Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ

Сейсенбиева Э. С. - аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)

Ғ. Мүсірепов шығармашылығының барлық жанрында шындықтың барлық уақыттағы және кеңістік масштабындағы философиялық заңдылықтардың адамға қатысы оның ішкі жан дүниесінің тереңіне ерекше үңілген суреткер екендігі танылды. Қазақ совет драматургиясының негізін қалаушы, алғашқы эксперимент жасаушы бола отырып, шығармашылықтың әр түрлі жанрын, характер жасау шеберлігін, сюжет құруда үлкен жаңа белестерге көтерілді.

Ғ. Мүсірепов - айырықша талантты, философиялық интеллект пен аса құнды поэтикалық мәдениет иесі. Оның әдеби мұрасы өте бай, әрі жан-жақты өмірлік мәселелердің көркемдік басылымдылығын тереңінен суреттеген тұлға.

Ғ. Мүсірепов - ХХ ғасыр құрдасы. Оның шығармалары 50 жылдан астам кеңес дәуірінің әлеуметтік және мәдени кезеңінің даму сатысын түгел қамтиды. ХХ-ғасырдағы ірі саяси-әлеуметтік және мәдени қоғамның даму сатылары Мүсірепов шығармаларының барлық кезеңіне сай.

Ғ. Мүсіреповтің поэтикалық әлемінің даралығы, өмірдің динамикалық кезеңі тарих сатыларымен бірге өзектесіп жатады. Суреткер дәуір талабының тарихи шындығын өз замандастарын толғандырған мәселелердің шындығымен көрсетуге тырысады: ұжым мен жеке адам, жаңа этикалық құндылықтар, жаңа психологиялық қабылдау, жаңа мәдениет. ХХ ғасырдағы нақты әлеуметтік мәселелер, адамзаттық құндылықтар оның философиялық сипаты тұрмыс-тіршілік, өмір мен өлім, адам және еңбек Ғ. Мүсірепов шығармашылығының тірегі, шығармашылық айнасы іспеттес. Ірі суреткердің негізгі мақсаты өз оқырманын ояту, оның жаңаша мәнін шығармашылығының өн бойынан көрсету әрі негізін арқау ету болып табылады.

Алғашқы драмасын жазбастан бұрын-ақ Ғ. Мүсіреповтің ертеректе жазылған шығармаларында тартысқа құрылған сюжеттер, тереңінен сезімге құрылған адамның жан-дүниесінің сыртқы-ішкі келбеті, бітім-болмысы, сөзі, қимыл-әрекет, ым-ишрат характері оның болашақ драмалық шығармаларында тереңінен көрініс табуға тікелей ықпал етті. Автордың драмалық шығармаларындағы сөз сөйлеу сипаты жаңа сапалық деңгейде көрінген, адам характерінің жан-жақты ашылуы басқа да тілдік және тілдік емес факторлармен ортақ бірлесе отырып толығымен ашылады: сюжетті әрекет, кейіпкердің өзін-өзі танытуы, шығарманың композициясы, жеке эпизодтар т. б.

Драмадағы көрінетін жан-жақты тартыс, кейіпкерлердің іс-әрекетінің шиеленісуі, характердің жан-жақты қамтылуы өмір шындығының тереңінен алынған суреткерлікті Ғ. Мүсіреповке ғана тән ерекше драма поэтикасымен бейнелеуіне тәнті етеді. Ғ. Мүсіреповтің драматургиясында әлеуметтік тартыс өмірдің ортасынан ойып алынған шындыққа құрылған сюжетті оқиғалар өз дамуында белгілі бір логикаға бағынып отырады.

Ғ. Мүсірепов драмасының орталық кейіпкерлерінің характері, мінезі, бітім-болмысы белгілі бір тарихи дәуірдің алдыңғы қатарлы үздік тұлғалардың барлық типтік белгілерін бойларына жинақтай отырып, болашақ адамының рухани гүлденуіне зор ықпал етеді. Бұл Ғ. Мүсіреповтің жеке көркем фантазиясынан ғана туындаған жоқ, социализм дәуірінің суреткеріне тән ерекшелік еді.

ХХ ғасыр ұлттық рухани мәдениеттің даму тарихында зор табыстарға қол жеткізді. Бір ұрпақтың көз алдында реалистік бағыттағы жоғарғы көркем әдебиеттің, соның ішінде роман мен драма жанры ерекше табыстарға қол жеткізді.

Бұл шын мәнінде жаңа дәуір жеңісі мен тынысы болатын, Ғ. Мүсірепов шығармашылықтағы жаңа жанрлардың әр түрлілігі дәстүрлі жалғасын таба отырып, “жан диалектикасынан”, “іс-әрекет диалектикасына”, “тарих диалектикасына” қарай бетбұрыс жасады. Шығармашылықтағы ізденістер, жаңа әлем, жаңа адам туралы прагматизм эстетикалық критерилерге қарай ойысты.

1958 жылы М. Әуезов былай деп жазды: “Қазақ көркем прозасы революциядан бұрынғы кезде үлкен дәстүр жетпегеніне қарамастан 40 жыл ішінде анық зор өріске жетті. Осы аталған санаулы жылдар ішінде біздің көркем прозамыз оқушысына сан алуан үлгі, өрнектер әкелді. Бұл қатарда: терең драмалық құрылысы бар сюжетті қызықты құрылған немесе психологиялық әңгімелер баяндайтын, болмаса тарихтық жағдайларды баяндайтын өмірбаяндық, қызықты оқиғалы романдар туды… Дүниежүзілік әдебиеттің барша мәдениеттік дәуіріне сүйенетін реалистік прозаларда жасаған жазушылар” /1, 36/.

ХХ ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық рухани мәдениеттің бір бөлігі болып саналатын реалистік және көркем көп жанрлы, көп құрамды әдебиетке айнала отырып үлкен табыстарға қол жеткізді. Әрі әлемдік әдеби процесске де өз үлесін қосты, әдебиет жанрларының барлық саласындағы Ғ. Мүсіреповтің ролін айырықша атап өтуге болады.

1930 жылдардан бастап Ғ. Мүсірепов әдебиеттің нағыз белсенді қайраткеріне айналды, Ж. Аймауытов, Г. Жомартбаев, С. Көбеев және басқа прозаиктермен қатарласа жазған шығармашылық әлемі жаңа тақырыпқа жаңашыл сипатымен ерекшеленеді. Жазушы бұл кезде жаңа өмір құрылысына өзі белсене ат салыса отырып, Кеңес үкіметі мен партияның басқаруындағы идеялар мен көзқарастарды толық үгіттеуге белсене араласты, сондықтан да шығармашылығын кеңестік дәуірдің көз алдында өтіп жатқан шындығын бейнелеуді өз суреттемесіне арқау етті. Бұл үрдіс романдарында, әсіресе шағын прозасында, әңгімелері мен очерктерінде айқын көрінеді.

Адамдардың белсенді қызметі әлемді жаңартуға негізделді. Бұндай әңгімелерінің қатарына “Тарландар”, “Талпақ танау”, “Қымызхана” сияқты туындыларын жатқызуға болады. Көркем әдебиеттің аты - көркем әдебиет. Көркем әдебиет ресми идеялогиямен конъюнктураға толығымен бағынбайды. Қандайда болмасын идеялогиялық бағыт-бағдар кеңес дәуірінің шындығын суреттеуді талап еткенмен, автордың шығармаларында бұл талапқа қатысы жоқ туындылар да жарық көрді. Бұл туындылардың қатарына Ғ. Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, “Қозы-Көрпеш Баян Сұлу” сияқты пъесалары “Оянған өлке”, “Жат қолында” романдарын, “Ұлпан” сияқты повестерімен қатар көптеген үлкенді-кішілі шығармаларын жатқызуға болады.

ХХ ғасырдың І жартысындағы өнер туындылары жаңа қоғам құру үшін күресті халыққа адамзаттың жаңа тарихи кезеңі ретінде қабылдалар қараңғылық пен аласапыраннан арылған жаңа әлемді құру міндетін көздеді. Бұл үрдіс ең алдымен дәуірлік жағдаят әрі халық пен мемлекеттің біртұтас этикалық ақиқат уақтысымен әдебиетте өз көрінісін тапты. Осының бәрі кеңес әдебиетінің барлық кезеңіне тән болып келді. Осы мәселеге байланысты қазақ совет әдебиетінде шығармалар жазыла бастады. Бұлардың қатарына Ғ. Мүсіреповтің “Амангелді” пьесасын жатқызуға болады.

Қоғамдық-экономикалық жағдаяттар әдебиет пен өнерді түбегейлі өзгерістерге түсіреді, олардың идеологиялық әрі эстетикалық сипаты үстемдік құрған идеологияға қызмет етеді.

Кеңес дәуіріндегі әдебиет пен өнерде де осы картина толығымен көрініс тапты. Барлығына мәлім, кеңес дәуірінде әдебиет жартылай ресми түрде партиямен мемлекеттің идеялогиясының бір бөлігі ретінде саналды әрі шын мәнінде әдебиет мемлекеттің қызметшісіне айналды.

Ғ. Мүсірепов шығармасында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің барлық белгілері қамтылған. Қазақ халқының сан ғасырлық фольклорлық дәстүрі және орыс, европа әдебиетінің үлгілері, барлық классикалық әдебиет жанрларының драматургиямен байланысы қатарласа қамтыла отырып, орыс және европа классиктерінің киносценарий мен операларға арналған либреттолдарының қазақша аударылуы да жаңа туындылар жазылуына үлкен ықпал етті.

Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы жоғарғы көркемдік тақырып деңгейлері, өмір шындығынан туындаған шынайы болмыс кейде партиялық-мемлекеттік идеологиямен астаса отырып өмірді суреттейді. Шығармашылық шындық социалистік реализм әдісімен де қатарласа бейнеленеді: әдебиет ресми идеялогияның қаруы болғандықтан, ғылым да партияға қызмет етті. Сондықтан әдебиетшілер жазушы туындыларынан партияның мүддесін іздеуді өздеріне талап етті. Совет өмірін, еңбекшілердің бейнесін, социалистік қоғамда бақытты өмір сүрген жандардың коммунизмге өту сенімділігін де көрсететін шығармалар жазылуы керек болды.

Ғ. Мүсіреповтің роман мен драма жанрларын зерттеу ол туралы білімді жетілдіру, сондай-ақ этикалық жанрлар саласындағы туындыларын зерттеу түйінді тұжырымдар жасау әлі толық ашыла қойған жоқ. Роман жанрларын зерттеуге деген қызығушылық - өте күрделі әрі көкейкесті. Драматургия және оның поэтикасының теориялық мәселелері соңғы онжылдықтар ішінде елімізде өтіп жатқан қоғамдық-мәдени өзгерістерге байланысты әдебиет теориясының талаптарына сай жанр мәселесі, теориясы, нысаны роман мен драма біртұтас көркем туындының барлық формасының сипатын жаңаша ғылыми зерделеуге нысан болып отыр. Бүгінгі таңда қазақ драматургиясының жетістіктерін жаңа ізденіс пен аса маңызды ғылыми көзқарас тұрғысынан қарастыруды талап етеді. Әрі әдебиеттану тұрғысынан жаңаша бағалану міндетін жүктейді.

Соңғы онжылдықта еліміздің тәуелсіздік алуы, жаңа мемлекет құру, өмірдің барлық саласындағы түбегейлі өзгерістер. Отанымыздың өткен тарихына, халықтық мәдениеттің қайнар бұлағына үңілу, сондай-ақ эпикалық дүниенің барлығына қызығушылықты тудырады. Қоғамдағы үлкен өзгерістерден тарихи романдардың бағы жанады. Л. Н. Толстой “как реакция художника не современность” деп бағалаған еді.

Жаңа қоғам, мемлекет құрылысы, әлемдегі түрлі өзгерістер, ұлттық сана сезімнің әсері сөзсіз жаңа тарихи және әлеуметтік-философиялық романдардың тууына ерекше ықпал етеді.

Ғ. Мүсірепов тұсында совет дәуірінде қазақ әдебиеті үшін балаң кез еді, қоғам адамнан белсенді де іс-әрекеттерді талап еткен болатын. Сондықтан бұл кездері адам рухани қызметке көп көңіл бөле алмады, себебі адам материалдық жағынан өмір сүруі мүмкін емес еді. Қоғамға селқос қарауға, үміт етушілік совет қоғамына жат қылық болып табылады.

Ғ. Мүсірепов шығармаларының кейіпкерлері белсенді де батыл, өжет болып келді, ол тіпті “капиталист” Игілік, революцияға атсалысқан Еркебұлан, өз Отанын қорғаушы Қайрош, халық қамқоршысы батыр Аманкелді . . . Олар өмірдің талас-тартысында өмір сүргендіктен белсенді де жігерлі еді, онсыз олардың өмірінің мағынасы болмаса керек. Өмірдің қат-қабат тартысындағы қайнаған өмір, әлемдегі оқиғалар тартысын халықтық масштабтағы деңгейде оларға да зор ықпал етті. Әрине, бұл кейіпкерлер бір-бірімен ұқсас та емес, бірақ әрқайсысы автордың әр шығармасының орталық кейіпкері бола отырып, әлемді өзгертуге өз тарапынан саналы түрде ат салысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
Абай тілінің зерттелуі
Ғабит Мүсіреповтің өмірі және шығармашылығы, қазақ әдебиетіндегі орны
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында фольклорлық шығармаларды сюжеті, салт дәстүрге қатысы, айтылу мақсаты мен орны
Қазақ тарихы романдарындағы әйел бейнесі
Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі әлеуметтік талдау
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz