Хз. Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Ибраев Азамат Аманкелдіұлы

Хз. Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі

5В020600 Дінтану » мамандығы

Түркістан 2015 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

ДІНТАНУ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Хз. Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі

5В020600 Дінтану » мамандығы

Түркістан 2015 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 2-3

І-бөлім. Исламдағы (ахлақ) мінез-құлық танымы . . . 4

1. 1 Ахлақ сөзінің анықтамасы . . . 5-9

1. 2 Ислам дінінде ахлақтың орны . . . 10-14

1. 3 Адамгершілікке қасиетті қалыптастырудағы ахлақтың маңызы . . . 15-23

ІІ-бөлім. Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі . . . 24

2. 1 Пайғамбардың қысқаша өмірі және сахабалар арасындағы көркем мінезі . . . 24-33

2. 2 Пайғамбар хадистеріндегі ахлақ . . . 34-37

2. 3 Қазіргі таңда жастар тәрбиесінде ахлақтың орны . . . 38-47

Қорытынды . . . 48-50

Сілтемелер . . . 51-53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 54-56

Кіріспе.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Бұл зерттеу жұмысында негізінен Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі жайлы баяндалады. Мінез-құлық қоғамда әрқашанда үлкен мәселелердің бірі болған. Әрбір адам өз мінез-құлқын дұрыстап алмайынша қоғамда беделді бола алмағандығы айдан анық. Ислам діні - адамдардың мінез-құлқына аса мән берген ең ұлық дін. Ал ислам дінінің басты мәселелерінің бірі әрине адамның мінез-құлқына аса зор мән берген. Мінез-құлықтың үлгісі ретінде Алла Тағала бұл әлемге аса құрметті пайғамбарымызды жібергені барлығымызға да белгілі. Осы пайғамбарымыздың мінез-құлқын қазіргі таңда жастарымызға түсіндіріп, санасына сіңірсек, Құдай ризашылығын алатынымызға әбден мүмкін деп білемін.

Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезін баяндамас бұрын жалпы ахлақ түсінігі жайында сөз етсек артық болмас деген пікірдемін. Сондықтан бұл жұмысымның алғашқы тарауында жалпы ахлақ ұғымы, ахлақ түсінігі жайында баян еттім. Жалпы ахлақ негіздерін түсінбей Пайғамбар ахлағын, оның көркем мінезін ұғыну, әсіресе қазіргі таңдағы жастарға түсіндіру қиын бір іс. Сол себепті алдымен ахлақ негіздерінен, оның қазіргі таңдағы маңыздылығынан сөз етуді жөн көрдім.

Зерттеу жұмысы яғни, Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі мәселесі мынадай екі тарауға бөліп қарастырылған:

І. Исламдағы ахлақ түсінігі

ІІ. Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі

Сондай-ақ бастапқыда Пайғамбарымыздың көркем мінезін айтпас бұрын жалпы исламдағы мінез құлық жайында баяндаймыз.

Адам баласы қандай қоғамда өмір сүрсе де дінге, жаратқан тәңірге, иманға берік сенеді. Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Дін адамзатпен бірге келіп және де әрдайым адамзатпен бірге болмақ. Тарихтың қай дәуіріне қарасақ та дінсіз адам кездесер-ау, бірақ дінсіз қоғам кездеспейді. Дін адамның өз жаратылысындағы құпияларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан алау алған сезімнен туындайды. Яғни, адамзат діннен ешуақытта ажырамаған. Адамдарға күш-жігер беретін, қоғамды тәртіпке келтіретін, жақсылық пен туралыққа жетелейтін, жалғыздық пен қиыншылықты жойып, сенімділікті орнататындардың басында қашанда дін тұрмақ. Ал енді діндегі, оның ішіндегі исламдініндегі мінез - құлық мәселесі арине алғашқы орындардың бірінде болуы тиіс.

Ислам дінінің хақ дін әрі соңғы дін екендігінде сөз жоқ. Бүгінде жер бетіндегі халықтың көпшілігі, Қазақстан халқының басым бөлігі осы дінді ұстанушылар. Ислам діні, ата- бабамыздан бері ұстанып келе жатқан дін болғанымен, кейінгі Кеңестік Одақтың жетпіс жыл бойы сіңірген атеистік сенімінің құрсауынан құтыла алмай жатқанымыздың әсерінен көпшілік бұл дінді толық әрі анық түсінбеуде. Сондықтан діннің шынайы мағынасы әрі оның жеке адамның қалыптасуы мен қоғамға тигізер әсері кезек күттірмей зерттеуді талап ететін басты мәселе.

Бұл мәселе жөнінде ұлттық руханияттың көсемі Әбу Насыр Әл- Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас- дұшпаны» деп ұрпағына өсиет мұра қалдырды. Бұл өсиетке адалдық, қазіргі қоғам мүшелерінің жұмыс заңына, тәрбие процесінің түп қазығына айналуы шарт демекпіз. Сондықтан да ең әуелі, бойымызға имандылық - адамгершілік қасиеттерді дарытуға пәк рухта тәнімізді таза ұстауға, өмір салтына бейімделуіміз қажет. Қоғамда қалыптасып отырған жағдайлардың өзі діни тәрбиені, оның ішінде адамгершілік тәрбиесін қажет етіп отыр. Осыған сай дипломдық жұмысымның тақырыбын «Ислам дәстүрлері арқылы жастардың рухани - адамгершілігін қалыптастыру» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсат-міндеті: Зерттеу жұмысының жалпы мақсатты міндеттері төмендегідей:

  • Ахлақ сөзінің мағынасын ашықтау;
  • Ислам дінінің басты қайнарларындағы ахлаққа қатысты мысалдарды талдау.
  • Пайғамбардың өнегелі мінез-құлқын (ахлағын) талдау.
  • Ислам дініндегі ахқалтың орнын анықтау.
  • Қазіргі таңда жастар тәрбиесінде мінез - құлықтың маңызын анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ислам дініндегі мінез - құлықтың оның ішінде Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезінің халық үшін маңыздылығын, жастар тәрбиесінде ахлақтың қоғам үшін қажеттілігін, ислам дініне мінез - құлықтың маңыздылығын ғылыми тұрғыдан ашып көрсету.

Зерттеудің құрылымы: Зерттеу әдеттегідей кіріспеден, бірінші тарау үш бөлімнен, екінші тарау да үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралаған. Бірінші тарауда жалпы ахлақ анықтамасы, ислам дінінде ахлақтың орны, ахлақтың маңызы мен қазіргі таңдағы көрінісі жайында баяндалған. Ал екінші тарауда Мұхаммед пайғамбардың қысқаша өмір баяны, көркем мінезі, қазіргі таңда жастар тәрбиесінде пайғамбар мінез - құлқының маңыздылығы жайында баяндалған.

І-Бөлім. Исламдағы (ахлақ) мінез-құлық танымы

1. 1 Ахлақ сөзінің анықтамасы

Ахлақ “мінез-құлық”, “адамгершілік” деген мағыналарды білдіреді. Мінез-құлық - адамның жаратылысынан қалыптасқан немесе тәрбие арқылы қабылдаған қасиеті. Осы бір қасиеттің келетін қайнары бірі - жаратылыстан келетін мінез, ал екіншісі - дін. Сондықтан адамның мінезі бір дінге негізделмесе, оның бақытқа, рухани кемелдікке жетуі қиын. өйткені, адамға әділет пен әділетсіздікті, имандылық пен азғындықты, пайда мен зиянды ажыратып білуге көмектесетін - дін. Сондықтан діні жоқ халықтардың болашағы жоқ.

Мұсылмандық ахлақ Құран мен Сүннетте орын алғаны сияқты адамның өзіне, жаратушысына, туыстарына және өмір сүрген ортаға байланысты міндеттер мен жауапкершіліктерден тұрады. Дініміздегі адам мінез-құлығына мән берудің мақсаты - адамды дүние мен ахиретте бақытты қылу, тыныш өмір сүрумен қамтамасыз ету. Сондықтан Құран Кәрімде иман, ғибадат тақырыптары орын алғаны сияқты ахлақ негіздері де өзекті мәселе ретінде қарастырылған. . [1; 17б. ]

Мұсылмандық мінез-құлықтың басты үлгісі - ардақты Мұхаммед пайғамбардың асыл мінезі. Осы мәселе бойынша өзінің бір хадисінде: “мен жақсы мінезді (ахлақты) толықтыру (тәмәмдау) үшін жіберілдім”, - деген. Тағы бір хадисінде : “мүміндердің иман тұрғысынан ең жақсылары - мінезі жақсы болғандар” - демекші, ислам діні - адамның мінезіне де көңіл бөлетін дін.

Әрбір мұсылманның өзіне байланысты біршама міндеттері мен жауапкершіліктері бар. Адам өз рухы мен денесіне қажетті нәрселермен өз дәрежесінде қамтамасыз етуге, ғылым, білім үйренуге, өзін-өзі жетілдіруге, денсаулығын сақтауға, еңбек етіп адал жолмен ризығын табуға, жақсы амалдар істеп, жамандықтан аулақ болуға, қоғамға пайдалы, адал адам болуға міндетті, яғни ақыл-есі түзу, өз еркі өзінде болған адамның жоғарыдағыларды орындауға жауапты. өйткені Аллаћ Құранда: “кім зәрредей жақсылық жасаса сауабын көреді, ал зәрредей болса да жамандық жасаса, оның жазасын көреді” (Зилзал -7-8) , - деген. Сонымен қатар адам Аллаћтың барлығын тануға және оған құлшылық жасауға міндетті. өйткені Аллаћ: “мен жындар мен адамдарды тек маған құлшылық етсін деп жараттым” - дегені сияқты, адамның Аллаћқа құлшылық жасауы тиіс.

Аллаћқа сенген адамның оның пайғамбарын да мойындап, оған бағынуы керек. Яғни, Аллаћты сүйген пенде оның пайғамбарын да сүйеді. Демек, мұсылмандық Аллаћқа бағынудан, оны сүюден, әрі ардақты Пайғамбарды да сүюден тұрады.

Сонымен қатар адамның әке-шешеге, жанұяға, қоғамға байланысты біршама міндеттерін орындау да өзіндік міндеттері болып табылады.

Қазіргі таңда адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселесі, қоғам дамуында тұрған мақсат - мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу. Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын талассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Рухани адамгершілік - барлық ізгіліктердің, жақсы қасиеттердің бастау бұлағы. Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жан- жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болып табылады. Соның ішінде Ислам дәстүрлері арқылы рухани адамгершілікке баулу өте мағыналы ұғым. Ол адамның ішкі жан- дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы қабілеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Жеткіншектердің рухани адамгершілігін қалыптастыру адамның дүниеге, адамдарға деген көзқарасын анықтайды. Оның ықпалымен жеке адамның адамгершілік құқығын қалыптастырады. Адамгершілік, адалдық пен шыншылдық, қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкендерді сыйлау сияқты мінездегі моральдық ерікті саналарды тәрбиелеудің негізі болып табылады. Баланы адамгершілігі мол, шыншыл, адал етіп тәрбиелеу әр отбасының қоғам дамуындағы міндеті. . [2; 85б. ]

Рухани - адамгершілік тәрбиесі үзіліссіз процесс. Ол адам туғаннан бастап, өмір бойы жалғаса береді. Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптастыру процесінде Ислам дәстүрлері ерекше орын алады. Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу көп қырлы процесс. Ислам дәстүрлері баланың мінез- құлқына керемет әсер етеді. Осы орайда «Ислам» және «дәстүр» сөздеріне түсініктеме бере кетсек.

«Ислам» сөздікте араб тілінен енген, бағыну, мойынсұну, сенім, бейбітшілік, ынтымақ деген мағыналарға келеді. [3; 19б. ] Ал терминдік мағынасы, Хз. Мұхаммед пайғамбар арқылы Аллаһ Тағаланың адамзат әлеміне жіберген ең соңғы, әрі хақ дінін «Ислам» дейміз. Бұған дәлел Құран Кәрімде «Әли Имран» сүресінің он тоғызыншы аятында: «Расында Аллаһ Тағаланың құзырында шынайы дін - Ислам» делінеді. Және де Құран Кәрімнің «Әли Имран» сүресінің сексен бесінші аятында: «Кімде- кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, ақыретте зиянға ұшырағандардан болады. » деп бұйырылады.

Келер ұрпақты шыдамдылыққа, төзімділікке, қажырлылыққа тәрбиелеуде шешендер мен ақындардың ел ағасы болған адамдарға арнаған толғаулардың тәлімдік маңызы зор. Ер азаматтың ерлігін, елін сүюшілік сияқты адамгершілік ұлы қасиеттерін қастерлеу - халыққа, жұртқа, ағайын-туысқа, арттағы жас ұрпаққа үлгі көрінісі. Бұл алдымен, халықтың «Ел үшін туып, елі үшін өлген ердің» ерлігін дәріптеуін білдірсе, екіншіден, жастарға, келешек ұрпаққа оның ерлік ісін өнеге етіп ұстану.
Демек, Ислам дегеніміз дін, ал діннің өзіндік қағидалары мен заңдылықтары болады, сол қағидалар мен заңдылықтардың қоғамға еніп, әдетке айналып, қолданыс табуын, іс жүзінде жүзеге асуын дәстүр дейміз. Мысалы, сүндетке отырғызу Исламның денсаулық дәстүріне жатады.

Тәрбиеде Ислам дәстүріне сүйену, тәрбие ісінің тиімділігін арттырады. Діннің негізгі қағидаттары Құран мазмұнынан туындайды. Сүннеттер арасында қалыптасқан көзқарас бойынша, дін ұғымының мазмұны үш құрамдас бөліктен тұрады. Оны үкімдер, биліктер, қағидаттар деп те қарастырылады.

Ислам дәстүрінде рухани- адамгершілік өнеге арқылы тәрбие көрген балалар да өз бойында ең жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, адамдарға мейіріммен қарауға, ата- аналарын құрметтеуге, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық етуге, әділдік пен адалдыққа, жақсы істен ләззат ала білуге дағдыланады. Ислам дәстүріндегі ахлақтық тәрбие ата- анадан балаға қасиеттер дарып немесе ата- анасынан берген тәрбиесінен алса, «тәрбие - ата- анадан» деген нақыл сөз өте орынды айтылған. Баланың бойында жақсы қасиеттер қалыптастыру үшін мейірімділік, қарапайымдылық, қамқорлық, шын жүректен шыққан жылы сөз бен жақсы мінезді болу үлгісін көрсетеді. Ахлақтық тәрбиесіндегі дәстүрлер баланы ақиқаттың дұрыс жолына бағыттайды. Оның жұмсақтығы әлсіздікке, талапшылдығы қаталдыққа айналмайды. Осының арқасында бала, ізгі жүректі, ақылды әрі жомарт, жауапкершілігі мол, табанды болып өседі. . [4; 47б. ]

Ислам - адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы. Имандылыққа қайта бет бұрғалы халқымыздың Исламиятқа деген құштарлығының артқаны белгілі. Бұл Ислам дінінің халық жүрегінен терең орын алғандығының, ұлтымыздың мұсылманшылық пен имандылыққа бет бұрғанының белгісі. Ата- бабамыздан келе жатқан Ислам дінінің маңызы артып, әртүрлі діни дәстүрлер мен жөн- жоралғылардың кең көлемде орын алуы да қуантарлық жәйт.

Діннің басты қызметі - адамдардың қарым- қатынастарын реттеп, белгілі- бір тәртіпке келтіріп, оның құдіреттілігі мен қасиеттілігіне иландыру. Діннің басты мақсаты - екі дүниеде де адамның бақытты болуын көздейді. Бақытқа жетудің әліппесі әрине, адамгершілік қасиет.

Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарын білу, түсіну және соған сай қарым- қатынаста болуды қамтиды. Адамгершілік сенім әрбір іс- әрекетте, мінез- құлықта, адамның бағыт- бағдарын, принциптілігін анықтайды. Сондай- ақ адамның адамгершілік санасының дәрежесі, оның мінез- құлқы мен іс- әрекетін анықтайды. Сондықтан адамгершіліктің қалыптасуында Ислам дәстүрлері туралы білім, түсінік ұғымдарының негізіндегі адамгершілік сана мен сенімнің алатын орны ерекше. Жеткіншектерге адамгершілік дағдыларын қалыптастыру ұзақ уақытқа созылумен, күрделі де көп қырлы процесс. Ол баланың сана- сезіміне ықпал етуді, олардың жақсы әдеті мен мінез- құлқы адамгершілік сезімі мен қасиеттерді қалыптастыруды және олардың еркі мен тілегін бағыттай білуді, т. б. талап етеді.

Ислам - имандылыққа жетелейді. Имандылыққа - адамның ар- ожданы, тазалығы, адамгершілігі, әдептілігі, әділеттілігі т. б. жатады. Сонымен қатар, қай қоғамда болмасын өз дінін, өз тілін сақтап қалған халық қана тарих көшінен қалмай алға дамыған. Мысалы, АҚШ- та дін мемлекетті нығайтудың рухани құралы ретінде бағаланады.

Ислам дінінде Құран мен Сүннетте адамгершіліктің қарастырылуына қатысты ғалымдар адамгершілік міндеттер, адамгершілік қағидалар деп көрсетеді. Адамгершілік міндеттер бес міндетпен қарастырылса, ал адамгершілік қағидалар: адалдық, әділеттілік, шыншылдық, әдептілік, ар- ұят, қарапайымдылық, тазалық, бауырмашылдық, еңбекқорлық, тіл тәрбиесі, тағы басқа осындай қағидалар аясында қарастырылады. . [5; 26б. ]

Жастардың жас ерекшелігінде дене бітімі өзгеріп, психологиялық дисгармония пайда болады. Мұндай өзгерістер жеткіншектердің бойына әртүрлі әрекеттердің

пайда болуына әкеп соғады. Олар шыдамсыз, бетке тура айта салушылық, мінез көрсетушілік, ата- ананы мойындамаушылық немесе жүре тыңдау, сыр жасыру сияқты мінез- құлықтар көрсетеді. Ата- ана, өз алдындағы адамгершілік міндеттері туралы білімі болса және осы күрделілікті өмірде зерделі пайдалана алса, өзіне- өзі реттеуіне, түзелуіне болар еді. [6; 33б. ]

Психологтардың пікірінше, бұл жастағы өзгерістерді «үлкендік сезім туушылық» деп атайды. Мұны жеткіншектердің өзіндік санасының өсуіндегі салалық белгілердің қалыптасуы деп қарайды. Осы кезеңде «Мен» -дік сипатындағы өзгерістер діни адамгершілік міндеттің өз басына қатысты адамгершілігі мен қоса дамыса, бұл жастағы оқушының дүниетанымы, көзқарасы кеңейе түсер еді. Бұл жастағы балаларда алғашқы тұрақты қызығулар пайда болады. Адамгершілік, кісілік келбетінің көріністерін байқата бастайды. Ол жасандылық, немесе уақытша туындама діни, ислами адамгершілік міндет талабымен қабысып жатса, пайдасыз, зиянсыз сыртқы және ішкі әуестік сезімдерге бой алдырмас еді. Бұл кезеңдегі балалардың әуестік қызығушылығының ауқымы айтарлықтай кеңитіндігін ескерер болсақ, атүстілікке душар етпей, тұрақты, әрі берік мінез қалыптасуына негіз болады. Аллаһ Тағаланың адам баласынан талап еткен адамгершілік міндеттері мен борышын ескере отырып, өзінің сыртқы және ішкі әуестігін қанағаттандырады.

Аллаһ тағала жаратқанының ішіндегі ең ұлығы адам. Оның денесі, денесінің ішінде көзге көрінбейтін рухы бар.

Ислам діні адамдарға өз денесін әртүрлі сырқаттардан және зиянды нәрселерден сақтауға, сондай-ақ рухани жағынан жетілуіне көмектеседі.

Жақсы адам болуы үшін тек денесінің сау болуы жеткіліксіз, рухани саушылықта болуы өте қажет. Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Аллаһ сендердің сыртқы түрлеріне қарамайды, сендердің іштеріңе, жүректеріңе қарайды"- депті. Демек, ішкі мусаффалық, яғни рухтың кінаратсыз тазалығы Ислам дінінде өте қажет. Адамның өзінің алдындағы ең үлкен борыштарының бірі болып есептелетін нәрсе сол-рухани жағынан жетілуге ұмтылу, бұзық әрі жарамсыз пікірлерден өзін тазалау, басқалар жайында жаман пікір таратуды өзін тыю.

Ислам діні біздегі, бойымыздағы ауруды екіге беледі. Бірі заттық-денелік кесел болса, екіншісі рухы кесел. Денелік кесел адамның түрінен, бойынан көрініп тұрады. Бойымызды түрлі денелік кеселдерден сақтау өзіміздің алдымыздағы борышымыздың бірі. Рухи кесел денеден көрініп тұрмайды. Ғайбат, жалғандық, жала, алаяқтық, өтірікшілдік, сараңдық және жалқаулық сияқты кеселден де сақтану керек. . [7; 17б. ]

Пайғамбарымыз /ғ. с. /: "Екі күнін бірдей өткізген адам зиян табады "деп айтыпты. [5; 3б. ] Таза мұсылман өз келешегі үшін әрекет етуші және үнемі өзін жетілдіру үстіндегі адамдар. Көп оқыған, көбірек еңбек еткен әрі көбірек ізденген адам өзіне, халқына және дініне пайдалы болмақ. Өзінің борышын жақсы түсінген адам сол-өзін жақсы тәрбиелеген адам.

Рухымызды мынадай жаман мінез- құлықтардан тазартуымыз керек: дұшпандық, ашу, басқаларды қызғану, өтірік айту, сөзінде тұрмау, екіжүзділік, ұятсыздық, құрметсіздік, тәрбиесіздік, мейірімсіздік, қорқақтық, жалқаулық, сараңдық, менмендік, зұлымдық, әділетсіздік, аманатқа қиянат жасау, сабырсыздық, дөрекілік, жүрегі қатты болу, т. б.

Рухымызды мынадай тамаша мінез- құлықтармен безендіруіміз керек: достық, мейірімділік, шыншылдық, батылдық, еңбекқорлық, сабырлылық, ұят, үлкендерге құрмет, адамдарды жақсы көру, сөзінде тұру, нәзіктік, жұмсақ мінезді болу, әділеттілік, әдептілік, тәрбиелілік, кешірімшілдік, ашуын жеңу, тіліне ие болу, адамдарға және басқа да тіршілік иелеріне жанашырлық, т. б.

Ислам дінінде адамгершілік қағидалардың адам мінез- құлқының кемелденуі үшін маңызы үлкен. Исламның мақсаты да, адамзатты игі ахлақ иесі етіп тәрбиелеу. Ислам - көркем мінез деген сөз. Кімде- кім жоғарыдағы міндеттерге мойынсұнып, өмірлік ұстаным етіп алса, Аллаһ алдында да, адамзат алдында да кәмілдікке жетері хақ, әрі айқын.

Ахлақтық немесе адамгершілік міндеттер жалпы адам баласына қатысты атқарылатын борыш түрлері болып есептелінеді. Жеткіншек жас осы міндеттерді танып-біліп, алғашқы шарт негіздерін өз бойларында орындап, жаман ойлардан, іс-әрекеттер мен сөздерден арылып өздерін өзі тәрбиелеп, реттеп отыруы қажет. [8; 18-20б. б. ]

1. 2 Ислам дінінде ахлақтың орны

Адамның ахлақтық жағынан алдымен Аллаћқа байланысты жауапкершілігі орасан зор. Сондықтан адамның Аллаћқа деген біршама міндеттері бар. Ұлы Жаратушымыз адамзатқа сансыз нығметпен (игілік) қоректендіріп, адамды жоқтан бар етіп жаратқан. Ойлап қарайтын болсақ, бұл дүниеде өмір сүрудің өзі де бір мұғжиза.

Адамның осындай артықшылықтар берген Аллаћқа байланысты біршама міндеттері бар: Күмәнсіз Аллаћтың бір екенін мойындап, оған ешқашан серік қоспау; Адамзатқа денсаулық, бақыт, дәулет, жар, жора-жолдас, бала-шаға, атақ-даңқ берген Аллаћқа сену; Өмірдегі жақсы-жаман жағдайларда тек Аллаћты паналау; Адам өміріндегі пендешілігіне байланысты бірсыпыра қателер істеуі мүмкін. Міне, осындай жағдайларда Аллаћтан кешірім сұрап, тәубе ету; Аллаћ кейде адамға жамандық-жақсылық көрсетіп сынауы мүмкін. Осындай жағдайларда Аллаћқа қарсы келмеу және оны ұмытпау; Аллаћтың берген нығметіне (игілік) шүкіршілік ету; Аллаћтың белгілеген жолымен жүріп, халал-харамды (адал-арам) әрдайым есте ұстау; Аллаћқа берген сөздерді әрдайым орындау; . [9; 87б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дiнi - бейбiтшiлiк пен келiсiм
Cопылық таным және оның дәстүрлі сыны
Хадис әдістемесі
Қазіргі таңдағы мұсылмандықтағы ер мен әйелдің бір-біріне жауапкершіліктері мен орны
Ислам дінінің тәрбиелік мәні
Хз. Мұхаммедттің адамдармен қарым - қатынасы
Хз. Мұхамедтің (с. ғ. с. ) пайғамбар болуы
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік діни қалыптасуы
Мұсылман отбасында тәрбие маңыздылығы мен бала тәрбиесінің ахлақтық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz