектелген түрi және ерiксiз белсендiлiк (қайғы- қасiрет шегу), сонымен бiрге еркiн белсендiлiк.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатын жүзеге асыру нәтижесінде шағын бизнес секторы облыс экономикасында өз орнын тауып, экономиканың өркендеуіне қолайлы жағдайлар жасауда сонымен бірге, кәсіпкерлердің белсенділігі артуына байланысты жергілікті ресурстарды пайдалану және жаңадан жұмыс орындарын құру, рынокта тауарлар мен қызмет көрсетулерді дамыту нәтижесінде бәсекелестік ортаны қалыптастыруға өз әсерін тигізуде.
Кәсіпкерлік қызмет - жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол сондай-ақ, адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Экономикалық мағынада кәсіпкер ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Шағын және орта бизнестің, яғни кәсіпкерліктің негізі адам қызметінің экономикалық танымында жатыр. Кәсіпкердің іс әрекеті өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті пайдалануға негізделеді.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 - наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
І Кәсіпкерліктің теориясы
1. 1. Кәсіпкерлік қызметінің даму тарихы
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу - басқаның істеген істемеу»
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі - Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.
Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:
1 - бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі - Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».
2 - бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3 - бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4 - бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.
1. 2. Кәсіпкерліктің мәні мен түрллері.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік - адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі - белгілі бір істің түрі; екіншісі - сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік - бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге болады:
1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісімшарт міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам, холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Экономикалық ресурстар дегеніміз - тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар - жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер - деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т. б.
Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика - зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша - бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.
Еңбек - бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.
Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум - бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сидикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі
ІІ Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің орны мен ролін талдау
2. 1. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау.
Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Елдің кәсіпкерлікті дамытуда ынтасын арттыру үшін экономикалық, әлеуметтік, құқықтық базасын кұрып, оларды одан әрі жетілдіру керек.
Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасында калыптаса басталуы мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнеспен айналысуға міндет еді. Республикамыз табиғи жер қойнауындағы ресурстарға бай, жер ауқымы кең болғандықтан, ауыл шаруашылығында - фермерлік іс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсіру, сүт тағамдарының көптеген түрлерін молынан нарыққа шығару соңғы кезде кең дамып келеді.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатының төмендеген кезінде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған кезінде де өміршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде. Объективті қиындықтары, экономиканың жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетіспеушілігі, міне осы мәселелер шағын және орта бизнестің кең көлемде қарқын алуына кедергі етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттің инвестор ретіндегі ролі төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық-нормативтік актілерді жолға қоюы, шетелдік және отандық инвесторларды шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы қажет.
Субъективті негіздегі қиындықтарға, негізінен былайша түсіндіруге болады. Қоғамның сана-сезімінде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай болу әрекеттерін әлі де болса, психологиялық жағынан дайындық жоқ. Кәсіпкерлер тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам әрі тиімді реакциясы толық әдетке енбеген. Кәсіпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыр мен сырын әлі де түсінбеген. Шағын кәсіпорындардың жұмысының тиімділігі өнім өндірудегі тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында. Мұндай өндірістер шектеулі тауар ассортиментін шығарып, қажет болған жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкін. Шағын бизнестің дамуы транспорттық шығындар мен өнімдердің құрып қалуы қаупін төмендетеді. Сонымен, шағын кәсіпорындар - негізінде алып инфрақұрылымдық бөлімдердің (қоймалық, арнаулы коммуникациялар, көліктік шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндірістің аздаған көлемі бойынша тауарларды сату, айналымға жіберу, материалды техникалық жабдықтауларды өнім дайын болған кезінде реализациялау тез жүреді.
2003-2008жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің осу динамикасы
1-кесте
Осы қарастырылған жылдарда кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын бизнесті қолдау және дамытуға бес мемлекеттік бағдарламалар жасалынды және қабылданылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті.
Н. Назарбаевтың ойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуда шағын және орта бизнес үшін қаржылық супермаркет болуы тиіс. 2007 жылы мемлекет бюджетінен 10 млрд тенге бөлініп, бизнесті несиелендіру мүмкіншіліктері 25 млрд дейін өсті.
Шағын және орта кәсіпкерліктің субьектілерінің саны (өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен) :
2008ж - 109, 8%
2009ж - 105, 3%
2010ж - 105, 7%
Жұмыспен қамтылғандар саны (өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен) :
2008ж - 94, 0%
2009ж - 103, 0%
2010ж - 103, 5%
Өнім шығарылымы (өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен) :
2008ж - 81, 09%
2009ж - 100, 09%
2010ж - 101, 5%
2010ж қаңтар-ақпанда шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің(ШОК) өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымы 355, 7 млрд. теңгені құрады.
Рынокта белсенді жұмыс істейтін ШОК субьектілерінің саны 2010жылдың 1 наурызға 745632 бірлікті құрады.
ШОК жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 2010жылы 1 наурызға 2094, 1 мың адамды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің өнім шығарылымы мен жұмыспен қамтылғандар саны.
Диаграмма-1
Қазақстан мемлекеттік статистикалық комитеттің деректері бойынша ең көп белсенді жұмыс істейтін жеке кәспкерлер саны Алматы қаласында - 61564 (жалпы саннан 12,, 1%), Шығыс Қазақстан - 50909(10%), Оңтүстік Қазақстан - 48473 (9, 5%), Алматы - 44136(8, 6%), Қостанай - 38241(7, 5%) және Қарағанды - 31144 (6, 1%) облыстарда шрғырланған.
Белсенді жұмыс істейтін шаруа қожалықтарының едәуір бөлігі Оңтүстік Қазақстан - 59271(34, 8%), Алматы - 48578(28, 5%), Шығыс Қазақстан -15432(9, 1%) және Жамбыл - 15347(9, 0%) облыстарында белгіленген.
«2007-2008 жылдардағы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» қабылдаудың механизмі және негізгі бағыттары шағын және орта кәсіпкерлік үшін салық салу жүйесін жетілдіру. инвестициялык қолдаудың және қаржылық-несиелік жүйелерді дамыту, шағын және орта кәсіпкерліктердің көшіру формаларын дамыту, инфраструктураны дамытуды одан ары қарай жалғастыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік құқықтық базасын жүйелеу және жүйелендіру болып табылды.
Диаграмма-2
2010ж. қаңтар-ақпандағы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері қызметінің көрсеткіштері
2-кесте
Белсенді шағын
және орта кәсіп- к
лік субьектілерінің саны
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қаитылғандар
саны
Шағын және орта кәсіпікерллік
субьектілерінің өнімдер(тауарлар, қызметтер) шығарылымы, млн. теңге
Қазақстан Республикасы
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Батыс Қазақстан
Жамбыл
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Оңтүстік Қазақстан
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Астана
Алматы қ.
745335
35129
29277
96764
34669
25879
38242
41921
45832
21558
25094
111487
28793
24090
71240
36667
78693
745632
35128
29279
96786
34671
25905
38240
41983
45828
21574
25116
111721
28812
24012
71213
36609
78755
2087875
101126
81231
234423
77994
69585
132450
152167
117116
52772
53844
261945
98559
69448
199045
115690
270481
2094070
100030
80094
236211
77374
73844
133923
151705
115908
52614
53519
263982
98468
71689
197151
114995
272995
173041
6755
8047
9623
7822
6518
4191
10733
8398
6474
7740
7798
7184
5431
10804
28612
36912
355713
13946
15128
18772
17378
13284
8700
21661
15015
12884
16847
16196
12663
11247
23546
60699
77747
Өнім шығарылымның өзгеруі. Диаграмма-3
2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2010ж қаңтар-ақпанда ШОК субьектілерінің өнім шығарылымы көлемінің кобеюі барлық облыстарда байқалады.
2. 2. Қазақстанадағы біріккен кәсіпорындардың дамуын талдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz